Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2001 жылғы 11 шілде N 239-II

      Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне K941000_ (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., N 2-3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат; N 11-12, 178-құжат; N 17-18, 224, 225-құжаттар; N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 20, 727, 731-құжаттар; N 23, 916-құжат; 2000 ж., N 18, 336-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; 2001 жылғы 13 наурызда "Егемен Қазақстан" және 2001 жылғы 12 наурызда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2001 жылғы 2 наурыздағы Z010162_ Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 51-баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) екінші кезекте - банкроттық мәселелерін реттейтін заң актісіне сәйкес талаптар сомасының бір бөлігі бесінші кезекте қанағаттандырылатын жағдайларды қоспағанда, еңбек шарты бойынша жұмыс істеген адамдардың еңбегіне ақы төлеу және өтем төлеу, соның ішінде еңбекақыдан ұсталатын алименттерді және міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі берешектерді өтеу, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақы төлеу жөнінде есеп айырысулар жүргізіледі;
      3) үшінші кезекте - кредиторлардың таратылатын банкроттың кепілмен қамтамасыз етілген мүлкінің міндеттемелері жөніндегі талаптары қамтамасыз ету сомасы шегінде қанағаттандырылады;";

      2) 56-баптың 2-тармағындағы "бір жыл ішінде" деген сөздер "екі жыл ішінде" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. "Банкроттық туралы" 1997 жылғы 21 қаңтардағы Z970067_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 1-2, 7-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 14, 198-құжат; N 17-18, 225-құжат; 2000 ж., N 22, 408-құжат; 2001 жылғы 13 наурызда "Егемен Қазақстан" және 2001 жылғы 12 наурызда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2001 жылғы 2 наурыздағы Z010162_ Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) Заңның бүкіл мәтіні бойынша "бюджетке және бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдер", "бюджетке және бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдерге" деген сөздер тиісінше "салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер", "салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      Заңның бүкіл мәтіні бойынша мынадай өзгерістер енгізілсін:
      "несие берушілердің", "несие берушілермен", "несие берушілер", "несие беруші" деген сөздер тиісінше "кредиторлардың", "кредиторлармен", "кредиторлар", "кредитор" деген сөздермен; "конкурстық жиынтық" деген сөздер "конкурстық масса" деген сөздермен; "конкурсты басқарушы" деген сөздер "конкурстық басқарушы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
      1) әкімшілік шығыстар - сырттан тартылатын және мамандырылған ұйымдардың көрсететін қызметіне ақы төлеу жөніндегі шығындарды, оңалтуды және конкурстық басқарушылардың сыйақы сомасын қоса алғанда, банкроттық рәсімдеріне, оңалту рәсіміне және соттан тыс тарату рәсіміне бастамашылық жасау мен оларды өткізуге байланысты барлық шығыстар.
      Борышкердің таратылуы барысында оларды төлеу жөнінде міндеттемелер пайда болған салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер әкімшілік шығыстарға теңестіріледі;";
      2) банкрот - дәрменсіздігі сот белгіленген борышкер;
      3) банкроттық - борышкердің сот шешімімен танылған оны таратуға негіз болатын дәрменсіздігі;
      4) борышкерді соттан тыс тарату рәсімі - борышкердің кредиторлардың және уәкілетті органның бақылауымен оны ерікті түрде тарату туралы кредиторлармен келісімге қол жеткізу жолымен дәрменсіз борышкердің борыштарын соттан тыс тәртіппен реттеу рәсімі;
      5) ақшалай міндеттеме - борышкердің кредиторлар жеткізген (беріп жіберген) тауарлардың (атқарған жұмыстардың, көрсеткен қызметтердің) құнын төлеуге, пайдаланғаны үшін сыйақы (мүдде) төлей отырып заем сомасын қайтаруға, сондай-ақ ақшалай сипаттағы өзге де талаптар бойынша төлемдерді жүзеге асырауға міндеттілігі;
      6) дәрменсіз борышкердің өз еркімен таратылуы - дәрменсіз борышкердің өз өтініші негізінде сот шешімі бойынша таратылуы не кредиторлардың бақылауымен соттан тыс тәртіппен таратылуы;
      7) борышкер - заңдарда көзделген тәртіппен өзіне банкроттық рәсімінің немесе соттан тыс тарату рәсімінің қолданылуына төлем қабілетсіздігі немесе дәрменсіздігі негіз болып табылатын заңды тұлға;
      8) лауазымды адам - дәрменсіз борышкер-заңды тұлғаның басшысы (басшысының орынбасары), сондай-ақ заңды тұлғаның басқару функциясын жүзеге асыратын, заңды тұлғаның алқалы атқарушы органына кіретін өзге адам;
      9) кепілді кредитор - талаптары борышкердің мүлкін кепілге салумен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша кредитор;
      10) конкурстық масса - конкурстық іс жүргізу процесінде шығынды өндіріп алуға болатын борышкердің мүлкі;
      11) конкурстық іс жүргізу - кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру және банкротты (дәрменсіз борышкерді) борыштардан азат деп жариялау мақсатымен жүзеге асырылатын рәсім;
      12) конкурстық кредитор - өзінің мүліктік талаптарын қанағаттандыруда заң күшімен де, кепіл туралы келісім күшімен де артықшылығы жоқ кредитор;
      13) конкурстық басқарушы - конкурстық іс жүргізуді жүзеге асыру үшін белгіленген тәртіппен тағайындалған адам;
      14) кредитор - еңбекке ақы төлеу, авторлық сыйақы төлеу, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша міндеттемелерді қоса алғанда, борышкерге азаматтық-құқықтық және өзінің өзге де міндеттемелерінен туындайтын мүліктік талаптары бар адам;
      15) жалған банкроттық - кредиторлардың талаптарын толық көлемде қанағаттандыратын мүмкіндігі бола тұрып, кредиторларға тиесілі төлемдерді кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеу немесе борыштарға шегерім алу, сол сияқты борыштарды төлемеу үшін кредиторларды жаңылыстыру мақсатында борышкер-органның немесе оның мүлкі иесінің сотқа немесе уәкілетті органға өзін банкрот деп тану туралы көрінеу жалған өтініш жасауы;
      16) төлем қабілетсіздігі - борышкердің ақшалай міндеттемелерін және өзге де ақшалай сипаттағы талаптарды орындауға қабілетсіздігі;
      17) дәрменсіздік - сот немесе борышкер мойындаған, кредиторлардың жалақы төлеу жөніндегі талаптарын қоса алғанда, ақшалай міндеттемелер бойынша талаптарын борышкердің толық көлемде қанағаттандыруға қабілетсіздігі;
      18) жоқ борышкер - тұрақты органының, сондай-ақ заңды тұлға оларсыз өз қызметін жүзеге асыра алмайтын құрылтайшыларының, қатысушыларының, менеджерлері мен лауазымды адамдарының тұрған жерін алты ай ішінде анықтау мүмкін емес борышкер;
      19) әдейі банкроттық - борышкердің мүлкі иесінің немесе борышкер-заңды тұлға органдарының жеке өз мүдделерін немесе өзге тұлғалардың мүдделерін көздей отырып жасаған борышкерді дәрменсіздікке қасақана душар етуі;
      20) борышкерді мәжбүрлеп тарату - кредиторлардың, прокурордың мәлімдемелері негізінде сот шешімі бойынша жүзеге асырылатын дәрменсіз борышкердің қызметін тоқтату;
      21) оңалту рәсімі - сот рәсімі, оның шеңберінде дәрменсіз борышкерге кез келген қайта ұйымдастырушылық, ұйымдық-шаруашылық, басқарушылық, инвестициялық, техникалық, қаржы-экономикалық, құқықтық және борышкердің таратылуын болдырмау мақсатында оның төлем қабілетін қалпына келтіруге бағытталған, заңдарға қайшы келмейтін өзге де шаралар қолданылады;
      22) оңалтуды басқарушы - осы Заңда белгіленген тәртіппен оңалту рәсімінің кезеңіне дәрменсіз борышкердің мүлкі мен істерін басқару функциясы берілетін адам;
      23) санация - оңалту шарасы, оның барысында борышкер мүлкінің иесі (ол уәкілеттік берген орган), кредиторлар немесе өзге тұлғалар дәрменсіз борышкерге қаржылық көмек көрсетеді, сондай-ақ борышкердің резервтерін жұмылдыру мен оның қаржы-шаруашылық жағдайын жақсарту жөнінде өзге де шаралар кешені іске асырылады;
      24) ауыл шаруашылық ұйымы - жерді пайдалана отырып ауыл шаруашылық өнім өндіретін; мал шаруашылығының, құс шаруашылығының (оның ішінде төлді өсіруден бастап толық циклды асыл тұқымды шаруашылықтар), омарта шаруашылығының ауыл шаруашылық өнімін өндіретін, осы өнімді өткізуден түсетін, оның ішінде ұқсатылған өнімнен түсетін табысы жылдық табысының жалпы сомасының елу процентінен асатын ұйым;
      25) субсидиарлық жауапкершілік - заңдарға немесе міндеттеме шарттарына сәйкес тұлғаның негізгі борышкер болып табылатын басқа тұлғаның жауапкершілігіне қосымша жауапкершілігі;
      26) уәкілетті орган - өзіне берілген өкілеттік шектерінде банкроттық рәсімдерінің (банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда жүргізілуіне, сондай-ақ дәрменсіз борышкерді соттан тыс тарату рәсіміне бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін мемлекеттік орган; ауыл шаруашылығы ұйымы банкроттыққа ұшыраған жағдайларда, республикалық меншіктегі ұйымдарды қоспағанда, уәкілетті орган облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімияттары белгіленген жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады.";

      3) 2-бапта:
      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы Заңда көзделген банкроттық рәсімдерін үздіксіз өндіріс циклы бар ұйымдарға, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілері немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие болған нарық субъектілері болып табылатын ұйымдарға қатысты қолдану ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленуі мүмкін.";
      2-тармақ "заң актілерімен" деген сөздердің алдынан "шаруашылық жүргізудің осы нысандарын реттейтін" деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Табиғи монополиялар субъектілері немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие болған нарық субъектілері болып табылатын, не Республиканың экономикасы үшін зор стратегиялық маңызы бар, азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға ықпал ете алатын ұйымдар банкрот болған, сондай-ақ мемлекеттің бастамашылығымен банкрот деп танылған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі азаматтар мен мемлекеттің мүдделерін қорғау мақсатында конкурстық массаны өткізудің ерекше шарттары мен тәртібін және конкурстық масса объектілерін сатып алушыларға қосымша талаптар белгілеуге құқылы.";

      4) 3-баптың 4-тармағы "кем болмаса," деген сөздерден кейін "осы Заңның 94-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      5) 5-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Конкурстық басқарушы әдейі немесе жалған банкроттық жасау белгілерін тапқан жағдайда, ол лауазымды адамдарды Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарында көзделген жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау органдарына жүгінуге міндетті.";

      6) 6-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасы "несие берушілердің" деген сөздердің алдынан "уәкілетті органның," деген сөздермен толықтырылсын;
      2 және 3 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Конкурстық және оңалтуды басқарушылар, кредиторлардың немесе уәкілетті органның мәлімдемесі бойынша санацияға қатысушы банкроттық туралы істі қозғауға немесе соттан тыс тарату рәсімінің бастамасына дейінгі екі жыл кезең ішінде мәмілелерді жарамсыз деп тануды және борышкер берген, соның ішінде жалға немесе бұдан бұрын жасалған мәмілелер бойынша орындауын қамтамасыз етуге берген мүлікті қайтаруды бұл мүлікті өтеусіз, нарық бағаларынан едәуір төмен бағалармен не кредиторлардың мүдделеріне нұқсан келтіріле отырып жеткілікті негіздерсіз алған адамдардан талап етуге міндетті.
      3. Конкурстық және оңалтуды, басқарушылар, кредиторлардың немесе уәкілетті органның мәлімдемесі бойынша санацияға қатысушы банкроттық туралы істі қозғауға немесе соттан тыс тарату рәсімінің бастамасына дейінгі екі жылға дейінгі кезең ішінде борышкердің өздеріне берген мүлкін қайтаруды олардың алдындағы міндеттемелер басқа кредиторлардың мүдделеріне нұқсан келтіріле отырып мерзімінен бұрын орындалған кредиторлардан талап етуге міндетті. Бұл жағдайда кредиторлардың құқықтары осы Заңның ережелерімен қамтамасыз етіледі.";
      4-тармақта "бір жыл ішінде" деген сөздер "екі жыл ішінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 9-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Осы тармақтың ережелері осы баптың 1-1-тармағында көзделген жағдайларда қолданылмайды.";
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Оңалту рәсіміне борышкердің өзі бастамашылық жасаған жағдайда борышкер мүлкінің меншік иесінің немесе ол уәкілеттік берген органның өтініші бойынша оны өткізуді уәкілетті орган кредиторлар комитетінің келісімімен борышкердің басшысына жүктеуі мүмкін. Бұл ретте ондай басшыға осы Заңмен белгіленген оңалтуды басқарушының құқықтары мен міндеттері қолданылады.";
      2-тармақта "кредиторлардың комитеті" деген сөздердің алдынан "уәкілетті органның келісімі бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Банкроттық рәсімдерінде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға уәкілетті орган беретін лицензиясы бар жеке тұлға - жеке кәсіпкер оңалтуды, конкурстық басқарушылар болып тағайындалады.
      Осы Заңның 2-бабының 2 және 4-тармақтарында аталған ұйымдардың банкроттығы рәсімдерін жүзеге асыру кезінде уәкілетті орган оңалтуды басқарушыны тиісінше тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие болған табиғи монополиялар субъектілері немесе нарық субъектілері болып табылатын ұйымдардың қызметін реттеуге уәкілетті органмен және тиісті орталық атқарушы органмен келісім бойынша, ал қала негізін қалаушы кәсіпорындар бойынша - тиісті облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімімен келісім бойынша тағайындайды.
      Банкроттық рәсімдерінде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.";
      4-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) егер шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам не кооператив дәрменсіз борышкер немесе оның кредиторы болса, осындай серіктестікке қатысушылар, акционерлік қоғамдардың акционерлері,кооператив мүшелері;";
      5-тармақтың 3) тармақшасындағы "мүмкін" деген сөз "тиіс" деген сөзбен ауыстырылсын;

      8) 10-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Кредиторлардың талаптарын тізілімге енгізу не олардың талаптарының сомасы туралы кредиторлар және оңалтуды немесе конкурстық басқарушылар арасында туындайтын келіспеушіліктерді тиісті кредитордың мәлімдемесі бойынша уәкілетті орган не сот қарайды.
      Соттың немесе уәкілетті органның шешімі талапты тізілімге енгізу үшін негіз болып табылады.
      Уәкілетті органның шешіміне сот тәртібімен шағым берілуі мүмкін.";

      9) мынадай мазмұндағы 10-1-баппен толықтырылсын:
      "10-1-бап. Уәкілетті органның құзыреті
      Уәкілеті орган өзінің құзыреті шегінде:
      1) лицензиялау туралы заңдарға сәйкес банкроттық рәсімдерінде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия береді;
      2) борышкерге оңалту рәсімдерін қолдануға келісім береді;
      3) оңалтуды және конкурстық басқарушыларды тағайындайды;
      4) банкроттық рәсімдерінде және дәрменсіз борышкерді таратудың соттан тыс рәсімінде, таратылатын банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары тарату комиссияларының төрағаларын қоспағанда, оңалтуды және конкурстық басқарушылардың қызметін бақылауды жүзеге асырады;
      5) кредиторлар комитетінің құрамын қалыптастырады және дәрменсіз

борышкерді соттан тыс таратудың рәсімінде оның алғашқы отырысын шақырады;
     6) кредиторлар комитетінің оңалтуды және конкурстық басқарушылармен 
жасайтын келісімінің Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келуін 
қарайды;
     7) оңалтуды басқарушының оңалту рәсімін жүргізу барысы туралы есебін 
қарайды (жасалған мәмілелер туралы ақпарат сұратады);
     8) оңалту рәсімдерін жүргізу нәтижелері бойынша қорытынды береді;
     9) конкурстық іс жүргізу кезінде кредиторлар комитетінің құрамын 
бекітеді;
     10) кредиторлар талаптарының тізілімін бекітеді;
     11) тізілімге кредиторлар талаптарын енгізу туралы кредиторлар мен 
оңалтуды (конкурстық) басқарушылар арасындағы келіспеушіліктерді қарайды;
     12) санацияға қатысушыдан растайтын құжаттар талап етуге құқылы;
     13) конкурстық іс жүргізу мерзімін ұзартады;
     14) конкурстық массаны сату жоспарын қарайды;
     15) оңалтуды және конкурстық басқарушылар банкроттық рәсімдерін 
жүргізу кезінде заңдардың талаптарын бұзған жағдайда оларды шеттету туралы 
шешім қабылдайды;
     16) борышкердің конкурстық массасын конкурстық сауда-саттықта өткізу 
кезінде жариялылықтың, бәсекелестіктің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
     17) жалған және әдейі жасалған банкроттықтың белгілерін анықтайды;
     18) оңалтуды және конкурстық басқарушылардың әрекеттеріне шағымдарды 
қарайды;
     19) осы Заңның 6-бабында көрсетілген жағдаяттар кезінде жасалған 
мәмілелерді анықтау жөнінде шаралар қолданады."; 
     
     10) 11-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Кредиторлар комитетінің құрамына кредиторлардың еңбекке ақы

төлеу жөніндегі өкілі, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті 
төлемдер бойынша кредиторлар және борышкерге қоятын талап сомасы неғұрлым 
көп, мүлік кепілімен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша кредитор 
енеді."; 
     
     11) 12-бапта 2-тармақта:
     2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
     "2) конкурстық басқарушының кредиторлар комитетінің алдында түгендеу 
жөнінде есеп беру мерзімін белгілеуге;";
     3) тармақшада "негізгі және қосымша сыйақының мөлшерін" деген сөздер 
"сыйақының сомасын" деген сөздермен ауыстырылсын; 
     
     12) 13-бапта:
     үшінші абзац алып тасталсын; 
     бесінші абзацта "негізгі және қосымша төлемнің мөлшерін" деген сөздер 
"төлемнің сомасын" деген сөздермен ауыстырылсын;
     жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "оңалтуды немесе конкурстық басқарушылардың іс-әрекеттеріне уәкілетті органға немесе сотқа шағымдануға, сондай-ақ оларды атқаратын міндеттерінен шеттету туралы өтінішпен уәкілетті органға жүгіну жөнінде шешім қабылдауға;";
      сегізінші абзацта "көлемін" деген сөз "сомасын" деген сөзбен ауыстырылсын;
      Мынадай мазмұндағы оныншы және он бірінші абзацтармен толықтырылсын:
      "банкроттық рәсімін, оңалту рәсімін, соттан тыс тарату рәсімін өткізу үшін аудиторлық тексеріс пен түгендеу нәтижелерін назарға алуға, шығыстар баптары мен сметасын бекітуге;
      орынды жағдайда конкурстық басқарушыға, егер бұл кредиторлардың мүдделеріне нұқсан келтірмесе, банкрот деп танылған кәсіпорынның өндірістік қызметін тоқтатпау жөнінде ұсыныс жасауға;";

      13) 14-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

     "1. Кредиторлар комитетінің отырысына комитет мүшелерінің немесе 
олардың сенімді адамдарының кемінде 2/3-і қатысса, ол құқылы болады."; 
     
     14) 15-бапта:
     1-тармақта "(несие берушілердің) өтініші" деген сөздерден кейін үтір 
қойылып, "жөнінде, ал өздерінің жарғылық капиталында мемлекеттің үлесі 
2/3-ден кем болмайды мемлекеттік орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
     2-тармақта "салық және өзге уәкілетті орган" деген сөздер "салық және 
өзге де уәкілетті мемлекеттік орган" деген сөздермен ауыстырылсын; 
     
     15) 16-бапта:
     3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
     "3) кредиторлардың еңбекке ақы төлеу жөніндегі өкілі;";
     7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
     "7) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің уәкілетті 
өкілі."; 
     
     16) 18-баптың 2-тармағында: 

      "2) азаматтық-құқықтық міндеттемелер бойынша кредиторлардың, олардың тұрғылықты жері және борышкерге қойған талаптарының сомасы көрсетілген тізбесі;";
      3) тармақшада "демалысына төлейтін жәрдемақысы" деген сөздер "өтемдері" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) тармақшада "көлемі" деген сөз "сомасы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      8) тармақшада "банктердің почталық мекен-жайы" деген сөздер "банктердің тұрғылықты жері, дебиторлардың тұрғылықты жері және олардың берешегінің сомасы көрсетілген тізбесі;" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын;
      "10-1) борышкер қызметінің табиғи монополия саласына қатысы туралы немесе осы борышкер тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға; ие болған нарық субъектісі болып табылатыны туралы ақпарат";";

      17) 19-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы "құжаттары" деген сөзден кейін нүктелі үтір қойылып, "қоса тіркеледі." деген сөздер алып тасталсын және мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) борышкер табиғи монополия субъектісі немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие болған нарық субъектісі болып табылатын жағдайда борышкердің өзін банкрот деп тану туралы сотқа жүгінуі жөніндегі жазбаша хабарламасы алынған кезден бастап монополияға қарсы органның он күн ішінде беретін қорытындысы қоса тіркеледі.";

      18) 22-баптың 3-тармағына:
      2) және 3) тармақшаларда "почталық мекен-жайы" деген сөздер "тұрғылықты жері" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) тармақшада "мөлшері" деген сөз "сомасы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "7) кредитор талаптарының белгіленген құқықтық негіздері (сот шешімі, бұл талаптарды борышкердің мойындауы, ал олар жоқ болған кезде - кредитор талаптарының негізділігін және олардың сомасын растайтын дәлелдемелер);";

      19) 23-баптың 3) тармақшасында "мөлшерін" деген сөз "сомасын" деген сөзбен ауыстырылсын;

      20) 25-бапта:
      тақырыпта "органының немесе уәкілетті органның" деген сөздер "органы мен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жөніндегі өзге де уәкілетті мемлекеттік органның" деген сөздермен, 1-тармақтағы "немесе уәкілетті органның" деген сөздер "органы мен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жөніндегі өзге де уәкілетті мемлекеттік органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақ алып тасталсын;

      21) 26-баптың 1-тармағының 1) тармақшасында "қасақана" деген сөз "әдейі" деген сөзбен ауыстырылсын;

      22) 27-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Сот банкроттық туралы іс қозғау жөніндегі сот ұйғарымының көшірмесін борышкерге, мәлімдеушіге, уәкілетті органға және борышкердің тұрғылықты жері бойынша аумақтық атқарушы іс жүргізу органына жібереді.";

      23) 28-бапта:
      1-тармағының 4) тармақшасында "салық және өзге де уәкілетті органдардың" деген сөздер "салық органы мен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жөніндегі өзге де уәкілетті мемлекеттік органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Сот жеті күн ішінде ресми басылымдардың бірінде, сондай-ақ борышкердің тұрғылықты жеріндегі облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі ресми жарияланым үшін белгілеген газеттердің немесе өзге мерзімді басылымдардың бірінде банкроттық туралы іс бойынша іс қозғалғандығы жөнінде мемлекеттік тілде және орыс тілінде хабарландыру жариялауға міндетті.";

      24) 29-бапта:
      тақырыпта және 1-тармақта "уәкілетті органның" деген сөздер "салық органы мен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жөніндегі өзге де уәкілетті мемлекеттік органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтың 5) тармақшасында "банктердің почталық мекен-жайы" деген сөздер "банктердің тұрғылықты жері, дебиторлардың тұрғылықты жері және олардың берешегінің сомасы көрсетілген тізбесі;" деген сөздермен ауыстырылсын;

     4-тармақта "болады" деген сөз "болуы мүмкін" деген сөздермен 
ауыстырылсын;
     5-тармақта "2 және 3-тармақтарында" деген сөздер "3-тармағында" деген 
сөзбен ауыстырылсын; 
     
     25) 31-бапта:
     1-тармақта "уәкілетті органның" деген сөздер "салық органы мен салық 
және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жөніндегі өзге де 
уәкілетті мемлекеттік органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
     2-тармақтың 1) тармақшасы "қатысатын" деген сөзден кейін "уәкілетті 
органға," деген сөздермен толықтырылсын; 
     
     26) 36-бапта:
     1-тармақта:
     2) тармақшада "жауабы болмағанда немесе" деген сөздер алып тасталсын;
     5) тармақша "сотқа" деген сөздің алдынан "уәкілетті органның 
қорытындысымен" деген сөздермен толықтырылсын;
     2-тармақта:

      "2) уәкілетті органға конкурстық басқарушыны тағайындауға тапсырма беру туралы, ал банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы банкроттыққа ұшыраған жағдайда құрамында комиссия төрағасы мен мүшелері бар тарату комиссиясын тағайындау туралы;";
      3) тармақшада "мөлшері" деген сөз "сомасы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "2-1. Уәкілетті орган конкурстық басқарушының борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі күшіне енгеннен кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей тағайындайды.";
      3-тармақта "соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап жеті күннен аспайтын мерзімде орталық әділет органының ресми баспасөз басылымында" деген сөздер "ол тағайындалған күннен бастап жеті күннен аспайтын мерзімде ресми басылымдардың бірінде, сондай-ақ борышкердің тұрғылықты жері бойынша облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі ресми жарияланым үшін белгілеген газеттердің бірінде немесе өзге мерзімді басылымда мемлекеттік тілде және орыс тілінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      27) 42-бапта "және кредиторлар комитетінің" деген сөздер "кредиторлар комитетінің және уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      28) 43-бапта:
      3-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;
      4-тармақта "және оңалтуды басқарушының кандидатурасы" деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      "4-1. Табиғи монополия субъектілері немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие болған нарық субъектілері болып табылатын не азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға әсер ете алатын, Республика экономикасы үшін зор стратегиялық маңызы бар ұйымдарды оңалту жоспары тиісті орталық атқарушы органмен, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тиісті аумақтық органымен, ал қала негізін қалаушы кәсіпорындар бойынша - тиісті облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімімен келісілуге тиіс.";
      5-тармақта "және оңалтуды басқарушының кандидатурасын" деген сөздер алып тасталсын;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Егер борышкерді оңалтудың ұсынылып отырған жоспарын кредиторлар комитеті мен уәкілетті орган мақұлдаса (келіссе), ал борышкерді оңалту жоспарымен келіспеген кредиторлардың мүдделеріне нұқсан келмейтін болса, сот оңалту рәсімін өткізуге кредиторлар комитетінің және уәкілетті органның келісімін алған кезден бастап бес күн мерзімнен кешіктірмей оңалту жоспарын бекіту және борышкерге қатысты оңалту рәсімін қолдану

туралы ұйғарым шығарады."; 
     
     29) 44-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
     "Оңалту жоспарына өзгерістер енгізуге уәкілетті органның, кредиторлар 
комитетінің келісімімен жол беріледі және оны сот бекітеді.";
     43-баптың 2-тармағының 27) тармақшасындағы "қала құраушы 
кәсіпорындар" деген сөздер "қала негізін қалаушы кәсіпорындар" деген 
сөздермен ауыстырылсын; 
     
     30) 45-бап "мүмкіндігі" деген сөзден кейін "аудиторлық есеппен және" 
деген сөздермен толықтырылсын; 
     
     31) 46-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
     "3. Оңалту рәсімі енгізілген кезден бастап борышкер берешегінің 
барлық түрі бойынша тұрақсыздық төлемін (өсімпұлдарды, айыппұлдарды) 
есептеу тоқтатылады."; 
     
     32) 47-баптың 1-тармағында:
     2) тармақшада "демалыс жәрдем ақыларын" деген сөздер "өтемдер" деген  
сөздермен ауыстырылсын;
     3) "салықтар мен" және "өзге де" деген сөздер алып тасталсын; 
     
     33) 48-бап мынадай редакцияда жазылсын:
     "48-бап. Оңалтуды басқарушы
     Борышкерге қатысты оңалту рәсімін қолдану туралы сот ұйғарымы күшіне 
енгеннен кейін уәкілетті орган үш күн мерзімде оңалтуды басқарушыны 
тағайындайды."; 
     
     34) 49-бапта:
     1-тармақта "мөлшерін" деген сөз "сомасын" деген сөзбен ауыстырылсын;
     2-тармақта:

      1) тармақша "төленетін" деген сөзден кейін ", ай сайынғы сомасы елу айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс," деген сөздермен толықтырылсын;

      "2) оңалту рәсімінің мақсаттарына міндетті түрде қол жеткізілген

жағдайда оңалтуды басқарушыға төленетін кредиторлардың талаптарын 
қанағаттандыруға бағытталған қаражаттан оның қызметінің нәтижелері бойынша 
қосымша төлемдерді қамтиды.";
     мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
     "3. Оңалтуды басқарушының міндеттері борышкер әкімшілігінің лауазымды 
адамына жүктелген жағдайда осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында 
көзделген қосымша төлемдер төленбейді."; 
     
     35) 50-бап "комитетінің келісімімен" деген сөздерден кейін ", 
уәкілетті органның қорытындысы болған жағдайда," деген сөздермен 
толықтырылсын; 
     
     36) 51-бапта:
     2-тармақта:
     1) тармақшада "жылжымайтын" деген сөздер алып тасталсын;
     2) тармақша алып тасталсын;
     мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақпен белгіленген ережелер оңалту жоспарында көзделген борышкердің мүлкіне билік ету жөніндегі мәмілелерге қолданылмайды.";
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Оңалтуды басқарушы уәкілетті органның не кредиторлар комитеті өкілінің талап етуі бойынша борышкердің мүлкіне билік ету жөнінде өздері жасаған мәмілелер туралы оны хабардар етуге, ал ол жоқ болған кезде уәкілетті органға, кредиторлар комитетіне осындай мәмілелер туралы ай сайынғы есепті табыс етуге міндетті.";

     4-тармақта "жалпы мөлшері" деген сөздер "жалпы сомасы" деген 
сөздермен ауыстырылсын;
     5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "5. Оңалтуды басқарушы осы Заңның 6-бабында көрсетілген мән-жайлар 
кезінде борышкер жасаған мәмілелерді айқындайды және оларды заңсыз деп 
тану не мүлікті сот тәртібімен қайтару туралы талаптар қояды."; 
     
     37) 53-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы сөйлеммен 
толықтырылсын:
     "Бұл жағдайда оңалтуды басқарушы уәкілетті органның қорытындысымен 
осы Заңның 36-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді."; 
     
     38) 54-баптың 1) тармақшасында "банкроттық  туралы" деген сөздер алып 
тасталсын; 
     
     39) 55-бапта:
     1-тармақта "мөлшері" деген сөз "сомасы" деген сөзбен ауыстырылсын;
     2-тармақтың соңғы сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
     "Санацияға қатысушыға осы Заңның 9-бабының 2-1 және 4-тармақтарында 
белгіленген ережелер қолданылмайды.";
     3-тармақта "Сот" деген сөзден кейін ", сондай-ақ уәкілетті орган" 
деген сөздермен толықтырылсын; 
     
     40) 58-бапта:
     1-тармағының бірінші бөлігінде "мөлшерінде" деген сөз "сомасында" 
деген сөзбен ауыстырылсын;
     2-тармақта "мөлшеріне" деген сөз "сомасына" деген сөзбен 
ауыстырылсын; 
     
     41) 65-бапта:

      2-тармақта "мерзімі әрі кеткенде 3 айға ұзартылуы" деген сөздер "мерзімді уәкілетті орган әрі кеткенде 3 айға ұзартуы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "3. Табиғи монополия субъектілері немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие болған нарық субъектілері болып табылатын не азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға әсер ете алатын, Республика экономикасы үшін зор стратегиялық маңызы бар, сондай-ақ мемлекеттің бастамасымен банкрот деп танылған ұйымдардың банкроттығы кезінде конкурстық басқарушының мәлімдемесі бойынша уәкілетті орган кредиторлар комитетінің келісімімен конкурстық іс жүргізуді алты айдан аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін.";

      42) 67-бапта:
      2) тармақша "әділет органына" деген сөздерден кейін ", уәкілетті органға және борышкердің тұрғылықты жері бойынша аумақтық атқарушы іс жүргізу органына" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) уәкілетті органға конкурстық басқарушыны тағайындауды тапсырады, ал банк және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы банкрот болған жағдайда құрамында төраға және комиссия мүшелері бар тарату комиссиясын тағайындайды.";
      4-1) және 6) тармақша алып тасталсын;

      43) 69-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Конкурстық іс жүргізуді жүзеге асыру үшін уәкілетті орган борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап үш күн мерзімде конкурстық басқарушыны тағайындайды.
      Конкурстық басқарушыны тағайындау тәртібін уәкілетті орган белгілейді.";
      2-тармақта:
      1) тармақшада "жиырма бес айлық есептік көрсеткіштен кем болмайтын" деген сөздер "елу айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "2) оның қызметінің нәтижелері бойынша қосымша төлемдерді әкімшілік шығыстар шегеріліп өткізілген конкурстық массаның жеті процентінен аспайтын мөлшерінде кредиторлар комитеті белгілейді.";

      44) 70-бапта:
      1) тармақша "қалыптастырады" деген сөзден кейін ", оны уәкілетті органға бекітуге табыс етеді" деген сөздермен толықтырылсын;
      1-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1-2) уәкілетті орган оны тағайындаған күннен бастап бір апта мерзімде ресми басылымдардың бірінде, сондай-ақ борышкердің тұрғылықты жері бойынша облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі ресми жарияланым үшін белгіленген газеттердің бірінде немесе өзге де мерзімді басылымда борышкерді банкрот деп тану туралы және кредиторлардың талаптарын мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыруды мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялайды;";
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) уәкілетті органмен келіскеннен кейін кредиторлардың талаптарын өтеу мақсатында кредиторлар комитетіне банкроттың мүлкін (активтерін) сату жоспарын бекітуге ұсынады және оның сатылуын жүзеге асырады;";
      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "6-1) уәкілетті органның сұратуы бойынша оған конкурстық іс жүргізу жөнінде қажетті ақпаратты табыс етеді;";

      45) 71-бапта:
      1-тармақта "мөлшері", "мөлшерін" деген сөздер тиісінше "сомасы", "сомасын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4 және 5-тармақтарда "мөлшері" деген сөз "сомасы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      46) 72-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Конкурстық басқарушының шешімімен келіспеген жағдайда кредитор, құрылтайшы (қатысушы) оны бір ай мерзімде уәкілетті органға немесе дау тудырған талап бойынша шешімі күшіне енген банкроттық туралы істі қараған сотқа шағымдануға құқылы.";

      47) 73-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "73-бап. Кредиторлар талаптарының тізілімін бекіту
      1. Конкурстық басқарушы кредиторлар талаптарының тізілімін және оларды қараудың нәтижелерін борышкерді банкрот деп тану және оны тарату туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап үш айдан кешіктірілмей уәкілетті органға бекіту үшін беруге міндетті.
      2. Кредиторлар талаптарының конкурстық басқарушысы табыс еткен тізілімін және оларды қарау нәтижелерін кредиторлардың, құрылтайшылардың (қатысушылардың) қарсылығы болмаған жағдайда уәкілетті орган бір апта мерзімде бекітеді. Кредитордың (кредиторлардың), құрылтайшылардың (қатысушылардың) қарсылығы болған жағдайда туындаған дау осы Заңның 72-бабының 3-тармағында белгіленген тәртіппен қаралады.";

      48) 74-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Конкурстық массаның құрамына:
      1) борышкердің мүлкі, соның ішінде оның қаржылық құжаттарында көрсетілмеген, бірақ осы Заңның 83-бабының 2-тармағында көрсетілген мүлікті қоспағанда, талап құқығын (дебиторлық берешекті) қоса алғанда, борышкердің меншік құқығын растайтын құжаттары бар мүлкі;
      2) жер заңдарымен көзделген жағдайда, борышкердің тұрақты және уақытша жер пайдалану құқығы кіреді.";

      49) 75-бапта:
      1-тармақтың екінші бөлігі "сомасын" деген сөзден кейін ", кредиторлар комитеті бекіткен сметаның шектерінде," деген сөздермен толықтырылсын;
      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Еңбек шарты бойынша жұмыс істеген адамдарға еңбегіне ақы мен өтемдер, оның ішінде еңбекақыдан ұсталған алиментті және міндетті зейнетақы жарналарын төлеу бойынша берешектерді өтеу, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақы төлеу жөніндегі есеп айырысулар, осы Заңның 78-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, екінші кезекте жүргізіледі.
      4. Кредиторлардың таратылған банкрот мүлкінің кепілмен қамтамасыз

етілген міндеттемелері бойынша талаптары қамтамасыз ету сомасы шегінде 
үшінші кезекте қанағаттандырылады.";
     6-тармақтағы "айырысу" деген сөзден кейін "осы Заңға және басқа да" 
деген сөздермен толықтырылсын"; 
     
     50) 76-бапта:

     "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша 
кредитордан басқа кредитор мүлікті он конкурстық басқарушы ұсынған күннен 
бастап он бес күн мерзімде талапты өтеу есебіне заттай қабылдау туралы 
өзінің жазбаша келісімін (келіспеуін) білдіруге тиіс.";
     5-тармақта "үшінші" деген сөз "екінші" деген сөзбен ауыстырылсын; 
     
     51) 77-бапта:
     тақырыбында "көлемі" деген сөз "сомасы" деген сөзбен ауыстырылсын;

     52) 78-бап мынадай редакцияда жазылсын:
     "78-бап. Екінші кезектегі кредиторлар талаптарының сомасы мен 
              оларды қанағаттандыру тәртібі 

      1. Екінші кезектегі кредиторлар талаптарының сомасын белгілеу кезінде, осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, банкроттық туралы іс қозғалған кездегі жинақталып қалған өтелмеген берешек ескеріледі.
      2. Қызметкердің жалақысын көтеру нәтижесінде пайда болған, бір жылдан бастап банкроттық туралы іс қозғалғанға дейінгі кезеңде есептелген еңбегіне ақы мен өтем төлеу жөніндегі кредиторлар талаптарының ұлғайған сомасы кредиторлар талаптарының тізілімінде бесінші кезек құрамында ескеріледі.
      3. Еңбекақы мен өтем төлеу бойынша бір жылдан бастап банкроттық туралы іс қозғалғанға дейінгі кезең ішінде олармен еңбек қатынастары туындаған кредиторлардың талаптары банкроттық туралы іс қозғалғанға дейінгі бір жылдың алдындағы он екі күнтізбелік айда борышкерде құралған орташа айлық жалақыдан аспайтын есеппен кредиторлар талаптарының тізілімінде екінші кезек құрамында ескеріледі. Талаптардың қалған сомалары кредиторлар талаптарының тізілімінде бесінші кезек құрамында ескеріледі.
      4. Егер борышкер банкроттық туралы іс қозғалғаннан кейінгі кезеңде еңбек шарты бойынша жұмыс істеген адамдарға еңбекақы мен өтемдер, оның ішінде еңбекақыдан ұсталған алименттер және міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешектерді, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақыларды төлеу жөніндегі міндеттерін толық көлемде орындамаған жағдайда, борышкерді банкрот деп тану және оны тарату туралы шешім күшіне енгенге дейін төленбеген сомалар, осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, борышкердің екінші кезектегі кредиторлар алдындағы берешегінің жалпы сомасына енгізіледі.";

      53) 79-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "79-бап. Үшінші кезектегі кредиторлар талаптарының сомасы мен
               оларды қанағаттандыру тәртібі
      1. Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеме бойынша талаптар сомасы

айқындалған кезде, кепілмен қамтамасыз етілген бөлігіндегі міндеттеме 
бойынша берешек ескеріледі.
     2. Кредитордың кепілмен қамтамасыз етілген  талаптары кепілге 
салынған мүлік құны есебінен қанағаттандырылады.
     3. Кепілмен қамтамасыз етілмеген бөлігіндегі міндеттеме бойынша 
берешек кредиторлар талаптарының тізілімінде бесінші кезектегі талаптар 
құрамында ескеріледі."; 
     
     54) 80-бапта:
     баптың тақырыбында "көлемі" деген сөз "сомасы" деген сөзбен 
ауыстырылсын;
     1-тармақта "көлемін" деген сөз "сомасын" деген сөзбен ауыстырылсын; 
     
     55) 81-бапта:

      "1. Бесінші кезектегі талаптардың құрамына енетін талаптардың сомасын айқындау кезінде кредиторлардың азаматтық-құқықтық міндеттемелері бойынша талаптары, оның ішінде кредиторларға тиесілі сыйақы (мүдде), кредиторлардың кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелері бойынша талаптарын қоспағанда, осы Заңның 78-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларда еңбек шарты бойынша жұмыс істеген адамдарға еңбекақы төлеу мен өтем төлеу жөніндегі кредиторлардың және заңды тұлға құрылтайшыларының (қатысушыларының) талаптары ескеріледі.";

      56) 82-бапта:
      баптың тақырыбында "Борышкер қызметкерлері" деген сөздер "Кредиторлардың еңбекақы төлеу жөніндегі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Борышкерге еңбекақы төлеу жөнінде талап қоятын адамдар жиналыста (конференцияда) жасырын дауыс беру арқылы талаптарды қарау және талаптар тізілімі мен оларды қарау нәтижелерін бекіту кезінде өздерінің мүдделерін борышкердің, оның кредиторларының алдында қорғауға уәкілеттік берілген өкілді сайлайды.
      Кредитордың еңбекақы төлеу жөніндегі өкілі кредиторлар комитетінің құрамына кіреді және бір дауысқа ие болады.";
      2-тармақта "Қызметкерлердің өкілі" деген сөз "Өкіл" деген сөзбен ауыстырылсын;

      57) 83-баптың 1-тармағында "тиісті мамандарды" деген сөздерден кейін "конкурстық негізде" деген сөздермен толықтырылсын;

      58) 84-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына K941000_ сәйкес талап ету құқығын қоса алғанда, борышкердің мүлкін сатуды уәкілетті органмен келісілген және кредиторлар комитеті бекіткен мүлікті сату жоспарына сәйкес конкурстық басқарушы жүзеге асырады. Мүлікті сату жоспарында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сауда-саттықты өткізудің тәртібі болуға тиіс.";
      2-тармақта "заттай" деген сөз алып тасталсын;

      59) 86-баптың 2-тармағында "бір жыл ішінде" деген сөздер "екі жыл ішінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      60) 87-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін конкурстық басқарушы уәкілетті органмен келісілген өз қызметі туралы есепті, тарату балансы мен кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлікті пайдалану туралы есепті қоса сотқа ұсынады.
      Есепті нысаны мен оны келісу тәртібін уәкілетті орган бекітеді.";

     "Конкурстық іс жүргізу аяқталғаннан кейін сот бір апта мерзімде 
уәкілетті органға конкурстық басқарушының бірінші кезектегі кредиторлардың 
қанағаттандырылмаған талаптары туралы мәліметі бар бекітілген есебінен 
үзінді көшірме жібереді.";
     үшінші бөлігі "органға" деген сөзден кейін "уәкілетті органға," деген 
сөздермен толықтырылсын; 
     
     61) 89-баптың 1-тармағында "(таратушы)", "(осы заңның 18, 
19-баптары)" деген сөздер алып тасталсын; 
     
     62) 92-баптың 1-тармағында "(таратушы)" деген сөз алып тасталсын; 
     
     63) 94-бапта:
     1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сот жоқ борышкерге қатысты банкроттық туралы істі кредитордың, прокурордың, салық немесе салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жөніндегі өзге де уәкілетті мемлекеттік органның мәлімдемесі бойынша қозғауы мүмкін.
      Осы Заңның 3-бабының 4-тармағында белгіленген ережелер жоқ борышкерге қатысты қолданылмайды.";
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Жоқ борышкерді таратуды, осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган тағайындайтын конкурстық басқарушы жүзеге асырады.";
      4-тармақта "орталық әділет органының ресми баспасөз басылымында" деген сөздер "ресми басылымдардың бірінде, сондай-ақ облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі ресми жарияланым үшін белгілеген газеттердің немесе өзге де мерзімді басылымдардың бірінде борышкердің тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік тілде және орыс тілінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Жоқ борышкердің мүлкі болмаған жағдайда не егер оның құны конкурстық іс жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстарды жабуға жеткілікті болмаса, сот уәкілетті органның және кредиторлар комитетінің келісімімен және мәлімдеуші табыс еткен растаушы құжаттар негізінде жоқ борышкерді конкурстық іс жүргізуді қозғамай банкрот деп тану туралы шешім шығарады.
      Жоқ борышкерді банкрот деп тану және оны тарату туралы хабарландыруды мәлімдеуші бір апта мерзімде ресми басылымдардың бірінде, сондай-ақ облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі ресми жарияланым үшін белгілеген газеттердің немесе өзге де мерзімді басылымдардың бірінде банкроттық туралы іс қозғау жөнінде хабарландыруды борышкердің тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялайды.
      Жоқ борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімінде мынадай нұсқаулар болуға тиіс:
      1) борышкерді конкурстық іс қозғамай тарату туралы;
      2) уәкілетті органға жоқ борышкердің таратылуын жүргізуді тапсыру туралы;
      3) шешім шығарылғанға дейін сотқа жүгінген кредиторлардың мәлімделген талаптарының сомасы туралы.";

      64) 95-бапта:
      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Кредиторлармен есеп айырысқаннан кейін конкурстық басқарушы (уәкілетті орган) тарату балансын және кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлікті пайдалануы туралы есепті қоса өзінің қызметі туралы есепті сотқа табыс етеді.
      Конкурстық басқарушының есебі ол сотқа табыс етілгенге дейін уәкілетті органмен келісілуге тиіс.
      3. Борышкер конкурстық басқарушының (уәкілетті органның) есебін бекіту туралы сот ұйғарымының негізінде заңды тұлға қызметінің тоқтатылғандығы туралы заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркеліміне жазба енгізілген кезден бастап таратылды деп есептеледі, бұл таратылған борышкердің кредиторлар алдындағы берешегін есептен шығару үшін негіз болып табылады.";
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Егер заңды тұлғаны тарату лауазымды және оның атынан уәкілетті өкілдік етуге адамдар болмаған кезде конкурстық іс қозғалмай жүргізілген жағдайда, уәкілетті орган осы Заңда белгіленген тәртіппен кредитор талаптарының тізілімін және осы баптың 2-тармағында көзделген тәртіппен өз қызметі туралы есеп жасайды.
      Жоқ борышкердің мүлкі болған жағдайда уәкілетті орган оны Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сатады. Мұндай мүлікті сатудан түскен ақша жоқ борышкерді таратуға байланысты шыққан шығыстарды жабуға жұмсалады. Егер алынған ақша жоқ борышкерді таратуға шыққан шығынның құнынан асып кетсе, ол осы Заңда белгіленген кезектілікке сәйкес тиісті кезектегі кредиторлар арасында бөлінеді.";

      65) 96-бапта:
      1-тармақ "кредиторлардың" деген сөзден кейін "және уәкілетті органның" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақта екінші және үшінші бөліктер алып тасталсын;
      3-тармақта "кредиторлар комитеті борышкермен келісе отырып" деген

сөздер "уәкілетті орган кредиторлар комитетімен және борышкермен келісе 
отырып" деген сөздермен ауыстырылсын;
     мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
     "3-1. Борышкерді соттан тыс тарату рәсімін өткізу туралы шешім 
қабылданған жағдайда уәкілетті орган қызметі осы Заңмен реттелетін 
конкурстық басқарушыны тағайындайды."; 
     
     66) 97-бапта:
     2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "2. Бірінші отырысында кредиторлар комитеті дәрменсіз борышкерді 
таратудың соттан тыс рәсімін өткізуге келісім береді не борышкерді банкрот 
деп тану туралы сотқа жүгіну жөнінде шешім қабылдайды.";
     3-тармақ алып тасталсын; 
     
     67) 99-бапта:
     1-тармақта "Кредиторлар комитеті" деген сөздер алып тасталсын;
     3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Соттан тыс тарату рәсімі кезінде осы Заңның 87-бабымен соттың құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімдерді кредиторлар комитеті қабылдайды.
      Борышкердің өндіріп алу мүмкін болмайтын дебиторлық берешегінің сомасын кредиторлар комитетінің бекітуі оны есептен шығаруға негіз болып табылады.";

      68) 101-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қала негізін қалаушы ұйымның банкроттығы туралы істі қараған кезде әкімнің уәкілеттік берген өкілі арқылы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік іске қатысушы тұлға деп танылады. Сот қала негізін қалаушы ұйымның банкроттығы туралы іс қозғалғаннан кейін бұл туралы әкімнің өкіліне және уәкілетті органға хабарлауға міндетті.";
      101-баптың 2-тармағының 64) тармақшасында "Қала құраушы ұйымның", "қала құраушы ұйымның" деген сөздер "Қала негізін қалаушы ұйымның", "қала негізін қалаушы ұйымның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      69) 102-баптың екінші бөлігі "бюджет" деген сөзден кейін "қаражаты" деген сөзбен толықтырылсын;

      70) мынадай мазмұндағы 9-1-тараумен толықтырылсын:
      "9-1-тарау. Ауыл шаруашылық ұйымдары банкроттығының
                  ерекшеліктері
      103-1-бап. Ауыл шаруашылық ұйымдарының банкроттығы
      1. Ауыл шаруашылық ұйымы болып табылатын борышкер осы тарауда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып банкрот деп танылуы мүмкін.
      2. Ауыл шаруашылық ұйымдарының дәрменсіздігі анықталған кезде олар бойынша орындалу мерзімі оның алдындағы жылдан ерте басталмаған міндеттемелер ескеріледі. Бұл ретте, осы мерзімде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар не міндеттемелердің уақтылы орындалмауының себептері болып табылған ерекше қолайсыз табиғи-климаттық жағдайлар туындаған, банкроттық рәсімі қозғалған жылдың алдындағы жыл есепке алынбайды.

      103-2-бап. Кредитордың мәлімдемесіне немесе борышкердің
                 пікіріне қосымша тіркелетін құжаттар
      Кредитордың мәлімдемесіне немесе борышкердің пікіріне осы Заңмен көзделген құжаттардан басқа мыналар қосымша тіркеледі:
      1) жердің кадастрлық сипаттамасы;
      2) банкроттық рәсімі қозғалған жылдың алдындағы жылы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар не қолайсыз табиғи-климаттық жағдайлар туралы деректер.
      Борышкер кредитордың, салық және өзге де уәкілетті мемлекеттік органның немесе прокурордың мәлімдемесіне берген пікірінде өзінің дәрменсіздігін таныған жағдайда қосымша құжаттарды табыс ету міндетті болмайды.
      Борышкерді банкрот деп таныған немесе оған оңалту рәсімдерін қолданған жағдайда қосымша құжаттар алуға байланысты шығыстар әкімшілік шығыстарға жатқызылады.

      103-3-бап. Оңалту рәсімінің мерзімін ұзарту
      Егер табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың не ерекше қолайсыз табиғи-климаттық жағдайлардың салдарынан оңалту рәсімінің мақсатына жету мүмкін болмаған ретте, сот уәкілетті органның қорытындысы бар болған жағдайда оңалтуды басқарушының өтініші бойынша кредиторлар комитетінің келісімімен оңалту рәсімін бір жылдан аспайтын мерзімге ұзартуға құқылы.

      103-4-бап. Конкурстық іс жүргізу
      1. Конкурстық басқарушының мәлімдемесі бойынша кредиторлар комитетінің келісімімен уәкілетті орган осы Заңның 65-бабының 2-тармағына сәйкес белгіленген конкурстық іс жүргізу мерзімін бір жылдан аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін.
      2. Конкурстық басқарушы кредиторлар комитетінің келісімімен борышкердің конкурстық массасының құнын ұстап тұру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады, оларға мыналар жатады:
      1) Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жерді қорғау жөніндегі іс-шаралар;
      2) егіс және егін жинау жұмыстары, жануарларды, құстарды, бал арасын ұдайы молайту және өсіру, өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, ара шаруашылығы өнімдерін ұқсату;
      3) борышкер мүлкін сату үшін қалыпты жағдайда ұстауға байланысты шаралар.
      Конкурстық массаның құнын ұстап тұру жөніндегі шығыстар әкімшілік шығыстарға жатқызылады.

      103-5-бап. Конкурстық массаны қалыптастыру және сату
      1. Конкурстық басқарушы борышкердің жер пайдалану құқығының тиісінше ресімделуін қамтамасыз етуге міндетті, бұл ретте шыққан шығыстар әкімшілік шығыстарға жатқызылады.
      2. Борышкердің мүлкін сату осы Заңның 84-бабына сәйкес жүргізіледі. Бұл ретте, борышкердің мүлкін сату жоспарына, қызметтің негізгі түрін міндетті сақтай отырып, конкурстық массаны бірыңғай лотпен аукцион нысанындағы конкурстық сауда-саттыққа бастапқы қою жөніндегі қосымша шарт енгізіледі.
      3. Егер аукцион болмай қалған не оған қатысушылардың ешқайсысы бірыңғай лотты алмаған жағдайда, оны одан әрі сату уәкілетті органның және кредиторлар комитетінің келісімімен бөлектенген лот бойынша жүзеге асырылады.
      4. Конкурстық массаны бөлектенген лот бойынша сатып алушы болмаса, кредиторлар өз талаптарын банкрот мүлкі есебінен, өз талаптарының сомасына барабар осы Заңның 75-бабында белгіленген конкурстық массаны бөлу кезектілігіне сәйкес заттай қанағаттандыруға құқылы.
      5. Конкурстық массаны сату жөніндегі аукцион өткізудің уақыты мен

орнын кредиторлар комитетінің келісімімен конкурстық басқарушы анықтайды.
     6. Борышкердің - ауылшаруашылық ұйымының конкурстық массасын сату 
жөніндегі аукционды өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі 
анықтайды."; 
     
     71) мынадай мазмұндағы 107-баппен толықтырылсын:
     "107-бап. Осы Заңды бұзғаны үшін жауапкершілік
     Осы заңды бұзуға кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заң 
актілеріне сәйкес жауапты болады.". 
     
     Қазақстан Республикасының 
             Президенті 
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Багарова Ж.А. 
     
Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 261117
    Қазақ тілінде 130391
    Орыс тілінде 129854
    Ағылшын тілінде 872
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы