Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 ақпандағы N 128 Заңы

       1-бап.  Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

       1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексіне  (Ерекше бөлім), (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 16-17, 642-құжат; N 23, 929-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 7-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 14, 103-құжат; N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 3-4, 16-құжат; N 5, 25-құжат; N 6, 42-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 21-22, 87-құжат; 2006 жылғы 5 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2005 жылғы 30 желтоқсанда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лицензиялау және шоғырландырылған қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңы ):

      1) 807-бапта:
      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Азаматтардың және заңды тұлғалардың, соның ішінде:
      1) азаматтардың белгілі бір жасқа дейін немесе сақтандыру шартында белгіленген мерзімге дейін өмір сүруіне, өліміне, азаматтардың өмірінде белгілі бір оқиғалардың басталуына;
      2) жазатайым жағдайлардың және өзге де оқиғалардың, аурулардың салдарынан азаматтардың өмірі мен денсаулығына зиян келтірілуіне;
      3) мүлікті иеленуiне, пайдалануына және оған билiк етуiне;
      4) басқа тұлғаларға, соның ішінде шартты (міндеттемелерді) бұзу салдарынан келтірілген зиянды өтеу міндетіне байланысты кез келген мүліктік мүдделері мүліктік және жеке сақтандыру объектілері бола алады.";

      2-тармақ "құқыққа қайшы" деген сөздерден кейін "мүліктік" деген сөзбен толықтырылсын;

      3-тармақ "көзделген" деген сөзден кейін "мүліктік" деген сөзбен толықтырылсын;

      2) 809-бапта:
      1-тармақ "өзге де" деген сөздерден кейін "мүліктік" деген сөзбен толықтырылсын;

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Мүлiктi және оған байланысты мүліктік мүдделердi сақтандыру мүлiктiк сақтандыруға жатады.";

      5-тармақтағы "(келтiрiлген зияндар үшiн жауаптылықты сақтандыру)" және "(шарт бойынша жауаптылықты сақтандыру)" деген сөздер алып тасталсын;

      3) 809-1-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Сақтандыру жағдайы туған кезде, соның ішінде сақтандыру шартында белгіленген кезең не олардың қайсысының бұрын туындауына байланысты сақтандыру шартында көзделген өзге оқиға аяқталғанда сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру жинақтаушы сақтандыру болып табылады.";

      2-тармақтағы "Сақтандыру жағдайы" деген сөздердің алдынан "Туындауының ықтималдық және кездейсоқ белгілері бар" деген сөздермен толықтырылсын;

      3 және 5-тармақтардағы "Аннуитет шарты" деген сөздер "Аннуитеттік сақтандыру шарты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 810-812-баптар алып тасталсын;

      5) 816-баптың 3-тармағы алып тасталсын; 

      6) 818-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі "немесе аннуитет" деген сөздер алып тасталсын; 

      7) 819-бапта:
      3-тармақтағы екінші сөйлем алып тасталсын;

      5-тармақ алып тасталсын;

      8) 820-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін қоспағанда, сақтандыру төлемі біржолғы төлеммен жүзеге асырылады.";

      9) 824-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі "қайта сақтанушының және қайта сақтандырушының" деген сөздер "қайта сақтанушы мен қайта сақтандырушы арасындағы қайта сақтандыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 825-баптың 1-тармағында:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) тараптардың сақтандыру шартын жасасуы;";

      4) тармақша алып тасталсын;

      11) 825-1-баптың 2-тармағында:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) сақтандыру жағдайларының тізбесі;";

      14) тармақша алып тасталсын;

      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "15) қосымша талаптар болуға тиіс.";

      12) 826-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Франшиза - сақтандырушыны сақтандыру талаптарында көзделген, белгілі бір мөлшерден аспайтын залалды өтеуден босату.
      Франшиза шартты (шегерілмейтін) және шартсыз (шегерілетін) болады.
      Шартты франшиза кезінде сақтандырушы франшизаның белгіленген мөлшерінен аспайтын залалды өтеуден босатылады, бірақ егер оның мөлшері осы сомадан көп болса, залалды толық өтеуге тиіс.
      Шартсыз франшиза кезінде залал барлық жағдайларда белгіленген сома шегеріле отырып өтеледі.
      Франшиза сақтандыру сомасына қатысты процент бойынша не абсолютті мөлшерде белгіленеді.";

      13) 826-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Сақтанушы жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жарнасын төлеу талаптарын қатарынан екі рет сақтамаған жағдайда сақтандырушы жинақтаушы сақтандыру шартында белгіленген мерзімде сақтанушыны сақтандыру жарнасын төлеу қажеттiгi туралы хабардар етуге мiндеттi.";

      14) 826-2-бапта:
      1-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;

      3-тармақтың екінші бөлігінде "айтарлықтай" деген сөз алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Егер жинақтаушы сақтандыру шартының қолданылуы мерзімінен бұрын тоқтатылса және сақтандырушы сатып алу сомасын төлеген болса, сақтандырушы мұндай шарттың қолданылуын қалпына келтіруден бас тартуға құқылы.";

      15) 830-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актілерде сақтандыру құпиясын құрайтын мәліметтерді жария етудің өзге де талаптары мен тәртібі көзделуі мүмкін."; 

      16) 839-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі "(осы Кодекстiң 811 және 812-баптары)" деген сөздер алып тасталсын;

      17) 841-бапта:
      1-тармақта:
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) соттың сақтандырушыны мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енгізілген реттерде мерзімінен бұрын тоқтатылады. Бұл ретте міндетті сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде өзі кепілдік берген сақтандыру шарттары бойынша өз міндеттемелерін орындайды;";

      мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      "7) уәкiлеттi органның сақтандырушының epiктi таратылуына pұқcат бepу туралы шешiмi күшiне енгiзiлген реттерде мерзiмiнен бұрын тоқтатылады."; 

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Егер жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сақтанушы шарт жасасқан күннен бастап он төртінен отызына дейінгі кезеңде оны біржақты тәртіппен бұзса, онда сақтандырушы жинақтаушы сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтандыру сыйлықақысының сомасынан алынған жиырма проценттен аспайтын, сақтандырушы көтерген шығыстар шегеріле отырып, алынған сақтандыру сыйлықақысының сомасын сақтанушыға қайтаруға міндетті.";

      18) 842-бапта:
      1-тармақтың екінші бөлігіндегі:
      "6) тармақшасында" деген сөздер "6) және 7) тармақшаларында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "сақтанушыдан алынған сақтандыру жарналары толық көлемде қайтарылуға тиiс" деген сөздер "сатып алу сомасы шартта белгіленген мөлшерде қайтарылуға тиіс" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "1-тармағында" деген сөздер "1 және 1-1-тармақтарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      19) 843-баптың 1-тармағында:
      2) тармақша "құқыққа қарсы" деген сөздерден кейін "мүліктік" деген сөзбен толықтырылсын;

      6) және 7) тармақшалар алып тасталсын;

      20) 845-бапта:
      1-тармақта "өз мүлкiн және осы Кодекстің 809-бабының 2-тармағында аталған өзге де мүлiктiк мүдделердi" деген сөздер "осы Кодекстің  807-бабының  1-тармағында аталған өзінің мүліктік мүдделерін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтың бірінші бөлігіндегі "мүлкін және өзге де" деген сөздер алып тасталсын;

      3-тармақтағы "мүлкін және" деген сөздер алып тасталсын;

      5-тармақ алып тасталсын.

      2. "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 5-6, 49-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; 2005 ж., N 14, 58-құжат):

      1-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын не сақтандыру нарығының кәсіби қатысушылары болып табылатын жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктердiң ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленуi мүмкiн.".

      3. "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., N 22, 406-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; N 12, 85-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; 2005 ж., N 14, 55, 58-құжаттар; 2006 жылғы 5 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2005 жылғы 30 желтоқсанда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лицензиялау және шоғырландырылған қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңы ):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.";

      2) 3-бапта:
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "актуарий - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қажеттi төлем қабiлеттiлiгi мен қаржылық тұрақтылығы деңгейiн қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша мiндеттемелер мөлшерiнiң, сақтандыру сыйлықақысы ставкаларының экономикалық-математикалық есептеулерiн жүргізуге байланысты қызметтi жүзеге асыратын, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жүргізіп жатқан және жүргізуді жоспарлап отырған сақтандыру түрлерінің пайдалылығы мен кірістілігін бағалауды жүргізетін, уәкілетті органның лицензиясы бар жеке тұлға;";

      мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      "ассистанс - сақтандыру ұйымдарының, заңды тұлғалардың сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) саяхатта не тұрғылықты жерінен алыс болған уақытында қиын жағдайға душар болғанда сақтандыру жағдайының басталуы салдарынан оған техникалық, медициналық жәрдемдесу арқылы ақшалай түрде және (немесе) натуралды-заттай нысанда көмек көрсетуі;";

      он алтыншы абзац алып тасталсын;

      он сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "қайта сақтандыру - өздерінің арасында жасасқан қайта сақтандыру шартына сәйкес бір жағынан қайта сақтанушының сақтандыру тәуекелдерінің бәрін немесе бір бөлігін қайта сақтандыруға беруіне және екінші жағынан осы тәуекелдерді қайта сақтандыру ұйымының қабылдауына байланысты қызмет және соған байланысты туындайтын қатынастар;";

      жиырма бірінші абзац алып тасталсын;

      жиырма бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "өздігінен ұстап қалу - жауаптылық көлемінің бір бөлігі, соның шегінде сақтандырушы немесе цедент сақтандыру немесе қайта сақтандыру шартына сәйкес өз есебіне жауапты болады;";

      жиырма жетінші абзац "сақтандыру" деген сөзден кейін "(қайта сақтандыру)" деген сөздермен толықтырылсын;

      жиырма сегізінші және жиырма тоғызыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "сақтандыру агенті - берiлген өкiлеттiгiне сәйкес бір немесе бірнеше сақтандыру ұйымдарының атынан және тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөнiндегi делдалдық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      сақтандыру брокерi - сақтанушының тапсыруымен сақтандырушымен сақтандыру шарттарын жасасуға және орындауға байланысты қатынастарда сақтанушыны білдіретін немесе өз атынан сақтандыру немесе қайта сақтандыру шарттарын жасасуға байланысты қызмет көрсету жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ сақтандыру және қайта сақтандыру мәселелерi бойынша консультациялық қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;";

      мынадай мазмұндағы отызыншы абзацпен толықтырылсын:
      "сақтандыру портфелі - сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының, сондай-ақ олар бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) жиынтығы;"; 

      3) 4-баптың 1-тармағындағы "заңды мүдделерiн мүлiктiк жағынан қорғауға" деген сөздер "заңды мүліктік мүдделерін қорғауға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 5-баптың 2-тармағы алып тасталсын;

      5) мынадай мазмұндағы 5-1-баппен толықтырылсын:

      "5-1-бап. Қазақстан Республикасы резиденттері емес сақтандыру
                ұйымдарының сақтандыруы

      1. Заңды тұлғаның немесе оның оқшауланған бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мүліктік мүдделерін және Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жеке тұлғаның мүліктік мүдделерін сақтандыруды тек қана сақтандыру ұйымы - Қазақстан Республикасының резиденті жүзеге асыра алады.
      2. Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру ұйымдарымен, жұмыс істеу, оқу, емделу немесе демалу мақсатында Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде уақытша болатын жеке тұлғалармен - Қазақстан Республикасының резиденттерімен Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде уақытша болу кезеңіне ғана сақтандыру шарттарын жасасуға жол беріледі.
      3. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жеке және заңды тұлғалардан - Қазақстан Республикасының резиденттерінен Қазақстан Республикасының резиденті еместері пайдасына сақтандыру сыйлықақыларын (жарналарын) төлеуге байланысты төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыруға тыйым салынады.";

      6) 6-бапта:
      2-тармақтың 2) тармақшасындағы "сақтандыру" деген сөзден кейін нүктелі үтір қойылып, мынадай мазмұндағы 3) және 4) тармақшалармен толықтырылсын:
      "3) өмірде белгілі бір оқиғаның басталуынан сақтандыру;
      4) сақтандырушының инвестициялық кірісіне сақтанушының қатысуымен өмірді сақтандыру.";

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. "Жалпы сақтандыру" саласы ерiктi сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:
      1) жазатайым жағдайлардан сақтандыру;
      2) ауырған жағдайдан сақтандыру;
      3) автомобиль көлiгiн сақтандыру;
      4) темiр жол көлiгiн сақтандыру;
      5) әуе көлiгiн сақтандыру;
      6) су көлiгiн сақтандыру;
      7) жүктердi сақтандыру;
      8) осы тармақтың 3)-7) тармақшаларында аталған сыныптарды қоспағанда, мүлiктi залалдан сақтандыру;
      9) автомобиль көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;
      10) әуе көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;
      11) су көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;
      12) осы тармақтың 9)-11) тармақшаларында аталған сыныптарды қоспағанда, азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру;
      13) заемдарды сақтандыру;
      14) ипотеканы сақтандыру;
      15) кепілдіктер мен кепілгерліктерді сақтандыру;
      16) басқа да қаржы шығындарынан сақтандыру;
      17) сот шығыстарынан сақтандыру. 
      4. Ерiктi сақтандыру нысанындағы сақтандырудың жекелеген сыныбын (түрін) жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар, оның ішінде сақтандырудың жекелеген сыныптары (түрлері) шеңберіндегі пруденциалдық нормативтер уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.";

      6-тармақ "қосымша талаптар" деген сөздерден кейін "міндетті" деген сөзбен толықтырылсын;

      7) 7-бапта:
      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Өмiрдi сақтандыру сақтандырылушы қайтыс болған немесе ол сақтандыру мерзiмi бiткенге дейiн не сақтандыру шартында белгiленген жасқа дейiн өмiр сүрген жағдайда сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды көздейтiн сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.
      2. Аннуитеттiк сақтандыру сақтандырылушы белгiлi бiр жасқа жеткен, еңбек ету қабiлетiн (жасына байланысты, мүгедектiгiне байланысты, науқастығына байланысты) жоғалтқан, асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған жағдайларда немесе сақтандырылушының жеке табыстарының кемуiне немесе одан айрылуына әкелiп соққан өзге де жағдайларда зейнетақы немесе рента түрiнде шартта белгіленген мерзім ішінде немесе өмір бойы кезең-кезеңiмен сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн жинақтаушы сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады. Аннуитеттiк сақтандыру шарттары бойынша кезең-кезеңiмен сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру жағдайы сақтандыру төлемдерiнің мөлшерін айқындаумен, нақтылаумен және растаумен байланысты емес.";

      мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "2-1. Өмірде белгілі бір оқиғаның басталуынан сақтандыру сақтандырылушының өмірінде алдын ала ескерілген оқиға (неке қию немесе бала туу) басталған жағдайларда тіркелген сомада сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жинақтаушы сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.
      2-2. Сақтандырушының инвестициялық кірісіне сақтанушының қатысуымен өмірді сақтандыру инвестициялық қызмет нәтижесінде сақтандыру ұйымы қосымша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру не сақтандыру сомасын ұлғайту арқылы алатын табысқа сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) қатысуы талап етіле отырып, сақтандырылушы қайтыс болған немесе ол сақтандыру мерзімі аяқталғанға дейін не сақтандыру шартында белгіленген жасқа дейін өмір сүрген жағдайда тіркелген сомада сақтандыру төлемін немесе зейнетақы немесе рента түрінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жинақтаушы сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады. Инвестициялық қызмет нәтижесінде сақтандыру ұйымы алатын кірістерге сақтандырылушының (пайда алушының) қатысу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.";

      3-12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Жазатайым жағдайдан сақтандыру, осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында аталған сақтандыру тәуекелдерін қоспағанда, сақтандырылушы жазатайым жағдайдың, кәсіби аурудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету (жалпы немесе кәсіптiк жағынан) қабiлетiн (толық немесе iшiнара) жоғалтқан немесе сақтандырылушының денсаулығына өзге де зиян келтiрiлген жағдайларда оның шығыстарын тіркелген сомада және (немесе) iшiнара немесе толық өтемi мөлшерiнде сақтандыру төлемiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнің жиынтығы болып табылады.
      Жазатайым жағдай дегеніміз - адамның ерік-жігеріне қарамастан басталған, сақтандырылушының организміне сырттан оның денсаулығына зиян келуіне, мертігуіне не өліміне әкеліп соққан механикалық, электрлік, химиялық немесе термикалық әсер етуі салдарынан кенеттен болған, қысқа мерзімді оқиға (жағдай).
      4. Ауырған жағдайдан сақтандыру осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында аталған сақтандыру сыныптарын қоспағанда, сақтандырылушының ауруына және денсаулығының өзге де бұзылуына байланысты оның шығыстарын тіркелген сомада және (немесе) iшiнара немесе толық өтемi мөлшерiнде сақтандыру төлемiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнің жиынтығы болып табылады.
      5. Осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 3)-6) тармақшаларында тізбеленген көлiк құралдарын сақтандыру көлiк құралын иеленуге, пайдалануға, оған билiк етуге байланысты тұлғалардың мүлiктiк мүдделерiне айдап әкетуді немесе ұрлауды қоса алғанда, сондай-ақ оның зақымдануы немесе жойылуы салдарынан келтiрiлген залалды iшiнара немесе толық өтемi мөлшерiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнің жиынтығы болып табылады.
      6. Жүктердi сақтандыру жүктi, оның ішінде багажды, тауарларды және өнімнің басқа да барлық түрлерін қоса алғанда, иеленуге, пайдалануға, оған билiк етуге байланысты тұлғаның мүлiктiк мүдделерiне тасымалдау әдiсiне қарамастан, оның зақымдануы, жойылуы, жоғалып кетуi салдарынан келтiрiлген залалды iшiнара немесе толық өтемi мөлшерiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнің жиынтығы болып табылады.
      7. Мүлiктi сақтандыру мүлiктi иеленуге, пайдалануға, оған билiк етуге байланысты тұлғаның мүлiктiк мүдделерiне осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 3)-7) тармақшаларында тізбеленген мүлiктi қоспағанда, оның зақымдануы немесе жойылуы, ұрлануы салдарынан келтiрiлген залалды iшiнара немесе толық өтемі мөлшерiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнің жиынтығы болып табылады.
      8. Осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 9)-11) тармақшаларында көзделген көлiк құралдары иелерiнің азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін қоса алғанда, үшiншi тұлғаларға өзі көлiк құралын пайдалануға байланысты келтiрген залалды өтеу мiндетіне байланысты тұлғаның мүлiктiк мүдделерiне келтiрiлген залалды iшiнара немесе толық өтемі мөлшерiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнің жиынтығы болып табылады.
      9. Азаматтық-құқықтық жауапкершiлiкті сақтандыру осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 9)-11) тармақшаларында аталғандарды қоспағанда, барлық тәуекелдерді сақтандыру салдарынан үшiншi тұлғаларға келтiрілген залалды өтеу мiндетiне байланысты тұлғаның мүлiктiк мүдделерiне келтiрiлген залалды iшiнара немесе толық өтемі мөлшерiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнің жиынтығы болып табылады.
      10. Заемдарды сақтандыру сақтанушының, (заемшының) кредитор алдындағы міндеттемелерін орындамауы салдарынан кредиторға шығын келтірілуі кезінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
      11. Ипотекалық сақтандыру ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша кепілдік мүлік болып табылатын тұрғын үйдің нарықтық құны төмендеген жағдайда заемшының ипотекалық тұрғын үй заемы шарты бойынша міндеттемелерді орындамауы салдарынан кредитордың мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрі болып табылады.
      12. Кепілдіктер мен кепілдемелерді сақтандыру берілген кепілдіктер мен кепілдемелерді орындау міндеті салдарынан кепілдік немесе кепілдеме берген тұлғаның мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнің жиынтығы болып табылады.";

      мынадай мазмұндағы 13-15-тармақтармен толықтырылсын:
      "13. Басқа да қаржы шығындарынан сақтандыру осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 12)-15) тармақшаларында аталған сақтандыру тәуекелдерін қоспағанда, қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыру нәтижесінде жұмыстан айырылу, кірісті жоғалту, қолайсыз табиғи құбылыстар, үздіксіз, болжанбаған шығыстар, нарықтық құнын жоғалту және басқа да шығындар салдарынан шығын келтірілу кезінде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнің жиынтығы болып табылады.
      14. Сот шығыстарын сақтандыру сақтанушының (сақтандырылушының) соттың істі қарауына байланысты олардың көтерген шығыстары салдарынан шығындануы кезінде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнің жиынтығы болып табылады.
      15. Осы баптың 11-13-тармақтарында аталған тәуекелдерді сақтандыру шарттары бойынша сақтанушының өзінің ғана тәуекелі және оның пайдасына ғана шешілетін тәуекел сақтандырылуы мүмкін.";

      8) 8-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларында аталған сақтандыру сыныптары шегiндегi тәуекелдердi сақтандыруды қоспағанда, "өмiрдi сақтандыру" саласындағы қызметтi "жалпы сақтандыру" саласындағы қызметпен, сондай-ақ сақтандырудың міндетті нысанындағы тиісті сыныптарды бiрiктiре алмайды."; 

      9) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-бап. Қайта сақтандыру жөніндегі қызмет

      1. Қазақстан Республикасының аумағында қайта сақтандыруды жүзеге асыру жөніндегі қызмет осы Заңда көзделген тәртіппен лицензиялануға тиіс.
      2. Сақтандыру ұйымы қайта сақтандыру жөніндегі лицензиясыз сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға беруді жүзеге асырады.
      3. Сақтандыру ұйымы қайта сақтандыру жөніндегі лицензия болғанда ғана сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға қабылдауға құқылы.
      4. "Жалпы сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы тек қана "жалпы сақтандыру" саласында сақтандырудың барлық сыныптары бойынша қайта сақтандыру жөнiнде лицензия алуға және қызметтi жүзеге асыруға құқылы.
      5. "Өмірді сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы тек қана "өмірді сақтандыру" саласында сақтандырудың барлық сыныптары бойынша қайта сақтандыру жөнiнде лицензия алуға және қызметтi жүзеге асыруға құқылы.
      6. Қайта сақтандыруды қайта сақтандыру жөнiндегi лицензия негiзiнде қызметтің ерекше түрi ретінде жүзеге асыратын қайта сақтандыру ұйымы "өмiрдi сақтандыру" және "жалпы сақтандыру" салаларында сақтандырудың барлық сыныптары бойынша қайта сақтандыруды жүзеге асыруға құқылы.
      7. Сақтандыру ұйымын құру, оның қызметiн лицензиялау, реттеу және тоқтату бөлігіндегі осы Заңның нормалары қайта сақтандыруды қызметтiң ерекше түрi ретiнде жүзеге асыратын қайта сақтандыру ұйымдарын құру, олардың қызметiн лицензиялау, реттеу және тоқтату талаптарына қолданылады.";

      10) 11-бапта:
      2-тармақта:
      1) тармақшадағы "уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген тәртiппен" деген сөздер алып тасталсын;
      2) тармақша "(сақтандыру ұйымы үшін)" деген сөздердің алдынан "өмірді сақтандыру" саласында қызметті жүзеге асыратын" деген сөздермен толықтырылсын;

      10) тармақшадағы "ұйымдары үшiн) жүзеге асыруға құқылы." деген сөздер "ұйымдары үшiн);" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:
      "11) сақтандыру ұйымдары арасындағы не сақтандыру ұйымдары мен ассистанс қызметін көрсететін өзге де заңды тұлғалар арасындағы бірлескен қызмет туралы шарттың негізінде жүзеге асырылатын ассистансты;
      12) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген қызметті жүзеге асыруға құқылы.";

      11) мынадай мазмұндағы 11-1-баппен толықтырылсын:

      "11-1. Сақтандыру қызметін жүзеге асырудың жалпы талаптары

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру қызметін (қайта сақтандыру жөніндегі қызметті) жүзеге асыру құқығына лицензиясы, сақтандыруды белгілі бір түрі бойынша жүзеге асырудың жалпы талаптарын айқындайтын сақтандыру ережелері және ішкі ережелер болғанда ғана сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқылы.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ішкі ережелері:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бөлімшелерінің құрылымын, міндеттерін, функциялары мен өкілеттіктерін;
      2) ішкі аудит қызметінің және басқа да тұрақты жұмыс істейтін органдардың құрылымын, мүшелерінің санын, міндеттерін, функциялары мен өкілеттіктерін;
      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының техникалық (сақтандыру), инвестициялық, кредиттік, операциялық, рыноктық және басқа да тәуекелдерді басқару жөніндегі саясатын ашып көрсететін тәуекелдерді басқару жүйесін;
      4) құрылымдық бөлімшелер басшыларының құқықтары мен міндеттерін;
      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері оның атынан және оның есебінен мәмілелерді жүзеге асырған кезде солардың өкілеттіктерін айқындауға тиіс.
      3. Сақтандыру ережелерін және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ішкі ережелерін директорлар кеңесі бекітеді.
      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өз штатында актуарийі болмаса, сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқылы емес.";
       Ескерту. Осы Заңның 1-бабының 3-тармағы 11) тармақшасының он бірінші абзацы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі (осы Заңның  2-бабын  қараңыз)

      12) 13-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Сақтандыру пулын жасау арқылы тәуекелдерді сақтандыруды жүзеге асыру кезінде ортақ сақтандыру шарты жетекші сақтандыру ұйымының функциялары мен өкілеттіктерін өзіне қабылдайтын сақтандыру ұйымының талаптары негізінде жасалады.";

      13) 15-бапта:
      1-тармақта:
      "сақтандыру қызметін көрсету" деген сөздер "сақтандыру шарттарын жасасу және орындау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші сөйлем алып тасталсын;

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзі қайта сақтандыруға қабылдаған сақтандыру тәуекелдерін беруі пруденциялық нормативтерді есептеу тәртібіне қойылатын талаптар ескеріліп жүзеге асырылады.";

      5-тармақ алып тасталсын;

      14) 4-тарау мынадай мазмұндағы 16-1 - 16-3-баптармен толықтырылсын:

      "16-1-бап. Сақтандыру брокерін құру

      1. Сақтандыру брокерінің ұйымдық-құқықтық нысаны жауапкершілігі шектеулі серіктестік не акционерлік қоғам болып табылады.
      2. Сақтандыру брокерінің атауы "сақтандыру брокері" деген сөздерден немесе осы сөздерден туындайтын сөздерден құралуға тиіс.
      3. Сақтандыру брокеріне өз атауында "ұлттық", "орталық", "бюджеттік", "республикалық" деген сөздерді пайдалануға тыйым салынады.
      4. Бұрын құрылған сақтандыру брокерлерінің, соның ішінде Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру брокерлерінің атауларымен аралас дәрежеге дейінгі бірегей немесе ұқсас белгілерді атауы ретінде пайдалануға жол берілмейді. Осы тыйым салу еншілес сақтандыру брокері өзінің бас ұйымының атауын пайдаланған жағдайда қолданылмайды.
      5. Сақтандыру брокерін мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жүргізіледі. 

      16-2-бап. Сақтандыру брокерінің құрылтайшыларына қойылатын
                талаптар

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе оның қызметкерлерінің сақтандыру брокерін құруына немесе оның қызметіне қатысуына тыйым салынады.
      2. Сақтандыру брокерінің құрылтайшылары мен қызметкерлеріне бір мезгілде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында қызмет атқаруға болмайды.

      16-3-бап. Сақтандыру брокерінің жарғылық капиталын
                қалыптастыру

      1. Сақтандыру брокерінің құрылтайшылары, қатысушылары не акционерлері сатып алынатын қатысу үлестерін не акцияларды ұлттық валютадағы ақшамен ғана төлеуге міндетті.
      2. Құрылатын сақтандыру брокерінің жарғылық капиталының ең аз мөлшерін оның құрылтайшылары оны мемлекеттік тіркеу сәтіне дейін толық төлеуге тиіс.
      3. Жарғылық капиталдың ең аз мөлшеріне және сақтандыру брокері қызметінің өзге де шарттарына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.";

      15) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "17-бап. Сақтандыру брокерінің қызметі және оған қойылатын
               талаптар

      1. Сақтандыру брокерінің қызметі ерекше қызмет түрі болып табылады және уәкілетті органның лицензиялауына жатады.
      Сақтандыру брокерінің сақтандыру агенті қызметін жүзеге асыруға құқығы жоқ.
      2. Сақтандыру брокері мынадай брокерлік қызмет түрлерін:
      1) өз атынан және сақтанушының тапсырмасы бойынша сақтандыру шарттарын немесе өз атынан және цеденттің тапсырмасы бойынша қайта сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті;
      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) мәселелері бойынша консультация беру қызметін;
      3) сақтандыруға (қайта сақтандыруға) жеке және заңды тұлғаларды іздеу мен тартуды;
      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары көрсететін қызметтерге және қаржылық жағдайына салыстырма талдау жасауды;
      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары көрсететін қызметтерге салыстырма талдау жасау мақсатында сақтандыру объектілері туралы ақпарат жинауды;
      6) клиенттердің тапсырмасы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын, сақтандырушыларды (қайта сақтандырушыларды) таңдау өлшемдерін әзірлеу, сақтандыру тәуекелдерін анықтау жөніндегі сараптамалық қызметтер көрсетуді;
      7) сақтанушының (цеденттің) тапсырмасы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасасуға қажетті құжаттарды дайындау және (немесе) ресімдеуді, сақтандыру мәселелері бойынша ақпарат жинауды;
      8) сақтанушының (цеденттің) тапсырмасы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын ресімдеуді;
      9) сақтанушымен (цедентпен) тиісті келісім болғанда, оларды кейіннен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына аудару үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтанушылардан (цеденттерден) сақтандыру сыйлықақыларын жинауды;
      10) клиенттердің тапсырмасы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) немесе ортақ сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру тәуекелдерін орналастыруды;
      11) сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасасу, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру, сақтандыру жағдайы басталғанда шағымдарды қарау кезіндегі құжаттардың, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасуға байланысты басқа да құжаттардың дұрыс және уақтылы ресімделуін қамтамасыз етуді;
      12) консультация өткізуді және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушының (цеденттің), пайда алушының сақтандыру төлемін алуына жәрдемдесуді;
      13) берілген өкілеттіктерге сәйкес сақтандыру төлемін алуға қажетті құжаттарды ресімдеуді;
      14) сақтанушының (цеденттің) тапсырмасы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарынан сақтандыру төлемдерін оларды кейіннен сақтанушыға (цедентке), пайда алушыға беру үшін жинауды;
      15) мүдделі тұлғалардың тапсырмасы бойынша сақтандыру жағдайы туындаған кезде шығынды қарау және реттеу жөніндегі құжаттар дайындауды;
      16) залалды бағалау және сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындау жөніндегі сарапшылар қызметін ұйымдастыруды жүзеге асырады.
      3. Сақтандыру брокері өз қызметін жүзеге асыру кезінде сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының тарапы болып табылмайды.
      4. Сақтандыру брокерінің негізгі құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі сақтандыру брокері қызметін жүзеге асырудың ішкі ережелерінде айқындалуға тиіс.";

      16) мынадай мазмұндағы 18-1-баппен толықтырылсын:

      "18-1-бап. Сақтандыру агентіне қойылатын талаптар

      1. Жеке тұлғаның заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы болса, ол сақтандыру агенті бола алмайды.
      2. Сақтандыру агенті өз қызметінде:
      1) сақтанушыға агенттік келісімді немесе сақтандыру ұйымының атынан және оның тапсырмасы бойынша өзінің сақтандыру шартын жасасуға құқығын куәландыратын өзге де құжатты көрсетуге;
      2) сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына сақтандыру ұйымы (сақтандыру ұйымдары) лицензиясының көшірмесін қоса алғанда, өзі соның (солардың) сақтандыру агенті болып табылатын сақтандыру ұйымы (барлық сақтандыру ұйымдары) туралы ақпарат беруге;
      3) сақтанушының талап етуі бойынша жасалған сақтандыру шарты бойынша сақтандыру талаптарымен таныстыруға міндетті.";

      17) 20-бапта:

      "1-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өз қызметінің аудитін қатарынан үш жылдан артық бір ғана аудиторлық ұйымда жүзеге асыруға құқылы емес.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндетті аудитін жүргізу кезінде аудиторлық ұйым өзіне белгілі болған:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуына әкеп соқтырған;
      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайын нашарлататын;
      3) қаржылық есептіліктің кейбір немесе барлық баптарын және басқа да ақпараттарды растаудан бас тартуға не оларды ескертпе жасай отырып растауға, сондай-ақ кері пікір білдіруге әкеп соқтырған шешімдер туралы уәкілетті органға дереу хабарлауға міндетті.";

      6-тармақтағы "органның" деген сөзден кейін "нормативтік құқықтық актілерінің" деген сөздермен толықтырылсын;

      18) 21-бапта:
      2-тармақтың бірінші бөлігі "Қазақстан Республикасының Үкіметі" деген сөздерден кейін "және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздермен толықтырылсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Тізбесін уәкілетті орган белгілейтін оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалар немесе оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалардың қатысушылары (құрылтайшылары, акционерлері) болып табылатын жеке тұлғалар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының - Қазақстан Республикасының резидентінің тікелей немесе жанама құрылтайшылары немесе акционерлері бола алмайды.
      Аталған шектеу оффшорлық аймақтарда тіркелген тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің "А" рейтингінен төмен емес халықаралық кредиттік рейтингі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды.
      Оффшорлық деп танылған аймақтардың тізбесі сақтандыру қызметіне қадағалауды жүзеге асыру кезінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.";

      19) 22-бапта:
      1-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;

      4-тармақтағы "ресми" деген сөз "құқықтық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      20) 24-баптың 2-тармағындағы "ішкі аудиттің" деген сөздер "ішкі аудит қызметінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      21) 25-баптың 5-тармағындағы "акцияларға бақылау жасау құқығы бар" деген сөздер алып тасталсын;

      22) 35-баптың 1-тармағы алып тасталсын;

      23) 36-бап алып тасталсын;

      24) мынадай мазмұндағы 37-1-баппен толықтырылсын:

      "37-1-бап. Сақтандыру портфелін беру

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтанушының келісімі болған кезде бір немесе бірнеше сақтандыру сыныптары бойынша осы сақтандыру сыныбы (сыныптары) бойынша лицензиясы бар басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру портфелін беруді жүзеге асыруға құқылы.
      2. Осы Заңның 37-бабына сәйкес лицензиядан жекелеген сақтандыру сыныптарын алып тастағанда, сақтандыру ұйымы сақтанушының келісімі болған кезде осы сақтандыру сыныбы (сыныптары, түрлері) бойынша сақтандыру портфелін беруді жүзеге асыруға не сақтанушылармен осы сақтандыру сыныбы (сыныптары, түрлері) бойынша сақтандыру шарттарын бұзуға міндетті.
      Қайта сақтандыру жөніндегі лицензия ерікті түрде қайтарылған кезде сақтандыру ұйымы қайта сақтандыру жөніндегі лицензиясы бар басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру портфелін беруді жүзеге асыруға міндетті.
      Лицензиядан жекелеген сақтандыру сыныптарын алып тастағанда, қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия ерікті түрде қайтарылғанда сақтандыру ұйымы осы сақтандыру сыныбы (сыныптары, түрлері) бойынша шарттар жасасумен және оларды орындаумен байланысты қызметті жүзеге асыруға құқылы емес.
      3. Сақтандыру портфелін қабылдайтын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы оны қабылдау сәтіне, сондай-ақ жаңадан қабылданатын сақтандыру портфелін ескере отырып, барлық пруденциялық нормативтерді және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді орындауға тиіс.
      4. Сақтандыру портфелін берудің тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен айқындалады.";

      25) 43-бапта:
      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "4-1) сақтандыру портфелін берудің тәртібін айқындайды;";  

      5) тармақшадағы "жарғылық және меншікті капиталдың" деген сөздер "жарғылық капиталдың, кепілдік беру қорының, төлем қабілеттігі маржасының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 9-1) және 9-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "9-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру тарифтерін бағалау әдістеріне және есептеу принциптеріне талаптар қояды;
      9-2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылық коэффициентін есептеудің тәртібін белгілейді;";

      10) тармақша "сақтандыру брокерлерінің," деген сөздерден кейін "сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары мен өкілдіктерінің және сақтандыру брокерлерінің," деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "11-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын автоматтандыруға қойылатын талаптарды белгілейді;";

      14) тармақша "субъектілерін" деген сөзден кейін ", сақтандыру брокерлерін, сақтандыру қызметі субъектілерінің оқшауланған бөлімшелері мен сақтандыру брокерлерін" деген сөздермен толықтырылсын;

      19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "19) осы Заңға сәйкес сақтандыру нарығының және олардың бірлестіктерінің кәсіби қатысушыларынан, сақтандыру агенттерінен өздерінің бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруға қажетті мәліметтер алуға құқылы;";

      22) және 23) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "22) мiндеттi сақтандырудың жекелеген түрлерi бойынша сақтандыру полистері бланкілерінің мазмұнына және оларды әзірлеуге қойылатын талаптарды белгілейді;
      23) сақтандыру нарығының кәсіби қатысушыларына шектеулі ықпал ету шараларын қолдануға құқылы;";

      26) 44-бапта:
      1-тармақтағы "ұйымы мен сақтандыру брокерінің" деген сөздер "ұйымының, сақтандыру брокерінің және олардың оқшауланған бөлімшелерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "Сақтандыру қызметі субъекті" деген сөздер "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, олардың оқшауланған бөлімшелері" деген сөздермен ауыстырылсын;  

      4-тармақ "сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының" деген сөздерден кейін ", сақтандыру брокерлерінің және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының оқшауланған бөлімшелері мен сақтандыру брокерлерінің" деген сөздермен толықтырылсын; 

      27) 45-бап алып тасталсын;

      28) 46-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "46-бап. Пруденциялық нормативтер және сақталуға міндетті
               өзге де нормалар мен лимиттер

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және шоғырландырылған негізде қадағалау жүзеге асырылатын тұлғалардың төлем қабiлеттiлiгi мен қаржылық тұрақтылығын қадағалау уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтердің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің орындалуын немесе сақталуын бақылау арқылы жүргізіледі.
      2. Пруденциялық нормативтерді:
      1) жарғылық капиталдың ең аз мөлшері;
      2) кепілдік қорының ең аз мөлшері;
      3) төлем қабілеттігі маржасының ең аз мөлшері;
      4) төлем қабілеттігі маржасының және кепілдік қорының жеткілікті нормативі;
      5) жоғары өтімді активтердің жеткілікті нормативі;
      6) активтерді әртараптандыру нормативі құрайды.
      Уәкілетті орган қосымша пруденциалық нормативтер белгілеуге құқылы.
      3. Төлем қабілеттігі маржасы сапасы мен өтімділігі бойынша сыныптамасы ескеріліп есептелген активтердің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелерінен асуы болып табылады.
      4. Кепілдік қоры сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығын және төлем қабілеттігін қамтамасыз ету мақсатында төлем қабілеттігі маржасын белгіленген ең аз мөлшерден төмендету нәтижесінде құрылады.
      5. Жекелеген сақтандыру немесе қайта сақтандыру шарты бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өздігінен ұстап қалуының ең көп мөлшері актуариймен есептеледі және төлем қабілеттілігі маржасының нақты мөлшерінен аспауға тиіс.
      Бұл ретте сақтандыру ұйымы осы тармақта көрсетілген нормативтен асатын сақтандыру тәуекелінің тек қана бір бөлігін қайта сақтандыруға беруге құқылы.
      Өздігінен ұстап қалудың ең көп мөлшері есептік күнге, сақтандыру немесе қайта сақтандыру шартын жасасу күнінің алдында екі ай бұрын есептеледі және осы Заңның және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын ескере отырып, сақтандыру немесе қайта сақтандыру шарты қолданыста болған барлық кезең ішінде әрбір келесі есептік күнге сақталуға тиіс.
      6. Топтап сақтандыру кезінде осы баптың 5-тармағында аталған норма әрбір сақтандырылушыға жеке есептеледі.
      7. Ортақ сақтандыру кезінде осы баптың 5-тармағында аталған норма әрбір ортақ сақтандырушының сақтандыру сомасынан түскен үлес негізінде есептеледі.
      8. Уәкілетті орган төлем қабілеттігі маржасының ең аз деңгейіне және ипотекалық сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы үшін сақтандыру резервтерін есептеу тәртібіне қосымша талаптар белгілеуге құқылы.
      9. Қазақстан Республикасының резидентi емес қайта сақтандыру ұйымдарының цеденттiң алуы үшін есептеген сақтандыру сыйлықақыларының олардан цеденттің алуына есептелген комиссиялық алымдар шегерілгендегі жиынтық мөлшерi толық қаржы жылы аяқталғаннан кейiн сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша алуға есептелген сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық мөлшерiнiң сексен бес процентiнен аспауға тиiс.
      10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қаржылық есеп беруіне кірмейтін туынды қаржылық құралдардың болуы және оларды пайдалануды шектеу туралы мәліметтерді уәкілетті органға береді.
      11. Пруденциялық нормативтерді есептеудің нормативтік мәндері мен әдістемелері, сондай-ақ пруденциялық нормативтерді және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді есептеу үшін сапасы және өтімділігі бойынша сыныптамасын ескере отырып, активтер құнын есептеу әдістемесіне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.";

      29) 47-баптың 3-тармағындағы "сақтандыру резервтерінің қаражатын орналастыру тәртібіне" деген сөздер "олардың құрылымына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      30) 48-баптың 3-тармағы алып тасталсын;

      31) 50-баптың 2-тармағындағы ", облигациялар, өзге де борыштық және солардан туындайтын бағалы қағаздар мен вексельдер" деген сөздер алып тасталсын;

      32) 53-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "53-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық
               жағдайын сауықтыру жөніндегі ұсынымдар

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайы нашарлаған, шығындылық коэффициенттері өзгерген жағдайларда уәкілетті орган:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелер қабылдауды шектеу туралы;
      2) жарғылық капиталды ұлғайту туралы;
      3) дивидендтер төлеуді тоқтату және сақтандыру резервтерін ұлғайту туралы;
      4) жекелеген филиалдар мен өкілдіктерді жабу арқылы, сондай-ақ қызметкерлерді қосымша жалдауды тоқтату немесе шектеу арқылы шығыстарды қысқарту туралы;
      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кез келген басшы немесе өзге де қызметкерлерін тұрақты немесе уақытша қызметтен шеттету туралы;
      6) тәуекел дәрежесі жоғары кейбір сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру қызметін тоқтата тұру немесе шектеу туралы ұсынымдар беруді қоса алғанда, акционерлерге сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын қаржылық сауықтыру жөніндегі шаралар қабылдауды ұсынуға құқылы.
      2. Нақты аралық нәтижелер бизнес-жоспарда көрсетілген болжамды нәтижелерге сәйкес келмеген жағдайда уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бизнес-жоспарда көрсетілген болжамды көрсеткіштерді орындаудағы кемшіліктерді жоюға бағытталған шараларды қабылдау қажеттігі туралы не бизнес-жоспарға тиісті өзгерістер енгізу туралы ұсынымдар жіберуге құқылы.";

      33) мынадай мазмұндағы 53-2 және 53-3-баптармен толықтырылсын:

      "53-2-бап. Шектеулі ықпал ету шаралары

      1. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерді және сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді бұзуын, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуды анықтаған, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің және сақтандыру брокерінің заңсыз әрекеттерін немесе әрекетсіздіктерін анықтаған жағдайларда уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және сақтандыру брокеріне мынадай шектеулі ықпал ету шараларының бірін:
      1) жазбаша міндеттеме талап етуді;
      2) орындалуға міндетті жазбаша ұйғарым беруді;
      3) жазбаша ескерту шығаруды;
      4) жазбаша келісім жасауды қолдануға құқылы.
      Уәкілетті орган актуарийдің сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнаманы бұзуын анықтаған жағдайда уәкілетті орган осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында аталған шектеулі ықпал ету шараларын қолдануға құқылы.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру брокерінің жазбаша міндеттемесі орын алған кемшіліктерді және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғанын мойындау фактісін, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы басшылығының немесе сақтандыру брокерінің анықталған кемшіліктерге және (немесе) Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына бұдан әрі жол бермеу жөніндегі кепілдігін қамтуға тиіс.
      3. Жазбаша нұсқама - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру брокерінің анықталған Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуын, сондай-ақ шарттық міндеттемелерді бұзушылықтарды қатаң белгіленген мерзімде жоюға бағытталған орындалуға міндетті түзету шараларын қолдану туралы және анықталған Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуын одан әрі болғызбау туралы нұсқауы.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру брокері жазбаша міндеттемеге сәйкес өзіне қабылдаған міндеттемелерді қатарынан алты ай бойы бұзған жағдайларда да уәкілетті орган жазбаша нұсқама шығара алады.
      Бұл жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жазбаша нұсқаманы алған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде уәкілетті органға жазбаша нұсқамада көрсетілген мерзім шеңберінде қаржылық сауықтыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын беруге міндетті. Жоспарланған іс-шараларды орындау кезінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органға іс-шаралар жоспарында айқындалған іс-шаралардың орындалуы туралы есеп береді.
      Жазбаша нұсқаманы орындау мерзімі шеңберінде пруденциялық нормативтер одан әрі төмендетілген жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерді шеттетуі уәкілетті органның келісімімен жүзеге асырылады.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру брокері уәкілетті органға жазбаша нұсқаманы сонда көрсетілген мерзімде орындағаны туралы хабарлауға міндетті.
      4. Жазбаша ескерту сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына немесе сақтандыру брокеріне, егер орын алған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар уәкілетті орган белгілеген мерзімде жойылмаса, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру брокері өзіне қабылдаған міндеттемелерді жазбаша міндеттемесінде және (немесе) уәкілетті органның жазбаша нұсқамасында белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда, осы Заңның 53-3-бабында көзделген санкцияларды қолдану мүмкіндігі туралы уәкілетті органның хабарламасы болып табылады.
      5. Жазбаша келісім - уәкілетті орган мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру брокері арасындағы анықталған бұзушылықтарды және (немесе) кемшіліктерді жою қажеттігі туралы және осы бұзушылықтарды және (немесе) кемшіліктерді жою жөнінде бірінші кезектегі шараларды бекіту туралы келісім. Жазбаша келісім екі тарап та орын алған бұзушылықтарды және (немесе) кемшіліктерді жою үшін оларды уәкілетті орган анықтаған сәттен бастап екі айдан астам мерзім қажет деген ұйғарымға келген жағдайда жасалады.
      6. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына немесе сақтандыру брокеріне бұрын қолданылған ықпал ету шараларына қарамастан, осы бапта айқындалған кез келген шектеулі ықпал ету шараларын қолдануға құқылы.
      7. Осы бапта келтірілген шаралар, егер уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларының, олардың лауазымды адамдарының немесе қызметкерлерінің бұзушылықтары, заңсыз әрекеті немесе әрекетсіздігі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайын нашарлатқанын анықтаса, осы тұлғаларға да қатысты қолданылуы мүмкін.

      53-3-бап. Санкциялар 

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына немесе сақтандыру брокеріне санкциялар қолдануды уәкілетті орган не сот осы Заңға сәйкес жүргізеді.
      2. Уәкілетті орган санкциялар ретінде мынадай шараларды:
      1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен әкімшілік айыппұл салуды;
      2) осы Заңның 54-бабында белгіленген негіздер бойынша лицензияның қолданылуын тоқтата тұруды;
      3) осы Заңның 55-бабында көзделген негіздер бойынша лицензияны кері қайтарып алуды;
      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын оның акционерлерінен мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылдауды және оларды осы Заңның 61-бабының талаптарына сәйкес жаңа инвесторға сатуды қолдануға құқылы.";

      34) 54-бапта:
      1-тармақта:
      1) тармақшадағы "жазбаша нұсқамасын" деген сөздер "жазбаша ескертуі мен жазбаша нұсқамасын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) тармақша "сақтандыру қызметін" деген сөздерден кейін "және сақтандыру брокерінің қызметін" деген сөздермен толықтырылсын;

      6) тармақша алып тасталсын;

      9) тармақшадағы "төлемеген" деген сөзден кейін нүктелі үтір қойылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      "10) сақтандыру брокері сақтандыру агентінің қызметін жүзеге асырған.";

      "1-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясының қолданылуы барлық сыныптар бойынша да, жекелеген сақтандыру сыныптары бойынша да тоқтатыла тұруы мүмкін.";

      3-тармақтың екінші бөлігіндегі "сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының" деген сөздер "лицензиаттың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      35) 55-бапта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Лицензиясы кері қайтарып алынған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру немесе өзге де қызметті жүзеге асыруға құқылы емес, тізбесін уәкілетті орган айқындайтын операцияларды қоспағанда, қолда бар банк шоттары бойынша барлық операцияларды тоқтатуға міндетті.";

      "4. Лицензиясы кері қайтарып алынған сақтандыру брокері өз қызметін жүзеге асыруға құқылы емес, ол өзін ұстауға арналған ағымдағы шығыстарға, сақтандыру брокеріне келіп түсетін ақшаны есепке алуға байланысты жағдайларды қоспағанда, қолда бар банк шоттары бойынша барлық операцияларды тоқтатуға міндетті.";

      36) 56-бапта:
      1-тармақтағы "оның лицензиат назарына жеткізілген не баспасөзде жарияланған" деген сөздер "оны уәкілетті орган қабылдаған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және тарату комиссиясының уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) құрамына кірген уәкілетті орган қызметкерлеріне еңбекақы төлеуге байланысты шығыстарды, сондай-ақ орталық әділет органының ресми баспасөз басылымдарында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот қабылдаған шешім туралы ақпаратты жариялау жөніндегі шығыстарды және әділет органының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату негіздемесі бойынша және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкі болмаған жағдайда не оның құны осы шығыстарды жабуға жеткіліксіз болса, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату аяқталған соң құжаттарды мұрағатқа сақтауға тапсыру жөніндегі қызметтің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуге байланысты шығыстарды қоспағанда уәкілетті органның мәжбүрлеп тарату негіздемесі бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметін тоқтату жөніндегі шығыстарды қаржыландыруына тыйым салынады.";

      37) 59-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) уәкілетті органның сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнаманы бұзушылықты жою туралы жазбаша нұсқамасы мен жазбаша ескертуі орындалмаған;";

      38) 61-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын мәжбүрлеп сатып алуы кейіннен оларды жаңа инвесторға сату мақсатында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын (акционерлердің үлестерін) мәжбүрлеп сатып алу туралы өзі шешім қабылдаған күнге оның нақты төлем қабілеттігі маржасының мөлшері негізінде айқындалатын баға бойынша жүзеге асырылады.
      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алған акцияларды сатуды уәкілетті орган оларды сатып алу бағасы бойынша жүргізеді.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық мәжбүрлеп сатып алынатын акциялары иелерінің құқықтары мен міндеттері жаңа инвесторға ауысады.";

      39) 62-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Сақтандыру қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлға ретінде өз еркімен қайта ұйымдастырылуға рұқсат алған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бұрын берілген барлық лицензияларды бір апта ішінде уәкілетті органға қайтарып беруге міндетті.";

      40) 64-бап алып тасталсын;

      41) 67-баптың 4-тармағында "лицензияларды" деген сөзден кейін "бір апта мерзімде" деген сөздермен толықтырылсын;

      42) 69-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Уақытша әкiмшiлiк өз өкiлеттiгiн доғарып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құжаттарымен мүлкiн он күннен аспайтын мерзiмде тарату комиссиясының төрағасына өткізеді. Егер мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымы сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болса, уақытша әкiмшiлiк міндетті сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген көлемде және мерзімде ақпарат береді.";

      43) 70-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі "тағайындау" деген сөзден кейін "мен босату" деген сөздермен толықтырылсын;

      44) 72-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы "кепілдік төлемдері" деген сөздер "кепілдік, өтемақы төлемдері және оларды жүзеге асыруға байланысты өзге де шығыстар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      45) 74-бапта:
      3-тармақтағы "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы" деген сөздерден кейін "және сақтандыру брокері" деген сөздермен толықтырылсын;

      4-тармақтағы "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы" деген сөздерден кейін "және сақтандыру брокері" деген сөздермен толықтырылсын;

      46) мынадай мазмұндағы 75-1-баппен толықтырылсын:

      "75-1-бап. Шығындылық коэффициенті

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары барлық не жекелеген сақтандыру сыныптарын (түрлерін) жүргізу кезінде өз қызметіне талдау жасау мақсатында шығындылық коэффициентін есептейді.
      2. Шығындылық коэффициенті - барлық не жекелеген сақтандыру сыныптарын (түрлерін) жүзеге асыру кезінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары қызметінің шығындылығын көрсететін салыстырмалы көрсеткіш.
      Шығындылық коэффициентін есептеудің тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.";

      47) 77-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сақтандыру рыногының кәсіби қатысушылары, сақтандыру агенттері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сақтандыру (қайта сақтандыру), сақтандыру делдалдығы жөніндегі деректерді қалыптастыруға және өз қызметіне байланысты құжаттардың есебін жүргізу мен сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
      2. Міндетті түрде сақталуға тиісті құжаттардың тізбесін және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сақтандыру рыногының кәсіби қатысушыларының, сақтандыру агенттерінің оларды сақтау тәртібі мен мерзімін уәкілетті орган мұрағаттар мен құжаттаманы басқарудың уәкілетті органымен келісе отырып белгілейді.".

      4. "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 11, 63-құжат; 2005 ж., N 14, 55-құжат):

      1) 1-бапта:

      "1) агент банк - банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, Cақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен агенттік келісім негізінде кредиторларға кепілдік төлемдерін жүзеге асыру бойынша қызмет көрсететін банк немесе ұйым;";

      7) тармақшадағы "сақтанушысымен" деген сөз "кредиторымен" деген сөзбен ауыстырылсын;

      11) тармақша "пайдаланылатын ақша сомасы" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ сақтандыру жағдайын, келтірілген зиян мөлшерін анықтауға байланысты шығыстар мен кепілдік және өтемақы төлемдерін жүзеге асыруға байланысты шығыстар сомасы" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 4-баптың 1) тармақшасы "реттейтін" деген сөзден кейін ", соның ішінде кепілдік және өтемақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі мәселелерін реттейтін" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 5-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қордың қызметіне жалпы басшылықты бес адамнан тұратын директорлар кеңесі жүзеге асырады. Директорлар кеңесінің құрамына уәкілетті органның бір өкілі, Қорға қатысушы-сақтандыру ұйымдарынан бір өкіл, құрылтайшының бір өкілі, Қордың ағымдағы қызметіне басшылықты жүзеге асыратын, құрылтайшы тағайындайтын Қордың бас директоры және Қордың бір өкілі кіреді.
      4. Қордың банк шоттары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылады. Кепілдік төлемдерін жүзеге асыру үшін, сондай-ақ Қордың ағымдағы қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыру мақсатында Қордың банк шоттары екінші деңгейдегі банктерде ашылуы мүмкін.";

      4) 6-бапта:

      "1) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының әрбір күнтізбелік жылға арналған міндетті және төтенше жарналарының ставкаларын, қатысушы-сақтандыру ұйымдары Қорға төлеуге тиісті төтенше жарналардың мөлшерін белгілеу;";

      "4-1) тартылатын заемдардың және Қордың қарызға алуларының шекті мөлшерлерін белгілеу;";
      5) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-бап. Қордың кепілдіктері

      Қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымы сақтандыру төлемінен заңсыз бас тартқанда (толық немесе ішінара) не толық көлемде оны жүзеге асырмағанда, оның ішінде сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензияны кері қайтарып алғанға және соттың оны мәжбүрлеп тарату туралы шешімі күшіне енгенге дейінгі кезеңде міндетті сақтандыру шарттары бойынша барлық басталған сақтандыру жағдайлары бойынша Қор кредиторларға кепілдік төлемдерін жүзеге асыру жөнінде өзіне міндеттемелер қабылдайды."; 

      6) 8-бап мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
      "3. Өз функцияларының сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Қор өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан ақпарат, оның ішінде сақтандыру құпиясын құрайтын ақпарат алуға құқылы.
      Алынған мәліметтер одан әрі жариялауға жатпайды.
      4. Қор қызметкерлері өз функцияларын жүзеге асыру барысында алынған қызметтік, коммерциялық құпияны, сақтандыру құпиясын немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жариялағаны үшін жауапты болады.";

      7) 10-баптың 7) тармақшасы алып тасталсын;

      8) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-бап. Кепілдік беру төлемін жүзеге асыру негіздері және
               тәртібі

      1. Қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап кредитордың Қордан кепілдік төлемін жүзеге асыру жөнінде талап ету құқығы туындайды.
      Кепілдік төлемін алуға кредиторлар:
      1) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымы сақтандыру төлемінен заңсыз бас тартқан (толық немесе ішінара) не оны толық көлемде жүзеге асырмағанда, міндетті сақтандыру шарттары бойынша оны мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейінгі кезеңде барлық басталған сақтандыру жағдайлары бойынша;
      2) сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап, сақтанушының басқа қатысушы-сақтандыру ұйымымен міндетті сақтандырудың жаңа шартын жасасқан күнге дейінгі, бірақ мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап екі айдан аспайтын кезеңде басталған сақтандыру жағдайлары бойынша құқылы.
      2. Кредитордың осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіздерде Қордан талап ету құқығы туындаған жағдайда, растайтын құжаттар болғанда, кредитор қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап екі ай ішінде Қорға кепілдік төлемін жүзеге асыру жөнінде жазбаша өтініш беруге құқылы.
      Растайтын құжаттар болмаған жағдайда, оларды алу үшін кредитор мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының тарату комиссиясына сақтандыру төлемін жүзеге асыру жөнінде өтініш (шағым) беруге құқылы.
      3. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде кредитор сақтандыру (кепілдік) төлемін жүзеге асыру жөніндегі талаппен тікелей Қорға не Қордың қатысушысы-сақтандыру ұйымына жүгінуге құқылы.
      Кредитордың талабын алғаннан кейін қатысушы - сақтандыру ұйымы не Қор міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актілерде көзделген тәртіппен сақтандыру жағдайын және келтірілген зиянның мөлшерін анықтау жөніндегі жұмысты жүргізеді.
      4. Кредитор не қатысушы-сақтандыру ұйымы кепілдік төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың толық топтамасын табыс еткеннен кейін Қор кепілдік төлемін жүзеге асыру туралы не кепілдік төлемін жүзеге асырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      5. Қор қатысушы-сақтандыру ұйымдарының осы баптың 3-тармағында көзделген іс-шараларды жүзеге асыруға байланысты шығыстарын нақты шығыстар мөлшерінде, бірақ бес айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде өтейді.
      6. Кепілдік төлемінің мөлшері міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру үшін сақтандырудың міндетті түрі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес айқындалады. Кепілдік төлемін жүзеге асырудың тәртібі осы Заңға және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес айқындалады.
      7. Кепілдік төлемі кредитордың моральдық залалын, алынбаған пайдасын, сондай-ақ міндетті сақтандыру шарты бойынша тұрақсыздық айыбын жаппайды.
      8. Кредиторларға кепілдік төлем тараптардың келісімі бойынша тікелей Қордан немесе агент банк арқылы кредитордың банктік шотына қолма-қол емес нысанда не қолма-қол ақшамен жүзеге асырылады.
      9. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының кредиторына кепілдік төлемін жүзеге асырылған күннен бастап кредитордың міндетті сақтандыру шарты бойынша талап ету құқығы жүзеге асырылған кепілдік төлемі көлемінде Қорға ауысады.
      Қор кредитордың өзіне ауысқан талап ету құқығын, сондай-ақ кепілдік төлемін жүзеге асыруға байланысты шығыстарды өтеу жөніндегі талабын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының тарату комиссиясына (бұдан әрі - тарату комиссиясы) ұсынады.";

      9) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "16-бап. Сақтанушылардың құқықтарын қорғаудың қосымша
               тәсілдері

      1. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының қолданылу мерзімі аяқталмаған міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтанушы сот шешімі күшіне енген күннен бастап екі ай мерзімде Қордың қатысушы-сақтандыру ұйымымен мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымымен бұрын жасалған міндетті сақтандыру шарты қолданыста болуға тиіс қалған уақыт кезеңіне міндетті сақтандыру шартын жасасуға құқылы.
      2. Қатысушы-сақтандыру ұйымымен осы баптың 1-тармағында көзделген міндетті сақтандыру шартын жасасқан жағдайда Қор қатысушы-сақтандыру ұйымына өтемақы төлеуді жүзеге асырады.
      3. Өтемақы төлемінің мөлшері міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актіге сәйкес жаңадан жасалған міндетті сақтандыру шартының қолданылу кезеңінің негізінде айқындалады. Өтемақы төлемін жүзеге асыру тәртібі осы Заңға және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес айқындалады.
      Жаңадан жасалған шарттың қолданылу мерзімі жаңа шартты жасасқан күннен бастап, сақтанушы мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымымен бұрын жасасқан міндетті сақтандыру шарты қолданыста болуға тиіс мерзім аяқталған кезге дейінгі кезеңді құрайды.
      Егер сақтанушы мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымымен бұрын жасасқан міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын толық төлемесе, Қор сақтанушы төлемеген сақтандыру сыйлықақысының сомасын шегере отырып, өтемақы төлемін жүзеге асыруға құқылы. Бұл жағдайда, міндетті сақтандыру шартын жасасқан қатысушы-сақтандыру ұйымы сақтанушыдан сақтандыру сыйлықақысының төленбеген сомасын талап етуге құқылы.
      4. Қатысушы-сақтандыру ұйымы мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтанушысымен міндетті сақтандыру шартын жасасқан кезде қатысушы-сақтандыру ұйымы міндетті сақтандырудың осы түрі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде көзделген көлемдегі осындай шарт бойынша жауапты болады.
      5. Қатысушы-сақтандыру ұйымы мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтанушыларына міндетті сақтандыру шарты қолданыста болатын аяқталмаған кезеңге міндетті сақтандыру шартын жасасудан бас тартуға құқылы емес.
      Қордың қатысушысы - мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымымен бұрын жасасқан шарт қолданыста болатын аяқталмаған кезеңге жасасқан шарт бойынша қатысушы-сақтандыру ұйымы Қорға міндетті жарналар төлемейді, тек шартты міндеттемелерді қалыптастырады.
      6. Өтемақы төлемдерін жүзеге асырған күннен бастап жүзеге асырылған өтемақы төлемі көлемінде сақтанушының міндетті сақтандыру шарты бойынша талап ету құқығы Қорға ауысады.
      Қор өзіне ауысқан талап ету құқығын, сондай-ақ өтемақы төлемдерін жүзеге асыруға байланысты шығыстарды өтеу жөніндегі талабын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен тарату комиссиясына ұсынады.
      7. Уәкілетті орган дереу, бірақ қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, Қордың қатысушысы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің көшірмесін Қорға жібереді.
      8. Қор қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы заңды күшіне енген сот шешімінің көшірмесін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының кредиторларына басталған сақтандыру жағдайлары бойынша кепілдік төлемдерді жүзеге асыру туралы хабарламаны, сондай-ақ мекен-жайларын көрсете отырып, сақтанушылар мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының міндетті сақтандыру шарттары бойынша басталған сақтандыру жағдайларында, сондай-ақ мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының бұрын жасасқан шарттың аяқталмаған қолданылу кезеңіне жаңа міндетті сақтандыру шартын жасасу үшін өтініш жасауға құқылы қатысушы-сақтандыру ұйымдарының тізбесін Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялайды.";

      10) 18-бапта:
      1-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) тарату комиссиясының құрамына өз өкілін енгізу туралы уәкілетті органның алдында өтініш жасауға және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымын тарату ісін жүргізуге қатысуға;";

      3) тармақшадағы "қажетті ақпарат" деген сөздер "қажетті ақпарат пен құжаттар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақта:
      3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, көлемде және мерзімде уәкілетті органға Қордың қызметі туралы мәліметтер мен есептілікті (Қордың қаржылық есебін қоспағанда) беруге;
      4) қатысушы-сақтандыру ұйымдарына олардың сұрау салулары бойынша қатысу шартына сәйкес айқындалатын көлемде өзінің қаржылық есептілігін беруге;";

      5) тармақша "жылдық" деген сөзден кейін "бухгалтерлік" деген сөзбен толықтырылсын;

      7) тармақша "Осы Заңда" деген сөздерден кейін "және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде" деген сөздермен толықтырылсын;

      11) тармақша "Осы Заңда" деген сөздерден кейін "және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде" деген сөздермен толықтырылсын;

      12) тармақшадағы "пайдалануға" деген сөзден кейін нүктелі үтір қойылып, мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
      "13) осы Заңның 15-бабының 5-тармағында көзделген тәртіппен қатысушы-сақтандыру ұйымдарының шығыстарын өтеуге.";

      11) 19-бапта:
      1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) Қордың қаржылық есептілігін Қордан талап етуге құқылы;";

      2-тармақ 6) тармақшадағы "беруге" деген сөзден кейін нүктелі үтір қойылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      "7) осы Заңның 15-бабының 3-тармағында көзделген іс-шараларды жүзеге асыруға.".

      5. "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 14, 104-құжат):

      1) 6-баптың 1-тармағындағы "сақтандыру қызметін" деген сөздер "қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 8-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыратын сақтандырушы өзінің қаржылық есептілігін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жылдық қаржылық есептілікті жариялау тәртібі туралы нормативтік құқықтық актісінде көзделген көлемде және мерзімде Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегі кемiнде екi мерзiмдi баспа басылымында жыл сайын жариялауға мiндеттi.";

      3) 10-баптың 5-тармағының үшінші абзацы алып тасталсын;

      4) 13-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын осы баптың 3-тармағында көзделгеннен өзгеше мерзімге:
      1) көлік құралын маусымдық, бірақ кемінде алты ай пайдаланған кезде;
      2) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушысы - мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының кредиторларымен (сақтандырушыларымен) жасасуға жол беріледі.";

      5) 14-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) сақтандырушыны сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндеттейтін алғашқы сақтандыру жағдайы басталған жағдайларда тоқтатылған деп есептелiнедi.";

      6) 16-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы "қажетті" деген сөзден кейін ", соның ішінде қосарланған сақтандыру, көлік құралдарын маусымдық пайдалану, Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кіру және осы Заңда көзделген тәртіппен сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін азайтуға берілген құқық туралы" деген сөздермен толықтырылсын;

      7) 17-баптың 2-тармағының 6) тармақшасындағы "сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабар алынған кезден бастап жетi жұмыс күнi iшiнде" деген сөздер "осы Заңда белгіленген мерзімде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 22-бапта:
      мынадай мазмұндағы 5-1 және 5-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "5-1. Сақтандырушы мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін бағалайды не аталған бағалауды өз есебінен тәуелсіз сарапшыны қатыстыра отырып ұйымдастырады. Сақтандырушы пайда алушыға тиесілі сақтандыру төлемінен бағалау үшін жұмсалған өз шығыстарын ұстап қалуға құқылы емес.
      Сақтанушының тәуелсіз сарапшыны қатыстыруы мүмкін болмаған жағдайда сақтандырушы сақтанушыға жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиянның мөлшерін бағалаудан бас тартуға құқылы емес.
      5-2. Сақтанушы (сақтандырылушы) немесе жәбірленуші тәуелсіз сарапшының қызметін дербес пайдалануға құқылы. Бұл ретте мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін бағалауға жұмсалатын шығыстарды сақтанушының (сақтандырылушының) не жәбірленушінің өзі көтереді. Егер сақтанушының (сақтандырылушының) не жәбірленушінің бастамасы бойынша жүргізілген бағалауды сақтандырушы мойындаса және сақтандыру төлемінің мөлшерін есептеу кезінде пайдаланатын болса, онда сақтандырушы осы шығыстарды көтерген тұлғаға сараптамаға жұмсалған шығындарды өтейді.
      Жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиянның мөлшерін сақтанушының (сақтандырылушының) не жәбірленушінің бастамасы бойынша жүргізілген бағалаумен келіспеген жағдайда, сақтандырушы дербес бағалауды жүргізуге құқылы. Пайда алушы сақтандырушы жүргізген бағалаумен келіскен кезде сақтанушының (сақтандырылушының) не жәбірленушінің бағалауды жүргізуге жұмсаған шығыстарын сақтандырушы өтемейді.";

      6-тармақта:
      "өзі не сақтанушы (сақтандырылушы) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы сақтандырушыға хабарлағаннан кейін жетi жұмыс күнi iшiнде" деген сөздер "өзі немесе сақтанушы (сақтандырылушы) сақтандыру жағдайының басталу фактісін растайтын құжаттарды берген күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "келтірілген зиянды бағалау үшiн" деген сөздер "зақымдалған мүлікті қарау және келтірілген зиянды бағалау үшiн" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      "6-1. Сақтандырушы зақымдалған мүлікті қараған және жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиянның мөлшерін бағалаған не сақтанушының (сақтандырылушының) немесе жәбірленушінің бастамасы бойынша тәуелсіз сарапшы жасаған осындай бағалаудың нәтижелерін алған күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде сақтандыру актісін жасап, оны және бағалау туралы есепті пайда алушыға танысу үшін береді."; 

      9) 23-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Егер сақтандырушы сақтанушының (сақтандырылушының) не жәбірленушінің өтініші негізінде сақтандыру жағдайының басталу фактісін растайтын құжаттарды алған және зақымдалған мүлік қарауға берілген күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде келтірілген зиянды бағаламаса, сақтанушы (сақтандырылушы) не жәбірленуші тәуелсiз сарапшының қызметін пайдалануға және мүлiктi қалпына келтiрудi (кәдеге жаратуды) бастауға құқылы.";

      10) 24-бапта:
      1-тармақта:
      1) тармақша мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
      "мүгедек балаға" - 300;";

      2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) бір жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін - келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ 400-ден көп емес;
      3) бір мезгілде екі және одан да көп жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін - келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ әрбір жәбірленушіге 400-ден көп емес. Бұл ретте сақтандыру төлемдерінің жалпы мөлшері барлық жәбiрленушiге 1000-нан аспауға тиіс. Зиян мөлшері сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемінен асқан жағдайда сақтандыру төлемі әрбір жәбірленушіге оның мүлкіне келтірілген зиянға мөлшерлес дәрежеде жүзеге асырылады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Жәбiрленушi қайтыс болған жағдайда жәбiрленушiнi жерлеген адамға сақтандырушы жерлеуге жұмсалған қажетті шығыстарды нақты шығындар мөлшерiнде, бiрақ көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру сомасы шегiнде өтейдi.";

      11) 25-бапта:
      2-тармақтың бірінші бөлігінде:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) жәбiрленушiнiң қайтыс болғаны туралы куәлiктiң нотариат куәландырған көшiрмесi;";

      "4-1) пайда алушының зиянды өтеттіру құқығын растайтын құжат (көшiрмесi);";

      8) тармақша "құжаттың көшірмесі" деген сөздерден кейін ", соның ішінде көлік құралын тіркеу туралы куәліктің көшірмесі" деген сөздермен толықтырылсын;

      4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Мүлікке зиян келтірілген жағдайда осы мүліктің меншік иесі, ал ол қайтыс болған жағдайда зиянды өтеттіруге құқығы бар адамдар жәбірленуші болып танылады.";

      12) 26-бапта:
      2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Сақтандыру төлемiнiң дау туғызған бөлiгiн сақтандырушы бiтiм келiсiмiн бекіту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде не, егер сот шешiмдi шұғыл түрде орындауды ұйғармаса, осы дау бойынша сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап жүзеге асыруға тиiс.";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Бірнеше жәбірленушінің мүлкіне зиян келтірілген жағдайда, сақтандырушы барлық жәбірленушілердің құжаттарын алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде, бірақ басқа сақтандырылғандардың құжаттарды беруіне қарамастан, сақтандырушыға бірінші болып құжаттарын берген жәбірленушіден құжаттар алған күннен бастап күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей сақтандыру төлемін бастауға міндетті.";

      13) 29-бап мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      "5-1. Сақтандыру төлемі сақтандыру полисінде көрсетілген зақымдалған көлік құралы үшін төленбейді.".

      6. "Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 14, 102-құжат):

      1) 8-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыратын сақтандырушы өзінің қаржылық есептемесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жылдық қаржылық есептеме жариялау тәртібі туралы нормативтік құқықтық актісінде көзделген көлемде және мерзімде Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын кемінде екі мерзімді баспасөз басылымында мемлекеттік тілде және орыс тілінде жыл сайын жариялауға міндетті.";

      2) 11-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      "4-1. Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушысы - мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының кредиторларымен (сақтанушыларымен) он екі айдан кем мерзімге жасасуға жол беріледі.".

       2-бап.  Осы Заңды қолданысқа енгізудің тәртібі

      1. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      2. Осы Заңның 1-бабы 3-тармағының 11) тармақшасы он бірінші абзацының талабы "жалпы сақтандыру" саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары үшін 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Сақтандыру нарығына кәсіби қатысушылар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде өз қызметін оның талаптарына сәйкес келтірсін.

       Қазақстан Республикасының
       Президенті

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 260954
    Қазақ тілінде 130322
    Орыс тілінде 129765
    Ағылшын тілінде 867
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы