22 қыркүйек 2021 17:31

Зеленский көмекшісіне жасалған қастандық туралы пікір білдірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Владимир Зеленский бірінші көмекшісі Сергей Шефирдің көлігіне жасалған қастандыққа қатысты жауап берді. Украина президенті бұл әрекетке жауап болатынын айтып, уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Strana.ua агенттігіне сілтеме жасап.

Зеленский Telegram-арнасында Украина азаматтарына арнап видео үндей жариялады. Оның айтуынша, ол Нью-Йоркте жүргенде Сергей Шефирге шабуыл жасалғандығы туралы жаңалықты көрген.

"Шамамен екі сағат бұрын менің бірінші көмекшімнің көлігіне қастандық жасалды. Менің жақын досым және жолдасым Сергей Шефир аман. Өкінішке қарай, оның жүргізушісі жарақат алды. Қазір ол ауруханада жатыр. Тәртіп сақшылары оқиға орнында жұмыс істеп жатыр", - деді Украина басшысы.

Сондай-ақ, досының көлігін орманнан ату әлсіздердің ісі екенін, кері жауап қатты болатынына уәде берді.

Бұған дейін 22 қыркүйекте Украина президенті Владимир Зеленскийдің кеңесшісі Сергей Шефирге қастандық жасалғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети