09 ақпан 2024 17:55

Алматыда интернеттің сапасына ашуланған ер адамға қатысты тергеу жүріп жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Алматыда жүк тиеуші болып жұмыс істейтін Түркістан облысының тумасы күтпеген жағдайда қылмыстық қудалауға түсті. Бұған ер адамның ашуы себеп болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антитеррорлық орталыққа сілтеме жасап.


Алматыда жүк тиеуші болып жұмыс істейтін Түркістан облысының тумасы күтпеген жағдайда қылмыстық қудалауға түсті. Бұған ер адамның ашуы себеп болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антитеррорлық орталыққа сілтеме жасап.

8 ақпанда Алматы полициясына Tele2 байланыс орталығының қызметкерінен хабарлама түскен: телефон арқылы белгісіз біреу жарылыс жасаймын деп қорқытып, қызметкерлерге қоқаң-лоқы жасаған. Жедел іздестіру шаралары барысында Алматыдағы "Строй Сити" базарында жүк тиеуші болып жұмыс істейтін Түркістан облысының 1988 жылы туған тумасы ұсталды.

Жұмыс орнына келген ер адам телефонында интернет жоқ екенін байқаған. Содан кейін ол ұялы телефонынан Tele 2 байланыс орталығына қоңырау шалып, желі сапасының нашарлығына шағымданады. Оператор тарифті қайта қосып, 4000 теңге көлемінде төлем жасау керек деп жауап берді.

"Абонент ашуға беріліп, әдепсіз сөздер айтып, қоқаң-лоқы жасайды. Кейінірек ол сол кезде не айтқаны есінде жоқ екенін мойындады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген жазбада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 452.97   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети