15 тамыз 2022 17:13

Зеленский бірқатар өңірдегі УҚК басқарма басшыларын қызметінен босатты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Владимир Зеленский Украина Қауіпсіздік қызметінің (УҚК) үш облыстағы басқарма басшыларын қызметінен босатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Украина президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.


Владимир Зеленский Украина Қауіпсіздік қызметінің (УҚК) үш облыстағы басқарма басшыларын қызметінен босатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Украина президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жарлықтарға сәйкес, Зеленский Сергей Заяцты Украина Қауіпсіздік қызметінің Киев және Киев облысы бойынша бас басқармасы бастығы қызметінен босатты.

Сергей Заяцтың орнына бұған дейін Львов облысы бойынша УҚК басқарма басшысы болған Артем Бондаренко тағайындалды.

Сондай-ақ, Украина президенті Юрий Борейчукты Тернополь облысындағы УҚК басқарма басшысы қызметінен шеттеткен.

Еске салайық, бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі хатшысының бірінші орынбасары Руслан Демченконы қызметінен босату туралы жарлыққа қол қойған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети