Жапонияда су тасқынынан 204 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жапонияда су тасқынынан 204 адам қаза тапты © REUTERS

Жапонияның оңтүстік-батысы мен орталық аудандарында болған су тасқынынан қаза болғандардың саны 204 адамға жетті. Бұл туралы бас хатшы Ёсихидэ Суга Токиода өткен баспасөз мәслихаты барысында айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жапонияның оңтүстік-батысы мен орталық аудандарында болған су тасқынынан қаза болғандардың саны 204 адамға жетті. Бұл туралы бас хатшы Ёсихидэ Суга Токиода өткен баспасөз мәслихаты барысында айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Осыған дейін төтенше жағдайдан 200 адамның қаза болғаны хабарланған еді.

"204 адам қаза болды. 28 адам із-түссіз жоғалып кетті. Тағы 54 адамның қайда екенін растай алмай отырмыз", -  деді бас хатшы.


©REUTERS

Сондай-ақ, ол зардап шеккен 58 елді мекенге 35 миллиард иен (шамамен 350 миллион доллар) көлемінде субсидия бөлу туралы шешімнің қабылданғанын айтып өтті. Қазіргі уақытта оқиға орнында өзіндік қорғаныс күштерінің және полицияның 73 мың қызметкері жұмыс істеп жатыр.

Басылымның мәліметінше, 5 000 адам эвакуациялық елді мекендерге орналастырылды. Онда 5,5 мың ерікті жұмыс істеп жатыр.


©REUTERS

Айта кетейік, өткен аптаның соңында қатты жауған жаңбырдың салдарынан Жапонияның оңтүстік-батысы мен орталық аудандарын су басқан еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети