Жаңа Зеландиядағы атыс: Қаза болған Пәкістан азаматы ерлігі үшін марапатталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңа Зеландиядағы атыс: Қаза болған Пәкістан азаматы ерлігі үшін марапатталады © REUTERS/SNPA/Martin Hunter

Пәкістан билігі Жаңа Зеландиядағы мешітте лаңкестің қолынан қаруды тартып алуға тырысқан сәтінде қаза болған Наим Рашидті ерлігі үшін марапаттамақ, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Пәкістан билігі Жаңа Зеландиядағы мешітте лаңкестің қолынан қаруды тартып алуға тырысқан сәтінде қаза болған Наим Рашидті ерлігі үшін марапаттамақ, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап. 

Ер адам лаңкес Ан-Нур мешітіне кірген кезде оның қолынан тапаншаны тартып алмақ болып секірген. Бірақ лаңкес оны атып тастады. Рашид Пәкістан азаматы болатын. 

"Пәкістан азаматы ақ нәсілді лаңкесті тоқтатуға тырысып жатқан кезінде қаза болған  Миан Наим Рашидпен мақтанады, оған сол ерлігі үшін мемлекеттік марапат беріледі", - деп жазды Пәкістан премьер-министрі Имран Хан Twitter-де.

Пәкістан сыртқы істер министрлігінің мәліметтері бойынша, Жаңа Зеландиядағы лаңкестік шабуылда тоғыз пәкістандық қаза тапқан. 

"Крайстчерчтегі теракт барысында қайтыс болған Пәкістан азаматтарының отбасына кез келген қолдау көрсетуге дайынбыз", - деді премьер-министр. 

Тікелей эфирде оқ жаудырған. Жаңа Зеландиядағы оқиға

2019 жылы 15 наурызда Жаңа Зеландияда Крайстчерчтегі (Оңтүстік арал) екі мешітте атыс болып, соның салдарынан 50 адам қаза тапты, тағы 50-і түрлі жарақаттар алды. Елдің Премьер-министрі бұл оқиғаның теракт екенін айтты. 28 жастағы Брентон Таррант адам өлтіргені үшін айыпталып жатыр, сенбіде сот оны 5 сәуірге дейін абақтыға қамады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети