Пошта туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы N 386 Заңы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 9 сәуірдегі № 498-V Заңымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР 09.04.2016 № 498-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      МАЗМҰНЫ

      Ескерту. Тақырыптағы және бүкіл мәтін бойынша «Почта», «почта», «почталық», «почтаның» деген сөздер тиісінше «Пошта», «пошта», «пошталық», «поштаның» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 03.07.2014 N 230-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша «баршаға қолжетiмдi почта байланысы қызметiн», «почта байланысының баршаға қолжетiмдi қызмет көрсетуi», «Почта байланысының баршаға қолжетiмдi қызметiн», «Почта байланысының баршаға қол жетiмдi қызмет көрсетуiнiң» және «Почта байланысының баршаға қолжетiмдi қызмет көрсетуi» деген сөздер тиісінше «пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерін», «пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері», «Пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерін», «Пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің» және «Пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 03.07.2014 N 230-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      Осы Заң пошта қызметi саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, пошта қызметi субъектілерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн, пошта байланысы саласындағы мемлекеттiк органдардың құзыретiн белгілейдi.

     1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) абонементтік жәшiк – пошта жөнелтілімдерiнiң жекелеген түрлерiн алуға арналған, пошта операторының өндiрiстiк объектiлерiнде орнатылатын, адресаттар уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен пайдаланатын құлыпталатын арнайы жәшiк;
      2) абоненттiк пошта жәшiгi – адресаттар пошта жөнелтілімдерiн алуы үшiн тұрғын үйлерде, сондай-ақ ауылдық жерлердегi жеткiзу учаскесінде орнатылатын, жәшiктерi бар құлыпталатын арнайы шкаф;
      3) адресат – өзіне пошта жөнелтілімi немесе пошталық ақша аударымы бағытталған, пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушы;
      4) атаулы зат – құжаттар мен пошта жөнелтілімдерiне пошта операторының, оның өндiрiстiк объектiсiнiң атауы, сондай-ақ пошта операторы айқындаған өзге де ақпарат көрсетілген бедерлерді салуға арналған құрылғы;
      5) Дүниежүзілік пошта одағы – халықаралық пошта жөнелтілімдерімен өзара алмасу үшін аумақтары біртұтас пошта аумағын құрайтын мүше мемлекеттерден тұратын, мақсаты пошта байланыстарын ұйымдастыру мен жетілдіруді қамтамасыз ету және осы салада халықаралық ынтымақтастықты дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылатын халықаралық ұйым;
      6) Дүниежүзілік пошта одағының актілері – Дүниежүзілік пошта одағының Конгресінде Дүниежүзілік пошта одағының Жарғысына сәйкес қабылданатын құжаттар;
      7) жазбаша хат-хабар – хаттар, пошта карточкалары, бандерольдер және ұсақ пакеттер;
      8) жауап қайтарылатын халықаралық коммерциялық хат-хабар – Дүниежүзілік пошта одағының актілеріне сәйкес ресімделген, жөнелтуші алдын ала ақы төлеген қайтарылатын пошта жөнелтілімін қамтитын пошта жөнелтілімі;
      9) жедел поштаның көрсетілетiн қызметтері – пошта байланысының пошта жөнелтілімдерiн жедел өңдеу, тасымалдау, жеткiзу және (немесе) табыс ету режимiндегi көрсетілетін қызметтері;
      10) жөнелтушi – пошта жөнелтілімiн немесе пошталық ақша аударымын жiберу үшiн оларды пошта операторына тапсыратын, пошта операторының көрсетілетiн қызметтерін пайдаланушы;
      11) курьерлiк поштаның көрсетілетін қызметтері – пошта байланысының курьердi пайдалана отырып, пошта жөнелтілімдерiн тасымалдау және табыс ету бойынша көрсетілетiн қызметтері;
      12) қаржы қызметi және қаржылық көрсетілетiн қызметтер – Ұлттық пошта операторы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қаржы нарығында жүзеге асыратын және ұсынатын қызмет пен көрсетілетiн қызметтер;
      13) мерзiмдi баспасөз басылымдарын жазылу бойынша тарату – мерзiмдi баспасөз басылымдарын пайдаланушыға жеткiзуге және (немесе) табыс етуге бағытталған, оларға жазылуды қабылдау, тапсырыстарды жинау, жасақтау, өңдеу жөнiнде пошта операторы, бұқаралық ақпарат құралдарының меншiк иесi немесе оның уәкілеттi тұлғасы мен пайдаланушы арасындағы өзара iс-қимыл;
      14) операциялық күн – пошта операторының пошталық көрсетілетiн қызметтерді ұсынатын жұмыс уақыты;
      15) операциялық терезе – пошта операторының өндiрiстiк объектiсiндегi пайдаланушыға пошталық көрсетілетiн қызметтердің бiр және одан көп түрi ұсынылатын жұмыс орны;
      16) өндiрiстiк объект – пошта операторының көрсетілетін қызметтерін ұсынуға арналған және сол үшiн жабдықталған, пошта желiсінің өндiрiстiк бiрлiгi;
      17) пошта – Қазақстан Республикасының аумағында пошталық, қаржылық және өзге де көрсетілетін қызметтер кешенiн ұсынуды және қаржы қызметiн жүзеге асыруды қамтамасыз ететiн инфрақұрылым бөлiгi;
      18) пошта байланысы саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – өз құзыретi шегiнде пошта байланысы саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды, пошта операторларының қызметiн мемлекеттiк бақылауды, үйлестiру мен реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      19) пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері – көрсетілуі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің уәкілетті орган белгілеген сапа көрсеткіштеріне сәйкес жүзеге асырылатын, ортақ пайдаланылатын пошта байланысының көрсетілетін қызметтері;
      20) пошта байланысының көрсетілетiн қызметтері – пошта жөнелтілімдерiн және пошталық ақша аударымдарын жiберу жөнiндегi қызмет;
      21) пошта байланысының құралдары – пошта байланысының көрсетілетiн қызметтерін ұсыну үшiн пайдаланылатын техникалық құралдар мен технологиялар;
      22) пошта жәшiгi – жай хаттар мен жай пошта карточкаларын жинауға арналған, белгiленген түстегi, нысандағы және көлемдегi жәшiк;
      23) пошта желiсi – пошта операторының көрсетілетiн қызметтерін ұсыну кезiнде пайдаланылатын өндiрiстiк объектiлер мен пошта маршруттарының жиынтығы;
      24) пошта-жинақ жүйесi – базасында Ұлттық пошта операторы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы қызметiн жүзеге асыратын және пошталық, қаржылық және өзге де көрсетілетін қызметтерді ұсынатын пошта жүйесi;
      25) пошта жөнелтілімдерi – жазбаша хат-хабар, сауқаттар, пошта контейнерлерi, сондай-ақ тиiсті орамадағы баспасөз басылымдары;
      26) пошта жөнелтілімiн жеткiзу – пошта жөнелтілімiн межелі жердегi өндiрiстік объектiлерден абонементтiк жәшiкке немесе абоненттiк пошта жәшiгіне немесе жөнелтушi көрсеткен өзге де мекенжай бойынша апару;
      27) пошта жөнелтілімiн жiберу – пошта жөнелтілімiн қабылдау, өңдеу, тасымалдау және (немесе) беру, жеткiзу және (немесе) табыс ету операцияларының жиынтығы;
      28) пошта жөнелтілімiн қабылдау – жөнелтушiден қабылдаған, оның iшiнде пошта жәшiктерiнен алу арқылы қабылданған пошта жөнелтілімiн одан әрi жiберу үшiн пошта операторының ресiмдеуi;
      29) пошта жөнелтілімiн өңдеу – пошта жөнелтілімдерiн жiберуге дайындауды қамтамасыз етiп, олармен жасалатын өндiрiстiк операциялар;
      30) пошта жөнелтілімiн табыс ету – пошта жөнелтілімiн адресаттың жеке өзiне немесе оның заңды өкiлiне немесе сенiмхат негiзiнде әрекет ететін сенiм білдірiлген адамына беру;
      31) пошта жөнелтілімiн тасымалдау – пошта жөнелтілімiн адресатқа жеткiзу және (немесе) табыс ету үшiн жөнелту пунктiнен межелі жердегi пошта операторының өндiрiстiк объектiлерiне дейiн апару;
      32) пошта жүйесi – пошта байланысын қамтамасыз ететiн пошта желiлерi мен пошта операторларының жиынтығы;
      33) пошта индексi – пошта жөнелтілімiн немесе пошталық ақша аударымын жiберудi жылдамдату мақсатында пошта операторларының өндiрiстiк объектiлерiне берiлетiн, оларды әкiмшілік-аумақтық сәйкестендiруге және жүйелендіруге мүмкiндiк беретiн, мекенжайдың шартты цифрлық белгiлемесі;
      34) пошта карточкасы – арнаулы стандартты бланкiге жазбаша хабарлама жазылған жай немесе тiркелетiн пошта жөнелтілімi;
      35) пошта жұмысы – пошта желiлерi арқылы пошталық көрсетілетін қызметтерді ұсыну;
      36) пошта жұмысы субъектiлерi – пошта операторлары және пайдаланушылар;
      37) пошталық ақша аударымы – уәкiлеттi орган бекiткен, белгiленген үлгiдегi бланк нысанын толтырып, пошта желiсiн және өзге де байланысты пайдалану арқылы ақша жiберу жөнiндегi көрсетілетін қызмет;
      38) пошталық қызмет – пошта операторлары ұсынатын, пошта байланысының көрсетілетін қызметтері;
      39) пошталық мекенжай (бұдан әрi – мекенжай) – пошта жөнелтілімдерiн және пошталық ақша аударымдарын жеткiзу және (немесе) табыс ету үшiн пошта операторының көрсетілетін қызметтерiн пайдаланушы айқындайтын жер;
      40) пошта операторы – пошта жұмысы саласында көрсетілетін қызметтерді ұсынуға құқығы бар жеке немесе заңды тұлға;
      41) пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушы (бұдан әрi – пайдаланушы) – пошта операторы ұсынатын, оның iшiнде өзi пошта операторымен жасасатын шарттардың негiзiнде ұсынатын көрсетілетін қызметтердi тұтынушы болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;
      42) пошта төлемiнiң мемлекеттiк белгілерi – айналымға уәкілеттi орган енгiзетiн, пошта операторының көрсетілетін қызметтеріне ақы төленгенiн растайтын пошта маркалары, блоктар, маркалы конверттер, пошта карточкалары, франкирлеу машиналарының бедерлері және өзге де белгiлер;
      43) пошта штемпелi – құжаттар мен пошта жөнелтілімдерiне: жөнелтілу орнында пошта жөнелтілімiн қабылдауды жүзеге асырған өндiрiстiк объектiнiң атауын, пошта жөнелтілімiнiң қабылданған күнi мен уақытын; межелі жерде пошта жөнелтілімiн алуды жүзеге асырған өндiрiстiк объектiнiң атауын, алынған күнi мен уақытын, сондай-ақ пошта жөнелтілімiн адресатқа жеткiзген және (немесе) табыс еткен өндiрiстiк объектiнiң атауын, жеткiзiлген және (немесе) табыс етілген күнi мен уақыты көрсетілген бедерлерді салуға арналған құрылғы;
      44) тағайындалған оператор – пошталық қызметтерді пайдалануды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында Дүниежүзілік пошта одағының актілерінен туындайтын, өздеріне қатысты міндеттемелерді орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен уәкілетті орган тағайындайтын пошта операторы;
      45) тариф – пошта операторының көрсетілетiн қызметтеріне ақы төлеудiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленген мөлшерi;
      46) тiркелетiн пошта жөнелтілімi – жөнелтушiге түбiртек беріліп қабылданатын және адресатқа қолхат арқылы табыс етiлетiн пошта жөнелтілімi;
      47) ұлттық пошта желiсi – Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында жұмыс iстейтiн, сол арқылы жария шарт негiзiнде көрсетілетін қызметтер ұсынылатын ортақ пайдаланылатын пошта желiсi;
      48) Ұлттық пошта операторы – Үкiмет шешiмiмен құрылған, ұлттық басқарушы холдинг жалғыз акционерi болып табылатын, пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерiн, арнайы байланыстың көрсетілетін қызметтерi мен қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсыну және қаржылық қызметтi жүзеге асыру жөнiнде мiндеттемелер жүктелген акционерлiк қоғам;
      49) факсимильді байланыстың көрсетілетін қызметтерi – қағаз жеткізгіште орындалған мәтiндер мен иллюстрацияларды арнаулы аппараттың көмегiмен телефон арналары арқылы берудi бiлдiретiн байланыстың көрсетiлетін қызметтері;
      50) франкирлеу машинасы – жазбаша хат-хабарға пошта байланысының көрсетілетін қызметтерiне ақы төленгенiн, жазбаша хат-хабардың және басқа да ақпараттың қабылданған күнін растайтын бедерлер салуға арналған машина;
      51) халықаралық қайтарым купоны – Дүниежүзілiк пошта одағы айналымға енгiзетiн, Дүниежүзілік пошта одағына мүше кез келген елде пошта маркаларына айырбастауға жататын, әуе көлiгiмен жіберiлетiн, салмағы 20 грамға дейiнгi жай халықаралық хаттың ең төмен ақысын білдiретiн құжат;
      52) халықаралық пошта алмасу орны — халықаралық кіріс және шығыс пошта жөнелтілімдерін өңдеу жүзеге асырылатын, сондай-ақ мемлекеттік кіріс органдары көрсетілген жөнелтілімдерге кедендік бақылау жүргізетін, пошта операторының өндірістік объектісі;
      53) халықаралық пошта жөнелтілімi – Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерге жiберу үшiн қабылданатын, Қазақстан Республикасының аумағына келiп түсетiн не Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетiн және Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген құжаттармен бірге жүретін пошта жөнелтiлімi;
      54) халық салымдарының сақталуын қамтамасыз ету – пайдаланушы мен Ұлттық пошта операторы арасында жасалатын шарттың талаптарымен белгiленген сыйақы ескеріле отырып, салымды номиналды түрдегі қайтару кепiлдiгi;
      55) хат – жазбаша салынымы бар конверт түрiнде жiберiлетiн пошта жөнелтiлімі;
      56) электрондық поштаның көрсетілетін қызметтерi – қағаз жеткізгіштерді қолданбай, пайдаланушыларға хабарлар немесе құжаттар алмасуға мүмкiндiк беретiн, байланыстың көрсетілетін қызметтері.
      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2014 N 230-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      2-бап. Қазақстан Республикасының пошта туралы заңдары

      1. Қазақстан Республикасының пошта туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

      3-бап. Пошта қызметiнiң негiзгi принциптерi

      Пошта қызметi:
      1) заңдылықтың сақталуы;
      2) пошта байланысының қызмет көрсетулерiне қолжетiмдi болуы;
      3) пайдаланушылардың құқықтары мен мүдделерiнiң сақталуы;
      4) пошта жөнелтiмдерi қозғалысының Қазақстан Республикасының бүкіл аумағындағы еркiндiгi, оның iшiнде транзит еркіндiгi;
      5) жеке және заңды тұлғалардың пошта байланысы мен осы қызметтiң нәтижелерiн пайдалану саласындағы құқықтарының теңдiгi;
      6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектеулердi ескере отырып, пайдаланушылардың жазысқан хаттарының, пошта және өзге де хабарларының құпия болу құқығын қамтамасыз ету;
      7) пошта желiсiнiң сенiмдiлiгi мен тұрақтылығын және оның басқарылуын қамтамасыз ету;
      8) пошта байланысы саласындағы ережелер мен талаптардың бiрлiгi;
      9) ұлттық пошта желiсiнiң және пошта-жинақтау жүйесiнiң дамуына мемлекеттiк қолдау;
      10) Ұлттық пошта операторы пошта-жинақтау жүйесiнiң салымдарына тартатын ақшаны орналастыру тәртiбiн мемлекеттiк реттеу негiзiнде жүзеге асырылады.

      4-бап. Пошта операторының қызметi мен
             қызмет көрсетуінің түрлері

      1. Пошта операторлары мынадай қызмет пен қызмет көрсету түрлерiн жүзеге асыруға құқылы:
      1) пошта байланысы қызметiн көрсету;
      2) қаржылық қызмет және қаржылық қызмет көрсету;
      3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де қызмет көрсету.
      2. Пошта байланысының қызмет көрсетуiне:
      1) пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері;
      2) тiркелетiн пошта жөнелтiмдерiн жiберу жөнiндегi қызмет көрсету;
      3) жедел және курьерлiк пошта қызмет көрсетуi;
      4) пошталық ақша аударымдары;
      5) жаздырып алатын баспа басылымдарын тарату және оларды сату;
      6) филателия өнiмдерiн сату;
      7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес пошта байланысының өзге де қызмет көрсетуi жатады.
      3. Қаржы қызметiне және қаржылық қызмет көрсетуге:
      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгiлеген тәртiптегi брокерлiк, дилерлiк және трансфер-агенттiк қызмет;
      2) зейнетақы төлемдерi мен әлеуметтiк жәрдемақыларды жеткiзу жөнiнде көрсетілетін қызметтер;
      3) лизинг қызметiн жүзеге асыру;
      4) факторингтiк операциялар;
      5) форфейтингтiк операциялар;
      6) жеке және заңды тұлғалардың депозиттерiн қабылдау, банк шоттарын ашу және жүргiзу;
      7) кассалық операциялар;
      8) аударым операциялары;
      9) банкноттарды, монеталарды және құнды заттарды инкассациялау;
      10) шетел валютасын айырбастау операцияларын ұйымдастыру;
      11) заңды тұлғалардың тапсырмасы бойынша бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң чектерiмен мемлекеттiк мекемелерге қызмет көрсетуге арналған есеп айырысуларды жүзеге асыру;
      12) бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң чектерi бойынша ақшаны қолма-қол алу бөлiгiнде ақылылық, жеделдiк және қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысанда кредиттер беру;
      13) корреспонденттiк шоттарды ашу және жүргiзу;
      14) алып тасталды - ҚР 09.04.2016 № 496-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      15) <*>
      16) төлем карточкаларын шығару;
      17) өзінің бағалы қағаздарының (акцияларды қоспағанда) эмиссиясы;
      18) қарыз операциялары: ақылы, мерзімді және қайтарымды шарттарда ақшалай нысанда кредиттер беру жатады.
      Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20. № 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2005.07.08. № 69, 2005.12.23. № 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.02.13  № 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз), 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 № 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 496-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      5-бап. Пошта операторлары

      1. Пошта операторларында қажеттi материалдық-техникалық база мен бiліктi кадрлар, механикаландыру, автоматтандыру және ақпараттандыру құралдары болуға, пайдаланушылар үшiн пошта жөнелтiмдерiн Қазақстан Республикасының iшiнде және одан тыс жерлерге жiберудiң тарифтерi, мерзiмдерi туралы ақпарат, сондай-ақ өзге де ақпарат беруге тиiс.
      2. Пошта операторларының пошта байланысы қызметiн көрсету жөнiндегi қызметi пошта байланысы қызметiн көрсету ережелерiне сәйкес бiрыңғай нормативтер мен талаптар бойынша жүзеге асырылады.
      3. Пошта операторлары пайдаланушылардан қабылданған  поштажөнелтiмдерi мен пошталық ақша аударымдарының сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
      4. Пошта операторлары пошта жөнелтiмдерi, пошталық ақша аударымдары, жөнелтушiлер және адресаттар туралы мәлiметтердi тек жөнелтушiлер мен адресаттарға не олардың заңды өкілдерiне немесе сенiмхат негiзiнде сенiм көрсетiлген адамдарына бередi. Аталған мәлiметтердi өзге жеке және заңды тұлғаларға беру Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда ғана жүзеге асырылады.
      5. Пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерін көрсететiн  поштаоператоры көлiгiнiң пошта жөнелтiмдерiмен алмасу үшiн автомобиль, темiржол, су көлiгi станцияларының және вокзалдардың, әуежайлардың аумақтарында орналасқан жүк және багаж кешендерiне өтуi бiрiншi кезектi тәртiппен және ақы төленбей жүзеге асырылады.
      6. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 215237238 және 240-баптары бойынша қылмыстары үшін жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар жеке тұлға немесе құрылтайшысы немесе қатысушысы осындай жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар жеке тұлға болып табылатын заңды тұлға не бенефициарлық меншік иесі осындай жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар жеке тұлға болып табылатын заңды тұлға пошта операторы бола алмайды (заңды тұлғаның акцияларын (жарғылық капиталына қатысу үлестерін) тікелей және (немесе) жанама иелене, пайдалана, оларға билік ете және (немесе) оларды басқара алмайды).
      Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.08.2015 № 343-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      6-бап. Ұлттық пошта операторы

      1. алып тасталды
      2. Ұлттық пошта операторы:
      1) уәкiлеттi органның бекiтуiне пошта операторларының өндiрiстiк объектiлерiне пошта индекстерiн беру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
      2) уәкілеттi орган бекiтетiн түрлер мен көлемге сәйкес пошта төлемiнің мемлекеттiк белгiлерiн шығаруды ұйымдастырады, сондай-ақ оларды сатуды жүзеге асырады;
      3) халықаралық қайтарым купонын төлемге қабылдауға мiндеттi;
      4) жергiлiктi атқарушы органдармен келiсе отырып, әкімшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағындағы пошта жәшiктерiнiң санын және орналасатын жерлерiн белгiлейдi;
      5) өз қызметкерлерiн уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен нысанды киiммен қамтамасыз етуге құқылы;
      6) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі беретін лицензия негізінде жүзеге асырылатын жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауды, олардың банк шоттарын ашуды және жүргізуді қоспағанда, осы Заңның 4-бабының 3-тармағында көзделген банк операцияларының жекелеген түрлерін лицензиясыз жүзеге асырады.
      Ұлттық пошта операторының жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, олардың банк шоттарын ашу және жүргізу жөніндегі қызметін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі реттейді, соның ішінде жекелеген пруденциялық нормативтерді белгілеу және лицензиялар беру арқылы реттейді.
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Ұлттық пошта операторының қаржылық қызметті жүзеге асыруы және қаржылық қызметтер ұсынуы кезінде оның Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады.
      Уәкілетті орган Ұлттық пошта операторының пошта байланысы қызметтерін жүзеге асыруы кезінде оның Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады.
      3. Мемлекет Ұлттық пошта операторы жедел депозиттерге тартатын халықтың салымдарының сақталуын оларды мемлекеттiк бағалы қағаздарға және өзге де өтiмдi қаржы құралдарына орналастыру арқылы қамтамасыз етедi.
      4. Ұлттық пошта операторы туралы ереженi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. № 483, 2005.12.23. № 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.07.07. № 178, 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      6-1-бап. Тағайындалған оператор

      1. Тағайындалған оператор:
      1) Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық елді мекендерде барлық пайдаланушылар үшін пошта байланысының сапалы көрсетілетін қызметтерін тұрақты негізде көрсетуді;
      2) жазбаша хат-хабарды қабылдауды, өңдеуді, тасымалдауды және жеткізуді;
      3) салмағы 20 килограмға дейінгі сауқаттарды қабылдауды, өңдеуді, тасымалдауды және жеткізуді;
      4) жауап қайтарылатын халықаралық коммерциялық хат-хабарды қайтаруды;
      5) Дүниежүзілік пошта одағына мүше басқа да елдердің тағайындалған операторларының халықаралық пошта жөнелтілімдерінің Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитін қамтамасыз етуге міндетті.
      2. Тағайындалған оператор Дүниежүзілік пошта одағының актілеріне сәйкес пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін жүзеге асырады.
      3. Тағайындалған оператор Дүниежүзілік пошта одағының актілерінен және осы баптың 1-тармағынан туындайтын міндеттемелерді орындамаған кезде уәкілетті орган пошта операторынан тағайындалған оператордың өкілеттігін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен кері қайтарып алады.
      Ескерту. Заң 6-1-баппен толықтырылды - ҚР 03.07.2014 N 230-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      7-бап. Пошта байланысы қызметiн көрсету ережесi

      Пошта байланысы қызметiн көрсету ережесiнде:
      1) пайдаланушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі, оның ішінде мүгедектердің пошта байланысының көрсетілетін қызметтеріне кедергісіз қол жеткізуі жөніндегі талаптар;
      2) пошта операторларының атаулы заттарын пайдалану тәртiбi;
      3) пошта жөнелтiмдерiн ресiмдеу стандарттары;
      4) пошта жөнелтiмдерiнiң түрлерi және олардың техникалық сипаттамалары;
      5) пошта жөнелтiмдерiн және (немесе) пошталық ақша аударымдарын қабылдау, сұрыптау, тасымалдау және (немесе) беру, жеткiзу және (немесе) табыс ету тәртiбi;
      6) халықаралық пошта жөнелтiмдерiн қабылдау, сұрыптау және табыс ету тәртiбi;
      7) пошта жөнелтiмдерiн алу, сұрыптау және тексеру тәртiбi;
      8) пошта жөнелтiмдерiн сақтау мерзiмдерi;
      9) пошта жөнелтiмдерiнiң қосымша жiберiлу және қайтарылу шарттары;
      10) операциялық күндi өткiзу тәртiбi;
      11) пошта жөнелтiмдерiн кiдiрту, қарау және алу тәртiбi;
      12) пайдаланушылардың өтiнiштерi мен шағымдарын қарау тәртiбi;
      13) пошта желiлерi арқылы жiберуге тыйым салынатын және шектеу қойылатын бұйымдар мен заттардың тiзбесi;
      14) пошта қызметiн көрсетуге байланысты осы Заңда көзделмеген өзге де өзге де ережелер болуға тиiс.
      Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.12.2015 № 433-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      8-бап. Пошта байланысы саласындағы
             мемлекеттiк органдардың құзыретi

      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен  поштақызметiн жүзеге асыруға байланысты үкiметаралық келiсiмдердi жасасады;
      2-1) операторды тағайындау және тағайындалған оператордың өкілеттіктерін кері қайтарып алу тәртібін бекiтеді;
      3) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      4) алып тасталды;
      5) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      6) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      7) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      8) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
      2. Уәкiлеттi орган:
      1) Қазақстан Республикасының аумағында пошта байланысы саласындағы қызметтi мемлекеттiк реттеудi жүзеге асырады;
      2) пошта байланысы саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;
      3) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      4) алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      5) алып тасталды - 2006.01.10. № 116 Заңымен.
      6) алып тасталды - 2006.01.10. № 116 Заңымен.
      7) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      8) Ұлттық пошта операторының ұсынысы бойынша пошта төлемiнiң мемлекеттiк белгiлерiнiң түрлерi мен шығарылу көлемiн бекiтедi;
      9) пошта төлемi белгiлерiнiң мемлекеттiк коллекциясын қалыптастырады;
      10) Ұлттық пошта операторының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы пошта байланысының өндiрiстiк объектiлерiне пошта индекстерiн бередi;
      11) пошта байланысы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекiтедi;
      12) алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      13) пошта байланысы көрсететiн қызметтi ұсыну жөнiндегi Қазақстан Республикасы заңдарының сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
      14) алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      15) <*>
      16) Ұлттық пошта операторы қызметкерлерiнiң нысанды киiмiнің (погонсыз) үлгiлерiн, оны киiп жүру тәртiбiн, онымен қамтамасыз ету нормасын бекiтедi;
      17) Қазақстан Республикасының пошта әкiмшiлiгi ретiнде әрекет етедi және Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген өкiлеттiк шегiнде басқа мемлекеттердiң пошта әкiмшiлiктерi мен және халықаралық ұйымдармен өзара қарым-қатынасы кезiнде Қазақстанның пошта байланысы саласындағы мүдделерiн бiлдiредi және қорғайды;
      18) франкирлеу машиналарын қолдануға рұқсат беру тәртiбiн, сондай-ақ оларды пайдалану тәртiбiн белгiлейдi.
      19) <*>;
      20) кеден ісі саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Ұлттық пошта операторының немесе пошта операторларының өтініштері бойынша халықаралық пошта алмасу орындарын бекітеді;
      20-1) операторды тағайындау және тағайындалған оператордың өкілеттіктерін кері қайтарып алу тәртібін әзірлейді;
      20-2) операторды тағайындайды және тағайындалған оператордың өкілеттігін кері қайтарып алады;
      20-3) пошта жөнелтілімдерiнде пошта мөртабанын қолдану тәртiбiн бекітеді;
      20-4) пошта желiлерi арқылы жiберiлуге тыйым салынған бұйымдар мен заттардың тiзбесiн бекiтедi;
      20-5) пошта байланысының көрсетілетiн қызметтерін ұсыну қағидаларын бекітеді;
      20-6) пошта желiлерi арқылы жiберу шектелген бұйымдар мен заттардың тiзбесiн бекiтедi;
      21) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      3. Облыстардың, (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары:
      1) пошта операторларына өздерiнiң аумағында өндiрiстiк объектiлердi орналастыруға жәрдемдеседi, сондай-ақ пошта операторларының өндiрiстiк объектiлерi үшiн тұрғын үйлерге жатпайтын үй-жайлар бөлу мәселелерiн қарайды;
      2) әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында пошта байланысының тиiмдi жұмыс iстеуiне жәрдемдеседi;
      3) Ұлттық пошта операторымен бiрлесiп, әкiмшілік-аумақтық бiрлiк аумағындағы пошта жәшiктерiнiң санын және орналасатын жерлерiн белгiлейдi, тұрғын үйлердi пайдаланатын тұрғындар мен ұйымдардың абоненттiк пошта жәшiктерiн тиiсiнше пайдалануын қамтамасыз етуге жәрдемдеседi;
      4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.10 № 116 (01.01.2006 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.06.30 № 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2014 N 230-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      9-бап. Пошта байланысы саласында қызмет көрсету
             жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметтi лицензиялау

      Ескерту. 9-бап алып тасталды - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      10-бап. Пошта байланысының қызмет көрсетуiнiң тарифтерi

      1. Пошта байланысы көрсететiн қызмет тарифтерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi. Пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің тарифтерi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен реттеледi.
      2. Пайдаланушылардың жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жеңiлдiктердің берiлуiне байланысты пошта операторының шығыстарын өтеу мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

      11-бап. Пошта байланысы қызметiн көрсету кезiндегi
              шектеулер

      1. Пошта жөнелтiмдерiнен табылған жiберуге тыйым салынған бұйымдар мен заттарды пошта операторлары сол жерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен алып қояды.
      2. Пошта жөнелтiмдерiн кiдiртуге, қарауға және оларды алып тастауға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жол берiледi.

      12-бап. Тапсырысты пошта жөнелтiмдерi

      1. Жазбаша хат-хабар мен пайдаланушының қалауы бойынша қағазға басылып шығарылған электрондық пошта хабарлары тапсырысты пошта жөнелтiмi түрiнде жiберiлуi мүмкiн.
      2. Тапсырысты пошта жөнелтiмiн пошта операторы көрсетiлетiн қызмет үшiн алдын ала ақы алып қабылдайды және оған түбiртек бередi.

      13-бап. Құндылығы жарияланған пошта жөнелтiмдерi

      1. Бағалы қағаздар, құжаттар немесе бағалы заттар бар пошта жөнелтiмдерi құндылығы жарияланған тiркелетiн пошта жөнелтiмдерiне жатады.
      2. Пайдаланушылар құндылығы жарияланған пошта жөнелтiмiндегi салым құндылығының сомасын пошта байланысының қызмет көрсетуiнiң ережелерiне сәйкес өздерi дербес айқындайды және буып-түю түрiн таңдап алады.
      3. Жөнелтушi құндылығы жарияланған пошта жөнелтiмiне ақыны  поштаоператорының түбiртегiн ала отырып, алдын ала төлейдi.

      14-бап. Пошта жөнелтiмiн алғаны туралы хабарлама

      1. Тапсырысты пошта жөнелтiмiн немесе құндылығы жарияланған пошта жөнелтiмiн жiберу кезiнде жөнелтушi адресаттың пошта жөнелтiмiн алғаны туралы өзiне хабарлама жiберудi талап етуге құқылы.
      2. Адресаттың пошта жөнелтiмiн алғаны туралы хабарламаның тарифiн жөнелтушi пошта операторының түбiртегiн ала отырып, алдын ала төлейдi.

      15-бап. Пошта байланысының әмбебап көрсетілетін
               қызметтері

      1. Пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері пошта операторының пайдаланушылардың пошта жәшiктерiнен жиналған және (немесе) операциялық терезелерден қабылданған жай хаттарын, пошта карточкаларын және бандерольдерiн жiберу жөнiндегi қызмет көрсетуін бiлдiредi.
      1-1. Пошта операторының пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерін ұсынуы уәкілетті орган бекіткен, пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің қолжетімділігіне, сапасы мен бағасына пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын талаптар белгіленетін, пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің сапа көрсеткіштеріне сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Пошта жөнелтiмiнде пошта төлемақысының немесе белгiленген тарифтiң iшiнара төленгенiнiң мемлекеттiк белгiлерi болмаған жағдайда, пошта операторы мұндай пошта жөнелтiмiн жөнелтушiге қайтаруға құқылы. Жекелеген жағдайларда пошта жөнелтiмi адресатқа жөнелтушiнiң жеткiзу және (немесе) табыс ету кезiнде белгiленген тарифке дейiн жеткiзiп төлеудi жүзеге асыру ұсынысымен жеткiзiлуi мүмкiн.
      Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2014 N 230-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      16-бап. Пошта жөнелтiмiн қайтару, мекенжайды өзгерту
              немесе түзету

      1. Жөнелтушi пошта жөнелтiмi:
      1) адресатқа берiлмеген;
      2) тыйым салынған салымдар үшiн тәркiленбеген немесе жойылмаған;
      3) жеткiзiлетiн елдiң заңдары негiзiнде алып қойылмаған жағдайларда пошта операторына пошта жөнелтiмiн қайтару, мекенжайды өзгерту немесе түзету туралы талаппен жүгiнуге құқылы.
      2. Пошта жөнелтiмiн қайтару, мекенжайды өзгерту және түзету жөнелтушi қосымша ақы төлеген кезде жүзеге асырылады.

      17-бап. Пошта қауiпсiздiгiнiң күзет бөлiмшелерi

      Пошта операторлары Қазақстан Республикасының күзет қызметi саласындағы заңдарына сәйкес пошта операторына оның пошта қызметiн жүзеге асыруына байланысты сенiп тапсырылатын пошта жөнелтiмдерiнiң және пошталық ақша аударымдарының сақталуын, жазысқан хаттардың, пошта және өзге де хабарламалардың құпиялылығын қамтамасыз ететiн, пайдаланушылар мен қызметкерлердiң, сондай-ақ пошта операторы мүлкiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн жағдай (режим) жасайтын пошта қауiпсiздiгiнiң күзет бөлiмшелерiн құруға құқылы.

      18-бап. Пошта қызметiн көрсету кезiнде мiндеттемелердi
              бұзғаны үшiн жауаптылық

      1. Пошта операторы пошта жөнелтiмiн қабылдап алған кезден бастап алушыға берген кезге дейiн оның сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
      2. Пошта операторы:
      1) салым жоғалған, жетiспеген немесе тiркелетiн пошта жөнелтiмi зақымданған (бүлiнген);
      2) пошта жөнелтiмiн жiберудiң бақылау мерзiмдерi бұзылған жағдайларда жауапты болады.
      2-1. Жіберуге тыйым салынған және шектеу қойылған бұйымдар мен заттарды пошта арқылы жіберуге кінәлі пошта байланысы қызметін пайдаланушылар, егер осылай жіберудің салдары қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпаса, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген жауаптылықта болады.
      3. Салымның жоғалғаны, жетiспегенi немесе пошта жөнелтiмінің зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн пошта операторы мынадай мөлшерде:
      1) құндылығы жарияланған пошта жөнелтiмiнiң жоғалғаны немесе түгелдей зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн - жарияланған құндылығы және жiберу үшiн төленген тариф мөлшерiнде;
      2) салым тiзiмдемесiмен бiрге жiберiлген кезде салымның жетiспегенi, құндылығы жарияланған пошта жөнелтiмдерi салымының бiр бөлiгiнiң жоғалғаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн - жөнелтушi тiзiмдемеде көрсеткен салымның жетiспеген, жоғалған немесе зақымданған (бүлiнген) бөлiгiнiң жарияланған құндылығы мөлшерiнде;
      3) салым тiзiмдемесiз жiберiлген кезде салымның жетiспегенi, құндылығы жарияланған пошта жөнелтiмi салымының бiр бөлiгiнiң жоғалғаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн - салымның жетiспеген, жоғалған немесе зақымданған (бүлiнген) бөлiгi массасының, жiберiлген салым массасына (пошта жөнелтiмi орамының массасынсыз) қатынасына барабар түрде оның нақты құнына қарамастан анықталатын пошта жөнелтiмi бөлiгiнiң жарияланған құндылығы мөлшерiнде;
      4) өзге де тiркелетiн пошта жөнелтiмiн жоғалтқаны үшiн - төленген тарифтiң екi еселенген сомасы мөлшерiнде;
      5) пошталық ақша аударымын жоғалтқаны үшiн - пошталық ақша аударымының сомасы және жiберу үшiн төленген тариф мөлшерiнде жауапты болады.
      4. Пайдаланушылардың пошта жөнелтiмдерi мен пошталық ақша аударымдарын жiберудiң бақылау мерзiмдерiн бұзғаны үшiн пошта операторы кiдiртiлген әрбiр күн үшiн төленген тарифтiң үш процентi мөлшерiнде, бiрақ көрсетiлген қызмет үшiн төленген тариф сомасынан аспайтын мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлейдi.
      Пошта жөнелтiмiн әуе көлiгiмен жiберудiң бақылау мерзiмдерiн бұзғаны үшiн пошта операторы пайдаланушыға әуе және жер үстi көлiгiмен жiберу үшiн төленетiн ақы тарифтерiнiң арасындағы айырмашылықты төлейдi.
      5. Егер мiндеттерiн орындамау немесе тиiсiнше орындамау ырық бермейтiн күштiң немесе пошта жөнелтiмiндегi салымның ерекше қасиеттерiнің салдарынан болғаны дәлелденсе, пошта операторы салымның жоғалғаны, жетiспегенi немесе тiркелетiн пошта жөнелтiмiнiң зақымданғаны (бүлiнгенi), пошта жөнелтiмiн жiберудiң бақылау мерзiмдерiн бұзғаны үшiн жауаптылықтан босатылады.
      6. Пошта операторы пошта қызметiн көрсету жөнiндегi мiндеттемелерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, осы Заңда, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген негiздер бойынша жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.
      7. Пайдаланушылар:
      1) ерекше қасиеттерiне орай пошта желiлерi арқылы жiберуге тыйым салынған немесе шектеу қойылған бұйымдар мен заттарды  поштажөнелтiмiне салудың салдарынан;
      2) пошта желiлерi арқылы жiберуге қабылданған салымның тиiсiнше буып-түйiлмеуi салдарынан туындап, пошта операторына келтiрiлген зиян үшiн жауапты болады.
      Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.15 № 556-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      19-бап. Қазақстан Республикасының пошта туралы
              заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық

      Қазақстан Республикасының пошта туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 261194
    Қазақ тілінде 130431
    Орыс тілінде 129889
    Ағылшын тілінде 874
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы