Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 1996 жылғы 18 шiлде N 34-I. Қазақстан Республикасының 1997.06.19. N 134 заңымен енгiзiлген толықтырулар мен өзгертулер 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне кiредi. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 363 Заңымен. ~Z990363

      Осы Заң азаматтарды әлеуметтiк қорғаудың мемлекет кепiлдiк берген, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын құқықтық, ұйымдық және экономикалық негiздерiн белгiлейдi.
 
                    I тарау. Жалпы ережелер
 
      1-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру ұғымы
 
      Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру сақтандырылған азаматтар еңбек ету қабiлетiнен айрылған, жұмыссыз қалған, қызметкерлер немесе олардың отбасы мүшелерi сауықтыру қызметiне, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шекте, тиiстi қорларға мiндеттi жарналар төлеу негiзiнде мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын басқа да материалдық қамтамасыз ету жүйесi болып табылады.
      Сақтандырылмаған азаматтарға әлеуметтiк кепiлдiктердiң жекелеген түрлерi Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру қаражаты есебiнен қамтамасыз етiледi.
      ЕСКЕРТУ. 1-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.06.19.
               N 134-I Заңымен. Z970134_
 
      2-бап. Осы Заңмен реттелетiн қатынастар
 
      Осы Заң мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру органдары, сақтандырылған азаматтар мен, меншiк және шаруашылық жүргiзу нысандарына қарамастан, жұмыс берушiлер арасындағы мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру саласындағы қатынастарды реттейдi, мемлекеттiк әлеуметтiк кепiлдiктердiң түрлерiн айқындайды.
 
      3-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың негiзгi принциптерi
 
      Азаматтарды мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың негiзгi принциптерi:
      - сақтандырылған азаматтарды әлеуметтiк қорғауға мемлекеттiк кепiлдiк, оны сақтандыру жағдайларының бәрiне қолдану;
      - қызметкерлердi әлеуметтiк сақтандырудың мiндеттiлiгi;
      - азаматтарға, жәрдемақылардың және заңдарға сәйкес басқа да төлемдердiң мемлекеттiк кепiлдiгi;
      - жұмыс iстейтiн азаматтардың, жұмыс берушiлердiң және мемлекеттiң мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру қорларын құруға қатысуы;
      - жәрдемақылар мен мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру бойынша басқа да төлемдердiң сараланған шарттары мен мөлшерлерi;
      - мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қызметiндегi жариялылық болып табылады.
      ЕСКЕРТУ. 3-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.06.19.
               N 134-I Заңымен.
 
      4-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырылуға жататын адамдар
 
      1. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырылуға:
      - еңбек шарттары немесе жалдаудың басқа нысандары бойынша жұмыс iстейтiн, меншiк және шаруашылық жүргiзу нысандарына қарамастан, заңды және жеке тұлғалардан еңбегiне ақы алатын Қазақстан Республикасының азаматтары;
      - Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар жатады.
      2. Халықаралық ұйымдарда, сондай-ақ шетелдегi мемлекеттiк ұйымдарда жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасының азаматтары жалпы негiздерде мiндеттi әлеуметтiк сақтандырылуға жатады және олардың еңбек жағдайлары туралы арнаулы ережелерге сәйкес жәрдемақылар мен қамтамасыз етiледi.
      Шетелдiк фирмаларда жұмыс iстейтiн республика азаматтарын, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру Қазақстан Республикасы заңдарының нормаларымен реттеледi.
      3. Осы Заңның күшi республиканың Қарулы Күштерiнде, Шекара және iшкi әскерлерде, Республикалық ұланда және Қазақстан Республикасының құзыреттi мемлекеттiк органдарының шешiмдерiне сәйкес құрылған басқа да әскери құрамында әскери қызметте жүрген әскери қызметшiлерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу комитетi, iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк, салық полициясы органдарының,

прокуратурасының сыныптық шенi бар қызметкерлерiне, судьяларға, кеден

органдарының лауазымды адамдарына және әлеуметтiк сақтандырылуы

арнаулы заңдармен реттелетiн жұмыс iстеушiлердiң басқа да санаттарына

қолданылмайды.

     ЕСКЕРТУ. 4-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.06.19.

              N 134-I Заңымен.

     5-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы Заңды бұзғандық

            үшiн жауапкершiлiк

     Осы заңды бұзғандық үшiн жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының

заңдарына сәйкес туындайды.

     6-бап. Халықаралық шарттар

     Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы

Заңда көзделгендегiден өзгеше нормалар белгiленсе, онда халықаралық

шарттардың не келiсiмдердiң нормалары қолданылады.

           II тарау. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру қаражаты

                     есебiнен жүзеге асырылатын әлеуметтiк

                           қорғаудың кепiлдi түрлерi

     7-бап. Әлеуметтiк кепiлдiктер түрлерi

     Осы Заңмен мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру қаражаты есебiнен

әлеуметтiк кепiлдiктердiң мынадай түрлерi белгiленедi:

     - еңбекке уақытша жарамсыздығы (соның iшiнде еңбекте жарақаттану

мен кәсiби науқастанудан болатын) бойынша берiлетiн жәрдемақы;

     - жүктiлiгi және босануы бойынша берiлетiн жәрдемақы;

     - сауықтыру сипатындағы қызметтер;

     - жұмыссыздық жағдайында әлеуметтiк қолдау;

     - мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру;

     - бала туғанда берiлетiн жәрдемақы;

     - жерлеуге берiлетiн жәрдемақы.

     Ескерту. 7-баптың 2-абзацы алынып тасталды - Қазақстан

              Республикасының 1997.06.19 N 134-I Заңымен.

     8-бап.

     ЕСКЕРТУ. 8-бап алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 1997.06.19.

              N 134-I Заңымен.

     9-бап. Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша берiлетiн жәрдемақы

     Науқастануға (мертiгуiне), протез салдыруға, жүктiлiктiң жасанды

жолмен бұзылуына, отбасының науқастанған мүшесiн күтiп-бағуға,

карантинге байланысты және туберкулезбен науқастануға немесе кәсiби

науқастануға байланысты басқа жұмысқа уақытша ауыстырылған кезде,

басқа жағдайларда еңбекке уақытша жарамсыз болған реттерде

жәрдемақылар Үкiмет белгiлеген тәртiп бойынша тағайындалады және

төленедi.

     10-бап. Еңбекте жарақаттанудан немесе кәсiби науқастанудан

             еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша берiлетiн

             жәрдемақы

     Еңбекте жарақаттануға немесе кәсiби науқастануға байланысты

еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақы еңбекке жарамсыз болған

алғашқы күннен бастап жұмысқа шыққанға немесе мүгедектiк

белгiленгенге дейiн орташа жалақының жүз процентi мөлшерiнде төленiп,

жұмыс берушi төленген соманы кейiннен Әлеуметтiк сақтандыру қорына

өтейдi.

     11-бап. Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша берiлетiн

             жәрдемақыдан айыру негiздерi

       Азаматтарды жәрдемақыдан айыруға мыналардың салдарынан болған

еңбекке уақытша жарамсыздық жағдайлары негiз болады:

     - олар қылмыс жасаған кезде алған мертiгулер;

     - өз денсаулығына қасақана зиян келтiру;

     - алкогольдi немесе есiрткi және уытты заттарды пайдаланудан

болған аурулар мен мертiгулер.

     Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақы сот ұйғарымымен

ерiксiз емделуге мәжбүр етiлген (психикалық ауыратындардан

басқалар), кiнәлi екендiгi анықталған ретте сот-медицина

сараптамасынан өтiп жүрген, сондай-ақ қамаудағы адамдарға берiлмейдi.

     12-бап. Жүктiлiгi және босануы бойынша берiлетiн жәрдемақылар

     Жүктiлiгi және босануы бойынша берiлетiн жәрдемақылар орташа

жалақының жүз процентi мөлшерiнде босанғанға дейiнгi және босанғаннан

кейiнгi демалыс кезеңiне тағайындалады және төленедi.

     13-бап. Бала туғанда берiлетiн жәрдемақы

       Бала туғанда иiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасы Заңына белгiленген мөлшерде бiр жолғы жәрдемақы төленедi. Бала өлi туған жағдайда жәрдемақы төленбейдi.
 
      14-бап. Жерлеуге берiлетiн жәрдемақы
 
      Жерлеуге арналған жәрдемақы тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасы Заңында белгiленген мөлшерде берiледi.
      Жерлеуге арналған жәрдемақы өлген адамның отбасына (өлген зейнетақы төлемдерiн алушыны қоспағанда) немесе жерлеудi мойнына алған басқа жеке немесе заңды тұлғаларға берiледi.
      Бала өлi туған жағдайда жерлеуге арналған жәрдемақы жалпы

негiздерде берiледi.

     ЕСКЕРТУ. 14-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.06.19.

              N 134-I Заңымен.

     15-бап. Сауықтыру сипатындағы қызметтер

     Сауықтыру сипатындағы қызметтерге санаторийлiк-курорттық емдеу

және санаторий-профилакторийлерде емделу, балаларды сауықтыру мен

олардың ұйымдастырылған демалысы жатады.

     16-бап. Жұмыссыздық жағдайында әлеуметтiк қолдау

     Азамат заңдарда белгiленген тәртiппен жұмыссыз деп танылған

жағдайда халықты жұмыспен қамту туралы заңдарға сәйкес оның

әлеуметтiк қорғалуға құқылы бар.

     17-бап. Мiндеттi медициналық сақтандыру

       Мiндеттi медициналық сақтандыру Қазақстан Республикасындағы

мiндеттi медициналық сақтандыру туралы заңдарға сәйкес жүзеге

асырылады.

     18-бап. Жәрдемақыларды тағайындау және төлеу шарттары мен тәртiбi

     Жәрдемақылар мiндеттi сақтандыру жарналарынан құралатын мiндеттi

әлеуметтiк сақтандыру қаражаты есебiнен төленедi.

     Жұмыс берушiлердiң сақтандыру арналарын төлемеуi немесе

мезгiлiнде төлемеуi қызметкерлердi жәрдемақылармен қамтамасыз ету

құқығынан айырмайды.

     Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру қаражаты есебiнен жәрдемақылар

тағайындау және төлеу шарттары мен тәртiбiн Қазақстан Республикасының

Үкiметi бекiтедi.

          III тарау. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруды басқару

     19-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру қорлары

     Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру қаражатын басқаруды мынадай

мемлекеттiк қорлар жүзеге асырады:

     - Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры;

     - Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоры;

     - Мiндеттi медициналық сақтандыру қоры.

     Қорлар туралы ереженi Үкiмет бекiтедi.

     ЕСКЕРТУ. 19-баптың 1 бөлiгiнiң 2 абзацы алынып тасталды - Қазақстан

              Республикасының 1997.06.19. N 134-I Заңымен.

     20-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға арналған жарналар

       Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жарналарының мөлшерi Қазақстан Республикасының заңдарымен бекiтiлетiн нормалар бойынша белгiленедi.
      Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға арналған жарналар Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес шегерiлетiн шығыстарға жатады, ол бюджеттiк және басқа да коммерциялық емес ұйымдар үшiн оларды ұстауға арналған шығыстар сметасында көзделедi.
      Сақтандыру жарналарын есептеу және төлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға уақтылы төленбеген жарналар әрбiр өткен күн үшiн (ақы төлеу күнiн қоса алғанда) осы жарналар төленетiн күнi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландыру ставкасының 1,2 есе мөлшерiнде өсiм есептеле отырып мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы қорлары кiрiсiне өндiрiп алынады.
      ЕСКЕРТУ. 20-бап 4 бөлiкпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының
               1997.06.19. N 134-I Заңымен.
 
      21-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру қорларының қаражаты
 
      Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру қорларының қаражаты жұмыс берушiлердiң мiндеттi сақтандыру жарналарының және Қазақстан Республикасы заңдарына қайшы келмейтiн басқа да түсiмдердiң есебiнен құралады.
      Аталған қорлардың қаражатын бюджетке алып қоюға, оларды қордан қорға ауыстыруға, сондай-ақ оларды басқа мақсаттарға пайдалануға жол берiлмейдi, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда.
      Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру қорларының қабылданған сақтандыру мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ететiн бюджеттерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi кезектi жылға арналған республикалық бюджет бекiтiлгеннен кейiн бiр ай мерзiмде бекiтедi.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру қорлары қаражатының сақталуы мен нысаналы пайдаланылуы үшiн жауап бередi, ал соңғылары Үкiметтiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
      Сақтандыру жарналарының уақытша бос қаражатын және мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру қорларының өзге де ақша қаражатын тек мемлекеттiк бағалы қағаздар мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң бағалы қағаздарына немесе мемлекеттiк банкiлердiң депозитiне ғана инвестициялауға (орналастыруға) жол берiледi.
      Қаржы жылы аяқталғаннан кейiн сақтандыру жарналары қаражатының қалдықтары алып қоюға немесе республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң кiрiстерiне аударуға жатпайды.
      Сақтандыру және өзге де қаржы-шаруашылық операциялардың есебiн және бухгалтерлiк құжаттарды ресiмдеу ережесiн Қазақстан Республикасында бухгалтерлiк есеп пен қаржы есебiн беру жүйесiн реттейтiн уәкiлдiк берiлген орган белгiлейдi.
      Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру қорлары бюджеттерiнiң атқарылуы туралы есептi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi және ол бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
      ЕСКЕРТУ. 21-бап сөздермен толықтырылды - Қазақстан Республикасының
               1997.06.19. N 134-I Заңымен.
 
      22-бап. Сақтандыру жарналарын төлеудi және мiндеттi әлеуметтiк
              сақтандыру қаражатының жұмсалуын бақылау
 
      Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың сақтандыру жарналарын төлеудi

бақылауды тиiстi мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру қорлары жүзеге

асырады және салық қызметi органдары.

     Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру қаражатының, соның iшiнде

мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру қорларын ұстауға арналғандарының

нысаналы пайдаланылуын бақылауды уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк

органдар жүзеге асырады.

     Ұйымдар бақылаушы органдарға қажеттi құжаттар мен мәлiметтер

беруге мiндеттi.

     ЕСКЕРТУ. 22-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.06.19.

              N 134-I Заңымен.

     Қазақстан Республикасының

           Президентi

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 282500
    Қазақ тілінде 140583
    Орыс тілінде 140406
    Ағылшын тілінде 1511
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы