Ыстықкөлде селге байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ыстықкөлде селге байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді Фото: 24.kg

Қырғызстанның Ыстықкөл ауданында ТЖ режимі енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанның Ыстықкөл ауданында ТЖ режимі енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg-ке сілтеме жасап.

Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, ТЖ режимі 18 тамызда нөсер жаңбырдан кейін түскен сел салдарын жедел жою үшін енгізілді.

Айта кетейік, күтпеген апаттың салдарынан Ыстықкөл солтүстігі мен оңтүстігі зардап шекті. Саруу және Қызыл-Суу ауылдарында жолдар, қошарлар мен тұрғын үй құрылыстары су астында қалды. Солтүстік жағалауда Булан-Соготту, Корумду, Темировка ауылдарының аулалары мен үйлері зардап шекті. "Ыстықкөл Аврора" пансионатының аумағы су астында қалды.

Фото: Қырғызстан ТЖМ

Ыстықкөл облысында сел салдарын жоюға 300-ден астам адам және 10-нан астам арнайы техника жұмылдырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 506.65  course down  593.07  course down  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети