Тұқым шаруашылығы туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы N 385 Заңы.

      МАЗМҰНЫ

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілеттік мемлекеттік орган", "тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілеттік мемлекеттік органға", "тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органды", "тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілеттік мемлекеттік органның", "тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілеттік мемлекеттік органдардың", "тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік органмен" деген сөздер "уәкілеттік орган", "уәкілетті органға", "уәкілетті органды", "уәкілетті органның", "уәкілетті органдардың", "уәкілеттік органмен" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2009.12.11 № 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
      Ескерту. Заң жобасының бүкіл мәтіні бойынша "рұқсат етiлген" және "жіберілген" деген сөздер "ұсынылатын" деген сөзбен ауыстырылды - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Осы Заң тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерiн белгiлейдi және тұқым шаруашылығы жүйесiнiң ұйымдастырылуы мен жұмыс iстеуi және ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң тұқымдарын өндiру, дайындау, өңдеу, сақтау, тасымалдау, сату мен пайдалану iсiн мемлекеттiк бақылау мәселелерiн реттеуге бағытталған.

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      1) алып тасталды - ҚР 2009.12.11 № 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен;

      1-1) алып тасталды - ҚР 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      2) аттестаттау - жеке және (немесе) заңды тұлғалардың тұқым шаруашылығы субъектiсiнiң мәртебесiне сәйкестiгiн анықтау (растау);

      3) аттестаттау туралы куәлiк – мемлекеттiң тұқым шаруашылығы саласындағы аттестатталған субъектiлердiң қызметiн тануын айғақтайтын, өз құзыреті шегінде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы берген құжат;

      4) ауыл шаруашылық өсiмдiктерi - дәндi, дәндi-бұршақтық, жармалық, азықтық, майлы, эфирлi-майлы, техникалық, көкөнiстiк, дәрi-дәрмектiк, гүлдiк, жемiстiк, жидектiк дақылдар, картоп, жүзiм;

      5) байқаудан өткiзушi – ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың тиісті жергiлiктi атқарушы органына ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сорттық егiстерiн байқаудан өткiзу жөніндегі қызметтің басталғандығы туралы хабарлаған жеке тұлға;

      6) бақылау сынақтары - ауыл шаруашылық өсiмдiгiнiң сорт белгiлерiнiң сақталуын және әр түрiнiң осы сортқа сәйкестiгiн анықтау;

      7) бiрегей тұқымдар - ауыл шаруашылық өсiмдiгi сортының авторы, ол уәкiлдiк берген адам немесе сорттың оригинаторы өсiрiп шығарған және элиталық тұқымдарды өндiруге арналған тұқым;

      8) бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқымдар - тұқымдар элитасының жылдар бойынша кейiннен өсiрiп-өндiрiлуi: бiрiншi жыл - бiрiншi көбейтiлген тұқым, екiншi жыл - екiншi көбейтiлген тұқым, үшiншi жыл - үшiншi көбейтiлген тұқым;

      9) егiстердi байқаудан өткiзу - ауыл шаруашылық өсiмдiктерi егiстерiнiң сорттық сапаларын: сорттық тазалығын, сортқа тәндiлiгiн, арамшөптер басу, ауруға шалдығу және зиянкестерден бүлiну дәрежесiн анықтау;

      10) жерге егiп бағалау - тұқымдардың белгiлi бiр түрге, сортқа жататындығы мен сорттық тазалығын оларды арнаулы учаскелерде егу және өсiмдiктер бойынша сорттық сапаларын кейiннен тексеру жолымен анықтау;

      11) зертханалық сорттық сынақтар - тұқымдардың белгiлi бiр сортқа тиiстiлiгiн белгiлеу және зертханалық талдау жүргiзу жолымен тұқымдардың сорттық тазалығын анықтау;

      12) алып тасталды - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      12-1) Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия - өсімдік сорттарының патент қабілеттілігін және шаруашылыққа пайдалылығын сараптамадан өткізуді және сынауды жүзеге асыратын, уәкілеттік органның қарауындағы ұйым;

      13) сорт ауыстыру - тұқым өсiрушiлердiң өндiрiсте егiлiп жүрген ескi сорттарды неғұрлым шығымды немесе ауыстырылатын сорттан шаруашылық-бағалылық белгiлерi мен қасиеттерi жағынан артық жаңа, пайдалануға ұсынылатын сорттармен ауыстыруы;

      14) сорт жаңарту - өндiрiсте пайдалану кезiнде сорттық және биологиялық сапасы нашарлаған тұқымдарды сол сорттың жақсы тұқымдарымен ауыстыру;

      15) сортқа тәндiлiк - айқас тозаңдандырылатын ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң сорттық тазалығының көрсеткiшi;

      16) сорт оригинаторы - сорттың сақталуын қамтамасыз ететiн жеке немесе заңды тұлға;

      17) сорттық бақылау - ауыл шаруашылық өсiмдiктерi егiстерiнiң сорттық тазалығын анықтау және тұқымдардың белгiлi бiр сортқа жататындығын белгiлеу жөнiндегi iс-шаралардың жүзеге асырылуын бақылау;

      18) сорттық сынақ - селекциялық жетістіктің патент қабiлеттiлiгi мен шаруашылықта пайдалылығын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүргiзiлетiн сараптамадан және сынақтан өткізу;

      19) сорттық тазалық - негiзгi сорт өсiмдiктерiнiң немесе сабақтарының осы ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң немесе сабақтарының жалпы санына проценттiк қатынасы;

      20) суперэлиталық тұқымдар - бiрегей тұқымдарға жататын, өсiрiп-өндiру көшеттiгінің өнiмiнен алынған, ұлттық стандарттар мен тұқым шаруашылығы саласындағы өзге де нормативтiк құжаттардың талаптарына сай келетiн және элиталық тұқымдарды өндiруге арналған тұқымдар;

      21) тұқымдар - өсiмдiктердiң сортын молықтыру үшiн пайдаланылатын генеративтiк және вегетативтiк органдары: тұқымның өзi, жемiстер, күрделi жемiстердiң бөлiгi, қосалқы жемiс, масақтар, көшеттер, жуашық, түйнек, қалемшелер, түзушi ұлпалар және басқалар;

      22) тұқымдардың кондициялылығы - тұқымдардың тұқым шаруашылығы саласындағы ұлттық стандарттар мен өзге де нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкестiгi;

      23) тұқымдардың сорттық сапасы - тұқымдардың ауыл шаруашылық өсiмдiгiнiң белгiлi бiр сортына жататындығын сипаттайтын белгiлер жиынтығы;

      24) тұқымдар тобы – тиiстi құжатпен (байқаудан өткiзу актiсiмен, тұқым аттестатымен, тұқым куәлiгімен, тұқымдардың кондициялығы туралы куәлiкпен, тұқымдарға талдау жасау нәтижесiмен, карантиндiк сертификатпен, фитосанитариялық сертификатпен) расталған, шығу тегi мен сапасы жағынан бiртектес тұқымдардың белгiлi бiр мөлшерi;

      25) тұқымдық бақылау - тұқымның егу сапасын анықтау жөнiндегi iс-шаралардың жүзеге асырылуын, Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуын бақылау;

      26) тұқым куәлiгi - тұқымдардың алғашқы және одан кейiнгi көбейтiлуiнiң сорттық және егу сапасын растайтын құжат;

      27) тұқымның егу сапасы - тұқымдардың егуге (отырғызуға) жарамдылық дәрежесiн сипаттайтын сапа көрсеткiштерiнiң жиынтығы;

      28) тұқым өндiрушiлер - осы Заңға сәйкес тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;

      29) тұқым өсiру шаруашылығы - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы аттестаттаған, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқымдарды өндiру мен сатуды жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъект;

      29-1) тұқым өткізуші - облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы аттестаттаған, ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының партияларын өткізу және (немесе) тұқым несиесін беру жөніндегі қызметті жүзеге асырушы жеке немесе заңды тұлға;

      30) тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертхана – тұқымдардың сорттық және егу сапасының тұқым шаруашылығы саласындағы ұлттық стандарттар мен өзге де нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкестiгiне зерттеулер жүргiзу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және белгіленген тәртіппен аккредиттелген заңды тұлға;

      31) тұқым сараптамасы – тұқымдардың сұрыптық және егістік сапаларының тұқым шаруашылығы саласындағы техникалық регламенттердiң және стандарттау жөнiндегi құжаттардың талаптарына сәйкестiгiн анықтау жөнiндегi iс-шаралар кешенi;

      32) тұқым сарапшысы – ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың тиісті жергiлiктi атқарушы органына тұқымдардың сорттық және егістік сапасына сараптама жүргізу жөніндегі қызметтің басталғандығы туралы хабарлаған, тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана маманы;

      33) тұқым шаруашылығы - тұқымдарды өндiру, дайындау, өңдеу, сақтау, тасымалдау, сату және пайдалану жөнiндегi iс-шаралар кешенiн қамтитын қызмет, сондай-ақ мемлекеттiк бақылау, оның iшiнде сорттық және тұқымдық бақылау;

      34) тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектор – жергілікті атқарушы органның тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамы;

      35) тұқым шаруашылығының схемасы - көшеттiктер мен тұқымдық егiстiктердiң өзара байланысты топтары, оларда белгiлi бiр реттiлiкпен, сұрыптау және өсiрiп-өндiру жолымен сортты молықтыру процесi жүзеге асырылады;

      36) тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – тұқым шаруашылығы саласындағы басшылықты және салааралық үйлестiруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      37) элиталық тұқымдар - ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң бiрегей немесе суперэлиталық тұқымнан алынған және Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасының талаптарына сай келетiн тұқымдары;

      38) элиталық тұқым өсiру шаруашылығы - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы аттестаттаған, элиталық тұқымдарды өндiру мен сатуды жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъект.

      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.12.29 № 209, өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.12.11 № 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-бап. Тұқым шаруашылығы саласындағы объектiлер мен субъектiлер

      1. Тұқым шаруашылығы саласындағы объектiлерге:

      сорт (өскiн, топ, будан, жеке түр, аралас сорттар);

      тұқымдар;

      тұқымдық және тұқым өcipy егiстерi мен екпелерi жатады.

      2. Тұқым шаруашылығы саласындағы субъектiлерге:

      сорттың авторы;

      сорттың оригинаторы;

      тұқым өндiрушiлер;

      тұқымдарды сату құқығынсыз үй жанындағы, бау-бақ, саяжай және бақша учаскелерiнде пайдалану үшiн тұқым өндiрумен шұғылданатан жеке адамдарды қоспағанда, тұқымдарды тұтынушылар;

      тұқымдардың сорттық және егу сапасын анықтау бойынша қызмет көрсететiн жеке және (немесе) заңды тұлғалар;

      тұқым өткізушілер;

      Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорт сынағын өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия жатады.

      Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.12.11 № 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3-бап. Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңдары

      1. Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

2-тарау. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік реттеу мен
басқару

4-бап. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк реттеу

      Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк реттеу:

      1) мыналарды:

      тұқым шаруашылығы субъектілерін алғашқы аттестаттауды;

      аттестаттау туралы куәліктің қолданылу мерзімі өткеннен кейін тұқым шаруашылығы субъектілерін:

      бірегей тұқым өндірушілерді - бес жылда бір рет;

      элиталы тұқым өсіру шаруашылықтарын - үш жылда бір рет;

      тұқым өсіру шаруашылықтарын - үш жылда бір рет;

      тұқым өткізушілерді - екі жылда бір рет;

      тұқым шаруашылығы субъектілерін біліктілік талаптарына сәйкестігі нысанасына аттестаттаудан кейін жыл сайын зерттеп-тексеруді қамтитын тұқым шаруашылығы субъектілерін аттестаттау;

      1-1) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сұрыптық егiстерiн байқаудан өткiзу және тұқымдардың сорттық және егістік сапасына сараптама жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын байқаудан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын есепке алу;

      2) Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің перспективалы сорттарының тізбесін жүргiзу;

      3) тұқымның сорттық және егу сапасына мiндеттi сараптама жасау;

      4) тұқым шаруашылығы саласында мемлекеттiк бақылау жүргiзу;

      5) рұқсаттық бақылау;

      6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тұқым шаруашылығы және селекция саласында ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң тектiк қорын сақтау, дамыту және пайдалану жөнiндегi iргелi және қолданбалы сипаттағы ғылыми зерттеулер жүргiзу;

      7) Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын бiрегей және асыл тұқымдар сұрыптары өндірісін, өткізуді және сатып алуды субсидиялау;

      8) ауыл шаруашылық өсiмдiктерiн сорттық сынақтан өткiзудi, тұқымдардың, соның iшiнде отандық ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң егуiне арналған тұқымдардың сорттық және егiстiк сапасының сараптамасын мемлекеттiк қамтамасыз ету;

      9) алып тасталды - ҚР 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      10) тұқым шаруашылығы саласындағы инвестициялық, кредиттiк саясатты қалыптастыру;

      11) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру кезiнде тұқым шаруашылығы субъектiлерiнiң мүдделерiн құқықтық жағынан қорғау;

      12) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      13) алып тасталды

      14) техникалық реттеу - саласындағы қауiпсiздiктi (бұдан әрi - қауiпсiздiк) қамтамасыз ету;

      15) тұқым шаруашылығы саласында қауiпсiздiкке қатысты тұтынушыларды жаңылыстыруға әкелетiн әрекеттердiң алдын алу арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.12.29 № 209, 2009.12.11 № 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

5-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тұқым шаруашылығы саласындағы құзыретi

      Қазақстан Республикасының Үкiметi:

      1) тұқым шаруашылығы саласында мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;

      2) уәкілетті органды белгiлейдi;

      3) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      4) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      5) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      6) тұқым шаруашылығы саласындағы, соның iшiнде тұқымдарды экспорттау және импорттау мәселелерi жөнiндегi халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастырады және үкiметаралық келiсiмдер жасайды;

      7) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      7-1) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      8) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      9) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      10) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      11) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      12) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      13) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      14) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

      Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.12.29 № 209, 2009.12.11 № 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

6-бап. Уәкілетті органның құзыретi

      1. Уәкілеттік орган:

      1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      1-1) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      1-2) тұқым шаруашылығы саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;

      2) селекция, сортты сынақтан өткiзу және тұқым шаруашылығы жөнiндегi ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзiрлейдi және iске асырады;

      3) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4) алып тасталды - ҚР 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      5) Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын ауыл шаруашылық өсiмдiктерi сорттарының тұқымдарын өндiру және сату көлемiне болжам жасайды;

      6) бiрегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткізушілерді аттестаттау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      7) алынып тасталды - 2006.01.10 № 116 Заңымен.

      7-1) патент қабілеттілігі мен шаруашылықта пайдалылығы мемлекеттік сынақтың немесе өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      7-2) мыналарды:

      Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібін;

      ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорт сынағы мәселелері жөніндегі республикалық комиссия туралы ережені;

      ауыл шаруашылығы өсімдіктеріне сорт сынағын жүргізудің әдістемесін;

      тұқым шаруашылығының аттестатталған субъектілері үшін субсидиялауға жататын бірегей тұқымдарды өндіруге және элиталық тұқымдарды өткізуге жыл сайын квота белгілеудің тәртібін;

      сортты егiстердi байқаудан өткiзу тәртібін бекітеді;

      8) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      8-1) сұрыптық және тұқымдық бақылауды, жерге егiп бағалауды, зертханалық сұрыптық сынақтардан өткiзудi, тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      8-2) тұқым шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың бағыттарын, тұқымдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялануға жататын ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тізбесін және оларға бөлінетін субсидиялардың нормативтерін айқындайды;

      8-3) тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      8-4) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiн сұрыптық сынақтан өткiзу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      8-5) алып тасталды - ҚР 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      8-6) тұқымдардың, оның iшiнде отандық ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң егуiне арналған тұқымдардың сұрыптық және егiстiк сапасына сараптама жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      9) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      10) алып тасталды

      11) сортты сынақтан өткiзу мен тұқым шаруашылығы мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi және тұқымға арналған құжаттаманың нысандарын әзiрлейдi және бекiтедi;

      11-1) алып тасталды - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі;

      12) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарайды, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      13) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      13-1) табиғи-климаттық жағдайлар бойынша қолайсыз жылдарда облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының өтiнiштерi негiзiнде тұқым шаруашылығы саласындағы ұлттық стандарттарда және стандарттау жөніндегі өзге де құжаттарда белгiленген тұқым сапасының көрсеткiштерiн бiр жылдан аспайтын мерзімге төмендетуді келіседі;

      14) бастапқы, элиталық және өнеркәсiптiк (жаппай) тұқым шаруашылығын жүргiзудiң схемалары мен әдiстерiн әзiрлейдi және бекiтедi;

      15) отандық және шетелдiк селекция сорттарына мемлекеттiк сынақ ұйымдастырады;

      16) уәкілеттік орган бекіткен сорттар оригинаторларын тіркеу ережелеріне сәйкес сорттар оригинаторларын тіркейді;

      17) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      18) республиканың тұқым ресурстарының мониторингiн жүзеге асырады;

      19) өз құзыретi шегiнде селекция және тұқым шаруашылығы жөнiнде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      20) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      21) Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн және ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң перспективалы сорттарының тiзбесiн бекiтедi;

      22) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      23) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      24) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      25) алып тасталды

      26) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқым шаруашылығы саласындағы қажетті ақпаратты жергілікті атқарушы органдардан сұратады;

      27) республика бойынша тұқымдар балансын жасайды;

      28) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      29) патент беруге арналған қорытындысымен қоса сорт сипаттамасының, сорттың патент қабілеттілігі туралы қорытындының нысандарын белгілейді;

      30) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      31) Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасының талаптарын бұзуды жою туралы нұсқаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының нысандарын бекітеді;

      31-1) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      32) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      2. Уәкілеттік орган өз қызметiн аумақтық органдар арқылы жүзеге асырады.

      Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.10 № 116 (01.01.2006 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.12.29 № 209, 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.11 № 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

6-1-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары:

      1) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      2) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      3) уәкілетті органның қарауына элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарының элиталық тұқымдарды өндіру мен өткізу көлемі жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      4) тұқым шаруашылығы субъектілеріне уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тиісті куәлік бере отырып, оларды аттестаттауды жүргізеді;

      5) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізеді;

      6) облыс, республикалық маңызы бар қала және астана бойынша тұқымдар баланстарын жасайды;

      7) ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығы саласындағы қажетті ақпарат беруді қамтамасыз етеді;

      8) құзыреті шегінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің сақтық және ауыспалы тұқым қорларын қалыптастыруына жәрдемдеседі;

      9) бастапқы, элиталық тұқым шаруашылығын жүргізу және ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын жаппай көбейту схемалары мен әдістері бойынша ұсыныстар енгізеді;

      10) сұрыптық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру, сұрыптық егiстіктердi байқаудан өткiзуді, жерге егiп бағалауды, зертханалық сұрыптық сынақтарды, тұқым сапасына сараптама жүргізу тәртібінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

      10-1) алып тасталды - ҚР 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      10-2) тиісті аумақта тұқым ресурстарының мониторингін жүзеге асырады;

      11) осы Заңның 6-1-бабының 12) тармақшасына сәйкес айқындалатын квоталар шегінде субсидиялауға жататын тұқымдарды өткізудің шекті бағасын белгілейді;

      12) субсидиялауға жататын тұқымдардың әрбір түрі бойынша жыл сайынғы квоталарды:

      тұқым шаруашылығы саласында аттестатталған әрбір субъект үшін – бірегей тұқымдар бойынша;

      әрбір әкімшілік-аумақтық бірлік үшін элиталық тұқымдар бойынша айқындайды;

      13) субсидияланған бiрегей және элиталық тұқымдардың мақсатты пайдаланылуын бақылайды;

      14) байқаудан өткiзушiлер мен тұқым сарапшылары кадрларын даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;

      15) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi тұқымдарының сұрыптық және егістік сапасына сараптама жүргiзу жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

      16) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      17) тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспектордың ұсынысы негізінде:

      субъектiнiң тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыруға құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәлігінің қолданысын;

      тұқымдардың сұрыптық және егістік сапаларына сараптама жүргiзу жөніндегі қызметті тоқтата тұрады;

      18) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 6-1-баппен толықтырылды - ҚР 2006.01.10 № 116 (01.01.2006 қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; жаңа редакцияда - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

7-бап. <*>

      Ескерту. 7-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. № 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

8-бап. Тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттiк инспекторлар және олардың өкiлеттiктерi

      Ескерту. 8-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімдері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердің тиiстi лауазымдарына "Тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспектор" деген қосымша арнаулы атау беруге құқылы.

      2. Тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттiк инспекторлардың:

      1) тұқым шаруашылығы субъектілерінің уәкілеттік орган бекіткен бастапқы, элиталық және өнеркәсіптік (жаппай) тұқым шаруашылығын жүргізудің схемалары мен әдістерін, тұқым шаруашылығы саласындағы әдістемелік және технологиялық талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды, оның ішінде сорттық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыруға;

      2) Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік бақылау мақсатында тұқым шаруашылығының субъектілеріне баруға және олардан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тұқым шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыру мәселелері бойынша ақпарат алуға;

      3) аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектiлерi көрсететiн қызметтердiң сапасын тексеруге;

      4) аттестатталған тұқым өндiрушiлердiң қызметiне олардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi нысанында инспекция жүргiзудi жүзеге асыруға;

      5) тұқым шаруашылығы саласында қызметтi жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасының бұзылғаны туралы нұсқама беруге және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға;

      6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына:

      тұқымдардың сұрыптық және егістік сапаларына сараптама жүргiзу жөніндегі қызметті тоқтата тұру туралы ұсыныстар енгiзуге;

      7) тұқым сапасына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру үшiн тұқым топтарынан сынамалар iрiктеп алуға;

      8) субсидия бөлiнген тұқымның нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыруға құқығы бар.

      9) алып тасталды

      Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20. № 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.10. № 116 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.17. № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.11 № 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

9-бап. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк бақылау

      1. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк бақылауды тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар жүзеге асырады және ол Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасының, тұқым шаруашылығы саласындағы ұлттық стандарттар мен өзге де нормативтiк құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.

      2. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк бақылау:

      1) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      2) сорттық және тұқымдық бақылауды;

      3) аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектiлерiнiң қызметiн олардың Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен рұқсат беру талаптарына сәйкестігі тұрғысынан бақылауды;

      4) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      5) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сорттарын мемлекеттiк сынауды бақылау.

      3. Сорттық және тұқымдық бақылау:

      1) тұқымдарды өндіру, дайындау, өңдеу, сақтау, өткізу, тасымалдау және пайдалану жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асырылуын мынадай:

      тұқым себу;

      ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң вегетациясы;

      жинау;

      тұқым құю;

      тұқым сақтау;

      өткiзу (тұқымдардың өткiзуге дайындалған және өткiзiлген партияларын, оның iшiнде экспорт және импорт кезiнде, олардың сапасының растаушы құжаттарға сәйкестiгiне тексеру) кезеңдерiнде тұқым шаруашылығы ережелерi мен нормаларын сақтау нысанында бақылауды қамтиды.

      Белгiленген тәртiппен аттестатталған тұқым өндiрушiлердiң тұқым өндiруiн бақылау, ол мынадай кезеңдердi қамтиды:

      тұқым себуге дайындалған егiстiктердi тексеру - тұқым себудiң алдында жылына бiр рет;

      вегетация кезеңiнде сорттық егiстердi тексеру - жылына үш рет;

      сорттық және гибридтiк егiстердi байқау және егiстiк зерттеудi бақылау - байқау кезеңiнде бiр рет;

      тұқымдарды жинау (жинап алу), тасымалдау, өңдеу (тазарту) және сақтауды, тұқым қоймаларының дайындығын бақылау - бақылаудың әрбiр түрi бойынша жылына екi рет.

      2) тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханалардың тұқымдардың сорттық және егу сапасына сараптама жүргiзуiн, олардың тұқым шаруашылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер мен стандарттау жөніндегі құжаттарды сақтауын:

      тұқым сапасын сараптау кезеңiнде жылына екi рет, сондай-ақ бақылау тәртiбiмен тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде;

      тұқым өндiрушiлерге шағым жасалған, сондай-ақ тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханалар берген тұқымдардың сорттық және егу сапасына зерттеулердің нәтижелерiмен келiспеген жағдайлардағы бақылауды;

      3) байқаудан өткізу кезеңінде байқаудан өткізушілердің жұмысын, сондай-ақ тұқым өндірушілердің осы Заңның 14-бабы 2-тармағының нормаларын сақтау нысанасына оларды тексеруді;

      4) тұқым шаруашылығы субъектiлерiнiң тұқым шаруашылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi, стандарттау жөніндегі құжаттарды және өзге де нормативтік құжаттарды сақтауын бақылауды қамтиды.

      4. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

      5. Алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.01.31. № 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17. № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.11 № 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

10-бап. Тұқым шаруашылығы субъектiлерiн аттестаттау

      1. Мыналар:

      1) алып тасталды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

      2) бiрегей және элиталық тұқымдарды өндiрушiлер;

      3) сатуға арналған бiрiншi, екiншi, үшiншi көбейтiлген тұқымдарды өндiрушiлер;

      5) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      6) тұқым өткізушілер аттестатталуға жатады.

      2. Аттестаттау мерзiмi бiткеннен кейiн тұқым шаруашылығының субъектiлерi қайта аттестаттаудан өтуге мiндеттi.

      Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.01.10 № 116 (01.01.2006 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.12.11 № 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3-тарау. Тұқым шаруашылығын ұйымдастыру

11-бап. Тұқым шаруашылығы жүйесi

      1. Ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң тұқым шаруашылығы жүйесi - сорт алмастыру және сорт жаңарту мақсаты үшiн сорттардың шығарылуын, мемлекеттiк сорттық сынағын, жаппай көбейтiлуiн, тұқымдардың өндiрiлуiн, дайындалуын, өңделуiн, сақталуын, тасымалдануын, сатылуы мен пайдаланылуын, сорттық егiстердi байқаудан өткiзудi, тұқым сапасына сараптама жасауды, мемлекеттiк сорттық және тұқымдық бақылауды қамтамасыз ететiн, функционалдық жағынан өзара байланысты мемлекеттiк органдардың, ғылыми ұйымдардың, тұқым шаруашылығы субъектiлерiнiң жиынтығы.

      2. Ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң тұқым шаруашылығы жүйесiне:

      1) уәкілеттік орган мен оның аумақтық органдары;

      1-1) облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары;

      2) тұқым өндiру, дайындау, өңдеу, сақтау, сату және тасымалдау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын аттестатталған жеке және заңды тұлғалар;

      3) тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханалар кіреді.

      Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.01.10. № 116 (01.01.2006 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

12-бап. <*>

      Ескерту. 12-бап алып тасталды – ҚР 2004.12.20. № 13 Заңымен (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi).

4-тарау. Тұқымдарды өндіру, дайындау, өңдеу, сақтау, тасымалдау, сату және пайдалану

13-бап. Тұқымдарды өндiру мен пайдалануға қойылатын талаптар

      1. Ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң тұқымдары:

      1) карантиндiк объектiлерден ауру жұққызған болса;

      2) осы Заңда белгiленген тәртiппен егу сапасына сараптамадан өтпесе;

      3) гендік инженерия (генетикалық жағынан түрлендірілу) негізінде алынса, оларды өткізуге және егу (отырғызу) үшiн пайдалануға тыйым салынады.

      2. Сұрыптық және егу сапалары бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтiн тұқымдарды өткізуге, сондай-ақ егу (отырғызу) үшiн пайдалануға тыйым салынады.

      2-1. Техникалық регламенттердiң талаптарына сәйкес келмейтiн тұқымдарды егу (отырғызу) үшiн өткiзуге және пайдалануға жол берiлмейдi.

      2-2. Осы Заңның 6-бабы 1-тармағының 13-1) тармақшасына сәйкес уәкілетті органмен келісу бойынша тұқым шаруашылығы саласындағы ұлттық стандарттарда және стандарттау жөніндегі өзге де құжаттарда белгіленген көрсеткіштерге қарағанда сапа көрсеткіштері төмендетілген ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарын өткізуге және егу (отырғызу) үшін пайдалануға жол беріледі.

      3. Алып тасталды - ҚР 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4. Алып тасталды - ҚР 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5. Осы Заңда белгіленген тәртіппен аттестатталмаған жеке және заңды тұлғалар тұқымдарды өткізу құқығынсыз өз қажеттіліктері үшін ғана өндіру мен пайдалануды жүзеге асыра алады.

      Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.29 № 209, 2009.12.11 № 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

14-бап. Тұқым өндiрушiлердiң құқықтары мен мiндеттерi

      1. Тұқым өндiрушiлер тұқым өндiру көлемдерiн өз бетiнше айқындауға құқылы.

      2. Тұқым өндiрушiлер:

      1) уәкілеттік орган бекiткен технологиялық талаптарды, өндiрiс схемаларын, тұқымды сақтау және сату ережелерiн сақтауға, олардың саны мен сапасы жағынан сақталуын қамтамасыз етуге;

      2) алып тасталды - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі;

      3) элиталық тұқымдарды алдағы уақытта сату, соның iшiнде мемлекеттен тыс жерлерге сату мақсатымен оларды өндiру кезiнде бiрегей тұқым сорттарын және будандардың шыққан тегiнiң нысандарын сатып алуға;

      4) тұқымдарды сату кезiнде олардың сорттық және егу сапасын, сондай-ақ сорттың сипаттамасын (суреттемесiн) растайтын құжаттарды табыс етуге;

      5) уәкілеттік орган белгiлеген тәртiппен сорттық егiстерге байқау өткiзуге;

      6) сатуға, егу үшiн пайдалану мен сақтық және ауыспалы қорлар жасауға арналған тұқымдардың егу сапасына сараптама жүргiзуге;

      7) егiстi (отырғызылған екпелердi), аумақтарды, тұқым тазалағыш машиналар мен механизмдердi, қоймаларды карантиндiк объектiлердi анықтау үшiн үнемi тексерiп отыруды қамтамасыз етуге және оларға қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізуге;

      8) өз қаражаты есебiнен ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң сақтық және ауыспалы қорларын құруға;

      9) алып тасталды - 2009.07.17. № 188-IV Заңымен;

      10) уәкілеттік орган белгiленген тәртiп пен мерзiмде сорттың жаңартылуын және сорттың алмастырылуын жүргiзуге;

      11) сатылуға тиiстi тұқымның тұқым құжатында көрсетiлген сорттық және егу сапасына сәйкестiгiне кепiлдiк беруге;

      12) сатылған және өз қажетiне пайдаланылған тұқымдардың мөлшерiне, шыққан тегiне, олардың сорттық және егу сапасына есеп жүргiзуге мiндеттi.

      Ескерту. 14-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

14-1-бап. Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сорттық егiстерiн байқаудан өткiзу және тұқымдардың сорттық және егістік сапасына сараптама жасау жөніндегі қызметке қойылатын талаптар

      1. Жеке тұлғалар ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сорттық егiстерiн байқаудан өткізу жөніндегі қызметті және тұқымдардың сорттық және егістік сапасына сараптаманы жүзеге асыру үшін хабарламамен бірге:

      1) аграрлық бейіндегі немесе өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеу жөніндегі мамандықтар бойынша жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімінің болуын;

      2) арнайы даярлықтан өткендігін (байқаудан өткізушілер үшін – байқаудан өткізушілер курстары);

      3) тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханадағы (тұқым сарапшылары үшін) жұмысы немесе тағылымдамасы (кемінде екі ай) туралы мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.

      2. Байқаудан өткізушілер және (немесе) тұқым сарапшылары мынадай талаптарға сай болуға тиіс:

      1) байқаудан өткізушілер үшін:

      аграрлық бейіндегі мамандықтар бойынша жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімінің;

      арнайы даярлығы (байқаудан өткізушілер курстары) туралы құжаттың болуы;

      2) тұқым сарапшылары үшін:

      тұқым сапасына және екпе материалына сараптама жасау жөнiндегi зертханадағы жұмысы немесе тағылымдамасы (кемінде екі ай) туралы құжаттың болуы.

      Ескерту. 4-тарау 14-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

15-бап. Ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң тұқымдарын өндiруге арналған агроэкологиялық аймақтар

      Ескерту. 15-бап алынып тасталды - ҚР 2009.12.11 № 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

16-бап. Тұқым топтарын сату мен тасымалдау

      1. Тұқым топтарын сату мен тасымалдау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Тұқым топтарын сатқан және тасымалдаған кезде олар ыдысқа салынған (буып-түйiлген) немесе ыдысқа салынбаған (үйiлген) күйде болуы мүмкiн.

      3. Тұқым топтарын ыдысқа салынған (буып-түйiлген) күйiнде сатқан және тасымалдаған кезде олардың ыдыстары мен бумаларында белгiленген нысанда этикетка болуға тиiс.

      4. Бiрегей және элиталық тұқымдарды ыдысқа салынған (буып-түйiлген) күйде ғана сату мен тасымалдауға рұқсат етiледi.

      5. Тұқымдарды ыдысқа салынбаған (үйiлген) күйiнде сатқан және тасымалдаған кезде осы тұқым топтарына тұқымдардың әрбiр тобы сортының атауы, тұқымдардың өсiрiлген жерi мен сапасы туралы деректер көрсетiлген iлеспе құжаттарды ресiмдеу талап етiледi.

      6. Химиялық және биологиялық препараттармен өңделген тұқым топтары ыдысқа салынған (буып-түйiлген) жағдайда болуға тиiс. Осы тұқымдардың ыдыстары мен бумаларында мұндай тұқымдардың ұсталу тәртiбiн анықтайтын және адамның денсаулығы мен қоршаған ортаға жағымсыз әсер ету мүмкiндiгi туралы мәлiметтер қамтылған тиiстi жазбалар болуы керек.

      7. Тұқым топтарын сатқан және тасымалдаған кезде ыдыстар мен бумаларда, этикеткаларда және iлеспе құжаттарда сорттың атауы, тұқымдардың өсiрiлген жері мен сапасы туралы шындыққа сәйкес келмейтiн мәлiметтер көрсетуге, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында тұқым топтары туралы көрiнеу жалған жарнама таратуға тыйым салынады.

17-бап. Тұқымдардың сақтандыру және өтпелi қорлары

      Ескерту. 17-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Алып тасталды - ҚР 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2. Алып тасталды - ҚР 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3. Сақтық тұқым қорлары ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң тұқым қорлары болып табылады және астық шықпай қалған жағдайда тұқым себудi қамтамасыз ету үшiн оларды ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерi дербес қалыптастырады.

      4. Өтпелi тұқым қорлары күздiк ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң қорлары болып табылады және оларды ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерi дербес қалыптастырады.

      Ескерту. 17-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

18-бап. Тұқымдарды дайындау, өңдеу, сақтау және пайдалану

      1. Ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң тұқымдарын дайындауды, өңдеудi, сақтауды және пайдалануды ұйымдастыру тәртiбiн уәкілеттік орган белгiлейдi.

      2. Патент иесiнiң ерекше құқық объектiсi болып табылатын тұқымдарды пайдалануға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен рұқсат етiледi.

19-бап. Тұқым топтарын Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету

      1. Тұқым топтарын Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

      2. Алып тасталды - ҚР 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4. Алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5. Қазақстан Республикасына әкелiнетiн және Қазақстан Республикасынан әкетiлетiн тұқым партияларымен олардың сұрыптық және егістік сапаларын куәландыратын құжаттар бірге жүруге және ол тұқым шаруашылығы саласындағы техникалық регламенттерде және стандарттау жөнiндегi құжаттарда белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.

      6. Алып тасталды - ҚР 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      7. Қазақстан Республикасына әкелiнетiн тұқым топтарына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өсiмдiктер карантинi жөнiндегi бақылау, фитосанитариялық және тұқымдық сараптама жасалуға тиiс.

      Ескерту. 19-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.29 № 209, 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

20-бап. Тұқым сапасына кепiлдiктер

      1. Тұқым өткізушілер тұқымдардың сорттық және егу сапасы олардың сапасын растайтын iлеспе құжаттарда көрсетiлген мәлiметтерге сәйкестiгiне кепiлдiк бередi.

      2. Тұқымдардың сорттық және егу сапасы iлеспе құжаттарда көрсетiлген мәлiметтерге сәйкес келмеген жағдайда тұқым өткізушілер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауапты болады.

      3. Сатып алынған тұқымдарға кепiлдiктер тұқым шаруашылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде, ұлттық стандарттарда және басқа да нормативтiк құжаттарда белгiленген мерзiм iшiнде қолданылады.

      Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.12.11 № 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

5-тарау. Тұқымның сорттық және егу сапаларын
анықтау тәртібі

21-бап. Ауыл шаруашылық өсiмдiктерi тұқымдарының сорттық сапасын анықтау

      1. Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi тұқымдарының сұрыптық сапаларын анықтау нормативтік құқықтық актілерде, стандарттау жөніндегі құжаттарда белгiленген талаптарға сәйкес егiстердi байқаудан өткiзу, жерге егiп бағалау және зертханалық сұрыптық сынақтар арқылы жүргiзiледi және аттестатталған тұқым өндiрушiлер үшiн мiндеттi болып табылады.

      2. Тұқымдары тұқым шаруашылығы субъектiлерiнiң сатуына нeмece өздерiнiң тұқымдық егiстерiне пайдалануына арналған ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң сорттық егiстерiне мiндеттi түрде байқау өткiзiлуге тиiс.

      3. Ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген сорттарының бiрегей және элиталық тұқымдары жерге егiп бағалануға тиiс.

      4. Ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген сорттарының кейiннен сатылуға арналған элиталық тұқымдары мен бiрiншi көбейтiлген тұқымдары зертханалық сорттық сынақтан өткiзiлуге тиiс.

      Ескерту. 21-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.12.11 № 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

22-бап. Тұқымдардың егу сапасын анықтау

      1. Өткізуге және егу үшін пайдаланылуға жататын тұқымдардың егу сапасын айқындау "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен аккредиттелген тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларда тұқымдардың сынамаларын іріктеп алу және оларға кейіннен талдау жасау арқылы жүргізіледі.

      2. Өткізілуге тиiс тұқым топтарынан сынамалар iрiктеп алуды тұқым өндiрушi өкiлiнiң қатысуымен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары жүргiзедi.

      3. Тек қана егуге арналған тұқымдар топтарынан сынамаларды iрiктеп алуды тұқым өндiрушілердiң өтiнiмi бойынша тұқым сарапшылары және (немесе) тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханаларда тиiстi даярлықтан өткен тұқым өндiрушiлер (олардың өкiлдерi) жүргiзедi.

      Ескерту. 22-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

23-бап. Тұқымдарға құжаттама жасау

      1. Тұқымдардың сорттық және егу сапасын куәландыратын тиiстi құжаттарсыз оларды iшкi рынокта, экспорт және импорт кезiнде сатуға, сондай-ақ тұқымдарды егу үшiн пайдалануға жол берiлмейдi.

      2. Сату және тасымалдау кезiнде бiрегей, суперэлиталық және элиталық тұқымдарға - тұқым аттестаты, бiрiншi және одан кейiнгi көбейтiлген тұқымдарға тұқым куәлiгi қоса берiледi.

      3. Тұқым шаруашылығы субъектiлерi егу үшiн өзi өсiрген тұқымды пайдаланған жағдайда байқаудан өткiзу актiсi мен тұқымдардың кондициялылығы туралы куәлiк не байқаудан өткiзу aктici мен тұқымдарға талдау жасау нәтижесi олардың сорттық және егу сапасын растайтын құжаттар болып табылады.

      4. Байқаудан өткiзушiлер мен тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханалар берген, олардың сорттық және егу сапасын растайтын құжаттар (сорттық егiстердi байқаудан өткiзу актiсi, тұқымдардың кондициялығы туралы куәлiк, тұқымдарға талдау жасау нәтижелерi) негiзiнде тұқым өндірушілер тұқым аттестатын немесе тұқым куәлiгін бередi.

      Ескерту. 23-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

23-1-бап. Тұқымдарды кәдеге жарату және жою кезiндегi қауiпсiздiктiң жалпы талаптары

      1. Тұқымдық сараптау нәтижелерi бойынша мақсатына қарай пайдалану үшiн жарамсыз деп танылған тұқымдар техникалық регламенттерде белгiленген тәртiппен қосымша өңделуге, кәдеге жаратылуға және (немесе) жойылуға тиiс.

      Сараптама жүргiзуге және оларды одан әрi пайдалану мүмкiндiгi немесе жою қажеттiгi туралы шешiм қабылдауға қажеттi кезеңде тұқымдар қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн жағдайлар сақтала отырып, жеке үй-жайларда сақталуға тиiс.

      2. Мақсатына қарай пайдалануға жарамсыз тұқымдарды тасымалдауға, сақтауға, сараптауға, пайдалануға немесе жоюға байланысты шығындарды олардың иесi төлейдi.

      Ескерту. 23-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.12.29 № 209 Заңымен.

23-2-бап. Тұқымдардың қауiпсiздiгi мен сапасы туралы ақпаратқа қойылатын талаптар

      Тұқымдардың қауiпсiздiгiне және оның өмiрлiк циклi процестерiне қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын әрекеттердiң алдын алу мақсатында тұқым өндiрушiлер сатып алушыларға және (немесе) тұтынушыларға тұқымдардың қауiпсiздiгi мен сапасының көрсеткiштерi туралы толық және дәйектi ақпарат беруге мiндеттi.

      Ескерту. 23-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.12.29 № 209 Заңымен.

5-1-тарау. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорт сынағы

      Ескерту. Заң 5-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2009.12.11 № 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

23-3-бап. Сұрыптардың патент қабілеттілігін және шаруашылыққа пайдалылығын сараптау және сынау

      Ауыл шаруашылығы өсімдіктері сұрыптарының патент қабілеттілігі және шаруашылыққа пайдалылығы уәкілетті орган бекітетін өсімдіктер тектері мен түрлерінің тізбесіне сәйкес мемлекеттік сынақ және (немесе) өтініш берушінің деректері бойынша бағаланады.

      Ескерту. 23-3-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

23-4-бап. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорт сынағын қаржыландыру көздері

      Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорт сынағы бойынша шығыстарды қаржыландыру:

      1) бюджет қаражаты;

      2) мемлекеттік сорт сынағы саласындағы қызмет көрсетулерге ақы төлеу тәртібімен түсетін қаражат;

      3) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорт сынағы нәтижесінде алынған өнімдерді өткізуден түсетін қаражат;

      3-1) бiрегей, элиталық тұқымдарға және кейiнгi көбейтiлген тұқымдарға зертханалық сұрыптық сынақтар жүргізу жөніндегі қызметтерге ақы төлеу тәртібімен түсетін қаражат;

      3-2) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сұрып сынағы саласында баспа өнімдерін және ақпараттық бюллетеньдерді өткізуден түсетін қаражат;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүргізіледі.

      Ескерту. 23-4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

6-тарау. Тұқым шаруашылығы саласындағы
дауларды шешу және жауапкершілік

24-бап. Тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыру кезiндегi дауларды шешу

      Тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыру кезiнде туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешiледi.

25-бап. Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

      Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

      Ескерту. 25-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.11 № 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

Қазақстан Республикасының
Президентi

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 259284
    Қазақ тілінде 129582
    Орыс тілінде 128892
    Ағылшын тілінде 810
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы