29 қаңтар 2021 12:51

Зеленский Ресейге қарсы санкция жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: president.gov.ua Фото: president.gov.ua

Украина президенті Владимир Зеленский Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің Ресейден келген заңды және жеке тұлғаларға қарсы жаңа санкциялар туралы шешімін қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Украина президенті Владимир Зеленский Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің Ресейден келген заңды және жеке тұлғаларға қарсы жаңа санкциялар туралы шешімін қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жарлық мемлекет басшысының сайтында жарияланды. Ол жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

"Украинаның Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің осы жарлықпен күшіне енген шешімінің орындалуын бақылау Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысына жүктелсін", - делінген жарлық мәтінінде.

"Украинаның Сыртқы істер министрлігі Еуропалық Одақтың, Америка Құрама Штаттарының және басқа мемлекеттердің құзыретті органдарына санкциялар қолданылғаны туралы хабарлайды және олардың алдында осындай шектеу шараларын қолдану туралы мәселе көтереді", - делінген құжатта.

Санкциялар тізімі және құжаттың басқа мәліметтері туралы әлі хабарланған жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети