Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шетырғыз ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 5 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 29 мамырда № 7140 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шалқар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2020 жылғы 27 мамырдағы № 16-8/62 ұсынысы негізінде, Шетырғыз ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мүйізді ірі қара малы арасында бруцеллез ауруы анықталуына байланысты, Шетырғыз ауылдық округінде орналасқан "Нұрзаман" шаруа қожалығы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шетырғыз ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Шалқар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шетырғыз ауылдық округінің әкімі
      Ж. Табынбеков

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 282177
    Қазақ тілінде 140425
    Орыс тілінде 140245
    Ағылшын тілінде 1507
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы