22 ақпан 2014 10:08

Юлия Тимошенко бостандыққа шығуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украина оппозициясының лидері, бұрынғы премьер-министр Юлия Тимошенко таяу аралықта бостандыққа шығуы мүмкін. Жоғарғы Рада ол сотталған баптарды декриминализациялау туралы заңға дауыс берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА новости сайтына сілтеме жасай отырып. "Тимошенко айыпталған бап мүлде алынып тасталған жоқ, тек өзгерді. Юлия Владимировнаның заңсыз сотталуына себеп болған оның әрекеттері қылмыстық іс деп танылмайтын болады. Егер осы заңға қол қойылса, оның жақын аралықта бостандыққа шығып қалуы әбден мүмкін", дейді, Юлия Тимошенконың қорғаушысы Сергей Власенко. Сондай-ақ ол президенттің аталған заңға қол қоймауына ешқандай негіз жоқ деп атап көрсетті. Осы уақытта аймақтардағы партиялардан депутаттар өз еріктерімен кетуде. Қазіргі таңда фракциядан өз еркімен кететіні туралы 21 депутат хабарлап отыр. 21 ақпан күні Украина президенті Виктор Янукович, оппозиция өкілдер және Еуропалық одақ пен Ресейдің өкілдері Украинадағы саяси дағдарысты реттеу туралы келісімге келуді шешті. Украина президенті Виктор Янукович пен оппозиция өкілдер жедел парламенттік сайлау туралы және 2004 жылғы Конституцияның кейбір тұстарын қайта қарастыру жөнінде келісімге қол қойды. Сондай-ақ келісімде жаппай акцияларға қатысқандарды жазаламау, халықтың қолдарындағы қаруларын 24 сағат ішінде Ішкі істер органдарына тапсыру, әкімшілік және қоғамдық ғимараттарды, көшелер мен алаңдарды босату туралы заңды да қарастырды. Естерңізге сала кетейік, Юлия Тимошенко 2009 жылы Ресеймен газ туралы келісім жасасқаны үшін оның бұл әрекеті Украинаға тиімсіз деген шешіммен 2011 жылы айыпталып, сотталған болатын. Ол өзінің жазасын Харьковтағы Качановский колониясында өтеп жатқан болатын. 2012 жылдың мамырында денсаулығының нашарлауына байланысты Харьковтағы госпитальға ауыстырылған. Өткен жылдың сәуір айында адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сот Юлия Тимошенкоға тағылған айып заңсыз деп тапқан болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети