< Назад к документу

Егіндікөл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 16 қыркүйектегі № 6С 7-3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 29 қыркүйекте № 5553 болып тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 10.09.2019 № 6С38-2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларына сәйкес Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Егіндікөл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 10.09.2019 № 6С38-2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
Б.Абилов
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Б.Абилов

      КЕЛІСІЛДІ

      Егіндікөл ауданының әкімі Н.Төлепов

      2016 жылғы 16 қыркүйек

  Егіндікөл аудандық
мәслихатының
2016 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 6С7-3 шешімімен
бекітілген

Егіндікөл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 10.09.2019 № 6С38-2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Осы Егіндікөл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді.

1. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квази мемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға.
      1-1) атаулы күндер – жалпы халықтың тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
      2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Егіндікөл ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
      3) ең төмен күнкөріс деңгейі – Ақмола облысының статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
      4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
      5) азаматтың (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасы жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
      6) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
      7) уәкілетті орган – "Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      8) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      9) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 12.11.2018 № 6С29-3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі); 10.09.2019 № 6С38-2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен; 30.10.2020 № 6С52-4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
      3. Осы Қағидалар Егіндікөл ауданының аумағында тұрақты тұратын тұлғаларға таралады.

      4. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органмен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 10.09.2019 № 6С38-2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      5. "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 30.10.2020 № 6С52-4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      6. Әлеуметтік көмек бiр рет және (немесе) мерзiмдi (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.

      7. Атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі:

      1) алып тасталды - Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 30.10.2020 № 6С52-4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен;
      2) алып тасталды - Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 30.10.2020 № 6С52-4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен;

      3) 9 мамыр – Жеңіс күні (бір рет);

      4) алып тасталды - Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 30.10.2020 № 6С52-4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен;

      5) 1 қазан – Қарттар күні (бір рет);

      6) Мүгедектер күні – қазанның екінші жексенбісі (бір рет).

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 10.09.2019 № 6С38-2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен; өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 30.10.2019 № 6С52-4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

2. Санаттар тізбесі және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері

      8. Әлеуметтік көмек алушылардың келесі санаттарына көрсетіледі:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;

      басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;

      жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;

      еңбек ардагерлеріне;

      ең төмен және төмен зейнетақы мөлшерінен төмен алатын зейнеткерлерге;

      1, 2, 3 топтағы мүгедектерге;

      мүгедек балаларға;

      мүгедек баланы тәрбиелейтін тұлғаларға;

      қатерлі ісіктер бар азаматтарға;

      адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауруы бар азаматтарға;

      туберкулезбен ауыратындарға;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға;

      пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға;

      көп балалы отбасыларға;

      аз қамтылған отбасыларға;

      үшінші және одан кейінгі бала туған аналарға;

      аз қамтылған отбасылардан, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарынан шыққан, колледждерде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге;

      аз қамтылған отбасылардан, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарынан шыққан, жоғары медициналық оқу орындарында оқитын студенттерге;

      саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына, саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккендерге;

      табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға);

      халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына.

      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде, мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіздеме болып табылады:

      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген негіздемелер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан, азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста бір шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың бар болуы.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 30.10.2020 № 6С52-4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      9. Әлеуметтік көмек ұсынылады:

      1) Жеңіс Күніне орай:

      жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген тұлғаларға;

      еңбек ардагерлеріне;

      2) Қарттар күніне орай:

      3) Мүгедектер күніне орай:

      мүгедек балаларға;

      1, 2, 3 топтағы мүгедектерге;

      4) әлеуметтік көмек табыстарын есепке алмай келесі азаматтарға (отбасыларға) көрсетіледі:

      саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына, саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккендерге екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір рет;

      табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) өмірлік қиын жағдай туындағаннан кейін үш айдан кешіктірмей елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір рет;

      адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауруы бар азаматтарға дәрігерлік консультациялық комиссия қорытындысы негізінде он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір рет;

      туберкулезбен ауыратындарға, уәкілетті ұйымның тізімі және ауруын растайтын анықтама негізінде бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын;

      қатерлі ісіктер бар азаматтарға, ауру тарихы үзіндісі негізінде он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір рет;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір рет;

      пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір рет;

      жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, көп балалы отбасыларға және аз қамтылған отбасыларға телевизиялық абоненттік жалғамалармен қамтамасыз ету үшін жабдықтың тұратын құны мөлшерінде бір рет;

      жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, 1, 2, 3 топтағы мүгедектерге, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған тұлғаларға облыстық, қалалық медицина мекемелерінде стационарлық емделуден кейін медициналық мекеме куәландыруының негізінде жиырма жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір рет;

      үшінші және одан кейінгі бала туған аналарға баланың туу туралы куәлігінің негізінде бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір рет;

      аз қамтылған отбасылардан, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарынан шыққан, колледждерде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге білім беру мекемесімен жасалған келісім шарттың көшірмесі, оқу орнынан берілген анықтама, ауыл, ауылдық округ әкімінің қолдаухаты, оқуды төлеу бойынша түбіртектері негізінде оқу шығындарын жүз пайыз өтеу;

      аз қамтылған отбасылардан, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарынан шыққан, жоғары медициналық оқу орындарында оқитын студенттерге оқуды аяқтағаннан кейін Егіндікөл ауданында жұмысты өтеуді ескере отырып, оқу шығындарын жүз пайыз өтеу, төлем білім беру мекемесімен жасалған келісім шарттың көшірмесі, аудан әкімі, Егіндікөл аудандық орталық аурухананың бас дәрігері және студент арасында жасалған үш жақты келісім шарты, оқу орнынан берілген анықтама, ауыл, ауылдық округ әкімінің қолдаухаты негізінде көрсетіледі;

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, еңбек ардагерлеріне өтініштің берілген күніне сәйкес кезек тәртібімен мемлекеттік сатып алу өткізу арқылы сатып алынатын сауықтыру үшін жолдама жылына бір рет;

      әлеуметтік көмек Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне коммуналдық қызмет ақысы шығындарына, ай сайын:

      коммуналдық қызмет төлемі бойынша шығындарды өтеу үшін коммуналдық қызмет шығындары мөлшерінде;

      жылу беру маусымына қатты отынға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      ұялы байланыстан басқа, байланыс қызметтеріне телефон үшін абоненттік төлем құны мөлшерінде;

      газбен жабдықтау, ай сайын өтеу күні ауданда қалыптасқан орташа статистикалық бағалар бойынша айына бір баллонның құны мөлшерінде;

      5) әлеуметтік көмек халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына табыстарын ескере отырып жылына бір рет он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

      Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

      Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстың жергілікті атқарушы органының келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 30.10.2020 № 6С52-4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      10. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша Егіндікөл ауданының әкімдігі бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 12.11.2018 № 6С29-3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      11. Өмірде қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округтің әкіміне өтінішке қоса Үлгілік қағидаларға сәйкес құжаттарды ұсынады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 30.10.2020 № 6С52-4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      12. Алынып тасталды – Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 10.09.2019 № 6С38-2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      13. Алынып тасталды – Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 10.09.2019 № 6С38-2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      14. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 30.10.2020 № 6С52-4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 10.09.2019 № 6С38-2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      16. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидаларының 2, 3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.

      Ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 10.09.2019 № 6С38-2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      17. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
      18. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.

      19. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 10.09.2019 № 6С38-2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      20. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.

      21. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Осы Қағидаларының 17 және 18 тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 10.09.2019 № 6С38-2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      22. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
      23. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
      24. Әлеуметтік көмек Егіндікөл ауданның бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
      25. Әлеуметтік көмек ақшалай түрде, банктік операциялар жүргізуге лицензиясы бар екінші деңгейлі банктер немесе ұйымдар арқылы, алушының есеп шотына аудару жолымен көрсетіледі.

4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер

      26. Әлеуметтік көмек:
      1) алушы қайтыс болған;
      2) алушы Егіндікөл ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
      27. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      28. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

Назад к документу

Заңдар - Егіндікөл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы (өзгертулер 16 қыркүйек 2016) V16BH005553

Соңғы құжаттар
t.Recent updates
Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 297077
    Қазақ тілінде 147747
    Орыс тілінде 147750
    Ағылшын тілінде 1580
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы