1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Зеленскийдің әйелі ауруханаға түсті16 маусым 2020, 14:01

Фото:facebook.com/olenazelenska.official Фото:facebook.com/olenazelenska.official

Украина президенті Владимир Зеленскийдің әйелі Елена Зеленскаяға пневмонияға диагнозы қойылып, ауруханаға жеткізілді. Оның жағдайы тұрақты, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Украина президентінің әйелі Елена Зеленская Киевте ауруханаға жеткізілді. Өткен аптада одан коронавирус анықталған еді. Елена Зеленскаяға COVID-19 диагнозы қойылды. Сондай-ақ, орта деңгейдегі екіжақты пневмония анықталған. Жағдайы тұрақты", - делінген хабарламада.

Дереккөз мәліметінше, президенттің өзі мен балаларының коронавирусты анықтауға тапсырған сараптамалары теріс нәтиже көрстекен.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!