Микрокредиттік ұйымдар туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 6 наурыздағы N 392 Заңы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 26 қарашадағы № 56-V Заңымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР 2012.11.26 № 56-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Қолданушылар назарына!
      Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін РҚАО мазмұнды жасады.

МАЗМҰНЫ

      Осы Заң микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға байланысты қатынастарды реттейдi және микрокредиттiк ұйымдардың құқықтық жағдайының, оларды құрудың, олардың қызметiнiң, оларды қайта ұйымдастырудың және таратудың ерекшелiктерiн белгiлейдi.

  1-тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) қарыз алушы - микрокредиттік ұйыммен микрокредит беру туралы шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға;
      2) кредиттiк досье - микрокредит беру туралы жасалған шартқа сәйкес берiлген, микрокредиттiк ұйым әрбiр қарыз алушыға қалыптастырған құжаттар мен мәлiметтер;
      3) микрокредит - микрокредиттiк ұйым қарыз алушыға осы Заңда белгiленген мөлшерде және тәртiппен ақылылық, мерзiмдiлік және қайтарымдылық талаптарымен беретiн ақша;
      4) микрокредиттiк ұйым - осы Заңда белгiленген тәртiппен микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
      5) мақсатты микрокредит - қарыз алушыға микрокредит беру туралы жасалған шартқа сәйкес белгiлi бiр мақсаттарға пайдалану талаптарымен берiлген микрокредит.
       Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.12.08 N 198 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2-бап. Қазақстан Республикасының микрокредиттiк ұйымдар
              туралы заңдары

      1. Қазақстан Республикасының микрокредиттiк ұйымдар туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      2. Шаруашылық серiктестiгiнiң, коммерциялық емес ұйымдардың, оның iшiнде қоғамдық қорлардың қызметiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заңдары осы Заңда реттелмеген бөлiгiнде микрокредиттiк ұйымдарға қолданылады.
      3. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

  2-тарау. Микрокредиттерді беру

      3-бап. Микрокредиттердi беру

      1. Микрокредиттік ұйым бір қарыз алушыға тиісті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сегіз мың еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде микрокредиттер береді.
      2. Осы Заң талаптарын сақтай отырып, микрокредиттi берудiң тәртiбi мен талаптары микрокредиттiк ұйымның жоғары органы бекiткен микрокредиттердi беру ережелерiнде және микрокредиттi беру туралы шартта белгiленедi.
      Mикрокредиттік ұйым өз қызметiн микрокредиттердi беру ережелерi болған кезде ғана жүзеге асыруға құқылы.
      3. Берiлген микрокредиттi пайдаланғаны үшiн сыйақы ставкасы, микрокредиттiң берiлу мерзiмiне қарамастан, жылға қайта есепте көрсетiледi.
      4. Микрокредиттік ұйым микрокредит беруге байланысты комиссияны, сыйақыны және өзге де төлемдерді микрокредит берілгеннен кейін өндіріп алады.
       Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.12.08 N 198 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.02.10 N 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      4-бап. Микрокредит беру туралы шарттың мiндеттi
              талаптары және оны пайдалану

      1. Микрокредит беру туралы шарт жазбаша нысанда жасалады, оның бiр данасын микрокредиттiк ұйым қарыз алушының кредиттiк досьесiнде сақтайды.
      2. Микрокредит беру туралы шартта:
      1) микрокредиттiк ұйымның толық атауы мен қарыз алушының тегiн, атын және әкесiнiң атын немесе толық атауын қоса алғанда, микрокредиттiк ұйым және қарыз алушы туралы мәлiметтер;
      2) микрокредиттiң мақсаты (мақсатты микрокредит беру кезiнде);
      3) берiлетiн микрокредиттiң жалпы сомасы;
      4) микрокредиттi өтеу мерзiмдерi;
      5) микрокредиттi өтеу тәсiлi (бiржолата не бөлшектеп);
      5-1) микрокредит беру туралы шарттың нөмірі мен жасалған күні, микрокредитті өтеу және сыйақы сомалары қамтылған кезекті төлемдерді өтеу күндері және мөлшерлері, келесі өтеу күніне микрокредит сомасының қалдықтары көрсетілген, сондай-ақ микрокредит беру туралы шартқа қол қойылған күнгі микрокредит пен сыйақының жалпы сомасы көрсетілген микрокредит беру туралы шарт тараптарының екеуі де қол қойған микрокредитті өтеу кестесі;
      6) микрокредит беру туралы шарт бойынша (ол болған жағдайда) қарыз алушының мiндеттемелердi орындауын қамтамасыз ету;
      7) микрокредит бойынша сыйақы ставкаларының мөлшері, оның ішінде осы Заңның 4-1-бабында белгіленген тәртіппен есептелген жылдық сыйақы ставкасының және жылдық тиімді сыйақы ставкасының мөлшері (микрокредиттің нақты құны);
      8) тараптардың жауаптылығы;
      9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де жағдайлар қамтылуға тиiс.
      3. Мақсатты микрокредит беру жағдайларында микрокредиттiк ұйымның оның мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыруға құқығы бар, ал қарыз алушы микрокредиттiк ұйымның мұндай бақылауды жүзеге асыру мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
      Қарыз алушы микрокредиттi мақсатты пайдалану жөнiндегi мiндеттердi, сондай-ақ осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде көзделген мiндеттi орындамаған кезде микрокредиттiк ұйым микрокредит беру туралы шартты микрокредиттiң берiлмеген бөлiгiне сәйкес орындаудан бас тартуға және қарыз алушыдан микрокредиттi мерзiмiнен бұрын қайтаруды және ол бойынша сыйақыны талап етуге құқылы.
      Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.02.10 N 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4-1-бап. Микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы
                ставкасын есептеу

      1. Жылдық тиімді сыйақы ставкасы – микрокредитті бергені, қызмет көрсеткені және оны өтегені (қайтарғаны) үшін микрокредиттік ұйымға төлеуге жататын сыйақыны, бар болған кезде – комиссиялық және өзге де төлемдерді қамтитын, қарыз алушының шығыстарын ескере отырып есептелетін микрокредит бойынша дәйекті, жылдық, тиімді, салыстырмалы түрде есептелген сыйақы ставкасы.
      Микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы ставкасының мөлшері қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеуді және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған шекті мөлшерден аспауға тиіс.
      2. Микрокредиттік ұйымдар жылдық тиімді сыйақы ставкасын микрокредит беру туралы шарттың тармағында көрсетеді, онда сыйақының жылдық ставкасының мөлшері көрсетіледі.
      3. Берілетін микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы ставкасы мынадай формула бойынша есептеледі:

             (СЖС + ТЖС)/(БҚ/М)
      ЖТСС = ----------------- x 12 x 100, мұнда:
                     М

      ЖТСС – микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы ставкасы;
      СЖС – микрокредитті пайдаланудың бүкіл мерзім ішіндегі сыйақының жалпы сомасы;
      ТЖС – микрокредитті пайдаланудың бүкіл мерзімі ішінде микрокредитті бергені, қызмет көрсеткені және өтегені (қайтарғаны) үшін микрокредиттік ұйымның комиссиялық және өзге де төлемдерінің жалпы сомасы;
      БҚ – микрокредитті пайдаланудың бүкіл мерзімі ішіндегі микрокредит бойынша ай сайынғы берешек қалдықтарының жалпы сомасы;
      М – микрокредитті айлар бойынша өтеу мерзімі.
      4. Микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы ставкасын есептеу кезінде:
      1) микрокредитті өтеудің бүкіл мерзімі ішіндегі микрокредит бойынша сыйақы;
      2) комиссиялық және өзге де төлемдер – микрокредит беру туралы шартқа сәйкес микрокредиттік ұйымға төлеуге жататын микрокредитті алуға, пайдалануға және өтеуге (қайтаруға) байланысты, микрокредит беру туралы шарт жасасқан кезде мөлшері мен төлеу мерзімдері белгілі болған қарыз алушының шығыстары ескеріледі.
      5. Микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы ставкасын есептеу кезінде:
      1) тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл), оның ішінде қарыз алушының микрокредит беру туралы шарттың талаптарын сақтамағаны үшін;
      2) микрокредитке қызмет көрсету бойынша микрокредит беру туралы шартта көзделген, шамасы және (немесе) төлеу мерзімдері шарт жасасқан күні белгісіз болған және қарыз алушының шешіміне және (немесе) оның жасаған әрекетіне (микрокредитті мерзімінен бұрын толық немесе ішінара өтеу) байланысты төлемдер ескерілмейді.
      6. Қарыз алушының ақшалай міндеттемелерінің сомасын (мөлшерін) және (немесе) оларды төлеу мерзімдерін өзгертуге әкеп соғатын микрокредит беру туралы шарттың талаптары өзгерген кезде жылдық тиімді сыйақы ставкасының нақтыланған мәнін есептеу, микрокредит беру туралы шарттың қолданылу мерзімі басталғанда қарыз алушы жүргізген микрокредит бойынша төлемдер ескерілмей, талаптары өзгертілетін күнгі микрокредитті өтеудің қалған мерзіміндегі берешек қалдығы негізге алынып жүргізіледі.
      Ескерту. Заң 4-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.02.10 N 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5-бап. Қарыз алушының микрокредит беру туралы шарт
              бойынша мiндеттемелердi орындауын қамтамасыз ету

      Микрокредиттi беру туралы шарт қарыз алушының мiндеттемелерiн орындауы Қазақстан Республикасының заңдарында немесе микрокредиттi беру туралы шартта көзделген тәсiлдермен қамтамасыз етiледi.

      6-бап. Микрокредиттiк ұйымның құқықтары мен мiндеттерi

      1. Микрокредиттiк ұйым:
      1) қамтамасыз ете отырып не қамтамасыз етпей микрокредиттердi беруге, оның iшiнде берiлген микрокредитке Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен және жағдайларда мүлiктi кепiлге қабылдауға;
      2) микрокредит беру туралы шарт бойынша мiндеттемелердi орындау үшiн қажет мәлiметтердi қарыз алушыдан сұратуға;
      3) Қазақстан Республикасының заңдарына және микрокредит беру туралы шартқа сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
      2. Микрокредиттік ұйым:
      1) орналасқан жерi өзгерген не атауы өзгерген жағдайда қарыз алушыларды микрокредиттiк ұйымның және оның қарыз алушыларының орналасқан жерi бойынша екi баспа басылымында, мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде бұл туралы тиiстi ақпарат жариялау жолымен, не мұндай өзгерiстер болған күннен бастап отыз күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей, әр қарыз алушыны жазбаша хабарландыру жолымен хабардар етуге;
      2) микрокредиттердi беру ережесiнiң көшiрмесiн оны көруге және онымен танысуға қолжетiмдi жерде орналастыруға;
      3) қарыз алушы микрокредиттi алғанға дейiн микрокредиттi алуға және оған қызмет көрсетуге байланысты шығындар туралы оны хабардар етуге;
      4) қарыз алушыны микрокредиттi алуға байланысты оның құқықтары мен мiндеттерi туралы хабардар етуге;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де талаптарды сақтауға мiндеттi.

      7-бап. Қарыз алушының құқықтары мен мiндеттерi

      1. Қарыз алушы:
      1) микрокредиттiк ұйымның микрокредиттердi беру ережелерiмен танысуға;
      2) егер микрокредиттi беру туралы шартта өзгеше көзделмесе, алған микрокредиттi өз қалауы бойынша пайдалануға;
      3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
      2. Қарыз алушы:
      1) алған микрокредиттi қайтаруға және ол бойынша есептелген сыйақыны микрокредиттi беру туралы шартта белгiленген мерзiмде және тәртiппен төлеуге;
      2) микрокредиттiк ұйым осы Заңға сәйкес сұрататын құжаттар мен мәлiметтердi беруге;
      3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де талаптарды орындауға мiндеттi.

      8-бап. Микрокредиттi беру туралы шарт бойынша
             мiндеттемелердi тоқтату

      Микрокредиттi беру туралы шарт бойынша мiндеттемелер Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында көзделген негiздемелер бойынша тоқтатылады.

  3-тарау. Микрокредиттік ұйымдарды құру және
олардың қызметі

      9-бап. Микрокредиттiк ұйымның құқықтық жағдайы

      1. Коммерциялық микрокредиттiк ұйым шаруашылық серiктестiк нысанында құрылуы мүмкін.
      2. Коммерциялық емес микрокредиттiк ұйым қоғамдық қор нысанында құрылуы мүмкiн. Коммерциялық емес микрокредиттiк ұйым тек қана жеке және заңды тұлғалардың қызметiн ынталандыруға бағытталған мiндеттердi қамтамасыз ету және оларға осы Заңға сәйкес қаржылық қолдау көрсету мақсатында құрылады.
      Көрсетiлген мақсаттарға қол жеткiзу үшiн коммерциялық емес микрокредиттiк ұйым микрокредиттер беру жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметтi, сондай-ақ осы Заңда көзделген қызметтiң қосымша түрлерiн жүзеге асыруға құқылы. Коммерциялық емес микрокредиттiк ұйымдардың кiрiстерi оның мүшелерiнiң (қатысушыларының) арасында бөлiнбейдi және осы Заңда көзделген қызмет мақсаттарына бағытталады.
      3. Микрокредиттiк ұйымға бағалы қағаздар шығаруға тыйым салынады.
       Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.12.08 N 198 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      10-бап. Микрокредиттiк ұйымның жарғылық капиталын
               қалыптастыру

      1. Mикрокредиттік ұйымның құрылтайшылары (қатысушылары) құрылатын микрокредиттiк ұйымның жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiн оны мемлекеттiк тiркеу кезiне қарай тек қана Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен ақшалай толық төлеуге мiндеттi.
      2. Құрылатын микрокредиттiк ұйымның жарғылық капиталының және барлық қатысушылар салымдарының ең төменгi мөлшерi Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында тиiстi қаржы жылына арнап белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң мың еселенген мөлшерiнен кем болмауға тиiс.
      3. Осы баптың ережесi коммерциялық емес микрокредиттiк ұйымдарға қолданылмайды.

      11-бап. Микрокредиттiк ұйымның атауы

      1. Микрокредиттiк ұйымның толық атауында мiндеттi түрде "микрокредиттiк ұйым" деген сөздер немесе олардың туынды сөздерi болуға тиiс.
      2. Микрокредиттiк ұйымның қысқартылған атауында мiндеттi түрде "MKҰ" аббревиатурасы болуға тиiс.
      3. Микрокредиттiк ұйым ретiнде тiркелмеген заңды тұлғаның өз атауында "микрокредиттiк ұйым" деген сөздердi, ол микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi жүзеге асырады деп болжайтын олардың туынды сөздерiн немесе "МКҰ" аббревиатурасын пайдалануға құқығы жоқ.

      12-бап. Микрокредиттердi беру ережесi

      Микрокредиттердi беру ережесiнде мынадай мәлiметтер қамтылуға тиіс:
      1) микрокредиттердi беру мерзiмдерi;
      2) берiлетiн микрокредиттер бойынша сыйақы ставкаларының шектi шамасы;
      3) берiлген микрокредиттер жөнiндегi сыйақыны төлеу тәртiбi;
      4) микрокредиттiк ұйым беретiн қамтамасыз етуге ұсынылатын талаптар (ол болған жағдайда).
      Микрокредиттердi беру ережесiнде микрокредиттердi берудiң өзге де талаптары және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн мәлiметтер де болуы мүмкiн.

      13-бап. Iшкi бақылау қызметi

      1. Микрокредиттiк ұйым өзiнiң қаржы-шаруашылық қызметiн бақылауды жүзеге асыру үшiн iшкi бақылау қызметiн құрады.
      2. Iшкi бақылау қызметiнiң жұмыс тәртiбi жарғымен, сондай-ақ ережелермен және микрокредиттiк ұйымның iшкi қызметiн реттейтiн өзге де құжаттармен белгiленедi.

      14-бап. Микрокредиттiк ұйымдар қызметiнiң қосымша түрлерi

      Микрокредиттiк ұйымдар микрокредиттердi беру жөнiндегi қызметiнде қосымша мынадай қызмет түрлерiн жүзеге асыруға құқылы:
      1) Қазақстан Республикасының резиденттерiнен және резидент еместерiнен қарыз (азаматтардан кәсiпкерлiк қызмет ретiнде қарыз түрiнде ақша тартуды қоспағанда) және гранттар тарту;
      2) уақытша еркiн активтердi мемлекеттiк бағалы қағаздарға, корпоративтiк бағалы қағаздарға, екiншi деңгейдегi банктердiң депозиттерiне және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да тәсiлдермен орналастыру;
      3) микрокредиттi қамтамасыз ету ретiнде алынған кепiлге салынған мүлiкпен Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен мәмiлелер жасасу;
      4) басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу;
      5) өзiнiң меншiк мүлкiн сату;
      6) микрокредиттер беру жөнiндегi қызметке байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызмет көрсету;
      7) өзiнiң меншiк мүлкiн жалға беру;
      8) лизинг қызметiн жүзеге асыру;
      9) өтеусiз негiзде оқыту.

      15-бап. Берiлген микрокредит бойынша құжаттаманы
               жүргiзу тәртiбi

      1. Микрокредиттiк ұйым әрбiр берiлген микрокредиттi қарыз алушылардың тiркеу журналында тiркейдi.
      2. Микрокредит алу үшiн қарыз алушы осы баптың 3-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.
      3. Микрокредиттiк ұйым әрбiр берiлген микрокредит бойынша микрокредиттi беру туралы шартқа қол қойылған күннен бастап жасалатын кредиттiк досьенi жүргiзуге тиiс.
      Кредиттiк досье мыналарды қамтуға тиiс:
      1) қарыз алушы қол қойған, микрокредиттi пайдалану мақсаты туралы (мақсатты микрокредит берiлген жағдайда), микрокредиттi өтеу және сыйақы төлеу жөнiндегi мiндеттемелердi қарыз алушының орындауын қамтамасыз етуге берiлетiн, құны көрсетiлген мүлiк туралы не қамтамасыз етудiң болмауы туралы мәлiметтер қамтылған өтiнiш;
      2) қарыз алушының белгiленген тәртiппен куәландырылған құрылтай құжаттарының көшiрмелерi (заңды тұлғалар үшiн);
      3) қарыз алушының жеке куәлiгiнiң көшiрмесi (жеке тұлғалар үшiн);
      4) қарыз алушы өкiлiнiң микрокредит беру туралы шартқа қол қоюға өкiлеттiгiн растайтын құжаттар;
      5) микрокредит беру туралы шарт;
      6) Алынып тасталды - ҚР 2006.12.08 N 198 Заңымен;
      7) берiлген микрокредит мүлiк кепiлiмен қамтамасыз етiлген жағдайда - кепiл туралы шарт.
      4. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, мемлекеттiк тiркеуге жататын мүлiк кепiлi осы мүлiктi мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырған органда тiркелуге тиiс.
      5. Мiндеттемесiн орындау кепiлдiкпен немесе кепiлгерлiкпен қамтамасыз етiлген микрокредит бойынша кредиттiк досьеге мынадай қосымша құжаттар қоса берiледi:
      1) кепiлдiк немесе кепiлгерлiк шарты;
      2) кепiлдiк берушi атынан кепiлдiк шартына немесе кепiлгер атынан кепiлгерлiк шартына қол қоятын өкiлдiң өкiлеттiгiн растайтын құжаттар.
      6. Микрокредит бойынша берешектiң толық немесе iшiнара өтелгенiн растайтын құжаттар кредиттiк досьеге қоса берiлуге және микрокредиттi өтеу көзiн (қарыз алушы аударған не кепiлге салынған мүлiктi сатудан түскен ақша) көрсетуге тиiс.
       Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.12.08 N 198 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      16-бап. Микрокредиттi беру құпиясы

      1. Микрокредиттi беру құпиясы қарыз алушылар, микрокредиттердiң мөлшерi, қарыз алушыға қатысты микрокредиттi беру туралы шарттың өзге де талаптары туралы және микрокредиттiк ұйымның операциялары туралы (микрокредиттердi беру ережелерiн қоспағанда) мәлiметтердi қамтиды.
      Тарату процесiндегi микрокредиттiк ұйымның микрокредиттi беру туралы жасалған шарттары жөнiндегi мәлiметтер микрокредиттердi беру құпиясына жатпайды.
      2. Микрокредиттiк ұйымдар микрокредиттi бepу құпиясына кепiлдiк бередi.
      3. Микрокредиттi беру құпиясы тек қана қарыз алушыға, қарыз алушының жазбаша келiсiмi негiзiнде үшiншi тұлғаға, сондай-ақ осы баптың 4 және 5-тармақтарында көрсетiлген тұлғаларға ашылуы мүмкiн.
      4. Қарыз алушылар туралы, микрокредиттiң мөлшерi туралы, микрокредиттi беру туралы шарттың қарыз алушыға қатысты өзге де талаптары туралы, микрокредиттiк ұйым жүргiзетiн операциялар туралы мәлiметтер:
      1) анықтау және алдын ала тергеу органдарына: мөрмен расталған және прокурор санкция берген жазбаша сауал салу негiзiнде олар жүргiзiп жатқан қылмыстық iстер бойынша;
      2) соттарға: соттың ұйғарымы, қаулысы, шешiмi және үкiмi негiзiнде олар жүргiзiп жатқан iстер бойынша;
      2-1) атқарушылық іс жүргізу органдарына және жеке сот орындаушыларына: атқарушылық іс жүргізу органының мөрімен немесе жеке сот орындаушысының мөрімен расталған, сот орындаушысының сот санкция берген қаулысы негізінде өздері жүргізіп жатқан атқарушылық іс жүргізу бойынша;
      3) прокурорға: оның құзыретi шегiнде, оның қарауында жатқан материал бойынша тексеру жүргiзу туралы қаулысы негiзiнде;
      4) салық органдарына: нұсқама негiзiнде тексерiлетiн тұлғаға салық салуға байланысты мәселелер бойынша;
      5) қарыз алушының өкiлдерiне: нотариат куәландырған сенiмхат негiзiнде берiледi.
      5. Қарыз алушы, микрокредит мөлшерi, микрокредит беру туралы шарттың қарыз алушыға қатысты өзге де талаптары жөнiндегi мәлiметтер, қарыз алушы қайтыс болған жағдайда, осы баптың 4-тармағында көзделген тұлғаларды қоспағанда, жазбаша сауал салу негiзiнде, сондай-ақ:
      1) қарыз алушы өсиетте көрсеткен тұлғаларға;
      2) нотариустерге: нотариустiң мөрiмен расталған, оның жазбаша сауал салуы негiзiнде олар жүргiзiп жатқан мұрагерлiк iстер бойынша. Нотариустiң жазбаша сауал сaлуына қайтыс болғандығы туралы куәлiктiң көшiрмесi қоса берiлуге тиiс;
      3) шетелдiк консулдық мекемелерге: олар жүргiзiп жатқан мұрагерлiк iстер бойынша берiледi.
      Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.06.22 N 147, 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

       17-бап. Бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзу және қаржы
              есептiлiгiн жасау

      Микрокредиттiк ұйымның бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзуi және қаржы есептiлiгiн жасауы осы Заңның және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу және қаржы есептiлiгi туралы заңдарының ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.

       18-бап. Құжаттарды сақтау

      Микрокредиттiк ұйымның қызметiне байланысты құжаттарды сақтау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

       19-бап. Микрокредиттер беру жөнiндегi қызметке және
              шындыққа сәйкес келмейтiн жарнамаға тыйым салу

      1. Банктердi және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, микрокредиттiк ұйымдар ретiнде тiркелмеген заңды тұлғалардың микрокредиттер беру жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға құқығы жоқ.
 
      2. Микрокредиттiк ұйымдарға өздерiнiң қызметi туралы, ол жарияланған күнi шындыққа сәйкес келмейтiн, жарнама беруге тыйым салынады.

       20-бап. Микрокредиттiк ұйымдарды қайта ұйымдастыру
              және тарату

      Микрокредиттiк ұйымдарды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.

  4-тарау. Қорытынды ережелер

       21-бап. Микрокредиттiк ұйымдардың қызметiн мемлекеттiк
              бақылау

      Микрокредиттiк ұйымдардың қызметiн мемлекеттiк бақылау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.

       22-бап. Қазақстан Республикасының микрокредиттiк
              ұйымдар туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық

      Қазақстан Республикасының микрокредиттiк ұйымдар туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 262565
    Қазақ тілінде 131083
    Орыс тілінде 130588
    Ағылшын тілінде 894
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы