Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы N 209 Кодексі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 100-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, оған 250-бапты қоспағанда

      ҚОЛДАНУШЫЛАР НАЗАРЫНА!
      2001 жылғы 12 маусымдағы N 209 Салық Кодексі ҚР 2008.12.10 N 100-IV (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, оған 250-бапты қоспағанда, күшін жойды.

      ҚР 2003.11.29. N 500 Заңымен Салық кодексіне енгізілген өзгерістер әртүрлі уақытта қолданысқа  енгізілген (3-бапты қараңыз). Қажет болған жағдайда "Заң" Деректер
базасының 5 версиясының алдыңғы редакцияларын қараңыз.

      Ескерту. ҚР 2001 жылғы 12 маусымдағы N 210-ІІ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексін) қолданысқа енгізу туралы" Заңын қараңыз.

       Ескерту. Кодекстiң бүкіл мәтiнi бойынша "акциз алымы маркалары", "акциз алымы маркаларының", "акциз алымы маркаларын", "акциздiк алымы маркаларын", "акциз алымының (бүлiнген немесе жоғалған (оның iшiнде ұрланған) маркалары", "акциз алымының бүлінген немесе жоғалған маркалары", "акциз алымының бүлінген маркаларын" деген сөздер тиiсiнше "акциздiк маркалар", "акциздiк маркалардың", "акциздiк маркаларды", "бүлінген немесе жоғалған (оның iшiнде ұрланған) акциздiк маркалар", "бүлiнген немеce жоғалған акциздiк маркалар", "бүлінген акциздiк маркаларды" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2003.11.29 N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), бүкiл мәтiн бойынша "қатысушылары, құрылтайшылары", "қатысушылардың, құрылтайшылардың" деген сөздер тиiсiнше "құрылтайшылары, қатысушылары","құрылтайшылардың, қатысушылардың" деген сөздермен ауыстырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.13 N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), бүкiл мәтiн бойынша "Қоршаған ортаны ластағаны", "қоршаған ортаны белгiленген лимиттерден артық ластағаны", "қоршаған ортаны ластағаны", "Қоршаған ортаны белгiленген лимиттерден тыс ластағаны", "қоршаған орта ластануының", "қоршаған ортаны ластауға",  "қоршаған ортаны ластау", "Қоршаған ортаны ластанғаны" деген сөздер тиiсiнше "Қоршаған ортаға эмиссия", "қоршаған ортаға белгiленген лимиттерден тыс эмиссия", "қоршаған ортаға эмиссия", "Қоршаған ортаға белгiленген лимиттерден тыс эмиссия", "қоршаған ортаға эмиссияның", "қоршаған ортаға эмиссиялауға", "қоршаған ортаға эмиссия", "Қоршаған ортаға эмиссия" деген сөздермен ауыстырылды - 2007.01.09 N 213, бүкіл мәтін бойынша "репатрианттар (оралмандар)", "оралмандар (репатрианттар)" деген сөздер "оралмандар" деген сөзбен ауыстырылды - 2007.07.06 N 276 Заңдарымен.
      Ескерту. бүкіл мәтін бойынша "уәкілетті мемлекеттік орган", "Уәкілетті мемлекеттік орган", "уәкілетті мемлекеттік органмен", "уәкілетті мемлекеттік органның", "уәкілетті мемлекеттік органымен", "уәкілетті мемлекеттік органға", "Уәкілетті мемлекеттік органға", "Уәкілетті мемлекеттік органның" деген сөздер тиісінше "уәкілетті орган", "Уәкілетті орган", "уәкілетті органмен", "уәкілетті органның", "уәкілетті органымен", "уәкілетті органға",
"Уәкілетті органға", "Уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2007.07.26 N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      ҚОЛДАНУШЫЛАР НАЗАРЫНА!

      ҚР 2005.11.22 N 89 Заңымен  енгізілген өзгерістер 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі (2-бапты қараңыз), 2005.11.22 N 90 Заңымен енгізілген өзгерістер әртүрлі уақытта қолданысқа енгізілген (2-бапты қараңыз). Қажет болған жағдайда "Заң" Деректер базасының 5 версиясының алдыңғы редакцияларын қараңыз.

МАЗМҰНЫ

1. Жалпы бөлім 1-бөлім. Жалпы ережелер 1-тарау. Негізгі ережелер

      1-бап. Осы Кодекспен реттелетiн қатынастар

      Осы Кодекс салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртiбi жөніндегі билiк қатынастарын, сондай-ақ мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салық міндеттемелерін орындауға байланысты қатынастарды реттейдi.

      2-бап. Қазақстан Республикасының салық заңдары

      1. Қазақстан Республикасының салық заңдары осы Кодекстен, сондай-ақ қабылдануы осы Кодексте көзделген нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
      2. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу жөніндегі осы Кодексте көзделмеген мiндет ешкiмге жүктелуге тиiс емес.
      3. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер осы Кодексте белгiленген тәртiпте және жағдайларда белгіленедi, енгiзiледi, өзгертiледi немесе күшiн жояды.
      4. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерiнiң арасында қайшылықтар болған кезде, салық салу мақсатында осы Кодекстiң нормалары қолданылады. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, салық қатынастарын реттейтiн нормаларды салықтық емес заңдарға енгiзуге тыйым салынады.
      5. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартпен осы Кодекстегіден өзге ережелер белгiленсе, аталған шарттың ережелерi қолданылады.

      3-бап. Салық заңдарының қолданылуы

      1. Салық заңдары Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қолданылады және жеке тұлғаларға, заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлiмшелерiне қолданылады.
      2. Осы Кодекске жаңа салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер белгiлеу, қолданыстағы салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер ставкалары мен салық базасын өзгерту бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзетін Қазақстан Республикасының заң актілері ағымдағы жылдың 1 қарашасынан кешіктірілмей қабылдануы және олар қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қана қолданысқа енгізiлуi мүмкін.
      Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.31. N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      4-бап. Қазақстан Республикасындағы салық салу
              принциптері

      1. Қазақстан Республикасының салық заңдары салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі, салық салудың айқындығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және салық заңдарының жариялылығы принциптеріне негізделеді.
      2. Қазақстан Республикасының салық заңдарының ережелері осы Кодексте белгіленген салық салу принциптеріне қайшы келмеуге тиіс.

      5-бап. Салық салудың міндеттілігі принципі

      Салық төлеуші салық заңдарына сәйкес салық міндеттемелерін толық көлемінде және белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті.

      6-бап. Салық салудың айқындығы принципі

      Қазақстан Республикасының салықтары және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерi айқын болуға тиіс. Салық салу айқындығы салық төлеушінің салық міндеттемелері туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібін салық заңдарында белгілеу мүмкіндігін білдіреді.

      7-бап. Салық салудың әдiлдiгi принципi

      1. Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бiрдей және мiндеттi болып табылады.
      2. Жеке сипаттағы салық жеңiлдiктерiн беруге тыйым салынады.

      8-бап. Салық жүйесiнiң бiртұтастығы принципi

      Қазақстан Республикасының салық жүйесi Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында барлық салық төлеушiлерге қатысты бiртұтас болып табылады.

      9-бап. Салық заңдарының жариялылығы принципi

      Салық салу мәселелерiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер ресми басылымдарда мiндеттi түрде жариялануға тиiс.

      10-бап. Осы Кодексте қолданылатын негiзгi ұғымдар

      1. Салық салу мақсатында осы Кодексте қолданылатын негiзгi ұғымдар:
      1) қайырымдылық көмек - жеке тұлғаларға әлеуметтiк қолдау көрсету мақсатында, коммерциялық ұйымдарға, сондай-ақ қызметiн әлеуметтiк салада жүзеге асыратын ұйымдарға олардың жарғылық қызметiн қолдау мақсатында өтеусiз негiзде берiлетiн мүлiк;
      2) сыйақы - кредиттер үшiн; қаржы лизингi бойынша Қазақстан Республикасының қаржы лизингiнiң мәселелерiн реттейтiн заң актiлерiне сәйкес сыйақы түрiнде берiлген (алынған) мүлiк үшiн; салымдар (депозиттер) бойынша; жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша; жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша; борыштық бағалы қағаздар бойынша төлемдер - дисконт не купон (бастапқы орналастыру құнынан және (немесе) сатып алу құнынан дисконтты не сыйлықақыны ескере отырып); вексель бойынша төлемдер;
      3) ұтыстар - конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар бойынша, салымдар мен борыштық бағалы қағаздар бойынша ойындарды қоса, ұтыс ойындары бойынша салық төлеушiлер алатын заттай және ақшалай түрдегi табыстардың кез келген түрлерi, сондай-ақ құмар ойында және (немесе) бәс тігуде алынатын мүліктік пайда түріндегі табыстар;
      4) грант - мемлекеттер, мемлекеттердiң үкiметтерi, халықаралық және мемлекеттiк ұйымдар, қызметi қайырымдылық және халықаралық сипатта болатын және Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейтiн, мемлекеттiк органдардың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн  тiзбеге енгiзiлген шетелдiк үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар - Қазақстан Республикасына, Қазақстан Республикасының Үкiметiне, заңды тұлғаларға, сондай-ақ жеке адамдарға; шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар - Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасының Үкiметiне белгiлi бiр мақсаттарға (мiндеттерге) жету үшiн өтеусiз негiзде беретiн мүлiк;
      5) iзгілік көмек - халықтың өмiрi мен тұрмыс жағдайларын жақсарту үшiн, сондай-ақ әскери, экологиялық, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою үшiн шет елдерден және халықаралық ұйымдардан жiберiлген азық-түлiк, халық тұтынатын тауарлар, техника, құрал-жарақтар, жабдықтар, медициналық құралдар және дәрi-дәрмектер, өзге де заттар түрiнде Қазақстан Республикасына өтеусiз берiлетiн , Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттi ұйымдар арқылы бөлетiн мүлiк;
      6) дивидендтер - акциялар бойынша төленуге тиiстi табыс;  қордың басқарушы компаниясы пайларды сатып алған кезде пайлар бойынша табыстарды қоспағанда, пайлық инвестициялық қордың пайлары бойынша төленуге тиiстi табыс; заңды тұлға өз құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетiн таза табыстың бiр бөлiгi; заңды тұлғаны тарату кезiнде, сондай-ақ құрылтайшының, қатысушының заңды тұлғаға қатысу үлесiн алып қойған кезде, құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым ретiнде енгiзген мүлкiн қоспағанда, мүлiктi бөлуден түсетiн табыстар;
      7) борыштық бағалы қағаздар бойынша дисконт - борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құны мен бастапқы орналастырылу (купон есепке алынбаған) құны немесе оларды сатып алу (купон есепке алынбаған) құны арасындағы айырма;
      8) борыштық бағалы қағаздар - заем қатынастарын куәландыратын қаржы құралдары. Борыштық бағалы қағаздарға мемлекеттiк бағалы қағаздар, облигациялар және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес борыштық бағалы қағаздар деп танылған басқа да бағалы қағаздар жатады;
      9) қатысу үлесi - жеке және заңды тұлғалардың бiрлесiп құратын ұйымдарға, консорциумдарға, акционерлiк қоғамдарды және инвестициялық пай қорларын қоспағанда, мүлкiмен қатысу үлесi;
      10) басқа да мiндеттi төлемдер - бюджетке белгiлi бiр мөлшерде жүргiзiлетiн мiндеттi ақша аударымдары (алымдар, баждар, төлемақылар мен төлемдер);
      11) жеке кәсiпкер - заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге асыратын резидент немесе резидент емес жеке тұлға;
      11-1) инжинирингтiк қызметтер көрсету - инженерлiк-консультациялық қызметтер көрсету, зерттеу, жобалау-конструкторлық, есептеу-талдау сипатындағы жұмыстар, жобалардың техникалық-экономикалық негiздемелерiн даярлау, өндiрiстi ұйымдастыру және басқару, өнімдердi сату саласындағы ұсынымдарды әзiрлеу;
      12) (алып тасталды)
      13) (алып тасталды - 2005.11.22. N 89 Заңымен)
      14) борыштық бағалы қағаздар бойынша купон (бұдан әрі - купон) - эмитенттiң шығарылым шарттарына сәйкес борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құнынан тыс төлейтiн (төлеуге тиiс) сомасы;
      15) тұлға - жеке тұлға және заңды тұлға; жеке тұлға - Қазақстан Республикасының азаматы, шет мемлекеттің азаматы, азаматтығы жоқ адам; заңды тұлға - Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттiң заңдарына сәйкес құрылған ұйым (шетелдiк заңды тұлға). Шет мемлекеттің заңдарына сәйкес құрылған компания, ұйым немесе басқа да корпорациялық құралым осы Кодекстiң мақсаттары үшiн олар құрылған шет мемлекеттің заңды тұлғасы мәртебесiне ие ме, жоқ па - оған қарамастан дербес заңды тұлғалар ретiнде қарастырылады;
      16) есептеу әдiсi - салық есебiнің әдiсi, оған сәйкес табыстар мен шығыстарды төлеу уақытына қарамастан жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарларды өткiзу және мүлікті кірiске алу мақсатымен тиеп жiберу кезiнен бастап есептеледi;
      17) салықтар - мемлекет бiржақты тәртiппен заң жүзiнде белгiлеген, белгiлi бiр мөлшерде жүргiзетiн, қайтарымсыз және өтеусiз сипатта болатын бюджетке төленетiн мiндеттi ақшалай төлемдер;
      18) салық берешегi - бересi сомасы, сондай-ақ өсiмпұлдар мен айыппұлдардың төленбеген сомалары;
      19) салық төлеушi - салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеушi болып табылатын тұлға;
      20) салық агентi - осы Кодекске сәйкес төлем көзiнен ұсталатын салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөнiндегi мiндет жүктелген жеке кәсiпкер, жеке нотариус, адвокат, заңды тұлға, оның iшiнде Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме, филиал, өкiлдiк арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға;
      21) салық режимi - осы Кодексте белгiленген салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу жөнiндегi барлық салық мiндеттемелерiн есептеу кезiнде салық төлеушi қолданатын салық заңдары нормаларының жиынтығы;
      22) бересi - есептелген және мерзiмiнде төленбеген салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомалары;
      22-1) жер қойнауын пайдаланушылар - Қазақстан Республикасының аумағында, мұнай операцияларын қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды Қазақстан Республикасының заң актілерiне сәйкес жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
      22-2) негiзгi құралдар - өндiрiсте пайдалануға, тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) беруге, жалға беруге және (немесе) әкiмшiлiк мақсаттарға арналған, қызмет ету мерзiмi бiр жылдан астам материалдық активтер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасында және халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарында айқындалған инвестициялық жылжымайтын мүлiк, сондай-ақ концессия шарты шеңберінде концессионер (құқық мирасқоры) өндірген және (немесе) алған активтер;
      23) (алып тасталды)
      24) борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы - шығарылым шарттары бойынша купон төлеу көзделетiн борыштық бағалы қағаздардың бастапқы орналастыру (купон есепке алынбаған) құны немесе сатып алу (купон есепке алынбаған) құны мен номиналдық құнының арасындағы айырма;
      25) туынды бағалы қағаздар - осы туынды бағалы қағаздардың базалық активiне қатысты құқықты куәландыратын бағалы қағаздар. Туынды бағалы қағаздарға опциондар, своптар, форвардтар, фьючерстер, депозитарийлiк қолхаттар, варранттар және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес туынды бағалы қағаздар деп танылған басқа да бағалы қағаздар жатады. Тауарлардың стандартталған партиялары, бағалы қағаздар, валюта және қаржы құралдары базалық активтер болуы мүмкiн;
      25-1) қызметкер - жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және тікелей еңбек шарты бойынша жұмысты орындайтын жеке адам;
      26) өткiзу - сату, айырбастау, өтеусiз беру мақсатында тауарларды тиеп жiберу, жұмыстарды орындау және қызметтер ұсыну, сондай-ақ кепiлге берiлген тауарларды кепiл ұстаушыға беру;
      27) роялти - мыналар үшiн:
      пайдалы қазбаларды өндiру және техногендiк құралымдарды қайта өңдеу процесінде жер қойнауын пайдалану құқығы үшін;
      авторлық құқықтарды, бағдарламалық қамтамасыз етудi, патенттердi, сызбаларды немесе модельдердi, тауар белгiлерiн немесе басқа да осыған ұқсас құқық түрлерiн пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшiн; өнеркәсiп, сауда немесе ғылыми-зерттеу жабдықтарын пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшiн; "ноу-хауды" пайдаланғаны үшiн; кинофильмдердi, бейнефильмдердi, дыбыс жазу немесе өзге де жазу құралдарын пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшiн төленетiн төлем. Бербоут-чартер немесе димайз-чартер шарттары бойынша жалға алынатын теңiз және әуе кемелерi өнеркәсiптiк жабдыққа жатады;
      27-1) валюта айырбастаудың нарықтық бағамы - қазақстандық қор биржасының негiзгі сессиясында қалыптасқан және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiмен бiрлесiп белгiлеген тәртiппен анықталған теңгенiң шетел валютасына орташа салыстырылған биржалық бағамы;
      теңгенiң қазақстандық қор биржасында сауда-саттық жүргiзiлмейтiн шетел валютасына бағамы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп белгiлейтiн тәртiппен кросс-бағамдар пайдаланыла отырып есептеледi;
      28) арнаулы салық режимi - салық төлеушiлердің жекелеген санаттары үшiн белгiленетiн және жекелеген салық түрлерiн есептеу мен төлеудiң және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн ақы төлеудiң, сондай-ақ олар бойынша салық есептiлiгiн берудiң оңайлатылған тәртiбiн қолдануды көздейтiн бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртiбi;
      28-1) демеушiлiк көмек - осы көмектi көрсететiн тұлға туралы ақпаратты тарату мақсатында өтeуciз негiзде:
      жеке тұлғаларға жарыстарға, конкурстарға, көрмелерге, байқауларға қатысу үшiн және шығармашылық, ғылыми, ғылыми-техникалық, өнертабыс қызметтерiн дамыту, бiлiм және спорт шеберлiгi деңгейiн арттыру үшiн қаржылық (әлеуметтiктен басқа) қолдау түрiнде;
      коммерциялық емес ұйымдарға өздерiнiң жарғылық мақсаттарын iске асыру үшiн берiлетiн мүлiк;
      29) заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi - филиал, өкiлдiк;
      30) сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасы - тауар сыныптамасының тауарларды сипаттау мен олардың кодын белгiлеудiң үйлестiрiлген жүйесiне негiзделген кодтары жүйесi;
      31) уәкілетті орган - салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган ;
      32) уәкiлеттi органдар - бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдердi есептеудi және (немесе) жинауды жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлеттiк берген салық органдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары;
      32-1) ақпараттарды өңдеу жөнiндегi қызметтер көрсету - ақпараттық массивтердi жинау мен қорытуды, жүйеге келтiрудi жүзеге асыру және осы ақпаратты өңдеу нәтижелерін пайдаланушының иеленуiне беру жөнiндегi қызметтер;
      33) салық төлеушiнiң электрондық құжаты - белгiленген электрондық форматта берiлген, ол қабылданып және бiрдейлiгi расталғаннан кейiн салық төлеушiнiң электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат;
      34) салық төлеушiнiң электрондық цифрлық қолтаңбасы - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарынан жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның салық төлеушiге тиесiлiгiн және мазмұнының өзгермейтiнiн растайтын электрондық цифрлық нышандардың реттiлiгi;
      35) бағалы қағаздар - акциялар, борыштық бағалы қағаздар, туынды бағалы қағаздар және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағалы қағаздар деп танылған мүлiктiк құқықтың өзге де объектiлерi .
      2. Салық заңдарының басқа арнаулы ұғымдары мен терминдерi осы Кодекстiң тиiстi баптарында айқындалатын мағынада пайдаланылады.
      3. Осы Кодексте пайдаланылатын Қазақстан Республикасының азаматтық және басқа да заңдары салаларындағы ұғымдар, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, заңдардың сол салаларында пайдаланылатын мағынада қолданылады.
      Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.11.23 N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2003.07.04 N 475 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2003.11.29 N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2004.12.13 N 11 (қолданысқа ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2005.11.22  N 89 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.07.07 N  177 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.12.11 N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.01.12 N 220 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді), 2007.05.15 N 253 , 2007.07.26 N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2008.07.05 N 66-IV (енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

2-тарау. Салық төлеушінің және салық агентінің құқықтары
мен міндеттері. Салық қатынастарындағы өкілдік

      11-бап. Салық төлеушiнiң құқықтары

      1. Салық төлеушi:
      1) қолданылып жүрген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы, салық заңдарындағы өзгерiстер туралы салық қызметi органдарынан ақпарат алуға;
      2) салық қатынастары мәселелерi бойынша өз мүдделерiн жеке өзi не өз өкiлi арқылы немесе салық консультантының қатысуымен бiлдiруге;
      3) салық бақылауы нәтижелерiн алуға;
      4) салық бақылауы нәтижелерi бойынша салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеу мен төлеу жөнiнде салық қызметi органдарына түсiндiрме табыс етуге;
      5) жеке шотынан салық мiндеттемелерiнiң орындалуы бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйi туралы көшiрме алуға;
      6) осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен салықтық тексеру актiлерi бойынша хабарламаға және салық қызметi органдары лауазымды адамдарының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасауға;
      7) салық құпиясының сақталуын талап етуге;
      8) салық салуға қатысы жоқ ақпарат пен құжаттар табыс етпеуге құқылы.
      1-1. Салық төлеушi салық заңнамасында реттелетiн қатынастарға уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен электрондық тәсiлмен қатысуға құқылы.
      2. Салық төлеушiнiң Қазақстан Республикасының салық заңдарында көзделген өзге де құқықтары бар.
      Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      12-бап. Салық төлеушiнiң мiндеттерi

      1. Салық төлеушi:
      1) осы Кодекске сәйкес салық мiндеттемелерiн дер кезiнде және толық көлемiнде орындауға;
      2) салық қызметi органдарының анықталған салық заңдарын бұзушылықтарды жою туралы заңды талаптарын орындауға, сондай-ақ қызметтiк мiндеттерiн атқаруы кезiндегi заңды қызметiне кедергi жасамауға;
      3) нұсқама негiзiнде салық қызметi органдары лауазымды адамдарының салық салу объектiсi және салық салумен байланысты объект болып табылатын мүлiктi тексеруiне жол беруге;
      4) салық есептiлiгi мен құжаттарды осы Кодексте көзделген тәртiппен , сондай-ақ Қазақстан Республикасының трансферттiк бағаларды қолдану кезiнде мемлекеттiк бақылау мәселелерiн реттейтiн заңдарында көзделген ақпарат пен құжаттарды табыс етуге;
      5) осы Кодекске сәйкес қолма-қол ақшамен, төлемдiк банк карточкаларымен, чектермен сауда операцияларын жасаған немесе қызметтер көрсеткен кезде тұтынушылармен ақшалай есеп айырысуды фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын мiндеттi түрде пайдалана және тұтынушының қолына бақылау чегiн бере отырып жүргiзуге;
       6) заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуына (осы Кодекстiң 69-бабы 7-тармағының бесiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды  қоспағанда) және (немесе) таратылуына байланысты құжаттық тексерудi жүргiзу туралы салық органына өтiнiш беруге мiндеттi.
      2. Салық төлеушi осы Кодексте көзделген өзге де мiндеттердi орындайды.
      Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

       13-бап. Салық агентiнiң құқықтары мен мiндеттерi

      1. Салық агентiнiң, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, салық төлеушi сияқты құқықтары бар және сондай мiндеттерi болады.
      2. Салық агентi сондай-ақ:
      1) осы Кодекстiң ерекше бөлiмiне сәйкес төлем көзiнен ұсталатын салықтарды дұрыс және дер кезiнде есептеуге;
      2) салық төлеушiден тиiстi салықтарды ұстап қалуға және осы Кодексте көзделген тәртiппен және мерзiмде оларды бюджетке аударуға;
      3) салық төлеушiлерге төленген табыстардың, сондай-ақ ұсталған және бюджетке аударылған салықтар сомасының есебiн, соның iшiнде әрбiр салық төлеушi бойынша жеке-жеке жүргiзуге;
      4) тiркеу есебiнде тұрған жерi бойынша салық органына осы Кодекстiң ерекше бөлiмiнде белгiленген тәртiппен салық есептiлiгiн табыс етуге;
      5) осы Кодекстiң 177-бабының 6-1-тармағының ережелерiн қолдануға мiндеттi.
      3. Салық агентi салық заңнамасында реттелетiн қатынастарға уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен электрондық тәсiлмен қатысуға құқылы.
      Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      14-бап. Осы Кодекспен реттелетiн салық қатынастарындағы
               өкiлдiк

      1. Салық төлеушi салық заңдарымен реттелетiн қатынастарға заңды немесе уәкiлеттi өкiлi арқылы қатысуға құқылы.
      2. Салық төлеушiнiң атынан заң негiзiнде уәкiлеттi болатын тұлға салық төлеушiнiң заңды өкiлi болып танылады.
      3. Салық төлеушi салық қызметi органдарымен қатынастарда өз мүдделерiн бiлдiруге уәкiлеттi болатын жеке немесе заңды тұлға салық төлеушiнің уәкiлеттi өкiлi болып танылады. Салық төлеушiнiң уәкiлеттi өкілi салық төлеушi беретiн сенiмхат (құрылтай құжаттары) негiзiнде әрекет етедi, сенiмхатта оның өкiлеттiктерiнің нақты тiзбесi көрсетiледi.
      4. Салық заңдарымен реттелетiн қатынастарға салық төлеушiнiң өзiнiң қатысуы оны өкiл алу құқығынан айырмайды, сол сияқты өкiлдiң қатысуы салық төлеушiнi аталған қатынастарға өзiнiң қатысу құқығынан айырмайды.
      5. Салық төлеушi өкiлдерiнiң салық заңдарымен реттелетiн қатынастарға сол салық төлеушiнiң қатысуына байланысты жасаған әрекеттерi (әрекетсiздiгi) салық төлеушiнiң әрекеттерi (әрекетсiздiгi) болып танылады.

3-тарау. Салық қызметі органдары. Кеден органдары. Салық
қызметі органдарының басқа мемлекеттік органдармен өзара
іс-қимылы

      15-бап. Салық қызметi органдарының мiндеттерi мен
               құрылымы

      1. Салық қызметi органдарына салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің толық түсуiн, мiндеттi зейнетақы жарналарының және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдардың толық және дер кезiнде аударылуын қамтамасыз ету жөнiндегi, сондай-ақ салық төлеушiлердiң салық мiндеттемелерiн орындауына салық бақылауын жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттер жүктеледi.
      2. Салық қызметi органдары уәкiлеттi орган мен салық органдарынан тұрады.
      3. Салық органдарына уәкілетті органның облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша аумақтық салық бөлімшелері, сондай-ақ уәкілетті органның ауданаралық аумақтық бөлімшелері жатады. Арнайы экономикалық аймақтар құрылған жағдайда осы аймақтардың аумағында салық органдары құрылуы мүмкін. P050990 P040572 P031284 P030114
      4. Салық органдары тиiстi жоғары тұрған салық қызметi органына төменнен жоғары қарай тiкелей бағынады және жергiлiктi атқарушы органдарға жатпайды.
      5. (алынып тасталды - 2007.07.26. N 312 )
      6. (алынып тасталды - 2007.07.26. N 312 )
      Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.03.21. N 312 , 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      15-1-бап. Уәкілетті органның функциясы
 
      Уәкілетті орган:
      1) салық салу мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      2) осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
      3) салық органдарына басшылықты жүзеге асырады;
      4) өзінің құрамына кіретін ведомствоның құзыретін айқындайды;
      5) осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық бақылауын жүзеге асырады;
      6) белгіленген тәртіппен салық төлеушілердің, салық салынатын объектілердің және салық салынуға байланысты объектілердің есебін, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген және төленген есебін жүргізеді;
      7) салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындауына,  Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық есептелуіне және уақтылы төленуіне, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарының уақтылы ұсталуына және жинақтаушы зейнетақы қорларына уақтылы аударылуына салық бақылауын жүзеге асырады;
      8) мемлекет меншігіне алынған мүлікті есепке алу , сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібін сақтауға, оның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті уәкілетті органға толық және уақтылы берілуіне, сондай-ақ оны өткізген жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақтылы түсуіне бақылауды жүзеге асырады.
      Ескерту. 15-1-баппен толықтырылды - ҚР-ның 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      16-бап. Салық қызметi органдарының құқықтары

      1. Салық қызметi органдары:
      1) осы Кодексте көзделген нормативтiк құқықтық актiлердi өз құзыреті шегінде әзірлеуге және бекiтуге;
      2) өз құзыретi шегiнде салық мiндеттемелерiнiң туындауы, орындалуы мен тоқтатылуы жөнiнде түсіндiрудi жүзеге асыруға және түсiнiктеме беруге;
      3) осы Кодексте белгiленген тәртiппен салық бақылауын жүзеге асыруға;
      4) салық төлеушiнің бухгалтерлiк құжаттамасына, сметаларына, ақшасының бар-жоғына, бағалы қағаздарына, есеп айырысуларына, декларацияларына және салық мiндеттемелерiн орындауға байланысты өзге де құжаттарына Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленген талаптарды сақтай отырып, тексеру жүргiзуге;
      5) салық төлеушiден уәкiлеттi орган белгiлеген нысандар бойынша салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеу мен төлеу (ұстау мен аудару) жөнiнде құжаттар, оларды толтыру жөнiнде түсiндiрмелер, сондай-ақ салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарының және Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдардың дұрыс есептелгендiгiн және дер кезiнде төленгендiгiн (ұсталғандығын және аударылғандығын) растайтын құжаттар берудi, сондай-ақ резидент салық төлеушiнiң Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерде орналасқан еншiлес компанияларының қаржылық есептiлiгiн қоса алғанда, оның шоғырландырылған қаржылық есептiлiгiн талап етуге;
      6) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен салық тексеруiн жүзеге асыру барысында салықтық құқық бұзушылықтар жасалғанын айғақтайтын құжаттарды салық төлеушiден алып қоюға;
      7) орналасқан жерiне қарамастан табыс табу үшiн пайдаланылатын кез келген салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердi тексеруге, салық төлеушiнiң мүлiктерiне (тұрғын үй-жайлардан басқа) түгендеу жүргiзуге;
      8) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тiзбе бойынша уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен салық төлеушiден электрондық құжаттар түрiндегi ақпарат алуға;
      9) мыналарға:
      салық салуға байланысты мәселелер бойынша тексерiлетiн салық төлеушiге - заңды тұлға мен дара кәсiпкерге;
      қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша, уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен әрекетсiз заңды тұлғаға;
      заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң және мәслихаттың депутаттығына, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне кандидат ретiнде тiркелген тұлғаға және оның зайыбына (жұбайына) қатысты коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген талаптарды сақтай отырып, банктерден немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмiрлерi туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы мәлiметтер алуға;
      10) осы Кодекстiң ерекше бөлiмiнде көзделген жағдайларда салық төлеушiнің салық мiндеттемесiн жанама әдiспен айқындауға;
      10-1) салық тексерулерiне басқа да мемлекеттiк органдардың мамандарын тартуға;
      11) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес соттарға талаптар қоюға құқылы;
      12) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 49-бабы 2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша заңды тұлғаны тарату туралы сотқа талап-арыз беруге құқылы.
      1-1. Салық қызметi органдары Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде жүктелген мiндеттердi iске асыруды уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен электрондық тәсiлмен жүзеге асыруға құқылы.
      2. Салық қызметi органдарының Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтары бар.
       Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2003.07.10. N 483 , 2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгізіледі), 2007 жылғы 28 ақпандағы N 235 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз), 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      17-бап. Салық қызметi органдарының мiндеттерi

      1. Салық қызметi органдары:
      1) салық төлеушiнiң құқықтарын сақтауға;
      2) мемлекеттiң мүдделерiн қорғауға;
      3) салық төлеушiнiң салық мiндеттемелерiн орындауына, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдардың толық есептелуiне және уақтылы төленуiне, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарының дер кезiнде ұсталуына және аударылуына салық бақылауын жүзеге асыруға;
      4) салық төлеушiлердiң, салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердің есебiн, есептелген және төленген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есебiн белгiленген тәртiппен жүргiзуге;
      5) белгiленген салық есептiлiгiнiң нысандарын толтыру  тәртiбiн түсiндiруге;
      6) салық тексеруiн қатаң нұсқамалар бойынша жүргiзуге;
      7) осы Кодекс ережелерiне сәйкес салық құпиясын сақтауға;
      8) осы Кодексте көзделген мерзiмдер мен жағдайларда салық төлеушiге салық мiндеттемелерiнiң орындалуы жөнiнде хабарлама тапсыруға;
      9) салық төлеушiнiң өтiнiшi бойынша үш күн мерзiмнен кешiктiрмей салық мiндеттемелерiн орындауы жөнiндегi бюджетпен есеп айырысуларының жай-күйi туралы оның жеке шотынан көшiрменi беруге;
      10) салық төлеушiге берiлетiн, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша салық мiндеттемелерiнің орындалу фактiсiн растайтын квитанциялар көшiрмесiнiң бес жыл бойы сақталуын қамтамасыз етуге;
      11) мемлекет меншiгiне айналған мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткiзу тәртiбiнiң сақталуын, оның Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиiстi уәкiлеттi органға толық және уақтылы тапсырылуын, сондай-ақ ол сатылған жағдайда ақшаның бюджетке толық және дер кезiнде түсуiн бақылауды жүзеге асыруға;
      12) салық мiндеттемелерiнің орындалуын қамтамасыз ету тәсiлдерiн қолдануға және салық төлеушiден салық берешегiн осы Кодекске сәйкес мәжбүрлеп өндiрiп алуға;
      13) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы  кодексiне сәйкес салық төлеушiге әкiмшiлiк айыппұлдар салуға мiндеттi.
      2. Салық тексеруi барысында салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуден қасақана жалтару фактiлерi, сондай-ақ қылмыс белгiлерiн көрсететiн әдейi, жалған банкроттық фактiлерi анықталған кезде, салық органдары Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес iс жүргiзу шешiмiн қабылдау үшiн тиiстi құқық қорғау органдарының тергеуiне жататын материалдарды жiбередi.
      3. Салық қызметi органдары Қазақстан Республикасының салық заңдарымен көзделген өзге де мiндеттердi орындайды.
      Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.06.22. N 147 Заңдарымен.

      18-бап. Мүдделер қақтығысы

      Салық қызметi органдары лауазымды адамдарының жақын туысы (ата-анасы, жұбайы (зайыбы), аға-iнiлерi, апа-қарындастары, балалары) немесе жекжаты (ерлi-зайыптылардың аға-iнiлерi, апа-қарындастары, ата-анасы мен балалары) болып табылатын және (немесе) қаржылық жағынан тiкелей немесе жанама мүдделiлiгi бар салық төлеушiге қатысты мұндай лауазымды адамның қызметтiк мiндеттерiн жүзеге асыруына тыйым салынады.

      19-бап. Кеден органдарының салықтар алу жөнiндегi
               өкiлеттiгi

      Кеден органдары, Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан тауарлар өткiзiлген кезде, осы Кодекске және Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi алуды жүзеге асырады.

      20-бап. Уәкiлеттi органдардың өкiлеттiктерi

      Уәкiлеттi органдардың бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдердi алу жөнiндегi өкiлеттiктерi осы Кодекстiң ерекше бөлiмiнде айқындалады.    

      21-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың өкiлеттiктерi

      1. Кенттердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердiң әкiмдерi (бұдан әрi - әкiмдер) салық төлеушi - жеке тұлға төлейтiн мүлiкке, көлiк құралдарына салынатын салықтарды, жер салығын жинауды ұйымдастырады.
      2. Осы баптың 1-тармағында аталған салықтарды жинау қатаң есептiлiк құжаты болып табылатын квитанция негiзiнде жүзеге асырылады. Квитанция нысанын уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      3. Осы баптың 1-тармағында аталған салықтарды жинауды ұйымдастыру кезiнде әкiмдер:
      1) есептелген күнiнен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей салық органы есептеген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасы туралы хабарламаларды салық төлеушiге тапсыруды;
      2) салық төлеушiге - жеке тұлғаға салық сомаларын төлеу фактiсiн растайтын квитанция берудi;
      3) банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға ақша қабылдау жүзеге асырылған банктiк күннен кейiнгi келесi күннен кешiктiрмей, салық сомаларын кейiннен бюджет есебiне жатқызу үшiн күн сайын өткiзудi қамтамасыз етедi. Егер күн сайынғы ақша түсiмi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген он еселенген айлық есептiк көрсеткiштен кем болса, сондай-ақ банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым болмаған кезде елдi мекенде ақша өткiзу үш банктiк күнде бiр рет жүзеге асырылады;
      4) квитанциялардың дұрыс толтырылуын және сақталуын;
      5) салық органына квитанцияларды пайдалану туралы, сондай-ақ салық сомаларын уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен және мерзiмде банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға өткiзу туралы есептердi берудi қамтамасыз етедi.

      4. Күші жойылды - ҚР 2008.12.10 N 100-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.       22-бап. Салық қызметi органдарының басқа мемлекеттiк
              органдармен өзара iс-әрекетi       1. Салық қызметi органдары орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдармен өзара iс-әрекет жасайды, бiрлескен бақылау шараларын қолданады, өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етедi.
      2. Мемлекеттiк органдар салық заңдарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттердi орындауда салық қызметi органдарына жәрдемдесуге мiндеттi.
      3. Салық қызметi органдары мен кеден органдары өздерiне жүктелген салық бақылауын жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттердi өзара iс-әрекет жасау арқылы орындайды.
      4. Салық қызметi органдары мен жергiлiктi атқарушы органдар салық жинауды жүзеге асыру бойынша бiр-бiрiмен өзара iс-әрекет жасайды.  
     23-бап. Салық қызметi органдарының лауазымды адамдарын
             құқықтық және әлеуметтiк қорғау       1. Салық қызметi органдарының лауазымды адамдары қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде заңмен қорғалады.
      2. Қызметтегi жұмысын жүзеге асыруына байланысты салық қызметi органдарының лауазымды адамының денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келген жағдайда, оған республикалық бюджет қаражатынан бес айлық жалақы мөлшерiнде бiржолғы өтемақы төленедi, кейiн бұл сома Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кiнәлi адамдардан өндiрiп алынады.
      3. Қызметтегi жұмысын жүзеге асыруына байланысты салық қызметi органдарының лауазымды адамының денсаулығына кәсiби қызметiмен одан әрi айналысуына мүмкiндiк бермейтiн ауыр зиян келген жағдайда, оған республикалық бюджет қаражатынан, кiнәлi адамдардан кейiн сомасы өндiрiп алынатын, бес жылдық ақшалай табысы мөлшерiнде бiржолғы өтемақы, сондай-ақ оның лауазымдық жалақысы мен зейнетақысының мөлшерi арасындағы айырма (өмiр бойы) төленедi.
      4. Салық қызметi органдарының лауазымды адамы қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде қайтыс болған жағдайда қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасына немесе оның асырауындағы адамдарға (мұрагерлерiне):
      1) қаза тапқан (қайтыс болған) адамның соңғы лауазымы бойынша республикалық бюджет қаражатынан он жылдық ақшалай табысы мөлшерiнде бiржолғы жәрдемақы төленедi;
      2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде және тәртiппен асыраушысынан айрылуына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы тағайындалады.
      5. Қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты салық қызметi органдары лауазымды адамдарының денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген зиян, сондай-ақ салық қызметi органдары лауазымды адамдарының отбасы мүшелерi мен жақын туыстарының денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген зиян, осы сома кейiн кiнәлi адамдардан өндiрiп алына отырып, республикалық бюджет қаражатынан толық көлемiнде өтеледi. 2-бөлім. Салық міндеттемесі 4-тарау. Жалпы ережелер       24-бап. Салық мiндеттемесi       1. Салық төлеушiнiң салық заңдарына сәйкес мемлекет алдында туындаған мiндеттемесi салық мiндеттемесi деп танылады, оған сәйкес салық төлеушi салық органына тiркеу есебiне тұруға, салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердi айқындауға, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеуге, салық есептiлiгiн жасауға , оны белгiленген мерзiмде табыс етуге, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуге мiндеттi.
      2. Мемлекет салық қызметi органы арқылы салық төлеушiден - оның салық мiндеттемелерiн толық көлемiнде орындауын талап етуге, ал олар орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған жағдайда оларды қамтамасыз ету жөнiндегi тәсiлдердi және осы Кодексте көзделген тәртiппен мәжбүрлеп орындату шараларын қолдануға құқылы.       25-бап. Салық салу объектiлерi мен салық салуға
               байланысты объектiлер       Мүлiк пен iс-әрекеттер салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлер болып табылады, олардың болуына байланысты салық төлеушiнің салық мiндеттемесi туындайды.
      Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемнiң әрбiр түрi бойынша салық салу объектiсi мен салық салуға байланысты объект осы Кодекстiң ерекше бөлiмiне сәйкес айқындалады.       26-бап. Салық базасы       Салық базасы дегенiмiз салық салу объектiсi мен салық салуға байланысты объектiнiң құн, физикалық немесе өзге де сипаттамалары, олардың негiзiнде бюджетке төленуге тиiс салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасы айқындалады.       27-бап. Салық ставкасы       1. Салық ставкасы салық базасының өлшем бiрлiгiне салық есептеулерiнің шамасын бiлдiредi.
      2. Салық ставкасы салық базасының өлшем бiрлiгiне процентпен немесе абсолюттi сомамен белгiленедi.       28-бап. Салық кезеңi       Осы Кодекстiң ерекше бөлiмiне сәйкес жекелеген салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдерге қатысты белгiленген уақыт кезеңi салық кезеңi деп түсiнiледi, ол аяқталған соң салық базасы айқындалады және бюджетке төленуге тиiс салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасы есептеледi. 5-тарау. Салық міндеттемесін орындау       29-бап. Салық мiндеттемесiн орындау       1. Егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, салық төлеушi салық мiндеттемесiн орындауды дербес жүзеге асырады.
      2. Салық төлеушi салық мiндеттемесiн орындау үшiн мынадай iс-әрекеттер жасайды:
      1) салық органына тiркеу есебiне тұрады;
      2) салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердiң есебiн жүргiзедi;
      3) салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердi, салық базалары мен салық ставкаларын негiзге ала отырып, бюджетке төленуге тиiстi салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасын есептейдi;
      4) салық есептiлiгiн жасайды және оны белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде салық қызметi органдарына табыс етедi;
      5) салық заңдарында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есептеп шығарылған және есептелген сомаларын, сондай-ақ салық мiндеттемесi орындалмаған жағдайларда, салық өсiмпұлдары мен айыппұлдарын төлейдi.
      Салық төлеушi салық мiндеттемесiн осы Кодексте белгiленген тәртіппен және мерзiмдерде орындауы тиiс.
      3. Салық төлеушi салық мiндеттемесiн мерзiмiнен бұрын орындауға құқылы.
      4. Салық төлеушiнiң қолма-қол ақшасыз төлеу нысанында орындалатын салық мiндеттемесi банктен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомасына төлем тапсырмасы акцептiн алған күннен бастап немесе салық төлеушi төлемдi банкоматтар немесе өзге де электронды құрылғылар арқылы жүзеге асырған күннен бастап, ал қолма-қол ақша нысанында - салық төлеушi аталған соманы банкке немесе уәкiлеттi органға төлеген кезден бастап орындалды деп есептеледi.
      5. Салық төлеушiнiң салық агентi орындайтын салық төлеу жөнiндегi салық мiндеттемесi оны ұстап қалған күннен бастап орындалды деп есептеледi.
      6. Салықтар төлеу жөнiндегi салық мiндеттемесi осы Кодекстiң 39 және 252-баптарында белгiленген тәртiппен есепке жатқызу жолымен орындалуы мүмкін.
      7. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер жөнiндегi салық мiндеттемесi, Қазақстан Республикасының акционерлiк қоғамдардың қызметiн реттейтiн заң актілерiнде көзделген жағдайларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен және жер қойнауын пайдалануға жасалған келiсiм-шарттардың ережелерiмен заттай нысанда төлеу немесе шетелдiк валютамен төлеу көзделген жағдайларды қоспағанда, теңгемен орындалады.
      Ескерту. 29-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.12.11. N  201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.       30-бап. Салық мiндеттемесiн орындау кезiнде салық
               және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi
               төлемдердi есептеу ерекшелiктерi       1. Төлем көзiнен ұсталатын салық сомаларын есептеудi салық агентi жүзеге асырады.
      2. Осы Кодекстiң ерекше бөлiмiнде көзделген жағдайларда салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң жекелеген түрлерiнiң сомасын есептеу жөнiндегi мiндет салық органына және уәкiлеттi органдарға жүктелуi мүмкiн.       31-бап. Салық қызметi органдарының салық мiндеттемесiн
               орындау жөнiндегi хабарламасы       1. Салық төлеушiнiң салық мiндеттемесiн орындау қажеттiгi туралы салық қызметi органының салық төлеушiге қағазға түсiрiлген немесе оның жазбаша келiсiмiмен электрондық тәсiлмен жiберген хабары хабарлама деп танылады.
      2. Хабарлама түрлерi төменде аталған түрлермен шектеледi және олар салық төлеушiге мынадай мерзiмдерде:
      1) салық органы осы Кодекстiң 30-бабының 2-тармағына сәйкес есептеген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасы туралы - есептеп шығарылған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей;
      2) салық тексеруi нәтижелерi бойынша салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер мен өсiмпұлдардың есептелген сомасы туралы - салық тексеруi актiсiн табыс еткен күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей;
      3) алып тасталды
      4) мерзiмiнде орындалмаған салық мiндеттемесiнiң орындалуын қамтамасыз ету жөнiнде қолданылатын шаралар туралы, осы Кодекстiң 45-бабының 1) тармақшасында белгiленген жағдайды қоспағанда, - осы Кодекстiң 47-бабының 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген мерзiмдер аяқталғаннан кейiн;
      5) салық берешегiн мәжбүрлеп өндiрiп алудың қолданылатын шаралары туралы - мәжбүрлеп өндiрiп алу шаралары қолданыла бастағанға дейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей;
      6) дебиторлардың банк шоттарындағы ақшадан өндiрiп алу туралы - өндiрiп алуға дейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей;
      7) камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы - салық есептiлiгiнде бұзушылық анықталған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей;
      8) салық төлеушiнiң шағымын қарау нәтижелерi бойынша салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер мен өсiмпұлдардың есептелген сомалары туралы - шағым бойынша шешiм қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей;
      9) салық заңдарын бұзушылықты жою туралы - оларды анықтаған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрілмей;
      10) қосылған құн салығын төлеушi болып табылатын және орналасқан (тұрғылықты) жерi өзгерген күннен бастап мұндай өзгерiстер туралы жиырма жұмыс күнi iшiнде салық органын хабардар етпеген тұлғаны есептен шығару туралы - қосылған құн салығы бойынша есептен шығарылған күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей жiберiледi.       РҚАО-ның ескертуі!
      3-тармаққа 2012 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 224 Заңымен өзгерту енгізіледі.
      3. Хабарламада салық төлеушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты немесе толық атауы; салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi; хабардар етiлген күн; Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда салық мiндеттемесiнiң сомасы; салық мiндеттемесiн орындау туралы талап; хабарлама жiберу үшiн негiздеме; шағымдану тәртiбi көрсетiледi.
      Хабарламалардың нысанын уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      4. Осы баптың 2-тармағының 10) тармақшасында көрсетiлген, жiберу фактiсi сол бойынша расталатын хабарламаны қоспағанда, хабарлама салық төлеушiнің (өкiлiнің) жеке өзiне қол қойдырылып немесе жөнелту мен алу фактiсiн растайтын өзге де тәсiлмен тапсырылуға тиiс.
      4-1. Осы баптың 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген хабарламаны салық төлеушi өзiне (өзi) хабарлама тапсырылған (алған) күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде орындауға тиiс.
      5. Осы бапта көзделген ережелер салық агентiне жiберiлетiн хабарламаға қатысты да қолданылады.
      Ескерту. 31-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.12.11. N  201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.       32-бап. Салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерi       1. Салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерi осы Кодекспен белгiленедi. Бұл ретте, осы Кодексте белгiленген мерзiмнiң өтуi оның басталуы айқындалған нақты оқиғадан немесе заңды iс-әрекеттен кейiн келесi күнi басталады. Мерзiм осы Кодексте белгiленген кезең аяқталған күнiнiң соңында бiтедi. Егер мерзiмнің соңғы күнi жұмыс күнi болмаса, мерзiм келесi жұмыс күнiнiң соңында аяқталады.
      2. Салық органдары салық бақылауы нәтижелерi бойынша салықтар, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер мен өсiмпұлдардың есептелген сомалары туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңдарын бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жiберген жағдайда, салық мiндеттемесi салық төлеушiге хабарлама тапсырылған (салық төлеушi хабарлама алған) күннен кейiнгi отыз жұмыс күнi iшiнде орындалуға тиiс.
      3. Салық тексеруi нәтижелерi бойынша салық органдарының хабарламасында көрсетiлген салықтар, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер өсiмпұлдар есептелген сомаларымен (төлем көздерiнен ұсталатын акциздердің және салықтардың есептелген сомаларынан басқа) салық төлеушi келiскен жағдайда, салық төлеушiнiң өтiнiшi бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмi алпыс жұмыс күнiне ұзартылуы мүмкiн. Бұл ретте көрсетiлген сома төлеу мерзiмi ұзартылған әрбiр күнге өсiмпұл есептеле отырып, осы кезеңнiң әрбiр он бес жұмыс күнi сайын тең үлеспен бюджетке төленуге тиiс.
      4. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлiк қоғамдардың салық берешегi сомаларын жабу үшiн соттың шешiмiмен жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару жүргiзiлетiн салық берешек сомаларын төлеу жөнiндегi мiндеттемелерiн орындау мерзімдерi жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы сот шешiмi күшiне енген кезден бастап оларды орналастыру (өткiзу) аяқталғанға дейiн тоқтатыла тұрады.
      Ескерту. 32-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.12.11. N  201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.        33-бап. Салық берешегiн өтеу тәртiбi       Салық берешегiн өтеу мынадай тәртiппен жүргiзiледi:
      1) есептеп қосылған өсiмпұлдар;
      2) бересi сомасы;
      3) айыппұлдар сомасы.
      Ескерту. 33-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.        34-бап. Таратылатын заңды тұлғаның салық мiндеттемесiн
              орындауы       1. Таратудың салық есептiлiгiнде көрсетiлген салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу осындай салық есептiлiгi табыс етiлген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi.
      Салық есептiлiгiнде (тарату есептiлiгiн қоспағанда) көрсетiлген салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу мерзiмi осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн басталатын жағдайда, мұндай төлем таратудың салық есептiлiгi табыс етiлген күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
      Таратылатын заңды тұлғаның салық берешегi аталған заңды тұлғаның ақшасы, оның iшiнде оның мүлкiн сатудан алынған ақша есебiнен Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген кезектiлiк тәртiбiмен өтеледi. Бұл ретте таратылатын заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерiнiң салық берешегі де өтеледі.
      2. Егер таратылатын заңды тұлғаның мүлкi салық берешегiн толық сөйлемде өтеу үшiн жеткiлiксiз болса, салық берешегiнiң қалған бөлiгiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгіленген жағдайларда, таратылатын заңды тұлғаның құрылтайшылары (қатысушылары) өтейдi.
      3. Егер таратылатын заңды тұлғада салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң артық төленген сомалары бар болса, онда көрсетiлген сомалар осы Кодекстiң 39-бабында белгiленген тәртiппен таратылатын заңды тұлғаның салық берешегiн өтеу есебiне есептеуге жатқызылады.
      Таратылатын заңды тұлғада салық берешегi болмаған жағдайда, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң артық төленген сомасы осы заңды тұлғаға қайтарылуға тиiс.
      Ескерту. 34-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.       35-бап. Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде салық
               мiндеттемесiн орындау       1. Қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның салық мiндеттемесiн орындау оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) жүктеледi.
      2. Қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқық мирасқорын (құқық мирасқорларын), сондай-ақ құқық мирасқорларының салық берешегiн өтеуге қатысу үлесiн белгiлеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы осы заңды тұлғаның құқық мирасқорының (құқық мирасқорларының) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу жөнiндегi оның салық мiндеттемелерiн орындау мерзiмдерiн өзгертуге негiз болып табылмайды.
      4. Заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылғанға дейiн артық төлеген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерiнiң сомасын салық органы қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның салық берешегін өтеу есебiне есептеуге жатқызады.
      5. Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның салық берешегi болмаған жағдайда, осы заңды тұлғаның артық төлеген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомасы оның құқық мирасқорына қайтарылуы тиiс.       36-бап. Қайтыс болған жеке тұлғаның салық берешегiн
               өтеу       1. Қайтыс болған жеке тұлғаның ол қайтыс болған күнiнде жиналып қалған салық берешегiн оның мұрагерi (мұрагерлерi) мұраға қалдырылған мүлік құны шегiнде және мұраны алған күнгі ондағы үлесiне барабар өтейдi.
      2. Жеке тұлғаның мұрагерi болмаған жағдайда, ол қайтыс болған күнiнде жиналып қалған салық берешегi өтелдi деп есептеледi.       37-бап. Сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған жеке
               тұлғаның салық мiндеттемесiн орындау       1. Жеке тұлғаны сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған жағдайда, мұндай жеке тұлғаға қатысты салық мiндеттемесi шешiм шығарылған күннен бастап тоқтатыла тұрады.
      2. Сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған жеке тұлғаның салық берешегiн хабар-ошарсыз кеткен адамның мүлкiн басқаруға қорғаншы орган уәкiлеттiк берген адам өтейдi.
      3. Егер белгiленген тәртiппен хабар-ошарсыз кеттi деп танылған адамның мүлкi салық берешегiн өтеу үшiн жеткiлiксiз болса, онда хабар-ошарсыз кеткен адамның салық берешегiнiң өтелмеген бөлiгiн салық органы мүлiктің жеткiлiксiздiгi туралы сот шешiмi негiзiнде есептен шығарады.
      4. Сот адамды хабар-ошарсыз кеттi деп тану туралы шешiмнің күшiн жойған жағдайда, салық мiндеттемесi бойынша белгiленген талап қою мерзiмiне қарамастан, бұрын салық органы есептен шығарған салық берешегiнiң күшi қайта басталады.       38-бап. Салық мiндеттемесi бойынша талап қою мерзiмi       1. Салық қызметi органы, осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, салық кезеңi аяқталғаннан кейiн бес жыл iшiнде салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеуге немеce олардың есептелген сомасын қайта қарауға құқылы.
      1-1. Қызметiн жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шартқа сәйкес жүзеге асыратын салық төлеушiлер бойынша салық қызметi органы жер қойнауын пайдалануға келiсiм-шарттың қолданылу мерзімi аяқталғаннан кейiн бес жыл iшiнде үстеме пайдаға салынатын салық, сондай-ақ салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдер сомасын есептеуге немесе олардың есептелген сомасын қайта қарауға құқылы, оларды есептеу әдiстемесiнде мынадай көрсеткiштердiң бiрi: рентабельдiлiктiң iшкi нормасы (РIН) немесе пайданың iшкi нормасы немесе R-фактор (табыс көрсеткiшi) қолданылады.
      1-2. Салық төлеушi осы баптың 1-тармағында белгiленген талап қою мерзiмi күнтiзбелiк бiр жылдан аз уақытта бiтетiн кезең үшiн қосымша салық есептiлiгiн табыс еткен жағдайда, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомаларын есептеп қосу және (немесе) олардың есептеп қосылған сомаларын қайта қарау бөлiгiнде көрсетiлген талап қою мерзiмi бiр күнтiзбелiк жылға ұзартылады.
      1-3. Салық төлеушi осы Кодекстiң 100-бабының 4-тармағын және 144-бабының 25-1) тармақшасын қолданған жағдайда, осы баптың 1-тармағында белгiленген талап қою мерзiмi корпорациялық табыс салығы мен жеке табыс салығын есептеу және (немесе) қайта қарау бөлiгiнде жеке тұлғаның мiндеттемелердi орындауы бойынша осы Кодекстiң 100-бабы 4-тармағының 1) тармақшасында белгiленген мерзiмнен бес жылға дейiн ұзартылады.
      2. Салық төлеушi салық кезеңi аяқталғаннан кейiн бес жыл iшiнде және (немесе) осы баптың 1-1-тармағында аталған салықтар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн бес жыл iшiнде салықтың артық төленген сомасын есепке жатқызуды немесе салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң артық төленген сомасын қайтаруды талап етуге құқылы.
      Ескерту. 38-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.12.11. N  201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.   6-тарау. Салық міндеттемесін орындау бойынша
бюджетпен есеп айырысу кезінде салықтың, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң және өсiмпұлдың артық
төленген сомаларын есепке жатқызу және қайтару       Ескерту. 6-тараудың тақырыбына өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  39-бап. Салық мiндеттемесiн орындау бойынша бюджетпен
              есеп айырысу кезiнде салық төлеушiнiң артық
              төлеген салық, төлемақы, өсiмпұл сомаларын
              есепке жатқызу       1. Өткен салық кезеңдерiндегi салықтың, төлемақының, өсiмпұлдың осы түрi бойынша мiндеттемелер ескерiле отырып, салықтың, төлемақының, өсiмпұлдың салық кезеңiнде бюджетке төленген және төлеуге есептелген сомалары арасындағы айырма артық төленген салық, төлемақы, өсiмпұл сомасы болып танылады.
      Осы Кодекстiң 198-1-бабына сәйкес резидент емес салық төлеушiге қайтарылуға тиiс төленген салық сомасы да артық төленген салық сомасы болып танылады.
      2. Осы тараудың мақсаттары үшiн жер учаскелерiн пайдаланғаны, жер бетiндегi көздердiң су ресурстарын пайдаланғаны, қоршаған ортаға эмиссия, радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны, қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын , сондай-ақ ұялы байланысты бергенi үшiн төлемақылар төлемақы деп танылады.
      3. Бюджетке артық төленген салық және төлемақы сомасы салық берешегiн өтеу есебiне:
      1) салық төлеушiнiң өтiнiшiнсiз салықтың және төлемақының осы түрi бойынша өсiмпұлдар мен айыппұлдарды өтеу есебiне;
      2) салық төлеушiнiң өтiнiшi бойынша өтiнiш берiлген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде мынадай тәртiппен:
      салықтың және (немесе) төлемақының басқа да түрлерi бойынша бересiнi, өсiмпұл мен айыппұлдарды өтеу есебiне;
      салықтың және (немесе) төлемақының осы және басқа да түрлерi бойынша алдағы төлемдер есебiне мiндеттi есепке жатқызылуға тиiс.
      4. Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы тауарларды өткiзген кезде кеден органдары алатын салықтардың бюджетке артық төленген сомасы салық төлеушiнiң өтiнiшi бойынша салықтың артық төленген сомаларының бар екендiгi туралы кеден органының растамасымен қоса, өтiнiш берiлген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде салық берешегiн өтеу есебiне мынадай тәртiппен:
      салықтың басқа да түрлерi бойынша бересiнi, өсiмпұл мен айыппұлдарды өтеу есебiне;
      салықтың басқа да түрлерi бойынша алдағы төлемдер есебiне есепке жатқызылуға тиiс.
      5. Бюджетке артық төленген өсiмпұл сомасы:
      1) салық төлеушiнiң өтiнiшiнсiз салықтың және төлемақының осы түрi бойынша бересi мен айыппұлдарды өтеу есебiне;
      2) салық төлеушiнiң өтiнiшi бойынша өтiнiш берiлген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде мынадай тәртiппен:
      салықтың және (немесе) төлемақының басқа түрлерi бойынша бересiнi, өсiмпұл мен айыппұлдарды өтеу есебiне;
      салықтың және (немесе) төлемақының осы және басқа да түрлерi бойынша алдағы төлемдер есебiне есепке жатқызылуға тиiс.
      6. Егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, артық төленген салық, төлемақы, өсiмпұл сомасын есепке жатқызуды бюджетке салық, төлемақы, өсiмпұл төлейтiн жердегi салық органы осы бапта белгiленген тәртiппен жүргiзедi.
      7. Осы баптың 3 және 5-тармақтарында белгiленген мерзiм бұзылған жағдайда, есепке жатқызу мерзiмi бұзылған әр күн үшiн, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерiнде өсiмпұл есептеледi.
      8. Бюджетке артық төленген салық, төлемақы, өсiмпұл сомасы басқа салық төлеушiнiң салық мiндеттемесi бойынша берешегiн өтеу есебiне есепке жатқызылмауға тиiс.
      Ескерту. 39-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.12.11 N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), өзгерту енгізілді - 2008.11.21 N 89-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңдарымен.       40-бап. Салық мiндеттемесiн орындаған кезде салықтың,
              бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi
              төлемдердiң және өсiмпұлдың артық төленген
              сомаларын қайтару       1. Салықтың төлемақының, өсiмпұлдың артық төленген сомасы осы Кодекстiң 39-бабында көзделген есепке жатқызуларды жүргiзгеннен кейiн салық төлеушiнiң өтiнiшi бойынша оның банк шотына аударылуға тиiс.
      2. Егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, салықтың төлемақының, өсiмпұлдың артық төленген сомасын қайтару салық төлейтiн жер бойынша қайтару туралы өтiнiш берiлген күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi.
      2-1. Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы тауарларды өткiзген кезде кеден органдары алатын салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, өсiмпұлдың артық төленген сомасын қайтару, бюджетке кедендiк төлемдердiң, салықтардың және өсiмпұлдың артық төленген сомасының бар екендiгi туралы кеден органының растамасымен қоса, қайтару туралы өтiнiш берiлген күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде төленген жерi бойынша жүргiзiледi.
      3. Осы баптың 2-тармағында белгiленген мерзiм бұзылған жағдайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерiнде, қайтару мерзiмiнiң әрбiр бұзылған күнi үшiн өсiмпұл есептеледi.
      4. Егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, бюджетке төленген басқа мiндеттi төлемдердiң, өсiмпұлдың артық төленген сомасын қайтару осы бапқа сәйкес жүргiзiледi.
      Ескерту. 40-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.12.11. N  201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.   7-тарау. Салықтарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін
орындау мерзімдерінің өзгертілуі       41-бап. Салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн
               орындау мерзiмдерiнiң өзгертiлу ұғымы және
               оның жалпы шарттары       1. Салықтарды (төлем көзiнен ұсталатын салықтар мен акциздерден басқа) төлеудiң осы Кодекспен белгiленген мерзiмiн салық төлеушiнiң негiзделген өтiнiшi негiзiнде, неғұрлым кеш мерзiмге, бiрақ күнтiзбелiк жылдың он айынан асырмай ауыстыру салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту деп танылады.
      2. Өзгертiлген мерзiм бойынша салық мiндеттемесiн орындау құқығы басқаға берiлуге тиiс емес.
      3. Салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту, осы Кодекстiң ерекше бөлiмiнде белгiленген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушiнi осы Кодекстiң 46-бабына сәйкес салықтар сомаларын дер кезiнде төлемегенi үшiн өсiмпұл төлеуден босатпайды.
      4. Салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту, осы Кодекстiң ерекше бөлiмiнде белгiленген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушiнің мүлкiн кепiлге алу немесе банк кепiлдiгi арқылы жүргiзiледi.
      5. Салық төлеушiнiң мүлкiн кепiлге алу және банк кепiлдiгi арқылы салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.       42-бап. Салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн
               орындау мерзiмiн өзгерту туралы шешiм
               қабылдауға уәкiлеттi орган       1. Республикалық бюджетке келiп түсетiн, сондай-ақ республикалық және жергiлiктi бюджеттер арасында бөлiнетiн салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы шешiмдi уәкiлеттi орган , осы Кодекстiң 249-бабында белгiленген жағдайларды қоспағанда, қабылдайды.
      2. Жергiлiктi бюджетке толық көлемiнде келiп түсетiн салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы шешiмдi салық төлеушiнi тiркеу есебiне алу орны бойынша салық органы жергiлiктi атқарушы органмен келiсе отырып қабылдайды.
      Ескерту. 42-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.        43-бап. Салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн
               орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы шешiмдердің
               қолданылуын тоқтату       1. Салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы шешiмнiң қолданылуы онда белгiленген қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн тоқтатылады.
      2. Салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы шешiмнiң қолданылуы салық төлеушi салықтардың бүкiл сомасын шешiмде белгiленген мерзiм аяқталғанға дейiн төлеген жағдайда немесе салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау шарттарын бұзған жағдайда мерзiмiнен бұрын тоқтатылады.       44-бап. Салық төлеушiнiң кепiлге салынған мүлкiнен
               өндiрiп алу және оны өткiзу тәртiбi       1. Кепiлмен (банк кепiлдiгiмен) қамтамасыз етiлген салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгертудiң шарттары орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған жағдайда, салық қызметi органдары салық төлеушiнің кепiлге салынған мүлкiн өндiрiп алуға не банк кепiлдiгiнiң орындалуын талап етуге құқылы.
      2. Салық төлеушiнiң кепiлге салған мүлкiн өткiзу Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген тәртiпке сәйкес жүргiзiледi. 8-тарау. Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін
орындауды қамтамасыз ету тәсілдері       45-бап. Мерзiмiнде орындалмаған салық мiндеттемесiн
              орындауды қамтамасыз ету тәсiлдерi       Салық төлеушiнiң белгiленген мерзiмде орындалмаған салық мiндеттемесiн орындау:
      1) төленбеген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомасына өсiмпұл есептеу;
      2) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
      3) салық төлеушiнiң салық берешегi есебiне мүлiкке билiк етуiн шектеу тәсiлдерiмен қамтамасыз етiлуi мүмкiн.
      Мерзiмiнде орындалмаған салық мiндеттемесiн орындауды қамтамасыз етудiң осы баптың 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген тәсiлдерi салық төлеушiге осы Кодекстiң 31-бабында белгiленген мерзiмдерде хабарлама жiберген кезде қолданылады.
      Салық төлеушiнiң нақты мекенжайы (тұрғылықты жерi) бойынша болмауына байланысты почта немесе өзге де байланыс ұйымы жiберiлген хабарламаны қайтарған жағдайда, мерзiмiнде орындалмаған салық мiндеттемесiн орындауды қамтамасыз етудiң осы баптың 2) тармақшасында көрсетiлген тәсiлi салық төлеушiнiң нақты мекенжайы (тұрғылықты жерi) бойынша болмауы туралы салық қызметi органдары жасаған актiнiң және салық төлеушiнiң орналасқан (тұрғылықты) жерiн анықтау мүмкiн еместiгi туралы тиiстi құқық қорғау органдары жауабының негiзiнде бес жұмыс күнi iшiнде қолданылады.
      Салық төлеушiнiң нақты мекенжайы (тұрғылықты жерi) бойынша болмауы туралы акт почта немесе өзге де байланыс ұйымы салық төлеушiнiң нақты мекенжайы (тұрғылықты жерi) бойынша болмауына байланысты жiберiлген хабарламаны қайтарған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жасалады.
      Ескерту. 45-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.        46-бап. Салық және бюджетке төленетiн басқа да
              мiндеттi төлемдердiң мерзiмiнде төленбеген
              сомасына өсiмпұл       1. Мерзiмi өткен салық мiндеттемесiнiң сомасына есептелетiн осы баптың 3-тармағында белгiленген мөлшер өсiмпұл болып танылады.
      2. Өсiмпұл сомасы салық берешегiн өтеу бойынша салық мiндеттемесiн мәжбүрлеп орындату шараларын, сондай-ақ салық заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылықтың өзге де шараларын қолдануға қарамастан есептеледi және төленедi.
      3. Өсiмпұл салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер төлеу мерзiмi күнiнен кейiнгi күннен бастап, өткен әрбiр күн үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландыру ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерiнде бюджетке төлеген күндi қоса алғанда, мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн есептеледi.
      4. Салық және басқа да мiндеттi төлемдердiң, өсiмпұлдардың, айыппұлдардың сомаларын банк шоттарының есебiнен шығару кезектiлiгiн сақтамағаны үшiн, сондай-ақ салық төлеушiлердiң банк шоттары есебiнен шығарылған және банктердiң немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың кассаларының салық және басқа да мiндеттi төлемдердi, өсiмпұлдарды, айыппұлдарды төлеу шотына қабылданған қолма-қол ақшаны бюджетке аударуды (есептеудi) кешiктiргенi үшiн банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға өсiмпұл есептеледi.
      5. Салық төлеушiнi банкрот деп таныған сот шешiмi қабылданғанда не оған қатысты мәжбүрлеп тарату туралы шешiм қабылданғанда, не оңалту рәсiмiн қолдану туралы ұйғарым қабылданғанда, осындай шешiм немесе ұйғарым күшiне енген күннен бастап, жиналған бересi сомасына өсiмпұл есептелмейдi.
      6. Бересiнің жиналып қалуының бiрден бiр себебi қызмет көрсететiн банктің таратылуы болып табылған жағдайда, мәжбүрлеп таратылған банктердiң кредит берушiлерiне бересi сомаларын дер кезiнде өтемегенi үшiн өсiмпұл банктi мәжбүрлеп тарату туралы шешiм күшiне енген кезден бастап есептелмейдi.
      7. Бересiнi өтеу үшiн сот шешiмiмен жарияланған акциялар мәжбүрлеп шығарылғанда, жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы сот шешiмi күшiне енгiзiлген кезден бастап оларды орналастыру аяқталғанға дейiн бересi сомасына өсiмпұл есептелмейдi.
      8. Жеке тұлға хабар-ошарсыз кеттi деп тану туралы сот шешiмi күшiне енген кезден бастап, оның күшi жойылғанға дейiн бересi сомасына өсiмпұл есептелмейдi.
      9. Салықтың артық төленген сомасы расталған жағдайда, осы Кодекстiң 39-бабының 2-тармағында белгiленген есепке алуды жүргiзу мерзiмi бұзылған ретте салық төлеушiнiң артық төленген салық сомасын есепке алуды жүргiзуге берген өтiнiшiнде көрсетiлген артық төленген салық сомасына барабар бересi сомасына өсiмпұл есептелмейдi.
      Аталған ереже осы Кодекспен белгiленген жағдайларға қолданылмайды.
      Ескерту. 46-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.        47-бап. Салық төлеушiнiң банк шоттары бойынша шығыс
               операцияларын тоқтата тұру       1. Заңды тұлғаның және жеке кәсiпкердiң банк шоттары (корреспонденциялық шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен:
      1) салық төлеушi салық есептiлiгiн тапсыру мерзiмi аяқталғаннан кейiн он жұмыс күнi iшiнде оны табыс етпеген;
      2) белгiленген төлеу мерзiмi күнiнен бастап отыз жұмыс күнi өткеннен кейiн салық берешегiн өтемеген;
      3) салық қызметi органының лауазымды адамдарының, осы Кодексте белгiленген салық тексеруiн жүргiзу тәртiбiн бұзған жағдайлардан басқа реттерде, салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердi салық тексеруiне, қарауына жол бермеген;
      4) осы Кодекстiң 45-бабында көзделген құжаттармен расталған салық төлеушiнiң орналасқан (тұрғылықты) жерiн анықтау мүмкiн болмаған жағдайларда жүргiзiледi.
      Банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру салық берешегiн өтеу жөнiндегi операциялардан басқа, салық төлеушiнiң барлық шығыс операцияларына қолданылады.
      2. Салық төлеушiнің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкiмi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесе отырып белгiлеген нысан бойынша шығарылады және банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым оны алған күннен бастап күшiне енедi.
      3. Салық төлеушiнiң банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкiмiн банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар сөзсiз орындауға тиiс.
      4. Шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiм шығарған салық органы банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру себебi жойылған күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей, банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiмнiң күшiн жояды.
      Салық төлеушiнiң банк шоты жабылған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банк тиiстi салық органына салық төлеушiнiң банк шотының жабылғаны туралы хабарламамен бiрге шот бойынша шығыс операцияларының тоқтатыла тұратыны туралы өкiмдi қайтарады.
      5. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер мен өсiмпұлдардың салық тексеруi нәтижесi бойынша есептелген сомасы туралы хабарламаға шағым жасалған жағдайда, банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру жүргiзiлмейдi.
      Ескерту. 47-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.12.11. N  201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.        48-бап. Салық төлеушiнiң салық берешегi есебiне мүлiкке
               билiк етуiн шектеу туралы шешiм шығару       1. Салық төлеушiнiң банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешiм шығарылған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде салық берешегi өтелмеген жағдайда, салық берешегi есебiне мүлiкке билiк етудi шектеу жүргiзiледi.
      Мүлiкке иелiктi шектеу туралы шешiм уәкiлеттi орган белгiлеген  нысан бойынша шығарылады.
      Жылжымайтын мүлiкке құқықтардың ауыртпалығын тiркеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
      2. Салық төлеушiнiң мүлкiне билiк етуiн шектеу туралы шешiм меншiк құқығындағы немесе шаруашылық жүргiзу құқығындағы (мүлiктi шаруашылық жүргiзуге беру туралы шартта оны иелiктен айыруға тыйым салу көзделген жағдайлардан басқа реттерде) мүлiкке қатысты шығарылады.
      Салық төлеушiнiң қаржы лизингiне және (немесе) кепiлге берiлген мүлкiне билiк етудi шектеу туралы шешiм шығарылған кезде салық органы осы мүлiкке қатысты шешiм шығарылған кезден бастап оның күшi жойылғанға дейiн салық органдарына - шарттың қолданылуы аяқталғанға дейiн осы мүлiктi алып қоюға, ал салық төлеушiге шарттың талаптарын өзгертуге (шарттың қолданылу мерзiмiн ұзартуға, қосалқы лизингке және (немесе) қайта кепiлге беруге) тыйым салынады.
      3. Мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiмдi салық органы салық төлеушiнiң жеке шотында бар салық берешегi сомасы туралы деректердiң негiзiнде қабылдайды.
      4. Мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiмнiң негiзiнде салық төлеушiге мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету шарттарын бұзғаны үшiн жауаптылық туралы ескертiле отырып, салық берешегi сомасына мүлiк тiзiмдемесiнiң актiсiн жасау жүргiзiледi.
      Билiк ету шектелген мүлiк тiзiмдемесi салық төлеушiнiң бухгалтерлiк есебi деректерiнiң негiзiнде айқындалатын оның бағасы көрсетiле отырып немесе Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы заң актiсiне сәйкес жүргiзiлетiн тәуелсiз бағалау негізiнде жүргiзiледi және уәкiлеттi орган белгiлеген нысанда және тәртiппен екi дана етiп жасалатын актiмен ресiмделедi.
      Тiзiмдеме актiсiн жасау кезiнде салық төлеушi мұндай мүлiкке меншiк құқығын және (немесе) шаруашылық жүргiзу құқығын растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн табыс етуге мiндеттi.
      Салық органы мүлiкке билiк етудi шектеу кезiнде қатысқан салық төлеушiге мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiмдi және мүлiк тiзiмдемесi актiсiнiң бiр данасын тапсыруға мiндеттi.
      5. Салық төлеушi салық берешегi сомаларын өтегеннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей салық органы мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешімнің күшін жояды.
      Ескерту. 48-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.07.04. N 475 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен. 9-тарау. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары       49-бап. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары       Салық тексеруі актісі бойынша хабарламаға шағым жасау жағдайларын қоспағанда, салық органдары мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданады. Мәжбүрлеп өндiрiп алу шаралары қолданыла бастағанға дейiн салық төлеушiге осы Кодекстiң 31-бабына сәйкес хабарлама жiберiледi. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу мынадай тәртіппен:
      1) банк шоттарындағы ақшасының есебінен;
      2) қолма-қол ақшасының есебінен;
      3) дебиторларының шоттарынан;
      4) билік ету шектелген мүлкін өткізу есебінен;
      5) жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару арқылы жүргiзiледi.
      Ескерту. 49-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2003.05.16. N 416 , 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.       50-бап. Салық берешегін банк шоттарындағы ақша есебінен
               өндіріп алу       1. Салық төлеушi декларациялар және (немесе) есеп айырысулар бойынша, сондай-ақ салық тексерулерi нәтижелерi бойынша есептеген салық берешегi сомалары төленбеген немесе толық төленбеген жағдайда, салық органы салық берешегiнiң сомасын салық төлеушiнің және (немесе) дербес салық төлеушi болып табылмайтын оның құрылымдық бөлiмшелерінің банк шоттарынан олардың келiсiмiнсiз мәжбүрлеу тәртiбiмен өндіріп алады.
      Осы тармақтың ережелерi Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру секьюритилендіру туралы заңнамалық актілеріне сәйкес өндiрiп алуға жол берiлмейтiн банк шоттарына қолданылмайды.
      2. Салық төлеушінің банк шоттарынан салық берешегі сомасын өндіріп алу, банк берген қарыздар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын ақшаның көрсетiлген қарыздардың өтелмеген негiзгi борышы мөлшерiндегi сомасын қоспағанда, салық органының инкассолық өкімі негізінде жүргізіледі.
      3. Банк салық төлеушінің бір банктік шотынан салық берешегін өндіріп алу туралы салық органының инкассолық өкімін орындаған кезде, банк салық органына салық төлеушінің аталған банкте ашқан басқа банк шоттарына салық органы шығарған инкассолық өкімдерді, егер салық органы мұндай инкассолық өкімдерді сол сомаға, берешектің сол түрі бойынша, сол есепті кезең үшін ұсынса, салық органының инкассолық өкімдердің орындалғандығын растайтын төлем құжатын қоса тіркеп, салық органына орындаусыз қайтарады.
      4. Инкассолық өкім Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілермен белгіленген нысан бойынша ұсынылады және онда салық төлеушінің немесе салық агентінің салық берешегi сомаларын өндiрiп алу жүргiзiлетiн банк шоты көрсетiледi.
      5. Салық төлеушiнiң теңгемен жүргiзiлетiн банк шоттарында ақша болмаған жағдайда, салық берешегi салық төлеушiнiң шетел валютасымен жүргiзiлетiн банк шоттарынан салық органдары теңгемен ұсынған инкассолық өкiмдерi негiзiнде өндiрiп алынады.
      6. Клиентке қойылған талаптардың бәрiн қанағаттандыру үшiн клиенттiң банктегi ақшасы жеткiлiктi болған жағдайда, салық берешегiн өндiрiп алуға инкассалық өкiмдi банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым бiрiншi кезекте және аталған өкiмдi алған күннен кейiнгi бiр операциялық күннен кешiктiрмей, банк шотында бар сомалар шегiнде орындайды.
      7. Салық төлеушiнiң банк шотында (шоттарында) ақшасы болмағанда немесе жеткiлiксiз болғанда, клиентке бiрнеше талаптар қойылған жағдайда банк осы шотқа (шоттарға) ақша түсуiне қарай және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген кезектiлiкпен салық берешегiн өтеу есебiне клиенттiң ақшасын алуды жүргiзедi.
      8. Салық органы салық берешегiн өндiрiп алу туралы инкассолық өкiм шығарған салық төлеушiнiң банк шотында ақша болмаған жағдайда, инкассолық өкiмдi орындауға қабылдаған банк заңдарға сәйкес салық төлеушiнің банк шоты жабылған кезде аталған инкассолық өкiмдi салық төлеушiнің банк шотының жабылуы туралы хабарламамен бiрге тиiстi салық органына қайтарады.
      Ескерту. 50-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.02.20.  N 127 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.        51-бап. Салық берешегi сомасын қолма-қол ақша есебiнен
               өндiрiп алу       1. Салық берешегi сомасын қолма-қол ақша есебiнен өндiрiп алу банк шоты болмаған немесе банк шотында ақша болмаған немесе жеткiлiксiз болған жағдайда жүргiзiледi.
      2. Бухгалтерлiк есептегi бастапқы есепке алу құжаттарында көрсетiлген салық төлеушiнiң қолма-қол ақшасын (соның iшiнде шетелдiк валютамен) салық органының алып қоюы салық берешегi сомасын қолма-қол ақша есебiнен өндiрiп алу деп танылады.
      3. Қолма-қол ақшаны алып қою уәкiлеттi орган бекiткен нысан бойынша алып қою туралы актiмен ресiмделедi.
      4. Салық төлеушiден алынған қолма-қол ақша алып қойылған күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей, кейiннен бюджетке аударатындай етiп салық төлеушiнiң банк шоттарына есептеу үшiн банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға тапсырылуға тиiс. Банк шоттары болмаған жағдайда, салық төлеушiден алынған қолма-қол ақша өндiрiп алынған күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей бюджет есебiне алынуға тиiс.
      Ескерту. 51-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.12.11. N  201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2007 жылғы 28 ақпандағы N 235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.       52-бап. Салық төлеушiнiң салық берешегi сомасын оның
               дебиторларының шоттарынан өндiрiп алу       1. Салық төлеушiнiң банк шоттарында ақшасы және қолма-қол ақшасы болмаған немесе жеткiлiксiз болған жағдайда салық органы жиналып қалған салық берешегi шегiнде салық төлеушiге берешегi бар үшiншi бiр тұлғалардың (бұдан әрi - дебиторлардың) банк шоттарындағы ақшадан өндіріп алады.
      1-1. Салық берешегiн мәжбүрлеп өндiрiп алудың қабылданып жатқан шаралары туралы хабарлама алған күннен бастап салық төлеушi он жұмыс күнiнен кешiктiрмей хабарлама жiберген салық органына дебиторлық берешек сомаларын көрсете отырып, дебиторлар тiзiмiн табыс етуге мiндеттi.
      Дебиторлар тiзiмi осы тармақта көрсетiлген мерзiмде табыс етiлмеген жағдайда салық органы салық төлеушiге салықтық тексеру жүргiзедi.
      1-2. Ұсынылған дебиторлар тiзiмiнiң немесе дебиторлық берешек сомасын растайтын салықтық тексеру актiсiнiң негiзiнде салық органы дебиторларға дебиторлық берешек сомасы шегiнде салық төлеушiнiң салық берешегiн өтеу есебiне олардың банк шоттарындағы ақшадан өндiрiп алу туралы хабарлама жiбередi.
      Осы бапта көзделген жағдайды қоспағанда, дебитор хабарлама алған күннен бастап жиырма жұмыс күнiнен кешiктiрмей хабарлама жiберушi салық органына хабарлама алған күнге салық төлеушiмен бiрлесiп жасалған өзара есеп айырысудың салыстыру актiсiн табыс етуге мiндеттi.
      Дебиторлар өзара есеп айырысудың салыстыру актiсiн осы тармақта көрсетiлген мерзiмде табыс етпеген жағдайда салық органы аталған дебиторларға салықтық тексеру жүргiзедi.
      1-3. Дебиторлық берешек сомасын растайтын салықтық тексеру актiсi және дебиторлардың банк шоттарындағы ақшасынан өндiрiп алу туралы хабарлама болған кезде олар өзара есеп айырысулардың салыстыру актiсiн табыс етпейдi.
      1-4. Салық төлеушi салық берешегiн өтеген жағдайда дебиторлар тiзiмi мен өзара есеп айырысулардың салыстыру актiсi табыс етiлмейдi.
      2. Салық төлеушi мен оның дебиторының арасындағы өзара есеп айырысуды салыстыру актiсiнде мынадай мәлiметтер болуға тиiс:       РҚАО-ның ескертуі!
      2-тармақтың 1) тармақшасына 2012 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 224 Заңымен өзгерту енгізіледі.
      1) салық төлеушi мен оның дебиторының атауы, олардың тiркеу нөмiрлерi;
      2) салық төлеушi мен оның дебиторы тiркеу есебiнде тұрған салық органының атауы;
      3) салық төлеушi мен оның дебиторының банк шоттарының деректемелерi;
      4) дебитордың салық төлеушiге берешек сомасы;
      5) салық төлеушi мен оның дебиторының заңды деректемелерi, мөрi және қойылған қолдары;
      6) салыстыру актiсiнiң жасалған күнi.
      3. Өзара есеп айырысуды салыстыру актiсiнiң немесе дебиторлық берешек сомасын растайтын салықтық тексеру актiсiнiң негiзiнде салық органы салық төлеушiнiң салық берешегi сомасын өндiрiп алу туралы инкассолық өкiмдi дебитордың банк шотына ұсынады.
      4. Салық төлеушi дебиторының банкi немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымы осы Кодекстiң 50-бабында белгiленген талаптарға сәйкес салық төлеушiнiң салық берешегi сомасын өндiрiп алу туралы салық органы ұсынған инкассолық өкiмдi орындауға мiндеттi.
      5. Осы баптың ережелерiне сәйкес өзара есеп айырысуды салыстыру актiсi бола отырып салық органының хабарламасын табыс еткен кезден бастап тоқсан жұмыс күнi iшiнде салық төлеушiнiң пайдасына дебитор төлем жүргiзген жағдайда, салық органы жүргiзiлген төлемдер сомасы шегінде салық төлеушінің салық берешегі сомасын өндіріп алу туралы инкассолық өкімін дебитордың банк шотына ұсынуға құқылы.
      Ескерту. 52-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.12.11. N  201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.07.26.  N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.       53-бап. Салық төлеушінің билік ету шектелген мүлкін
               өткізу есебінен салық берешегі есебінен
               өндіріп алу       1. Салық төлеушінің - заңды тұлғаның және жеке кәсіпкердің банк шоттарында ақшасы, қолма-қол ақшасы және дебиторларының банк шоттарында ақшасы болмаған немесе жеткiлiксiз болған жағдайларда салық органдары оның келісімінсіз салық берешегінің сомасы шегінде салық төлеушінің билік ету шектелген мүлкінен өндіріп алуды жүргізеді.
      2. Салық төлеуші билік ету шектелген мүліктің шектеу алып тасталғанға дейін сақталуын және тиісінше күтіп-ұсталуын қамтамасыз етуге міндетті. Ол орындалмаған жағдайда, салық төлеуші билік ету шектелген мүлікті аукционға дайындау жөніндегі шығындарды өтеуге міндетті және аталған мүлікке қатысты заңсыз әрекеттері үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
      Ескерту. 53-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.07.26.  N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.       54-бап. Салық төлеушінің билік ету шектелген мүлкін
               салық берешегі есебіне өткізу тәртібі       Билік ету шектелген мүлікті өткізу мамандандырылған аукционда жүзеге асырылады, оның жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.           55-бап. Салық төлеушінің-жарғылық капиталына мемлекет
               қатысатын акционерлiк қоғамның жарияланған
               акцияларын мәжбүрлеп шығару       Осы Кодекстiң 49-бабының 1)-4) тармақшаларында көзделген барлық шаралар қолданылғаннан кейін салық төлеуші-жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғам салық берешегі сомаларын өтемеген жағдайда, уәкілеттi орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен, сотқа жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы талап-арызбен жүгінеді.
      Ескерту. 55-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен , өзгерту енгізілді - 2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.       56-бап. Салық төлеушіні банкрот деп тану       1. Осы Кодекстің 49-бабында көзделген барлық шаралар қолданылғаннан кейін салық берешегі сомасын заңды тұлға, жеке кәсіпкер өтемеген жағдайда, салық органы Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес оны банкрот деп тану жөнінде шаралар қолданады.
      2. Банкрот деп танылған заңды тұлғаны тарату тәртiбi Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 56-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР-ның 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 10-тарау. Салық міндеттемесін тоқтатудың негіздері       57-бап. Жеке тұлғаның салық мiндеттемесiн тоқтату       Жеке тұлғаның салық мiндеттемесi:
      1) қайтыс болғанда;
      2) оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешiмi күшiне енгенде тоқтатылады.       58-бап. Заңды тұлғаның салық мiндеттемесiн тоқтату       Заңды тұлғаның салық мiндеттемесi:
      1) толық таратылғаннан кейiн;
      2) қосылу (қосылған заңды тұлғаға қатысты), бiрiгу және бөлiну жолымен толық қайта ұйымдастырылғаннан кейiн тоқтатылады.
      Ескерту. 58-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 2. Ерекше бөлім 3-бөлім. Жалпы ережелер 11-тарау. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдердің түрлері       59-бап. Жалпы ережелер       1. Қазақстан Республикасында осы Кодексте белгiленген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер қолданылады.
      2. Салықтар тiкелей және жанама болып бөлiнедi. Жанама салықтарға қосылған құн салығы мен акциз жатады.
      3. Салық және басқа да мiндеттi төлемдердiң сомалары Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне және тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы заңдарда белгiленген тәртіппен тиiстi бюджеттердiң кiрiсiне түседi.
      Ескерту. 59-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.        60-бап. Салықтар       1. Корпорациялық табыс салығы.
      2. Жеке табыс салығы.
      3. Қосылған құн салығы.
      4. Акциздер.
      4-1. Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына рента салығы.
      5. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдерi.
      6. Әлеуметтiк салық.
      7. Жер салығы.
      8. Көлiк құралдары салығы.
      9. Мүлiк салығы.
      10. Ойын бизнесі салығы.
      Ескерту. 60-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.01.12. N  220 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен.       61-бап. Алымдар       1. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркегенi және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркегенi үшiн алым.
      2. Жеке кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым.
      3. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және олармен жасалған мәмiлелердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым.
      3-1. Жылжымалы мүлiк кепiлiн және кеменiң немесе жасалып жатқан  кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым.
      4. Радиоэлектрондық құралдарды және жиiлiгi жоғары құрылғыларды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым.
      5. Көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым.
      6. алып тасталды
      6-1. алып тасталды
      7. алып тасталды
      8. Дәрi-дәрмек құралдарын мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым.
      8-1. Туындылар мен сабақтас құқықтар объектiлерiне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектiлерiн пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттiк тiркеу үшiн алым.
      9. Автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру алымы.
      9-1. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қойғаны үшiн алым.
      10. Аукциондардан алынатын алым.
      11.
      12. Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым.
      13. Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат беру үшiн алым.
      Ескерту. 61-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.07.04. N 475 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2004.10.22. N 601 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2005.11.22.  N 90 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.07.05. N  156 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.       62-бап. Төлемақылар       1. Жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақы.
      2. Жер бетiндегi көздердiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы.
      3. Қоршаған ортаға эмиссия үшiн төлемақы.
      4. Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы.
      5. Орманды пайдаланғаны үшiн төлемақы.
      6. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлемақы.
      7. Радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлемақы.
      7-1. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін төлемақы.
      8. Кеме жүретiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы.
      9. Сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастырғаны үшiн төлемақы.
      Ескерту. 62-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.05 N 568 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.11.21 N 89-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңдарымен.       63-бап. Мемлекеттiк баж
 
       Мемлекеттiк баж .       64-бап. Кеден төлемдерi       1. Кеден бажы .
      2. Кеден алымдары.
      3. Алдын ала шешiм қабылдағаны үшiн төлемақы.
      4. Алымдар.
      Ескерту. 64-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.07.04. N 475 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.   12-тарау. Салық есебінің ережелері және салық есептілігі       65-бап. Салық есебiнiң ережелерi       1. Салық төлеушiлер салық салу объектілерi мен салық салуға байланысты объектiлердi осы Кодексте белгiленген тәртiп пен шарттар бойынша есептеу әдiсiмен айқындайды.
      2. Шетел валютасымен жасалатын операция салық салу мақсатында операция (төлем) жасалған күнгi валюта айырбастаудың рыноктық бағамы қолданыла отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгемен қайта есептеледi.
      3. Салық мақсаттары үшiн тауар-материалдық қорлар есебi Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
      4. Барлық салықтарға қатысты баспа-бас айырбас операциялар осы операцияларды шот-фактуралармен мiндеттi түрде ресiмдей отырып қолданылатын бағалар бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткiзу ретiнде қарастырылады.
       Ескерту. 65-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2007 жылғы 28 ақпандағы N 235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.       66-бап. Есеп құжаттамасын жасау және сақтау       1. Салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердi айқындау үшiн, сондай-ақ салық мiндеттемелерiн есептеу үшiн негiз болатын бухгалтерлiк құжаттама және өзге де құжаттар есеп құжаттамасы болып табылады.
      2. Есеп құжаттамасы қағазда және (немесе) электрондық көздерде жасалады және осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, есеп құжаттамасы жасалған кезеңнен кейiнгi салық кезеңiнен бастап, осындай құжаттама қатысты болатын әрбiр салық түрi немесе басқа да мiндеттi төлем үшiн осы Кодексте белгiленген талап қою мерзiмi өткенге дейiн сақталады.
      3. Қызметiн жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарға сәйкес жүзеге асыратын салық төлеушiлердің есеп құжаттамасы келiсiм-шарттың қолданылуы аяқталған кезеңнен кейiнгi салық кезеңi үшiн осы Кодексте белгiленген талап қою мерзiмi өткенге дейiн сақталады.
      4. Тiркелген активтердiң, соның iшiнде қаржы лизингi бойынша берiлген (алынған) активтердің құнын растайтын есеп құжаттамасы осындай актив бойынша амортизациялық аударымдар есептелетiн соңғы салық кезеңi үшiн осы Кодексте белгiленген талап қою мерзiмi өткенге дейiн сақталады. Амортизациялауға жатпайтын тiркелген активтердің құнын растайтын есеп құжаттамасы салық салу мақсатында осындай активтер өткiзiлген салық кезеңi үшiн осы Кодексте белгiленген талап қою мерзiмi өткенге дейiн сақталады.
      5. Бухгалтерлiк құжаттаманы салық төлеушi мемлекеттiк тiлде немесе орыс тiлiнде жасайды.
      Шет тiлдерде жасалған жекелеген құжаттар болған кезде салық органы олардың мемлекеттiк тiлге немесе орыс тілiне аударылуын талап етуге құқылы.
      6. Есеп құжаттамасы электрондық көздерде жасалған кезде салық төлеушi мониторинг кезiнде және тексеру барысында салық органдарының талап етуi бойынша мұндай құжаттардың қағазға түсiрiлген көшiрмелерiн беруге мiндеттi.
      Ескерту. 66-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы N 235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.       67-бап. Бөлек есеп және оны жүргiзу тәртiбi       1. Осы Кодексте салық салудың әртүрлi шарттары көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiлер салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердің бөлек есебiн жүргiзуге мiндеттi.
      2. Салық төлеушiлер бөлек есепке алуды осы Кодексте белгiленген ерекшелiктердi ескере отырып, бухгалтерлiк есепке алу деректерi негiзiнде жүргiзедi. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, бөлек есепке алу әрбiр қызмет түрi бойынша жеке жүргiзiледі.
      2-1. Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шартта өзгеше көзделмесе, жер қойнауын пайдаланушы келiсiм-шарт шеңберiнде жүзеге асырылатын қызмет бойынша және келiсiм-шарт шеңберiнен тыс қызмет бойынша салық мiндеттемелерiн есептеу үшiн бөлек есепке алуды жүргiзуге мiндеттi.
      3. Белгiлi бiр қызмет түрiне жатқызылған барлық кiрiстер мен шығыстар тиiстi есеп құжаттамасымен расталуға тиiс.
      Ескерту. 67-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.        68-бап. Салық есептiлiгi       1. Салық есептiлiгi дегенiмiз осы Кодекстiң 67-бабының ережелерiн ескере отырып, салық төлеушi, салық агентi салық органдарына табыс ететiн, салық мiндеттемелерiн есептеу туралы ақпараты бар құжаттама.
      2. Салық есептiлiгiне осы тармақта көрсетiлген мынадай құжаттар, сондай-ақ олардың қосымшалары мен қосымша нысандары кiредi:
      салықтың әрбiр түрi және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналары және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша салық төлеушi жасайтын салық декларациялары есеп-қисабы ;
      арнаулы салық режимдерiн қолдануға патент алуға өтiнiштер ;
      осы Кодекстiң 397 және 531-баптарына сәйкес салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердi тiркеу және қайта тiркеу туралы өтiнiштер ;
      қосылған құн салығын бюджеттен қайтарып алуға өтiнiштер ;
      қосарланған салық салуды болғызбау туралы халықаралық шарттар нормаларын қолдануға берiлген өтiнiштер ;
      шот-фактуралар тiзiлiмi ;
      осы Кодекске сәйкес электрондық мониторингке жататын, салық төлеушiлер табыс ететiн құжаттама.
      3. Салық есептiлiгi - салық төлеушiнiң, салық агентiнiң осы Кодексте белгiленген тәртiпке сәйкес салық органдарына берiлген жазбаша өтiнiшi және (немесе) электрондық құжаты, онда салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлер туралы, сондай-ақ салық мiндеттемелерiн есептеу мен салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеу мен төлеуге байланысты басқа да деректер туралы мәлiметтер болуға тиiс.
      4. Салық декларациясы мен есеп-қисабында көрсетiлуге тиiстi белгiлi бiр деректер болмаған жағдайда, оған уәкiлеттi орган белгiлеген тиiстi қосымшалар табыс етiлмейдi.
      5. Шаруа (фермер) қожалықтарына және қызметтiң жекелеген түрлерiне арнаулы салық режимдерiн қолданатын дара кәсiпкерлердi қоспағанда, қызметтерiн уақытша тоқтата тұрған жағдайда дара кәсiпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар тiркеу есебiнде тұрған жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша алдағы кезеңге қызметтi уақытша тоқтата тұру туралы өтiнiш бередi. Қызмет өтiнiште көрсетiлген, бiрақ он екi айдан аспайтын мерзiмге уақытша тоқтатылуға жатады.
      Салық төлеушi қызметтi уақытша тоқтата тұрудың ағымдағы кезеңiнiң аяқталу күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде қызметтi уақытша тоқтату туралы кезектi өтiнiш беруге құқылы.
      Салық органдары қызметтi уақытша тоқтата тұру туралы немесе қызметтi уақытша тоқтата тұрудан бас тарту туралы хабарламаны өтiнiш берiлген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде жiбередi. Салық берешегiнiң болуы немесе осы Кодекстiң 69-бабының 7-2-тармағына сәйкес салық есептiлiгiн табыс етпеу қызметтi уақытша тоқтата тұрудан бас тартуға әкеп соғады.
      Қызметтi уақытша тоқтата тұрудан бас тартылған жағдайда салық төлеушi осы Кодексте белгiленген тәртiппен өзiнiң салық мiндеттемелерiн орындайды.
      Қызметтi уақытша тоқтата тұру туралы немесе қызметтi уақытша тоқтата тұрудан бас тарту туралы хабарлама салық төлеушiнiң (өкiлiнiң) өзiне қол қойғызу арқылы немесе жөнелту мен алу фактiсiн растайтын өзге де тәсiлмен тапсырылуға тиiс.
      Салық төлеушi қызметтi уақытша тоқтата тұру туралы хабарламаны алған жағдайда қызметтi уақытша тоқтата тұру туралы өтiнiште көрсетiлген күннен бастап қызметi уақытша тоқтатыла тұрған деп есептеледi.
      Қызметтi уақытша тоқтата тұру қызметтi қайта бастаған күнге дейiн алдағы салық кезеңдерi үшiн салық есептiлiгiн тапсырмау үшiн негiз болып табылады.
      Ескерту. 68-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.12.11. N  201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.       69-бап. Салық есептiлiгiн жасау мен табыс ету тәртiбi       1. Салық есептiлiгiн салық төлеушi, салық агентi не олардың өкiлдерi осы Кодекске сәйкес уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен және нысандар бойынша дербес жасайды.
      Осы Кодексте салық салудың әртүрлi шарттары көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiлер мұндай қызметтiң әрбiр түрi үшiн бөлек салық есептiлiгiн жасайды.
      Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шартта өзгеше көзделмесе, бөлек есеп жүргiзу қажеттiлiгi көзделген жер қойнауын пайдаланушылар келiсiм-шарт шеңберiнде жүзеге асырылатын қызмет бойынша және келiсiм-шарт шеңберiнен тыс қызмет бойынша бөлек салық есептiлiгiн жасайды.
      2. Салық есептiлiгi қағазда және (немесе) электрондық көздерде мемлекеттiк тiлде немесе орыс тiлiнде жасалады. Салық есептiлiгi электрондық көздерде жасалған кезде салық төлеушi, салық агентi уәкiлеттi органның талап етуi бойынша осындай құжаттардың қағазға түсiрiлген көшiрмелерiн табыс етуге мiндеттi.
      3. Қағазға түсiрiлген салық есептiлiгiне салық төлеушi, салық агентi (басшы және бас бухгалтер) не оның уәкiлеттi өкiлi қол қоюға, сондай-ақ ол салық төлеушiнiң, салық агентiнiң не оның уәкiлеттi өкiлiнiң мөрiмен расталуға тиiс. Салық есептiлiгi электронды түрде жасалған кезде электрондық құжат салық төлеушiнiң электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталуға тиiс.
      4. (алып тасталды)
      5. Салық төлеушi, салық агентi салық есептiлiгiн жасаған кезде, оның iшiнде мұндай есептiлiктi оның өкiлi жасаған жағдайда, салық есептiлiгiнде көрсетiлген деректердiң дұрыстығы үшiн жауаптылық салық төлеушіге, салық агентiне жүктеледі.
      6. Салық төлеушi, салық агентi салық есептiлiгiн тиiстi салық органдарына осы Кодексте белгiленген тәртiппен және мерзiмде табыс етедi.
      7. Салық төлеушi (заңды тұлға) қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешiм қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде ол туралы салық органына жазбаша хабарлайды.
      Салық төлеушiнi (заңды тұлғаны) қосу, бiрiктiру, бөлу жолымен қайта ұйымдастырған немесе таратқан кезде қайта ұйымдастырылған немесе таратылған әрбiр салық төлеушiге салық кезеңi басталғаннан қайта ұйымдастыру немесе тарату аяқталған күнге дейiн өткiзу актiсiнiң, тиiсiнше бөлу немесе тарату балансының негiзiнде бөлек салық (тарату) есептiлiгi жасалады.
      Таратудың салық есептiлiгi заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуына немесе таратылуына байланысты құжаттық тексерудi жүргiзу туралы өтiнiшпен бір уақытта өткiзу актiсiн, бөлу немесе тарату балансын бекiткен күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде тапсырылады.
      Табыс ету мерзiмi таратудың салық есептiлiгiн табыс ету күнi басталмайтын салық есептiлiгi (тарату есептiлiгiн қоспағанда) осы тармақтың үшiншi бөлiгiнде белгiленген мерзiмге дейiн табыс етiледi.
      Заңды тұлғаны бөлiп шығару жолымен қайта ұйымдастыруға байланысты құжаттық тексерудi жүргiзу туралы өтiнiш бөлу балансын бекiткен күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде тапсырылады.
      Осы тармақтың ережелерi қайта құру, сондай-ақ басқа заңды тұлғаны бiрiктiру жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаларға қолданылмайды.
      7-1. Жеке кәсiпкер кәсiпкерлiк қызметтi тоқтату туралы шешiм қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде ол туралы салық органына жазбаша хабарлайды.
      Кәсiпкерлiк қызметтi тоқтату туралы шешiм қабылданған күннен бастап бiр ай iшiнде жеке кәсiпкер салық органына салық кезеңi басталғаннан берi кәсiпкерлiк қызмет тоқтатылған күнге дейiн жасалған салық есептiлiгiн табыс етедi.
      Осы тармақта көрсетiлген салық есептiлiгiмен бiрге жеке кәсiпкер кәсiпкерлiк қызметтiң тоқтатылуына байланысты құжаттық тексерудi жүргiзу туралы өтiнiш береді.
      7-2. Осы Кодекстiң 68-бабының 5-тармағында көрсетiлген жағдайда қызмет уақытша тоқтатылған кезде салық кезеңi басталғаннан қызмет тоқтатылатын күнге дейiн салық есептiлiгi жасалады. Осы тармақта көрсетiлген есептiлiк қызметтi уақытша тоқтату туралы өтiнiшпен бiр уақытта табыс етiледi.
      Қызметтi уақытша тоқтату туралы кезектi өтiнiш қызметтi уақытша тоқтатудың ағымдағы кезеңiнiң аяқталу күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде тапсырылған жағдайда осы тармақта көзделген салық есептiлiгi табыс етiлмейдi.
      8. Салық төлеушiлер, салық агенттерi салық есептiлiгiн өз қалауы бойынша:
      1) өзi келу тәртiбiмен;
      2) хабарланатын етiп почта арқылы тапсырыстық хатпен;
      3) уәкiлеттi орган белгiлеген жағдайларда ақпаратты компьютерлiк өңдеуге болатын электронды түрде табыс етуге құқылы.
      9. Құжаттарды салық органы қабылдаған күн немесе есептiлiк жөнелтiлiмi электрондық почта арқылы жеткiзiлгендiгi туралы хабарланған күн салық есептiлiгi салық органына табыс етiлген күн болып табылады.
      Почта ұйымына немесе өзге де байланыс ұйымына осы Кодексте белгiленген мерзiмнiң соңғы күнiнде сағат жиырма төртке дейiн тапсырылған салық есептiлiгi почта немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдаған уақыты мен күнi қойылған белгiсi болса, мерзiмiнде табыс етiлген деп саналады.
      10. Салық есептiлiгi алдын ала камералдық бақылаусыз қабылданады.
      Егер салық есептiлiгiнде:       РҚАО-ның ескертуі!
      10-тармақтың 1) тармақшасына 2012 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 224 Заңымен өзгерту енгізіледі.
      1) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi көрсетiлмесе не дұрыс көрсетiлмесе;
      2) салық кезеңi көрсетiлмесе;
      3) осы баптың қолтаңба мен салық есептiлiгiн куәландыруға қатысты талаптары бұзылса.
      4) уәкiлеттi орган белгiлеген электрондық пiшiмнiң құрылымы бұзылса, салық есептiлiгi салық органына берiлмеген болып есептеледi.
      11. Егер осы Кодексте және (немесе) жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шартта өзгеше көзделмесе, бөлек есепке алуды жүргiзу кезiнде салық есептiлiгiн табыс ету әрбiр қызмет түрi бойынша, ал жер қойнауын пайдаланушылар үшiн жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр келiсiм-шарт бойынша жеке жүргiзiледi.
       Ескерту. 69-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2003.07.04. N 475 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.12.11. N  201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.       70-бап. Салық декларациясын табыс ету мерзiмiн ұзарту       1. Салық төлеушiден салық декларациясын табыс етудiң осы Кодексте белгiленген мерзiмiне дейiн жазбаша (электрондық) өтiнiш алынған жағдайда, уәкiлеттi орган салық декларациясын және (немесе) салық төлеушiлер табыс ететiн, электрондық мониторингке жататын құжаттаманы табыс ету мерзiмiн үш айдан аспайтын мерзiмге ұзартуға құқылы.
      2. Осы бапқа сәйкес салық декларациясын табыс ету мерзiмiн ұзарту салық төлеу мерзiмiн өзгертпейдi.
      Ескерту. 70-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.        71-бап. Салық есептiлiгiне өзгерiстер мен толықтырулар
               енгiзу       1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық декларациясына ,   есеп-қисабына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге осы Кодексте көзделген талап қою мерзiмi iшiнде жол берiледi.
      Аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге осы Кодекстiң 126-бабында көзделген тәртiппен рұқсат етiледi.
      2. Салық төлеушiнің, салық агентiнiң салық декларациясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi және (немесе) есеп-қисапты осы өзгерiстер мен толықтырулар жатқызылатын салық кезеңi үшiн қосымша салық декларациясын және (немесе) есеп-қисап жасау жолымен жүргiзедi.
      3. Қосымша салық декларациясындағы және (немесе) есеп-қисаптағы тиiстi жолдарда бұрын табыс етiлген салық декларациясымен және (немесе) есеп-қисаппен салыстырғанда анықталған айырманың сомасы ғана көрсетiледi.
      4. Тексеру басталғанға дейiн қосымша салық декларациясын және (немесе) есеп-қисап табыс еткен кезде, салық төлеушi, салық агентi анықтаған салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасы бюджетке айыппұл есептелмей енгiзiлуге тиiс.
      Ескерту. 71-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.       72-бап. Салық есептiлiгiн сақтау мерзiмi       1. Салық есептiлiгi осы Кодексте белгiленген талап қою мерзiмi iшiнде салық төлеушiлерде, салық агенттерiнде және салық органдарында сақталады.
      2. Салық төлеушi, салық агентi - заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде қайта ұйымдастырылған тұлғаның қызмет кезеңi үшiн салық есептiлiгiн сақтау жөнiндегi мiндеттемелер оның құқық мирасқорына жүктеледi.     13-тарау. Операциялардың жекелеген түрлерінің салық есебінің
ерекшеліктері Параграф 1. Трансферттiк бағаларды қолдану кезiндегi
салық салу ерекшелiктерi       73-бап. Трансферттiк бағаларды қолдану кезiндегi бақылау       Салық қызметi органдары мәмiлелер бойынша бағалардың дұрыс қолданылуына Қазақстан Республикасының трансферттiк бағалардың қолданылуын мемлекеттiк бақылау мәселелерiн реттейтiн заң актiсiнде көзделген тәртiппен және жағдайларда бақылау жасайды.
      Мәмiле бағасының нарықтық бағадан ауытқу фактiсi анықталған жағдайда, салық органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салық салу объектiлерi мен салық мiндеттемесiне түзету енгiзедi.       73-1-бап. Трансферттiк бағаларды қолдану кезiнде салық
                салу объектiлерiн түзету       Қазақстан Республикасының трансферттiк баға белгiлеу мәселелерiн реттейтiн заңнамасына сәйкес салық төлеушi мәмiле бағасының нарықтық бағадан ауытқу фактiсiн дербес анықтаған кезде салық төлеушi салық салу объектiлерiн және салық мiндеттемелерiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес түзетуге құқылы.
      Ескерту. 73-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. Параграф 2. Басқа жағдайларда салық салу ерекшелiктерi       74-бап. Қаржы лизингi        1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес үш жылдан астам мерзiмге жасалған лизинг шарты бойынша мүлiктi беру, егер ол мына талаптардың бiрiне сай келсе:
      1) мүлiктi лизинг алушының меншiгiне беру және (немесе) лизинг алушыға мүлiктi тiркелген бағамен алу жөнiнде құқық берiлуi лизинг шартында айқындалса;
      2) қаржы лизингiнiң мерзiмi қаржы лизингi бойынша берiлетiн мүлiктiң пайдалы қызметi мерзiмiнiң жетпiс бес процентiнен асса;
      3) қаржы лизингiнiң барлық мерзiмi үшiн лизинг төлемдерiнiң ағымдағы (дисконтталған) құны қаржы лизингi бойынша берiлетiн мүлiк құнының тоқсан процентiнен асса, ол қаржы лизингi болып табылады.
      Қаржы лизингiне (лизинг бойынша) берiлген (алынған) негiзгi құралдардың құны лизинг шартын жасасу кезiнде айқындалады.
      Лизинг алушының негiзгi құрал ретiнде алуына жататын лизинг заттары қаржы лизингi бойынша берiлетiн мүлiк болып табылады.
      Салық салу мақсатында мұндай мәмiле лизинг алушының негiзгi құралдарды сатып алуы ретiнде қаралады. Бұл ретте лизинг алушы - негiзгi құралдардың иесi ретiнде, ал лизингтiк төлемдер лизинг алушыға берiлген кредит бойынша төлем ретiнде қаралады.
      2. Осы баптың мақсаты үшiн қаржы лизингiнің мерзiмi лизинг алушының шартқа сәйкес қаржы лизингiн ұзартуға құқығы бар қосымша мерзiмдi қамтиды.
      Ескерту. 74-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.12.11. N  201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.       75-бап. Ортақ үлестiк меншiк       Ортақ үлестiк меншiк немесе кәсіпкерлiк қызметтi бiрлесiп жүргiзу туралы уағдаластық не заңды тұлға құрмай, екі және одан да көп иеленушi болуын көздейтiн өзге де уағдаластық болған жағдайда, салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлер, пайлық инвестициялық қор пайларының иелерiн қоспағанда, осы Кодексте белгiленген тәртіппен тиiсiнше әрбiр иеленушiде есепке алынып, салық салынады.
      Ескерту. 75-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.         76-бап. Жекелеген жағдайларда салық салу объектiлерiн
               анықтау тәртiбi       1. Есеп жүргiзу тәртiбi бұзылған жағдайда, есеп құжаттамалары жоғалған немесе жойылған кезде салық қызметi органдары мемлекеттiк салық-бюджет саясатын қалыптастыруды және iске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органымен келiсiм бойынша уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердi жанама әдiстер (активтер, мiндеттемелер, айналымдар, шығындар, шығыстар) негiзiнде айқындайды.
      1-1. Салық агентi қызметкердiң толық жұмыс күні үшiн табысын Қазақстан Республикасының тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңында белгiленген жалақының ең төменгi мөлшерiнен төмен мөлшерде есептеген жағдайда, салық органдары әлеуметтiк салық салу объектiсiн ең төменгi жалақының аталған мөлшерiне қарай белгiлейдi.
      2. Егер жеке тұлға өзiнiң тұтынуына, соның iшiнде мүлiк сатып алуына жұмсаған шығыстарына сәйкес келмейтiн табысты көрсетсе, салық органдары өткен кезеңдердiң табыстарын есептей отырып, олардың жасаған шығыстары негiзiнде табысы мен салығын айқындайды.
      3. Басқа да тұлғалар мен органдар аталған табысты алудың заңдылығына талас тудырған жағдайларда да, табысқа салық салынуға тиiс.
      4. Егер сот шешiмi бойынша табыс Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда бюджетке алып қоюға жатса, аталған табыс оған төленген салық сомасы шегерiлмей алынады.
      Ескерту. 76-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. 4-бөлім. Корпорациялық табыс салығы 14-тарау. Жалпы ережелер       77-бап. Төлеушiлер       1. Корпорациялық табыс салығын төлеушiлерге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс алатын резидент емес заңды тұлғалар (бұдан әрi бөлiм бойынша - салық төлеушiлер) жатады.
      2. Арнайы салық режимiн қолданушы заңды тұлғалар корпорациялық табыс салығын осы Кодекстiң 368-377, 385-397-баптарына сәйкес төлейдi.
      3. Ойын бизнесі салығын төлеушілер ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асырудан түскен кірістер бойынша корпоративтік табыс салығын төлеушілер болып табылмайды.
      Ескерту. 77-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 220 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен.       78-бап. Салық салу объектiлерi       Мыналар:
      1) салық салынатын табыс;
      2) төлем көзiнен салық салынатын табыс;
      3) Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы корпорациялық табыс салығы салынатын объектiлер болып табылады. 15-тарау. Салық салынатын табыс       79-бап. Салық салынатын табыс       Салық салынатын табыс жылдық жиынтық табыс пен осы Кодекстiң 122-бабына сәйкес жасалған түзетулердi ескере отырып осы Кодекстiң 80-103, 105-114-баптарында көзделген шегерiмдер арасындағы айырма ретiнде айқындалады. Жылдық жиынтық табыс осы Кодекстiң 91-бабына сәйкес түзетiлуге тиiс. Параграф 1. Жылдық жиынтық табыс       80-бап. Жылдық жиынтық табыс       1. Резидент заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы салық кезеңi iшiнде Қазақстан Республикасы мен одан тыс жерлерден алынуға тиiс (алынған) табыстардан тұрады.
      Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы осы Кодекстiң 184-бабына сәйкес анықталады.
      2. Жылдық жиынтық табыста салық төлеушi табыстарының барлық түрлерi, соның iшiнде:
      1) тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетудi) өткiзуден түсетiн табыс;
      2) үйлердi, ғимараттарды (мұнай, газ ұңғымалары мен берiлiс құрылғыларын қоспағанда), сондай-ақ амортизациялауға жатпайтын активтердi өткiзу кезiндегi құн өсiмiнен түсетiн табыс;
      3) мiндеттемелердi есептен шығарудан түсетiн табыстар;
      4) күмәндi мiндеттемелер бойынша түсетiн табыстар;
      5) мүлiктi жалға беруден түсетiн табыстар;
      6) Қазақстан Республикасының заңдарымен провизиялар жасауға рұқсат етiлген банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар жасаған провизиялардың мөлшерiн азайтудан түсетiн табыстар;
      7) борышты талап етудi басқаға беруден түсетiн табыстар;
      8) кәсiпкерлiк қызметтi шектеуге немесе тоқтатуға келiсiм үшiн алынған табыстар;
      9) шығып қалған тiркелген активтер құнының iшкi топтың (топтың) құн балансынан асып түсуiнен алынатын табыстар;
      9-1) жер қойнауын пайдаланушылардың табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және оларды өндiруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстарын, сондай-ақ басқа да шығыстарын түзетуден түсетiн табыстар;
      10) кен орындарын игеру зардаптарын жою жөнiндегi нақты шығыстар сомасынан кен орындарын игеру зардаптарын жою қорына аударылған соманың асып түсуiнен алынатын табыстар;
      11) ортақ үлестiк меншiктен түсетiн табысты бөлу кезiнде алынатын табыстар;
      12) бұрын негiзсiз ұсталып, бюджеттен қайтарылған айыппұлдардан басқа, борышкерге салынған немесе ол мойындаған айыппұлдар, өсiмпұлдар және санкциялардың басқа да түрлерi, егер осы сомалар бұрын шегерiп  тасталмаған болса;
      13) бұрын жүргiзiлген шегерiмдер бойынша алынған өтемақылар;
      14) өтеусiз алынған мүлiк, орындалған жұмыстар, көрсетiлген қызметтер;
      15) дивидендтер;
      15-1) алып тасталды
      16) сыйақылар;
      17) оң бағамдық айырма сомасының терiс бағамдық айырма сомасынан асып кетуi;
      18) ұтыстар;
      19) роялти;
      20) әлеуметтiк сала объектiлерiн пайдалану кезiнде алынған табыстардың шығыстардан артығы қамтылады.
      Ескерту. 80-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.07.04. N 475 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2005.11.22.  N 89 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.12.11. N  201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.       81-бап. Тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi)
               өткiзуден түсетiн табыс       1. Егер Қазақстан Республикасының трансферттiк бағаларды қолдану кезiнде мемлекеттiк бақылау жасау мәселелерi жөнiндегi заңдарында өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығы мен акциздi қоспағанда, өткiзiлген тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердiң құны тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткiзуден түскен табыс болып табылады.
      2. Тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткiзуден түскен табыс:
      1) тауарлар толық немесе iшiнара қайтарылған;
      2) мәмiле шарттары өзгерген;
      3) өткiзiлген тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн бағалар, өтемдер өзгерген;
      4) теңгемен төлеген кезде өткiзiлген тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) құнындағы айырма алынған жағдайларда түзетiлуге тиiс.
      Табысты түзету аталған өзгерiстер болған салық кезеңiнiң қорытындысы бойынша жүргiзiледi.
      Ескерту. 81-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен .       82-бап. Үйлердi, ғимараттарды (мұнай, газ ұңғымалары
               мен берiлiс құрылғыларын қоспағанда), сондай-ақ
               амортизациялауға жатпайтын активтердi өткiзу
               кезiндегi құн өсiмiнен түсетiн табыс       1. Құн өсiмiнен түсетiн табыс үйлердi, ғимараттарды (мұнай, газ ұңғымалары мен берiлiс құрылғыларын қоспағанда), сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн сатып алынған активтердi қоспағанда, амортизациялауға жатпайтын басқа да активтердi өткiзу кезiнде құралады.
      Амортизациялауға жатпайтын активтерге:
      1) жер учаскелерi;
      2) құрылысы аяқталмаған объектiлер;
      3) орнатылмаған жабдық;
      4) салық төлеушi тауарларды өндiруде, жұмыстарды орындауда, қызметтер көрсетуде пайдаланбайтын негiзгi құралдар мен материалдық емес активтер;
      5) бағалы қағаздар;
      6) кез келген ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлғаға, консорциумдарға қатысу үлесi;
      7) Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданылған салық заңдарына сәйкес бұрын құны толық шегерiмге жатқызылған негiзгi құралдар;
      8) осы Кодекстiң 138-140-баптарына сәйкес құны шегерiмге жатқызылған, инвестициялық жоба шеңберiнде пайдалануға берiлген тiркелген активтер жатады.
      2. Осы баптың 3 және 5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, өсiм аталған активтердi сату құны мен олардың бастапқы құнының арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
      3. Кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын үйлердi, ғимараттарды (мұнай, газ ұңғымалары мен берiлiс құрылғыларын қоспағанда) өткiзу кезiнде құн өсiмi (залал) өткiзу құны мен салық есебiнде айқындалатын қалдық құнның арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
      4. Бағалы қағаздарды және қатысу үлесiн өткiзу кезiндегi құн өсiмi мыналар:
      борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, бағалы қағаздар және қатысу үлесін бойынша - өткiзу құны мен иемденiп алу (үлес) құны арасындағы оң айырма;
      борыштық бағалы қағаздар бойынша - өткiзу күнiндегi дисконт амортизациясы және (немесе) сыйлықақы ескерiлген, өткiзу құны мен иемденiп алу құны арасындағы купон есепке алынбаған оң айырма.
      5. Осы баптың 1-тармағының 7) және 8) тармақшаларында көрсетiлген активтердi өткiзу кезiнде құн өсiмi өткiзу құны мөлшерiнде айқындалады.
      Ескерту. 82-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.07.04. N 475 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2005.11.22.  N 89 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.12.11. N  201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.       83-бап. Мiндеттемелердi есептен шығарудан түсетiн
               табыстар       1. Мiндеттемелердi есептен шығарудан түсетiн табыстарға:
      1) салық төлеушi таратылған жағдайда тарату балансы бекiтiлген сәтте кредитор талап етпеген мiндеттемелердi қоса алғанда, салық төлеушiнiң мiндеттемелерiн оның кредиторының есептен шығаруы;
      2) осы Кодекске сәйкес күмәндi деп танылған мiндеттемелердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген талап қою мерзiмiнiң өтуiне байланысты мiндеттемелердi есептен шығару;
      3) сот шешiмi бойынша мiндеттемелердi есептен шығару жатады.
      2. Мiндеттемелердi есептен шығару нәтижесiнде алынған табыс сомасы есептен шығарылған кредиторлық берешек сомасына тең болады.
      Ескерту. 83-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.       84-бап. Күмәндi мiндеттемелер бойынша түсетiн табыстар       Иемденiп алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша, сондай-ақ қызметкерлерге есептелген табыстар мен осы Кодекстiң 149-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалатын басқа да төлемдер бойынша туындаған және туындаған кезiнен бастап үш жыл iшiнде қанағаттандырылмаған мiндеттемелер күмәндi деп танылады және кредиторлық берешек туындаған кезде қабылданған ставка бойынша бюджетпен өзара есеп айырысуда қалпына келтiрiлуге тиiс қосылған құн салығын қоспағанда, салық төлеушiнiң жылдық жиынтық табысына қосылуға тиiс.       85-бап. Банктер жасаған провизиялардың мөлшерiн
               азайтудан түсетiн табыстар        РҚАО-ның ескерпесі!
      Қазақстан Республикасының 2008.12.10 N 100-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  1-баптан  қараңыз) Заңына сәйкес 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап 2009 жылы 1 қаңтарға дейін 85-бап мынадай редакцияда қолданылды:
      85-бап. Банктер құраған провизиялар (резервтер) көлемінің
               төмендеуінен түскен кірістер
      1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның құраған провизиялар (резервтер) көлемінің төмендеуінен түскен кірістер деп мыналар танылады:
      1) борышкер атқару сомасына барабар мөлшерде талапты орындаған кезде бұрын шегерімге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомалары;
      2) басқаға қайта табыстау туралы шарттың, новация шартының негізінде цессия шартын жасау және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздерде борышкерге қойылған талаптар көлемін азайту кезінде бұрын шегерімге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомалары;
      3) талаптарды қайта сыныптау кезінде бұрын шегерімге жатқызылған провизиялардың (резервтердің) азайтылған сомалары.
      2. Есептен шығарылған сенімсіз актив бойынша борышкердің шартты міндеттемесіне қойылатын талаптың азайтылған көлемінде банктің немесе лицензия негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның бұрын шегерімге жатқызылған құраған провизияларының (резервтерінің) сомалары кіріс болып танылмайды.       Борышкер банктiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның талабын орындаған кезде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизиялар сомалары жасалған провизиялардың мөлшерiн азайтудан түсетiн табыстар деп танылады. Бұл ретте, борышкер орындаған талап сомасына барабар мөлшердегi провизиялар сомасы табысқа енгiзiледi. Сондай-ақ цессия шартын жасасу жолымен жол беру туралы шарт, новация шарты талап құқығын басқаға қайта беру негiзiнде және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негiздерде борышкерге талаптар мөлшерiн азайту кезiнде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизиялар сомасы да табыстар деп танылады. Сонымен қатар талаптарды қайта сыныптау кезiнде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизиялардың азайтылған сомасы табыстар деп танылады.           86-бап. Борышты талап етудi басқаға беруден түсетiн
               табыстар       Салық төлеушiнiң негiзгi борышты талап етуi бойынша борышкер төлейтiн сома, ол негiзгi борыштан тыс төлейтiн соманы қоса және салық төлеушiнiң борышты иемденiп алу құны арасындағы оң айырма түрiнде айқындалатын табыстары, сондай-ақ борышты талап ету құқығын беретiн салық төлеушiнiң борышты талап ету құқығын өткiзу құны мен талап ету құқығын беретiн тұлғаның бухгалтерлiк есебiнде көрсетiлген талап ету сомасының арасындағы оң айырма түрiнде айқындалатын, талап ету құқығын өткiзу күнiндегі табыстары борышты талап етудi басқаға беруден түсетiн табыстар болып табылады.
      Ескерту. 86-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.       87-бап. Шығып қалған тiркелген активтер құнының iшкi
               топтың (топтың) құн балансынан асып түсуiнен
               алынатын табыстар       Егер iшкi топтың (І топ бойынша) немесе топтың (ІІ, ІІІ және IV топтар бойынша) шығып қалған тiркелген активтерiнiң құны салық кезеңiнде келiп түскен тiркелген активтер құны есепке алынған iшкi топтың (I топ бойынша) немесе топтың (II, III және ІV топтар бойынша) салық кезеңiнiң басындағы құн балансынан асып түссе, асып түскен шама жылдық жиынтық табысқа енгiзiлуге тиiс. Осы iшкi топтың (I топ бойынша) немесе топтың (II, III және ІV топтар бойынша) құн балансы салық кезеңiнiң аяғына қарай нөлге тең болады.
      Ескерту. 87-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.11.22. N 89 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.       87-1-бап. Табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және
                 оларды өндiруге әзiрлiк жұмыстарына жұмсалған
                 шығыстарды, сондай-ақ жер қойнауын
                 пайдаланушылардың басқа да шығыстарын
                 түзетуден түскен табыстар       Егер осы Кодекстiң 101-бабына сәйкес жеке топты құрайтын шығыстарды түзететiн табыстардың мөлшерi салық кезеңiнде жұмсалған шығыстар ескерiле отырып, салық кезеңiнiң басында соңғысының мөлшерiнен асып түссе, артық мөлшерi жылдық жиынтық табысқа жатқызылуға тиiс. Бұл топтың мөлшерi салық кезеңiнiң соңында нөлге тең болады.
      Ескерту. 87-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.       88-бап. Кен орындарын игеру салдарын жою жөнiндегi
               нақты шығыстар сомасынан кен орындарын игеру
               салдарын жою қорына аударымдар сомасының асып
               түсуiнен алынатын табыстар       1. Егер кен орындарын игеру салдарын жою жөнiндегi нақты шығыстар аталған қорға жасалған аударымдардан төмен болса, айырма жер қойнауын пайдаланушының жылдық жиынтық табысына енгiзiлуге тиiс.
      2. Егер жер қойнауын пайдаланушы тиiстi мемлекеттiк уәкiлеттi орган бекiткен кен орындарын игеру салдарын жою бағдарламасында көзделген кезеңде кен орындарын игеру салдарын жою жөнiндегi жұмысты жүргiзбеген жағдайда, шегерiмдерге жатқызылған, кен орындарын игеру салдарын жою қорына (резервтiк қор) аударымдар сомалары олар жүргiзiлуге тиiс салық кезеңiнiң жылдық жиынтық табысына енгiзiлуге тиiс.       89-бап. Бұрын жасалған шегерiмдер бойынша алынған
               өтемдер       1. Бұрын жасалған шегерiмдер бойынша өтем түрiнде алынған кiрiстерге:
      1) бұрын шегерiмдерге жатқызылған және кейiнгi салық кезеңдерiнде өтелген күмәндi деп танылған талаптардың сомалары;
      2) мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен алынған субсидияларды қоспағанда, мемлекеттiк бюджет қаражатынан шығындарды (шығыстарды) жабуға арнап алынған сомалар;
      3) бұрын шегерiмдерге жатқызылған шығыстарды (залалдарды) өтеу бойынша алынған басқа да өтемдер жатады.
      Алынған өтем ол өтелген салық кезеңiнiң табысы болып табылады.
      2. Сақтандыру ұйымының сақтанушыға жинақтаушы емес сақтандыру шартының әрекетi аяқталғаннан кейiн немесе оны мерзiмiнен бұрын тоқтатқан жағдайда қайтаруға тиiс (қайтарылатын) және сақтанушы бұрын шегерiмге жатқызған сақтандыру сыйақыларының сомасы олар сақтанушыға қайтарылған (қайтарылуға тиiс) есептi салық кезеңiнiң жылдық жиынтық табысына жатқызылады.
      Ескерту. 89-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2003.07.04. N 475 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.       90-бап. Өтеусiз алынған мүлiк       1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық төлеушi өтеусiз алған кез келген мүлiк, сондай-ақ жұмыстар мен қызмет көрсетулер оның табысы болып табылады.
      2. Мыналар:
      1) жарғылық капиталға салым ретiнде алынған мүлiк;
      2) мемлекеттiк бюджет қаражатынан алынған субсидиялар;
      3) жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерiн) мiндеттi ұжымдық кепiлдендiрудi (сақтандыруды) жүзеге асыратын ұйымның банктерден алған мiндеттi, қосымша және төтенше жарналарының сомасы;
      4) Сақтандыру төлемдерiн кепiлдендiру қоры алған сақтандыру ұйымдарының мiндеттi және төтенше жарналарының сомасы;
      5) жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерiн) мiндеттi ұжымдық кепiлдендiрудi (сақтандыруды) жүзеге асыратын ұйым және Сақтандыру төлемдерiн кепiлдендiру қоры өтелген салымдар (депозиттер) және төленген кепiлдiк әрi өтемдiк төлемдер бойынша олардың талаптарын қанағаттандыру тәртiбiмен алған ақшаларының сомалары табыс ретiнде қаралмайды.
      Ескерту. 90-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.       90-1-бап. Табыстардың әлеуметтiк сала объектiлерiн
                пайдалану кезiнде алынған шығыстардан асып
                түсуi       1. Табыстардың әлеуметтiк сала объектiлерiн пайдалану кезiнде алынуға тиiс (алынған) шығыстардан асып түсуi салық төлеушiнiң жиынтық жылдық табысына қосылады.
      2. Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына , сондай-ақ бухгалтерлiк есеп стандарттарына сәйкес салық төлеушiнiң бухгалтерлiк балансында ескерiлетiн, салық төлеушi мынадай қызмет түрлерiн:
      1) медициналық қызметтi;
      2) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту; бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру; қосымша білім беру; қайта даярлау және біліктілікті арттыру саласындағы қызметті;
      3) ғылым, дене тәрбиесi және спорт, мәдениет, тарихи-мәдени мұраны, мұрағат құндылықтарын сақтау жөнiнде қызмет көрсету саласындағы, сондай-ақ балаларды, қарттар мен мүгедектердi әлеуметтiк қорғау және әлеуметтiк қамсыздандыру саласындағы қызметтi;
      4) қызметкерлердi қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру жөнiндегi қызметтi;
      5) қызметкерлердiң, олардың отбасы мүшелерiнiң, сондай-ақ аффилиирленген тұлғалардың қызметкерлерi мен олардың отбасы мүшелерiнiң демалысын ұйымдастыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру кезiнде пайдаланатын негiзгi құралдар мен материалдық емес активтер, сондай-ақ тұрғын үй қорының пайдалану объектiлерi әлеуметтiк сала объектiлерiне жатады.
      Осы баптың мақсаттары үшiн табыстар мен шығыстар Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына , сондай-ақ бухгалтерлiк есеп стандарттарына сәйкес бухгалтерлiк есеп деректерiнiң негiзiнде айқындалады.
      Ескерту. 90-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), өзгерту енгізілді - 2007.07.27. N 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңдарымен.       91-бап. Жылдық жиынтық табысты түзету       1. Салық төлеушiлердiң жылдық жиынтық табысынан:
      1) дивидендтер;
      1-1) Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының арнайы сауда алаңында сатып алынған борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар;
      2) эмитент өз акцияларын орналастыру кезiнде алған олардың құнының номиналдық құнынан асып кетуi және эмитенттiң өз акцияларын өткiзуi кезiндегi құн өсiмi;
      3) өткізілетін күні листингтің ең жоғары және ең жоғарыдан кейінгі санаттары бойынша қор биржасының ресми тізімдерінде тұрған акциялар мен облигацияларды қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезіндегі құн өсімінен түскен табыс;
      3-1) борыштық бағалы қағаздармен азаматтық-құқықтық мәмiлелер   Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының арнайы сауда алаңында жасалған жағдайда осы сауда алаңына жiберілген борыштық бағалы қағаздарды өткiзу кезiндегi құн өсiмiнен түсетiн табыс;
      4) мемлекеттiк бағалы қағаздармен және агенттiк облигацияларымен жасалған операциялардан түскен табыстар;
      5) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған ретте iзгiлiк көмек түрiнде алынған және мақсатты түрде пайдаланылған мүлiктiң құны;
      6) мемлекеттiк кәсiпорынның Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде мемлекеттiк органнан немесе республикалық  мемлекеттiк кәсiпорыннан өтеусiз негiзде алған негiзгi құрал-жабдықтарының құны;
      7) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарына сәйкес алынған және жеке зейнетақы шоттарына жiберiлген инвестициялық табыстар;
      7-1) Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес секьюритилендіру мәмілесі бойынша арнайы қаржы компаниясының борыш талаптарын басқаға беруден алған табыстары;
      8) Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы  заңдарына сәйкес алынған және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының активтерiн ұлғайтуға жiберiлген инвестициялық табыстар;
      9) Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңдарына сәйкес пайлық және акционерлiк инвестициялық қорлар кастодиандағы шоттарға алған және соларда болатын инвестициялық табыстар;
      10) алып тасталды
      11) Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушы заңды тұлғасының қаржылық қызметтер көрсетуден алған табысы алып тасталуға тиiс. Осы тармақшада көрсетiлген қаржылық қызметтердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды;
      12) Қазақстан Республикасының мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы заңнамалық актiсiне сәйкес жария етiлген мүлiктiң құны алып тасталуға тиiс.
      2. Тауар-материалдық қорларды бағалаудың салық төлеушi осының алдындағы салық кезеңiнде қолданған әдiсiнен өзге әдiске ауысқан кезде салық төлеушiнiң жылдық жиынтық табысы бағалаудың жаңа әдiсiн қолдану нәтижесiнде алынған оң айырма сомасына ұлғайтылуға және терiс айырма сомасына азайтылуға тиiс.
      Тауар-материалдық қорларды бағалаудың өзге әдiсiне ауысуды салық төлеушi салық кезеңiнің басынан бастап жүргiзедi.
      Ескерту. 91-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2003.07.04. N 475 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2005.12.23. N  107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.02.20.  N 127 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.06.05. N 146 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.07.05. N 158 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2007 жылғы 1 сәуiрде өзiнiң қолданылуын тоқтатады), 2006.07.07. N 177 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. Параграф 2. Шегерiмдер       92-бап. Шегерiмдер       1. Осы Кодекске сәйкес шегерiмге жатпайтын шығыстарды қоспағанда, салық төлеушiнiң жылдық жиынтық табыс алуымен байланысты шығыстары салық салынатын табысты анықтау кезiнде шегерiлуге тиiс.
      2. Осы Кодексте шығыстарды нормалар шегiнде шегерiмдерге жатқызу жағдайлары айқындалған.
      Шегерiмдердi жылдық жиынтық табысты алуға байланысты шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде салық төлеушi жүргiзедi. Бұл шығыстар болашақтағы кезеңдердің шығыстарын қоспағанда, олар нақты жүргiзiлген салық кезеңiнде шегерiлуге жатады. Болашақтағы кезеңдердiң шығыстары қай салық кезеңiне қатысты болса, сол кезеңде шегерiлуге тиiс.
      3. Табиғи монополистер шеккен залалдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiлеген нормалар шегiнде шегерiлуге жатады.
      4. Егер шығыстардың бiрнеше баптарында белгiлi бiр шығындар көзделсе, салық салынатын кiрiстi есептеу кезiнде көрсетiлген шығындар тек бiр рет шегерiледi.
      5. Мемлекеттiк бюджетке енгiзiлуге тиiстiлерiн қоспағанда, жылдық жиынтық табыс табуға байланысты салынған немесе танылған айыппұлдар, өсiмпұлдар, тұрақсыздық айыбы шегерiп тасталуға тиiс.
      6. Қазақстан Республикасының жеке кәсiпкерлiк туралы заңына сәйкес салық төлеушiнiң жеке кәсiпкерлер субъектiлерi бiрлестiгiне тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда қызметкерлердiң орташа есеппен бiр жылдағы тiзiмдiк саны негiзiнде бiр қызметкерге белгiленген бiр айлық есептiк көрсеткiш шегiнде төлеген жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүшелiк жарналары шегерiмге жатады.
      Ескерту. 92-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.31. N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.        93-бап. Қызмет бабындағы iссапарлар кезiндегi және
               өкiлдiк шығыстар бойынша өтемдер сомаларын
               шегеру       1. Қызметтiк iссапарлар кезiндегi шегерiмге жататын өтемдерге:
      1) бронь үшiн шығыстар ақысын қоса алғанда, iссапарға баратын жерге жетуге және қайтуға нақты шыққан шығыстар;
      2) бронь үшiн шығыстар ақысын қоса алғанда, тұрғын үй-жайды жалдауға нақты шыққан шығыстар;
      3) Қазақстан Республикасының шегiнде iссапарда болған уақытында тәулігiне алты айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшерде төленетiн тәулiктiк ақы;
      4) Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде iссапарда болған кезде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нормалар шегiнде төленетiн тәулiктiк ақы;
      5) салық төлеушi кiру визасын ресiмдеген кезде жұмсаған шығыстар (визаның, консулдық қызметтердiң құны, мiндеттi медициналық сақтандыру) жатады.
      2. Салық төлеушiнiң өзара ынтымақтастық орнату немесе оны қолдау мақсатында адамдарды, акционерлердiң жалпы жиналысын өткiзуге, сондай-ақ директорлар кеңесiнiң отырысына келген қатысушыларды қабылдауға және оларға қызмет көрсетуге жұмсаған шығыстары өкiлдiк шығыстарға жатады. Аталған адамдарды ресми қабылдауды өткiзу, оларды көлiкпен қамтамасыз ету, келiссөз кезiнде тамақтануға арналған шығыстар, сондай-ақ ұйым штатында тұрмайтын аудармашылардың қызметiне ақы төлеу жөнiндегі шығыстар өкiлдiк шығыстарға жатады.
      Банкеттер, бос уақытта ойын-сауық немесе демалыстар ұйымдастыруға жұмсалған шығыстар өкiлдiк шығыстарға жатпайды және шегерiлмейдi.
      Өкiлдiк шығыстар Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген нормалар шегiнде шегерiмге жатқызылады.
      Ескерту. 93-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 , 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.07.07. N 177 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.       94-бап. Сыйақы бойынша шегерiмдер       1. Мыналар сыйақылар бойынша шегерiмдер болып табылады:
      1) құрылысқа алынған және құрылыс кезеңiнде төленетiн кредиттер (қарыздар) бойынша сыйақыны қоспағанда, алынған кредиттер (қарыздар) бойынша, оның iшiнде қаржы лизингi түрiндегi сыйақы;
      2)
      3) борыштық бағалы қағаздар иесiне оларды шығару және орналастыру шарттарына сәйкес эмитент төлейтiн дисконт не купон (дисконтты не сыйлықақыларды есепке ала отырып);
      3-1) вексель бойынша төлемдер;
      4) салымдар (депозиттер) бойынша сыйақы.
      Сыйақы бойынша шегерiм осы бапта белгiленген шекте жүргiзiледi.
      2. Сыйақы бойынша шегерiм:
      салық кезеңi үшiн салық төлеушінің резидентке төлейтiн сыйақы сомасы
      қосу
      меншiктi капиталдың орташа жылдық сомасының мiндеттемелердiң орташа жылдық сомасына қатынасының, шектi коэффициент және салық кезеңi үшiн салық төлеушiнiң резидент емеске төлейтiн сыйақы сомасының көбейтiндiсi ретiнде есептелетiн сома түрiнде есептелетін сома шегiнде жүргiзiледi.
      3. Осы баптың 2-тармағының мақсаттары үшiн:
      1) меншiктi капиталдың орташа жылдық сомасы есептi салық кезеңiнiң әрбiр айының соңындағы меншiктi капитал сомаларының орташа арифметикалық шамасына тең;
      2) мiндеттемелердің орташа жылдық сомасы есептi салық кезеңiнiң әрбiр айының iшiнде олар бойынша сыйақы төленетiн мiндеттемелердiң ең жоғары сомасының орташа арифметикалық шамасына тең;
      3) қаржы ұйымдары үшiн шектi коэффициент - 7-гe, өзге заңды тұлғалар үшiн 4-кe тең.
      4. (алып тасталды)
      Ескерту. 94-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2003.07.04. N 475 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.       95-бап. Төленген күмәндi мiндеттемелер бойынша
               шегерiмдер       Егер салық төлеушi бұрын табыс деп танылған күмәндi мiндеттемелердi кредит берушiге төлеген жағдайда, жүргiзiлген төлемнiң шамасында шегерiм жасауға жол берiледi. Мұндай шегерiм төлем жасалған салық кезеңiнде табыстарға жатқызылған шама шегiнде жүргізіледі.
      Осы бапта көзделген шегерiмге жатқызу тәртiбi осы Кодекстің 83-бабына сәйкес бұрын табыс деп танылған мiндеттемелердi төлеу жағдайында да қолданылады.
      Ескерту. 95-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.       96-бап. Күмәндi талаптар бойынша шегерiмдер       1. Күмәндi талаптар - Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары мен жеке кәсiпкерлерiне, сондай-ақ тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызметтi жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаларға тауарлар өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету нәтижесiнде туындаған және туындаған кезден бастап үш жыл ішiнде қанағаттандырылмаған талаптар; өткiзiлген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетiлген қызметтер бойынша туындаған және салық төлеушi-дебиторды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банкрот деп тануға байланысты қанағаттандырылмаған талаптар да күмәндi талаптар болып танылады.
      2. Осы Кодекске сәйкес күмәндi деп танылған талаптар шегерiмге жатады.
      Салық төлеушiнiң күмәндi талаптарды шегерiмге жатқызуы талаптың пайда болуын растайтын құжаттар болған жағдайда, сондай-ақ шегерiмге жатқызған кезде олар бухгалтерлiк есепте көрсетiлген не алдыңғы кезеңдерде бухгалтерлiк есептерде шығыстарға жатқызылған жағдайда жүргiзiледі.
      3. Дебитор банкрот деп танылған жағдайда, осы баптың 2-тармағында көрсетiлген құжаттардан басқа, дебиторды банкрот деп тану туралы сот шешiмi мен оны Мемлекеттiк тiркелiмнен шығару туралы әдiлет органдарының шешiмiн қосымша тапсыру қажет. Салық төлеушi жоғарыда аталған жағдайлар сақталған кезде, салық төлеушi-дебитор банкрот деп танылған салық кезеңiнiң қорытындылары бойынша күмәндi талаптың сомасын шегерiмге жатқызуға құқылы.
      4. (алып тасталды)
      Ескерту. 96-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.       97-бап. Резервтiк қорларға аударымдар бойынша шегерiмдер       1. Өзiнiң қызметiн заңдарға сәйкес жасалған келiсiм-шарт негiзiнде жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы кен орнында жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялардың аяқталуына байланысты сол кен орнын игеру салдарын жою қорына (резервтiк қорға) аударымдар сомаларын шегерiмге жатқызады.
      Кен орындарын игеру салдарын жою қорына аударымдардың мөлшерi мен тәртiбi жер қойнауын пайдалану келiсiм-шартымен белгiленедi.
      2. Аффилиирленген тұлғалардың пайдасына не аффилиирленген тұлғалардың мiндеттемелерi бойынша үшiншi тұлғаларға берiлген (кредиттiк серiктестiктердiң активтерi мен шарттық мiндеттемелерiнен басқа) активтер мен шарттық мiндеттемелердi қоспағанда, банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар төмендегi күмәндi және үмiтсiз активтерге, шартты мiндеттемелерге: басқа банктерде орналастырылған корреспонденттiк шоттардағы қалдықтарды қоса депозиттерге; басқа банктер мен клиенттерге берген кредиттерге (қаржы лизингiн қоспағанда); құжаттамалық есептер мен кепiлдiктер бойынша дебиторлық берешекке; шығарылған немесе кепiлдiктермен расталған өтелмеген аккредитивтер бойынша шартты мiндеттемелерге қарсы провизиялар (резервтер) жасау жөнiндегi шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар. Активтер мен шартты мiндеттемелердi күмәндi және үмiтсiз санатқа жатқызу тәртiбiн уәкiлеттi органмен келiсе отырып қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган анықтайды.
      Осы тармақтың мақсаттары үшiн:
      1) банктiң және (немесе) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның аффилиирленген тұлғасы;
      2) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлға;
      3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында аталған адамдардың жұбайы (зайыбы);
      4) осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында аталған адамдар iрi қатысушы және (немесе) бiрiншi басшы болып табылатын заңды тұлға;
      5) iрi қатысушы және (немесе) бiрiншi басшы, осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында аталған адамдардың жақын туысы, жұбайы (зайыбы) болып табылатын адам аффилиирленген тұлға болып танылады.
      3. Осы бапта көзделген шегерiмдердi қоспағанда, резервтiк қорларға аударымдар бойынша шегерiмдер жасалмайды.
      Ескерту. 97-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2003.07.10. N 483 Заңдарымен.       98-бап. Ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмыстарға
               жұмсалатын шығыстар бойынша шегерiмдер       Негiзгi құралдар сатып алуға, оларды орнатуға жұмсалатын шығыстардан және күрделi сипаттағы өзге де шығындардан басқа, ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмыстарға жұмсалатын шығыстар шегерiмге жатады. Тиiстi ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмыстар жүргiзiлгенiн растайтын жобалық-сметалық құжаттама, орындалған жұмыстардың актiсi және басқа да құжаттар мұндай шығыстарды шегерiмге жатқызу үшiн негiз болып табылады.
      Ескерту. 98-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының  2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.        99-бап. Сақтандыру сыйлықақылары бойынша шығыстарды
               шегеру       1. Жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықтарын қоспағанда, сақтанушының сақтандыру шарттары бойынша төленуге тиiстi (төленген) сақтандыру сыйлықтары шегерiлуге тиiс.
      2. Жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерiн) ұжымдық кепiлдендiру (сақтандыру) жүйесiне қатысушы банктер жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерiн) кепiлдендiруге (сақтандыруға) байланысты аударылған мiндеттi күнтiзбелiк, қосымша және төтенше жарналарының сомаларын шегерiмге жатқызуға құқылы.
      Ескерту. 99-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының  2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.        100-бап. Әлеуметтiк төлемдерге және оқытуға жұмсалған
                шығыстарды шегеру       1. Шегерiмге салық төлеушiнің Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын мөлшерде:
      1) қызметкерлердiң уақытша еңбекке жарамсыздығына ақы төлеуге есептелген;
      2) алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2007.12.19. N 9 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      3) өзiнің еңбек (қызмет) мiндеттерiн орындауына байланысты мертігуіне немесе денсаулығының өзге де зақымдануына байланысты қызметкерге (бұрынғы қызметкерге) келтiрiлген зиянды өтеуге бағытталған;
      4) Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша есептелген шығыстары жатады.
      2. Салық төлеушінің зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен төлеген ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарында белгіленген шекте шегерімге жатады.
      3. Жұмыс берушінің қызметкерді оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға арналған шығыстары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шегерілуге жатады.
      4. Салық төлеушiмен еңбек қатынастарында тұрмаған жеке тұлғаны салық төлеушiнiң өндiрiстiк қызметiне байланысты мамандық бойынша оқытуға жұмсаған шығыстары мынадай талаптар сақталған:
      1) салық төлеушiде кемiнде 3 жыл жұмыспен өтеу мiндеттемесi туралы жеке тұлғамен шарт жасалған;
      2) бiлiмнiң тиiстi деңгейiн жеке тұлға тұңғыш рет алатын;
      3) жеке тұлғаның оқуы Қазақстан Республикасында не мамандар даярлау Қазақстан Республикасында жүзеге асырылмайтын мамандықтар бойынша Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде жүзеге асырылатын жағдайларда шегерiлуге жатады.
      5. Осы баптың мақсаттарында оқытуға арналған шығыстар:
      1) оқытуға ақы төлеуге нақты жұмсалған шығыстарды;
      2) оқитын адамның тұруына және тамақтануына Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген норма шегiндегi шығыстарды;
      3) оқуға түскен кезде оқитын жерге және оқыту аяқталғаннан кейiн керi қарай жол жүруге нақты жұмсалған шығыстарды қамтиды.
      Ескерту. 100-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.03.13. N 394 , өзгерту енгізілді -  2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2005.11.22. N 89 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.12.19. N 9 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.       101-бап. Табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және
               оларды өндiруге әзiрлiк жұмыстарына жұмсалған
               шығыстар бойынша шегерiмдер және жер қойнауын
               пайдаланушылардың басқа да шегерiмдерi       1. Коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезге дейiн бағалау, абаттандыру жөнiндегi шығыстарды қоса алғанда, пайдалы қазбаларды геологиялық зерттеуге, барлауға және оларды өндiруге әзiрлiк жұмыстарын жүргiзуге жер қойнауын пайдаланушы жұмсаған шығыстар, жалпы әкiмшiлiк шығыстар, негiзгi құралдар мен материалдық емес активтердi сатып алу жөнiндегi шығыстарды қоса алғанда, төленген қол қойылатын бонус пен коммерциялық табу бонусының сомалары және өндiрiлген пайдалы қазбаларды өткiзу жөнiндегi шығыстардан басқа, осы Кодекске сәйкес шегерiмге жатқызылатын өзге де шығыстар жеке топты құрайды және жер қойнауын пайдаланушының қалауы бойынша айқындалатын, бiрақ 25 процент мөлшерiндегi амортизацияның шектi нормасынан аспайтын нормалар бойынша пайдалы қазбаларды коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезден бастап амортизациялық аударымдар түрiнде жылдық жиынтық табыстан шегерiледi.
      Осы баптың мақсаттары үшiн коммерциялық табудан кейiнгi өндiру жер қойнауын геологиялық зерттеу, қорғау және пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган қорларды бекiткеннен кейiн пайдалы қазбаларды өнеркәсiптiк өндiрудiң басталуын бiлдiредi.
      Жеке топ құрылғаннан кейiн және коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезге дейiн жұмсалған мұндай шығыстар оның ұлғаюына жатқызылады.
      Осы шығыстар жер қойнауын пайдалану құқығының бiр бөлiгiн беруден түскен табыстарды қоса алғанда, табиғи ресурстарға геологиялық зерттеу және оларды өндiруге әзiрлiк жұмыстарын жүргiзу кезеңiнде жасалған келiсiм-шарт шеңберiнде жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдаланушының қызметi бойынша алған табыстар сомасына оларды азайту жолымен түзетуге жатады, оған:
      1) пайдалы қазбаларды өткiзу кезiнде алынған табыстар;
      2) осы Кодекстiң 91-бабына сәйкес жылдық жиынтық табыстан алып тасталуға тиiс табыстар қосылмайды.
      2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген тәртiп жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуге байланысты салық төлеушiнiң материалдық емес активтердi сатып алуға жұмсаған шығыстарына да қолданылады.
      3. Жер қойнауын пайдаланушының қазақстандық кадрларды оқытуға және аймақтардың әлеуметтiк саласын дамытуға нақты жұмсаған шығыстары жер қойнауын пайдалану келiсiм-шарттарында белгіленген сомалар шегiнде шегерiмге жатады.
      Ескерту. 101-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.12.11. N  201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.       102-бап. Терiс бағамдық айырма сомасының оң бағамдық
               айырма сомасынан асып кетуiнен шегерiм       Терiс бағамдық айырманың сомасы оң бағамдық айырманың сомасынан асып кеткен жағдайда асып кету шамасы шегерiмге жатады.
      Ескерту. 102-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.07.04. N 475 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.       103-бап. Салықтар шегерiмi       1. Есептелген шектерде мемлекеттiк бюджетке төленген салықтар шегерiмге жатады, оларға:
      1) жылдық жиынтық табыс анықталғанға дейiн есептен шығарылатын салықтар;
      2) Қазақстан Республикасының аумағы мен басқа мемлекеттерде төленген корпорациялық табыс салығы мен табыс салығы;
      3) үстеме пайдаға салынатын салық қосылмайды.
      2. Өткен салық кезеңi үшiн ағымдағы салық кезеңiнде төленген салықтар төлем жүргiзiлген салық кезеңiнде шегерiмге жатады.           104-бап. Шегерiмге жатпайтын шығыстар       Мыналар:
      1) жылдық жиынтық табыс алуға байланысты емес шығыстар;
      1-1) сот жалған кәсiпорын деп таныған салық төлеушiмен қылмыстық қызметтiң сот белгiлеген басталу кезiнен бастап жасалған операциялар бойынша шығыстар;
      1-2) Қазақстан Республикасы салық төлеушiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiнен шартты түрде шығарылған әрекетсiз заңды тұлғамен осындай шығарылған кезден бастап жасалған операциялар бойынша шығыстар;
      2) құрылысқа және негiзгi қаражаттарды, материалдық емес активтердi сатып алуға арналған шығыстар мен салық төлеушiнiң жылдық жиынтық табыс алуына қатысты емес күрделi сипаттағы басқа да шығыстары;
      3) мемлекеттiк сатып алу туралы шарттар бойынша мемлекеттiк бюджетке енгiзуге жататын (енгiзiлген) айыппұлдар мен өсiмпұлдарды қоспағанда, мемлекеттiк бюджетке енгiзуге жататын (енгiзiлген) айыппұлдар мен өсiмпұлдар;
      4) шегерiмдерге жатқызудың осы Кодекспен белгiленген нормасынан асып түсетiн жылдық жиынтық табыс алуға байланысты шығыстар;
      5) Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген нормадан артық төленуге тиiс (төленген) бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомасы;
      6) кәсіпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын объектiлердi салу, пайдалану мен күтiп-ұстау жөнiндегi шығыстар;
      7) салық төлеушiнің өтеусiз негiзде берген мүлкiнің, орындаған жұмыстарының, көрсеткен қызметтерiнің құны;
      8) қызметiн өнiмдi бөлу жөнiндегi келiсiм-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы қосымша төлеген төлем сомасы шегерiмге жатпайды.
      Ескерту. 104-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.12.11. N  201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. Параграф 3. Тiркелген активтер бойынша шегерiмдер       105-бап. Тiркелген активтер        Тiркелген активтер - жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезге дейiн пайдалануға енгiзетiн және осы Кодекстiң 101-бабына сәйкес салық салу мақсатында ескерiлетiн негiзгi құралдар мен материалдық емес активтердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына сәйкес салық төлеушiнiң бухгалтерлiк балансында ескерiлетiн және жылдық жиынтық табыс алу үшiн пайдаланылатын негiзгi құралдар мен материалдық емес активтер.
      Салық салу мақсатында концессия шарты шеңберінде концессионер (құқық мирасқоры) өндірген және (немесе) алған активтер концессионердің негізгі құралдары болып табылады және концеденттің негізгі құралдары болып табылмайды.
      Ескерту. 105-бапқа өзгертулер енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29 N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), жаңа редакцияда - 2004.12.13 N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.02.28 N 235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.07.05 N 66-IV (енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.       106-бап. Тiркелген активтердің құны       1. Осы Кодекстiң 92-103-баптарына сәйкес негiзгi құралдардың бастапқы құнына оларды сатып алу, өндiру, салу, монтаждау және орнату жөнiндегi шығындар, сондай-ақ салық төлеушiнiң шегерiмге құқығы бар шығындардан басқа, олардың құнын арттыратын басқа да шығындар енгізiледi.
      2. Қатысушылар, құрылтайшылар негiзгi құралдарды жарғылық капиталға өздерiнiң салымы ретiнде енгiзген кезде Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес айқындалатын құн осы құралдардың бастапқы құны болып табылады.
      Негiзгi құралдарды өтеусiз алған кезде бастапқы құн аталған құралдарды қабылдау-беру актiсiнiң деректерi бойынша, бiрақ олардың нарықтық құнынан асырмай белгiленедi.
      3. Құрылысқа алынған және құрылыс жүргiзу кезеңiнде төленетiн (төленуге тиiс) кредиттер (қарыздар) үшiн сыйақы құрылыс объектiсiнiң құнына енгiзiледi.
      4. Қатысушылардың, құрылтайшылардың шығындарын қоса алғанда, материалдық емес активтердi сатып алу және (немесе) жасау жөнiндегi шығындар олардың бастапқы құны болып табылады.
      5. Тiркелген активтердiң құны осы Кодексте белгiленген тәртiппен және шарттармен амортизациялық аударымдарды есептеп шығару арқылы шегерiмге жатқызылады.
      Ескерту. 106-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.       107-бап. Тiркелген активтер бойынша амортизациялық
               аударымдарды есептеу       1. Тiркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдарды есептеу амортизациялық iшкi топтар, топтар бойынша жүргiзiледi. Амортизациялауға жатпайтын тiркелген активтерге:
      1) жер;
      2) (алып тасталды)
      3) мұражай құндылықтары;
      4) сәулет және өнер ескерткiштерi;
      5) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары, жағажолдар, бульварлар, скверлер;
      6) аяқталмаған күрделi құрылыс;
      7) фильм қорына жататын объектiлер;
      7-1) Қазақстан Республикасының шама бiрлiгiнiң мемлекеттiк эталондары;
      8) Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданылған салық заңдарына сәйкес бұрын құны толығымен шегеруге жатқызылған негiзгi құралдар;
      9) инвестициялық жоба шеңберiнде пайдалануға берiлген, осы Кодекстiң 138-140-баптарына сәйкес құны шегерiмге жатқызылатын (жатқызылған) тiркелген активтер жатады.
      2. Әрбiр iшкi топ, топ бойынша амортизациялық аударымдар амортизация нормасын қолдану арқылы, бiрақ iшкi топтың, топтың салық кезеңiнiң соңындағы құн балансына осы Кодекстiң 110-бабында белгiленген шектi нормадан асырмай есептеледі.
      Салық төлеушi таратылған немесе қайта ұйымдастырылған жағдайда амортизациялық аударымдар салық кезеңiндегi қызмет кезеңiне сәйкес түзетiледi.
      3. Үйлер мен ғимараттар (мұнай, газ ұңғымалары мен берiс құрылғыларын қоспағанда) бойынша амортизациялық аударымдар әрбiр объект бойынша жеке айқындалады және I топтың негiзгi құралының құны iшкi топтың құн балансына теңестiрiледі.
      Ескерту. 107-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.07.04. N 475 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2005.11.22.  N 89 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.12.11. N  201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.       108-бап. Амортизациялық iшкi топтардың, топтардың
               құн балансын айқындау       1. Әрбiр амортизациялық iшкi топ (І топтың), топ бойынша салық кезеңiнiң басында iшкi топтың (I топтың), топтың құн балансы деп аталатын қорытынды сомалар айқындалады.
      I топтың құн балансы негiзгі құралдардың әрбiр объектiсi бойынша iшкi топтардың құн баланстарынан және осы Кодекстiң 113-бабының 2-1-тармағына сәйкес құралған iшкi топтың құн балансынан тұрады.
      2. Iшкi топтың (І топтың), топтың салық кезеңiнiң соңындағы құн балансы:
      ішкі топтың (І топтың), топтың өткен салық кезеңінің соңындағы құн балансы ретінде айқындалған, өткен салық кезеңінде есептелген амортизациялық аударымдар сомасына азайтылған, сондай-ақ осы Кодекстiң 111 және 113-баптарына сәйкес жүргiзiлетiн түзетулер ескерiлген iшкi топтың (I топтың), топтың салық кезеңiнiң басындағы құн балансы,
      қосу
      осы Кодекстiң 109-бабына сәйкес айқындалған құн бойынша салық кезеңiнде келiп түскен тiркелген активтер,
      алу
      осы Кодекстiң 109-бабына сәйкес айқындалған тәртiппен салық кезеңiнде шығып қалған тiркелген активтер ретiнде айқындалады.
      3. 2006 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданыста болған, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалған, ішкi топтардың 2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша құн балансы 2005 жылы амортизацияның қосарлы нормасы қолданылған тiркелген активтер ескерiле отырып, осы Кодекстiң 110-бабының 1-тармағында айқындалған топтар бойынша уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен бөлiнедi.
      Ескерту. 108-бап жаңа редакцияда - 2005.11.22. N 89 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.        109-бап. Тiркелген активтердiң келiп түсуi және шығып
               қалуы       1. Сатып алу, оның iшiнде қаржы лизингi шарты бойынша лизинг алушының сатып алуы, құрылыс салуы, жарғылық капиталға салым ретiнде өтеусiз алуы кезiнде келiп түскен тiркелген активтер осы Кодекстiң 106-бабына сәйкес айқындалатын құн бойынша мынадай тәртiппен есепке алынады:
      I топ бойынша - тиiстi iшкi топтың құн балансын құрайды;
      II, ІІІ және IV топтар бойынша - топтың құн балансына енгiзiледi.
      2. Шығып қалатын тiркелген активтер тиiстi iшкi топтардың құн балансын (І топ бойынша) немесе II, ІІІ және IV топтардың құн балансын:
      өткiзу, қаржы лизингiне беру кезiнде - өткiзу құнына;
      жарғылық капиталға салым ретiнде беру кезiнде - осы Кодекстiң 106-бабына сәйкес айқындалатын құн бойынша;
      құрылтайшы, қатысушы мүлiктi алып қойған кезде - мәмiлеге қатысушылар айқындаған құн бойынша;
      тiркелген активтер сақтандырылған жағдайда, олар есептен шығарылған, жоғалған, жойылған, бүлiнген, ысырап болған кезде - сақтандыру ұйымы сақтанушыға сақтандыру шартына сәйкес төлейтiн сақтандыру төлемiнiң сомасын негiзге ала отырып айқындалатын құн бойынша, өзге де жағдайларда - салық мақсаттарында айқындалған (І топ бойынша) қалдық құны бойынша;
      өтеусiз беру кезiнде - баланстық құны бойынша;
      концедент концессионерге берген кезде - уәкілетті орган айқындаған құн бойынша;
      концессия шарты тоқтатылғанда концессионер концедентке берген кезде - уәкілетті орган айқындаған құн бойынша кемітеді.
      3. Егер тiркелген активтiң бiр бөлiгi ғана өткiзiлсе, сату кезеңiнде тiркелген активтiң құны қалған және өткiзiлген бөлiктiң арасында бөлiнедi.
      Ескерту. 109-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.13 N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2005.11.22 N 89 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.07.05 N 66-IV (енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.        110-бап. Тiркелген активтер амортизациясының
               шектi нормалары       1. Амортизацияға жататын тiркелген активтер амортизацияның мынадай шектi нормаларымен топтарға бөлiнедi:
Топ
N
Тiркелген активтердiң атауы Амортизацияның
шектi нормасы
(%)
I Үйлер, құрылыстар (мұнай, газ ұңғымалары мен берiлiс құрылғыларын қоспағанда) 10
II Мұнай-газ өндiру машиналары мен
жабдықтарын қоспағанда,
машиналар және жабдық
25
III Кеңсе машиналары мен компьютерлер 40
IV Басқа топтарға қосылмаған
тiркелген активтер
15
      2. Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға енгiзiлген тiркелген активтер бойынша салық төлеушi кемiнде үш жылдың жылдық жиынтық табысын алу мақсатында осы тiркелген активтердi пайдаланған жағдайда, пайдаланудың бiрiншi салық кезеңiнде амортизациялық аударымдарды амортизацияның қосарлы нормалары бойынша есептеуге құқылы. Осы тiркелген активтер пайдаланудың бiрiншi салық кезеңiнде топтың құн балансынан бөлек есепке алынады. Келесi салық кезеңiнде осы тiркелген активтер тиiстi топтың құн балансына енгiзiлуге жатады.
      Ескерту. 110-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.11.22. N 89 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.       111-бап. Тiркелген активтер бойынша басқа да шегерiмдер       1. Iшкi топтың (І топ бойынша) барлық тiркелген активтерi немесе топтың (ІІ, ІІІ және IV топтар бойынша) барлық тiркелген активтерi шығып қалғаннан кейiн iшкi топтың (І топ бойынша) немесе топтың (II, ІІІ және IV топтар бойынша) салық кезеңiнiң соңындағы құн балансы шегерiмге жатқызылады.
      2. Егер iшкi топтың (І топ бойынша) немесе топтың (ІІ, ІІІ және IV топтар бойынша) салық кезеңiнiң соңындағы құн балансы 300 айлық есептiк көрсеткiштен кем соманы құраған жағдайда, салық төлеушi iшкi топтың (І топ бойынша) немесе топтың (II, ІІІ және IV топтар бойынша) құн балансының шамасын шегерімге жатқызуға құқылы.
      3. Салық төлеушi тiркелген активтер бойынша осы Кодекстің 138-140-баптарына сәйкес қосымша шегерiмдер жасауға құқылы.
      Ескерту. 111-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)(3-бапты қараңыз), 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2005.11.22. N 89 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.       111-1-бап.
      Ескерту. 111-1-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының  2005.11.22. N 89 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.       112-бап. Қаржы лизингi шарттарымен берiлген (алынған)
               тiркелген активтер       1. Қаржы лизингiне (қаржы лизингi бойынша) берiлген (алынған) тiркелген активтердiң құны лизинг алушының iшкi тобының, тобының құн балансында ескерiледi.
      2. Егер активтер оларды қаржы лизингiне бергенге дейiн iшкi топтың құн балансына енгiзiлген болса, лизинг берушiдегi тиiстi iшкi топтың, топтың құн балансы қаржы лизингiне берiлген тiркелген активтердің құнына азайтылуға тиiс.
      Ескерту. 112-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының  2005.11.22. N 89 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.        113-бап. Жөндеуге жұмсалған шығыстар бойынша шегерiмдер       1. Мына негiзгi құралдарды:
      1) осы топқа енетiн;
      2) Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына сәйкес салық төлеушiнiң бухгалтерлiк балансында ескерiлетiн негiзгi құралдарды жөндеуге салық төлеушi жұмсаған iс жүзiндегi шығыстар бойынша әрбiр топқа қатысты шегерiм жасауға оларды жылдық жиынтық табыс алу үшiн пайдаланған жағдайда рұқсат етiледi.
      2. Қызмет етудiң нормативтiк мерзiмiн ұлғайтпайтын және негiзгi құралдардың өндiрiстiк қуатын арттырмайтын, техникалық құжаттамаға сәйкес негiзгi құралды сақтау және оларды техникалық бабында ұстау мақсатында жүргiзiлетiн, негiзгi құралдардың детальдарын (бөлшектерiн) және құрамдас бөлiктерiн ауыстыруға байланысты осы Кодекстiң 92-бабына сәйкес шегерiмге жатқызылатын шығыстарды қоспағанда, негiзгi құралдарды жөндеуге арналған iс жүзiндегi шығыстар сомасы топтың салық кезеңiнiң соңындағы құн балансынан белгiленген мынадай шекте әрбiр топ бойынша шегерiледi:
Топ
N
Топтың атауы Шектi норма (%)
I Үйлер, құрылыстар (мұнай, газ ұңғымалары мен берiлiс құрылғыларын қоспағанда) 15
II Мұнай-газ өндiру машиналары мен
жабдықтарын қоспағанда,
машиналар және жабдық
25
III Кеңсе машиналары мен компьютерлер 15
IV Басқа топтарға қосылмаған
тiркелген активтер
15
      2-1. Осы  баптың 2-тармағында аталған шектен асатын сома мынадай тәртіппен ескеріледі:
      1) I топ бойынша:
      егер iшкi топтың құн балансының құрамына кiретiн негiзгi құрал салық кезеңiнiң соңында iс жүзiнде шығып қалса - құн өсiмiнен түсетiн табыстың немесе iшкi топтың құн балансынан шығып қалған тiркелген актив құнының асып кетуiнен түскен табыстың тиiстi мөлшерiн iс жүзiндегi шығыстарға барабар азайтады және (немесе) iшкi топтың тиiстi құн балансын ұлғайтпайды;
      өзге де жағдайларда - iшкi топтың тиiстi құн балансын iс жүзiндегi шығыстарға барабар ұлғайтады;
      топтың құн балансына енгiзiлмейтiн негiзгi құралдар бойынша - жеке iшкi топтың құн балансын құрайды және келесi салық кезеңдерiнде осындай шығыстар iшкi топтың осы балансын ұлғайтуға жатқызылады;
      2) II, III және IV топтар бойынша: топтың құн балансы болған кезде - оның ұлғайтылуына жатқызылады;
      топтың құн балансы болмаған кезде - топтың келесi салық кезеңiнiң басталғандағы құн балансын құрайды.
      3. Бюджет қаражатынан алынған субсидиялар есебiнен жүргiзiлген жөндеуге жұмсалған шығыстар шегерiмге жатпайды және топтардың құн балансын ұлғайтпайды.
      4. Негiзгi құралдардың нормативтiк қызмет ету мерзiмiн ұлғайтпайтын және олардың өндiрiстiк қуатын арттырмайтын, техникалық құжаттарға сәйкес негiзгi құралды сақтау әрi оларды техникалық бабында ұстау мақсатында жүргiзiлетiн, негiзгi құралдардың детальдарын (бөлшектерiн) ауыстыруға байланысты жалгер жалға алынған негiзгi құралдарға қатысты жүргiзген және жалға берушiнiң жалға беруші шартына сәйкес өтемейтiн шығыстары осы Кодекстiң 92-бабына сәйкес шегерiмге жатқызылады.
      5. Осы Кодекстiң 138-140-баптарына сәйкес құны шегерiмге жатқызылатын (жатқызылған) инвестициялық жоба шеңберiнде пайдалануға берiлген негiзгi құралдарды жөндеуге жұмсалған iс жүзiндегi сома осы баптың 2 және 2-1-тармақтарында айқындалған тәртiппен шегерiмге жатқызылады.
      Ескерту. 113-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.11.22. N 89 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), өзгерту енгізілді- 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгізіледі), 2007 жылғы 28 ақпандағы N 235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен. Параграф 4. Ұзақ мерзiмдi келiсiм-шарттар бойынша табыстар
мен шегерiмдер       114-бап. Ұзақ мерзiмдi келiсiм-шарттар бойынша табыстар
               мен шегерiмдер       1. Ұзақ мерзімдi келiсiм-шарттарға қатысты табыстар мен шегерiмдер олардың нақты орындалу бөлiгiнде салық кезеңi iшiнде ескерiледi.
      Тауарларды тиеп жiберуге, жұмыстарды орындауға, қызмет көрсетуге жасалған, қолданылу мерзiмi бiр жылдан артық келiсiм-шарт (шарт) ұзақ мерзiмдi келiсiм-шарт болып табылады.
      2. Келiсiм-шарттың орындалу үлесi салық кезеңiнiң соңына дейiн жұмсалған шығыстар сомасын осы келiсiм-шарт бойынша жалпы шығыстар сомасымен салыстыру арқылы анықталады. 16-тарау. Салық төлеушілердің кейбір санаттарына салық салу
жөніндегі жекелеген ережелер Параграф 1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына салық
салу        115-бап. Салық салу объектiсi       1. Сақтанушылар мен қайта сақтанушылардан салық кезеңi iшiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша алуға жатқызылған (алынған), сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын бұзған кезде қайтарылған, сақтандыру сыйлықақыларының сомасына, сондай-ақ қайта сақтандыру шарты бойынша төленген сақтандыру сыйлықақыларының сомасына азайтылған сақтандыру сыйлықақылары және Сақтандыру төлемдерiн кепiлдендiру қорына мiндеттi жарналар түрiндегi табысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына олардың сақтандыру және қайта сақтандыру қызметiн жүзеге асыратын бөлiгiнде корпорациялық табыс салығын салу объектiсi болып табылады.
      Сақтандыру қызметiнiң мынадай кiрiс түрлерi:
      1) қайта сақтандыру шарттары бойынша алуға жататын (алынған) комиссиялық сыйақылар;
      2) инвестициялық кiрiстер, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерiн депозиттерге, бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына орналастырудан алуға жататын (алынған) бағам айырмасы жөнiндегi кiрiстер;
      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) шартына байланысты дебиторлық және кредиторлық берешектердi қайта бағалау жөнiндегi бағам айырмасы;
      4) қайта сақтандыру шартына сәйкес сақтандыру жағдайын реттеу жөнiндегi сақтандыру төлемдерi мен шығыстарындағы қайта сақтандырушының үлесi;
      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша үшiншi тұлғалардан суброгация (регресс) тәртiбiмен қойылатын талаптар бойынша кiрiстер;
      6) 2002 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданылған Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес шегерiмдерге жатқызылған сақтандыру резервтерiне аударымдар сомаларын қоспағанда, салық кезеңi iшiндегi сақтандыру резервтерiнiң мөлшерiн азайту;
      7) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтанушыларға берiлген заемдар бойынша кiрiстер;
      8) шығыстары 2002 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданылған Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес шегерiмге жатқызылған күмәндi мiндеттемелердi қоспағанда, сақтандыру қызметiнен күмәндi мiндеттемелер бойынша алынатын кiрiстер;
      9) Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтанушысымен жасалған мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеу үшiн сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру жүйесiне қатысушы болып табылатын сақтандыру ұйымдарына беретiн өтемақы төлемдерi;
      10) эмитент меншiктi акцияларын орналастырған кезде алған олардың құнының номиналдық құнынан асып түсуi және эмитент меншiктi акцияларын өткiзген кездегi құн өсiмi сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының салық салу объектiсi болып табылмайды.
      2. Өзге қызметтен алуға жататын (алынған) жиынтық жылдық кiрiс пен осы тармақта белгiленген тәртiппен анықталатын шегерiмдер арасындағы айырма ретiнде есептелiп, салық салынатын кiрiс осы баптың 1-тармағында көрсетiлмеген өзге қызметтен алуға жататын (алынатын) кiрiстер бойынша корпорациялық табыс салығын салу объектiсi болып табылады.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзге қызмет бойынша шегерiмге жатқызуға жататын шығыстар сомасы, шығыстардың жалпы сомасында қайта сақтандыру шарттары бойынша төленген сақтандыру сыйақыларын, сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын бұзған кезде қайтарылған, сондай-ақ сақтандыру сыйлықақыларын қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жалпы кiрiстер сомасындағы өзге қызметтен алуға жататын (алынған) кiрiстерiнiң үлес салмағы негiзге алына отырып, барабар әдiспен белгiленедi.
      Ескерту. 115-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.12.11. N  201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.       116-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының
               табыстары мен шығыстарының есебi       Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары салық салу мақсатында сақтандыру сыйлықақыларын орналастыру қызметiн қоса алғанда, сақтандыру және қайта сақтандыру қызметін жүзеге асырудан алынатын табыстары бойынша және осы Кодекстiң 115-бабының 1-тармағында аталмаған өзге де қызметтiң табыстары, шығыстары бойынша бөлек есеп жүргiзуге мiндеттi.       117-бап. Корпорациялық табыс салығының ставкалары       1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша тiркелген аударымдар түрiнде корпорациялық табыс салығын:
      1) жинақтаушы емес сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша - алынуға жататын (алынған) сақтандыру сыйлықақылары сомасының 4 процентi;
      2) аннуитеттiк сақтандыруды қоспағанда, жинақтаушы сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша - алынуға жататын (алынған) сақтандыру сыйлықақылары сомасының 2 процентi;
      3) аннуитеттiк сақтандыру бойынша - алынуға тиiс (алынған) сақтандыру сыйлықақылары сомасының 1 процентi;
      4) өзара сақтандыру бойынша - алынуға тиiс (алынған) сақтандыру сыйлықақылары сомасының 1 процентi мөлшерiнде төлейдi.
      2. Осы Кодекстің 115-бабының 2-тармағында аталған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары салық кезеңi iшiнде алуға жататын (алған) табыстарға осы Кодекстің 135-бабының 1-тармағында белгiленген ставка бойынша корпорациялық табыс салығы салынуға тиiс.
      Ескерту. 117-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.07.05. N  164 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.       118-бап. Корпорациялық табыс салығы бойынша декларация
               және есеп айырысу       1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сақтандыру сыйлықақылары түрiндегi табыстар бойынша салық органдарына есептi айдан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей бiр ай iшiнде есептелген корпорациялық табыс салығы бойынша ай сайынғы есеп-қисапты табыс етедi.
      Осы Кодекстiң 115-бабының 2-тармағында көрсетiлген кiрiстер бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары аванстық төлем сомаларының есеп-қисабын осы Кодекстiң 126-бабында белгiленген тәртiппен ұсынады.
      2. Салық кезеңiнің қорытындысы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары осы Кодекстiң 137-бабында белгiленген мерзiмде барлық табыстар жөнiнде декларация табыс етуге мiндеттi.
      3. Түпкiлiктi есеп айырысу мен корпорациялық табыс салығын төлеу осы Кодекстiң 127-бабында белгiленген мерзiмде жүргiзiледi.
       Ескерту. 118-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.       119-бап. Корпорациялық табыс салығын төлеу мерзiмдерi       1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары негiзiнде сақтанушылар мен қайта сақтанушылардан алынуға жататын (алынған) сақтандыру сыйлықақылары түрiндегi табыстар бойынша корпорациялық табыс салығын есептi айдан кейiнгi айдың 15-iне дейiн төлейдi.
      2. Осы Кодекстiң 115-бабының 1-тармағында аталғандарды қоспағанда, салық кезеңi iшiнде алынуға жататын (алынған) табыстар бойынша осы Кодекстiң 126-бабында белгiленген тәртiппен аванстық төлемдер төленедi. Параграф 2. Басқа санаттардағы салық төлеушiлерге салық салу       119-1-бап. Мұнай-химия өнеркәсiбiндегi қызметтi жүзеге
                  асыратын жекелеген ұйымдарға салық салу       1. Осы баптың күші қолданылатын, мұнай-химия өнеркәсiбiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға бiр мезгiлде мынадай талаптарға сәйкес келетiн:
      1) 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап 2007 жылғы 31 желтоқсанды қамтитын аралықтағы кезеңде мемлекеттiк тiркеуден өткен;
      2) өндiрiстiк мақсаттағы (толық технологиялық циклi бар) объектiлерiн мемлекеттiк қабылдау комиссиялары осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген кезеңде пайдалануға қабылдаған;
      3) жылдық жиынтық табысының кемiнде 90 процентiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын қызмет түрлерi бойынша мұнай және (немесе) газ өнiмдерiн өңдеуге негiзделген жеке өндiрiсiнiң тауарларын өткiзуден алынуға тиiс (алынған) табыстар құрайтын;
      4) өндiрiстiк мақсаттағы объектiлерiне (осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген) инвестициялардың ең төменгi көлемi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген кемiнде бес миллион айлық есептiк көрсеткiштi құрайтын ұйымдар жатады.
      2. Осы баптың күші қолданылмайтын ұйымдарға:
      жер қойнауын пайдаланушылар;
      акцизделетiн тауарлар өндiретiн ұйымдар;
      арнаулы салық режимдерiн қолданатын ұйымдар жатады.
      3. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген ұйымдардың салықтарды есептер осы Кодексте белгiленген тәртiппен, осы баптың 4-тармағында көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып жүргiзiледi.
      4. Бюджетке төленуге тиiстi корпорациялық табыс салығының сомасын айқындау кезiнде осы Кодекстiң 125-бабына сәйкес есептелген корпорациялық табыс салығының сомасы жүз процентке азайтылады.
      Осы тармақта көзделген салық сомасының азайтылуы осы Кодекстiң 126-бабына сәйкес айқындалатын корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларын есептеу кезiнде де қолданылады.
      5. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген талаптар сақталмаған жағдайда, мұнай-химия өнеркәсiбiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың табыстарына жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салынуға тиiс.
      6. Егер осы тармақта өзгеше белгiленбесе, осы баптың 4-тармағының ережелерi өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi мемлекеттiк қабылдау комиссиялары пайдалануға қабылдаған күннен бастап бес жыл iшiнде қолданылады.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi қызмет түрлерiне және тiркелген активтерге инвестициялар көлемiне байланысты осы баптың 4-тармағының ережелерiн қолданудың өндiрiстiк мақсаттағы толық технологиялық циклi бар объектiлердi мемлекеттiк қабылдау комиссиялары пайдалануға қабылдаған күннен бастап он жылдан аспайтын өзге мерзiмдерiн белгiлей алады.
      Осы баптың 4-тармағының ережелерiн бес жылдан артық мерзiмге қолдану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды .
      7. Салық кезеңi, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша салық есептілігiн табыс етудiң тәртiбi мен мерзiмдерi осы Кодекске сәйкес айқындалады.
      Ескерту. 119-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), өзгеріс енгізілді - 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2005.11.22. N 89 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.        120-бап. Коммерциялық емес ұйымдарға салық салу       1. Осы Кодекстiң мақсаттары үшiн акционерлiк қоғамдарды, мекемелердi және пәтер (үй-жайлар) иелерi кооперативтерiнен басқа тұтыну кооперативтерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес коммерциялық емес ұйым мәртебесi бар, өз қызметiн қоғамдық мүдденi көздеп жүзеге асыратын және мынадай шарттарға сай келетiн:
      1) осындай қызметiне орай табыс алу мақсаты жоқ;
      2) алынған таза табысты немесе мүлiктi қатысушылар арасында бөлмейтiн ұйым коммерциялық емес ұйым деп танылады.
      2. Коммерциялық емес ұйымның мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша, депозиттер бойынша сыйақы, грант, кiру және мүшелiк жарналар, кондоминиумға қатысушылардың жарналары, қайырымдылық және демеушiлiк көмек, өтеусiз берiлген мүлiк, өтеусiз негiздегі аударымдар мен қайырмалдық түрiнде алған табысы, осы баптың 1-тармағында аталған шарттар сақталған жағдайда, салық салуға жатпайды.
      3. Осы баптың 1-тармағында аталған шарттар сақталмаған жағдайда, коммерциялық емес ұйымның табыстарына жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салынуға тиiс.
      4. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлмеген табыстарға жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салынуға тиiс.
      Бұл ретте коммерциялық емес ұйым осы бапқа сәйкес салық салудан босатылған табыстар бойынша және жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салуға жататын табыстар бойынша бөлек-бөлек есеп жүргiзуге мiндеттi.
      5. Жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салуға жататын табыстарды алған кезде коммерциялық емес ұйым шығыстарының шегерiмдерге жатқызылуға тиiс сомасы салық төлеушiнiң қалауы бойынша барабарлық немесе бөлек есептеу әдiсi бойынша айқындалады.
      6. Барабарлық әдiс бойынша шығыстардың жалпы сомасындағы шегерiмге жатқызылуға тиiстi шығыстар сомасы коммерциялық емес ұйым табыстарының жалпы сомасындағы осы баптың 2-тармағында көрсетiлмеген табыстардың үлес салмағы негiзге алына отырып айқындалады.
      7. Бөлек есептеу әдiсi бойынша салық төлеушi осы баптың 2-тармағында көрсетiлген табыстарға жататын шығыстар және жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салуға жататын табыстарға қатысты шығыстар бойынша бөлек-бөлек есеп жүргiзедi.
      Ескерту. 120-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.07.04. N 475 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.07.07. N  177 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.       121-бап. Әлеуметтiк салада қызметiн жүзеге асыратын
               ұйымдарға салық салу       1. Қызметiн әлеуметтік салада жүзеге асыратын ұйымдарға жылдық жиынтық табысының кем дегенде тоқсан процентiн грант, қайырымдылық көмек, өтеусiз берiлген мүлiк, өтеусiз негiздегi аударымдар мен қайырмалдықтар түрiнде алынған табыстар, сондай-ақ қызметтің мынадай түрлерiнен:
      1) косметологиялық қызметтердi қоспағанда, медициналық қызметтер көрсетуден;
      2) қызметтің осы түрлерін жүргізу құқығына тиісті лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту; бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және қосымша білім беру жөніндегі қызмет көрсетуден;
      3) ғылым, спорт (коммерциялық сипаттағы спорттық ойын-сауық шараларынан басқа), мәдениет (шоу-бизнестi қоспағанда) саласында қызмет, тарихи-мәдени мұраны, мұрағаттық құндылықтарды сақтау бойынша, сондай-ақ балаларды, қарттар мен мүгедектердi қорғау және оларды әлеуметтiк қамсыздандыру саласында қызмет көрсетуден;
      4) кiтапхана қызметiн көрсетуден алынуға тиiс (алынған) кiрiс құрайтын ұйымдар жатады.
      2. Әлеуметтiк салада қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға, мынадай шарттарға сай келетiн:
      салық кезеңiнде мүгедектердiң саны қызметкерлердiң жалпы санының кемiнде 51 процентi болатын;
      салық кезеңiнде мүгедектердiң еңбегiне ақы төлеу жөнiндегi шығыстар еңбекке ақы төлеу бойынша жалпы шығыстардың кемiнде 51 процентiн (есту, сөйлеу, сондай-ақ көру қабiлетiнен айрылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдарда - кемiнде 35 процент) құрайтын ұйымдар да жатады.
      Осы баптың ережелерi акцизделетiн тауарлар өндiру мен өткiзу жөнiндегi қызметтен және акцизделетiн қызмет түрлерiнен табыстар алатын ұйымдарға қатысты қолданылмайды.
      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған ұйымдардың табыстары, сондай-ақ грант, қайырымдылық көмек, өтеусiз берiлген мүлiк, өтеусiз негiздегi аударымдар мен қайырмалдықтар түрiнде алынған қаражат аталған қызмет түрлерiн жүзеге асыруға жұмсалған кезде салық салуға жатпайды.
      4. Осы бапта көзделген шарттар бұзылған жағдайда, алынған табыстарға осы Кодексте белгiленген тәртiппен салық салынуға тиiс.
      Ескерту. 121-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.01.12. 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2007.07.27. N 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңдарымен. 17-тарау. Салық салынатын табысты түзету       122-бап. Салық салынатын табысты түзету       1. Салық төлеушiнің салық салынатын табысынан салық салынатын табыстың үш процентi шегiнде мынадай шығыстар алып тасталуға тиiс:
      1) шығыстардың әлеуметтiк сала объектiлерiн пайдалану кезiнде алынған табыстардан асып түскен сомалары шегiнде әлеуметтiк сала объектiлерiн ұстауға салық төлеушiнiң нақты жұмсаған шығыстары;
      2) коммерциялық емес ұйымдарға өтеусiз берiлген мүлiк;
      2-1) көмек алатын тұлға тарапынан арыз негiзiнде салық төлеушiнiң шешiмi болған жағдайда демеушiлiк көмек;
      3) жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берiлген атаулы әлеуметтiк көмек.
      2. Мүгедектердiң еңбегiн пайдаланатын салық төлеушiлер салық салынатын табысты мүгедектердің еңбегiне ақы төлеуге шығарылған шығыстар сомаларынан 2 еселенген және мүгедектерге төленетiн жалақы мен басқа да төлемдердiң есептелген әлеуметтiк салық сомасынан 50 процент мөлшерiндегi соманы азайтуға құқығы бар.
      3. Салық төлеушiлер салық салынатын табысты үш жылдан артық мерзiмге берiлген негiзгi құралдардың қаржы лизингi бойынша алынған сыйақы сомасына, кейiннен оларды лизинг алушыға бере отырып, азайтады.
      4. Жиынтық жылдық кірісінің кемінде 90 процентін ауыл шаруашылығына кредит беруден алынуға тиісті (алынған) кірістер құрайтын, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, кредиттік серіктестіктер, микрокредиттік ұйымдар салық салынатын табысты қызметтің осындай түрінен алынған табыс сомасына, сондай-ақ олардың активтерін орналастырудан алынған инвестициялық кіріс сомасына азайтады.
      4-1. алып тасталды - 2005.12.23. N 107 Заңымен.
      5. Салық төлеушiнiң амортизациялық аударымдарды есептеп шығаруы осы Кодекстiң 110-бабының 2-тармағына сәйкес жүргiзiлген, пайдалануға алғаш енгiзiлген тiркелген активтердi үш жылдық кезең аяқталғанға дейiн өткiзген жағдайда жасалған қосымша шегерiм сомасы салық төлеушiнiң тiркелген активтердi өткiзген салық кезеңiндегi салық салынатын табысын арттыруға қатысты болады.
      Ескерту. 122-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2005.11.22.  N 89 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2005.12.23. N  107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 18-тарау. Залалдар       123-бап. Залал ұғымы       1. Түзетiлген жиынтық жылдық табыстан шегерiмдердiң асып түсуі кәсіпкерлiк қызметтен шегетін залал деп танылады.
      2. Бағалы қағаздарды өткiзуден шегетiн залал мыналар:
      борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, бағалы қағаздар бойынша - өткiзу құны мен
иемденіп алу құны арасындағы терiс айырма;
      борыштық бағалы қағаздар бойынша - өткiзген күнгi дисконт амортизациясы мен (немесе) сыйлықақы есептегендегi өткiзу құны мен иемденiп алу құны арасындағы терiс айырма.       124-бап. Залалдарды ауыстыру       1. Кәсiпкерлiк қызметтен шегетiн залалдар, сондай-ақ салық төлеушiнiң кәсiпкерлiк қызметiнде пайдаланылған үйлердi (мұнай, газ ұңғымалары мен беріліс құрылғыларын қоспағанда) өткiзуден шеккен залалдар кейiнгi салық кезеңдерiнiң салық салынатын табысы есебiнен өтеу үшiн үш жылға дейiнгi мерзiмге, үшiншi жылы қоса есептелiп, ауыстырылады.
      Жер қойнауын пайдалану келiсiм-шарттары бойынша жүзеге асырылатын қызметке байланысты туындайтын залалдар жетi жылға дейiнгi мерзiмге, жетiншi жылы қоса есептелiп, ауыстырылады.
      2. Өткізілетін күні листингтің ең жоғары және ең жоғарыдан кейінгі санаттары бойынша қор биржасының ресми тізімдерінде тұрған акциялар мен облигацияларды, мемлекеттік бағалы қағаздарды, агенттiк облигацияларды және олармен азаматтық-құқықтық мәмiлелер Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының арнайы сауда алаңында жасалған жағдайда осы сауда алаңына жiберілген бағалы қағаздарды қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізуден шегетін залалдарды қоспағанда, бағалы қағаздарды өткізу кезінде туындайтын залалдар өткізілетін күні қор биржасының "А" және "В" ресми тізімдерінде тұрған акциялар мен облигацияларды, мемлекеттік бағалы қағаздарды және агенттік облигацияларды өткізу кезінде құн өсімінен түскен табыстарды қоспағанда, басқа бағалы қағаздарды өткізу кезінде алынған құн өсімінен түскен табыс есебінен өтеледі.
      Егер осы залалдар орын алған кезеңiнде өтеле алмайтын болса, олар алдағы уақытқа үш жылға дейiнгi мерзiмге ауыстырылып, өткiзу күнiне қор биржасының "А" және "В" ресми тiзiмiндегi акциялар мен облигацияларды, мемлекеттiк бағалы қағаздарды, агенттік облигацияларды және олармен азаматтық-құқықтық мәмiлелер Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының арнайы сауда алаңында жасалған жағдайда осы сауда алаңына жiберiлген бағалы қағаздарды өткiзу кезiндегi құн өсiмiнен түскен табысты қоспағанда, басқа бағалы қағаздарды өткiзу кезiнде алынған құн өсiмiнен түскен табыс есебiнен өтелуге тиiс.
      3. Арнайы қаржы компаниясының Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын қызметінен шеккен залалы бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигациялардың айналым мерзімі ішінде ауыстырылады.
       Ескерту. 124-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2005.11.22.  N 89 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2005.12.23. N  107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.02.20.  N 127 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.06.05. N 146 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 19-тарау. Корпорациялық табыс салығын есептеп шығару тәртібі
мен оны төлеу мерзімдері       125-бап. Корпорациялық табыс салығы сомасын есептеп
               шығару       Корпорациялық табыс салығы салық кезеңi үшiн осы Кодекстің 135-бабының 1-тармағында белгiленген ставканы осы Кодекстiң 124-бабына сәйкес ауыстырылатын залалдар сомасына азайтылған салық салынатын табысқа осы Кодекстiң 122-бабына сәйкес жүргiзiлген түзетулердi ескере отырып қолдану жолымен есептеп шығарылады.       126-бап. Аванстық төлемдер сомасын есептеп шығару       1. Салық төлеушiлер осы Кодексте белгiленген тәртiппен аванстық төлемдердi енгiзу жолымен салық кезеңi iшiнде корпорациялық табыс салығын төлейдi.
      2. Салық кезеңi iшiнде төленетiн корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларын салық төлеушi ағымдағы салық кезеңi үшiн корпорациялық табыс салығының болжамды сомасын негiзге ала отырып, бiрақ егер осы бапта өзгеше көзделмесе, өткен салық кезеңi үшiн аванстық төлемдер сомаларының есебiндегi аванстық төлемдердің орташа айлық есептелген сомаларынан кем емес етiп есептеп шығарады.
      3. алып тасталды
      4. Салық төлеушi төлеуге тиiс аванстық төлемдер сомалары салық кезеңi iшiнде тең үлестермен төленедi.
      5. Салық төлеушi корпорациялық табыс салығы бойынша декларация тапсырғанға дейiнгi кезең iшiнде төленуге тиiс аванстық төлемдер сомаларының есебiн жасап, есептi салық кезеңiнің 20 қаңтарына дейiн салық төлеушiнiң тiркелген орны бойынша салық органына табыс етедi.
      6. Корпорациялық табыс салығы бойынша декларация тапсырылғаннан кейiн төленуге тиiс аванстық төлемдер сомаларының есебiн салық төлеушi декларацияны тапсырған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде, бiрақ есептiк салық кезеңiнiң 20 сәуiрiнен кешiктiрмей табыс етедi.
      7. Салық кезеңiнiң қорытындысы бойынша залал шеккен немесе салық салынатын табысы жоқ салық төлеушiлер корпорациялық табыс салығы бойынша декларация тапсырған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде, сондай-ақ жаңадан құрылған салық төлеушілер мемлекеттiк тiркелген күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде салық кезеңi iшiнде төленуге тиiс аванстық төлемдердiң болжамды сомасының есебiн салық органына табыс етуге мiндеттi.
      8. Салық төлеушi салық кезеңi iшiнде, өткен салық кезеңi үшiн декларация тапсырғанға дейiн төленуге тиiс аванстық төлемдердiң сомаларын қоспағанда, салық кезеңiнiң алдағы айлары үшiн аванстық төлемдер сомаларының қосымша есебiн беруге құқылы.
      9. Осы баптың ережелерi осы Кодекстiң 120-бабы 1-тармағының шарттарына сәйкес келетiн және жалпы белгiленген тәртiппен салық салынуға жататын табысы жоқ заңды тұлғаларға, сондай-ақ осы Кодекстiң 121-бабының 1 және 2-тармақтарында белгiленген шарттарға сәйкес келетiн заңды тұлғаларға қолданылмайды.
      Ескерту. 126-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.07.07. N 177 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.       127-бап. Корпорациялық табыс салығын төлеу мерзiмдерi
               мен тәртiбi       1. Салық төлеушiлер корпорациялық табыс салығын төлеудi өзiнiң тұрып жатқан жерi бойынша жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар корпорациялық табыс салығын төлеудi тұрақты мекеме орналасқан жер бойынша жүзеге асырады.
      2. Салық төлеушiлер корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi бюджетке осы Кодекстің 136-бабында белгiленген салық кезеңi iшiнде, осы Кодекстiң 126-бабына сәйкес анықталған мөлшерде ағымдағы айдың 20-сынан кешiктiрмей ай сайын төлеп тұруға мiндеттi.
      3. Салық кезеңi iшiнде енгiзiлген аванстық төлемдер сомалары салық кезеңi үшiн корпорациялық табыс салығы жөнiндегi декларация бойынша есептеп шығарылған корпорациялық табыс салығын төлеу есебiне жатқызылады.
      4. Салық төлеушi салық кезеңiнің қорытындысы бойынша корпорациялық табыс салығы бойынша түпкiлiктi есеп айырысуды (төлемдi) декларация тапсыру үшiн белгiленген мерзiмнен кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей жүзеге асырады.
      Ескерту. 127-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.       128-бап.
      Ескерту. 128-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.       129-бап. Шетелдiк салықты есепке жатқызу       1. Осы Кодекстiң 91-бабына сәйкес түзетуге жататын кiрiстердi қоспағанда, салық төлеушiнiң Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде төлеген табыс салығының және Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде алған кiрiстерi бойынша табысқа салынатын салық сомасы Қазақстан Республикасында корпорациялық табыс салығын төлеу кезiнде есепке жатқызылады.
      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген есепке жатқызылатын сомалардың мөлшерi салық төлеушiнiң әр мемлекетте алған табыстары бойынша нақты төлеген салық сомасы негiзге алына отырып, әр мемлекет бойынша жеке-жеке анықталады. Есепке жатқызылатын салық сомасының мөлшерi осы табыс бойынша Қазақстан Республикасында осы Кодекстiң 135-бабында белгiленген ставкамен есептелетiндей сомадан аспауға тиiс.
      3. Осы баптың 1-тармағы қосарланған салық салуды болғызбау және табыстар мен мүлiктерге салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы халықаралық шарт жасасқан мемлекетте Қазақстан Республикасының резидент болып табылатын жеке және заңды тұлғаларының табыстарынан немесе мүлiктерiнен ұсталған және (немесе) төленген салыққа қолданылмайды, оған осындай халықаралық шарттың ережелерiне сәйкес Қазақстан Республикасында салық салынуға тиiс.
      Ескерту. 129-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.07.07. N 177 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.       130-бап. Салық салуда жеңiлдiгi бар мемлекеттерде
               алынған табыс       1. Егер резидентке резидент емес заңды тұлғаның жарғылық капиталының 10 және одан астам процентi тiкелей немесе жанама тиесiлi болса немесе ол салық салуда жеңiлдiгi бар мемлекетте табыс алатын осы резидент емес заңды тұлғаның дауыс беретiн акцияларының 10 және одан астам процентiне ие болса, онда резидент емес заңды тұлға пайдасының резиденттiң мұндай резидент емес заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесiне негiзделе отырып айқындалатын резидент емес тұлғаның резидентке қатысты бөлiгi оның салық салынатын табысына енгiзiледi. Бұл ереже резиденттiң заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызмет ұйымдастырудың басқа нысандарына қатысуына да қолданылады.
      1-1. Жеңiлдетiлген салық салынатын елде орналасқан және (немесе) тiркелген резидент емес заңды тұлға пайдасының бiр бөлiгi Қазақстан Республикасы Президентiнiң салық салынатын табысына қосылатын осы пайданың жалпы сомасы резидент еместің шоғырландырылған қаржылық есептілігiмен расталуға тиiс.
      2. Егер шет мемлекетте салық ставкасы осы Кодекске сәйкес айқындалатын салық ставкасының 1/3-iнен аспайтын болса немесе мүлiктің нақты иесi немесе табыстың нақты иесi туралы құпияны сақтауға мүмкiндiк беретiн қаржы ақпаратының немесе компаниялар туралы ақпараттың құпиялығы туралы заңдар болса, ол салық салуда жеңiлдiгi бар мемлекет ретiнде қаралады.
      Салық салуда жеңілдігі бар мемлекеттерге салық ставкасы резидент емес заңды тұлғаға қатысты мемлекет нақты қолданатын салық ставкасы осы Кодекске сәйкес айқындалатын ставканың 1/3-інен аспайтын мөлшерді құрайтын немесе мүліктің нақты иесі немесе табыстың нақты иесі туралы құпияны сақтауға мүмкіндік беретін қаржы ақпаратының немесе компаниялар туралы ақпараттың құпиялылығы туралы заңдары бар мемлекеттің әкімшілік-аумақтық бөлігі жатады.
      Мұндай мемлекеттердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
      Ескерту. 130-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2005.12.23. N  107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.       130-1-бап. Резиденттердiң халықаралық шарттарды шет
                 мемлекеттерде қолдану тәртiбi       1. Резидент Қазақстан Республикасы табысқа немесе мүлiкке (капиталға) қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы халықаралық шарт (осы бапты қолдану мақсатында бұдан әрi - халықаралық шарт) жасасқан шет мемлекеттегi көзден табыс алған жағдайда, тиiстi халықаралық шарт талаптарын орындаған кезде резидент шет мемлекетте мұндай табыстарға салық салудан босатуға немесе iшiнара салық салуға мүмкiндiк алу мақсатында көрсетiлген мемлекетте халықаралық шарт ережелерiн қолдануға құқылы.
      2. Халықаралық шарт ережелерi резиденттерге осы Кодекстiң 193-бабында белгiленген шарттар орындалған кезде қолданылады.
      3. Қазақстан Республикасының резиденттiгiн растау қажет болған жағдайда, резидент уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша, тәртiппен және мерзiмде салық органына салық резиденттiгiн растау құжатын алуға өтiнiш бередi.
      Ескерту. 130-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 20-тарау. Төлем көзінен ұсталатын салық       131-бап. Төлем көзiнен салық салынатын табыстар       1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, төлем көзiнен салық салынатын табыстарға:
      1) алып тасталды
      2) қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның лицензиялары бар банктердегi және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы жеке тұлғалардың салымдары бойынша оларға төленетiн сыйақыларды қоспағанда, депозиттер бойынша сыйақы;
      3) ұтыстар;
      4) резидент емес тұлғалардың осы Кодекстiң 178-бабына сәйкес айқындалатын, Қазақстан Республикасындағы көздерден алған, осындай резидент еместердiң тұрақты мекемесiмен байланысы жоқ табыстары;
      5) қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы негізінде банктік заем операцияларын жүзеге асыратын ұйымдарға, кредиттік серіктестіктерге, Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компанияларына төленетiн кредиттер (заемдар) бойынша сыйақыны және резидент банктер мен лизинг берушiлерге төленетiн сыйақыны қоспағанда, заңды тұлғаларға борыштық бағалы қағаздар бойынша төленетiн сыйақыдан басқа сыйақы;
      6) резидент-банктерге және жеке тұлғаларға төленетiн сыйақыны қоспағанда, эмитент борыштық бағалы қағаздар бойынша шығару шарттарына сәйкес төлейтiн купон түрiндегi сыйақы жатады.
      1-1. Мыналар:
      1) мемлекеттiк бағалы қағаздар бойынша сыйақылар және агенттік облигациялар ;
      2) орналастырылған зейнетақы активтерi бойынша - жинақтаушы зейнетақы қорларына, орналастырылған активтер бойынша өмiрдi сақтандыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарына, пайлық және акционерлiк инвестициялық қорларға және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына төленетiн инвестициялық табыстар;
      3) алып тасталды
      4) Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының арнайы сауда алаңында сатып алынған борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар төлем көзiнен салық салуға жатпайды.
      2. Ұтысты, сыйақыны төлеу кезiнде ұсталған салық сомасы осы салықтың төлем көзiнен ұсталғанын растайтын құжаттар болған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, қызметiн әлеуметтiк салада жүзеге асыратын ұйымдарды және салымдар (депозиттер) жөнiндегi сыйақылар бойынша коммерциялық емес ұйымдарды қоспағанда, салық төлеушiнiң салық кезеңi iшiнде iшiнде есептелген корпорациялық табыс салығының есебiне жатқызылады.
      Ескерту. 131-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2003.07.04. N 475 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2003.07.10. N 483 , 2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.02.20. N 127 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.06.05. N 146 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.07.07. N 177 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.       132-бап. Төлем көзiнен ұсталатын салықты есептеп шығару
               тәртiбi       1. Салық сомасын салық агентi төлем көзiнен салық салынатын, төленiп отырған табыс сомасына осы Кодекстiң 135-бабының 2 немесе 3-тармақтарында белгiленген ставканы қолдану жолымен айқындайды.
      2. Салық агентi осы Кодекстiң 131-бабында көзделген табыстарды төлеу кезiнде төлем көзiнен ұсталатын салықты табыс төлеу нысаны мен орнына қарамастан ұстап қалуға мiндеттi.
      3. Депозитарлық қолхат бойынша кiрiстердi төлеу көзi осындай депозитарлық қолхаттың базалық активiнiң эмитентi болып табылады.
      Ескерту. 132-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.       133-бап. Төлем көзiнен салықты аудару тәртiбi       1. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, салық агенттерi төлем жүзеге асырылған ай аяқталғаннан кейiн жиырма жұмыс күнiнен кешiктiрмей, төлем көзiнен ұсталған салық сомаларын аударуға мiндеттi.
      2. Төлем көзiнен ұсталған салықтардың сомаларын аудару салық агентi орналасқан жер бойынша жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме, филиал, өкiлдiк арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға төлем көзiнен табыс салығын мемлекеттiк бюджетке аударуды тұрақты мекеме, филиал, өкiлдiк орналасқан жер бойынша жүргiзедi.
      Ескерту. 133-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.       134-бап. Төлем көзiнен ұсталған салық жөнiндегi
               есеп-қисап       Салық агенттерi төлем көзiнен ұсталған салық сомалары бойынша есеп-қисапты тоқсаннан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей табыс етуге мiндеттi.
      Ескерту. 134-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 21-тарау. Салық ставкалары       135-бап. Салық ставкалары       1. Салық төлеушiнiң осы Кодекстiң 122-бабына сәйкес жүргiзiлген түзетулер ескерiлген, осы Кодекстiң 124-бабында белгiленген тәртiппен шеккен залалдары сомасына азайтылған салық салынатын табысы 30 проценттiк ставка бойынша салық салуға жатады.
      Негiзгi өндiрiс құралы жер болып табылатын салық төлеушiнің осы Кодекстiң 122-бабына сәйкес жүргiзiлген түзетулер ескерiлген, осы Кодекстiң 124-бабында белгiленген тәртiппен шеккен залалдары сомасына азайтылған салық салынатын табысы 10 проценттiк ставка бойынша салық салуға жатады.
      2. Резидент еместердiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын табыстарын қоспағанда, төлем көзiнен салық салынатын табыстар төлем көзiнен 15 проценттiк ставка бойынша салық салуға жатады.
      3. Резидент еместердiң осы Кодекстің 178-бабына сәйкес айқындалатын Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын, осындай резидент еместердiң тұрақты мекемесiмен байланысы жоқ табыстарына осы Кодекстiң 180-бабында белгiленген ставкалар бойынша салық салынады.
      4. Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметiн жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы корпорациялық табыс салығының үстiне осы Кодекстiң 185-бабында белгiленген тәртiппен 15 проценттiк ставка бойынша салық салуға жатады.
      Ескерту. 135-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 22-тарау. Салық кезеңі және салық декларациясы       136-бап. Салық кезеңi       1. Күнтiзбелiк жыл корпорациялық табыс салығы үшiн салық кезеңi болып табылады.
      2. Егер ұйым күнтiзбелiк жыл басталғаннан кейiн құрылса, оның құрылу күнiнен бастап күнтiзбелiк жылдың аяғына дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн бiрiншi салық кезеңi болып табылады.
      Бұл ретте ұйымның оның уәкiлеттi органда мемлекеттік тiркеуге алынған күнi оның құрылған күнi болып саналады.
      3. Егер ұйым күнтiзбелiк жылдың аяғына дейiн таратылса, қайта ұйымдастырылса, жыл басталғаннан бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн соңғы салық кезеңi болып табылады.
      4. Егер күнтiзбелiк жыл басталғаннан кейiн құрылған ұйым осы жылдың аяғына дейiн таратылса, қайта ұйымдастырылса, өзiнiң құрылған күнiнен бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн салық кезеңi болып табылады.       137-бап. Салық декларациясы       1. Осы Кодекстің 368-377, 385-397-баптарына сәйкес арнайы салық режимiн қолданатын заңды тұлғаларды және Қазақстан Республикасындағы төлем көздерiнен тек қана төлем көздерiнде салық салынуға тиiс табыс алатын және қызметiн Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместердi қоспағанда, корпорациялық табыс салығын төлеушiлер корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияны салық органдарына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi.
      2. Корпорациялық табыс салығы жөнiндегi декларация декларациядан және корпорациялық табыс салығы бойынша салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлер туралы ақпараттарды ашу жөнiндегi қосымшалардан тұрады.
      Ескерту. 137-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.07.04. N 475 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 5-бөлім. Инвестициялық салық преференциялары       138-бап. Инвестициялық салық преференциялары       Инвестициялық салық преференциялары корпорациялық табыс салығы, жер салығы және мүлiк салығы бойынша берiледi.
      Инвестициялық салық преференциялары дегенiмiз корпорациялық табыс салығын төлеуден босату не жаңа өндiрiстер құру, жұмыс істeп тұрғандарын кеңейту мен жаңарту мақсатында инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын салық төлеушi заңды тұлғалардың жылдық жиынтық табысынан қосымша шегерiмдер жасауға құқық беру, мұндай салық төлеушiлердi жаңа өндiрiстер құру, жұмыс iстеп тұрғандарын кеңейту мен жаңарту мақсатында инвестициялық жоба шеңберiнде жаңадан пайдалануға берiлген тiркелген активтер бойынша мүлiк салығын төлеуден босату, сондай-ақ инвестициялық жобаны iске асыру үшiн пайдаланылатын жер участкелерi бойынша жер салығын төлеуден босату.
      Инвестициялық салық преференцияларын қолдану үшiн қайта құруға арналып iс жүзiнде жұмсалған шығыстар бөлiгiнде қайта құрылған объектiлердi қоса алғанда, инвестициялық жоба шеңберiнде пайдалануға алғаш енгiзiлгендер жаңадан пайдалануға берiлген тiркелген активтер деп танылады.
      Ескерту. 138-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.01.08. N 375 , өзгерту енгізілді - 2003.07.04. N 475 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.       139-бап. Инвестициялық салық преференцияларын қолдану
               тәртiбi       1. Инвестициялық салық преференциялары (бұдан әрi - преференциялар) инвестициялық жобаны iске асыруды жүзеге асыратын салық төлеушi заңды тұлғаларға берiледi.
      2. Преференциялар салық төлеушiлерге преференцияларды қолданудың басталу күнiн белгiлейтiн келiсiм-шартқа (оның нотариалды куәландырылған көшiрмесi салық төлеушiнiң тiркелген жерi бойынша салық органына берiледi) сәйкес мынадай мерзiмдерде:
      келiсiм-шартты жасасу кезiнде шаруашылық қызметтi жүзеге асыратын салық төлеушiлер - тiркелген активтер, оның ішінде концессия шарты шеңберінде құрылғандары бойынша, пайдалануға берiлген жылдан кейiнгi жылдың 1 қаңтарынан бастап;
      жаңадан құрылған салық төлеушiлер тiркелген активтердi, оның ішінде концессия шарты шеңберінде құрылғандары бойынша, пайдалануға берген кезден бастап берiледi.
      3. Қызметiн жаңа өндiрiстердi құру жөнiндегi инвестициялық жоба (жобалар) шеңберiнде ғана жүзеге асыратын жаңадан құрылған салық төлеушiлер үшiн корпорациялық табыс салығы бойынша преференциялар осы Кодекстiң 125-бабына сәйкес есептелген корпорациялық табыс салығын жүз процентке азайтуға құқық бередi.
      4. Қолданыстағы өндiрiстердi кеңейту және жаңарту жөнiндегi инвестициялық жобаны iске асыруды жүзеге асыратын және осы баптың 3-тармағындағы талаптарға сай келмейтiн салық төлеушiлер үшiн корпорациялық табыс салығы бойынша преференциялар амортизацияға жатпайтын, осы Кодекстiң 107-бабының 1-тармағының 1) - 8) тармақшаларында көрсетiлген тiркелген активтердi қоспағанда, жылдық жиынтық табыстан инвестициялық жоба шеңберiнде пайдалануға қосылатын тiркелген активтердiң құнын преференцияларды қолдану мерзiмiне байланысты тең үлестермен шегерiмге жатқызуға құқық бередi.
      5. Преференциялар беру тәртiбi мен шарты Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңдарында айқындалады.
      6. Осы баптың мақсаттары үшiн инвестициялық преференциялар беруге өтiнiм берiлген кезге дейiн күнтiзбелiк он екi ай iшiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен салық төлеушiлер жаңадан құрылған салық төлеушiлер деп танылады.
      7. Осы баптың 4-тармағында көзделген корпорациялық табыс салығы бойынша преференцияларды қолдану үшiн салық төлеушi жаңадан iске қосылатын тiркелген активтер бойынша олардың құнын iшкi топтың, топтың құн балансына енгiзбейдi және олар бойынша бөлек есеп жүргiзедi.
      8. Мүлiк салығы мен жер салығы бойынша преференцияларды қолдану мерзiмi бiткеннен кейiн салық төлеушi осы Кодекстiң 351-360-баптарында белгiленген тәртiппен мүлiк салығын және 323-344-баптарында белгiленген тәртiппен жер салығын төлей бастайды.
      9. Егер осы тармақта өзгеше белгiленбесе, корпорациялық табыс салығы бойынша преференцияларды қолдану мерзiмi осы баптың 2-тармағында аталған күннен бастап күнтiзбелiк бес жылдан аспауға тиiс және ол әрбiр жекелеген жағдайда қызмет түрлерiне және тiркелген активтерге инвестициялардың көлемiне қарай айқындалады.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi қызмет түрлерiне және тiркелген активтерге инвестициялардың көлемiне қарай корпорациялық табыс салығы бойынша преференцияларды қолданудың осы баптың 2-тармағында аталған күннен бастап күнтiзбелiк он жылдан аспайтын өзге мерзiмiн белгiлей алады.
      Мүлiк салығы мен жер салығы бойынша преференцияларды қолдану мерзiмi әрбiр жекелеген жағдайда тiркелген активтерге инвестициялардың көлемiне қарай айқындалады, бiрақ ол осы баптың 2-тармағында аталған күннен бастап бес жылдан аспауға тиiс.
      Ескерту. 139-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.01.08 N 375 , өзгерту енгізілді - 2003.07.04 N 475 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2003.11.29 N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), бап жаңа редакцияда - 2004.12.13 N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2005.11.22 N 89 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), өзгерту енгізілді - 2006.12.11 N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.07.05 N 66-IV (енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.       140-бап. Преференциялардың қолданылуын тоқтату       1. Преференциялардың қолданылуы осы Кодекстiң 139-бабының 9-тармағын ескере отырып, келiсiм-шартта көрсетiлген мерзiмде тоқтатылады не мұндай мерзiм бiткенге дейiн тоқтатылуы мүмкін.
      Преференциялардың қолданылуын мерзiмiнен бұрын тоқтату тараптардың келiсiмi бойынша жүзеге асырылуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңдарында белгiленген жағдайларда оны тараптардың әрқайсысы бiржақты тәртiппен жүзеге асыруы мүмкiн.
      2. Преференциялардың қолданылуы мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде салық төлеушi салықтарды төлейдi және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауапты болады.
      Ескерту. 140-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2003.01.08. N 375 , 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен. 5-1-бөлiм. Салық төлеушiлердiң жекелеген санаттарына салық
салу ерекшелiктерi        Ескерту. 5-1-бөлiммен толықтырылды  - Қазақстан Республикасының 2003.07.04. N 475 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 22-1-тарау. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында
қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу       140-1-бап. Жалпы ережелер       1. Бiр мезгiлде мынадай шарттарға сай келетiн:
      1) арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарындағы салық органдарында тiркеу есебiнде тұратын;
      2) арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарынан тыс жерлерде құрылымдық бөлiмшелерi жоқ;
      3) арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсаттарына сәйкес келетiн қызметтiң мынадай түрлерi:
      бағдарламалық қамтамасыз етудi, деректер базасын және аппараттық құралдарды жобалау, әзiрлеу, енгiзу және олардың тәжiрибелiк өндiрiсi мен өндiрiсi;
      жасанды иммундық және нейрондық жүйелер негiзiнде жаңа ақпараттық технологияларды жасау;
      ақпараттық технологиялар саласында жобаларды жасау және енгiзу бойынша ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды жүргiзу;
      мәтiндердi өңдеуге арналған машиналар, көшiру-көбейту жабдықтарын, жөнелту машиналарын, калькуляторлар, кассалық аппараттар, таңбалау машиналарын, билет-кассалық машиналар өндiру, басқа да кеңсе машиналары мен жабдықтарын, электронды есептеу машиналарын және ақпаратты өңдеуге арналған өзге де жабдықтар өндiру;
      электр- және радиоэлементтер, таратушы аппаратура, дыбыс пен бейненi қабылдауға, жазуға және шығаруға арналған аппаратура өндiру;
      тұрмыстық электр аспаптарын өндiру;
      киiмнен басқа, дайын тоқыма бұйымдарын өндiру;
      трикотаж бұйымдарын өндiру;
      тоқыма материалдарынан киiм өндiру бойынша өз өндiрiсi тауарларын (жұмыстарын, көрсетiлетiн қызметтерiн) өткiзуден алуға жататын (алынған) табыстары жылдық жиынтық табысының кемiнде 90 процентiн құрайтын заңды тұлғалар, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдар деп танылады.
      Осы тармақтың 3) тармақшасында аталған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
      1-1. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға:
      жер қойнауын пайдаланушылар;
      акцизделетiн тауарлар өндiретiн ұйымдар;
      арнаулы салық режимдерiн қолданатын ұйымдар;
      инвестициялық салық преференциялары берiлген ұйымдар жатпайды.
      2. Алынған (алынуға жататын) табыстарды осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген қызмет түрлерiнен алынған табыстарға жатқызу арнаулы экономикалық аймақтардың аумақтарында құрылған атқарушы органның немесе арнаулы экономикалық аймақтар әкімшілігінің тиiстi өнеркәсiп саласын басқару мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен және нысанда уәкiлеттi органмен келiсе отырып берген растауы негiзiнде жүзеге асырылады.
      Ескерту. 140-1-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2005.11.22. N 89 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.07.07. N 177 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.07.06. N 275 Заңдарымен.       140-2 бап. Салықтарды есептеу, төлеу тәртiбi мен
                 мерзiмдерi       1. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды есептеуi осы баптың 2 және 4-тармақтарында көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, осы Кодексте белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
      2. Бюджетке төленуге тиiстi корпорациялық табыс салығының сомасын айқындау кезiнде корпорациялық табыс салығының осы Кодекстiң 125-бабына сәйкес есептелген сомасы 100 процентке азайтылады.
      Осы тармақта көзделген салық сомасын кемiту осы Кодекстiң 126-бабына сәйкес айқындалатын корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларын есептеу кезiнде де қолданылады.
      3. алып тасталды - 2005.11.22. N N 89 Заңымен.
      4. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында орналасқан және осы Кодекстiң 140-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын салық салу объектiлерi бойынша:
      1) жер салығын есептеу кезiнде тиiстi ставкаларға 0 коэффициентi;
      2) мүлiк салығын есептеу кезiнде салық салу объектiлерiнiң жылдық орташа құнына 0 проценттiк ставка қолданылады.
      5. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында осы Кодекстiң 140-1-бабы 1-тармағының екiншi бөлiгiнде аталған тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi), сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында осы Кодекстiң 140-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында аталған қызмет түрлерiн жүзеге асыруға арналған әкiмшiлiк және өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi, осындай объектiлер бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын өткiзу жөнiндегi айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.
      Осы тараудың мақсаттары үшiн әкiмшiлiк және өндiрiстiк мақсаттағы объектiлерге кеңсе, өнеркәсiп ғимараттары мен қоймалар жатады.
      Осы тармақта көзделген жеңiлдiктер арнайы экономикалық аймақтың аумағындағы салық органында қосылған құн салығын дербес төлеушi ретiнде тiркелген заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелерiне, дара кәсіпкерлерге, сондай-ақ қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын резидент еместерге қолданылады.
      Егер салық төлеушi осы тармақта көрсетiлген айналымдармен қатар өткiзу жөнiндегi басқа да айналымдарды жүзеге асырса, онда ол осы тармақта көрсетiлген айналымдар бойынша және басқа айналымдар бойынша бөлек есеп жүргiзуге мiндеттi.
      Ескерту. 140-2-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.11.22. N 89 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.       140-3-бап. Салық кезеңi және салық есептiлiгi       Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша салық кезеңi, салық есептiлiгiн беру тәртiбi мен мерзiмдерi осы Кодекске сәйкес айқындалады. 22-2-тарау. "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағының
аумағында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу       Ескерту. 22-2-тараумен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.       140-4-бап. Жалпы ережелер       1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, " Ақтау теңiз порты " арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға мынадай шарттарға бiр мезгiлде сәйкес келетiн:
      1) жиынтық жылдық табысының кемiнде тоқсан процентiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн қызметтiң басым түрлерiнiң тiзбесiне енгiзiлген қызметтiң мынадай түрлерi:
      химия өнеркәсiбi;
      резина және пластмасса бұйымдары өндiрiсi;
      өзге де металл емес минералдық өнiмдер өндiрiсi;
      металлургия өнеркәсiбi;
      дайын металл бұйымдары өндірісі;
      машиналар мен жабдықтар өндірісі бойынша құрылыс объектiлерiн сатуды қоса алғанда, өзi өндiретiн тауарларды сатудан алынуға тиiс (алынған) табыстар құрайтын;
      2) "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағындағы  салық органында тiркеу есебiнде тұратын;
      3) "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағынан тыс жерлерде орналасқан жерi бойынша заңды тұлға функцияларының бір бөлiгiн орындайтын тұрақты жұмыс орындары жабдықталған құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық оқшауланған бөлiмшелерi жоқ ұйымдар жатады. Егер жұмыс орны бiр айдан артық мерзiмге құрылса, ол тұрақты болып табылады.
      2. "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға:
      жер қойнауын пайдаланушылар;
      акцизделетін тауарларды өндiретiн ұйымдар;
      арнайы салық режимдерiн қолданатын ұйымдар жатпайды.
      3. Алынған (алынуға тиiс) табыстарды осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген қызмет түрлерiнен алынатын табыстарға жатқызу өнеркәсiптiң тиiстi саласын басқару мәселелерi жөнiндегi және сәулет, қала құрылысы мен құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органдар уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша белгiлеген тәртiппен және нысанда берiлген, "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағында орналасқан атқарушы органның растамасы негiзiнде жүзеге асырылады.       140-5-бап. Салықты есептеу, төлеу тәртiбi мен мерзiмдерi      1. "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды есептеуi осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, осы Кодексте белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
      2. Бюджетке төленуге тиiстi корпорациялық табыс салығының сомасын айқындау кезiнде осы Кодекстiң 125-бабына сәйкес есептелген корпорациялық табыс салығының сомасы жүз процентке азайтылады.
      Осы тармақта көзделген салық сомасын азайту осы Кодекстiң 126-бабына сәйкес айқындалатын корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларын есептеу кезiнде де қолданылады.
      3. "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағында орналасқан және осы Кодекстiң 140-4-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын салық салу oбъектiлерi бойынша:
      1) жер салығын есептеу кезiнде тиiстi ставкаларға 0 коэффициентi;
      2) мүлiк салығын есептеу кезiнде салық салу объектiлерiнiң жылдық орташа құнына 0 процент cтaвкa қолданылады.       140-6-бап. Салық кезеңi және салық есептілігi       Салық кезеңi, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша салық есептілiгін беру тәртiбi мен мерзiмдерi осы Кодекске сәйкес айқындалады. 22-3-тарау. Өз өндiрiсiнiң, соның iшiнде сертификатталған,
қосылған құны жоғары тауарларын өткiзетiн ұйымдарға салық салу       Ескерту. 22-3-тараумен толықтырылды - 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.       140-7-бап. Жалпы ережелер       1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, өз өндiрiсiнiң қосылған құны жоғары тауарларын өткiзетiн ұйымдарға бiр мезгілде мынадай талаптарға сай келетiн:
      1) өз өндiрiсiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тауарларын өткiзуден түскен табысы тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткiзуден түскен табыс сомасының кемiнде 90 процентiн құрайтын,
      Өз өндiрiсiнiң тауарларын өткiзуге құрылыс объектiлерiн сату жатпайды;
      2) тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткiзуден түскен табыс сомасындағы қосылған құн үлесi кемiнде 40 проценттi құрайтын,
      Қосылған құн мөлшерi:
      мaтериалдық, әлеуметтiк игiлiктер мен материалдық пайданы қоспағанда, салық кезеңiнiң iшiнде жұмыскерлерге есептелген табыстар,
      қосу
      Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына сәйкес салық кезеңiнде есептелген амортизациялық аударымдар сомасы,
      қосу
      жанама және төлем көзiнен ұсталатындардан басқа, салық кезеңi үшiн декларациялар бойынша салық төлеушi есептеген салықтар сомасы,
      қосу (алу)
      төтенше жағдайлардан түскен пайда (тиген залал) ескерiлмеген, Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын пайда (залал) ретiнде белгiленедi;
      3) жарнама және төлем көзiнен ұсталатындардан басқа, салық кезеңi үшiн декларациялар бойынша салық төлеушi есептеген салықтар сомасының тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткiзуден түскен табыс сомасына қатынасы ретiнде айқындалатын салық жүктемесiнiң коэффициентi кемiнде 12 проценттi құрайтын ұйымдар жатады.
      2. Өз өндiрiсiнiң қосылған құны жоғары тауарларын өткiзетiн ұйымдарға:
      жер қойнауын пайдаланушылар;
      акцизделетiн тауарлар шығаратын ұйымдар;
      арнайы салық режимiн қолданатын ұйымдар;
      қызметiн мұнай-химия өнеркәсiбiнде жүзеге асыратын және корпорациялық табыс салығын осы Кодекстiң 119-1-бабында көзделген ережелердi ескере отырып есептейтiн ұйымдар;
      технологияларды дамыту мақсатында құрылған, қызметiн арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жүзеге асыратын және корпорациялық табыс салығын осы Кодекстiң 140-2-бабында көзделген ережелердi ескере отырып есептейтiн ұйымдар;
      қызметiн "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын және корпорациялық табыс салығын, жер салығы мен мүлiк салығын осы Кодекстiң 140-5-бабында көзделген ережелердi ескере отырып есептейтiн ұйымдар жатпайды.
      Ескерту. 140-7-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы N 235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.       140-8-бап. Салықтарды есептеу       Осы Кодекстiң 140-7-бабында көрсетiлген ұйымдардың салықтарды есептеуi осы Кодекстiң 140-9-бабында көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, осы Кодексте белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.       140-9-бап. Корпорациялық табыс салығын есептеу, төлеу
                 тәртiбi мен мерзiмдерi       1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, осы Кодекстiң 125-бабына сәйкес есептелген корпорациялық табыс салығының сомасы осы Кодекстiң 140-7-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында айқындалған өз өндiрiсiнiң тауарларына қатысты корпорациялық табыс салығы сомасының 30 процентiне азайтылады.
      Өз өндiрiсiнiң тауарларына қатысты корпорациялық табыс салығының сомасы осы Кодекстiң 140-7-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында айқындалған өз өндiрiсiнiң тауарларын өткiзуден алынуға жататын (алынған) табыстардың жылдық жиынтық табыстағы үлес салмағына негiзделе отырып айқындалады.
      2. Өз өндiрiсiнiң сертификатталған тауарларын өткiзуден түскен табыстар болған жағдайда осы Кодекстiң 125-бабына сәйкес есептелген корпорациялық табыс салығының сомасы менеджмент жүйелерiнiң Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiнде белгiленген тәртiппен енгiзiлген жылдан кейiнгi бiр салық кезеңi iшiнде өз өндiрiсiнiң сертификатталған тауарларына қатысты корпорациялық табыс салығы сомасының 50 процентiне азайтылады.
      Өз өндiрiсiнiң сертификатталған тауарларына қатысты корпорациялық табыс салығының сомасы осы Кодекстiң 140-7-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында айқындалған өз өндiрiсiнiң тауарларын өткiзуден алынуға жататын (алынған) табыстардың жылдық жиынтық табыстағы үлес салмағына негiзделе отырып айқындалады.
      Осы тармақтың мақсаттары үшiн заңды тұлғалар - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" сыйлығы лауреаттарының осы Кодекстiң 140-7-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында айқындалған, өндiру процесi сапа менеджментi және қоршаған ортаны басқару жүйесiнiң 9000 және 14000 сериялы халықаралық ИСО стандарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiнде белгiленген тәртiппен сертификатталған өз тауарлары өз өндiрiсiнiң сертификатталған тауарлары деп танылады.
      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген салық сомасын азайту корпорациялық табыс салығы бойынша осы Кодекстiң 126-бабына сәйкес айқындалатын аванстық төлемдердiң сомаларын есептеу кезiнде де қолданылады. 6-бөлім. Жеке табыс салығы 23-тарау. Жалпы ережелер       141-бап. Төлеушiлер       Осы Кодекстiң 143-бабына сәйкес айқындалатын салық салу объектiлерi бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушiлер (бөлiм бойынша бұдан әрi - салық төлеушiлер) болып табылады.           142-бап. Резидент емес жеке тұлғаларға салық салу
               ерекшелiктерi       Резидент емес жеке тұлғалар осы Кодекстiң 187-192-баптарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, 141-174-баптарына сәйкес жеке табыс салығы бойынша салықты есептеп, төлейдi және жеке табыс салығы бойынша салық декларациясын табыс етедi.       143-бап. Салық салу объектiлерi       Осы Кодекстiң 144-бабында көрсетiлген табыстарды қоспағанда, жеке табыс салығы салынатын объектiлер мыналар:
      1) төлем көзiнен салық салынатын табыстар;
      2) төлем көзiнен салық салынбайтын табыстар.           144-бап. Салық салынуға жатпайтын табыстар       Жеке тұлғалар табыстарының мынадай түрлерiне салық салынуға тиiс емес:
      1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен төленетiн атаулы әлеуметтiк көмек ,  жәрдемақылар мен өтемдер;
      2) балаларға және асырауындағы адамдарға алынған алименттер ;
      3) жеке тұлғаның өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өтеу;
      4) жеке тұлғалардың қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның лицензиялары бар банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы салымдары бойынша оларға төленетiн сыйақылар және борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы;
      4-1) Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының арнайы сауда алаңында сатып алынған борыштық бағалы қағаздар бойынша дивидендтер, сыйақылар;
      5) мемлекеттiк бағалы қағаздармен және агенттiк облигациялармен жасалған операциялардан түскен табыстар;
      5-1) пайлық инвестициялық қорлардың пайлары және акционерлiк инвестициялық қорлардың акциялары бойынша дивидендтер, сондай-ақ пайлық инвестициялық қорды басқарушы компания оларды сатып алған кездегi осы қордың пайлары бойынша табыстар;
      5-2) алып тасталды
      6) әскери қызмет мiндеттерiн атқарған кезде әскери қызметшiлерге, белгiленген тәртiппен арнайы атақ берiлген, оны қызметтiк мiндеттерiн атқаруына байланысты алған iшкi iстер органдарының, қаржы полициясының қылмыстық-атқару жүйесi органдары мен мекемелерiн және мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне берiлетiн төлемдердiң барлық түрі;
      7) тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы  заңда белгiленген ең төменгi жалақының 50 процентi шегiндегi лотерея бойынша ұтыстар;
      8) тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заң актiсiнде белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнде мемлекеттiк бюджет және гранттар қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын қоғамдық жұмыстарды орындауға және кәсiби оқуларға байланысты төлемдер;
      9) гранттар қаражаты есебiнен төленетiн төлемдер (еңбекақы түрiндегi төлемдерден басқа);
      10) тұрақты жұмысы жолда өтетiн немесе жүрiп-тұру сипатында болатын не қызмет көрсететiн учаскелер шегiнде қызмет бабындағы сапарлармен байланысты жағдайларда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде төленетiн төлемдер;
      11) экологиялық апат немесе ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төленетiн төлемдер;
      12) Ұлы Отан соғысына қатысушылардың және оларға теңестiрiлетiн адамдардың, I және II топтағы мүгедектердiң, сондай-ақ бала кезiнен мүгедек адамның ата-аналарының бiреуiнiң табыстары; III топтағы мүгедектердің бiр жыл iшiндегi - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгi жалақының 27 еселенген шегiндегi табысы;
      13) өткізілетін күні листингтің ең жоғары және ең жоғарыдан кейінгі санаттары бойынша қор биржасының ресми тізімдерінде тұрған акциялар мен облигацияларды қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезіндегі құн өсiмiнен алынатын табысы;
      13-1) олармен азаматтық-құқықтық мәмiлелер Алматы қаласы өңiрлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңында жасалған жағдайда осы сауда алаңына жiберілген бағалы қағаздарды өткiзу кезiндегi құн өсiмiнен түсетiн табыс;
      14) мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен төленетiн бiржолғы төлемдер (еңбекақы түрiндегi төлемдерден басқа);
      15) салық жылы iшiнде медициналық қызмет көрсетулердiң (косметологиялық қызмет көрсетулерден басқа) ақысын төлеу үшiн, бала туған кезде, жерлеу үшiн берiлетiн, құжатпен расталған, төлемдердiң әрбiр түрi бойынша тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгi жалақының 8 еселенген шегiндегi төлемдер;
      16) қызметтiк iссапарлар кезiнде осы Кодекстiң 93-бабында белгiленген мөлшерде төленетiн өтемдер;
      17) қызметкер ұйымымен бiрге басқа жерге жұмысқа ауысқан не көшкен кездегi жол жүруi, мүлкiн көшiруi, үй-жай жалдауы бойынша құжатпен расталған шығындардың өтемдерi;
      18) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын дипломатиялық немесе консулдық қызметкерлердiң ресми табыстары;
      19) шет мемлекеттiң мемлекеттiк қызметiнде жүрген шетелдiк жеке тұлғалардың сол елде салық салынуға тиiс ресми табыстары;
      20) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын және Қазақстан Республикасының шет елдердегi дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерiнде қызметте жүрген жеке тұлғалардың мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен шетелдiк валютамен төленетiн ресми табыстары;
      21) Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан берiлетiн зейнетақы төлемдерi;
      22) (алып тасталды)
      22-1) жұмыс берушiнiң жиынтық жылдық табысты алуға байланысты емес және шегерiмдерге жатқызылмайтын, нақты жеке тұлғалардың табысы болып табылмайтын шығыстары;
      23) Қазақстан Республикасының заңдарында   белгiленген мөлшерде дала жағдайында геологиялық-барлау, топографиялық-геодезиялық және iздестiру жұмыстарымен шұғылданатын қызметкерлердiң далалық жабдықталым ақшасы;
      24) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде республикалық бюджет қаражаты есебiнен төленетiн тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша сыйлықақылар (мемлекеттiң сыйлықақылары);
      25) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыс берушiнiң қызметкерлердi өздерiнің өндiрiстiк қызметiне байланысты мамандық бойынша оқытуға және бiлiктiлiгiн арттыруға бағытталған шығыстары;
      25-1) осы Кодекстiң 100-бабының 4-тармағына сәйкес жүргiзiлген, оқытуға арналған шығыстар;
      26) жұмыс берушінің вахталық әдiспен жұмыс iстейтiн адамдарға өндiрiс объектiсiнде болу кезеңiнде жұмыстарды орындауы мен ауысымаралық демалысы үшiн жағдай жасай отырып, олардың тұрмыс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету үшiн тұрғын үй жалдауына және осы Кодекстiң 93-бабына сәйкес белгiленген тәулiкақы шегiнде тамақтануға арналған шығыстары; қызметкерлердi Қазақстан Республикасында тұратын (келген) жерiнен жұмыс орнына дейiн және керi қарай жеткiзуге байланысты шығыстар;
      26-1) Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдер;
      27) алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2007.12.19. N 9 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      28) бiлiм беру ұйымдарында оқитындарға Қазақстан Республикасының  заңдарында белгiленген мемлекеттiк стипендияларға арналған мөлшерде төленетiн стипендиялар;
      29) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген нормалар бойынша берiлген арнаулы киiмнiң, арнаулы аяқкиiмнiң, басқа да жеке қорғану және алғашқы медициналық көмек құралдарының, сабынның, зарарсыздандыру құралдарының, сүт немесе құндылығы соған тең басқа да емдеу-профилактикаға арналған азық-түлiк өнiмдерiнiң құны;
      30) өздерiнiң қызметiн жүзеге асыру мақсатында жеке кәсiпкер, жеке нотариус, адвокат алған мүлiктi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мұраға қалдырылған, жинақтаушы зейнетақы қорлары төлейтiн зейнетақы жинақтарын қоспағанда, жеке тұлға басқа жеке тұлғадан сыйға немесе мұраға алған мүліктің құны;
      31) iзгiлiк, қайырымдылық және демеушiлiк көмек түрiнде алынған мүлiктiң құны;
      31-1) он алты жасқа толмаған балалар үшiн балалар лагерiне жолдамалардың құны;
      32) еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн орындау кезiнде қызметкердiң өмiрiне және денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнің жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерi;
      33) осы Кодекстiң 161-бабында көзделген табыстарды қоспағанда, сақтандырудың кез келген түрi кезiнде төленетiн, шарттың қолданылу кезеңiнде басталған сақтандыру оқиғасына байланысты сақтандыру төлемдерiнiң сомалары;
      34) өз қызметкерлерiн мiндеттi және (немесе) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша жұмыс берушi төлейтiн сақтандыру сыйлықақыларының сомалары;
      35) төлем көзiнен салық ұсталғандығын растайтын құжаттар болған жағдайда, бұрын төлем көзiнен салық салынған дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар сомалары;
      36) материалдық нұқсанның орнын толтырудың сот шешiмi бойынша тағайындалған сомалары;
      37) жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша жасасқан сақтандыру сыйлықақыларын (аннуитет) төлеу үшiн өмiрдi сақтандыру жөнiнде сақтандыру ұйымдарына жiберген зейнетақы жинағының сомалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен сақтандыру ұйымдарына бағытталған, зейнетақы аннуитетінің шарттары бойынша сатып алу сомалары;
      38) сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша жүзеге асырылатын сақтандыру төлемдерi;
      39) жинақтаушы зейнетақы қорларына Қазақстан Республикасының  заңнамасында белгiленген мөлшердегi ерiктi кәсiби зейнетақы жарналары;
      40) жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы заңнамалық актiсiне сәйкес жария етiлген кiрiстерi;
      41) мiндеттi зейнетақы жарналарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде уақтылы ұстамағаны (есептемегенi) және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларына аудармағаны үшiн есептелген өсiмпұл сомалары.
      2. (алып тасталды)
      Ескерту. 144-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2003.07.10. N 483 , 2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2005.11.22. N 89 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.06.05. N 146 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.07.05. N 158 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2007 жылғы 1 сәуiрде өзiнiң қолданылуын тоқтатады), 2006.07.07. N 177 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.12.19. N 9 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.        145-бап. Салық ставкалары       1. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетiлген табыстарды қоспағанда, салық төлеушiнiң табыстарына 10 проценттiк ставка бойынша салық салынуға тиiс.
      2. Сыйақылар (жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сыйақыларды қоспағанда), ұтыстар түрiндегi табыстарға 10 проценттiк ставка бойынша салық салынады.
      3. Дивидендтер түрiндегi табыстарға 5 проценттiк ставка бойынша салық салынады.
      Ескерту. 145-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.07.07. N 177 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.     24-тарау. Төлем көзінен салық салынатын табыстар       146-бап. Салық төлеушінің төлем көзінен салық салынатын
               табыстары       Салық төлеушінің төлем көзінен салық салынатын табыстарына:
      1) қызметкердің табысы;
      2) бiржолғы төлемдерден алынған табыс;
      3) жинақтаушы зейнетақы қорларынан берiлетiн зейнетақы төлемдерi;
      4) дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түрiндегi табыс;
      5) стипендиялар;
      6) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табысы жатады.       147-бап. Салықты есептеу және төлеу       1. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, салық агенттерi жеке табыс салығын есептеу мен ұстап қалуды төлем көзiнен салық салынатын табыс төленетiн күннен кешiктiрмей жүргізедi.
      2. Салық агенттерi, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, төленген кiрiстер бойынша салықты аударуды төлем төленетiн айдан кейiнгi айдың 20-ына дейiн өзiнiң орналасқан жерi бойынша жүзеге асырады.
      2-1. Салық агенттерi тиiстi бюджеттерге құрылымдық бөлiмшелер бойынша салық төлеудi олардың орналасқан жерi бойынша жүзеге асырады.
      3. Осы Кодекстiң 378-бабының 1-тармағында және 385-бабының 1-тармағында көрсетiлген қызмет түрлерi бойынша арнаулы салық режимдерiн қолданатын салық агенттерiнiң жеке табыс салығын төлеу тәртiбi мен мерзiмдерi осы Кодекстiң 383 және 390-баптарында белгiленген.
      Оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын салық агенттерiнiң жеке табыс салығын төлеу тәртiбi мен мерзiмдерi осы Кодекстiң 377-1-бабында белгiленген.
      4. Депозитарлық қолхат бойынша кiрiстер төлеу көзi осындай депозитарлық қолхаттың базалық активiнiң эмитентi болып табылады.
      Ескерту. 147-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.01.31. N  125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.       148-бап. Жеке табыс салығы бойынша есеп-қисап       1. Салық агенттерi жеке табыс салығы бойынша есеп-қисапты салық органына салық төленетiн жер бойынша есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей табыс етедi.
      Жеке табыс салығы бойынша есеп-қисапқа қосымшада, осы Кодекстiң 144-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында көрсетiлген кiрiстердi, сондай-ақ құмар ойында және (немесе) бәс тігуде алынған мүліктік пайда түріндегі кірістерді қоспағанда, жеке тұлғаның төленген кiрiстерi туралы мәлiметтер көрсетiледi.
      2. Осы Кодекстiң 378-бабының 1-тармағында және 385-бабының 1-тармағында көрсетiлген қызмет түрлерi бойынша арнаулы салық режимдерiн қолданатын салық агенттерi жеке табыс салығы бойынша есеп-қисапты осы Кодекстiң 384 және 390-баптарына сәйкес табыс етедi.
      Оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын салық агенттерiнiң жеке табыс салығы бойынша есептi табыс етуi осы Кодекстiң 377-1-бабына сәйкес жүргiзiледі.
      Ескерту. 148-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2006.01.31. N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.01.12. N 220 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен. Параграф 1. Қызметкердiң төлем көзiнен салық салынатын табысы       149-бап. Қызметкердiң төлем көзiнен салық салынатын
               табысы       1. Қызметкердің жұмыс берушi есептеген, осы Кодекстiң 152-бабында көзделген салық шегерiмдерi сомасына азайтылған табыстары төлем көзiнен салық салынатын табысы болып табылады.
      2. Жұмыс берушi материалдық, әлеуметтiк игiлiктер немесе өзге де материалдық пайда түрiнде берген табыстарды қоса алғанда, жұмыс берушi төлейтiн ақшалай немесе заттай нысандағы кез келген табыстар қызметкердiң табыстарына жатады.       150-бап. Қызметкердiң заттай нысандағы табысы       1. Қызметкердiң заттай нысанда алған табысына:
      1) заттай нысандағы еңбекақы;
      2) қызметкер алған тауарлар, қызметкердің мүддесiн көздеп орындалған жұмыстар, қызметкерге өтеусiз негiзде көрсетiлген қызметтер;
      3) қызметкердiң үшiншi тұлғалардан алған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) құнын жұмыс берушiнiң төлеуi кiредi.
      2. Қосылған құн салығы мен акциздердiң тиiстi сомасын қоса алғанда, заттай нысандағы тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) құны қызметкердің осындай нысандағы табысы болып табылады.       151-бап. Қызметкердiң материалдық пайда түрiндегi
               табысы       Қызметкердің материалдық пайда түрiнде алған табысы мыналарды да қамтиды:
      1) қызметкерге сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) құны мен осы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сатып алу бағасы немесе олардың өзiндiк құны арасындағы терiс айырма;
      2) жұмыс берушiнiң шешiмi бойынша қызметкердiң оның алдындағы қарызының немесе мiндеттемесiнiң сомасын есептен шығару;
      3) жұмыс берушiнің өз қызметкерлерiнің сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге жұмсаған шығыстары;
      4) жұмыс берушiнің қызметкердің өз қызметiне байланысты емес шығындарының орнын толтыруға жұмсаған шығыстары.
      Ескерту. 151-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.        152-бап. Салық шегерiмдерi       1. Қызметкердiң төлем көзiнен салық салынатын табысын анықтау кезiнде салық жылы iшiндегi әрбiр ай үшiн шегерiмге мыналар жатқызылады:
      1) Қазақстан Республикасының заң актiсiнде табысты есептеудiң тиiстi айға белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiндегi сома;
      2) алып тасталды
      Бiрге тұратын және ортақ шаруашылық жүргiзетiн ерлi-зайыптылар, балалары мен ата-анасы (оның iшiнде уақытша болмағандар) отбасы деп танылады.
      Асырауындағы адам, салық төлеушiнiң табысы есебiнен өмiр сүретiн және айына бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен асатын жеке табыс көзi жоқ, салық төлеушiнің отбасы мүшесi;
      3) жинақтаушы зейнетақы қорларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде төленетiн мiндеттi зейнетақы жарналары.
      4) өз пайдасына енгiзген ерiктi зейнетақы жарналары;
      5) алынып тасталды
      6) жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша өз пайдасына енгiзетiн сақтандыру сыйлықақылары;
      7) жеке тұлға - Қазақстан Республикасының резидентi Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй жағдайларын жақсарту жөнiндегi iс-шараларды жүргiзуге тұрғын үй құрылыс жинақ банктерiнен алған заемдары бойынша сыйақыны өтеуге жұмсалған сомалар.
      1-1. Жарты айдан аз жұмыс iстеген қызметкердiң төлем көзiнен салық салынатын табысын айқындау кезiнде, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес шегерiм жүргiзiлмейдi.
      2. Салық төлеушiге осы баптың 1-тармағының 1), 4), 6), 7) тармақшаларына сәйкес шегерiм жасау құқығы өзi берген өтiнiштің және салық төлеушi табыс еткен растаушы құжаттардың негiзiнде жұмыс берушiлердің бiрiнен алатын табыстары бойынша берiледi.
      Ескерту. 152-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.07.07. N  177 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.07.02. N 272 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.          153-бап. Салықты есептеу және ұстап қалу       1. Қызметкердiң табысы бойынша жеке табыс салығының сомасы қызметкердiң салық жылы iшiнде төлем көзiнен салық салынатын табысына осы Кодекстiң 145-бабының 1-тармағында белгіленген ставканы қолдану жолымен есептеледi.
      2. Жеке табыс салығын есептеу және ұстап қалу уәкiлеттi орган  белгiлеген тәртiппен ай сайын жүргiзiледi.
      3. алып тасталды
      Ескерту. 153-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.07.07. N 177 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.       153-1-бап. Қазақстан Республикасының резиденттерi болып
                 табылатын шетелдiк азаматтар мен азаматтығы
                 жоқ адамдар табыстарының жекелеген
                 түрлерiнен жеке табыс салығын есептеу және
                 төлеу тәртiбi       1. Осы Кодекстің 178-бабының 14), 16) және 17) тармақшаларында көрсетілген Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың табыстарынан жеке табыс салығын есептеудi, төлеудi, сондай-ақ салық есептілігiн берудi салық агентi осы Кодекстің 187-1-бабының 1-тармағында көзделген шарттар орындалған жағдайда, осы Кодекстiң 152-бабында белгiленген салық шегерiмдерiн ескере отырып, осы Кодекстің 187-1, 188-баптарына сәйкес жүргiзедi.
      2. Осы Кодекстiң 187-1-бабының 1-тармағында көзделген шарттар орындалмаған кезде осы баптың 1-тармағында көрсетiлген резидент жеке тұлғалардың табыстарынан жеке табыс салығын есептеудi, ұстауды және төлеудi салық агентi осы Кодекстiң 147 және 153-баптарына сәйкес жүргiзедi.
      3. Салық агентi күнтiзбелiк жыл iшiнде осы бапта және осы Кодекстiң 153-бабында белгiленген жеке табыс салығын есептеу және төлеу тәртiптерiнiң бiреуiн ғана қолдануға құқылы.
      Жеке табыс салығын есептеудiң және төлеудiң таңдап алынған тәртiбi күнтiзбелiк жыл iшiнде өзгермейтiн болуға тиiс.
      4. алып тасталды
      Ескерту. 153-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), өзгерту енгізілді - 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. Параграф 2. Төлем көзiнен салық салынатын бiржолғы
төлемдерден түскен табыс       154-бап. Бiржолғы төлемдерден түскен табыс       Бiржолғы төлемдерден түскен табысқа, мыналарды:
      1) дара кәсiпкерлерге, жеке нотариустар мен адвокаттарға өздерiнiң қызметiне байланысты табыстар бойынша төлемдердi, сондай-ақ жеке тұлғаларға бiржолғы талон негiзiнде арнайы салық режимiн пайдалана отырып, қызметiн жүзеге асыруға байланысты табыстар бойынша төлемдердi;
      2) жеке тұлғалардан мемлекеттiк тiркеуге жататын жылжымайтын мүлiк, механикалық көлiк құралдары мен тiркемелердi сатып алғаны үшiн оларға төленетiн төлемдердi қоспағанда, салық төлеушiлердiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық агенттерiмен жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табысы, сондай-ақ жеке тұлғаларға төленетiн басқа да бiржолғы төлемдер жатады.
     Ескерту. 154-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.       155-бап. Салық сомасын есептеу       Жеке табыс салығының сомасы төлем көзiнен салық салынатын бiржолғы төлемдерден түскен табысқа 145-баптың 1-тармағында белгiленген ставканы қолдану жолымен есептеледi.
      Ескерту. 155-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.07.07. N  177 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен. Параграф 3. Төлем көзiнен салық салынатын жинақтаушы
зейнетақы қорларынан төленетiн зейнетақы төлемдерi       156-бап. Төлем көзiнен салық салынатын зейнетақы
               төлемдерi       Төлем көзiнен салық салынатын зейнетақы төлемдерiне салық төлеушiлердiң зейнетақы жинақтамаларынан жинақтаушы зейнетақы қорлары табыс есептеудiң әрбiр айы үшiн тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiндегi сомаға азайтылған төлемдер жатады.
      Ескерту. 156-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.07.07. N 177 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.       157-бап. Салық сомасын есептеу       Жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстiң 153-бабына сәйкес белгiленген тәртiппен есептеледi.      Параграф 4. Төлем көзiнен салық салынатын дивидендтер,
сыйақылар, ұтыстар түрiндегi табыс       158-бап. Салық сомасын есептеу       1. Жеке табыс салығының сомасы жеке тұлғаларға төленетiн дивидендтер, сыйақылар мен ұтыстар түрiндегi табыстарға 145-баптың 2 және 3-тармақтарында белгiленген ставкаларды қолдану жолымен есептеледi және осы Кодекстiң 146-148-баптарына сәйкес ұсталады.
      2. Ұтысты, сыйақыны төлеу кезiнде ұсталған салық сомасы төлем көзiнен осы салықты ұстап қалуын растайтын құжаттар болғанда салықтарды есептеу шығару мен төлеудi жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен жүзеге асыратын дара кәсiпкер салық кезеңi үшiн есептеген жеке табыс салығының есебiне жатқызылады.
      Ескерту. 158-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.07.07. N 177 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. Параграф 5. Стипендиялар       159-бап. Стипендиялар       Осы Кодекстiң 144-бабының 28) тармақшасында көзделген сомаларды қоспағанда, бiлiм беру ұйымдарында оқып жүргендерге төлеуге арналған ақша сомасы, сондай-ақ мәдениет, ғылым қайраткерлерiне, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерiне және басқа жеке тұлғаларға төлеуге арналған ақша сомасы табыс көзiнен салық салынатын стипендия болып табылады.       160-бап. Салық сомасын есептеу       Жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстiң 145-бабының 1-тармағында белгiленген ставканы төленетiн стипендия сомасына қолдану жолымен есептеледi.
      Ескерту. 160-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.07.07. N 177 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. Параграф 6. Төлем көзiнен салық салынатын, жинақтаушы
сақтандыру шарттары бойынша табыс       161-бап. Жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс       1. Сақтандыру сыйлықақылары:
      жинақтаушы зейнетақы қорларындағы зейнетақы жинақтары есебiнен;
      жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша өз пайдасына енгізетін сақтандыру сыйлықақылары жұмыс берушiнiң жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша жұмыскердiң пайдасына енгiзетiн сақтандыру сыйлықтары есебiнен;
      жұмыс берушiнiң жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша жұмыскердiң пайдасына енгiзетiн сақтандыру сыйлықтары есебiнен төленген, сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын сақтандыру төлемдерi жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табысы болып табылады.
      1-1. Жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыстарына осындай шарттар мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда төленетiн сатып алу сомасы жатады.
      2. Жеке тұлғалардың жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табысына сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын сақтандыру төлемдерi сомасының сақтандыру сыйлықақыларының сомасынан асып кеткен сомасы да жатады.
      Ескерту. 161-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.       162-бап. Салық сомасын есептеу       Жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстiң 145-бабының 1-тармағында белгiленген ставканы жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша төленетiн табыс сомасына қолдану жолымен есептеледi.
      Ескерту. 162-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.07.07. N 177 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. 25-тарау. Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар       163-бап. Төлем көзiнен салық салынбайтын табыстар       Салық төлеушiнiң төлем көзiнен салық салынбайтын табыстарына, табыстардың мынадай түрлерi:
      1) мүлiктiк табыс;
      2) жеке кәсiпкердiң осы Кодекстiң 169-бабына сәйкес айқындалатын табысы;
      3) адвокаттар мен жеке нотариустардың табысы;
      4) осы Кодекстің 170-бабына сәйкес белгiленетiн өзге де табыстар жатады.
      Ескерту. 163-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.       164-бап. Төлем көзiнен салық салынбайтын табыстар
               бойынша жеке табыс салығын есептеу       1. Осы Кодекстiң 168-бабына сәйкес есептелетiн адвокаттар мен жеке нотариустардың табыстарын қоспағанда, төлем көзiнен салық салынбайтын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеудi салық төлеушi 152-бапқа сәйкес белгiленген салықтық шегерiмдер сомасына азайтылған, төлем көзiнен салық салынбайтын табыс сомасына 145-баптың 1-тармағында белгiленген ставканы қолдану жолымен дербес жүргiзедi.
      2. Салық төлеушiде төлем көзiнен салық салынбайтын табыстардың бiрнеше түрi болған кезде, адвокаттар мен жеке нотариустардың табыстарын қоспағанда, салық төлеушi жеке табыс салығын есептеудi осы Кодекстiң 145-бабының 1-тармағында белгiленген ставканы төлем көзiнен салық салынбайтын барлық табыс түрлерiнің сомасына қолдану жолымен дербес жүргiзедi.
      3. Мынадай резидент жеке тұлғалар:
      1) арнайы салық режимдерiн қолданатындарды қоспағанда, жеке кәсiпкерлер;
      2)  резидент болып табылатын және табысты Қазақстан Республикасындағы төлем көзiнен жеке табыс салығы салынбайтын қызметтi жүзеге асырудан алатын шет мемлекеттердiң азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар;
      3) салық агенттерi болып табылмайтын тұлғаларға Қазақстан Республикасында қызметтер көрсетуден, жұмыстар орындаудан табыс алатын Қазақстан Республикасының азаматтары жеке табыс салығын аванстық төлемдердi енгiзу арқылы төлейдi.
      Жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді есептеу мен төлеуді, сондай-ақ салық есептілігiн берудi осы тармақтың 1) және 3) тармақшаларында айқындалған тұлғалар салық кезеңі iшiнде осы Кодекстiң 126 және 127-баптарына сәйкес жүргізеді.
      Жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді eceптеу мен төлеуді, сондай-ақ салық есептілiгін беруді осы тармақтың 2) тармақшасында айқындалған тұлға салық кезеңі ішінде осы Кодекстің 191 және 192-баптарында белгіленген тәртіппен мерзімдерде жүргізеді.
      Ескерту. 164-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.07.07. N  177 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.       165-бап. Салық төлеу мерзiмдерi       1. Салық төлеушi осы Кодексте белгiленген жағдайларда енгiзiлген аванстық төлемдердi есептей отырып, салық жылының қорытындысы бойынша жеке табыс салығын төлеудi жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшiн белгiленген мерзiмнен кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей дербес жүзеге асырады.
      2. Арнаулы салық режимдерiн қолданатын жеке кәсiпкерлер осы Кодекстiң 163-бабының 2) тармақшасында көрсетiлген табыс бойынша жеке табыс салығын 368-384, 391-397-баптарда белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде төлейдi.     Параграф 1. Мүлiктiк табыс       166-бап. Мүлiктiк табыс       1. Салық төлеушiлердің мүлiктiк табысына:
      1) Қазақстан Pecпубликасының заңдарына сәйкес мемлекеттік қажеттіліктер үшiн сатып алынған мүлiкті қоспағанда, кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын:
      а) бiр жылдан аз уақыт меншiк құқығында болған жылжымайтын мүлiктi;
      б) бағалы қағаздарды, сондай-ақ заңды тұлғадағы қатысу үлесiн;
      в) қымбат бағалы тастар мен қымбат бағалы металдарды, олардан жасалған зергерлiк бұйымдарды және құрамында қымбат бағалы тастар мен қымбат бағалы металдар бар басқа да заттарды, сондай-ақ өнер туындылары мен антиквариаттарды;
      г) мемлекеттiк тiркеуге жататын және бiр жылдан кем емес уақыт меншiк құқығындағы немесе механикалық көлiк құралын және (немесе) тiркемелердi иелiктен айыру құқығымен басқаруға сенiмхат негiзiнде алынған механикалық көлiк құралдарын және тiркемелердi сату кезiндегi олардың құнының өсiмi;
      2) осы Кодекстiң 154, 155-баптарына сәйкес төлем көзiнен салық салынатын табысты қоспағанда, мүлiктi жалға беруден алынған табыс жатады.
      2. Мүлiктi сату құны мен оны сатып алу құны арасындағы оң айырма, мүлiктi сату кезiндегi құн өсiмiнен алынған, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген табыс болып табылады.
      Сатып алу құны болмаған жағдайда мүлiктi сату құны мен бағалау құны арасындағы оң айырма құн өсiмi болып табылады.
      3. Бағалы қағаздарды сату кезiндегi құнның өсiмi осы Кодекстің 82-бабының 4-тармағына сәйкес белгiленедi.
      Ескерту. 166-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен. Параграф 2. Адвокаттар мен жеке нотариустардың табысы       167-бап. Адвокаттар мен жеке нотариустардың табысы       Заң көмегiн, нотариаттық iс-әрекеттер ақысын қоса алғанда, адвокаттық және нотариаттық қызметтi жүзеге асырудан түскен табыстардың барлық түрлерi, сондай-ақ қорғау мен өкiлдiкке байланысты шығыстардың орнын толтырудан алынған сомалар адвокаттар мен жеке нотариустардың табысы болып табылады.       168-бап. Салықты есептеу және төлеу       1. Адвокаттар мен жеке нотариустардың табыстары бойынша жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстiң 145-бабының 1-тармағында белгiленген ставканы алынған табыс сомасына қолдану жолымен ай сайын есептеледi.
      2. Есептi ай үшiн жеке табыс салығының сомасы есептi айдан кейiнгi айдың 5-iнен кешiктiрiлмей төленуге тиiс.
      Ескерту. 168-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.07.07. N 177 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.   Параграф 3. Жеке кәсiпкердің табысы       Ескерту. 3-параграфқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.       169-бап. Дара кәсiпкердiң табысы       1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, дара кәсiпкердiң табысы осы Кодекстiң 79-124, 130-баптарына сәйкес есептеледi.
      2. Арнайы салық режимдерiн қолданатын дара кәсiпкерлердiң табысы осы Кодекстiң 15-тарауына сәйкес айқындалады.
      Ескерту. 169-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. Параграф 4. Басқа табыстар       170-бап. Төлем көзiнен салық салынбайтын басқа табыстар       Төлем көзiнен салық салынбайтын басқа табыстарға, осы Кодекстiң 149-162-баптарында көрсетiлмеген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлердегі көздерден алынған табыстар жатады.
      Ескерту. 170-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 26-тарау. Жеке табыс салығы бойынша декларация       171-бап. Жеке табыс салығы бойынша декларация       1. Жеке табыс салығы бойынша декларацияны мына резидент салық төлеушiлер:
      1) төлем көзiнен салық салынбайтын табыстары барлар;
      2)
      3) Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерден табыстар алатын жеке тұлғалар;
      4) Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлердегi шетел банктерiндегi шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар;
      5) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң актiлерiне және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiне сәйкес декларация беру жөнiнде мiндеттеме жүктелген адамдар;
      6) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары, судьялар;
      7) осы Кодекстiң 144-бабының 12) тармақшасында көрсетілген, табыстары олар үшiн белгіленген салық салынбайтын шектен асып кеткен жеке тұлғалар табыс етеді.
      2. Осы Кодекстiң 144-бабының 6) тармақшасында көрсетiлген жеке тұлғалар жеке табыс салығы бойынша декларацияны уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен ұсынады.
       Ескерту. 171-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), өзгерту енгізілді - 2003.07.04. N 475 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.03.26. N 240 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.       172-бап. Жеке табыс салығы бойынша декларация табыс ету
               мерзiмдерi       1. Қазақстан Республикасының сайлау туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке табыс салығы бойынша декларация есепке тiркелген орны бойынша салық органына салық жылынан кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмей табыс етiледi.
      2. Арнаулы салық режимiн қолданатын жеке кәсiпкерлер арнаулы салық режимi қолданылатын қызметiнен түскен табыстарынан жеке табыс салығы бойынша декларация табыс етпейдi.
      Ескерту. 172-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.            173-бап. Шетел салығын есепке алу
 
       Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасынан тыс жерле төленген жеке табыс салығының сомалары осы Кодекстің 129-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасында жеке табыс салығын төлеу кезiнде eceпке алынады.   
      Салықтан есепке алынатын сомасының мөлшерi осы Кодексте белгіленген жеке табыс салығының ставкасын қолдана отырып, осы табыстан Қазақстан Pеспубликасында есептелуi мүмкін салық сомасынан аспауға тиiс.
      Ескерту. 173-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.       174-бап. Салық төлемiнің расталмауы       171-баптың 2), 3), 5) және 6) тармақшаларына сәйкес жеке табыс салығы бойынша декларация тапсырушы салық төлеушiлер жеке табыс салығын төлегенiн растамаған жағдайларда, жеке табыс салығын есептеу жеке табыс салығы төленгенi расталмаған табыс сомасына осы Кодекстiң 145-бабының 1-тармағында белгiленген ставканы қолдану жолымен жүргiзiледi.
      Ескерту. 162-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.07.07. N 177 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. 7-бөлім. Резидент еместердің табысына салық салу
ерекшеліктері 27-тарау. Жалпы ережелер       175-бап. Жалпы ереже       Осы бөлiм резидент емес жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын табыстарына корпорациялық және жеке табыс салығын салу ерекшелiктерiн ашады.       176-бап. Резиденттер мен резидент еместер       1. Қазақстан Республикасында тұрақты болатын немесе өмiрлiк мүдделерiнің орталығы Қазақстан Республикасында орныққан немесе осы баптың 4-тармағында аталған жеке тұлғалар осы Кодекстің мақсатында Қазақстан Республикасының резиденттерi деп танылады.
      2. Жеке тұлға ағымдағы салық кезеңiнде аяқталатын кез келген үздiксiз он екi айлық кезеңде кемiнде бiр жүз сексен үш күнтiзбелiк күн Қазақстан Республикасында болса, ол ағымдағы салық кезеңi үшiн Қазақстан Республикасында тұрақты болатын жеке тұлға деп танылады.
      Егер ағымдағы салық кезеңiнде және өткен екi салық кезеңiнде Қазақстан Республикасында болған күндердiң санына мынадай:
      ағымдағы салық кезеңiнде болған күндердiң санына - 1;
      өткен бiрiншi салық кезеңiнде болған күндердiң санына - 1/3;
      өткен екiншi салық кезеңiнде болған күндердiң санына - 1/6 коэффициенттерiн әрбiр салық кезеңiне қолдана отырып анықталған күндердiң саны кемiнде бiр жүз сексен үш күнтiзбелiк күн болған жеке тұлға да ағымдағы салық кезеңi үшiн Қазақстан Республикасында тұрақты болатын жеке тұлға деп танылады.
      Егер жеке тұлға ағымдағы салық кезеңiнде Қазақстан Республикасында отыз күнтiзбелiк күннен аз тұрған болса, онда мұндай жеке тұлға Қазақстан Республикасында тұрақты болатын адам деп танылмайды.
      Егер жеке тұлға Қазақстан Республикасында болуы аяқталатын жылдан кейiнгi жылда резидент болмаса, ол тұлға Қазақстан Республикасында болатын соңғы күнiнен кейiнгi кезең үшiн осы тармақтың мақсатында резидент емес ретiнде қаралады.
      3. Мынадай шарттар бiр мезгiлде орындалған жағдайда:
      1) жеке тұлға Қазақстан Республикасының азаматы болса немесе оның Қазақстан Республикасында тұруға рұқсаты (ықтиярхаты) болса;
      2) жеке тұлғаның отбасы және (немесе) жақын туыстары Қазақстан Республикасында тұрса;
      3) кез келген уақытта жеке тұлғаның тұруы және (немесе) оның отбасы мүшелерiнiң тұруы үшiн оған және (немесе) оның отбасы мүшелерiне жеке меншiк құқығындағы немесе өзге де негiздерде тиесiлi жылжымайтын мүлкi Қазақстан Республикасында бар болса, жеке тұлғаның өмiрлiк мүдделерiнiң орталығы Қазақстан Республикасында орныққан деп қарастырылады.
      4. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтiнiш немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдамай, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат ету туралы өтiнiш берген мынадай жеке тұлғалар:
      мемлекеттiк билiк органдары шет елге iссапарға жiбергендер, оның iшiнде дипломатиялық, консулдық мекемелердiң, халықаралық ұйымдардың қызметкерлерi, сондай-ақ аталған жеке тұлғалардың отбасы мүшелерi;
      тұрақты халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына немесе азаматтарына тиесiлi көлiк құралдарының экипаж мүшелерi;
      Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде орналасқан әскери базалардың, әскери бөлiмдердiң, топтардың, контингенттердiң немесе құрамалардың әскери қызметшiлерi мен азаматтық қызметкерлерi;
      Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде орналасқан және Қазақстан Республикасының меншiгi немесе Қазақстан Республикасының субъектiлерi болып табылатын объектiлерде (оның iшiнде концессиялық шарттар негiзiнде) жұмыс iстейтiндер;
      оқу немесе практикадан өту мақсатымен Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде жүрген студенттер, стажерлар мен практиканттар оқу немесе практикадан өтудiң бүкiл кезеңiнде;
      сабақ беру, консультациялар беру немесе ғылыми жұмыстарды жүзеге асыру мақсатымен Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде жүрген оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер сабақ берудiң немесе аталған жұмыстарды орындаудың бүкiл кезеңiнде Қазақстан Республикасында тұрған уақытына және осы бапта көзделген басқа да өлшемдерге қарамастан резидент жеке тұлғалар деп танылады.
      5. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлғалар және (немесе) өздерiнiң тиiмдi басқару орны (нақты басқару органдары) Қазақстан Республикасында орналасқан өзге заңды тұлғалар да осы Кодекстiң мақсатында резиденттер деп танылады.
      Негiзгi басқаруды жүзеге асыратын және заңды тұлғаның кәсiпкерлiк қызметiн жүргiзу үшiн қажет стратегиялық коммерциялық шешiмдердi қабылдайтын орын тиiмдi басқару орны (нақты басқару органы) деп танылады.
      6. Осы баптың ережелерiне сәйкес резидент болып табылмайтын жеке және заңды тұлғалар осы Кодекстiң мақсатында резидент еместер деп танылады.       177-бап. Резидент еместiң тұрақты мекемесi       1. Кәсiпкерлiк қызметтi, оның iшiнде уәкiлеттi тұлға арқылы жүзеге асырылатын қызметтi толық немесе iшiнара жүзеге асыратын тұрақты қызмет орны, атап айтқанда:
      1) қызметтi жүзеге асыру мерзiмдерiне қарамастан, тауарларды өндiрумен, ұқсатумен, жинақтаумен, орап-буумен, берумен, өткiзумен байланысты қызмет жүзеге асырылатын кез келген орын;
      2) қызметтi жүзеге асыру мерзiмдерiне қарамастан, резидент еместiң кез келген басқару орны, филиалы, бөлiмшесi, өкiлдiгi, бюросы, кеңсесi, офисi, кабинетi, агенттiгi, фабрикасы, шеберханасы, цехы, зертханасы, дүкенi, қоймасы;
      3) қызметтi жүзеге асыру мерзiмдерiне қарамастан, көмiрсутектерiн өндiру орындарын қоса алғанда, табиғи ресурстарды өндiрумен байланысты қызметтi жүзеге асыратын кез келген орын: шахта, кенiш, мұнай және (немесе) газ скважинасы, карьер, жер үстi немесе теңiз мұнаралары және (немесе) скважиналары;
      4) қызметтi жүзеге асыру мерзiмдерiне қарамастан, құбырмен, газ құбырымен, табиғи ресурстарды барлаумен және (немесе) игерумен, құрал-жабдықтарды орнатумен, монтаждаумен, құрастырумен, жөнге келтiрумен, iске қосумен және (немесе) қызмет көрсетумен байланысты қызметтi жүзеге асыратын (оның iшiнде бақылау және байқау қызметiн жүзеге асыратын) кез келген орын;
      5) қызмет көрсету мерзiмдерiне қарамастан, ойын автоматтарын (жалғамаларын қоса), компьютерлiк желiлер мен байланыс арналарын, аттракциондарды, көлiк немесе өзге де инфрақұрылымды пайдаланумен байланысты қызметтi жүзеге асыратын кез келген тұрақты орын резидент еместiң Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесi деп танылады.
      1-1. Қазақстан Республикасында қызмет көрсету кезiнде резидент емес осындай мақсат үшiн жалдаған қызметшiлер немесе басқа персонал арқылы қызмет көрсететiн орын, егер осындай сипаттағы қызмет Қазақстан Республикасында күнтiзбелiк алпыс күннен астам кезең бойы жалғасатын болса, тұрақты қызмет орны болып танылады.
      2. Құрылыс алаңы, монтаждау немесе құрастыру объектiсi, жобалау жұмыстарын жүргізу, жұмысты жүзеге асыру мерзiмдерiне қарамастан, тұрақты мекеме құрады.
      Бұл ретте, атап айтқанда, жылжымайтын мүлiк объектiлерiн тұрғызу және (немесе) қайта жаңарту жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру, оның iшiнде үйлер, ғимараттар салу және (немесе) монтаждау жұмыстарын жүргiзу, көпiрлер, жолдар, каналдар салу және (немесе) қайта жаңарту, құбырлар тарту, энергетикалық, технологиялық немесе өзге де жабдықтарды және (немесе) басқа да осыған ұқсас жұмыстарды жүзеге асыру орны құрылыс алаңы (объектiсi) деп түсiнiледi.
      Құрылыс алаңы (объект) пайдалануға берiлген объектiнi (орындалған жұмыстың көлемiн) қабылдау туралы актiге қол қойылған және құрылысқа толық ақы төленген күннен кейiнгi күннен бастап өзiнiң iс-әрекетiн тоқтатады.
      3. Резидент емес, сондай-ақ, егер:
      1) уәкiлетті тұлға арқылы Қазақстан Республикасында тәуекелді сақтандырушы немесе қайта сақтандыруды жүзеге асырса;
      2) алып тасталды
      3) алып тасталды
      4) Қазақстан Республикасында ақылы негiзде және (немесе) тауарлар сатуды iске асыратын көрме өткiзсе;
      5) резидентке немесе резидент емеске шарт қатынастары негiзiнде Қазақстан Республикасында оның мүддесiн бiлдiруге, iс-әрекет жүргiзуге немесе оның атынан келiсiм-шарт (шарт, келiсiм) жасасуға құқық берсе, Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрады.
      4. Осы бапта көрсетiлген қызметтi жүзеге асыру кезiндегi он екi ай кезең шегiндегi уақытша үзiлiстер және маусымдық үзiлiстер тұрақты мекеменi таратуға әкеп соқпайды.
      5. Осы резидент еместiң атынан келiсiм-шартқа қол қоюға уәкiлеттiк берiлмеген тәуелсiз делдал (тапсырма, комиссия, консигнация шарты немесе басқа да осыған ұқсас шарт негiзiнде жұмыс iстейтiн брокер және (немесе) өзге де тәуелсiз агент) арқылы Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге асыратын резидент емес тұрақты мекеме құрушы ретiнде қарастырылмайды.
      Өзінің әдеттегі (негiзгi) қызметi аясында әрекет ететiн және резидент еместен заң жағынан да, экономикалық жағынан да тәуелсiз болып табылатын тұлға тәуелсiз делдал деп түсiнiледi.
      6. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған резидент емес заңды тұлғаның еншiлес ұйымы, егер еншілес және негiзгi ұйымдардың арасында осы баптың 3-тармағы 5) тармақшасының ережелерiне сай келетiн қатынастар туындамаса, өзiнiң негiзгi ұйымының тұрақты мекемесi ретiнде қарастырылмайды.
      6-1. Өзге де заңды тұлғаға, оның ішінде тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын резидент емеске Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстеу үшiн шетелдiк персоналды ұсыну жөнінде қызметтер көрсететін резидент емес мынадай шарттарды бiр мезгілде орындаған кезде:
      eгep мұндай персонал тек өзiн ұсынған заңды тұлғаның атынан және оның мүдделерiн көздеп әрекет етсе;
      шетелдiк персоналды ұсыну жөнiнде қызмет көрсететiн резидент eмec осындай персоналдың Қазақстан Республикасында орындайтын жұмыс нәтижелеріне жауапты болмаса;
      шетелдiк персоналды ұсыну жөнiнде қызмет көрсетуден алынатын резидент еместiң табысы осындай персоналдың өзін ұсынған заңды тұлғаның атынан және оның мүдделерiн көздеп өз міндеттерін орындаған уақытын ecкepe отырып анықталса және резидент емес тұлғаның осындай персоналды ұсыну шығындары жалпы сомасының он процентінен аспауға тиіс болса, Қазақстан Республикасындағы осындай қызметтер бойынша тұрақты мекеме құрмайды.
      Шетелдiк персоналды ұсыну жөнiнде қызмет көрceтуге арналған шығындардың жалпы сомасын растау үшін резидент емес қызмет көрсетудi алушыға есеп құжаттамасының көшiрмелерін табыс етуi міндетті.
      Осы тармақта белгiленген шарттар орындалған кезде және резидент емес шетелдiк қызметкердi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде ұсыну жөнiндегi қызметтер көрсеткен жағдайда резидент еместiң мұндай қызметтерi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде көрсетiлген қызметтер болып табылады.
      7. Резидент еместiң қызметi оның салық органында тiркеу есебiне тұруына немесе тұрмауына қарамастан, осы баптың ережелерiне сәйкес тұрақты мекеме құрады.
      Ескерту. 177-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.12.11. N  201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.       178-бап. Резидент еместердiң Қазақстан Республикасындағы
               көздерден алатын табыстары       Табыстардың мынадай түрлерi:
      1) Қазақстан Республикасында тауарларды өткiзуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түскен табыстар;
      2) нақты қызмет көрсетiлген жерiне қарамастан, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызмет атқаратын және осындай тұрақты мекемемен байланысты резиденттерге немесе резидент еместерге көрсетiлетiн басқару, қаржылық (сақтандыру және (немесе) тәуекелдердi қайта сақтандыру жөнiндегi қызмет көрсетулердi қоспағанда), консультациялық, аудиторлық, заңдық (адвокаттық қызмет көрсетулердi қоспағанда) қызметтерден, бағдарламалық өнiмдердi демеу және қолдау бойынша қызмет көрсетуден алынатын табыстар;
      2-1) осы Кодекстің 130-бабына сәйкес айқындалатын салық салуда жеңілдігі бар елдердің резиденттері болып табылатын тұлғалар алған, қызметтердің нақты көрсетілген жеріне қарамастан (Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы осындай тұрақты мекемелермен байланысты қызмет көрсету бойынша қызметін жүзеге асыратын резиденттерге немесе резидент еместерге) қызметтер көрсетуден түсетін табыстар;
      3) Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлiктi өткiзу;
      резиденттер шығарған бағалы қағаздарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасында орналасқан резидент-заңды тұлғаға, консорциумға
немесе мүлiкке қатысу үлесiн өткiзу;
      егер резидент емес заңды тұлғаның акциялары, қатысу үлестері немесе активтері құнының 50 процентінен астамын Қазақстан Республикасындағы мүлік құрайтын болса, резидент еместер шығарған осындай акцияларды, сондай-ақ, резидент емес заңды тұлғаға қатысу үлестерін өткізу;
      резидент еместер шығарған және Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жiберiлген борыштық бағалы қағаздарды өткiзу нәтижесiнде алынған құн өсiмiнен түскен табыстар;
      4) Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме арқылы қызметiне байланысты резиденттiң немесе резидент еместің борышты қайтаруды талап ету құқығын басқаға беруден түскен табыстар;
      4-1) борышты талап етудi алу орнына қарамастан, Қазақстан Республикасындағы қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резиденттен немесе резидент еместен борышты талап ету құқығын алу кезiнде борышты талап ету құқықтарын басқаға беруден түсетiн табыстар;
      5) резидент еместердiң Қазақстан Республикасындағы қызметi барысында туындаған мiндеттемелерiн, оның iшiнде жұмыстарды орындауға (қызмет көрсетуге) жасасқан келiсiм-шарттар (шарттар, келiсiмдер) бойынша және (немесе) тауарларды жеткiзуге сыртқы сауда келiсiм-шарттары бойынша мiндеттемелерiн резиденттер мен резидент еместердiң орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсiмпұлдар);
      6) резидент заңды тұлғадан дивидендтер түрiнде түсетiн табыстар;
      7) мыналардан:
      резиденттерден;
      егер осы резидент еместердiң берешегi олардың тұрақты мекемесiне немесе мүлкiне қатысты болса, Қазақстан Республикасында орналасқан тұрақты мекемесi немесе мүлкi бар осы резидент еместерден алынған, борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақыларды қоспағанда, сыйақылар нысанындағы табыстар;
      8) мыналардан:
      резидент - эмитенттерден;
      егер осы резидент еместердiң берешегi олардың тұрақты мекемесiне немесе мүлкiне қатысты болса, Қазақстан Республикасында орналасқан тұрақты мекемесi немесе мүлкi бар резидент емес эмитенттерден алынатын борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар нысанындағы табыстар;
      9) тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметiне байланысты резиденттерден немесе резидент еместерден алынатын роялти түрiндегi табыстар;
      10) Қазақстан Республикасында орналасқан мүлiктi жалға беруден түскен табыстар;
      11) Қазақстан Республикасында орналасқан жылжымайтын мүлiктен алынатын табыстар;
      12) Қазақстан Республикасында туындайтын тәуекелдердi сақтандыру немесе қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары нысанындағы табыстар;
      13) тараптардың бiрi Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық тасымалдарда көлiк қызметiн көрсетуден түскен табыстар;
      14) Қазақстан Республикасында еңбек шарты бойынша қызметтен түскен табыстар;
      15) осындай тұлғаларға резидент заңды тұлғаға қатысты жүктелген басқару міндеттерiн орындауға байланысты басшылардың қаламақылары және (немесе) басқару органының директорлар кеңесінің, басқарманың немесе өзге де органының мүшелерi алатын өзге де төлемдер. Бұл peттe осындай тұлғалардың басқару мiндеттемелерін iс жүзінде орындаған жер маңызды емес;
      16) Қазақстан Республикасында тұруға байланысты төленетiн үстемеақылар;
      17) материалдық, әлеуметтiк игiлiктер үшiн жұмыс берушi немесе жалдаушы шеккен шығыстардың өтем нысанындағы табыстары немесе Қазақстан Республикасында жұмыс iстейтiн резидент емес жеке тұлғалардың өзге де материалдық пайдалары, оның iшiнде тамақтандыруға, тұруға, оқу мекемелерiнде балалар оқытуға жұмсалған шығыстар, отбасы мүшелерiнiң демалысқа барып-келу шығыстарын қоса алғанда, демалысқа байланысты шығыстар;
      18) резидент жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын зейнетақы төлемдерi;
      19) кiмге төлем жүргiзiлетiнiне қарамастан, өнер қызметкерлерiне:
      театр, кино, радио, теледидар артистерiне, музыканттарға, суретшiлерге, спортшыларға Қазақстан Республикасындағы қызметтен төленетiн табыстар;
      20) резиденттер төлейтiн ұтыстар;
      21) Қазақстан Республикасында жеке (кәсiби) тәуелсiз қызмет көрсетуден алынған табыстар;
      22) Қазақстан Республикасында орналасқан мүлiктi тегiн алу нысанындағы табыстар, оның iшiнде осындай мүлiктен түсетiн табыстар;
      23) Қазақстан Республикасындағы қызмет негiзiнде туындайтын, алдыңғы тармақшаларда қамтылмаған табыстар;
      24) Қазақстан Республикасы жасасқан және ратификациялаған халықаралық шарттарда Қазақстан Республикасында салық салу құқығы көзделген, алдыңғы тармақшаларда қамтылмаған басқа да табыстар резидент еместердің Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстары деп танылады.
      Ескерту. 178-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2003.07.04. N 475 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.06.05. N 146 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.05.15. N 253 Заңдарымен. 28-тарау. Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмай
қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың
табыстарына салық салу тәртібі       179-бап. Төлем көзiнен табыс салығын есептеу мен
               ұстаудың тәртiбi       1. Резидент емес заңды тұлғаның осы Кодекстiң 178-бабында белгiленген, Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемемен байланысты емес табыстарына осы Кодекстің 180-бабында белгiленген ставкалар бойынша шегерiмдi жүргiзбестен төлем көзiнен табыс салығы салынуға тиiс.
      2. Қолма-қол және (нeмece) қолма-қол емес нысандарда ақша, бағалы қағаздар, қатысу үлесiн, тауарлар, мүлiк беру, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету, табыс алушы peзидент еместiң борышты талап етуін Қазақстан Республикасындағы көздерден резидент еместiң алдындағы табыстарды төлеу жөнiндегi берешектi өтеу есебiне жүргiзiлетiн есептен шығару немесе есепке алу табысты төлеу деп түсініледi.
      3. Төлем көзiнен салық салуға мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының аумағына сыртқы сауда операциялары бойынша тауарларды жеткiзумен байланысты төлемдер;
      2) резидент банктердің корреспонденттiк шоттарын ашуға және жүргiзуге, олар бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға, сондай-ақ халықаралық төлем карточкалары арқылы eceп айырысуды жүзеге асыруға байланысты қызмет көрсетуден түскен табыстар;
      3) бағалы қағаздарды өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түскен табыстар;
      4) мемлекеттiк бағалы қағаздармен және агенттiк облигацияларымен жүргiзiлген операциялардан түскен табыстар;
      4-1) Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының арнайы сауда алаңында сатып алынған борыштық бағалы қағаздар бойынша дивидендтер, сыйақылар;
      5) бiртұтас құбыр жүйесi бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тасымалданатын шикi мұнай сату құнының сапасы бойынша түзетуге байланысты төлемдер;
      6) сатып алушы-резиденттер борыштық бағалы қағаздар бойынша оларды сатып алу кезiнде резидент еместерге төлеген жинақталған (есептелген) сыйақылар сомасы;
      7) Осы Кодекстiң 198-бабына сәйкес резидент еместiң шартты банк салымдары бойынша сыйақылары;
      8) халықаралық қаржы лизинг шарттары бойынша қаржы лизингіне негізгі қаражатты беруден түскен табыстар;
      9) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде, осы Кодекстiң 178-бабының 2) және 2-1) тармақшаларында көрсетiлмеген жұмыстарды орындаудан, қызметтердi көрсетуден түскен табыстар жатпайды.
      4. Резидент еместiң өз табыстарын үшiншi тұлғалардың және (немесе) басқа мемлекеттердегi өз бөлiмшелерiнiң пайдасына жұмсауына қарамастан, резидент еместiң табыстарына төлем көзiнен салық салынады.
      4-1. алып тасталды - 2005.12.23. N 107 Заңымен.
      5. алып тасталды
      6. Мемлекеттiк бюджетке төлем көзiнен табыс салығын есептеу, ұстап қалу және төлеу бойынша мiндет пен жауапкершiлiк табыстарды төлеушi тұлғаға (соның iшiнде Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме арқылы қызметiн жүзеге асыратын резидент емес) жүктеледi. Осындай тұлға осы Кодекстiң 10-бабы 1-тармағына сәйкес салық агентi болып танылады.
      Егер резидент еместiң қызмет кезеңi тұрақты мекеме құру үшiн белгiленген мерзiмнен асып кетсе, ол Қазақстан Республикасында қызмет атқара бастаған кезден бастап салық агентi болып танылады.
      6-1. Депозитарлық қолхаттар бойынша табыстар төлеудiң көзi осындай  депозитарлық қолхаттардың базалық активiнiң эмитентi болып табылады.
      7. Төлем көзiнен табыс салығы табыс төлеудi жүзеге асырудың нысаны мен орнына қарамастан ұсталады.
      Ескерту. 179-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 , 2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.06.05. N 146 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі, 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.       180-бап. Төлем көзiнен ұсталатын табыс салығының
               ставкалары       Резидент еместердің Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемеге байланысты емес көздерден алатын табыстарының төлем көзiне мынадай ставкалар бойынша салық салынуға тиiс:
___________________________________________________________________
   1) дивидендтер, сыйақылар                      15 процент  
___________________________________________________________________
   2) тәуекелдердi сақтандыру шарттары
   бойынша төленетiн сақтандыру сыйлықақылары      10 процент
___________________________________________________________________
   3) тәуекелдердi қайта сақтандыру шарттары
   бойынша төленетiн сақтандыру сыйлықақылары      5 процент
___________________________________________________________________
   4) халықаралық тасымалдарда көлiк
   қызметтерiн көрсетуден түскен табыстар          5 процент
___________________________________________________________________
   5) осы баптың 1)-4) тармақшаларында
   аталған табыстарды қоспағанда, осы Кодекстiң
   178-бабында белгiленген табыстар                20 процент
___________________________________________________________________
      Ескерту. 180-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.       181-бап. Төлем көзiнен табыс салығын аудару тәртiбi мен
               мерзiмдерi       1. Резидент емес заңды тұлғаның табыстарынан ұсталатын, төлем көзiнен табыс салығын салық агентi мемлекеттiк бюджетке:
      1) табыстың есептелген және төленген сомасы бойынша - төлем төленген ай аяқталғаннан кейiнгi жиырма жұмыс күнi iшiнде;
      2) есептелген, бiрақ шегерiмге жатқызылған кезде төленбеген табыс сомасы бойынша - корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшiн белгiленген мерзiмнен кейiнгi он жұмыс күнi iшiнде аударуға тиiс.
      Өтеу мерзiмдерi осы тармақшада белгiленген мерзiм аяқталған соң басталатын борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақыларға осы тармақшаның ережелерi қолданылмайды.
      2. Резидент еместiң табыстарынан ұсталатын төлем көзiнен табыс салығының сомасын мемлекеттiк бюджетке аударуды салық агентi орналасқан жерi бойынша жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасындағы қызметiн тұрақты мекеме, филиал, өкiлдiк арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға өзiнiң табыстарынан ұсталатын, төлем көзiнен табыс салығының сомасын мемлекеттiк бюджетке аударуды тұрақты мекеменiң, филиалдың, өкiлдiктiң орналасқан жерi бойынша жүргiзедi.
      Ескерту. 181-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.           182-бап. Салық есептiлiгiн табыс ету       Салық агенттерi төлем көзiнен табыс салығын ұстап қалу жөнiнде мiндеттеме туындаған есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей, тiркелген жерi бойынша салық органдарына төлем көзiнен алынған табыс салығы жөнiнде тоқсан сайын есеп-қисапты табыс етуге мiндеттi.
      Салық агенттерi резидент еместiң табыстары шегерiмге жатқызылған есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 20-нан кешiктiрмей, тiркелген жерi бойынша салық органдарына төлем көзiнен ұсталған табыс салығы жөнiндегi есеп-қисапты табыс етуге мiндеттi.
      Ескерту. 182-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.           183-бап. Бағалы қағаздарды өткiзу кезiнде құн өсiмiнен
               түскен табыстарға салынатын салықты есептеу
               мен төлеу ерекшелiктерi       1. Осы баптың 1-1-тармағында көрсетiлген табыстарды қоспағанда, резидент еместiң осы Кодекстiң 178-бабының 3) тармақшасында көрсетiлген бағалы қағаздарды өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түскен табыстарына, осы Кодекстiң 180-бабында белгiленген ставка бойынша салық салынуға тиiс.
      1-1. Мыналар:
      1) өткiзiлетiн күнi листингтiң ең жоғары және ең жоғарыдан кейiнгi санаттары бойынша қор биржасының ресми тiзiмдерiнде тұрған акциялар мен облигацияларды қор биржасында ашық сауда-саттық әдiсiмен өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түскен табыстар;
      2) мемлекеттiк бағалы қағаздарды және агенттiк облигацияларды өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түскен табыстар салық салуға жатпайды.
      2. Корпорациялық табыс салығын резидент емес заңды тұлға өз бетiмен есептеп шығарады және салық осы Кодекстiң 127-бабының 4-тармағымен белгiленген мерзiмде, резидент-эмитент немесе мүлкi резидент емес заңды тұлғаның сатылған акциялары, қатысу үлестерi немесе активтерi құнының 50 процентiнен астамын құрайтын резидент заңды тұлға тiркелген жерi бойынша салық органына корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияны мiндеттi түрде табыс ете отырып, төленуге тиiс.
      3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес салық салуға жатпайтын кiрiстердi қоспағанда, резидент емес заңды тұлғаға бағалы қағаздарды сатудан түскен кiрiстер төлейтiн тұлға осы баптың 2-тармағында көрсетiлген салық органын төлем сомасы туралы кiрiс төленген кезден бастап он жұмыс күнi iшiнде хабардар етуге мiндеттi.
      Ескерту. 183-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 , 2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз), 2006.06.05. N 146 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 29-тарау. Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы
қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың
табыстарына салық салу тәртібі       184-бап. Қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге
               асыратын резидент емес заңды тұлғаның
               салық салынатын табысын анықтау
               ерекшелiктерi       1. Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметiн жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның салық салынатын табысын анықтау, корпорациялық табыс салығын есептеу мен төлеу тәртiбi осы баптың және осы Кодекстің 79-135-баптарының ережелерiне сәйкес жүргiзіледi.
      2. Резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан алынатын табыстарына мыналарды:
      1) осы Кодекстiң 178-бабының 1)-22), 24) тармақшаларында көзделген, Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын табыстарды;
      2) осы Кодекстiң 80-бабының 2-тармағында көзделген, осы тармақтың 1) тармақшасына енгiзiлмеген, Қазақстан Республикасындағы қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан туындайтын табыстарды;
      3) Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырылатын қызметке баламалы немесе соған ұқсас қызметтi жүзеге асырудан туындайтын табыстарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыруды бастаған кезден бастап тұрақты мекеменiң қызметiне байланысты табыстардың барлық түрлерi жатады.
      3. алынып тасталды
      4. Осы Кодекске сәйкес шегерiмге жатқызылмайтын шығыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырылатын қызметтен табыстар алуға тiкелей байланысты шығыстар Қазақстан Республикасында немесе одан тыс жерлерде жасалғанына қарамастан шегерiмге жатады.
      5. Резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемеге:
      1) осы резидент емес заңды тұлғаның меншiгiн немесе санаткерлiк меншiгiн пайдаланғаны немесе пайдалану құқығын бергенi үшiн төленетiн роялти, қаламақылар, алымдар және басқа да төлемдер;
      2) қызмет көрсеткенi үшiн алынатын комиссиялық табыстар;
      3) осы резидент емес заңды тұлға берген заемдар бойынша сыйақылар;
      4) резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы қызметiнен табыстар алуымен байланысты емес шығыстар;
      5) құжатпен расталмаған шығыстар;
      6) резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде шеккен басқару және жалпыәкiмшiлiк шығыстары ретiнде ұсынылған соманы тұрақты мекемеден шегерiмге жатқызуға құқығы жоқ.
      Ескерту. 184-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.        185-бап. Резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекеме
               арқылы жүзеге асырған қызметiнен түскен таза
               табысына салық салу тәртiбi       1. Резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырған қызметiнен алынған таза табысына 15 проценттiк ставка бойынша салық салынады.
      Есептелген корпорациялық табыс салығының сомасы алып тасталған салық салынатын табыс таза табыс деп танылады.
      2. Таза табысқа есептелген салық сомасы корпорациялық табыс салығы жөнiндегi декларацияда көрсетiледi.
      3. Резидент емес заңды тұлға тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырған қызметiнен түскен таза табысына корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшiн белгiленген мерзiмнен кейiнгi он жұмыс күнi iшiнде салық төлеуге мiндеттi.       186-бап. Резидент емес заңды тұлғаның табыстарына
               жекелеген жағдайларда салық салу тәртібi       1. Салық органында тiркемеген резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырған қызметiнен алатын табыстарына төлем көзінен жиырма проценттік ставка бойынша шегерім жасалмай табыс салығы салынуға тиіс.
      Бұл ретте салық агентінің төлем көзінен ұстаған табыс салығы тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент еместің салық міндеттемелерін өтеу шотының eceбiнe жатқызылуға тиіс.
      2. Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент eмec салық төлеуші куәлігiнің нотариат куәландырған көшiрмесi резидент емес заңды тұлғаның салық органында тiркелуiн pacтaу болып табылады.
      Ескерту. 186-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 30-тарау. Резидент емес жеке тұлғалардың табыстарына салық
салу тәртібі       187-бап. Төлем көзiнен табыс салығын есептеу, ұстау
               және төлеу тәртiбi       1. Резидент емес заңды тұлғаның осы Кодекстiң 178-бабында белгiленген, осы тұлғаның тұрақты мекемесiне байланысты емес табыстарына, мыналарды:
      1) осы баптың 2-тармағында көзделген табыстарды;
      2) Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме арқылы жеке кәсiпкерлiк қызметтен түскен, салық салу тәртiбi осы Кодекстiң 189-бабында айқындалған табыстарды;
      3) банк депозиттерi бойынша сыйақыларды;
      4) Қазақстан Республикасының аумағына сыртқы сауда операциялары бойынша тауарларды беруге байланысты төлемдердi;
      5) бағалы қағаздарды сату кезiнде құн өсiмiнен түскен табыстарды;
      5-1) Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының арнайы сауда алаңында сатып алынған борыштық бағалы қағаздар бойынша дивидендтердi, сыйақыларды;
      6) мемлекеттiк бағалы қағаздармен және агенттiк  облигацияларымен жүргiзілген операциялардан түскен табыстарды;
      7) сатып алушы-резиденттер борыштық бағалы қағаздарды сатып алу кезiнде резидент еместерге төлеген, олар бойынша жинақталған (есептелген) сыйақылар сомасын қоспағанда, осы Кодекстiң 179-181-баптарында белгiленген тәртiпте және мерзiмде төлем көзiнен салық салынуға тиiс.
      2. Резидент емес жеке тұлғаның осы Кодекстiң 149-151-баптарында белгiленген өзге де табыстарын қоса отырып, осы Кодекстiң 178-бабы 14)-18) тармақшаларында белгiленген табыстарына осы Кодекстiң 147, 153-баптарының ережелерiмен белгiленген тәртiпте және мерзiмде, бiрақ осындай табыстарға қатысты шегерiмдердi жүзеге асырмай, төлем көзiнен салық салынуға тиiс.
      3. алынып тасталды
      4. Мемлекеттiк бюджетке төлем көзiнен табыс салығын есептеу, ұстап қалу және төлеу жөнiндегi мiндеттеме мен жауапкершiлiк табыстарды төлеушi тұлғаға (соның iшiнде Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметiн жүзеге асырушы резидент емеске) жүктеледi. Мұндай тұлға осы Кодекстiң 10-бабының 1-тармағына сәйкес салық агентi болып танылады.
      Егер резидент еместiң қызмет кезеңi тұрақты мекеме құру үшiн белгiленген мерзiмнен асып кетсе, ол Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асырған кезден бастап салық агентi болып танылады.
      4-1. Депозитарлық қолхаттар бойынша табыстар төлеудiң көзi осындай депозитарлық қолхаттардың базалық активiнiң эмитентi болып табылады.
      5. Табысты төлеудi жүзеге асыру нысаны мен орнына қарамастан, төлем көзiнен табыс салығын салық агентi ұстайды.
      Резидент еместiң табыстарынан ұсталатын төлем көзiнен табыс салығын мемлекеттiк бюджетке аударуды салық агентi тұрған жерi бойынша жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасындағы қызметiн тұрақты мекеме, филиал, өкiлдiк арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға өзiнiң табыстарынан ұсталатын төлем көзiнен табыс салығының сомасын мемлекеттiк бюджетке аударуды тұрақты мекеменiң, филиалдың, өкiлдiктiң орналасқан жерi бойынша жүзеге асырады.
      Ескерту. 187-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 , 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.06.05. N 146 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.       187-1-бап. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде
                Қазақстан Республикасындағы көздерден
                төленетін резидент емес жеке тұлғалар
                табыстарының жекелеген түрлерiнен жеке табыс
                салығын есептеу және төлеу тәртiбi       1. Осы Кодекстiң 178-бабының 14), 16) және 17) тармақшаларында көрсетілген резидент eмec жеке тұлғалар табыстарынан жеке табыс салығын есептеу және төлеу мынадай шарттар бiр мезгілде орындалған:
      1) ocы Кодекстің 10-бабына сәйкес салық агенті болып табылатын, Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға жұмыс беруші болып табылған;
      2) еңбек шарты резидент емес тұлға мен осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген салық агенті арасында жасалған;
      3) резидент eмec жеке тұлғaғa табыстарын төлеу Қазақстан Республикасынан тыс жерде жүргізілген кезде осы баптың ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
      2. Резидент емес тұлғаның табыстарынан бiрiншi салық кезеңі үшін табыс салығын есептеуді салық агентi осы Кодекстiң 145-бабының 1-тармағында белгіленген ставканы қолдана отырып, салық шегерімдерін eсепке алмай, еңбек шартында көрсетілген резидент емес тұлғаның табыс сомасынан жүргізедi.
      Бұдан кейiнгi салық кезеңдерiнде жеке табыс салығын салық агентi өткен салық кезеңiнде шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан алынған жеке табыс салығының есебiнде көрсетiлген резидент емес жеке тұлғаның iс жүзiндегi салық мiндеттемесiнiң сомасын негiзге ала отырып есептейдi. Бұл ретте алдыңғы салық кезеңi iшiндегi жеке табыс салығының есебi тапсырылғанға дейiнгi кезең үшiн жеке табыс салығы бойынша аванс төлемдерiн есептеу есеп берiлiп отырған салық кезеңi iшiндегi жеке табыс салығының болжамды сомасы негiзге алына отырып, бiрақ өткен табыс кезеңi iшiндегi жеке табыс салығы бойынша орташа айлық аванс төлемдерiнiң есептемеген сомасынан кем емес мөлшерде жүргiзiледi.
      3. Жеке табыс салығын төлеуді салық кезеңiнiң ішiнде ай сайын ағымдағы айдың 20-сынан кешiктірмей аванстық төлемдерді тең үлестермен енгізу арқылы салық агенті жүргізеді.
      Салық агентi салық кезеңiнiң ішінде төлеуге тиiсті жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдердiң сомалары шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан алынатын жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есебiнде көрсетіледі.
      Шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан алынатын жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есебiн салық агенті осы Кодекстiң 188-бабының 2-тармағында белгіленген мерзiмнен кешіктірмей, өзiнің тiркелген жері бойынша салық органына бередi.
      4. Резидент емес жеке тұлғалардың табыстарынан алынатын жеке табыс салығы бойынша салық кезеңiнiң iшiнде енгiзілген аванстық төлемдердің сомалары резидент емес жеке тұлғаның салық кезеңі үшін есептелген табысынан алынатын жеке табыс салығын төлеу есебiне есептеледі.
      5. Салық aгeнтi салық кезеңiнің қорытындылары бойынша шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан алынатын жеке табыс салығының есебiн тапсыру үшін белгiленген мерзімнен кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей салық кезеңiнiң қорытындылары бойынша резидент eмec жeкe тұлғалардың табыстарынан алынатын жеке табыс салығының түпкілікті есебiн (төлеуді) жүзеге асырады.
      Салық кезеңiнiң қорытындылары бойынша шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан алынатын жeкe табыс салығының есебiн салық агенті осы Кодекстің 188-бабының 2-тармағында белгіленген мерзiмнен кешiктiрмей, өзiнің тiркелген жері бойынша салық органына табыс етеді.
      6. Салық агенті салық кезеңінің алдағы айларына шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан алынатын жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларының түзетілген есебiн салық органына салық кезеңiнiң iшiнде беруге құқылы. Резидент емес жеке тұлғаның табыстарынан алынатын жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдердiң сомаларын азайту жағына қарай түзету кезінде салық агенті салық органына түзету себептерiнiң жазбаша негiздемесiн беруi қажет.
      7. Осы баптың 1-тармағында белгіленген шарттар орындалмаған кезде резидент емес жеке тұлғаның табыстарынан алынатын жеке табыс салығын есептеудi, ұстауды және төлеуді осы Кодекстiң 187-бабына сәйкес салық агенті жүргізеді.
      8. Салық агентi күнтiзбелiк жыл iшiнде осы бапта және осы Кодекстiң 187-бабында белгiленген жеке табыс салығын есептеу және төлеу тәртiптерiнiң бiреуiн ғана қолдануға құқылы.
      Жеке табыс салығын есептеудiң және төлеудiң таңдап алынған тәртiбi күнтiзбелiк жыл iшiнде өзгермейтiн болуға тиiс.
      9. алып тасталды
      Ескерту. 187-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 , өзгерту енгізілді - 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.05.15. N 253 Заңдарымен.       188-бап. Салық есептiлiгiн табыс ету       1. Салық агенттерi төлем көзiнен ұсталатын табыс салығы бойынша есепті тіркелген жepi бойынша салық органдарына ocы Кодекстiң 182-бабында белгіленген мерзімдерде табыс eтугe міндетті.
      2. Осы Кодекстiң 187-1-бабына сәйкес жеке табыс салығын есептеуді және төлеудi жүзеге асыратын салық агенттерi тiркелген жері бойынша салық органдарында шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан алынатын жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есебiн oлap Қазақстан Peспубликасына келген күннен бастап жиырма бес жұмыс күнінен кешiктірмей және келесі салық кезеңдерінде есептiк салық кезеңiнiң 20 қаңтарынан кешiктірмей табыс етуге міндетті.
      Бұл ретте келесi салық кезеңдерiнде салық агентi жеке табыс салығының есебiн тапсырғаннан кейiн есептiк салық кезеңi iшiндегi жеке табыс салығы бойынша аванс төлемдерi сомасының түзетiлген есебiн ол тапсырылған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде, бiрақ есептiк салық кезеңiнiң 20 сәуiрiнен кешiктiрмей қосымша табыс етуге мiндеттi.
      Осы Кодекстің 187-1-бабына сәйкec салық кезеңінің қорытындылары бойынша шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан алынатын жеке табыс салығының есебiн салық агенті тіркелген жері бойынша салық органына есептi салық кезеңнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешіктiрмей табыс етеді.
      Ескерту. 188-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), өзгерту енгізілді - 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.       189-бап. Қызметi тұрақты мекеме құруға алып келетiн
               резидент емес жеке тұлғадан табыс салығын
               алуды есептеу және төлеу тәртiбi       1. Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлiк қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес жеке тұлға, осы Кодекстiң ережелерiне және 184-бабының 5-тармағына сәйкес шегерiмге жатпайтын шығыстарды қоспағанда, тiкелей осындай табыстарға қатысты жасалған шегерiмдер сомасына азайтылған нақ сондай қызметпен байланысты табыс бойынша жеке табыс салығын төлеушi болып табылады.
      Резидент емес жеке тұлға көрсететiн тәуелдi жеке қызметтер (жалданатын жұмыс) осы жеке тұлғаның тұрақты мекемесiн құруға алып келмейдi.
      2. Салық салынатын табысты анықтау, жеке табыс салығын есептеу және төлеу тәртiбi осы баптың және осы Кодекстiң 163-170-баптарының ережелерiне сәйкес жүргiзiледi.
      3. Резидент емес жеке тұлға жеке табыс салығын осы Кодекстiң 191-бабында белгiленген тәртiппен және мерзiмде дербес төлейдi.
      Ескерту. 189-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.       190-бап. Резидент емес жеке тұлғаның табысына жекелеген
               жағдайларда салық салу тәртiбi       1. Осы бапқа сәйкес резидент емес жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстарының мынадай түрлерiне:
      осы Кодекстің 191-бабына сәйкес салық салынуға жататын табыстарды қоспағанда, осы Кодекстiң 10-бабына сәйкес салық агенттерi болып табылмайтын тұлғалардан алынған табыстарға;
      өткізілетін күні листингтің ең жоғары және ең жоғарыдан кейінгі санаттары бойынша қор биржасының ресми тізімдерінде тұрған, қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізілген акцияларды және облигацияларды, сондай-ақ мемлекеттiк бағалы қағаздарды ,  агенттiк облигацияларды және олармен азаматтық-құқықтық мәмiлелер Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының арнайы сауда алаңында жасалған жағдайда осы сауда алаңына жiберiлген бағалы қағаздарды қоспағанда, осы Кодекстiң 178-бабы 3) тармақшасында көрсетiлген бағалы қағаздарды сату кезіндегі құн өсімінен түскен табыстарға салық салынуға тиіс.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген резидент емес жеке тұлғалардың табыстарына осы Кодекстiң 180-бабында белгіленген ставкалар бойынша шегерімдерді жүзеге асырмай салық салынуға тиіс.
      3. Резидент емес жеке тұлға жеке табыс салығын есептеу мен төлеудi осы Кодекстің 191-бабының 7-тармағында белгiленген мерзiмде дербес жүргiзедi.
      4. Осы баптың 1-тармағына сәйкес салық салуға жатпайтын кiрiстердi қоспағанда, резидент емес жеке тұлғаға бағалы қағаздарды сатудан түскен кiрiстер төлейтiн тұлға резидент-эмитент немесе мүлкi резидент емес заңды тұлғаның сатылған акциялары, қатысу үлестерi немесе активтерi құнының елу процентiнен астамын құрайтын резидент заңды тұлға тiркелген жер бойынша салық органын төлем сомасы туралы кiрiс төленген кезден бастап он жұмыс күнi iшiнде хабардар етуге мiндеттi.
      Ескерту. 190-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2005.12.23. N  107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.06.05. N 146 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.       191-бап. Аванстық төлемдердi және жеке табыс салығын
               төлеу тәртiбi мен мерзiмдерi       1. Мынадай резидент емес жеке тұлғалар:
      1) осы Кодекске сәйкес арнайы салық режимдерiн қолданатын тұлғаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жеке кәсiпкерлiк қызметтен табыс түсiретiн резидент емес жеке тұлғалар;
      2) төлем көзiне табыс салығы салынатын табыстарды қоспағанда, осы Кодекстiң 149-151-баптарында көзделген өзге де табыстарды қоса отырып, осы Кодекстiң 178-бабының 14), 16) және 17) тармақшаларында айқындалған табыстарды алатын резидент емес жеке тұлғалар жеке табыс салығын аванстық төлемдердi енгiзу жолымен төлейдi.
      2. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген резидент емес жеке тұлғаларға жеке табыс салығын есептеу шегерiмдi жүзеге асырмастан есептелген табыс сомасына осы Кодекстiң 145-бабының 1-тармағында белгiленген ставкаларды қолдану арқылы жүргiзiледi.
      3. Бiрiншi салық кезеңiнде жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi есептеудi резидент емес жеке тұлға мынадай тәртiппен:
      1) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында аталған резидент емес жеке тұлға салық кезеңiнiң iшiнде алуға болжанатын табыс сомасын негiзге алып, осы Кодекстiң 189-бабының ережелерiн ескере отырып;
      2) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында аталған резидент емес тұлға жеке еңбек шартында көрсетiлген табыс сомасын негiзге алып, осы баптың 2-тармағының ережелерiн ескере отырып жүргiзедi.
      Резидент емес жеке тұлға кейiнгi салық кезеңдерiнде жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер есептеудi резидент емес жеке тұлғаның нақты салық мiндеттемесiнiң өткен салық кезеңiндегi жеке табыс салығы бойынша декларацияда көрсетiлген сомасын негiзге ала отырып жүргiзедi. Бұл ретте өткен салық кезеңiндегi жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсырғанға дейiнгi кезеңдегi жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер есептеудi резидент емес жеке тұлға есептiк салық кезеңi үшiн жеке табыс салығының болжамды сомасын негiзге ала отырып жүргiзедi, бiрақ ол өткен салық кезеңiндегi орташа айлық аванстық төлемдердiң қосылған сомасынан кем болмауға тиiс.
      4. Резидент емес жеке тұлға салық кезеңiнiң iшiнде жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi төлеудi ағымдағы айдың 20-сынан кешiктiрмей ай сайын жүргiзедi.
      5. Резидент емес жеке тұлға салық кезеңi iшiнде төлеуi тиiс жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдердiң сомалары жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларының есебiнде көрсетiледi.
      Резидент емес жеке тұлға жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларының есебiн осы Кодекстiң 192-бабының 1-тармағында белгiленген мерзiмнен кешiктiрмей өзi тiркелген жер бойынша салық органына ұсынады.
      Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында аталған резидент емес тұлғалар жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларының есебiне салық салынатын табыстың мәлiмделген сомасын растайтын еңбек шартының көшiрмесiн қоса беруге мiндеттi.
      6. Аванстық төлемдердiң енгiзiлген сомалары ағымдағы салық кезеңiнде резидент емес жеке тұлғаға есептелген жеке табыс салығын төлеу есебiне есепке алынады.
      7. Түпкiлiктi есеп айырысу және жеке табыс салығын төлеу салық кезеңi үшiн жеке табыс салығы бойынша декларация тапсыру үшiн белгiленген мерзiмнен кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей жүргiзiледi.
      Салық кезеңiнiң қорытындылары бойынша жеке табыс салығы бойынша декларацияны резидент емес жеке тұлға осы Кодекстiң 192-бабының 2-тармағында белгiленген мерзiмнен кешiктiрмей өзi тiркелген жер бойынша салық органына ұсынады.
      8. Резидент емес жеке тұлға салық кезеңiнiң iшiнде салық органына салық кезеңiнiң алдағы айлары үшiн жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларының түзетiлген есебiн табыс етуге құқылы. Жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдердiң сомаларын азайту жағына қарай түзеткен жағдайда резидент емес жеке тұлға салық органына көрсетiлген есеппен бiрге түзетулер себептерiнiң жазбаша негiздемесiн ұсынуға тиiс.
      Ескерту. 191-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), жаңа редакцияда - 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.05.15. N 253 Заңдарымен.       192-бап. Жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер
               сомаларының есебi және жеке табыс салығы
               жөнiндегi декларация       1. Осы Кодекстiң 191-бабында көрсетiлген резидент емес жеке тұлғалар осы Кодекстiң 527-бабында белгiленген тiркелу күнiнен бастап жиырма бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей және келесi салық кезеңдерiнде - есептiк салық кезеңiнiң 20 қаңтарынан кешiктiрмей қызметтi жүзеге асыру кезеңiнде жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларының есебiн тiркелген жерi бойынша салық органына табыс етуге мiндеттi. Бұл ретте салық төлеушi декларация тапсырғаннан кейiн оны тапсырған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде, бiрақ есептiк салық кезеңiнiң 20 сәуiрiнен кешiктiрмей есептiк салық кезеңi үшiн жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларының түзетiлген есебiн тiркелген жерi бойынша салық органдарына қосымша табыс етуге мiндеттi.
      2. Мыналар:
      1) осы Кодекстiң 191-бабының 1-тармағында көрсетілген;
      2) осы Кодекстiң 190-бабының 1-тармағында белгіленген табыстарды алатын;
      3) Қазақстан Республикасында отыз күнтiзбелiк күннен астам уақыт кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге асыратын және салық кезеңі iшiнде Қазақстан Республикасындағы көздерден тиiсті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 60 еселенген ең төменгi жалақының мөлшерiнен астам табыс алатын резидент емес жеке тұлғалар осы Кодекстің 172-бабында белгiленген мерзiмнен кешiктірмей тiркелген жерi бойынша салық органдарына жеке табыс салығы жөнiндегі декларацияны табыс етедi.
      Ескерту. 192-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2003.11.29. N 500 , өзгеріс енгізілді - 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.07.07. N 177 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.        31-тарау. Халықаралық шарттар бойынша арнаулы ережелер       193-бап. Халықаралық шартты қолдану жағдайы       1. Қазақстан Республикасы тараптардың бiрi болып табылатын, қосарланған салық салуды болдырмау және табысқа немесе мүлiкке (капиталға) салық салудан жалтарудың жолын кесу туралы халықаралық шарттың (бұдан әрi осы Кодекстiң 193-204-баптарының мақсатында - халықаралық шарт) ережелерi осындай шарт жасасқан мемлекеттердiң бiрiнiң немесе екеуiнiң де резидентi болып табылатын тұлғаларға қолданылады.
     2. Егер халықаралық шарт жасасқан мемлекеттiң резидентi халықаралық  шарттың ережелерiн халықаралық шарт жасасқан мемлекеттiң резидентi болып табылмайтын басқа тұлғаның мүддесiнде пайдаланса, ондай резидентке осы баптың 1-тармағының ережесi қолданылмайды.           194-бап. Халықаралық шарттар әкiмшiлiгiн жүргiзу және
               оларды қолдану тәртiбi       Осы Кодекстiң 193-204-баптарының ережелерiне сәйкес халықаралық шарттар әкiмшiлiгiн жүргiзу және олардың ережелерiн қолдану уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 194-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.       195-бап. Қазақстан Республикасындағы көздерден табысқа
               салық салу мақсатында резидент емес заңды
               тұлғаның басқару және жалпыәкiмшiлiк
               шығыстарын шегерiмге жатқызу әдiстерi       1. Егер Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның салық салынатын табысын анықтау кезiнде оның Қазақстан Республикасындағы, сондай-ақ одан тыс жерлердегi осындай салық салынатын табысты алу мақсатында шеккен басқару және жалпыәкiмшiлiк шығыстарын шегерiп тастауға халықаралық шарттың ережелерiмен жол берiлсе, онда мұндай шығыстардың сомасы, резиденттiң осы Кодекстiң 203-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес резиденттiгiн растайтын құжаты болған кезде, мынадай әдiстердiң бiрi бойынша:
      1) шығыстарды барабар бөлу әдiсi;
      2) шығыстарды шегерiмге тура (тiкелей) жатқызу әдiсi бойынша анықталады.
      2. Резидент емес заңды тұлға басқару және жалпыәкiмшiлiк шығыстарын шегерiмге жатқызудың аталған әдiстерiнiң бiрiн дербес таңдайды.
      3. Басқару және жалпыәкiмшiлiк шығыстар шегерiмiн тұрақты мекемеге жатқызу әдiсi (шығыстарды барабар бөлудiң әдiсi кезiнде пайдаланылатын есептiк көрсеткiштi есептеп шығару тәртiбiн қоса) жыл сайын қолданылады және салық органымен келiсе отырып қана өзгертiлуi мүмкiн.
      Ескерту. 195-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.       196-бап. Шығыстарды барабар бөлу әдiсi       1. Барабар бөлу әдiсiн пайдалану кезiнде осы Кодекстiң 195-бабында аталған, тұрақты мекеменiң шегерiмiне жатқызылған басқару және жалпыәкiмшiлiк шығыстар сомасы осындай шығыстар мен есептiк көрсеткiш сомаларының туындысы ретiнде анықталады.
      2. Есептiк көрсеткiш мына тәсiлдердің бiрi:
      1) резидент емес заңды тұлғаның салық кезеңiнде Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан түсiрген жылдық жиынтық табысы сомасының, резидент емес заңды тұлғаның тұтас алғанда аталған салық кезеңiндегi жылдық жиынтық табысының жалпы сомасына қатынасы;
      2) орташа мөлшерiн үш көрсеткiш бойынша анықтау:
      резидент емес заңды тұлғаның салық кезеңiнде Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметiн жүзеге асырудан түсiрген жылдық жиынтық табысы сомасының резидент емес заңды тұлғаның тұтас алғанда аталған салық кезеңiндегi жылдық жиынтық табысының жалпы сомасына қатынасы;
      Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеменiң салық кезеңiнiң соңындағы жай-күйi бойынша қаржылық есебiнде ескерiлген негiзгi құралдарының бастапқы (ағымдағы) құнының резидент емес заңды тұлғаның тұтас алғанда нақ сол салық кезеңiндегi негiзгi құралдарының бастапқы (ағымдағы) құнына қатынасы;
      Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемеде жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеу жөнiндегi салық кезеңiнiң соңындағы жай-күйi бойынша шығыстар сомасының резидент емес заңды тұлға қызметкерлердiң тұтас алғанда осындай салық кезеңiнде еңбегiне ақы төлеу жөнiндегi шығыстардың жалпы сомасына қатынасы бойынша есептеп шығарылады.
      Есептiк көрсеткiштi есептеп шығарудың жоғарыда аталған тәсiлдерiнiң бiрiн резидент емес заңды тұлға дербес анықтайды.
      3. Есептесу жолымен анықталған басқару және жалпыәкiмшiлiк шығыстарының сомасы растайтын құжаттар болған кезде ғана тұрақты мекеменiң шегерiмiне жатқызылады.
      4. Растайтын құжаттар мыналар:
      1) резидент емес заңды тұлғаның қаржы есептiлiгiнiң көшiрмесi, онда резидент емес заңды тұлға анықтаған есептiк көрсеткiшке байланысты:
      тұтас алғанда жылдық жиынтық табыстың жалпы сомасы;
      тұтас алғанда қызметкерлердiң еңбекақы бойынша шығыстарының жалпы сомасы;
      тұтас алғанда негiзгi қаражаттың бастапқы (ағымдағы) және баланстық құны;
      әрбiр бап бойынша шығыстардың ажыратылған жазбасы, оның iшiнде басқару және жалпыәкiмшiлiк шығыстарының жалпы сомасының ажыратылған жазбасы көрсетiледi;
      2) резидент емес заңды тұлғаның (мұндай тұлғаның қаржылық есептілігiнiң аудитi жүзеге асырылған кезде) қаржылық есептілiгiнiң аудитi бойынша аудиторлық есептің көшiрмесi болып табылады.
      5. Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеменiң шегерiмiне жататын аталған шығыстар сомасының есебi Қазақстан Республикасының тиiстi салық органына тапсырылатын корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияға қоса тiркеледi.
      6. Барабар бөлуге жататын басқару және жалпыәкiмшiлiк шығыстар сомасы салық есептiлiгiнде көрiнiс таппаса, мұндай шығыстар тұрақты мекеменiң шегерiмiне қабылданбайды.
      Ескерту. 196-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.05.05. N 139 , 2007 жылғы 28 ақпандағы N 235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.       197-бап. Шығыстарды шегерiмге тiкелей (тура) жатқызу
                әдiсi       1. Резидент еместiң басқару немесе жалпыәкiмшiлiк шығыстарын шегерiмге тiкелей (тура) жатқызу әдiсiн пайдалану кезiнде, егер мұндай шығыстар тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен табыс алу мақсаты үшін тура анықталса және тікелей келтiрiлген болса, онда Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеменiң шегерiмiне жатқызылады.
      Аталған шығыстар растайтын құжаттар болған кезде ғана тұрақты мекеменiң шегерiмiне жатады.
      2. Растайтын құжаттар мыналар:
      1) тұрақты мекеме арқылы қызметтен табыс алу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағындағы резидент емес заңды тұлға шеккен шығыстарды растайтын бастапқы есепке алу құжаттары;
      2) тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен табыс алу мақсатында Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде резидент емес заңды тұлға шеккен шығыстарды растайтын бастапқы есепке алу құжаттарының көшiрмелерi.
      Ескерту. 197-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы N 235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.       198-бап. Резидент еместердiң Қазақстан Республикасында
               тұрақты мекеме құруға алып келмейтiн
               қызметiнен түскен табыстарынан табыс салығын
               шартты банк салымдары арқылы төлеу тәртiбi       1. Осы бапта көзделген табыс салығын төлеу тәртiбi, егер осы Кодекстiң 199-201-2-баптарында өзгеше көзделмесе, осы баптарда аталған табыстарды қоспағанда, резидент еместің халықаралық шарттың ережелерiне сәйкес тұрақты мекеме құруға алып келмейтiн Қазақстан Республикасындағы қызметiнен түскен табысына қолданылады.
      2. Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс алатын осы баптың 1-тармағында аталған резидент еместің осы бапта көзделген табыс салығын төлеу тәртiбiн қолдануға құқығы бар. Осы баптың ережелерiн қолданбаған жағдайда, салық агентi төлем көзiнен жеке табыс салығын ұстап қалып, мемлекеттiк бюджетке жалпы белгiленген тәртiппен аударуға мiндеттi.
      3. Табыс табатын резидент емес, салық агентi және салық агентi белгiлеген резидент-банк (бұдан әрi - банк) осы баптың ережелерiн ескере отырып, шартқа қатысушылармен келiскен нысан бойынша шартты банк салымы туралы шарт жасасады.
      Осы Кодекстiң 181-бабына сәйкес айқындалатын төлем көзiнен табыс салығын төлеу күнiне шартты банк салымы туралы шарты болмаған жағдайда, салық агентi төлем көзiнен табыс салығын мемлекеттiк бюджетке аударуға мiндеттi.
      4. Салық агентi:
      1) шартты банк салымы туралы шартқа қол қойылған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде көшiрмесi аталған салық органына берiлетiн мұндай шартты өзiнiң тiркелген жерi бойынша салық органында тiркеуге;
      2) шартты банк салымына табыс салығы аударылған кезден бастап екi жұмыс күнi iшiнде өзiнiң тiркелген жерi бойынша салық органына төлем құжатының көшiрмесiн беруге мiндеттi.
      5. Осы баптың ережелерi салық органында тiркелген шартты банк салымы туралы шарттарға ғана қолданылады. Бұл ретте талаптары осы баптың ережелерiне қайшы келмейтiн шартты банк салымы туралы шарттар тiркелуге тиiс.
      6. Резидент емеске табыс төлеу кезiнде салық агентi осы Кодекстің 180-бабында белгiленген ставка бойынша төлем көзiнен табыс салығын ұстап қалуды жүргiзуге және ұстап қалған салық сомасын резидент еместiң пайдасына банкке шартты банк салымына аударуға мiндеттi.
      7. Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) аяқталуына қарай және халықаралық шарт талаптарын орындау кезiнде резидент емес табыс салығының бұрын ұсталған сомасын қайтару мақсатымен салық органына уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiп пен нысан бойынша өтiнiш табыс етедi.
      8. Салық органы резидент еместiң аталған өтiнiшiн резидент емес осы Кодекстiң 203-бабында белгiленген құжаттарды қоса тiркей отырып, өтiнiштi салық органына берген күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде қарайды, өтiнiш бойынша шешiм қабылдап, оны резидент емеске және банкке хабарлайды.
      Резидент емес талап етiлетiн құжаттарды тапсырмаған, шет мемлекеттiң құзыреттi органына немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органына қажеттi ақпаратты беру туралы сұрау жiберiлген жағдайда резидент еместiң өтiнiшiн қарау мерзiмi көрсетiлген құжаттарды, сұратылған ақпаратты алғанға дейiн тоқтатыла тұрады.
      9. Ұсталған табыс салығын қайтаруға салық органы куәландырған өтiнiштi алған кезде, банк осындай өтiнiштi берген резидент емеске есептелген банк сыйақыларымен бiрге өтiнiште көрсетiлген шекте шартты банк салымындағы сомаға иелiк етуге құқық бередi.
      10. Салық органының терiс шешiмiмен келiспеген жағдайда резидент еместiң осындай шешiмдi алған күннен бастап күнтiзбелiк тоқсан күн iшiнде не осы баптың 8-тармағында көрсетiлген мерзiм өткен соң салық органының шешімі болмаған жағдайда оның шешiмiне шағымдану туралы бiр мезгiлде салық органына хабарлай отырып, халықаралық шарттың ережелерiн қолданудың дұрыстығына қатысты мәселенi қайта қарау туралы уәкiлеттi органға (қажет жағдайда, резиденттiк елдiң құзыреттi органын тарта отырып) өтiнiш жасауға құқығы бар.
      11. Өтiнiш бойынша терiс шешiм қабылданған кезде және резидент еместен салық органының шешiмiне шағымдану туралы хабарламаны салық органы алмаған жағдайда салық органы халықаралық шарттың ережелерiн қолданудан бас тарту туралы хабарламаны резидент емес алған күннен бастап күнтiзбелiк тоқсан күн өткен соң, резидент еместiң табыстарын салық салудан босатудан бас тартуды куәландыратын құжатты қоса тiркеп, өтiнiште көрсетiлген және шартты банк салымына орналастырылған салық сомасын есептелген банк сыйақыларымен бiрге мемлекеттiк бюджетке аудару туралы инкассолық өкiмдi банкке жiбередi.
      12. Банк инкассалық өкiмдi алған күннен кейiнгi бiр операциялық күннен кешiктiрмей шартты банк салымына орналастырылған табыс салығы сомаларын және есептелген банк сыйақыларын мемлекеттiк бюджетке аударуға мiндеттi.
      Өндiрiп алынған салықтың осындай сомасы резидент еместің мемлекеттiк бюджет алдындағы мiндеттемесiн өтеу есебiне есепке жатқызылады.
      13. Шартты банк салымдары ұлттық немесе шетелдiк валютада ашылады. Шартты банк салымдары шетелдiк валютада ашылған жағдайда, табыс салығының және банк сыйақыларының сомасы бюджетке салық төлеген кездегi валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша есептелген ұлттық валютамен аударылады.
      14. Резидент еместің және салық агентiнің салық органы қандай да бiр шешiм қабылдағанға дейiн шартты банк салымында орналасқан табыс салығы сомасына иелiк етуге құқығы жоқ.
      15. Шартты банк салымы туралы шарттың ережелерi бұзылған және табыс салығының ұстап қалған сомасы мемлекеттiк бюджетке банктiң кiнәсiнен уақытылы аударылмаған жағдайда, банк Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
      16. Шартты банк салымында орналастырылған табыс салығын мемлекеттiк бюджетке аудару жөнiндегi мiндеттемелердi банктiң орындауы мүмкiн болмаған жағдайда, төлем көзiнен табыс салығын, банк сыйақыларын және мемлекеттiк бюджетке салықты дер кезiнде аудармағаны үшiн айыппұл санкцияларын аудару жөнiндегi мiндеттемелер салық агентiне жүктеледi.
      16-1. Шоттарында шартты банк салымдары орналасқан банктер, есептi тоқсан iшiнде ақша қозғалысы болған кезде есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-iнeн кешiктiрмей салық агенттерiнiң тiркелген жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша есеп беруге мiндеттi.
      17. Салық органдары:
      1) шартты банк салымдарында орналастырылған;
      2) халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға құқығы бар резидент еместерге төленген;
      3) мемлекеттiк бюджетке аударылған табыс салығының сомасына есеп жүргiзiп отыруға мiндеттi.
      Ескерту. 198-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.12.11. N  201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.       198-1-бап. Резидент еместiң Қазақстан Республикасындағы
                 көздерден алған табыстарынан төленген табыс
                 салығын мемлекеттiк бюджеттен қайтару
                 тәртiбi       1. Тиiсті халықаралық шартты қолдануға құқығы бар резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстарынан мемлекеттік бюджетке табыс салығы төленген жағдайда мұндай резидент еместің төленген табыс салығын осы Кодекстiң 38-бабында белгіленген талап қою мерзiмiнiң ішінде мемлекеттiк бюджетін қайтарып алуға құқығы бар.
      Бұл ретте Резидент емес салық органына уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысанда халықаралық шартты қолдануға өтінiш бередi.
      Резидент еместiң Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындаудан (қызметтер көрсетуден) алынған табысынан мемлекеттiк бюджетке салық төлеген жағдайда халықаралық шартты қолдануға арналған өтiнiштi резидент емес Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындауды (қызметтер көрсетудi) аяқтағаннан кейiн салық органына табыс етедi.
      2. Резидент емес осы Кодекстiң 203-бабында белгiленген құжаттарды қоса тiркей отырып, салық органына өтiнiш берген күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде салық органы өтiнiштi қарайды және онда көрсетiлген ақпарат дұрыс болған жағдайда резидент емеске осы Кодекстiң 40-бабында көзделген тәртiппен мемлекеттiк бюджеттен табыс салығы сомасын қайтаруды жүргiзедi.
      Резидент емес талап етiлетiн құжаттарды табыс етпеген, шет мемлекеттiң құзыреттi органына немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органына қажеттi ақпаратты беру туралы сұрау жiберiлген жағдайда резидент еместiң өтiнiшiн қарау мерзiмi көрсетiлген құжаттарды, сұратылған ақпаратты алғанға дейiн тоқтатыла тұрады.
      3. Халықаралық шарттың ережелерiн қолдану заңсыз болған жағдайда салық органы одан бас тартуын негiздеп, резидент eмескe жауап жiбередi.
      4. Салық органының бұл шешімiмен келіспеген жағдайда резидент еместiң мұндай шешiм алынған күннен бастап күнтiзбелiк тоқсан күн ішінде не осы баптың 2-тармағында көрсетiлген мерзiм өткен соң салық органының шешімі болмаған жағдайда уәкілетті органға (қажет болған жағдайда резиденттік елдiң құзыретті органын тарта отырып) халықаралық шарттардың ережелерiн қолданудың заңдылығына қатысты мәселенi қайта қарау туралы өтініш жасауға құқығы бар.
      Ескерту. 198-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), өзгерту енгізілді - 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.       199-бап. Халықаралық шартты халықаралық тасымалдарда
               көлiк қызметiн көрсетуден түскен табыстарға
               салық салуға қатысты қолдану тәртiбi       1. Қазақстан Республикасы тараптардың бiрi болып табылатын халықаралық тасымалдардағы көлiк қызметiн көрсетуден түскен, халықаралық шарт ережелерiн қолдануға құқығы бар резидент емес заңды тұлға алатын табыстар, егер оның Қазақстан Республикасында осындай қызметпен байланысты тұрақты мекемесi болса, осы Кодекстiң 203-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келетiн, резиденттiгiн растайтын құжат негiзiнде халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға өтінiш бермей салық салудан босатылуға тиiс.
      Бұл ретте, резидент емес заңды тұлға халықаралық тасымалдардағы көлiк қызметiн көрсетуден түскен (халықаралық шартқа сәйкес салық салуға жатпайтын) және Қазақстан Республикасының аумағында көлiк қызметiн көрсетуден түскен (салық салуға жататын) табыстар сомасына бөлек есеп жүргiзуге, сондай-ақ аталған табыстарды корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияда көрсетуге мiндеттi.
      Корпорациялық табыс салығы бойынша декларациядағы салық салынатын табыстың жалпы сомасы бөлек есеп жүргiзу негiзiнде есептелген, халықаралық шартқа сәйкес салық салудан босатылуға тиiс салық салынатын табыстың сомасына азайтылады.
      Халықаралық шарттың ережелерiн дұрыс қолданбау салықты мемлекеттiк бюджетке төлемеуге немесе толық төлемеуге әкеп соққан жағдайда, салық төлеушi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. 
      2. Қазақстан Республикасы тараптардың бiрi болып табылатын, резидент еместiң тұрақты мекемесiмен байланысы жоқ халықаралық тасымалдарда көлiк құралдарын пайдаланудан түскен кiрiстi резидент емеске төлеу кезiнде салық агентi, егер мұндай резидент емес табысты түпкiлiктi алушы болса және халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға құқығы болса, осы Кодекстiң 203-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келетiн, резиденттiгiн растайтын құжат болған жағдайда халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға өтiнiш бермей-ақ тиiстi халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға құқылы.
      Салық агентi салық органына берiлетiн төлем көзiнен салынатын табыс салығы бойынша есепте халықаралық шарттардың ережелерiне сәйкес төленген (есептелген) кiрiстi және ұсталған (ұстаудан босатылған) салық сомасын, табыс салығының ставкасын және халықаралық шарттардың атауын көрсетуге мiндеттi.
      Мемлекеттiк бюджетке салықты төлемеуге немесе толық төлемеуге әкеп соққан халықаралық шарт ережелерiн заңсыз қолданған жағдайда салық агентi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершiлiкте болады. 
      Ескерту. 199-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.       200-бап. Халықаралық шартты резидент еместің Қазақстан
              Республикасындағы көздерден алған табыстарының
              жекелеген түрлерiне салық салуға қатысты
              қолдану тәртiбi       1. Егер резидент емес табыстарды түпкiлiктi алушы болып табылса және тиiстi халықаралық шартты қолдануға құқылы болса, осындай табыстарды резидент емеске төлеу кезiнде салық агентiнiң резидент емес ұсынған, осы Кодекстiң 203-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес, резиденттiктi растайтын құжат негiзiнде осындай халықаралық шартты өздiгiнен қолдануға құқығы бар.
      Резидент емес осы Кодекстiң 203-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес, резидент еместiгiн растайтын құжатты табыс төленетiн күннен кешiктiрмей табыс еткен жағдайда, резидент еместiң табыстарын шегерiмге жатқызған кезде салық агентiнiң халықаралық шартта көзделген салықтың төмендетiлген (нөлдiк) ставкасын қолдануға да құқығы бар.
      Осы бапта белгiленген халықаралық шарттардың ережелерiн қолдану тәртiбi резидент еместiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстарының мынадай түрлерiне:
      1) дивидендтерге;
      2) сыйақыларға (проценттерге);
      3) роялтиге;
      4) сенiмгерлiк басқару мен кастодиандық қызмет көрсету үшiн комиссияларға;
      5) осы Кодекстiң 178-бабының 2) тармақшасында көрсетiлген, тек қана Қазақстан Республикасынан тыс жерде қызмет көрсетуден алынатын табыстарға;
      6) жөндеу жұмыстарын қоспағанда, егер негiзгi құралдарды мақсаты бойынша пайдалану үшiн оларды жұмыс iстеу күйiне келтiрумен (iске қосу-жөндеу, монтаждау жұмыстарын қоса алғанда) тiкелей байланысты қызметтер көрсету (жұмыстарды орындау) негiзгi құралдарды жеткiзiп беруге арналған сыртқы сауда келiсiм-шартының шеңберiнде және тиiстi халықаралық шарттың ережелерiне сәйкес тұрақты мекеме құруға әкеп соқпайтын мерзiм шегiнде орындалса, осындай көрсетiлетiн қызметтерден (жұмыстардан) түсетiн табыстарға;
      7) күнтiзбелiк қырық бес күннен аспайтын мерзiмге жасалған және осы резидент емес Қазақстан Республикасының аумағында жұмыстарды (көрсетiлетiн қызметтердi) орындауға жасасқан өзге де келiсiм-шарттармен (жобалармен) байланысты емес қысқа мерзiмдi келiсiм-шарттар шеңберiнде Қазақстан Республикасының аумағында қызметтер көрсетуден (жұмыстарды орындаудан) түсетiн табыстарға;
      8) осы Кодекстiң 178-бабында көзделген, Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған, халықаралық шарттардың ережелерiне сәйкес Қазақстан Республикасында салық салудан босатуға жататын, осы Кодекстiң 198-201-1-баптарында, сондай-ақ осы тармақтың 1)-7) тармақшаларында көзделмеген өзге де табыстарға салық салуға қатысты қолданылады.
      2. Салық агентi салық органына ұсынатын төлем көзiнен алынатын табыс салығы бойынша есеп-қисапта халықаралық шарттардың ережелерiне сәйкес төленген (есептелген) табыстар мен ұсталған салықтардың сомасын, табыс салығының ставкасын және халықаралық шарттардың атауын көрсетуге мiндеттi.
      3. Салық агентiнiң халықаралық шарт ережелерiн дұрыс қолданбауы мемлекеттiк бюджетке салықты төлемеуге немесе толық төлемеуге әкеп соққан жағдайда ол Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
      Ескерту. 200-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.       201-бап. Халықаралық шартты тұрақты мекеме арқылы
               қызметтен түскен таза табысқа салық салуға
               қатысты қолдану тәртiбi       1. Егер резидент емес халықаралық шарт жасасқан елдiң резидентi болса және тиiстi халықаралық шартта резидент еместiң Қазақстан Республикасындағы қызметтен түскен таза табысына тұрақты мекеме арқылы салық салудың осы Кодекстiң 185-бабында белгiленген тәртiптен өзгеше тәртiбi көзделген болса, мұндай резидент еместiң осы Кодекстiң 203-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келетiн, резиденттiктi растайтын құжат негiзiнде халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға өтiнiш бермей-ақ таза табысқа салық салуға қатысты халықаралық шарт ережелерiн қолдануға құқығы бар.
      2. Резидент емес заңды тұлға корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияда ставканы, таза табысқа салынатын салық сомасын және оның негiзiнде тиiстi салық ставкасы қолданылған халықаралық шарттың атауын көрсетуге мiндеттi.
      3. Халықаралық шарттың ережелерiн дұрыс қолданбауы мемлекеттiк бюджетке салықты төлемеуге немесе толық төлемеуге әкеп соққан жағдайда салық төлеушi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. 
       Ескерту. 201-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.12.11. N  201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.        201-1-бап. Халықаралық шартты резидент емес жеке
                 тұлғаның Қазақстан Республикасындағы
                 көздерден алған табыстарына салық салуға
                 қатысты қолдану тәртiбi       1. Салық агентінің Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстарды резидент емес жеке тұлғаға төлеу кезiнде, eгep осындай резидент емес жеке тұлға табыстардың түпкілiкті алушысы болып табылса және халықаралық шартты қолдануға құқығы болса, резидент емес жеке тұлға оны қолдануға өтініш бермесе де, резиденттіктi растайтын құжаттың негізінде тиісті халықаралық шартты қолдануға құқығы бар.
      Салық агенті салық органына берiлетiн төлем көзiнен табыс салығы жөніндегі есепте халықаралық шарттарға сәйкес төленген (есептелген) және салық төлеуден босатылған табыстардың сомаларын, табыс салығының ставкаларын және осындай халықаралық шарттардың атауларын көрсетуге мiндеттi.
      Халықаралық шартты мемлекеттік бюджетке салықты төлемеуге немесе толық төлемеуге әкеп соқтырған заңсыз қолдану кезiнде салық агенті Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
      2. Төлем көзiнен салық салынбайтын, Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс алатын резидент емес жеке тұлға, егер мұндай резидент емес тұлға табысты түпкiлiктi алушы болса және халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға құқығы бар болса, осы Кодекстiң 203-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келетiн, резиденттiгiн растайтын құжат негiзiнде осындай халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға өтiнiш бермей-ақ, халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға құқылы.
      Алынған (есептелген) табыстардың сомасы мен халықаралық шарттың ережелерiне сәйкес төленген (төлеуден босатылған) салықтарды және халықаралық шарттың атауын резидент емес жеке тұлға:
      осы Кодекстiң 190-бабында көзделген табыстарды алған жағдайда жеке табыс салығы бойынша декларацияда ;
      осы Кодекстiң 191-бабында көзделген табыстарды алған жағдайда жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабында көрсетедi.
      Резидент емес жеке тұлғада осы тармақта көзделген салық есептiлiгiнiң тиiстi нысанын табыс ету кезiнде резиденттiгiн растайтын құжат болмаған жағдайда, резидент емес жеке тұлғаның осындай табыстары осы Кодексте белгiленген тәртiппен салық салынуға жатады.
      Бұл ретте тиiстi халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға құқығы бар резидент емес жеке тұлға Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстардан мемлекеттiк бюджетке табыс салығын төлеген жағдайда, мұндай резидент еместiң төленген табыс салығын осы Кодекстiң 198-1-бабында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк бюджеттен қайтарып алуға құқығы бар.
      Ескерту. 201-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), өзгерту енгізілді - 2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.       202-бап.
      Ескерту. 202-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.       203-бап. Халықаралық шарттың ережелерiн және
               резиденттiктi растайтын құжатты қолдануға
               өтiнiш беру кезiнде қойылатын жалпы талаптар       1. Осы Кодекстiң 198 және 198-1-баптарын қолданған жағдайда, уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға өтiнiштi салық органы мынадай талаптар орындалған кезде:
      1) салық төлеушi өтiнiшпен бiрге:
      жұмыстарды орындауға (қызметтер көрсетуге) немесе өзге де мақсаттарға жасалған келiсiм-шарттардың (шарттардың, келiсiмдердiң) көшiрмелерiн;
      резидент емес заңды тұлғаның құрылтайшылары (қатысушылары) көрсетiле отырып, құжаттардың (құрылтай құжаттардың не сауда-саттық тiзiлiмiнен үзiндi жазбаның) көшiрмелерiн;
      орындалған жұмыстар актiсiн және (немесе) резидент еместiң әртүрлi жұмыстарды орындау фактiсi мен мерзiмiн растайтын өзге құжатты; объектiнi пайдалануға қабылдау актiсiн және (немесе) құрылыс жұмыстарын орындау фактiсi мен мерзiмiн растайтын өзге құжатты; қызметтер көрсету фактiсi мен мерзiмiн растайтын шотты, төлем құжатын; мүлiктi (жабдықты) жалға беру фактiсi мен мерзiмiн растайтын Қазақстан Республикасында мүлiктi (жабдықты) қабылдап алу және жалға беру актiсiн;
      жұмыстарды орындауға (қызметтер көрсетуге) жасалған келiсiм-шарт (шарт, келiсiм) бойынша резидент емес өтiнiш берушiнiң мiндеттемелерiн орындау мақсатында жеке тұлғалардың, оның iшiнде Қазақстан Республикасында резидент емес өтiнiш берушiнiң (жеке немесе заңды тұлғаның) атынан жұмыстарды орындайтын резидент еместердiң тiзiмiн осындай жеке тұлғалардың паспорттық деректерiн, олардың Қазақстан Республикасында болу мерзiмiн көрсете отырып табыс еткен;
      2) салық агентi:
      есептелген және төленген табыстар және ұстап қалған салықтар сомасын растайтын бухгалтерлiк құжаттарды:
      резидент еместiң кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруды бастауы туралы және резидент еместiң уәкiлеттi орган белгiлеген нысандар бойынша Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруды аяқтауы туралы өтiнiштерiнiң көшiрмелерiн салық органының оларды қабылдағаны туралы белгiлерiмен қоса табыс еткен;
      3) Қазақстан Республикасы халықаралық шарт жасасқан резидент емес салық төлеушiнiң резиденттiгi мемлекетiнiң құзыреттi немесе уәкiлеттi органы резидент емес салық төлеушiнiң резиденттiгiн (аталған өтiнiш бланкiсiнде немесе резиденттiктi растайтын құжатты немесе оның нотариалды куәландырылған көшiрмесiн қоса тiркей отырып) растаған кезде қабылдайды. Бұл ретте осы баптың және осы Кодекстiң 195, 198-201-1-баптарының мақсаттары үшiн тиiстi халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға құқығы бар резидент емес резиденттiк елiндегi өзiнiң тiркелу деректерi өзгерген жағдайда, көрсетiлген баптарда белгiленген тәртiппен өзгерген деректердi ескере отырып, резиденттiгiн растайтын құжатты немесе оның нотариалды куәландырылған көшiрмесiн табыс етуге мiндеттi;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе тараптарының бiрi Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық шартта белгiленген тәртiппен қойылған қол мен резидент еместiң резиденттiгiн (резиденттiгiн растайтын құжатты) растаған органның және резиденттiгiн растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесiн ұсынған жағдайда шетелдiк нотариустың мөрiн дипломатиялық немесе консулдық заңдастыруды жүзеге асырған кезде қабылдайды.
      2. Осы Кодекстiң 195, 199-201-1-баптарын қолдану мақсатында шетелдiк тұлғаның резиденттiгiн растайтын құжатты салық агентi (салық органы) осы баптың 1-тармағының 3)-4) тармақшаларында белгiленген талаптар орындалған кезде қабылдайды.
      Салық төлеушiнiң резиденттiгiн растайтын осы тармақтың талаптарына сәйкес келетiн құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесiн резидент емес салық төлеушi (салық агентi) осы Кодекстiң 196, 199-201-1-баптарында көзделген салық есептiлiгiнiң тиiстi нысанымен бiр мезгiлде салық есептiлiгiнiң тиiстi нысаны ұсынылатын жердегi салық органына табыс етедi.
      Ескерту. 203-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.           204-бап. Қазақстан Республикасында салықтың ұсталған
                және төленген сомалары туралы анықтама       Резидент еместің талап етуi бойынша салық органы Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұстап қалған салықтардың сомалары туралы анықтама бередi. 8-бөлім. Қосылған құн салығы 32-тарау. Жалпы ережелер       205-бап. Қосылған құн салығы ұғымы       Қосылған құн салығы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өндiру және олардың айналысы процесiнде қосылған, оларды өткiзу бойынша салық салынатын айналым құнының бiр бөлiгiн бюджетке аударуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импорты кезiндегi аударымды бiлдiредi. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиiстi қосылған құн салығы сатылған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн есептелген қосылған құн салығының сомасы мен алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн төленуге тиiстi қосылған құн салығының сомасы арасындағы айырма ретiнде айқындалады.       206-бап. Салық салу объектiлерi       Мыналар:
      1) салық салынатын айналым;
      2) салық салынатын импорт қосылған құн салығын салу объектiлерi болып табылады.       207-бап. Төлеушiлер       1. Мыналар:
      1) осы Кодекстiң 208-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша есепке тұрған мынадай тұлғалар:
      жеке кәсiпкерлер;
      мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда, заңды тұлғалар;
      қызметiн Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер;
      2) заңды тұлғаның осы Кодекстiң 208-бабының 6-тармағына сәйкес қосылған құн салығын дербес төлеушiлер ретiнде танылған құрылымдық бөлiмшелерi қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылады. 
      2. Тауарлар импорты кезiнде қосылған құн салығын төлеушiлер Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес осы тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына импорттайтын тұлғалар болып табылады.
      Ескерту. 207-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен. 33-тарау. Қосылған құн салығы бойынша есепке қою       208-бап. Қосылған құн салығы бойынша есепке
               қоюға қойылатын талаптар       1. Қорытындысы бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзу бойынша айналымның мөлшерi осы баптың 3-тармағында белгiленген өткiзу бойынша ең төменгi айналымнан асатын болса, осы Кодекстiң 207-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген тұлғалар кез келген кезең (он екi айлық кезеңнен аспайтын) аяқталған күннен бастап күнтiзбелiк он бес күннен кешiктiрмей қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы салық органына өтiнiш беруге мiндеттi.
      2. Өткiзу бойынша айналымды анықтау кезiнде осы Кодекстiң 225-бабына сәйкес салықтан босатылатын және (немесе) Қазақстан Республикасы өткiзу орны болып табылмайтын өткiзу бойынша айналым, сондай-ақ жеке тұлғаның жеке мүлкiн өткiзу бойынша айналым, егер ондай мүлiк кәсiпкерлiк қызмет мақсатында пайдаланылмаса, есепке алынбайды.
      Осы баптың 1-тармағының мақсаттары үшiн шаруа (фермер) қожалығы үшiн арнаулы салық режимiнде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын салық төлеушi, өткiзу бойынша айналым мөлшерiн анықтау кезiнде осы арнаулы салық режимiне кiретiн қызметтi жүзеге асырудан түскен өткiзу бойынша айналымды есепке алмауына болады.
      Заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерi болған жағдайда өткiзу бойынша айналым көлемi осы тұлғаның барлық құрылымдық бөлiмшелерiнiң өткiзу бойынша айналымдары ескерiле отырып айқындалады.
      3. Өткiзу бойынша айналымның ең төмен деңгейi осы баптың 1-тармағында көрсетiлген кезеңнiң соңғы айына белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 15000 еселенген шамасын құрайды.
      4. Осы баптың 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығы бойынша есепке қойылуға жатпайтын, бiрақ қосылған құн салығын салуға жататын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзудi жүзеге асыратын немесе жүзеге асыруды жоспарлаған тұлға қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы өтiнiштi салық органына ерiктi түрде бере алады.
      5. Осы Кодекстiң 207-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген тұлғалар қосылған құн салығы бойынша ол есепке қою туралы өтiнiш берген айдан кейiнгi айдың алғашқы күнiнен бастап қосылған құн салығын төлеушiге айналады.
      Жеке кәсiпкер он жұмыс күнiнен кешiктiрмей қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы салық органына өтiнiш берген жағдайда, жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн осы тұлға жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қосылған құн салығын төлеушiге айналады.
      Мемлекеттiк мекемелердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместi қоспағанда, заңды тұлға ол мемлекеттiк тiркелгеннен (есепке алынғаннан) кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей салық органына қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы өтiнiш берген жағдайда осы тұлғалар өздерi салық төлеушiлер ретiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап қосылған құн салығын төлеушiлерге айналады.
      6. Егер осы Кодекстiң 208-1-бабының 3-тармағында өзгеше көзделмесе, уәкiлеттi орган қосылған құн салығын төлеушi заңды тұлғаның өтiнiшi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерiн қосылған құн салығын дербес төлеушiлер ретiнде қарастыра алады.
      7. Осы баптың 6-тармағына сәйкес құрылымдық бөлiмшелерi қосылған құн салығын дербес төлеушiлер деп танылған қосылған құн салығын төлеушi заңды тұлға құрылымдық бөлiмшелердiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына қосылған құн салығы бойынша оларды есепке қою туралы өтiнiш беруге (немесе өзiнiң құрылымдық бөлiмшелерiне тапсырма беруге) мiндеттi.
      8. Қосылған құн салығын төлеушi заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерi қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы өтiнiшi берiлген айдан кейiнгi айдың бiрiншi күнi қосылған құн салығын төлеушiлерге айналады.
      9. Осы Кодекстiң 207-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген тұлғалар қосылған құн салығы бойынша есепке қойылған кезде, осы тұлғалардың осы Кодекстiң 235-бабына сәйкес қосылған құн салығы бойынша есепке қойылған күнiндегi тауарлар (негiзгi құралдарды қоса алғанда) қалдығы бойынша қосылған құн салығы сомасын есепке жатқызуға құқығы бар.
      10. Салық органы осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлар анықталған кезде осы Кодекстiң 207-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген тұлғаларды өтiнiшсiз, қосылған құн салығы бойынша есепке қоюға құқылы.
      Ескерту. 208-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.03.21. N 312 , 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2003.07.04. N 475 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), жаңа редакцияда - 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2005.11.22. N 89 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.       208-1-бап. Қосылған құн салығы бойынша есепке
                 қойылатын орын       1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығы бойынша есепке қою салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеу орны бойынша жүзеге асырылады.
      2. Заңды тұлға арнайы экономикалық аймақтың аумағында объектілер салу жөніндегі қызметті жүзеге асырған жағдайда, ондай заңды тұлғаны не оның құрылымдық бөлімшесін қосылған құн салығы бойынша есепке қоюды арнайы экономикалық аймақ аумағындағы салық органы жүзеге асырады.
      3. Егер осы баптың 2-тармағында аталған заңды тұлға өзін қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы өтініш бермесе, оның арнайы экономикалық аймақтың аумағында объектілер салу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі аталған заңды тұлғаның өтінішінсіз қосылған құн салығын дербес төлеуші деп қарастырылады.
      Ескерту. 208-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2002.03.21. N 312 Заңымен.       209-бап. Қосылған құн салығы бойынша есепке қою
               туралы куәлiк       1. Қосылған құн салығы бойынша есепке қойған кезде салық органы тұлғаға оның қосылған құн салығын төлеушi ретiнде есепке қойылғаны туралы куәлiк беруге мiндеттi, онда:
      1) тұлғаның атауы және оның деректемелерi;       РҚАО-ның ескертуі!
      1-тармақтың 2) тармақшасы 2012 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 224 Заңымен жаңа редакцияда жазылады.
      2) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
      3) тұлға осы Кодекстiң 208-бабының 5-тармағына сәйкес қосылған құн салығын төлеушi болған күн көрсетiледi.
      Қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлiктiң бланкiсi қатаң есеп беру бланкiсi болып табылады және салық төлеушiге ақша төлетпей берiледi.
      Қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлiктің нысаны мен оны беру тәртiбiн осы Кодекске сәйкес уәкiлеттi орган белгiлейдi .
      2. Қосылған құн салығы бойынша есепке қойылғаны жөнiндегі куәлiк қосылған құн салығын төлеушiде сақталады.
      Қосылған құн салығы бойынша есептен шығарылған жағдайда куәлiк салық органына қайтарылуға тиiс. 
      Қосылған құн салығын төлеушiнiң атауы өзгерген жағдайда оның қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлiгi атауы өзгерген соң 10 жұмыс күнi ішінде уәкілеттi орган белгiлеген тәртiппен ауыстырылуға тиiс.
      3. Сот қосылған құн салығын төлеушiнi жалған кәсiпорын деп таныған жағдайда, салық органының шешiмiмен қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлiк сот анықтаған қылмыстық әрекет басталған кезден бастап күшiн жоюға тиiс. 
      Ескерту. 209-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2003.07.04. N 475 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.       210-бап. Қосылған құн салығы бойынша есептен шығару       1. Егер қосылған құн салығын төлеушiнiң соңғы он екi айлық кезеңдегi салық салынатын айналым мөлшерi салық салынатын ең төмен айналым мөлшерiнен аспаса, ол тiркелген жерiндегi салық органына өзiн қосылған құн салығы бойынша есептен шығару туралы өтiнiш беруге құқылы.
      Қосылған құн салығын төлеушi мұндай құқықты өзiн қосылған құн салығы бойынша есепке қойған кезден бастап, кем дегенде екi жыл өткеннен кейiн пайдалана алады.
      2. Егер қосылған құн салығын төлеушi болып табылатын тұлға салық салынатын айналымдарға байланысты қызметiн тоқтатқан жағдайда, мұндай тұлға қызметi тоқтатылған салық кезеңiнен кейiнгi алты айдың аяқталуынан кешiктiрмей, өзiн қосылған құн салығы бойынша есептен шығару туралы өтiнiш беруге мiндеттi.
      2.1. Салық органы қосылған құн салығын төлеушi болып табылатын және осы Кодексте белгіленген салық есептiлiгiн беру мерзiмiнен кейiн алты ай кезең iшiнде оны бермеген тұлғаны тапқан жағдайда, салық органы қосылған құн салығы бойынша есептен шығаруды қосылған құн салығын төлеушiнi хабардар етпестен, уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүргiзедi.
      2-2. Салық органы қосылған құн салығын төлеушi болып табылатын және осындай өзгерiстер туындаған күннен бастап тұрған (тұрғылықты) жерiн өзгерткенi туралы жиырма жұмыс күнi iшiнде салық органын хабардар етпеген тұлғаны анықтаған жағдайда, қосылған құн салығы бойынша есептен шығаруды салық органы қосылған құн салығын төлеушiге осы Кодекстiң 31-бабына сәйкес хабарлама жiбере отырып, уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүргiзедi. Осындай қосылған құн салығын төлеушiлер туралы ақпарат уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен қосылған құн салығы бойынша есептен шығару күнi уәкiлеттi органның WEB-сайтында орналастырылады.
      2-3. Осы баптың 2-1 және 2-2-тармақтарында көрсетiлген жағдайларда, қосылған құн салығын төлеушiлер салық органы қосылған құн салығы бойынша есептен шығару туралы шешiм шығарған күннен кейiнгi күннен бастап қосылған құн салығы бойынша есептен шығарылады.
      2-4. Осы Кодекстiң 68-бабының 5-тармағына сәйкес қосылған құн салығын төлеушi болып табылатын тұлғаның қызметiн уақытша тоқтата тұрған жағдайда, қосылған құн салығын төлеушi куәлiгiнiң қолданысын тоқтатуды уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен салық органы жүргiзедi.
      3. Қосылған құн салығын төлеушi болып табылатын заңды тұлға таратылған жағдайда, мұндай тұлға Салық төлеушiлердің мемлекеттiк тiзiлiмiнен алып тасталған күннен бастап қосылған құн салығы бойынша есептен шығарылуға тиiс.
      4. Осы Кодекстiң 207-бабының 1-тармағында көрсетiлген салық төлеушiлер осы баптың ережелерiне сәйкес келетiн, қосылған құн салығы бойынша есептен шығару туралы өтiнiш берілген кезеңнен кейiнгi салық кезеңiнiң алғашқы күнiнен бастап қосылған құн салығын төлеушi болуын тоқтатады. 
      5. Тұлғаны қосылған құн салығы бойынша есептен шығару кезiнде осы Кодекстің 235-бабына сәйкес олар бойынша қосылған құн салығы есепке алуға жатқызылған оның тауарларының (соның iшiнде негiзгi құралдардың) қалдығы салық салынатын айналым ретiнде қарастырылады.
      Қосылған құн салығын төлеушi - заңды тұлға, жаңадан пайда болған заңды тұлғалар қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылса, оның қайта ұйымдастырылуына байланысты қосылған құн салығы бойынша есептен шығарылған жағдайда осы тармақтың ережесi қолданылмайды. 
      Ескерту. 210-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.12.11. N  201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 34-тарау. Салық салынатын айналым және салық салынатын импорт       211-бап. Тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi)
               өткiзу бойынша айналым       1. Тауарға қатысты өткiзу бойынша айналым:
      1) тауарға меншiк құқығын берудi, оның iшiнде:
      тауарды сатуды;
      тауарды тиеп жөнелтудi, оның iшiнде басқа тауарларға (жұмыстарға, қызмет көрсетулерге) алмастыруды;
      тауар экспортын;
      тауарды тегiн берудi;
      жарғылық капиталға жарна төлеудi;
      жұмыс берушiнiң жалдамалы қызметкерге жалақы есебiнен тауар беруiн;
      2) тауарды төлем мерзiмiн ұзарту шартымен тиеп жөнелтудi; 
      2-1) мүлiктi қаржы лизингiне берудi; 
      3) комиссия шарттары бойынша тауарды тиеп жөнелтудi;
      4) қарызды төлемеген жағдайда кепiл берушiнiң кепiлге қойылған мүлкiн (тауарын) беруiн; 
      5) кәсiпкерлiк қызмет үшiн сатып алынған тауарды қосылған құн салығын төлеушiнiң не оның жалдамалы жұмыскерлерiнiң, қатысушылардың және (немесе) басқа тұлғалардың кәсiпкерлiк қызметке жатпайтын мақсатта пайдалануын;
      6) осы Кодекстiң 208-бабының 6-тармағына сәйкес бiр заңды тұлғаның қосылған құн салығын дербес төлеушiлерi болып табылатын бiр құрылымдық бөлiмшесiнiң екiншi құрылымдық бөлiмшесiне тауар жөнелтуiн;
      7) бұрын экспорт режимiнде шығарылған тауарды керi импорт режимiнде қайтаруды бiлдiредi. 
      2. Жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналым кез келген жұмыстар орындауды немесе қызмет көрсетудің, соның ішiнде олардың тегiн орындалуын, сондай-ақ тауарды өткiзуден өзге сыйақы үшiн кез келген қызметтi, оның iшiнде:
      1) мүлiктi уақытша иелiкке берудi және мүлiктi жалдау (жалгерлiк) шартымен пайдалануды;
      2) санаткерлiк меншiк объектiлерiне, соның iшiнде жарғылық капиталға салым ретiнде берiлетiн құқықтар беруді;
      3) жұмыс берушiнiң жалдамалы қызметкерге жалақы есебiнен жұмыстар орындауын, қызметтер көрсетуiн;
      4) осы Кодекстiң 208-бабының 6-тармағына сәйкес қосылған құн салығын дербес төлеушiлер болып табылатын бiр заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерi арасында жұмыстар орындауын, қызметтер көрсетуiн бiлдiредi.
      3. Мыналар:
      1) бiрлiгiнiң құны екi айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын,  тауарды жарнамалық мақсатта беру не сыйлау; 
      2) тапсырысшының мердiгерге дайын өнiмдi мердiгердiң дайындауы, ұқсатуы, құрастыруы (монтаждауы, орнатуы), жөндеуi және (немесе) объектiлер салуы үшiн алыс-берiс тауарларын тиеп жөнелтуi. Аталған тауарлар Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде дайындалған, ұқсатылған, құрастырылған, жөнделген жағдайда, егер оларды әкету Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес "Тауарларды кеден аумағынан тыс жерлерде ұқсату" режимiмен жүзеге асырылса, аталған тауарлардың тиеп-жөнелтiлуi өткiзу бойынша айналым болып табылмайды;
      3) қайтарылатын ыдысты тиеп жөнелту. Құны онымен жiберiлетiн өнiмдi өткiзу құнына кiрмейтiн және осы өнiмдi беру жөнiндегi шартта (келiсiм-шартта) белгiленген талаптармен және мерзiмде, бiрақ ұзақтығы алты айдан аспайтын мерзiмде өнiм берушiге қайтарылуға тиiс ыдыс қайтарылатын ыдыс болып табылады. Егер ыдыс белгiленген мерзiмде қайтарылмаса, мұндай ыдыс өткiзу бойынша айналымға енгiзiледi;
      4) бұрын экспорт режимiнде шығарылған тауарды керi импорт режимiнде қайтаруды қоспағанда, тауарды қайтару; 
      5) шартта белгiленген талаптар мен мерзiмдерде қайта әкелуге жататын тауарларды көрмелер, басқа да мәдени және спорт шараларын өткiзу үшiн Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге әкету, егер бұл Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес "Тауарларды уақытша әкету" кеден режимiмен ресiмделсе;
      6) жер қойнауын пайдаланушы жаңадан құрған және (немесе) сатып алған, жер қойнауын пайдалану жөніндегi операцияларды орындау үшiн пайдаланылатын және Қазақстан Республикасына берiлуi тиiс мүлiктi жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға жасалған келiсiм-шарт талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының меншiгiне беруi;
      7) банк берген қарыздар және басқа да дебиторлық берешектi қоса алғанда, қарыздар бойынша талап ету құқығын басқаға беру;
      8) ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыру бойынша айналым;
      9) концессия объектісін концедентке беру, сондай-ақ концеденттің концессия объектісін пайдалану үшін концессионерге кейіннен беруі өткізу бойынша айналым болып табылмайды.
      Ескерту. 211-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.11.23 N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2003.07.04 N 475 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2004.12.13 N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.12.11 N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.01.12 N  220 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді), 2008.07.05 N 66-IV (енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.       212-бап. Салық салынатын айналымды анықтау       1. Қосылған құн салығын төлеушiнiң тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткiзу бойынша жасаған айналымы салық салынатын айналым болып табылады, оған:
      1) осы Кодекске сәйкес қосылған құн салығынан босатылған;
      2) өткiзу орны Қазақстан Республикасы болып табылмайтын айналым қосылмайды.
      Тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткiзу орны осы Кодекстiң 215-бабына сәйкес белгiленедi.
      2. Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын резидент еместен жұмыстар, қызмет көрсетулер алынған жағдайда, аталған жұмыстар, қызмет көрсетулер осы Кодекстiң 221-бабында белгiленген тәртiппен алушының салық салынатын айналымына енгiзiледi.       213-бап. Салық салынатын импорт       Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес декларациялануға тиiстi, Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн немесе әкелiнген тауарлар (осы Кодекстің 234-бабына сәйкес қосылған құн салығынан босатылғандарын қоспағанда) салық салынатын импорт болып табылады.       214-бап. Тапсырма шарттары бойынша жүзеге асырылатын
               өткiзу бойынша айналымдар       1. Сенiм бiлдiрiлген адамның сенiм білдiрушiнiң атынан және соның есебiнен тауарды тиеп жөнелтуi, жұмыстарды орындауы немесе қызметтер көрсетуi сенiм бiлдiрілген адамның өткiзу бойынша айналымы болып табылмайды.
      2. Осы баптың 1-тармағының ережелерi:
      1) сенiм бiлдiрiлген адамның сенiм бiлдiрушiге орындаған (көрсеткен) жұмыстарына (қызметтерiне);
      2) Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын резидент емес сенiм бiлдiрушiден алынған тауарға қатысты қолданылмайды. Мұндай жағдайда тауарды тиеп жөнелту сенiм бiлдiрiлген адамның өткiзу бойынша айналымы болып табылады.       215-бап. Тауарды (жұмысты, қызмет көрсетудi) өткiзу орны       1. Тауарды өткiзу орны болып:
      1) егер тауарды берушi, алушы немесе үшiншi тұлға тасымалдайтын (жiберетiн) болса, тауарды тасымалдау басталған орын;
      2) басқа жағдайларда - тауарды алушыға беру орны танылады.
      2. Жұмыстарды, қызметтердi өткiзу орны болып:
      1) егер жұмыстар, қызметтер жылжымайтын мүлiкпен тiкелей байланысты болса, осы мүлiктiң орналасқан жерi;
      2) егер олар жылжымалы мүлiкпен байланысты болса, жұмыстарды, қызметтердi нақты жүзеге асыратын орны;
      Мұндай жұмыстарға, қызмет көрсетулерге монтаждау, құрастыру, жөндеу жатады.
      3) егер қызметтер мәдениет, өнер, бiлiм, дене тәрбиесi немесе спорт саласындағы қызметтерге қатысты болса, қызметтердiң нақты көрсетiлетiн орны;
      4) жұмыстарды, қызметтердi сатып алушының кәсiпкерлiк немесе кез келген басқа да қызмет орны танылады. Осы тармақша мынадай жұмыстарға, қызметтерге:
      санаткерлiк меншiк объектiлерiн пайдалануға құқық беру жөнiндегi;
      консультациялық, аудиторлық, инжинирингтiк, заңдық, бухгалтерлiк, адвокаттық, жарнамалық қызмет көрсетулерге, сондай-ақ ақпаратты өңдеу жөнiндегi қызмет көрсетулерге;
      қызметкерлердi беру жөнiндегi;
      жылжымалы мүлiктi (көлiк құралдарынан басқа) жалға беру жөнiндегi қызметке; 
      тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сатып алу жөнiндегi, сондай-ақ осы тармақшада көзделген қызметтердi жүзеге асыру үшiн шартқа (келiсiм-шартқа) негiзгi қатысушының атынан тұлға тартатын агенттiң қызметтерiне;
      байланыс қызметiне;
      туризмдi ұйымдастыру жөнiндегi қызметтерге қатысты қолданылады;
      5) осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында көзделмеген жұмыстар, қызмет көрсетулер болған жағдайда жұмыстарды орындайтын (қызметтер көрсететiн) тұлғаның кәсiпкерлiк немесе кез келген басқа да қызметтi жүзеге асыратын орны танылады.
      3. Егер тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткiзу басқа негiзгi тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткiзуге қатысты көмекшi сипатта болса, негiзгi тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) өткiзiлген жер осындай көмекшi өткiзу орны болып танылады.
      4. Осы баптың 2-тармағы 4) тармақшасының мақсаты үшiн, егер жұмыстарды, қызмет көрсетулердi алушының кәсiпкерлiк немесе кез келген басқа да қызмет орны бiреуден артық болса, осындай жұмыстар, қызмет көрсетулер пайдаланылатын орын олар өткiзiлген орын болып есептеледі.
      5. Осы баптың 2-тармағын қолдану кезiнде бiрнеше тармақшада аталған жұмыстарды орындайтын немесе қызметтер көрсететiн жер осы тармақшалардың ретi бойынша бiрiншi болып белгiленедi.
      Ескерту. 215-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.       216-бап. Өткiзу бойынша айналым жасау күнi       1. Егер осы баптың 2 және 2-1-тармақтарында өзгеше көзделмесе, тауарды тиеп жөнелту күнi тауар өткiзу бойынша айналым жасау күнi болып табылады. 
      Егер тауарды тиеп жөнелту жүзеге асырылмаған жағдайда, онда алушыға тауар меншiгiнiң құқығы берiлген күн өткiзу бойынша айналым жасау күнi болып табылады.
      2. Кепiл берушi кепiлге салынған мүлiктi (тауарды) берген кезде кепiл ұстаушы үшiн мына күндердiң бiрi:
      1) кепiл затына меншiк құқығы кепiл берушiден кепiлге салынған мүлiктi өндiрiп алу процесiнде жүргiзiлген сауда-саттықтың жеңiмпазына ауысқан күн;
      2) егер сауда-саттық өтпедi деп жарияланса, кепiл затына меншiк құқығы кепiл игерушiден кепiл ұстаушыға ауысқан күн сату бойынша айналым жасау күнi болып табылады. 
      осы Кодекстiң 211-бабының 1-тармағының 5) тармақшасында аталған жағдайларда тауар пайдалану кезiнде тауарды осындай пайдалануға берген күн өткiзу бойынша айналым жасау күнi болып табылады.
      осы Кодекстiң 210-бабының 5-тармағында аталған жағдайларда, қосылған құн салығын төлеушi есептен шығару туралы өтiнiш берген салық кезеңiнiң соңғы күнi өткiзу бойынша айналым жасау күнi болып табылады. 
      2-1. Лизинг алушының негiзгi қаражат ретiнде алуына жататын мүлiктi қайтарымды лизинг шарты бойынша берудi қоспағанда, қаржы лизингiне беру кезiнде мыналар өткiзу бойынша айналым жасалған күн болып табылады:
      1) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында аталған жағдайларды қоспағанда, қаржы лизингiнiң шартында белгiленген мерзiмдiк лизингтiк төлемдi алу мерзiмiнiң басталу күнi;
      2) егер қаржы лизингiнiң шарты бойынша лизингтiк төлемдi алу мерзiмiнiң басталу күнi мүлiктi лизинг алушыға беру күнiне дейiн белгiленсе, онда мүлiктi қаржы лизингiне берген күн айналымды жасау күнi болып табылады;
      3) қаржы лизингiнiң шартында көзделген лизинг төлемдерiн лизинг алушы мерзiмiнен бұрын өтеген жағдайда, түбегейлi есеп айырысқан күн қаржы лизингiнiң осы шарты бойынша айналымды жасаған соңғы күн болып табылады. 
      2-2. Лизинг алушы (сатушы) негiзгi құрал ретiнде алуға тиiстi мүлiктi қайтарымды лизинг шарты бойынша беру кезiнде мүлiктi қаржы лизингiне берген күн өткiзу бойынша айналым жасау күнi болып табылады. 
      2-2. Құрылыс, құрылыс-монтаж, жөндеу жұмыстарын орындау кезiнде:
      1) тапсырыс берушi орындалған жұмыстарды ақысын төлеуге қабылдаған күннiң;
      2) мемлекеттiк қабылдау комиссиясы салынып бiткен объектiнi пайдалануға қабылдау туралы актiге (ал мемлекеттiк нормативтерде белгiленген жағдайларда қабылдау комиссиясының aктici) қол қойған күннiң қайсысы алғаш орын алатын болса, сол күн өткiзу бойынша айналым жасау күнi болып табылады. 
      3. Жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткiзу бойынша салық салынатын айналым жасау күнi төменде аталған шарттардың бiрi бiрiншi болып орындалған:
      1) жұмыстарға, қызмет көрсетулерге қосылған құн салығымен бiрге шот-фактура жазылған;
      2) жұмыстар орындалған, қызмет көрсетулер көрсетiлген жағдайда басталады.
      4. Егер жұмыстар, қызметтер тұрақты (үзiлiссiз) негiзде өткiзiлетiн болса, онда:
      1) қосылған құн салығы көрсетiлiп, шот-фактура жазылған күннiң;
      2) әрбiр төлемдi (есеп айырысу нысанына қарамастан) алу күнiнiң қайсысы бiрiншi болса, сол күн өткiзу бойынша салық салынатын айналым жасау күнi болып табылады.
      Жұмысты (көрсетiлетiн қызметтi) алушы олардың нәтижелерiн өзiнiң өндiрiстiк қызметiне жұмыс орындалған, қызмет көрсетiлген күні пайдалана алатын жағдайда ұзақ мерзiмдi шарт негiзiнде жұмыстар орындау, қызметтер көрсету оларды тұрақты (үздiксiз) негiзде iске асыруды бiлдiретiн болады. 
      5. Қызметкерлерге жалақы есебiнен тауар берген, жұмыстар орындаған, қызметтер көрсеткен жағдайда қызметкерлерге тауарлар берiлген, жұмыстарды орындаған немесе қызметтер көрсетiлген күн өткiзу бойынша айналым жасау күнi болып табылады.
      6. Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын резидент еместен жұмыстар, қызмет көрсетулер алған жағдайда аталған жұмыстарды, қызмет көрсетулердi алған күн айналым жасау күнi болып табылады.
      Ескерту. 216-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2003.07.04. N 475 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен. 35-тарау. Салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт
мөлшерін анықтау       217-бап. Салық салынатын айналым мөлшерi       1. Егер осы бапта және трансферттiк бағаларды қолдану кезiндегi мемлекеттiк бақылау мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, салық салынатын айналым мөлшерi, оған қосылған құн салығын енгiзбей, мәмiле жасаған тараптар қолданатын бағалар мен тарифтердi негiзге ала отырып, өткiзiлетiн тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) құны негiзiнде анықталады.
      2. Тауарларды тегiн берiлген кезде, сондай-ақ осы Кодекстiң 210-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда, салық салынатын айналым мөлшерi, қосылған құн салығын енгiзбей, өткiзу бойынша айналым жасау күнi қалыптасқан бағалар деңгейi негiзге алына отырып анықталады, бiрақ бұл олардың баланстық құнынан кем болмауы керек.
      Аталған тауарларды өткiзу күнiне бухгалтерлiк есепте көрсетiлген тауарлардың құны осы тармақтың мақсаттары үшiн баланстық құн болып табылады.
      3. Кепiл берушi кепiлдiк мүлiктi (тауарды) берген кезде кепiл берушiдегi салық салынатын айналым мөлшерi, сатылатын кепiлдiктегi мүлiк (тауар) құны негiзге алынып, бiрақ қосылған құн салығы енгiзiлмей, осы мүлiктi (тауарды) кепiлге салудан алынған заем қаражаты сомасынан төмен емес мөлшерде айқындалады. 
      4. Тауарды бөлiп-бөлiп төлеу шарттарымен өткiзу кезiнде салық салынатын айналым мөлшерi шарт талаптарымен көзделген барлық тиесiлi төлемдер ескерiле отырып, осы баптың 1-тармағына сәйкес анықталады.
      5. Yшiншi тұлға үшiн төлеуге байланысты қызметтер көрсетiлген кезде салық салынатын айналымның мөлшерiне комиссиялық сыйақы қосылады.
      6. Салық салынатын айналым мөлшерiне акцизделетiн тауарлар мен қызмет түрлерi бойынша акциз сомалары енгiзiледi.
      7. Қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызу көзделмеген тауарлар сатып алынған күнi қолданыста болған салық заңнамасына сәйкес оларды қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызу көзделмеген тауарларды өткiзу кезiнде салық салынатын айналым мөлшерi тауардың өткiзiлу құны мен осы баптың 2-тармағына сәйкес белгiленетiн баланстық құны арасындағы оң айырма ретiнде анықталады. 
      8. Лизинг алушының негiзгi қаражат ретiнде алуына жататын мүлiктi қайтарымды лизинг шарты бойынша берудi қоспағанда, қаржы лизингiне беру кезiнде салық салынатын айналым мөлшерi:
      1) қаржы лизингiнiң шартына сәйкес белгiленген лизингтiк төлем мөлшерi негiзiнде, оған сыйақы мен қосылған құн салығы сомасы енгiзiлместен, осы Кодекстiң 216-бабы 2-1-тармағының 1) тармақшасында аталған айналым жасау күнiне;
      2) барлық мерзiмдiк лизингтiк төлемдер сомасының негiзiнде, оларға алу мерзiмi басталатын күн қаржы лизингiнiң шартына сәйкес мүлiктi лизинг алушыға берген күнге дейiн белгiленген сыйақы мен қосылған құн салығы сомасы енгiзiлместен, осы Кодекстiң 216-бабы 2-1-тармағының 2) тармақшасында аталған айналым жасау күнiне;
      3) қаржы лизингi шарты бойынша алынуға жататын барлық лизингтiк төлемдердiң жалпы сомасы және оларға сыйақы мен қосылған құн салығы сомасы енгiзiлместен, осы шарт бойынша өткiзу жөнiндегi айналым жасаудың алдындағы күнiне келетiн салық салынатын айналымдар мөлшерiнiң сомасы ретiнде белгiленетiн салық салынатын айналым мөлшерi арасындағы айырма ретiнде, осы Кодекстiң 216-бабы 2-1-тармағының 3) тармақшасында аталған айналым жасау күнiне белгiленедi. 
      8-1. Лизинг алушы (сатушы) негiзгi құрал ретiнде алуға тиiстi мүлiктi қайтарымды лизинг шарты бойынша беру кезiнде өткiзу бойынша айналым мөлшерi осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалады.
      9. Көлiк экспедициясының шарты бойынша қызмет көрсету кезiнде экспедитордағы салық салынатын айналым мөлшерi оның сыйақысы негiзiнде айқындалады. 
      Ескерту. 217-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2003.07.04. N 475 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.       218-бап. Салық салынатын айналым мөлшерiн түзету       1. Өткiзiлген тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) құны қандай да бiр өзгерiске түскен жағдайда, салық салынатын айналым мөлшерi тиiстi түрде түзетiледi.
      2. Салық төлеушiнiң салық салынатын айналым мөлшерiн түзету:
      1) тауарлар толық немесе iшiнара қайтарылған;
      2) мәмiленiң шарттары өзгерген;
      3) өткiзiлген тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн баға, өтем өзгерген;
      4) өткiзiлген тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн теңгемен төлеу кезiнде құнының айырмасын алған;
      5) осы Кодекстiң 211-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес өткiзу жөнiндегi айналымға енгiзiлген ыдыстарды қайтарған жағдайларда жүргiзiледi. 
      3. Осы бапқа сәйкес салық салу айналымының мөлшерiн түзету қосымша шот-фактураның немесе осы баптың 2-тармағында аталған жағдайлардың болуын растайтын басқа да құжаттардың негiзiнде жүргiзіледi.
       Ескерту. 218-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.        219-бап. Күмәндi талаптар бойынша салық салынатын
               айналым мөлшерiн түзету       1. Егер өткiзiлген тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн төленетiн ақының бiр бөлiгі немесе бүкiл мөлшерi күмәндi талап болып табылса, қосылған құн салығын төлеушiнің мынадай жағдайларда:
      1) күмәндi талаптың туындауына байланысты қосылған құн салығы ескерілген салық кезеңi аяқталғаннан кейiн үш жыл өткен соң;
      2) банкрот деп танылған дебиторды заңды тұлғалардың мемлекеттiк тiзiлiмiнен шығару туралы әдiлет органдарының шешiмi шығарылған салық кезеңiнде бюджетке жарна ретiнде енгiзiлуге тиiс қосылған құн салығының сомасын азайтуға құқығы бар.
      2. Өткiзілген тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн ақыны қосылған құн салығын төлеушi осы баптың 1-тармағында өзiне берiлген құқығын пайдаланғаннан кейiн алған жағдайда салық салынатын айналым мөлшерi ақы алынған сол салық кезеңiнде аталған ақының құнына арттырылуға тиiс.
      3. Осы бапқа сәйкес салық салынатын айналым мөлшерiн түзету осы Кодекстiң 96-бабында аталған жағдайлар сақталған кезде жүргiзiледi.       220-бап. Салық салынатын импорт мөлшерi       Салық салынатын импорт мөлшерiне Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес белгiленетiн импортталатын тауарлардың кедендiк құны, сондай-ақ импортқа қосылған құн салығын қоспағанда, Қазақстан Республикасына тауарлар импорты кезiндегi салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомалары енгізiледi.
      Ескерту. 220-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.       221-бап. Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын
               төлеушi болып табылмайтын резидент еместен
               жұмыстар, қызмет көрсетулер алу кезiнде салық
               салынатын айналым
 
            1. Егер Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын резидент емес ұсынған жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткiзу орны Қазақстан Республикасы болса, олар жұмыстарды, қызмет көрсетулердi алатын Қазақстан Республикасы салық төлеушiсiнiң айналымы болып табылады және оларға осы Кодекске сәйкес қосылған құн салығы салынуға тиiс.
      2. Осы баптың мақсаттары үшiн жұмыстарды, қызмет көрсетулердi алушының салық салынатын айналымының мөлшерi, осы баптың 1-тармағында аталған резидент емеске есептелген табыс сомасы негiзге алына отырып айқындалады.
      3. Осы бапқа сәйкес төленуге тиiс қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстiң 245-бабының 1-тармағында көзделген ставканы салық салынатын айналым мөлшерiне қолдану арқылы анықталады.
      Алынған жұмыстар, қызмет көрсетулер үшiн төленетiн төлем шетел валютасымен жүргiзiлген жағдайда салық салынатын айналым айналым жасау күнi валюта алмастырудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен есептеледi. 
      4. Осы баптың 3-тармағына сәйкес есептелген қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстiң 247-бабында белгiленген қосылған құн салығы бойынша декларация табыс етiлетiн мерзiмнен кешiктiрілмей төленедi.
      5. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығының төленгенiн растайтын төлем құжаты немесе уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша салық органы берген құжат осы Кодекстiң 235-бабына сәйкес салық сомасын есепке жатқызуға құқық бередi.
      6. Егер берiлген жұмыстар, көрсетiлген қызметтер осы Кодекстiң 225-бабында аталған жұмыстар, көрсетiлген қызметтер болып табылса, осы баптың ережелерi қолданылмайды.
      Ескерту. 221-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.12.11. N  201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 36-тарау. Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар       222-бап. Тауарлар экспорты       1. Экспортқа тауарлар өткiзу жөнiндегi айналымға нөлдiк ставка бойынша салық салынады. 
      Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тауарлар әкету тауарлар экспорты болып табылады.
      2. Осы Кодекстiң 223-бабына сәйкес тауарлар экспорты расталмаған жағдайда аталған тауарларды өткiзу бойынша айналымға осы Кодекстiң 245-бабының 1-тармағында көрсетiлген ставка бойынша қосылған құн салығы салынуға тиiс.
      Ескерту. 222-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.       223-бап. Тауарлар экспортын растау       1. Мыналар:
      1) экспортталатын тауарларды беруге жасалған шарт (келiсiм-шарт);
      2) тауарлар шығаруды экспорт режимiнде жүзеге асыратын кеден органының белгiсi соғылған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден шекарасындағы бекетте орналасқан кеден органының белгiсi соғылған кедендiк жүк декларациясы тауарлар экспортын растайтын құжат болып табылады.
      Тауарларды магистральдық құбырлар жүйесi бойынша немесе электр тарату желiлерi бойынша экспорт режимiнде шығарған жағдайда кедендік ресiмдеудi жүргiзген кеден органының белгiсi бар толық кедендiк жүк декларациясы экспортты растаушы болып қызмет етедi;
      Тауарларды мерзiмдiк декларациялау рәсiмiн қолдана отырып экспорт режимiнде шығарған жағдайда, кедендiк ресiмдеудi жүргiзген кеден органының белгiсi бар толық кедендiк жүк декларациясы да экспортты растаушы болып табылады;
      Уақытша декларация беру рәсiмiн қолдана отырып, экспорт режимiнде тауарларды әкеткен жағдайда, кедендiк ресiмдеудi жүргiзген кеден органының белгiлерi бар толық жүк кеден декларациясы да экспортты растау болып табылады.
      3) тауардың ілеспе құжаттарының көшiрмелерi тауарлар экспортын растайтын құжаттар болып табылады.
      Тауарларды магистральдық құбырлар жүйесi бойынша немесе электр тарату желiлерi бойынша экспорт режимiнде шығарған жағдайда тауардың iлеспе құжаттары көшiрмелерiнiң орнына тауарларды қабылдау-өткiзу актiсi табыс етiледі;
      4) зияткерлiк меншiк құқығын қорғау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның магнит жеткiзгiште тауардың және оған авторлық құқықтардың болуы туралы, сондай-ақ зияткерлік меншiк объектiсiн экспорттаған жағдайда оның құны туралы растамасы тауарлар экспортын растайтын құжаттар болып табылады.
      2. (алып тасталды)
      3. Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерге бұдан бұрын кеден аумағынан тыс жерлерде ұқсату режимiнде әкетiлген тауарларды немесе оларды ұқсату өнiмдерiн одан әрi экспорттау жүзеге асырылған жағдайда экспортты растау осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес, сондай-ақ мынадай құжаттардың негiзiнде жүргiзiледi:
      1) ұқсату режимi экспорт режимiне өзгертiлетiн кедендiк жүк декларациясы;
      2) тауарларды кеден аумағынан тыс ұқсату режиммен ресiмделген кедендiк жүк декларациясы;
      3) тауарларды шет мемлекет аумағына әкелу кезiнде оларды  кеден аумағында ұқсату (тауарларды кеден бақылауымен ұқсату) режимiнен ресiмделген, осындай ресiмдеудi жүзеге асырған кеден органы куәландырған кедендiк жүк декларациясының көшiрмесi;
      4) тауарларды немесе олардың ұқсатылған өнiмдерiн өңдеген мемлекеттiң аумағынан әкету кезiнде экспорт режимiнде ресiмделген және осындай ресiмдеудi жүзеге асырған кеден органы куәландырған кедендiк жүк декларациясының көшiрмесi.
      Ескерту. 223-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.01.31. N  125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.       223-1-бап. Тазартылған қымбат бағалы металдарға
                 салық салу       Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң өз өндiрiсiнiң шикiзатынан дайындалған, тазартылған қымбат бағалы металдарды - алтынды, платинаны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне және қаржы ұйымдарына сатуы жөнiндегi айналымға нөлдiк cтавка бойынша салық салынады.
      Ескерту. 223-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.       224-бап. Халықаралық тасымалдарға салық салу       1. Халықаралық тасымалдар бойынша мынадай қызмет көрсетудi iске асыру жөнiндегi айналымға:
      1) Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды, соның iшiнде поштаны тасымалдауға;
      2) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзит жүктерiн тасымалдауға;
      3) халықаралық қатынаста жолаушылармен жолжүктерiн тасымалдауға нөлдiк ставкамен салық салынады.
      2. Егер тасымалдауды ресiмдеу бiрыңғай халықаралық тасымалдау құжаттарымен, ал экспортталатын тауарларды магистралдық құбыр желiсiнiң жүйесi бойынша тасымалдау - экспортталатын тауарларды сатып алушыға не аталған тауарларды экспорттың кедендiк режимiнде ресiмделген кедендiк жүк декларациясын табыс ете отырып, одан әрi жеткiзудi жүзеге асыратын басқа тұлғаларға берудi растайтын құжаттармен жүзеге асырылған жағдайда, осы баптың 1-тармағының мақсаты үшiн тасымалдау халықаралық тасымалдау деп есептеледi.
      Жолаушыларды, экспортталатын тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалдауды бiрнеше көлiк ұйымдары жүзеге асыратын жағдайда, халықаралық тасымалдың басталуы деп тасымалдауды Қазақстан Республикасының шекарасына дейiн жүзеге асыратын көлiк ұйымының жолаушыларды, тауарларды (поштаны, жолжүктi) тасымалдауы басталатын жер танылады.
      Импортталатын тауарларды (поштаны, жолжүктi) тасымалдауды бiрнеше көлiк ұйымдары жүзеге асыратын жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген жолаушыларды, тауарларды (поштаны, жолжүктi) көлiк ұйымының көлiгiмен тасымалдауды жүзеге асыратын тасымал халықаралық тасымалға жатады.
      Ескерту. 224-бабының күші 2003 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын - Қазақстан Республикасының 2001.06.12. N 210 , өзгерту енгізілді - 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.       224-1-бап. Арнайы экономикалық аймақтардың аумағында
                 өткiзiлетiн тауарларға салық салу       1. Осы Кодекстiң 140-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында аталған қызмет түрлерiн арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жүзеге асыруға арналған жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес әкiмшiлiк және өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi салу және пайдалануға беру процесiнде толық тұтынылатын тауарларды арнайы экономикалық аймақтардың аумағында өткiзуге қосылған құн салығы нөлдiк ставка бойынша салынады.
      Электр энергиясын, бензиндi, дизель отыны мен суды қоспағанда, осы тармақтың мақсаттары үшiн әкiмшiлiк және өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi тұрғызу процесiне тiкелей тартылған тауарлар құрылыс процесiнде толық тұтынылатын тауарлар деп түсініледi.
      2. Есепке алуға жатқызылатын салық сомасының осы баптың 1-тармағында аталған айналымдар бойынша есеп беру кезеңi iшiнде есептелген салық сомасынан асып түскен сомалар арнайы экономикалық аймақ аумағындағы салық органынан растау алғаннан кейiн әкелiнген тауарлардың әкiмшiлiк және өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi салу процесінде нақты тұтынылу бөлігінде белгіленген мерзімдерде салық төлеушінің өтініші бойынша оған қайтарылады. Арнайы экономикалық аймақ аумағында құрылған атқарушы орган арнайы экономикалық аймақ аумағындағы салық органының сұрау салуы бойынша беретiн, әкелiнген тауарлардың әкiмшiлiк және өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi салу процесiнде пайдаланылғаны туралы құжат растау үшiн негіздеме болып табылады.
      3. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығы бойынша нөлдiк ставканы қолдану үшін:
      1) арнайы экономикалық аймақтың аумағында осы баптың 1-тармағында аталған объектiлердi салуды жүзеге асыратын ұйымдармен тауарлар беруге жасалған шарт (келiсiм-шарт);
      2) тауарлар шығаруды еркiн кеден аймағының кеден режимiнде жүзеге асыратын кеден органы белгі қойған кедендiк жүк декларациясының көшiрмелерi;
      3) осы тармақтың 1) тармақшасында аталған ұйымдарға тауарлардың тиеп жөнелтiлгенiн растайтын тауарға iлеспе құжаттардың көшiрмелерi;
      4) осы тармақтың 1) тармақшасында аталған ұйымдардың тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшiрмелерi негiз болып табылады.
      Ескерту. 224-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2005.11.22. N 89 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.       224-2-бап. Жекелеген жағдайларда салық салу       1. Нөлдiк ставка бойынша қосылған құн салығы:
      1) Қазақстан Республикасының Үкiметiмен инфрақұрылымдық жобаны iске асыруға концессиялық шарт жасасқан салық төлеушiге өткiзiлетiн, өзi өндiрген тауарларды сату жөнiндегi айналымға салынады. Осы тармақша жаңа объектiлердi салу кезеңiнде қолданылады;
      2) Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалану келiсiм-шарты шеңберiнде қызметiн жүзеге асыратын, сол келiсiм-шарттың талаптарына сәйкес импортталатын тауарлары қосылған құн салығынан босатылатын салық төлеушiлерге өткiзiлетiн, өзi өндiрген тауарларды сату жөнiндегi айналымдарға салынады.
      Егер, жер қойнауын пайдалану келiсiм-шартында қосылған құн салығынан босатылатын импортталатын тауарлар тiзбесi айқындалған болса, онда осы тiзбеде көрсетiлген тауарларды сату жөнiндегi айналымдарға нөлдiк ставка бойынша салық салынады.
      Осы баптың мақсатына орай, қосылған құн салығын төлеушiнiң өзi өндiрген, өндiрiс процесiнде пайдаланылған және өндiрiлген өнiмнiң (тауардың) құрамына кiрген шикiзаттар мен материалдар кодының алғашқы төрт таңбасының кез келгенiнiң деңгейiнен ерекшеленетiн сыртқы экономикалық қызметтiң тауарлық номенклатурасының коды бар өнiм (тауар) өзi өндiрген тауар болып танылады.
      2. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында аталған салық төлеушiлердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      3. Тауарлардың осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында аталған салық төлеушiге өткiзiлгенiн растайтын құжаттар:
      1) Қазақстан Республикасының Yкiметiмен инфрақұрылымдық жобаны iске асыруға концессиялық шарт жасасқан заңды тұлғаға тауарлар беру шарты;
      2) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында аталған салық төлеушiге тауарлардың тиелiп жiберiлгенiн растайтын, тауарға iлеспе құжаттардың көшiрмелерi;
      3) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында аталған салық төлеушiнiң тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшiрмелерi болып табылады.
      4. Тауарлардың осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында аталған салық төлеушiлерге өткiзiлгенiн растайтын құжаттар:
      1) берiлетiн тауарлардың жер қойнауын пайдалану келiсiм-шартының жұмыс бағдарламасын орындауға арналғанын шартта көрсете отырып, Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалану келiсiм-шарты шеңберiнде қызметiн жүзеге асыратын, сол келiсiм-шарт талаптарына сәйкес импортталатын тауарлар қосылған құн салығынан босатылатын, салық төлеушiлерге тауарлар беру шарты;
      2) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында аталған салық төлеушiлерге тауарлардың тиеп жөнелтiлгенiн растайтын тауарға iлеспе құжаттардың көшiрмелерi;
      3) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында аталған салық төлеушiлердiң тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшiрмелерi болып табылады.
      Ескерту. 224-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.05.06. N 140 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 37-тарау. Қосылған құн салығынан босатылған айналымдар және
импорт       225-бап. Қосылған құн салығынан босатылған айналымдар       Мынадай тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi):
      1) пошталық ақы төлеудiң мемлекеттiк белгiлерi; 
      2) акциздiк маркаларын (осы Кодекстiң 549-бабына сәйкес акцизделетiн тауарларды таңбалауға арналған есеп-бақылау маркалары);
      3) уәкiлеттi органдар жүзеге асыратын, соларға байланысты мемлекеттiк баж алынатын қызметтердi;
      4) адвокаттық қызметтi, нотариаттық iс-әрекеттердi жүзеге асыру бойынша көрсетiлетiн қызметтердi;
      5) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi өткiзетiн тауарлар (жұмыстар, қызметтерді);
      6) мемлекеттiк меншiктi жекешелендiру тәртiбiмен өткiзiлетiн мүлікті;
      6-1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн сатып алынған мүлiк; 
      7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк мекемелердiң немесе мемлекеттiк кәсiпорындардың пайдасына өтеусiз негiзде негiзгi құралдарды берудi;
      8) жарғылық капиталға жарналарды;
      9) жарғылық капиталға жарна ретiнде алынған мүлiктi қайтарып алуды;
      10) жерлеу бюроларының әдет-ғұрыптық қызмет көрсетулерiн, зираттар мен крематорийлердің қызмет көрсетулерiн;
      11) оларды өткiзу жөнiндегi қызмет көрсетулердi қоспағанда, лотереялық билеттердi өткiзу бойынша айналымды;
      12) банк карталарымен операциялар бойынша есеп-қисаптарға қатысушыларға жинау, өңдеу және таратып беру жөнiндегi қызмет көрсетулердi қоса алғанда, есеп-қисаптарға қатысушылар арасында ақпараттық және технологиялық өзара iс-қимылды қамтамасыз ету жөнiнде көрсетiлетiн қызметтердi өткiзу бойынша айналымдар;
      12-1) Қазақстан Республикасының кеден аумағына "Қазақстан Республикасының кеден аумағында тауарларды ұқсату" кеден режимiнде әкелiнген тауарларды ұқсату және (немесе) жөндеу бойынша қызмет көрсетулер; 
      12-2) осы Кодекстiң 224-бабына сәйкес халықаралық тасымалдар болып табылатын тасымалдарға байланысты жұмыстар мен қызмет көрсетулер, атап айтқанда: Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды, оның iшiнде почтаны, тиеу, түсiру, қайта тиеу (ағызу-құю), жөнелту бойынша жұмыстар, қызмет көрсетулер, сондай-ақ транзит жүктер; техникалық, аэронавигациялық, әуежай қызметiн көрсету; халықаралық рейстерге көрсетiлетiн қызметтер бойынша теңiз айлақтарында қызмет көрсету; 
      12-3) тұрғын үй қорын басқару, ұстау мен пайдалану жөнiнде қызмет көрсету; 
      13) осы Кодекстiң 226-233-баптарында көрсетiлген өткiзу;
      14) ұлттық валюта банкноттары мен монеталары;
      15) егер мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерi, сондай-ақ өндiрiстiк ұйымдары мына шарттарға сәйкес келсе:
      осындай өндiрiстiк ұйымдар қызметкерлерi жалпы санының кемiнде 51 процентi мүгедектер болса;
      мүгедектерге еңбекақы төлеу бойынша шығыстар еңбекақы төлеу бойынша жалпы шығыстардың кемiнде 51 процентi (есту, сөйлеу, көру қабiлетiнен айрылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдарда - кемiнде 35 процентi) болса, осындай бiрлестiктер мен ұйымдардың тауарлары (жұмыстары, қызмет көрсетулерi) бойынша айналымдар (сауда-делдалдық қызметтен түскен тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткiзу жөнiндегi айналымдардан және акцизделетiн тауарлар мен қызмет түрлерiн өндiру мен өткiзу бойынша айналымдардан басқа);
      16) (алып тасталды)

      17) бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келген:
      тауарды өңдеу инвестиция және даму саласындағы уәкілетті орган белгілеген жеткілікті өңдеу критерийлеріне сәйкес келген;
      тауар мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тізбеге енгізілген;
      еркін қойманың кедендік рәсімінде орналастырылған тауар еркін қойма аумағынан әкетілген, көрсетілген рәсім аяқталғаннан кейін Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген құжаттармен ресімделген кезде, еркiн қойма аумағында өндiрiлген және осы аумақтан Қазақстан Республикасы аумағының қалған бөлiгiне өткiзiлетiн тауарлар;

18) арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында өткiзiлетiн, арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында осы Кодекстiң 140-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында аталған қызмет түрлерiн жүзеге асыру процесiнде тұтынылатын тауарларды ;
      19) алып тасталды - 2006.05.06. N 140 Заңымен.
      20) тұрғын үй қатынастары туралы заңнамаға сәйкес жалға берiлетiн үйдiң үй-жайларын жалға беру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтер өткiзу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.
      Осы баптың 17) және 18) тармақшаларында аталған тауарлардың  тiзбелерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтеді.
      Ескерту. 225-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2005.11.22.  N 89 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.05.06.  N 140 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.07.07.  N  182 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.12.11. N  201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      226-бап. Жерге және тұрғын үй ғимараттарына байланысты
               айналымдар

      1. Тұрғын үй ғимаратын (ғимараттың бір бөлігін) өткiзу және (немесе) осындай ғимаратты (ғимараттың бір бөлігін) жалға беру, оның iшiнде қосалқы жалға беру мыналарды:
      1) (алып тасталды)
      2) қонақүй қызметiн көрсету мақсатында пайдаланылатын тұрғын үй ғимаратын (ғимараттың бiр бөлiгiн) өткiзудi немесе жалға берудi;
      3) қонақүйде тұру бойынша қызмет көрсетудi қоспағанда, қосылған құн салығынан босатылады.
      Ғимаратқа құны бастапқы құнының кемiнде 50 процентi болатын қайта жаңғырту (жөндеу) жасалып, егер осы ғимарат қайта жаңғыртудан кейiн тұрғын үй мақсатында пайдаланылатын болса, бұл ғимаратта тұрғын үй қорының салынған ғимаратына жатады.
      2. РҚАО-ның ескертпесі!
      226-баптың 2-тармағы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының 2008.12.10 N 100-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен күшін жойды.
      Ескерту. 226-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.12.11. N  201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.05.06  N 32-IV (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      227-бап. Қаржылық қызмет көрсетулер

      1. Егер қаржылық қызмет көрсетулер бойынша айналымдар осы баптың 2-тармағында көзделсе, ол қызмет көрсетулер қосылған құн салығынан босатылады.
      2. Қосылған құн салығынан босатылатын қаржылық қызмет көрсетулерге мыналар жатады:
      1) қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі  уәкілетті органның немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асыратын мынадай банк операциялары және өзге де операциялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өкілеттіктер шегінде лицензиясыз өзге заңды тұлғалар жүргізетін операциялар:
      депозиттерді қабылдау, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;
      депозиттерді қабылдау, заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;
      банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;
      жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргізу, оларда осы тұлғаға тиесілі тазартылған қымбат бағалы металдардың және қымбат бағалы металдардан жасалған монеталардың нақты мөлшері көрсетіледі;
      аударым операциялары;
      банктік заем операциялары;
      кассалық операциялар;
      шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;
      төлем құжаттарын (вексельдерді қоспағанда) инкассоға қабылдау;
      аккредитив ашу (ұсыну) мен оны растау және ол бойынша міндеттемелерді орындау;
      сенімгерлік операциялары: сенімгердің мүддесі үшін және тапсырмасы бойынша банктер жүзеге асыратын ақшаны, тазартылған бағалы металдарды басқару;
      банктердің ақшалай нысанда орындау көзделетін банк кепілдіктерін беруі;
      банктердің үшінші тұлғалар үшін ақшалай нысанда орындау көзделетін банк кепілдемелерін және өзге де міндеттемелерді беруі;
      банктер жүзеге асыратын факторингтік және форфейтингтік операциялар;
      2) бағалы қағаздармен жасалатын операциялар, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың қызмет көрсетуі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген лицензиялар негізінде бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру жөніндегі ұйымдардың қызмет көрсетуі және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға уәкілетті банктің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес лицензиясыз жүзеге асыратын бағалы қағаздармен жасалатын операциялары;
      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) жөніндегі операциялар, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасу және орындау бойынша сақтандыру брокерлерінің (сақтандыру агенттерінің) қызмет көрсетуі;
      3-1) банкаралық клиринг бойынша қызмет көрсету;
      4) төлем карточкаларымен, чектермен, вексельдермен, депозиттік сертификаттармен жасалатын операциялар;
      5) зейнетақы активтерін, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін инвестициялық басқару бойынша қызмет көрсету;
      6) ипотекалық тұрғын үй заемдары бойынша талап ету құқықтарын басқару жөнінде қызмет көрсету;
      7) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту бойынша зейнетақы активтерінен алынған инвестициялық табысты бөлу мен есептеу жөнінде көрсететін қызметтері;
      8) кәсіпорынның жарғылық капиталына қатысу үлесін өткізу;
      9) микрокредиттер беру жөніндегі операциялар;
      10) ломбардтардың жылжымалы мүлікті кепілге алу арқылы қысқа мерзімді қарыздар беруі;
      11) кредиттік серіктестіктер өз қатысушылары үшін жүзеге асыратын мынадай операциялар:
      аударым операциялары: төлемдер және ақша аударымы бойынша тапсырмаларды орындау;
      қарыз беру операциялары: төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысанда кредиттер беру;
      кассалық операциялар;
      кредиттік серіктестікке қатысушылардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;
      кредиттік серіктестікке қатысушылар үшін ақшалай нысанда орындау көзделетін кепілдіктер, кепілдемелер және өзге міндеттемелер беру;
      12) тазартылған қымбат бағалы металдардың орнын ауыстырмай, солармен жасалатын операциялар;
      Ескерту. 227-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2003.07.04. N 475 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2003.07.10. N 483 , 2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.01.12. 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      228-бап. Қаржы лизингiне берiлген мүлiк

      1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, мынадай талаптар сақталған жағдайда:
      1) мұндай беру осы Кодекстiң 74-бабында белгiленген талаптарға сай келсе;
      2) лизинг алушы мүлiктi негiзгi құрал ретiнде алса, мүлiктi қаржы лизингiне беру лизинг берушi алуға тиiс сыйақы сомасы бөлiгiнде қосылған құн салығынан босатылады.

      2. Мынадай шарттар сақталған жағдайда:
      1) осындай беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келсе;
      2) лизинг алушы мүлікті негізгі құрал, жылжымайтын мүлікке инвестиция биологиялық актив ретінде сатып алса;
      3) берілетін мүлік Осы Кодексті 225-бабының 17) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығынсыз сатып алынса не осы Кодексті 234-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығынсыз 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін импортталған берілетін мүлік осы Кодекстің 250-бабының 1-тармағында көрсетілген тауарлар тізбесіне кірсе, мүлікті қаржы лизингіне беру қосылған құн салығынан босатылады.

     229-бап. Коммерциялық емес ұйымдар көрсететiн қызметтер

      Осы Кодекстiң 120-бабының 1-тармағында аталған коммерциялық емес ұйымдар жүзеге асыратын қызметтердi көрсету бойынша айналымдар, егер олар:
      1) балаларды, қарттарды, соғыс және еңбек ардагерлерi мен мүгедектердi қорғау және әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiнде қызмет көрсетумен;
      2) дiни ұйымдардың әдет-ғұрыптар мен рәсiмдердi жүзеге асыруына және дiни қажеттiлiк заттарын өткiзуiне;
      3) мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша қызмет көрсетуге байланысты болса, қосылған құн салығынан босатылады.
      Ескерту. 229-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.07.07. N 177 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      230-бап. Геологиялық барлау және геологиялық-iздестiру
               жұмыстары

      Геологиялық барлау және геологиялық-iздестiру жұмыстарын iске асыру бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.
      Геологиялық барлау және геологиялық-iздестiру жұмыстары деп көмiрсутектi және минералдық шикiзат кен орындарын (кендерiн) iздестiрудi, барлауды, бағалау мен игеруге дайындауды қамтамасыз ететiн, өзара байланысты, белгiлi бiр кезекпен қолданылатын жұмыстардың жиынтығы ұғынылады.
      Мыналарға:
      1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жер қойнауын пайдалануға жасалған:
      жер қойнауы учаскелерiнде (геологиялық бөлiп берiлген жерде) барлау жөнiнде жұмыстарды жүргiзуге;
      барлау жүргiзу кезеңiнде жер қойнауы учаскелерiнде (геологиялық бөлiп берiлген жерде) бiрлескен барлау және өндiру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге арналған келiсiм-шарттың;
      2) жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерделеудi жүзеге асыру жөнiнде жұмыстарға мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың аясында салық төлеушi (мердiгер, қосалқы мердігер) жүзеге асыратын геологиялық барлау және геологиялық-iздестiру жұмыстарына қатысты босату қолданылады.
      Геологиялық барлау және геологиялық-iздестiру жұмыстары нақты түрлерiнiң, сондай-ақ геологиялық барлау және геологиялық-iздестiру жұмыстарының құрамдас бөлiгi болып табылатын арнайы жұмыстардың жекелеген түрлерiнiң тiзбесi, олардың көлемi және құны геологиялық объектiнi зерттеу мақсаты мен оның ерекшелiктерiн, ғылыми-техникалық мүмкiндiктердi, геологиялық барлау және геологиялық-іздестіру жұмыстарын жүргiзуге қойылатын геологиялық-әдiстемелiк талаптарды, жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi талаптарды ескере отырып, әрбір геологиялық (ғылыми-геологиялық) объектіге арналған жобалау-сметалық құжаттамада айқындалуға тиіс.
      Ескерту. 230-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      230-1-бап. Инфрақұрылымдық жобаларды iске асыруға
                байланысты жұмыстар мен көрсетiлетiн
                қызметтер

      Инфрақұрылымдық жобаларды iске асыруға байланысты жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi өткiзу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.
      Инфрақұрылымдық жобаларды iске асыруға байланысты жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтерге жаңа объектiлердi салу кезiндегi жобалау, жобалау-құрылыс, құрылыс-монтаждау жұмыстары жатады.
      Салықтан босату салық төлеушi (мердiгер, қосалқы мердiгер) Қазақстан Республикасы Үкiметiмен инфрақұрылымдық жобаны iске асыруға жасасқан концессиялық шарт шеңберiнде жүзеге асырылатын жұмыстар мен көрсететiн қызметтерге қатысты қолданылады.
      Инфрақұрылымдық жобалар Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен бекiтiледi. Инфрақұрылымдық жобаларды iске асыруға байланысты жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң нақты түрлерiнiң тiзбесi, олардың көлемi мен құны әрбiр жоба бойынша жаңа объектіні зерттеу, жобалау, салу мақсатын негiзге ала отырып және осы инфрақұрылымдық жобаны iске асыру үшiн қойылатын ғылыми-техникалық, экономикалық және экологиялық талаптардың ерекшелiктерiн ескере отырып, жобалау-сметалық құжаттамада айқындалуға тиiс.
      Ескерту. 230-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2005.11.22. N 89 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      231-бап. Мәдениет, ғылым және бiлiм беру саласындағы
               қызмет көрсетулер, жұмыстар

      Мәдениет, ғылым және бiлiм беру саласындағы қызмет көрсетулер, жұмыстар, егер олар мынадай:
      1) шоу-бизнес саласындағы қызметтердi қоспағанда, театр-концерт қызметiн жүзеге асыру жөнiндегi;
      2) мектепке дейiнгi тәрбиелеу мен оқыту; бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, қосымша білім беру; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жоғары және жоғары оқу орындарынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беру; қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру салаларында қызметтiң осы түрлерiн жүргiзуге құқық беретiн тиiстi лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын бiлiм беру;
      3) мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде жүзеге асырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарына;
      4) кiтапхана қызметiн көрсету жөнiндегi;
      5) тарихи және мәдени мұраны, мұрағаттық құндылықтарды сақтау жөнiндегi қызмет көрсетулерге, жұмыстарға жататын болса, қосылған құн салығынан босатылады.
      Ескерту. 231-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      232-бап. Медициналық және мал дәрiгерлiк қызмет
               саласындағы тауарлар мен қызмет көрсетулер

      1. Медициналық және мал дәрiгерлiк қызмет көрсетумен байланысты тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткiзу бойынша айналымдар:
      1) кез келген нысандағы дәрi-дәрмектiк заттарды, сондай-ақ оларды өндiру үшiн қажет материалдар мен жинақтаушы заттарды өткiзген;
      2) медициналық (мал дәрiгерлiк) мақсаттағы бұйымдарды, оның iшiнде протездiк-ортопедиялық бұйымдар мен медициналық (мал дәрiгерлiк) техниканы қоса алғанда, сондай-ақ оларды өндiру үшiн қажет материалдар мен жинақтаушы заттарды өткiзген;
      3) косметологиялық қызметтi қоспағанда, медициналық (мал дәрiгерлiк) қызмет көрсетiлген жағдайларда қосылған құн салығынан босатылады.
      2. Осы баптың 1-тармағында аталған тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтер тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi .

      233-бап. Кәсiпорынды сату

      1. Қосылған құн салығын төлеушiнiң бiреуi екiншi бiр қосылған құн салығын төлеушiге кәсiпорынды немесе кәсiпорынның дербес жұмыс iстеп тұрған бөлiгiн өткiзуi:
      1) берiлетiн активтерiн, оларды қалыптастыру көздерiн және (немесе) олар бойынша мiндеттемелердi көрсете отырып, кәсiпорынның тарату балансы және (немесе) бөлу балансы мен беру актiсi негiзiнде;
      2) осы тармақта көзделген, айналым жасалғаннан кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей тиісті салық органдарына ұсынылған қосылған құн салығынан босатуды қолдану жөнiндегi операцияға қатысушылардың екеуi де қол қойған өтiнiш негiзiнде қосылған құн салығынан босатылады.
      2. Осы баптың 1-тармағының ережесi жер қойнауын пайдалануға жасалған келiсiм-шарт беретiн құқықтарды қайтадан басқа бiреуге берген жағдайда да қолданылады.
      Ескерту. 233-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы N 235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      234-бап. Қосылған құн салығынан босатылатын импорт

      1. Қосылған құн салығынан мынадай тауарлардың импорты босатылады:
      1) ұлттық және шетелдiк валюта банкноттары мен монеталарының (мәдени-тарихи құндылығы бар банкноттар мен монеталардан басқа), сондай-ақ бағалы қағаздардың импорты;
      2) жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тауарларды бажсыз әкелу нормалары бойынша тауарлар импорты;
      3) акцизделетiн тауарларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен iзгiлiк көмек ретiнде әкелiнген тауарлар импорты;
      4) акцизделетiн тауарларды қоспағанда, мемлекет, мемлекеттердiң үкiметтерi, халықаралық ұйымдар желiлерi бойынша қайырымдылық көмек мақсатында әкелiнген тауарлар импорты, оның iшiнде техникалық жәрдем көрсету;
      5) шет елдің дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерiнің ресми пайдалануы үшiн, сондай-ақ солармен бiрге тұратын олардың отбасы мүшелерiн қоса алғанда, осы өкiлдiктердiң дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық қызметкерлерiнiң жеке пайдалануы үшiн әкелiнген және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес салықтан босатылған тауарлар импорты;
      6) салық төлеуден босатуды белгілейтiн кеден режимдерiнде Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес декларациялануға тиiстi тауарлар импорты;
      7) дәрi-дәрмектiк заттардың, оның iшiнде субстанция-дәрiлер; протездiк-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (мал дәрiгерлiк) техниканы қоса алғанда медициналық (мал дәрiгерлiк) мақсаттағы бұйымдар; протездiк-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (мал дәрiгерлiк) техниканы қоса алғанда, дәрi-дәрмек және диабет заттарын өндiруге арналған материалдар мен жинақтаушы заттар, медициналық (мал дәрiгерлiк) мақсаттағы бұйымдар импорты.
      Осы тармақшада аталған тауарлардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi ;
      8) пошта маркаларының (коллекциялық маркалардан басқа) импорты;
      9) ақша белгілерi өндiрiсi үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және оның ұйымдары жүзеге асыратын шикiзат импорты;
      9-1) төлем карточкаларымен қызметтер көрсету үшiн жабдықтар импорты, меншiктi өндiрiстiк мұқтаждар үшiн әкелiнетiн бағдарламалық қамтамасыз ету және оның қосалқы бөлшектерi;
      10) (алып тасталды)
      11) мемлекеттердiң, мемлекеттер үкiметтерi мен халықаралық ұйымдардың желiсi бойынша берiлген гранттар қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын тауарлар импорты;
      12) қаржы лизингi шарты бойынша қаржы лизингiне беру мақсатында лизинг берушi әкелген мүлiк импорты.
      Осы тармақшада көрсетiлген мүлiк тiзбесiн және оны қалыптастыру  тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi. Бұл ретте осы тiзбеге Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiсi жоқ немесе Қазақстан Республикасының қажеттерiн жаппайтын тауарлар енгiзiледi;
      13) Қазақстан Республикасының Үкiметiмен инфрақұрылымдық жобаны iске асыруға жасалған концессиялық шарт шеңберiнде қызметiн жүзеге асыратын заңды тұлға, олардың мердігерлері немесе қосалқы мердiгерлерi әкелген тауарлар импорты.
      Қазақстан Республикасының Үкiметiмен инфрақұрылымдық жобаларды iске асыруға жасалған концессиялық шарт шеңберiнде қызметiн жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, олардың мердiгерлерi мен қосалқы мердiгерлерiнiң тiзбесiн, сондай-ақ аталған тiзбеге өзгерiстi концессионер уәкiлеттi органмен келiседi және кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға табыс етедi.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi әрбiр инфрақұрылымдық жобаға осы тармақшада аталған тауарлардың жеке тiзбесiн бекiтедi.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      Ескерту. 234-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2003.07.04. N 475 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.05.06.  N 140 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.07.07. N  177 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

38-тарау. Қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызу

      235-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы

      1. Егер осы тарауда өзгеше көзделмесе, тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) алушының бюджет жарнасына жатқызылуға тиiс салық сомасын анықтау кезiнде, негiзгi құралдарды қоса алғанда, алынған тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулер салық салынатын айналым мақсатында пайдаланылса немесе пайдаланылатын болса, сондай-ақ, егер мынадай шарттар орындалса:
      1) тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) алушы осы Кодекстiң 207-бабының 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығын төлеушi болып табылса;
      2) шот-фактура жазылған күнге қосылған құн салығын төлеушi болып табылатын тауар берушi Қазақстан Республикасының аумағында өткiзiлген тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) шот-фактурасын немесе осы баптың 2-тармағына сәйкес берiлетiн басқа да құжат табыс еткен болса. Егер тауар берушi осы Кодекстiң 207-бабының 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығының төлеушiсi болып табылмаса, осы баптың 2-тармағына сәйкес берiлетiн шот-фактура немесе басқа құжат "ҚҚС жоқ" белгiсiмен жазылады;
      3) тауарлар импорты жағдайында - қосылған құн салығы бюджетке төленген болса;
      4) осы Кодекстiң 221-бабында көзделген жағдайларда - қосылған құн салығын төлеу жөнiндегі салық мiндеттемесi орындалса, олар үшiн төленуге тиiс қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызуға құқығы бар.
      1-1. Лизинг берушiнiң қаржы лизингiне беруге жататын мүлiктi сатып алуымен байланысты шығыстары салық салынатын айналымның мақсаты үшiн шеккен шығыстар ретiнде қарастырылады.
      2. Мыналар:
      1) осы тармақтың 1-2) және 1-3) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, қосылған құн салығы бөлiп көрсетiлген шот-фактуралар бойынша өнiм берушi төлеуге тиiс салық сомасы;
      1-1) алып тасталды
      1-2) осы Кодекстiң 242-бабының 5-1-тармағына сәйкес қаржы лизингi шарты бойынша (қайтарымды лизинг шартын қоспағанда)
жазылған шот-фактуралар бойынша төлеуге жататын, бiрақ осы Кодекстiң 217-бабының 8-тармағына сәйкес лизинг берушiнiң айналым жасау күнiне айқындалатын салық салынатын айналым мөлшерiне келетiн салық сомасынан аспауға тиiс салық сомасы;
      1-3) қайтарымды лизинг шарттары бойынша осы Кодекстiң 242-бабының 5-1-тармағына сәйкес жазылған шот-фактуралар бойынша төленуге тиiс салық сомасы;
      2) Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес ресiмделiп, кедендiк жүк декларациясында көрсетiлген және белгiленген тәртіппен Қазақстан Республикасының бюджетiне төленген және кеден режимiнiң шарттарына сәйкес қайтарылуға жатпайтын салық сомасы;
      3) осы Кодекстiң 221-бабына сәйкес қосылған құн салығының төленгенін растайтын төлем құжатында немесе салық органы берген құжатта көрсетiлген салық сомасы;

      РҚАО-ның ескертуі!
      2-тармақтың 4) тармақшасына 2012 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 224 Заңымен өзгерту енгізіледі.
      4) темiр жол немесе әуе көлiгінде тасымалдаушының салық төлеушiнiң тiркелу нөмiрiн көрсете отырып берiлетiн жол жүру билетiнде жеке жолмен бөлiнген салық сомасы;
      5) есеп айырысулары банктер арқылы жүргiзiлетiн, коммуналдық қызметтер көрсетушi қолданатын құжаттарда көрсетiлген салық сомасы;
      6) осы Кодекстiң 208-бабының 9-тармағында көзделген жағдайларда, - осы баптың тиiстi тармақшаларына сәйкес расталған жағдайда, қосылған құн салығы бойынша есепке қойылған күнге жасалған тауарлардың қалдықтарын түгендеу тiзiмдемеде көрсетiлген салық сомасы;
      7) тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) фискальды жады бар бақылау-касса машиналарын қолданып және бақылау чегiн бере отырып сатып алғанда бақылау-касса машинасының чегiнде көрсетiлген салық сомасы осы баптың 1-тармағына сәйкес есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы болып табылады.
      3. алып тасталды
      4. Егер осы баптың 4-1-тармағында өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығы осы баптың 2-тармағында белгiленген тәртiппен тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) алынған салық кезеңiнде есепке жатқызылады.
      Қосылған құн салығы осы Кодекстiң 221-бабына сәйкес төленген жағдайда, төленген салық қосылған құн салығын төлеу жөнiндегi салық мiндеттемесi орындалған салық кезеңiнде есепке жатқызылады.
      4-1. Егер шот-фактураның жазбасы осы Кодекстiң 242-бабының 4-тармағында көрсетiлген тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткiзу бойынша айналым жасау күнiнен кейiн жүзеге асырылса, қосылған құн салығы шот-фактура жазу күнiнiң сол салық кезеңiнде есепке жатқызылады. 
      5. Қосылған құн салығын төлеушiде салық салынатын және салық салынбайтын, оның iшiнде қосылған құн салығынан босатылған айналымдар болған кезде, қосылған құн салығы осы Кодекстің 239-бабында көзделген тәртiппен есепке жатқызылады.
      Ескерту. 235-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2003.11.29. N 500 , 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.01.31. N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      236-бап. Есепке жатқызылмайтын қосылған құн салығы

      Қосылған құн салығы, егер:
      1) қосылған құн салығын төлеушiнiң кәсiпкерлiк қызметiне жатпайтын шаралар өткiзумен байланысты тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi);
      2) қонақүй ретiнде пайдаланылатын ғимараттарды қоспағанда, тұрғын үй қорындағы ғимараттарды (ғимараттың бiр бөлiгiн);
      3) негізгi құралдар ретiнде сатып алынған жеңiл автомобильдердi;
      4) жалдау шартына сәйкес жөндеу шығыстарын жалға берушi өтеген және жөндеудi жүзеге асырған жалға алушының салық салынатын айналымы болып табылатын жағдайларды қоспағанда, тұрғын үй қорындағы жалға алынған ғимараттарды жөндеуге пайдаланылған тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетудi);
      5) өтеусiз алынған мүлiктi (тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi), осындай мүлiк Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден әкелiнген және осы мүлiктi алушы импорт кезiнде қосылған құн салығын төлеген жағдайларды қоспағанда, алумен байланысты төленуге тиiс болса, есепке жатқызылмайды.
      Ескерту. 236-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      237-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының
                сомасын түзету

      1. Бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығы мынадай жағдайларда:
      1) салық салынатын айналым мақсаттарында пайдаланылмаған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша;
      2) негiзгi құралдарды қоса алғанда, тауарлар бүлiнген, жоғалған жағдайда (төтенше жағдайлар салдарынан туындаған реттердi қоспағанда), олар бойынша;
      Негiзгi құралдар бүлiнген, жоғалған жағдайда, қосылған құн салығы негiзгi құралдардың теңгерiм құнына жататын құн бөлiгiнiң есебiнен алып тасталады;
      3) табиғи монополиялар субъектiсi нормативтен тыс шеккен шығыстар бойынша;
      4) осы Кодекстiң 242-бабында белгiленген ережелер сақталмаған жағдайда;
      5) осы Кодекстiң 209-бабының 3-тармағында көрсетiлген жағдайларда, қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлiк күшiн жойған кезде есептен шығарылып тасталуға тиiс.
      2. Осы баптың мақсаттары үшiн тауардың (мүлiктiң) барлық немесе жекелеген сапасының (өзiндiк қасиеттерiнiң) нашарлауы, соның салдарынан осы тауардың (мүлiктің) салық салынатын айналым мақсатында пайдалануға келмей қалуы тауардың (мүлiктiң) бүлiнуiн бiлдiредi.
      Салдары тауардың (мүлiктiң) жойылуына және (немесе) ысырап болуына әкеп соққан оқиға тауардың (мүлiктің) жоғалуы деп ұғынылады. Салық төлеушi табиғи залалдың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген нормалар шегiнде шеккен тауар (мүлiк) ысырабы жоғалту болып табылмайды.
      3. Осы Кодекстiң 218-бабының 2-тармағында аталған жағдайларда алынған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) құны өзгерген кезде, бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы тиiсiнше түзетiледi.
      4. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету осы баптың 1 және 3-тармақтарында аталған жағдайлар туындаған нақ сол салық кезеңiнде жүргiзiледi.
      Ескерту. 237-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      238-бап. Күмәндi мiндеттемелер бойынша есепке
               жатқызылған қосылған құн салығының сомасын
               түзету

      1. 235-баптың 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларының негiзiнде есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасынан басқа, туындаған кезiнен бастап үш жыл iшiнде қанағаттандырылмаған, сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша мiндеттемелер күмәндi болып танылады және осындай тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы ол есепке жатқызылған кезден бастап үш жыл өткен соң есептен шығарып тасталуға тиiс.
      Егер қосылған құн салығы шығарып тасталғаннан кейiн қосылған құн салығын төлеушi тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн ақы төлеген жағдайда, осы аталған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша салық сомасы сол ақы төленген салық кезеңiндегi есепте қалпына келтiрiлуге тиiс.
      2. Қосылған құн салығын өнiм берушi-төлеушi банкрот деп танылған жағдайда, бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомаларын есептен шығарып тастау банкрот деп танылған қосылған құн салығын өнiм берушi-төлеушiнi заңды тұлғалардың мемлекеттiк тiзiлiмiнен алып тастау туралы әдiлет органдарының шешiмi шығарылған салық кезеңiнде жүргiзiледi.
      3. алып тасталды
      Ескерту. 238-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      239-бап. Қосылған құн салығы салынбайтын өткiзу бойынша
               айналымдар болған кезде қосылған құн салығын
               есепке жатқызу тәртiбi

      1. Салық салынбайтын айналымдар мақсаттары үшiн пайдаланылатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша өнiм берушiге төленуге тиiс және импорт бойынша қосылған құн салығы есепке жатқызылмайды.
      2. Салық салынатын және салық салынбайтын айналымдар болған кезде қосылған құн салығын төлеушiнiң таңдауы бойынша барабарлық немесе бөлек есептеу әдiсiмен анықталған қосылған құн салығының сомасы есепке жатқызылады.
      Есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомасын анықтаудың таңдап алынған әдiсi күнтiзбелiк жыл iшiнде өзгертiлмеуге тиiс.
      3. Осы бапқа сәйкес есепке жатқызылмайтын қосылған құн салығы салық салынатын табысты анықтау кезiнде осы Кодексте белгiленген тәртіппен шегерiмге жатқызылады.
       Ескерту. 239-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.07.04. N 475 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      240-бап. Барабарлық әдiсi

      1. Есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы барабарлық әдiс бойынша салық салынатын айналымның жалпы айналым сомасындағы үлес салмағына қарай анықталады.
      2. Осы баптың 1-тармағының мақсаттары үшiн бағалы қағаздармен жүргiзiлетiн операцияларды жүзеге асыру кезiнде бағалы қағаздарды өткiзу кезiнде алынған өсiм өткiзу бойынша айналымға қосылады.
      3. Тауарлар сатып алынатын күнi қолданыста болған салық заңнамасына сәйкес олар жөнiнде қосылған құн салығы бойынша есепке алу көзделмеген қосылған құн салығынан босатылған тауарларды өткiзу кезiнде осы баптың 1-тармағының мақсаттары үшiн сату жөнiндегi айналымға тауарды өткiзу құны мен баланстық құны арасындағы оң айырма қосылады.
      Ескерту. 240-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

       241-бап. Бөлек есептеу әдiсi

      1. Бөлек есептеу әдiсi бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомасын анықтау кезiнде, қосылған құн салығын төлеушi алған, салық салынатын және салық салынбайтын айналымдар мақсаттары үшiн пайдаланылатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша шығыстар мен қосылған құн салығының сомалары бойынша бөлек есеп жүргiзедi.
      2. Есепке жатқызудың барабарлық әдiсiн пайдаланатын банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың және микрокредиттiк ұйымдардың кепiлдегi мүлiктi (тауарларды) алуға және өткiзуге байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығының сомаларын есепке алу бойынша бөлек есептеу әдiсiн қолдануға құқығы бар.
      3. Қаржы лизингiне мүлiктi берген кезде есепке жатқызудың барабарлық әдiсiн пайдаланатын лизинг берушінің қаржы лизингiне мүлiктi беруге байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығының сомасын есепке алу бойынша бөлек есептеу әдiсiн қолдануға құқығы бар. 
      Ескерту. 241-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.07.04. N 475 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

39-тарау. Шот-фактура

      242-бап. Шот-фактура

      1. Шот-фактура осы баптың 8-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, барлық қосылған құн салығын төлеушiлер үшiн мiндеттi құжат болып табылады.
      2. Қосылған құн салығы салынатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) өткiзудi жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеушi аталған тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) алушы тұлғаға, осы баптың 8-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, қосылған құн салығы көрсетiлген шот-фактураны беруге мiндеттi.
      3. Осы Кодекстiң 235-бабына сәйкес қосылған құн салығын есепке жатқызу үшiн негiздеме болып табылатын шот-фактурада:
      1) шот-фактураның реттiк нөмiрi мен толтырылған күнi;

      РҚАО-ның ескертуі!
      3-тармақтың 2) тармақшасына 2012 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 224 Заңымен өзгерту енгізіледі.
      2) тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) берушi мен алушының тегi, аты, әкесiнiң аты не толық атауы, мекен-жайы және тiркеу нөмiрi, сондай-ақ өнiм берушiнiң қосылған құн салығы бойынша есепке қойылғаны туралы куәлiктiң нөмiрi;
      3) өткiзiлетiн тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) атауы;
      4) салық салынатын айналымның мөлшерi;
      5) қосылған құн салығының ставкасы;
      6) қосылған құн салығының сомасы;
      7) қосылған құн салығы ескерiлген тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) құны көрсетiлуге тиiс.
      4. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, шот-фактура өткiзу бойынша айналым жасалған күннен кешiктiрiлмей жазылады және берушiнiң басшысы мен бас бухгалтерiнің, не осыған уәкiлеттi өзге де лауазымды адамдардың қолымен куәландырылады. 
      Қосылған құн салығы салынатын электр энергиясын, су, газ сатуды, байланыс қызметтерiн, коммуналдық қызмет көрсетулердi, темiр жол тасымалдарын, көлiк-экспедиторлық қызмет көрсетудi, банк операцияларын жүзеге асыратын салық төлеушiлер салық кезеңiнiң қорытындысы бойынша шот-фактуралар жазып беруге құқылы. 
      5. Егер осы тармақта өзгеше белгiленбесе, салық салынатын айналымның мөлшерi шот-фактурада тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) әрбiр атауы бойынша бөлек көрсетiледi.
      Егер мұндай шот-фактураға өткiзiлетiн тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) тiзбесi көрсетiлген құжат қоса тiркелген болса, айналымның жалпы мөлшерiн көрсетуге жол берiледi.
      Бұл ретте шот-фактурада құжаттың нөмiрi мен күнiне, сондай-ақ оның атауына сiлтеме болуға тиiс.
      5-1. Лизинг берушi өзi беретiн лизинг нысанасына жазатын шот-фактурада салық салынатын айналым мөлшерi оған сыйақы және қосылған құн салығы сомалары енгiзiлместен қаржы лизингiнiң шартына сәйкес барлық лизинг төлемдерiнiң жалпы сомасы ескерiле отырып көрсетiледi. 
      5-2. Жүктi жөнелтушiлер немесе алушылар үшiн жүктердi тасымалдауға шот-фактураның жазбасын, егер аталған тасымалдау көлiк экспедициясы шартына сәйкес жүргiзiлсе, экспедитор жүзеге асырады. Мұндай шот-фактураларда салық салынатын айналымның мөлшерi тасымалдаушылар және басқа да жеткiзушiлер көлiк экспедициясы шартының шеңберiнде орындаған және көрсеткен жұмыстар мен қызметтер құны ескерiле отырып көрсетiледi. 
      Осы тармаққа сәйкес шот-фактуралардың жазбасы уәкiлеттi орган белгiлеген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.  
      6. Ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимiн қолданатын қосылған құн салығын төлеушiлер уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен және нысан бойынша шот-фактуралар жазады.
      Осы тармақта көрсетiлген қосылған құн салығын төлеушiлер осы Кодекстiң 388-бабының 2-тармағына сәйкес табыс бойынша есептелген салық сомасынан аспайтын жалпы сомаға қосылған құн салығын қоса отырып шот-фактуралар жазады.
      7. Сыртқы сауда келiсiм-шарттары бойынша тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) өткiзу жағдайларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) құны және қосылған құн салығының сомасы шот-фактурада Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен көрсетiледi.
      8. Шот-фактураны ресiмдеу мынадай жағдайларда:
      1) бухгалтерлiк есеп жүргiзуде негiздеме болатын бастапқы есепке алу құжаттарын қолдана отырып, банктер арқылы халыққа көрсетiлген коммуналдық қызметтер, байланыс қызметтерi үшiн есеп айырысуды жүзеге асырғанда;
      2) жолаушыларды тасымалдау жол билеттерiмен ресiмдегенде;
      3) фискальды жады бар бақылау-касса машиналарын қолданып және бақылау чегiн бере отырып, тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткiзген жағдайда;
      4) қосылған құн салығынан босатылатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) табыс еткен кезде талап етiлмейдi.
      Ескерту. 242-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2007 жылғы 28 ақпандағы N 235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      243-бап. Салық салынатын айналым түзетiлген кезде
               шот-фактуралар жасау

      1. Салық салынатын айналым мөлшерiн түзету кезiнде қосымша шот-фактура жасалады, онда:
      1) қосымша шот-фактураның рет нөмiрi мен жасалған күнi;
      2) қосымша шот-фактурасы жасалатын шот-фактураның рет нөмiрi мен жасалған күнi;

      РҚАО-ның ескертуі!
      1-тармақтың 3) тармақшасына 2012 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 224 Заңымен өзгерту енгізіледі.
      3) тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) берушi мен алушының атауы, мекен-жайы және тiркеу нөмiрi;
      4) қосылған құн салығын есепке алмай, салық салынатын айналымды түзету мөлшерi;
      5) қосылған құн салығының сомасы көрсетiледi.
      2. Қосымша шот-фактураны тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) берушi жасайды және аталған тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) алушы растайды.

40-тарау. Салықты есептеу және төлеу тәртібі

      244-бап. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке
               төленуге тиiс қосылған құн салығы

      Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиiс қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстiң 245-бабына сәйкес салық салынатын айналым бойынша есептелген қосылған құн салығының сомасы мен осы Кодекстiң 235-бабына сәйкес есепке жатқызылған салық сомасы арасындағы айырма ретiнде анықталады.

      244-1-бап. Жекелеген жағдайларда салық төлеудiң
                 тәртiбi

      1. Ауыл шаруашылығы шикiзатын қайта өңдеудi жүзеге асыратын ұйымдар қосылған құн салығын төлеудi осы баптың 3-тармағында белгiленген тәртiппен жүргiзедi.
      2. Осы баптың мақсатында ауыл шаруашылығы шикiзатын қайта өңдеудi жүзеге асыратын ұйымдарға бiр мезгiлде мынадай талаптарға сәйкес келетiн:
      1) қоғамдық тамақтану саласындағы қызметтi қоспағанда, жылдық жиынтық табысының кемiнде 90 процентiн мына қызмет түрлерiн:
      ет және ет өнiмдерiн өндiрудi;
      жемiстер мен көкөнiстердi қайта өңдеудi және консервiлеудi;
      өсiмдiктер мен жануарлар майын өндiрудi;
      сүттi қайта өңдеу мен iрiмшiк өндiрудi;
      ұн-жарма өнеркәсiбi өнiмдерiн өндiрудi;
      жануарлар үшiн дайын жемшөп өндiрудi;
      нан өндiрудi;
      балалар тағамын және диеталық тағам өнiмдерiн өндiрудi жүзеге асыру нәтижесiнде алынуға тиiс (алынған) табыстар құрайтын;
      2) шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимiн қоспағанда, арнаулы салық режимдерiн қолданбайтын;
      3) акцизделетiн өнiмдi өндiру, қайта өңдеу және өткiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асырмайтын ұйымдар жатады.
      3. Осы Кодекстiң 244-бабына сәйкес есептелген қосылған құн салығына салық сомасы 70 процентке азайтылады.
      Ескерту. 244-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.07.07. N 177 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      245-бап. Қосылған құн салығының ставкалары

       1. Қосылған құн салығының ставкасы 12 процентке тең болады және осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, салық салынатын айналым мөлшерiне қолданылады.
      2. Осы Кодекстiң 222-224-1, 224-2-баптарында аталған тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткiзу бойынша айналымдарға қосылған құн салығы нөлдiк ставка бойынша салынады.
       3. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, салық салынатын импорт бойынша қосылған құн салығының ставкасы осы Кодекстiң 220-бабында белгiленген салық салынатын импорт мөлшерiнiң 12 процентiне тең болады.
      Жеке тұлғалар оңайлатылған тәртiппен өткiзетiн тауарлар импорты кезiнде қосылған құн салығын осы Кодекстiң 516-бабының 2-тармағына сәйкес жиынтық кедендiк төлем құрамында төлей алады, оның мөлшерi Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес айқындалады.
      Ескерту. 245-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.07.04. N 475 , (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2005.11.22. N 89 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.05.06. N 140 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.07.07 N 177 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      246-бап. Салық кезеңi

      1. Осы баптың 2-тармағында белгiленген жағдайларды қоспағанда, қосылған құн салығын төлеушiнiң қалауы бойынша күнтiзбелiк ай не тоқсан қосылған құн салығы бойынша салық кезеңi болып табылады.
      2. Егер алдыңғы тоқсан үшiн бюджетке төленуге тиiс қосылған құн салығының орташа айлық сомасы 1000 айлық есептiк көрсеткiштен астам болса, онда салық кезеңi күнтiзбелiк ай болып табылады.
      3. алып тасталды
      4. Ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимiн қолданатын қосылған құн салығын төлеушiлер үшiн аталған арнаулы салық режимiнiң күшi қолданылатын қызметтi жүзеге асырудан бюджетке төленуге тиiс қосылған құн салығы бойынша салық кезеңi салық жылы болып табылады.
      Басқа да қызмет түрлерiн жүзеге асырудан бюджетке төленуге тиiс қосылған құн салығы бойынша салық кезеңi осы баптың 1-3-тармақтарына сәйкес айқындалады.
      Ескерту. 246-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      247-бап. Салық декларациясы

      1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығын төлеушi әрбiр салық кезеңi үшiн қосылған құн салығы бойынша декларацияны салық кезеңiнен кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей табыс етуге мiндеттi.
      2. Ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимiн қолданатын қосылған құн салығын төлеушiлер әр тоқсан үшiн қосылған құн салығы бойынша декларацияны есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей табыс етуге мiндеттi.
      3. Декларациямен бiрге салық кезеңi iшiнде (осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайда - есептi тоқсан iшiнде) сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша шот-фактуралардың тiзiлiмi табыс етiледi. Шот-фактуралар тiзiлiмiнiң нысанын уәкiлеттi орган белгiлейдi.
       Ескерту. 247-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.01.31. N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      248-бап. Қосылған құн салығын төлеу мерзiмдерi

      1. Егер осы Кодекстің 389-бабында өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығын төлеушi қосылған құн салығы бойынша декларацияны тапсыру үшiн мерзiмi белгiленген күнге дейiн немесе сол күнi бюджетке әрбiр салық кезеңi үшiн салық төлеуге мiндеттi.
      2. Осы Кодекстің 250-бабында аталған жағдайларда салық төлеушi төлеуге тиiс қосылған құн салығын қоспағанда, импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен, кеден төлемдерiн төлеу үшiн Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгiленген күнi төленедi.
      3. Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзiмi осы Кодекстiң 249-бабында белгiленген тәртiппен өзгертiлуi мүмкін.
      Ескерту. 248-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      249-бап. Импортталатын тауарларға қосылған құн/
               салығын төлеу мерзiмiн өзгерту

      РҚАО-ның ескертпесі!
      249-бап 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін ҚР 2008.12.10 N 100-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі және 2017.01.01 дейін қолданыста болады) Заңымен жаңа редакцияда.

      1. Салық органдары, егер:
      1) импортталатын тауарлар өнеркәсіптік өңдеуге арналған;
      2) су, газ, электр энергиясы импортталатын тауарлар болып табылатын жағдайда, импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгертуді жүргізеді.
      2. Импортталатын тауарларды өндірістік өңдеу мақсатындағы тауарларға жатқызу тәртібі Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалады.
      Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын, өнеркәсіптік өңдеуге арналған тауарлардың тізбесі мен аталған өнеркәсіптік өңдеуде алынған дайын өнім тізбесін, сондай-ақ осындай тауарларды импорттайтын Қазақстан Республикасының салық төлеушілерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын өнеркәсіптік өңдеуге арналған тауарлардың тізбесі мен аталған өнеркәсіптік өңдеуде алынған дайын өнім тізбесін, сондай-ақ осындай тауарларды импорттайтын Қазақстан Республикасының салық төлеушілерінің тізбесін айқындау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      3. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту кеден органының кедендік жүк декларациясын қабылдаған күнінен бастап үш айдан аспайтын мерзімге өсімпұл есептелмей жүргізіледі.
      3-1. Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту салық заңнамасына сәйкес айқындалатын осындай тауарларды есепке алуға қабылдаған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімге өсімпұл есептелмей жүргізіледі.
      4. Қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту мына құжаттар:
      1) уәкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш;
      2) тауарлар жеткізіліміне арналған шарттың (келісімшарттың) көшірмесі;
      3) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес импортталатын тауарларды өндірістік өңдеуге арналған тауарларды импортталатын тауарларға жатқызуды растау туралы кеден органының қорытындысы негізінде жасалады.
      Осы тармақшаның ережелері Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарларға қолданылмайды.
      Төлеу мерзімін өзгертуге құқығын растау үшін салық органдары қосылған құн салығын төлеушінің өндірістік қуаттарын және үй-жайларын тексеріп қарауға құқылы.
      5. Уәкілетті орган өнеркәсіптік өңдеу үшін импорттық тауарларды ұдайы алып тұратын қосылған құн салығын төлеушілерге қосылған құн салығын өзгертілген мерзімдер бойынша төлете отырып, тауарларды кедендік декларациялауды жүзеге асыруға күнтізбелік жыл ішінде қолданылатын рұқсат береді.
      Осы тармақта көзделген рұқсат, қосылған құн салығын төлеу мерзімін кеден органының кедендік жүк декларациясын қабылдаған күнінен бастап үш айдан аспайтын мерзімге өзгерте отырып, тауарларды кедендік декларациялау үшін негіздеме болып табылады.
      Рұқсат алу үшін уәкілетті органға осы баптың 4-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ оның өндірістік қуаттары мен үй-жайларының бар-жоғы туралы қосылған құн салығын төлеушінің тіркелген жері бойынша салық органының қорытындысы табыс етіледі.
      6. Салық органдары осы баптың 1-тармағында көрсетілген импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту туралы шешімді қосылған құн салығын төлеушіден салықтық өтініші мен осы бапта белгіленген растау құжаттарын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылдайды.
      7. Төлеу мерзімдері осы бапқа сәйкес өзгертілген салық сомаларын өтеуді салық органдары өткізілген тауарларға, орындалған жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге қатысты қосылған құн салығы бойынша бюджетпен өзара есепке жатқызу әдісімен үш айлық кезең ішінде жүргізеді.
      Көрсетілген үш айлық кезең аяқталғаннан кейінгі бірінші күннен бастап өтелмеген берешектің сомасына өсімпұл есептеледі.
      8. Тауарларды өнеркәсіптік өңдеусіз өткізген жағдайда, салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиіс қосылған құн салығының сомасы белгіленген тәртіппен өсімпұл есепке жазыла отырып, салық салынатын айналым бойынша есептен шығарылған, қосылған құн салығының сомасы мен есепке жатқызылған салық сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады.
      Осы баптың ережелері жеңіл автомобильдерден басқа, акцизделетін тауарларды өндіру үшін импортталатын тауарларға қолданылмайды.
      Ескерту. 249-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2002.11.23 N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2003.07.04 N 475 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2003.11.29 N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      250-бап. Есепке жатқызу әдісімен импортталатын
               тауарларға қосылған құн салығын төлеу

      РҚАО-ның ескертпесі!
      250-бап 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының 2008.12.10 N 100-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен жаңа редакцияда.

      1. Тауарларды еркін айналыс үшін шығарудың кедендік режимімен не ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылатын мынадай тауарлар: <*>
      1) жабдықтар; <*>
      2) ауыл шаруашылығы техникасы; <*>
      3) автомобиль көлігінің жылжымалы жүк құрамы; <*>
      4) тікұшақтар мен ұшақтар; <*>
      5) теміржол локомотивтері мен вагондар; <*>
      6) теңіз кемелері; <*>
      7) қосалқы бөлшектер; <*>
      8) пестицидтер (улы химикаттар); <*>
      9) асыл тұқымды малдың барлық түрлерi мен қолдан ұрықтандыруға арналған жабдықтар;
      10) тірі ірі қара мал бойынша қосылған құн салығын төлеушілер қосылған құн салығын осы бапта белгіленген тәртіппен есепке жатқызу әдісімен төлейді.
      Аталған тауарлар тізбесін және оны қалыптастыру тәртібін салық саясаты саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
      Бұл ретте осы тізбеге Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін немесе өндірісі Қазақстан Республикасының қажеттілігін жаппайтын тауарлар енгізіледі.
      2. Осы баптың ережелері қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісімен төлеу бөлігінде мынадай:
      1) одан әрі өткізуге арналмаған;
      2) халықаралық қаржы лизингіне беруді қоспағанда, қаржы лизингіне беру мақсатында қосылған құн салығын төлеуші әкелетін тауарларға;
      3) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган белгілеген тізбеге енгізілген ауыл шаруашылығы техникасының өндірісінде пайдаланылатын, осы баптың 1-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген қосалқы бөлшектерге қатысты қолданылады.
      3. Қосылған құн салығын төлеуші кеден органына қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәліктің көшірмесін, сондай-ақ қосылған құн салығы бойынша декларацияда осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарлар бойынша төленуге жататын қосылған құн салығы сомасының құнын көрсету және көрсетілген тауарлардың нысаналы пайдаланылуы жөніндегі міндеттемені ұсынады. <*>
      Міндеттеме уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша үш данада толтырылады.
      Міндеттеме негізінде тауарларды еркін айналыс үшін не ішкі тұтыну үшін шығару кедендік төлемдер және акцизделетін тауарлар бойынша акциздер белгіленген тәртіппен төленген жағдайда, қосылған құн салығы іс жүзінде төленбей жүргізіледі. <*>
      4. Міндеттемеде көрсетілген қосылған құн салығының сомасы сонымен бір мезгілде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен есептелген және есептемеге жатқызылған қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетіледі.
      5. Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар еркін айналыс үшін не ішкі тұтыну үшін шығарылған күннен бастап бес жыл ішінде осы бапта белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, импортталатын тауарларға қосылған құн салығы Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есептеле отырып, төленуге жатады. <*>
      Бұл ретте:
      1) осы баптың 1-тармағының 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген малды мәжбүрлі жағдайда сою нәтижесінде алынған ет және ет өнімдерін өткізу, немесе
      агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекіткен табиғи кему нормаларының шегінде
      осындай малдардың кемуі (өлуі);
      2) бұрын импортталған тауарларды кері экспорт режимінде әкету осы бапта белгіленген талаптарды бұзушылық болып табылмайды.
      5-1. Импортталатын тауарларға қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленген тауарларды өткізуге олар Қазақстан Республикасының аумағына еркін айналыс үшін не ішкі тұтыну үшін шығарылған күннен бастап бес жыл өткен соң импортталатын тауарларға арналған қосылған құн салығы салынбайды. <*>
      Осы тармақтың ережесі өзінің өндірістік мұқтаждары үшін 2008 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы мерзімде әкелінген, импорттау кезінде қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленген тауарларды 2008 жылғы 31 желтоқсаннан кейін өткізген кезде де қолданылады.
      6. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленген тауарларды өткізу бойынша айналымдар қаржы лизингіне берілген кезде қосылған құн салығынан босатылады. <*>
      Осы тармақтың ережесі 2008 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы мерзімде өзінің өндірістік мұқтаждары үшін әкелінген, қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленген тауарлар қаржы лизингіне 2008 жылғы 31 желтоқсаннан кейін берілген кезде де қолданылады."; <*>
      <*> - РҚАО-ның ескертпесі: 2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі (2-бапты қараңыз). 
      Ескерту. 250-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2003.07.04. N 475 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2005.11.22.  N 89 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.07.07. N  177 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 33-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

41-тарау. Қосылған құн салығы бойынша бюджетпен өзара қатынас       251-бап. Есепке жатқызылған салық сомасы салық кезеңi
               iшiнде есептелген салық сомасынан асып кеткен
               жағдайларда бюджетпен өзара қатынас       1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, есепке жатқызылған салық сомасының салық кезеңi iшiнде есептелген салық сомасынан асып кетуi қосылған құн салығы бойынша алдағы төлемдердiң есебiне жатқызылады.
      2. Нөлдiк ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша осы баптың 1-тармағында аталған асып кету сомасы, егер де мына шарттар орындалатын болса:
      1) қосылған құн салығын төлеушi нөлдiк ставка бойынша салық салынатын тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) тұрақты өткiзудi жүзеге асырып отырса;
      2) қайтарып алуға өтiнiш берген айдың алдындағы үш айдың әрқайсысы үшiн нөлдiк ставка бойынша салық салынатын өткiзу жөнiндегi айналым өткiзу бойынша жалпы салық салынатын айналымның кемiнде 70 процентi болса, қосылған құн салығын төлеушiге осы Кодекстің 252-бабында белгiленген тәртiппен қайтарылады. 
      3. Осы баптың 2-тармағында белгiленген шарттар орындалмаған жағдайда, асып кеткен сома қосылған құн салығын төлеушiге оның өткен салық кезеңдерi үшiн қосылған құн салығы бойынша мiндеттемелерiн есепке ала отырып, нөлдiк ставка бойынша салық салынатын айналымының мақсаттары үшiн пайдаланылған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша есепке жатқызылған салық сомасы бөлiгiнде қайтарылады.
      4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарына сәйкес қайтарылуға тиiс қосылған құн салығының сомасын анықтау кезiнде қосылған құн салығын төлеушiнiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ашылған банк шоттарына валюталық түсiм түсiрген не Қазақстан Республикасының аумағына сыртқы сауда тауар айырбасы жөнiндегi (бартерлiк) операциялар бойынша экспортталған тауарларды сатып алушы қосылған құн салығын төлеушiге берiлген тауарларды нақты әкелу жүзеге асырылған тауарлардың экспорты есепке алынады.
      Қайтарылуға тиiс қосылған құн салығының сомасын айқындау кезiнде сыртқы сауда тауар айырбасы жөнiндегi (бартерлiк) операциялар бойынша тауарлар экспорты болған жағдайда, сыртқы сауда тауар айырбасы жөнiндегi (бартерлiк) шарттың (келiсiм-шарттың), сондай-ақ сыртқы сауда тауар айырбасы жөнiндегi (бартерлiк) операция бойынша экспортталған тауарлардың қосылған құн салығын төлеушiге сатып алушы берген тауарлар бойынша импорттық жүк кеден декларациясының болуы есепке алынады.
      4-1. Осы бапқа сәйкес қайтарылуға тиiс қосылған құн салығының сомасын анықтау кезiнде кеден органының кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша уәкiлеттi орган бекiткен нысанда және тәртiппен ұсынылған Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тауарларды экспорт режимiнде әкету фактiсiн растайтын мәлiметтерi есепке алынады.
      Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тауарларды экспорт режимiнде әкету фактiсiн растайтын мәлiметтер үшiн кеден органы жауапты болады.
      5. Егер нөлдiк ставка бойынша салық салынатын айналымдары бар қосылған құн салығын төлеушi қосылған құн салығының сомасын қайтару туралы салық органына өтiнiш жасамаса, онда осы баптың 2-тармағында аталған асып кету сомасы есептi салық кезеңiнен кейiнгi салық кезеңiнде қосылған құн салығы бойынша алдағы төлемдер есебiне есепке жатқызылады.
      6. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында аталған жағдайлардан басқа мынадай жағдайларда:
      1) грант қаражаттары есебiнен алынатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) берушiлерге осы Кодекстiң 253-бабында көзделген тәртiппен төленген;
      2) дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктер шетелдiк дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерге ресми пайдалануға, сондай-ақ осы өкiлдiктердiң дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық қызметкерлерiне, олармен бiрге тұратын отбасыларының мүшелерiн қоса алғанда, жеке пайдалануға арналған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулердi) берушiлерге осы Кодекстiң 254-бабында көзделген жағдайларда төлеген қосылған құн салығы;
      3) бюджетке артық төленген қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстің 39 және 40-баптарында белгiленген тәртiппен қайтарылуға тиiс.
      Ескерту. 251-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.12.11. N  201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.       252-бап. Нөлдiк ставка бойынша салық салынатын
                айналымдар бойынша қосылған құн салығын қайтару       1. Нөлдiк ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша қосылған құн салығын қайтару салық органы қосылған құн салығын төлеушiнiң уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша салықты қайтару туралы өтiнiшiн алған кезден бастап алпыс жұмыс күнi iшiнде және:
      1) салық кезеңi iшiндегi қосылған құн салығы жөнiндегi декларация;
      2) осы Кодекстiң 223-бабына сәйкес тауарларды экспорттық растау үшiн қажеттi құжаттар;
      3) осы Кодекстiң 224-1-бабына сәйкес тауарлардың арнайы экономикалық аймақтардың аумағында өткiзiлгенiн растау үшiн қажеттi құжаттар;
      4) өзi өндiрген тауарларды осы Кодекстiң 224-2-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған салық төлеушiге өткiзгенiн растау үшiн осы Кодекстiң 224-2-бабының 3-тармағына сәйкес қажеттi құжаттар;
      5) өзi өндiрген тауарларды осы Кодекстiң 224-2-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында аталған салық төлеушiлерге өткiзгенiн растау үшiн осы Кодекстiң 224-2-бабының 4-тармағына сәйкес қажеттi құжаттар;
      6) салық органы жүргiзген салықтық тексеру актiсiне сәйкес қайтаруға ұсынылған салық сомасының дұрыстығын растау не осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайда, салықтық тексеру актiсiне салық органының қорытындысы негiзiнде жүргiзiледi.
      Осы тармаққа сәйкес қосылған құн салығын қайтару тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.
      2. Қосылған құн салығын қайтару:
      1) қосылған құн салығын осы салықты төлеушiнiң аталған салық пен салықтың басқа да түрлерi бойынша салық берешегiн өтеу есебiне есепке жатқызу жолымен жүргiзiледi.
      Егер заңды тұлға қосылған құн салығын төлеушi болып табылса, онда қосылған құн салығын қайтару қосылған құн салығын оның құрылымдық бөлiмшесiнiң осы және басқа да салық түрлерi бойынша салық берешегiн өтеу есебiне есепке жатқызу жолымен де жүргiзiледi.
      Егер заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi қосылған құн салығын төлеушi болып табылса, қосылған құн салығын қайтару қосылған құн салығын заңды тұлғаның осы және басқа да салық түрлерi бойынша салық берешегiн өтеу есебiне есепке жатқызу жолымен де жүргiзiледi;
      2) тауарлардың импорты кезiнде төленуге тиiс қосылған құн салығының есебiне есепке жатқызу;
      3) осы Кодекстiң 221-бабына сәйкес төленуге тиiс қосылған құн салығының есебiне есепке жатқызу;
      4) қосылған құн салығын төлеушiнiң осы және басқа да салық түрлерi бойынша салық берешегi болмаған жағдайда қосылған құн салығын қайтару оның дербес салық төлеушiлер болып табылатын құрылымдық бөлiмшелерiнiң осы және басқа да салық түрлерi бойынша салық берешегiн өтеу есебiне есепке жатқызу;
      5) қосылған құн салығын төлеушiнiң банк шотына ақша аудару жолымен жүргiзiледi;
      6) қосылған құн салығын төлеушiнiң салық берешегi болмаған жағдайда, салық төлеушi қосылған құн салығын салықтың басқа да түрлерi бойынша алдағы уақыттағы төлемдер есебiне есепке жатқызу жолымен қайтаруды талап етуге құқылы.
      3. Қосылған құн салығын қосылған құн салығын төлеушiнiң банк шотына қайтару оның салық берешегi болмаған кезде жүргiзiледi.
      Егер заңды тұлға қосылған құн салығын төлеушi болып табылса, қосылған құн салығын банк шотына қайтару оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң осы және басқа да салық түрлерi бойынша салық берешегi болмаған кезде де жүргізiледi.
      4. Егер салықтық тексеру жүргiзiлген мерзiм iшiнде қарсы салықтық тексеру жүргiзiлген кезде анықталған бұзушылықтар жойылмаса, қосылған құн салығын төлеушiге салықты қайтару солар бойынша бұзушылықтар анықталмаған не жойылған сомалар шегiнде жүргiзiледi.
      Егер бұзушылықтар салықтық тексеру аяқталғаннан кейiн жойылса, салықты қайтару уәкiлеттi орган белгiлеген нысанда және тәртi