Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 шілдедегі N 55-IV Заңы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20, 23-құжаттар; N 4, 28, 33-құжаттар; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 13, 99-құжат; N 15, 106-құжат; N 16, 131-құжат; N 17, 136, 139, 140-құжаттар; N 18, 143, 144-құжаттар; N 19, 146, 147-құжаттар; N 20, 152-құжат; N 24, 180-құжат; 2008 ж., N 6-7, 27-құжат):

      1) мынадай мазмұндағы 34-1-баппен толықтырылсын:

      "34-1-бап. Құқық бұзушылықты арнайы техникалық құралдар
                 тіркеген кездегі әкімшілік жауаптылықтың
                 ерекшеліктері

      1. Әкімшілік құқық бұзушылық сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдарымен және аспаптарымен тіркелген жағдайда, жол жүрісі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылыққа көлік құралдарының меншік иелері (иелері) тартылады.
      2. Егер көлік құралының меншік иесінің (иесінің) хабарламасы немесе өтініші бойынша тексеру барысында құқық бұзушылық тіркелген кезде көлік құралы иелігінде болған адам анықталса не басқа адамдардың құқыққа қарсы әрекеттерінің салдарынан көлік құралы оның иелігінен шыққан болса, осы көлік құралының қатысуымен жасалған құқық бұзушылық үшін ол әкімшілік жауаптылықтан босатылады.
      Ескерту.
      Осы Кодекстің баптарында көлік құралын меншік құқығымен иеленетін жеке тұлғалар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға тиесілі көлік құралдары уақытша иелену мен пайдалануға берілген жеке тұлғалар көлік құралдарының иелері болып танылады.
      Осы Кодекстің баптарында сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдары мен аспаптары деп құқық бұзушылықтарды бақылау мен тіркеудің метрологиялық салыстырып тексеруден өткен техникалық құралдары мен аспаптарын, құқық бұзушылықтың жасалу фактісі мен уақытын, көлік құралының түрін, маркасын, мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгісін, сондай-ақ жүрісінің жылдамдығы мен бағытын тіркейтін фото-, бейне аппаратураны түсіну қажет.";

      2) 51-бапта:
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Көлік құралдарын жүргізу құқығын қоспағанда, арнаулы құқықтан айыру мерзімі бір айдан кем болмауға және екі жылдан аспауға тиіс.";

      мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-бөліктермен толықтырылсын:
      "3-1. Көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыру мерзімі алты айдан екі жылға дейін болуы мүмкін.
      3-2. Алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан мас күйінде көлік құралдарын жүргізгені үшін құқықтан айыру мерзімі екі жылдан он жылға дейін болуы мүмкін.";

      3) 58-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "58-бап. Жол жүрісі ережелерін білуін тексеру

      Осы Кодекстің 461 (сегізінші бөлігінде), 461-1 (екінші бөлігінде), 462 (төртінші бөлігінде), 463 (төртінші бөлігінде), 463-1 (үшінші бөлігінде), 463-2 (төртінші бөлігінде), 463-3 (төртінші бөлігінде), 463-4 (төртінші бөлігінде), 463-5 (үшінші бөлігінде), 463-6 (екінші бөлігінде), 463-7 (екінші бөлігінде), 463-8 (екінші бөлігінде), 464 (екінші бөлігінде)-баптарында көзделген құқық бұзушылықтарды жасаған көлік құралдарының жүргізушілері жол жүрісі ережелерін білуін тексеру үшін емтихан тапсыруға жіберіледі.
      Жол жүрісі ережелерін білуін тексеруге жіберу туралы қаулыны осы Кодекстің аталған баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті органдар (лауазымды адамдар) шығарады.";

      4) 461-бапта:
      тақырыбындағы "Жүргізушілердің көлік" деген сөздер "Көлік" деген сөзбен, "бұзуы" деген сөз "бұзу" деген сөзбен ауыстырылсын;

      бірінші бөлікте:
      бірінші абзацтағы "тіркеу белгілері" деген сөздер "тіркеу нөмірінің белгілері (белгісі)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгілері (белгісі) жоқ немесе оны пайдалануға тыйым салынғаннан кейін немесе белгіленген тәртіп бойынша тіркелмеген көлік құралдарын жүргізу -
      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Көлік құралына көрінеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгілерін (белгісін) орнату -
      жеке тұлғаларға - он бес, көлік құралдарының пайдаланылуына жауапты лауазымды адамдарға - елу, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:
      "3-1. Көрінеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгілері (белгісі) бар көлік құралын жүргізу -
      жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе бір жыл мерзімге көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.";

      төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      бесінші бөліктің екінші абзацындағы "айлық есептік көрсеткіштің бірден екіге дейінгі" деген сөздер "он бес айлық есептік көрсеткіш" деген сөздермен ауыстырылсын;

      алтыншы бөлікте:
      бірінші абзацтағы "Мемлекеттік техникалық байқаудан өтпеген не тиісті" деген сөздер "Тиісті" деген сөзбен ауыстырылсын;

      екінші абзацтағы "айлық есептік көрсеткіштің бестен жетіге дейінгі" деген сөздер "он бес айлық есептік көрсеткіш" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы жетінші және сегізінші бөліктермен толықтырылсын:
      "7. Мемлекеттік техникалық байқаудан өтпеген көлік құралын жүргізу -
      үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      8. Осы баптың бірінші, төртінші және бесінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
      жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      5) мынадай мазмұндағы 461-1-баппен толықтырылсын:

      "461-1-бап. Көлік құралын жүргізу кезінде жүргізушінің
                  телефонды не радиостанцияны пайдалануы

      1. Көлік құралын жүргізу кезінде жүргізушінің телефонды не радиостанцияны пайдалануы -
      бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
      жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. Көлік құралын жүргізу кезінде телефонды не радиостанцияны тыңдауыш немесе қатты дауысты байланыс арқылы пайдалануға рұқсат етіледі.";

      6) 462-бапта:
      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      "4. Осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -

      7) 463-бапта:
      тақырып пен бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "463-бап. Көлік құралдарын жүргізушілердің маршруттық көлік
                құралдарын тоқтатудың, тұрғын аймақтарда жүрудің,
                жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудың ережелерін
                сақтамауы және жол жүрісінің ережелерін басқа да
                өрескел бұзу

      1. Көлік құралдарын жүргізушілердің маршруттық көлік құралдарын тоқтату, тұрғын аймақтарда жүру, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерімен жабдықталған көлік құралдарымен жүру кезінде қауіпсіздік бөліктерін, мотоциклдерді жүргізу және онымен жолаушыларды тасымалдау кезінде мотошлемдерді пайдалану, көлік құралдарын сүйретуге алу, тәуліктің қараңғы мезгілінде немесе анық көрінбейтін ала-көлеңке кезде жарық беретін аспаптарды пайдалану ережелерін сақтамауы -
      бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      1-1-бөлік алып тасталсын;

      "4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      8) мынадай мазмұндағы 463-1, 463-2, 463-3, 463-4, 463-5, 463-6, 463-7 және 463-8-баптармен толықтырылсын:

      "463-1-бап. Жол қиылыстарынан өту ережелерін бұзу
                  немесе жолдың жүру бөлігін кесіп өту

      1. Көлденең бағыттағы көлік құралдарының жүрісіне кедергі келтіруге (кептеліске) әкеп соқтыратын кептеліс пайда болған жағдайда жол қиылысына шығу немесе жолдың жүру бөлігін кесіп өту -

      2. Жол жүрісі ережелерінің жол қиылысынан өтуде басымдық құқығын пайдаланатын көлік құралына жол беру талаптарын орындамау -

      3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      463-2-бап. Маневр жасау ережелерін бұзу

      1. Жол жүрісі ережелерінің жүру, қайта орналасу, бұрылу, кері бұрылу немесе тоқтау алдында сигнал беру талаптарын орындамау -

      2. Мұндай маневрлар жасауға тыйым салынған жерлерде кері бұрылу немесе артқа жүру -

      3. Осы Кодекстің 463-1-бабының екінші бөлігінде және 463-5-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жол жүрісі ережелерінің жүрудің басымдық құқығын пайдаланатын көлік құралына жол беру талаптарын орындамау -

      4. Осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -

      463-3-бап. Көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру,
                 қарама-қарсы жүріп өту немесе басып озу ережелерін
                 бұзу

      1. Жол жүрісі ережелерін бұза отырып, жүргіншілер жолымен, жол жиегімен немесе тротуармен жүру -

      2. Көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарама-қарсы жүріп өту немесе жолдың жүру бөлігінің қарсы бағытта жүруге арналған жағына шықпай басып озу ережелерін бұзу, сол сияқты ұйымдасқан көліктік немесе жаяу колоннаны кесіп өту не одан орын алу -

      3. Егер жол жүрісі ережелерімен тыйым салынған болса, жолдың жүру бөлігінің қарсы жүруге арналған жағына шығу -
      он бес айлық есеп көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -

      5. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
      алты ай мерзімге көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.

      463-4-бап. Көлік құралдарын тоқтату немесе оларды қою
                 ережелерін бұзу

      1. Осы Кодекстің 463-бабының бірінші бөлігінде, 466-бабында және осы баптың екінші-үшінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, көлік құралдарын тоқтату немесе оларды қою ережелерін бұзу -

      2. Көлік құралдарын тротуарда тоқтату немесе қою ережелерін бұзу, сондай-ақ көлік құралдарын гүлзарларда, балалар немесе спорт алаңдарында тоқтату немесе оларды қою -
      алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Басқа көлік құралдарының жүрісіне кедергі келтіруге әкеп соқтырған, жолдың жүру бөлігінде көлік құралдарын тоқтату немесе оларды қою ережелерін бұзу -

      4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -

      463-5-бап. Арнайы жарық және дыбыс сигналдары іске
                 қосылған жедел және арнайы қызметтер көлік
                 құралының жүруіне басымдық бермеу

      1. Бір мезгілде жарқылдауық маягі мен арнайы дыбыс сигналы іске қосылған жедел және арнайы қызметтер көлік құралының жүруіне басымдық бермеу -

      2. Сыртқы жағында арнайы түсті-графикалық схемалар, жазулар және белгілер бар, бір мезгілде жарқылдауық маягі мен арнайы дыбыс сигналы іске қосылған жедел және арнайы қызметтер көлік құралының жүруіне басымдық бермеу -

      463-6-бап. Бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе
                 реттеушінің тыйым салатын қимылына қарамай
                 өтіп кету

      1. Осы Кодекстің 466-бабының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушінің тыйым салатын қимылына қарамай өтіп кету -

      жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      463-7-бап. Жүргіншілерге немесе жол жүрісінің өзге де
                 қатысушыларының жүруіне басымдық бермеу

      1. Басымдық құқығын пайдаланатын көлік құралдарының жүргізушілерін қоспағанда, жол жүрісі ережелерінің жүргіншілерге немесе жол жүрісінің өзге де қатысушыларына жол беру талаптарын орындамау -

      463-8-бап. Жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігіндегі
                 таңбалармен көрсетілген талаптарды сақтамау

      1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігіндегі таңбалармен көрсетілген талаптарды сақтамау -

      9) 464-бапта:
      тақырыбындағы "құралдарын және" деген сөздер "аспаптарын және (немесе)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бірінші бөлікте:
      бірінші абзацтағы "құралдарын және" деген сөздер "аспаптарын және (немесе)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
      жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      10) мынадай мазмұндағы 464-1-баппен толықтырылсын:

      "464-1-бап. Көлік құралына арнайы жарық және (немесе) дыбыс
                  сигналдарын беруге арналған құрылғыларды орнату
                  ережелерін бұзу не жедел және арнайы қызметтер
                  автомобильдерінің арнайы түсті-графикалық
                  схемаларын заңсыз жазу

      1. Көлік құралының алдыңғы бөлігіне қызыл түсті жарығы бар жарық аспаптарын немесе қызыл түсті жарық қайтаратын жабдықтарды, сол сияқты түсі мен жұмыс режимі көлік құралдарын пайдалануға жіберудің талаптарына сәйкес келмейтін жарық аспаптарын орнату -
      аталған аспаптар мен жабдықтарды тәркілей отырып, жеке тұлғаларға - он бес, көлік құралдарының пайдаланылуына жауапты лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері, коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір жарым мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Арнайы жарық және (немесе) дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды (күзет сигнализациясын қоспағанда) көлік құралына тиісті рұқсатсыз орнату -
      аталған құрылғыларды тәркілей отырып, жеке тұлғаларға - жиырма бес, көлік құралдарының пайдаланылуына жауапты лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері, коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Көлік құралының сыртқы жағына жедел және арнайы қызметтер автомобильдерінің арнайы түсті-графикалық схемаларын заңсыз жазу -
      жеке тұлғаларға - жиырма бес, көлік құралдарының пайдаланылуына жауапты лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері, коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      11) 465, 466 және 467-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "465-бап. Жол жүрісіне қатысушының жол жүрісі ережелерін
                авариялық ахуал туғызуға әкеп соғатындай дәрежеде
                бұзуы

      1. Жол жүрісіне қатысушының авариялық ахуал туғызуға әкеп соқтыратындай, яғни жол жүрісіне басқа қатысушыларды жүріс жылдамдығын, бағытын күрт өзгертуге мәжбүр етіп, жол жүрісі ережелерін бұзуы -

      алты ай мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.

      466-бап. Теміржол өткелдерінен өту ережелерін бұзу

      1. Теміржол өткелдерінен тыс жерден теміржолды кесіп өту, жабық тұрған немесе жабылып жатқан шлагбаумнан не бағдаршам немесе өткел кезекшісі тыйым салатын сигнал берген кезде теміржол өткелдеріне шығу, сол сияқты теміржол өткелінде тоқтау немесе тұру -

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -

      467-бап. Жүргізушінің алкогольден, есірткіден және (немесе)
               уытқұмарлықтан мас күйінде көлік құралын жүргізуі,
               сол сияқты көлік құралын жүргізуді алкогольден,
               есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан мас күйдегі
               адамға беру

      1. Жүргізушінің алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан мас күйінде көлік құралын жүргізуі, не көлік құралын жүргізуді алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан мас күйдегі адамға беру -
      екі жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.
      2. Авариялық ахуал туғызуға әкеп соқтырған нақ сол іс-әрекеттер -
      үш жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, жәбірленушінің денсаулығына қылмыстық жазалау әрекетінің белгілері жоқ зақым келтіруге немесе көлік құралдарын, жүктерді, жол құрылыстары мен өзге де құрылыстарды не өзге мүлікті бүлдіруге әкеп соқтырған іс-әрекеттер -
      төрт жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.
      4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жазаның мерзімі аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
      он тәулікке әкімшілік қамауға және бес жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.
      5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген әкімшілік жазаның мерзімі аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол іс-әрекеттер -
      он бес тәулікке әкімшілік қамауға және он жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.
      6. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған адам жасаған іс-әрекеттер -
      он тәулікке әкімшілік қамауға әкеп соғады.
      7. Осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген әкімшілік жазаның мерзімі аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол іс-әрекеттер -
      он бес тәулікке әкімшілік қамауға әкеп соғады.
      8. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші бөліктерінде көзделген, көлік құралын жүргізу құқығы жоқ адамдар жасаған іс-әрекеттер -

      9. Осы баптың сегізінші бөлігінде көзделген әкімшілік жазаның мерзімі аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол іс-әрекеттер -

      10. Осы баптың алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы бөліктерінде көзделген, осы Кодекстің 55-бабының үшінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамау қолданылмайтын адамдар жасаған іс-әрекеттер -
      жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. Жүргізушінің мас күйде (алкогольден, есірткіден, уытқұмарлықтан) болуы осы Кодекстің 629-бабының үшінші бөлігінде белгіленген тәртіппен айқындалады.";

      12) 468-бапта:

      "он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе тоғыз ай мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.";

      екінші бөліктің екінші абзацында:
      "айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі" деген сөздер "он бес айлық есептік көрсеткіш" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "немесе" деген сөз "және" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "алты айдан бір жылға дейінгі" деген сөздер "бір жыл" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөліктің екінші абзацындағы "айлық есептік көрсеткіштің бестен он беске дейінгі" деген сөздер "жиырма айлық есептік көрсеткіш" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 469-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "бір жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.";

      14) 470-бапта:
      бірінші бөлікте:
      бірінші абзац "орнына берілген" деген сөздерден кейін "уақытша" деген сөзбен толықтырылсын;

      екінші бөліктің екінші абзацындағы "айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі" деген сөздер "он бес айлық есептік көрсеткіш" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
      "4. Көлік құралын жүргізу құқығынан айрылған жүргізушінің көлік құралын жүргізуі не көлік құралын жүргізу құқығынан айрылған адамға көлік құралын жүргізуге беру -

      5. Осы баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
      отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      15) 471-бапта:
      тақырыптағы "масаң күйін" деген сөздер "алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан мас күйін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 1-2-бөлікпен толықтырылсын:
      "1-2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
      алты ай мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.";

      екінші бөлікте:
      бірінші абзацтағы "алкогольмен, есірткімен, уытқұмарлықпен масаю күйін" деген сөздер "алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан мас күйін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "екі жыл мерзімге көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.";

      16) 473-бапта:

      екінші бөліктің екінші абзацындағы "айлық есептік көрсеткіштің төрттен сегізге дейінгі" деген сөздер "он айлық есептік көрсеткіш" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе үш тәулікке әкімшілік қамауға әкеп соғады.";

      17) 484-бапта:
      бірінші бөлікте:
      бірінші абзацта:
      "468, 470" деген цифрлар алып тасталсын;

      "бірнеше" деген сөз "үш және одан да көп" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзацта:
      "айлық есептік көрсеткіштің үштен беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға немесе" деген сөздер алып тасталсын;

      "үш айдан алты айға дейінгі" деген сөздер "алты ай" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "айлық есептік көрсеткіштің оннан отызға дейінгі" деген сөздер "отыз айлық есептік көрсеткіш" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөлікте:
      бірінші абзацта:
      "461," деген цифрлардан кейін "461-1," деген цифрлармен толықтырылсын;

      "463," деген цифрлардан кейін "463-1, 463-2, 463-3, 463-4, 463-5, 463-6, 463-7, 463-8," деген цифрлармен толықтырылсын;

      "468, 469, 470" деген цифрлар алып тасталсын;

      "екі" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын;

      18) 541-баптың бірінші бөлігіндегі "461 (үшінші бөлігінде), 462 (екінші және үшінші бөліктерінде), 463 (1-1-бөлігінде), 464 (екінші бөлігінде), 465, 466, 467 (бірінші-үшінші, бесінші бөліктерінде), 468 (бірінші және екінші бөліктерінде), 469, 471" деген сөздер "461 (3-1-бөлігінде), 463-3 (бесінші бөлігінде), 464-1 (бірінші және екінші бөліктерінде), 465 (екінші бөлігінде), 466 (екінші бөлігінде), 467, 468 (бірінші және екінші бөліктерінде), 469, 471 (1-1, 1-2 және екінші бөліктерінде), 473 (үшінші бөлігінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      19) 543-бапта:
      бірінші бөліктегі "461 (бірінші, екінші, төртінші-алтыншы бөліктерінде), 462 (бірінші және екінші бөліктерінде), 463 (бірінші бөлігінде), 464 (бірінші бөлігінде), 467 (төртінші, алтыншы бөліктерінде), 468 (үшінші бөлігінде), 470, 472-476," деген сөздер "461 (бірінші-үшінші, төртінші-сегізінші бөліктерінде), 461-1, 462, 463 (бірінші және төртінші бөліктерінде), 463-1, 463-2, 463-3 (бірінші-төртінші бөліктерінде)-463-8, 464, 464-1 (үшінші бөлігінде), 465 (бірінші бөлігінде), 466 (бірінші бөлігінде), 468 (үшінші бөлігінде), 470, 471 (бірінші бөлігінде), 472, 473 (бірінші және екінші бөліктерінде), 474-476," деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктің 6) және 7) тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) осы Кодекстің 461 (үшінші және сегізінші бөліктерінде), 461-1 (екінші бөлігінде), 462 (төртінші бөлігінде), 463 (төртінші бөлігінде), 463-1 (үшінші бөлігінде), 463-2 (төртінші бөлігінде), 463-3 (төртінші бөлігінде), 463-4 (төртінші бөлігінде), 463-5 (үшінші бөлігінде), 463-6 (екінші бөлігінде), 463-7 (екінші бөлігінде), 463-8 (екінші бөлігінде), 464 (екінші бөлігінде), 464-1 (үшінші бөлігінде), 468 (үшінші бөлігінде), 470 (екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 471 (бірінші бөлігінде), 472, 474, 475, 485-487-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін - ішкі істер органдары жол полициясы комитетінің төрағасы, басқармаларының, бөлімдерінің, бөлімшелерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары;
      7) осы Кодекстің 175 (екінші бөлігінде) (көлік құралдарының иелері және автомобиль көлігімен және қалалық электр көлігімен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 247, 461 (бірінші, екінші, төртінші-жетінші бөліктерінде), 461-1 (бірінші бөлігінде), 462 (бірінші-үшінші бөліктерінде), 463 (бірінші бөлігінде), 463-1 (бірінші және екінші бөліктерінде), 463-2 (бірінші-үшінші бөліктерінде), 463-3 (бірінші-үшінші бөліктерінде), 463-4 (бірінші-үшінші бөліктерінде), 463-5 (бірінші және екінші бөліктерінде), 463-6 (бірінші бөлігінде), 463-7 (бірінші бөлігінде), 463-8 (бірінші бөлігінде), 464 (бірінші бөлігінде), 466 (бірінші бөлігінде), 470 (бірінші, үшінші бөліктерінде), 473 (бірінші және екінші бөліктерінде), 476, 485 (бірінші бөлігінде) (жеке тұлғаларға қатысты)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін - арнаулы атағы бар жол полициясының қызметкерлері;";

      20) 604-баптың екінші бөлігінде:
      бірінші абзацтағы "құқық бұзушылықты байқау мен тіркеудің метрологиялық тексеруден өткен" деген сөздер алып тасталсын;

      екінші абзацтағы "құқық бұзушылықты байқау мен тіркеудің метрологиялық тексеруден өткен аспаптарының, көлік құралдарының түрін, жүру уақытын, жылдамдығы мен бағытын тіркейтін фото-, бейне аппаратуралардың" деген сөздер "аспаптарының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      21) 628-бапта:
      жетінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
      "Жол жүрісі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша алып қойылған құжаттар іс бойынша қабылданған қаулы орындалғанға дейін сақталады.";

      мынадай мазмұндағы 7-1-бөлікпен толықтырылсын:
      "7-1. Жол жүрісі ережелерін білуін тексеруге жіберу туралы қаулы бойынша алып қойылған жүргізуші куәлігі немесе көлік құралын жүргізуге құқық беретін жүргізуші куәлігінің орнына берілген куәлік, иесі жол жүрісі ережелерін білуін тексеруге арналған емтиханды тапсырған жағдайда жүргізушіге қайтарылады.
      Жүргізуші емтиханға жіберу туралы қаулыны алған күннен бастап екі ай ішінде жол жүрісі ережелерін білуін тексеруге арналған емтихан тапсырмаған жағдайда, қаулы шығарған лауазымды адам Қазақстан Республикасының жол жүрісі қауіпсіздігі саласындағы заңнамасында көзделген шараларды қолданады.
      Алып қойылған жүргізуші куәлігінің орнына жүргізушіге уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша уақытша куәлік беріледі.";

      22) 630-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Осы Кодекстің 283-285, 287, 289, 297, 298, 298-1, 302-306, 447, 447-1, 447-2, 447-3, 447-4, 451, 453, 457, 460, 461 (екінші, үшінші және 3-1-бөліктерінде), 463 (екінші және үшінші бөліктерінде), 463-4 (үшінші, төртінші бөліктерінде), 467, 470 (бірінші, екінші, төртінші, бесінші бөліктерінде), 471 (екінші бөлігінде), 514 (461-471-баптарда көзделген құқық бұзушылықтар бөлігінде), 524 (461-471-баптарда көзделген құқық бұзушылықтар бөлігінде)-баптарында аталған бұзушылықтар жасалған кезде, осы баптың екінші бөлігінде аталған уәкілетті лауазымды адам көлік құралдарын, шағын көлемді кемені уақытша сақтау үшін оларды арнаулы алаңдарға немесе тұрақтарға, оның ішінде басқа көлік құралын (эвакуаторды), шағын көлемді кемені пайдалана отырып жеткізу арқылы ұстау себептері жойылғанға дейін ұстауға, жеткізуге және пайдалануға тыйым салуға құқылы;
      осы Кодекстің 461 (бірінші, төртінші - сегізінші бөліктерінде), 463-4 (бірінші және екінші бөліктерінде), 468, 469-баптарында аталған бұзушылықтар жасалған кезде, осы баптың екінші бөлігінде аталған уәкілетті лауазымды адам көлік құралын пайдалануға тыйым салу себептері жойылғанға дейін мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгілерін алып қою арқылы көлік құралдарын пайдалануға тыйым салуға құқылы.";

      23) 634-баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдары мен аспаптарының көрсеткіштері себеп болып табылады.";

      24) 635-бап мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
      "Ескерту. Жол жүрісінің қауіпсіздігі саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамға қатысты хаттама жасау кезінде салық төлеушінің тіркеу нөмірі болса, ол көрсетіледі.";

      25) 636-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының екінші абзацындағы "461 (үшінші бөлігі), 462 (екінші және үшінші бөліктері), 463 (1-1-бөлігі), 464 (екінші бөлігі), 465, 466, 467 (бірінші-үшінші, бесінші бөліктері), 468 (екінші бөлігі), 469, 471 (бірінші және екінші бөліктері), 477 (үшінші бөлігі), 484, 501, 518, 521, 524" деген сөздер "461 (3-1-бөлігі), 463 (екінші, үшінші бөліктері), 463-3 (бесінші бөлігі), 464-1 (бірінші және екінші бөліктері), 465 (екінші бөлігі), 466 (екінші бөлігі), 467, 468 (бірінші және екінші бөліктері), 469, 471 (1-2 және екінші бөліктері), 473 (үшінші бөлігі), 474, 475, 477 (үшінші бөлігі), 484, 501, 514 (461-471-баптарда көзделген құқық бұзушылықтар бөлігінде), 518, 521, 524 (461-471-баптарда көзделген құқық бұзушылықтар бөлігінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      26) 638-баптың бесінші бөлігінде:
      "құқық бұзу фактісін және құқық бұзушының жеке басын дұрыс анықтауға мүмкіндік беретін" деген сөздер алып тасталсын;

      "метрологиялық тексеруден өткен құқық бұзушылықты бақылау мен тіркеу аспаптарының, фото-, бейне аппаратураның" деген сөздер "аспаптарының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      27) 639-бапта:
      бірінші бөліктің бірінші абзацындағы "құқық бұзушылық жасау фактісін мойындаса" деген сөздерден кейін "және осы баптың 1-1-бөлігінде көзделген жағдайларда" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
      "1-1. Осы Кодекстің 539-бабының үшінші бөлігінде, 639-бабының үшінші бөлігінде аталған жағдайларды қоспағанда, жол жүрісі қауіпсіздігі саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмайды.
      Айыппұл түріндегі жазаны оған уәкілетті лауазымды адам осы Кодекстің 710-бабында белгіленген тәртіппен қолданады және төлете алады.
      Егер әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдарымен және аспаптарымен тіркелсе, айыппұл арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралының немесе аспабының көрсетулері қоса беріліп, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама түрінде рәсімделеді, бұл туралы көлік құралының меншік иесі (иесі) тиісінше хабардар етіледі.";

      "3. Егер адам осы баптың бірінші және 1-1-бөліктерінде белгіленген тәртіппен қолданылатын жазаға дау айтса не әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жерде айыппұл төлеуге мүмкіндігі болмаса, осы Кодекстің 618-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары қолданыла отырып, осы Кодекстің 635-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалады.";

      28) 650-бап мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
      "1-1. Көлік құралын жүргізушіні жол жүрісі ережелерін білуін тексеруге арналған емтиханды тапсыруға жіберген кезде жол жүрісі ережелерін білуін тексеруге жіберу туралы қаулы шығарылады, оның көшірмесі емтихан тапсыруға жіберілген адамға беріледі.";

      29) 707-баптың бірінші бөлігі:
      "қаулы шығарған" деген сөздерден кейін ", айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама берген" деген сөздермен толықтырылсын;

      "заңды күшіне енген" деген сөздерден кейін ", айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы шығарған" деген сөздермен толықтырылсын;

      30) 708-баптың бірінші, үшінші және төртінші бөліктері "айыппұл салу туралы қаулыны", "айыппұл салу туралы қаулы" деген сөздерден кейін тиісінше ", айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы", ", айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. "Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы" 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 14, 273-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат; 2003 ж., N 10, 54-құжат; N 12, 82-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж, N 7-8, 23-құжат; 2006 ж, N 1, 5-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж, N 2, 18-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "автомагистраль - бір-бірінен бөліп тұратын жолақпен, ал ол болмаған жағдайда, жол қоршауымен бөлінген, жүрістің әрбір бағыты үшін жүру бөліктері бар, басқа жолдарды, теміржолдарды немесе трамвай жолдарын, жаяу немесе велосипедпен жүретін жолдарды бір деңгейде кесіп өтпейтін жол.";

      2) 6-баптың жетінші абзацы алып тасталсын;

      3) 7-бап мынадай мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын:
      "жолдарды жобалау, салу, жөндеу, күтіп ұстау және басқару кезінде тапсырыс беруші ұсынған нормативтік, жобалық және техникалық құжаттаманы келісу;";

      4) 10-баптың 2-тармағы алып тасталсын;

      5) 16-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Көлік құралдарын жүргізу құқығының тоқтатылуына:
      1) жүргізуші куәлігінің белгіленген қолданылу мерзімінің бітуі;
      2) жүргізуші денсаулығының көлік құралдарын қауіпсіз жүргізуге кедергі келтіретіндей нашарлап, оның медициналық қорытындымен расталуы негіздемелер болып табылады.
      Көрінеу психикалық бұзылулар мен мінез-құлықтың бұзылуы, көру органы дамуының кемістігі, көру функциясын бұзатын жаңадан пайда болған қатерсіз ісіктер, органның туа біткен кемістігі немесе органнан не бүлінген органның қызметін бұзатын оның бір бөлігінен жүре келе айырылу, олардың көлік құралдарын толыққанды жүргізуге кедергі келтіруі көлік құралдарын жүргізуге жарамдылықты растау үшін медициналық куәландыруға жіберуге негіздемелер болып табылады;
      3) жүргізушінің жол жүрісі ережелерін білуін тексеруге жіберу туралы қаулыны алған күннен бастап екі ай ішінде жол жүрісі ережелерін білуін тексеруге арналған емтиханды тапсырмауы;
      4) көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыру негіздеме болып табылады.
      Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздемелер бойынша көлік құралдарын жүргізу құқығының тоқтатылуы уәкілетті органның (лауазымды адамның) талап арызы бойынша, азаматтық іс жүргізу заңнамасында көзделген тәртіппен сот шешімі бойынша жүзеге асырылады.
      Көлік құралын жүргізу құқығы тоқтатылған кезде осы құқық:
      осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген негіздеме бойынша - жол жүрісі ережелерін білуін тексеруге арналған емтихан тапсырғаннан және медициналық тексеруден өткеннен кейін;
      осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген негіздеме бойынша - егер көлік құралдарын жүргізу құқығын тоқтатудың себептері жойылатын болса, сот шешімі бойынша;
      осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген негіздеме бойынша - осы Заңның 15-бабында белгіленген тәртіппен;
      осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген негіздеме бойынша - емтихан тапсырғаннан және көлік құралын басқару құқығынан айыру мерзімі аяқталғаннан кейін қайта қалпына келтіріледі.".

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                        Н. Назарбаев

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 259444
    Қазақ тілінде 129657
    Орыс тілінде 128961
    Ағылшын тілінде 826
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы