Реклама +7(700) 388 81 09
< Назад к документу

Қазақстан Республикасында шетелдік әуемен тасымалдаушыларды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 382 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 шілдеде № 15386 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 81-бабының 3-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.04.2020 № 247 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында шетелдік әуемен тасымалдаушыларды аккредиттеу қағидалары бекітілсін.

      2. Күші жойылды деп танылсын:

      1) "Тіркеу және шетелдік тасымалдаушыларға қойылатын талаптар тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 432 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6587 болып тіркелген; "Егемен Қазақстан" газетінің 2010 жылы 9 қараша № 461-468 (26311) жарияланған);

      2) "Тіркеу және шетелдік тасымалдаушыларға қойылатын талаптар тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 432 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 25 қазандағы № 634 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7294 болып тіркелген, "Заң газеті" газетінің 2011 жылы 9 желтоқсанда № 182 (1998) жарияланған).

      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 26 маусымдағы
№ 382 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасында шетелдік әуемен тасымалдаушыларды аккредиттеу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.04.2020 № 247 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасында шетелдік әуемен тасымалдаушыларды аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 81-бабының 3-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында шетелдік әуемен тасымалдаушыларды аккредиттеу және Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдiк тасымалдаушыларды аккредиттеу туралы куәлік беру" мемлекеттк қызметін көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi анықтамалар мен терминдер:

      1) бас агент - шетелдік тасымалдаушы Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдарды сатуға уәкілеттік берген, шетелдік тасымалдаушымен шарт және оның атынан сенімхат негізінде шетелдік тасымалдаушы көрсететін қызметтер үшін жолаушылар алдында жауапты Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын заңды тұлға;

      2) шетелдiк әуемен тасымалдаушы - Қазақстан Республикасының аумағында өкілдік, филиал немесе бас агенттік арқылы жұмыс iстейтiн, тұрақты жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын шетелдiк авиакомпания (бұдан әрі - шетелдік тасымалдаушы);

      3) тік эшелондаудың қысқартылған минимумы (ағылшын тіліндегі қысқартылған аббревиатурасы - RVSM (бұдан әрі - RVSM)) - RVSM қолдана отырып, ұшуға рұқсаты бар әуе кемелерін эшелондау үшін қолданылатын тік эшелондау аралығы.

      3. Қазақстан Республикасына (Қазақстан Республикасынан) тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды жоспарлайтын барлық шетелдік тасымалдаушылар аккредиттеуге жатады.

      4. "Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдiк тасымалдаушыларды аккредиттеу туралы куәлік беру" мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

2-тарау. Қазақстан Республикасында шетелдiк әуемен тасымалдаушыларды аккредиттеуді жүргізу тәртібі

      5. Заңды тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі - портал) "электронды үкімет" веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған сәйкес электронды құжат нысанындағы өтінім және осы Қағидаларға 2-Қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдiк тасымалдаушыларды аккредиттеу туралы куәлік беру" мемлекеттік қызметінің стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 8-тармағына сәйкес құжаттарды жолдайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсету үшін негізгі талаптардың тізімі, соның ішінде рәсімнің сипаттамасы, көрсетудің нысаны, мазмұны және нәтижесі, сонымен қатар мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктерін ескеретін басқа да ақпарат Стандартында мазмұндалған.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлдық тиісті құжаттарды портал арқылы ұсынған кезде - көрсетілетін қызмет алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметтің нәтижесін алу күні көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінімді алу туралы мәртебесі көрсетіледі.

      6. Құжаттарды қарастыру мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну мерзімі 20 (жиырма) жұмыс күнді құрайды.

      7. Орындаушы 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттардың толық болмау немесе мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтердің болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға ұсынылған құжаттардың қандай талаптарға сәйкес келмейтінін және мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі тоқтатыла тұрған кезеңге сәйкес келтіру мерзімін көрсете отырып, хабарлама жібереді.

      Хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкес келтіру мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.

      Егер хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды талаптарға сәйкес келтірмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы портал арқылы өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды (бұдан әрі - дәлелді бас тарту) көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.03.2022 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 8-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 18 (он сегіз) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының сәйкестігін және мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің дұрыстығын заң талаптарына сәйкестігін тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушының және ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің сәйкестігін айқындау кезінде көрсетілетін қызметті беруші:

      шетелдік әуе тасымалдаушысын тіркеу мемлекеті тарапынан коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға берілетін рұқсаттардың;

      тиісті шет мемлекеттен тағайындалған әуе тасымалдаушысы мәртебесінің болуын қарайды.

      Шетелдік әуе тасымалдаушысына қатысты тасымалдауға құқық беру шарттары Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын әуе қатынасы туралы халықаралық шарттарда және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.

      Көрсетілетін қызметті алушы және ұсынылған материалдар, деректер мен мәліметтер Заң талаптарына сәйкес келген кезде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын шетелдік тасымалдаушыларды Аккредиттеу туралы куәлік ресімделеді.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігін беру үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны тыңдау туралы мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын хабардар етеді. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші рұқсатты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды береді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" порталға жіберіледі.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.03.2022 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдiк тасымалдаушыларды аккредиттеу туралы куәлік көрсетілетін қызметті алушыға оның әрекет ету күнінен бастап екі жыл мерзімге беріледі.

      10. Берілген Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдiк тасымалдаушыларды аккредиттеу туралы куәлік басқа заңды немесе жеке тұлғаға берілмейді.

      11. Көрсетілетін қызмет беруші мемлекеттік қызметті көрсету туралы ақпаратты мемлекеттік қызметті көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      12. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не әрекет жасаса, ол шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.03.2022 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Егер Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.03.2022 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасында
шетелдік әуемен
тасымалдаушыларды
аккредиттеу қағидаларына
1-қосымша

Өтініш

      Сізді шетелдік әуемен тасымалдаушысының аккредиттелуін өткізуді сұраймын

      ________________________________________________________________________________

      (ресми және коммерциялық атауы, ерекше болса)

      Авиакомпания туралы мәліметтер:

      1. Меншік нысаны __________________________________________________________

      2. Құрылған жылы__________________________________________________________

      3. Заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлік

      (нөмірі, кім және қашан берілген)

      4. Банк деректемелері _______________________________________________________

      (№ есеп/шоты, қор/шоты, микрофинансты мекеме (МФО), банктің атауы және орналасқан жері)

      5. Заңды мекенжайы және басқа да деректемелер

      (почталық мекенжайы, телефон, телефакс, телекс, телетайп,

      телеграфтық ж/е телефондық шартты шақырулары, ИКАО, ИАТА, СИТА, АФТН кодтары)

      6. ________________________________________________________________________

      (кәсіпорынның бірінші басшысының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (бұдан әрі - Т.А.Ә)

      7. Қазақстан Республикасына ұшуларды орындауға жоспарланған кемелерінің тізбесі:

Әуе кеменің типі
(үлгісі, сериялық нөмірі)

Тіркеу нөмірі

RVSM бекітуі
(пайдаланушының мемлекетімен бекітуі)

EDTO
(пайдаланушының мемлекетімен бекітуі)

1

2

3

4

5

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісім беремін.

      Ескерту:

      1) ИКАО - Халықаралық азаматтық авиация ұйымы;

      2) ИАТА - Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы;

      3) СИТА - Халықаралық авиациялық электр байланыс қоғамы;

      4) АФТН - авиациялық тіркелген телекоммуникациялық желісі;

      5) EDTO - арттырылған уақытпен қосымша әуеайлаққа кетумен ұшуларды жүргізу;

      6) RVSM - тігінен эшелондаудың қысқартылған минимумы.

  Қазақстан Республикасында
шетелдік әуемен
тасымалдаушыларды
аккредиттеу қағидаларына
2-қосымша

"Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдiк тасымалдаушыларды аккредиттеу туралы куәлік беру" мемлекеттік қызметінің стандарты

1.

Көрсетілетін қызмет берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті

2.

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері
(қолжетімдік арналары)

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады

3.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Портал арқылы жүгінген кезде - 20 (жиырма) жұмыс күн

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электронды (толық автоматтандырылған)

5.

Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі

Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдiк тасымалдаушыларды аккредиттеу туралы куәлік беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Қызметті көрсету нысаны: электронды

6.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Тегін

7.

Көрсетілетін қызмет берушінің жұмыс істеу кестесі

1) портал - құжаттарды қабылдау жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы жүзеге асырылады (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қабылдау мен оның нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс (сенбі және жексенбі) және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.

8.

Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынылады:
1) өтініш:
2) шетелдік тасымалдаушы жарғысының электронды көшірмесі;
3) Қазақстан Республикасындағы шетелдік тасымалдаушының өкілдігі немесе филиалы туралы ереженің немесе бас агент жарғысының электронды көшірмесі;
4) Қазақстан Республикасында тиiстi қаржылық жылға жасалған әуежайлық қызмет көрсету шартының, агенттiк шарттардың электронды көшiрмелерi;
5) шетелдік тасымалдаушы өкілдігінің, немесе филиалының басшысына немесе бас агентке сенімхаттың электронды көшірмесі;
6) азаматтық әуе кемесін пайдаланушының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасының электронды көшірмесі;
7) уәкілетті органдарға Қазақстан Республикасына/нан ұшуларды орындайтын авиажолаушылардың ресімделген және (немесе) брондалған билеттер туралы мәліметтерді ұсыну туралы кепілхаттың электронды көшірмесі;
8) пайдаланушы куәлігінің және оған байланысты пайдалану ерекшеліктерінің электронды көшірмесі;
9) Қазақстан Республикасына ұшуларды орындауға жоспарланып отырған барлық әуе кемелерінің тіркеу туралы куәліктерінің электронды көшірмесі. Әуе кемесін экипажбен жалға алу кезінде әуе кемесінің ұшуларына басшылықты жүзеге асыратын пайдаланушыны көрсете отырып, пайдаланушы мемлекеттің азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның келісуі;
10) Қазақстан Республикасына ұшуларды орындауға жоспарланып отырған барлық ұшақтарының ұшу жарамдылық сертификатының электронды көшірмесі;
11) шетел тасымалдаушының жолаушылар және үшінші тұлғалар алдындағы азаматтық жауаптылығының сақтандыру полисінің электронды көшірмесі;
12) Қазақстан Республикасына тұрақты рейстерді орындауға шетелдік тасымалдаушыны тағайындалғанын растайтын хаттың электронды көшірмесі.

9.

Қазақстан Республикасының заңдарымен бекітілген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздемелер

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту кезінде қызмет беруші көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себебі көрсетілген жауапты жолдайды:
1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Заңмен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ұсынылған құжаттарда анық емес мәліметтердің не қолданылу мерзімі өтіп кеткен мәліметтердің (құжаттардың) болуы негіз болып табылады.

10.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, Электронды нысан мен Мемлекеттік корпорация арқылы қоса алғанда басқа да талаптар

Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары қызмет берушінің интернет-ресурсында орналастырылған: ("Азаматтық авиация комитеті" бөлімінің "Мемлекеттік қызметтер бөлімшесінде").
Көрсетілетін қызмет алушы мемлекеттік қызметті ЭЦҚ болуы шартында электронды нысанда портал арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті портлар арқылы көрсеткен кезде нашар көретіндерге нашар көретіндерге версия қолжетімді
Көрсетілетін қызмет алушы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі бойынша ақпаратты алыс жердегі қолжетімділік режимінде порталда "жеке кабинет" арқылы көрспетілетін қызмет берушінің анықтамасы арқылы, және Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8-800-080-7777 арқылы алуға мүмкіндігі бар.

  Қазақстан Республикасында
шетелдік әуемен
тасымалдаушыларды
аккредиттеу қағидаларына
3-қосымша

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті

Комитет гражданской авиации Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан

Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдік тасымалдаушыларды аккредиттеу туралы КУӘЛІК / СВИДЕТЕЛЬСТВО об аккредитации иностранных перевозчиков, осуществляющих свою деятельность на территории Республики Казахстан № __________

      1.________________________________________________________________________

      авиакомпанияның атауы/наименование авиакомпании

      __________________________________________________________________________

      2. ________________________________________________________________________

      заңды мекенжайы/юридический адрес

      3.________________________________________________________________________

      шетелдік тасымалдаушының орналасқан елі/страна местонахождения иностранного перевозчика

      4. Куәлік 20 __ жылғы "___" __________ берілді

      Свидетельство выдано "___" _____________ 20__

      5. Куәлік 2 жылға дейін жарамды

      Срок действия свидетельства 2 года

      азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның жауапты тұлғасы, тегі, аты,

      әкесінің аты (бар болған жағдайда)/ответственное лицо уполномоченного органа в сфере

      гражданской авиации, фамилия, имя, отчество (при наличии)

Назад к документу

Заңдар - Қазақстан Республикасында шетелдік әуемен тасымалдаушыларды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы (өзгертулер 26 маусым 2017) V1700015386

Соңғы құжаттар
Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 334828
    Қазақ тілінде 166000
    Орыс тілінде 166873
    Ағылшын тілінде 1955
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Nur-Sultan уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы