Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 5 қазандағы № 184-VІ ҚРЗ.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 11, 61, 69-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-VII, 117, 119-құжаттар; № 22-I, 143-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 13, 45-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 11, 37-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47, 50-құжаттар):

      565-баптың 1-тармағындағы "кәсiпкерлiк мақсатта" деген сөздер алып тасталсын.

      2. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 57-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 56-құжат; № 8-II, 72-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 12, 34-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):

      53-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы өндiрiстiк бақылау "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен типін бекітуден немесе метрологиялық аттестаттаудан өткен суды есепке алу аспаптары негiзiнде жүзеге асырылады.".

      3. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-I, 141-құжат; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 56, 57-құжаттар; № 8-II, 71, 72-құжаттар; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 7, 14-құжат; № 9, 17-құжат; № 12, 34-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):

      1) мазмұнында:

      31-баптың тақырыбы алып тасталсын;

      34 және 34-1-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "34-бап. Халықаралық стандарттарды енгiзу және қолдану

      34-1-бап. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласындағы халықаралық стандарттар және ұлттық стандарттар";

      2) 17-бапта:

      мынадай мазмұндағы 26-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "26-2) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарауды, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;";

      мынадай мазмұндағы 28-13) тармақшамен толықтырылсын:

      "28-13) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын орау үшін қолданылатын полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл орамаларды, аралас материалдардан ораманы өндірушілердің (импорттаушылардың) қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақы енгізуіне байланысты шығыстарды өтеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      29) тармақшада:

      отыз төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлік құралдарының (4 және одан жоғары экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электрлі қозғалтқыштары бар) және олардың құрамдастарының, сондай-ақ техникалық регламенттерде айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының өндірісін ынталандыру қағидаларын;";

      мынадай мазмұндағы отыз бесінші абзацпен толықтырылсын:

      "индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, Қазақстан Республикасында экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін); қалдықтары Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін болып табылатын кәбілді-өткізгіш өнімнің өндірісін ынталандыру қағидаларын;";

      3) 31-бап алып тасталсын;

      4) 32-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Экологиялық таза өнім стандарттарын, экологиялық таза өнім белгісінің нысанын және оған қойылатын техникалық талаптарды "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аккредиттелген коммерциялық емес ұйым белгілейді.";

      5) 34-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "34-бап. Халықаралық стандарттарды енгізу және қолдану";

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Халықаралық стандарттарды енгізу және қолдану Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.";

      6) 34-1-бапта:

      тақырыптағы "стандарттар" деген сөз "халықаралық стандарттар және ұлттық стандарттар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақта:

      "техникалық реттеу саласындағы" деген сөздер "стандарттау саласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Қазақстан Республикасы стандарттарын" деген сөздер "ұлттық стандарттарды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "стандарттарды" деген сөз "халықаралық стандарттарды және ұлттық стандарттарды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 132-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Қоршаған ортаның өндiрiстiк мониторингiн "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен аккредиттелген өндiрiстiк немесе тәуелсiз зертханалар жүзеге асырады.";

      8) 158-4-баптың 5-тармағындағы "техникалық реттеу және ортақ өлшемдерді қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган" деген сөздер "стандарттау саласындағы уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 220-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) ағызылатын судың химиялық құрамын "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртiппен аккредиттелген өзiнiң немесе өзге де зертханаларда анықтауды қамтамасыз етуге;";

      10) 283-бапта:

      4-тармақтың екінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасының стандарттарында", "олар қалдықтардың меншік иесіне берілген кезінен" деген сөздер тиісінше "ұлттық стандарттарда", "қалдықтардың меншік иесі оларды берген кезден" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-тармақтағы "Қазақстан Республикасының стандарттарында", "стандарттардың" деген сөздер тиісінше "ұлттық стандарттарда", "ұлттық стандарттардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 285-1-бапта:

      1-тармақтың 1) тармақшасының екінші бөлігі "көлік құралдарын" деген сөздерден кейін ", өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақта:

      1) тармақшада:

      "қағаз және (немесе) картон орамалары" деген сөздерден кейін ", аккумулятор батареялары" деген сөздермен толықтырылсын;

      "картон қалдықтарының" деген сөздерден кейін ", пайдаланылған аккумулятор батареяларының" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) тармақшадағы "қағаз және (немесе) картон" деген сөздер "қағаз, картон және (немесе) металл" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) тармақша "көлігі құралдарын" деген сөздерден кейін ", өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын" деген сөздермен толықтырылып, "кезде қолданылмайды." деген сөздер "кезде;" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 5), 6), 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:

      "5) импорттаушыларға, тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары оралған полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл орамалар, аралас материалдардан орама бөлігінде;

      6) өндірушілерге, қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақы енгізілген, преформалардан жасалған полимер орама бөлігінде;

      7) импорттаушыларға, өнім өндіру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде өз қызметінде негізгі құралдар, материалдар, шикізат, қосалқы бөлшектер (құрауыштар) ретінде жалпы шаруашылық мұқтаждықтары үшін пайдаланылатын және өткізуге арналмаған (арналған), әкелінген өнім (тауарлар) оралған, әкелінген полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл орамалар, аралас материалдардан орама бөлігінде;

      8) импорттаушыларға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шетелдік өтеусіз көмек ретінде әкелінген тауарлар оралған, әкелінген полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл орамалар бөлігінде қолданылмайды.";

      12) 285-2-бапта:

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын орау үшін қолданылатын полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл орамаларды, аралас материалдардан ораманы өндірушілердің (импорттаушылардың) қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақы енгізуіне байланысты шығыстарды өтеуге жібереді;";

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлігі құралдарының (4 және одан жоғары экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электрлі қозғалтқыштары бар) және олардың құрамдастарының, сондай-ақ техникалық регламенттерде айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының өндірісін:

      оларды шығарушыларды мынадай: жұмыс орындарын ұстау; энергия ресурстарын пайдалану; ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді жүзеге асыру; өнімдерді шығаруға байланысты сынақтар жүргізу; кепілдік міндеттемелерді қолдау бағыттары бойынша қаржыландыру;

      жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасында шығарылған көлік құралын және (немесе) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын сатып алған кезде оларға шығарушы ұсынған жеңілдіктерді қаржыландыру арқылы ынталандыруға жібереді.

      Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлігі құралдарының (4 және одан жоғары экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электрлі қозғалтқыштары бар) және олардың құрамдастарының, сондай-ақ техникалық регламенттерде айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының өндірісін ынталандыру қағидаларында:

      қаржыландыру мерзімдері мен көлемдері көрсетіле отырып, экологиялық таза автомобиль көлігі құралдарын шығарушылар мен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы арасындағы үлгілік шарт нысаны;

      қаржыландыру мерзімдері мен көлемдері көрсетіле отырып, техникалық регламенттерде айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын шығарушылар мен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы арасындағы үлгілік шарт нысаны;

      экологиялық таза автомобиль көлігі құралдарының өндірісі туралы есептіліктің нысандары және оларды өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторына ұсыну мерзімдері;

      өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының өндірісі туралы есептіліктің нысандары және оларды өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторына ұсыну мерзімдері;

      экологиялық таза автомобиль көлігі құралдарын шығарушыларға қойылатын талаптар;

      өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын шығарушыларға қойылатын талаптар;

      пайдаланудан шығып қалған көлік құралының және (немесе) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының кәдеге жаратуға тапсырылғанын растайтын, Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасында шығарылған көлік құралын және (немесе) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға жеңілдік алу құқығын көздейтін құжат ұсынылған кезде Қазақстан Республикасында шығарылған көлік құралын және (немесе) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын өткізу кезінде жеке және заңды тұлғаларға шығарушы ұсынған жеңілдіктің шарттары, оның ішінде мөлшерін айқындау тәртібі және қаржыландыру тәртібі белгіленеді;";

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) Қазақстан Республикасында экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін); қалдықтары Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін болып табылатын кәбілді-өткізгіш өнімнің өндірісін оларды өндірушілерді мынадай: жұмыс орындарын ұстау; энергия ресурстарын пайдалану; экологиялық қауіпсіз және (немесе) қайта өңделетін өнім өндіру үшін шикізат сатып алу; ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді жүзеге асыру; өнімдерді шығаруға байланысты сынақтар жүргізу; өнімдерді сертификаттау бағыттары бойынша қаржыландыру арқылы ынталандыруға жібереді.

      Қазақстан Республикасында экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін); қалдықтары Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін болып табылатын кәбілді-өткізгіш өнім өндірісін ынталандыру қағидаларында:

      қаржыландыру мерзімдері мен көлемдері көрсетіле отырып, кәбілді-өткізгіш өнім шығарушылар мен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы арасындағы үлгілік шарт нысаны;

      кәбілді-өткізгіш өнім өндірісі туралы есептіліктің нысандары және оларды өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторына ұсыну мерзімдері;

      кәбілді-өткізгіш өнім өндірушілерге қойылатын талаптар;

      өнімге және технологиялық процестерге қойылатын талаптар;

      қаржыландыру шарттары мен тәртібі белгіленеді.

      Кәбілді-өткізгіш өнімнің (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін) экологиялық қауіпсіздігі жөніндегі талаптар – ұлттық стандарттарға, олар болмаған кезде мемлекетаралық стандарттарға сәйкес айқындалады;";

      13) 285-4-баптың 1-тармағында:

      мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "3-1) артық төленген сомалар расталған жағдайда өндірушілер мен импорттаушылардың өтініштері негізінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы белгілеген тәртіппен жүргізілетін артық төленген сомаларды қайтару және (немесе) алдағы төлемдердің есебіне есепке жатқызу;

      3-2) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын орау үшін қолданылатын полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл орамаларды, аралас материалдардан ораманы өндірушілердің (импорттаушылардың) қалдықтардың жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақы енгізуіне байланысты шығыстардың бір бөлігіне өтемақы алуға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілердің құжаттарды дұрыс ұсынуына бақылауды жүзеге асыру;";

      6) тармақша "көлігі құралдарын" деген сөздерден кейін ", өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын" деген сөздермен толықтырылсын;

      10-1) және 10-2) тармақшалар "көлік құралын" деген сөздерден кейін "және (немесе) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 10-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "10-3) осы Кодекстің 285-2-бабында көзделген бағыттарға сәйкес қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақы түрінде өзінің банктік шотына түскен ақшаны жіберу;";

      14) 292-1-бапта:

      1-тармақтағы "стандарттар" деген сөз "ұлттық стандарттар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "Қазақстан Республикасының стандарттарында", "стандарттардың" деген сөздер тиісінше "ұлттық стандарттарда", "ұлттық стандарттардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) 306-баптың 3-1-тармағындағы "Қазақстан Республикасының стандарттарында", "стандарттардың" деген сөздер тиісінше "ұлттық стандарттарда", "ұлттық стандарттардың" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 121, 124-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 119-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 6, 11-құжат; № 9, 18-құжат; № 10, 23-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51-құжат; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 12, 39-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 50-құжаттар; № 16, 55-құжат):

      52-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы ", өсімпұлдарды, санкцияларды, өндіріп алуларды" деген сөздер алып тасталсын.

      5. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 33-құжат; № 10, 50-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-II, 67, 70-құжаттар; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 13, 45-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47-құжат):

      1) 5-баптың 2-тармағының 6) тармақшасындағы "нормативтік" деген сөз алып тасталсын;

      2) алып тасталды – ҚР 28.12.2018 № 211-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      3) алып тасталды – ҚР 28.12.2018 № 211-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      6. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 114, 115-құжаттар; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 36, 37-құжаттар; № 12, 39-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 16, 53-құжат):

      1) мазмұнында:

      312-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "312-бап. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы мен мемлекеттiк нормативтердiң талаптарын бұза отырып, жобалау алдындағы, iздестіру, жобалау, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау";

      313, 314, 315, 316, 318, 321, 322, 323, 323-1 және 410-баптардың тақырыптарындағы "Құрылыс-монтаждау", "Объектiлердi", "Объектілер", "Құрылысты", "Үй-жайларды", "Белгiленген", "Қазақстан", "Өрт" деген сөздер тиісінше "Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, құрылыс-монтаждау", "Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, объектiлердi", "Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, объектілер", "Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, құрылысты", "Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, үй-жайларды", "Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, белгiленген", "Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, Қазақстан", "Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, өрт" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 415-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "415-1-бап. Техникалық регламенттерде, нормативтік құқықтық актілерде және стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген аккредиттеу, сәйкестікті растау және (немесе) бағалау, өлшем құралдарын салыстырып тексеру рәсімдері жүргізілу кезінде Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасын бұзу";

      715-баптың тақырыбындағы "және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы" деген сөздер ", өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы және стандарттау саласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 62-баптың екінші бөлігі "Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы заңнамасы саласында, сондай-ақ жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану саласында құқық бұзушылық жасағаны үшін" деген сөздерден кейін ", техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалау рәсімдерін бұзғаны үшін" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 157-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "157-бап. Көрiнеу жалған жарнама

      Жарнама берушiнiң жарнамада тауарларға, жұмыстарға немесе көрсетілетін қызметтерге, сондай-ақ оларды өндiрушiлерге, орындаушыларға немесе сатушыларға қатысты тұтынушыны жаңылыстыратын ақпаратты пайдалануы –

      жеке тұлғаларға – бір жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.";

      4) 312-бапта:

      бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы мен мемлекеттiк нормативтердiң талаптарын бұза отырып, жобалау алдындағы, iздестіру, жобалау, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау –";

      5) 313-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "313-бап. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, құрылыс-монтаждау және жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде бекiтiлген құрылыс нормаларының және жобалау құжаттарының талаптарын бұзу";

      "1. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, құрылыс-монтаждау және жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде ғимараттардың, құрылыстардың, олардың бөлiктерiнің пайдалану сапасын нашарлатуға, берiктiгiн, орнықтылығын төмендетуге алып келген бекiтiлген құрылыс нормаларының және жобалау құжаттарының талаптарын бұзу –";

      6) 314-бапта:

      тақырыптағы "Объектiлердi" деген сөз "Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, объектiлердi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бірінші бөліктің бірінші абзацындағы "Объектiлердi" деген сөз "Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, объектiлердi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 315-бапта:

      бірінші абзацтағы "Объектiлердi" деген сөз "Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, объектiлердi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 316-бапта:

      9) 318-бапта:

      тақырыптағы "Объектілер" деген сөздер "Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, объектілер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бірінші абзацтағы "Сәулет-құрылыс" деген сөздер "Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, сәулет-құрылыс" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 321-бапта:

      тақырыптағы "Құрылысты" деген сөз "Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, құрылысты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бірінші абзацтағы "Құрылысты" деген сөз "Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, құрылысты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 322-бапта:

      тақырыптағы "Үй-жайларды" деген сөздер "Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, үй-жайларды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бірінші бөліктің бірінші абзацындағы "Қолданыстағы" деген сөз "Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, қолданыстағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 323-бапта:

      тақырыптағы "Белгiленген" деген сөз "Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, белгiленген" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бірінші абзацтағы "Құрылысы" деген сөз "Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, құрылысы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 323-1-бапта:

      тақырыптағы "Қазақстан" деген сөз "Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, Қазақстан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бірінші бөліктің бірінші абзацындағы "Сәулет" деген сөз "Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, сәулет" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 333-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Техникалық регламенттерде көзделген жағдайларды қоспағанда, шығарындыларында ластаушы заттардың болуы, сондай-ақ олардың жұмыс iстеуi кезiнде шығатын шудың деңгейi белгiленген нормативтерден асып кететін автомобильдердi, ұшақтарды, кемелердi және басқа да жылжымалы құралдарды және қондырғыларды пайдалануға шығару –";

      15) 404-баптың екінші бөлігінің 4) тармақшасындағы "стандарттау жөніндегі техникалық регламенттердің және нормативтік" деген сөздер "техникалық регламенттердің және стандарттау жөніндегі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16) 410-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "410-бап. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу немесе орындамау";

      бірінші бөліктің бірінші абзацы және үшінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, ұйымдарда, ғимараттарда, құрылысжайларда, құрылыстарда, тұрғын үйлерде, қоғамдық орындарда, ауыл шаруашылығы алқаптарында, технологиялық қондырғыларда, жабдықтарда, агрегаттарда және өзге де мүлікте Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу немесе орындамау –";

      "3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, адамның денсаулығына зиян келтірген немесе айтарлықтай залал келтiрген өрттiң шығуына алып келген әрекет (әрекетсіздік), қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болмаған кезде –";

      17) 411-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, өрт қауiпсiздiгi талаптарына сай келмейтiн жарылу-өрт қаупi және өрт қаупi бар өнiмдi шығару және өткiзу, егер бұл абайсызда денсаулыққа ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруге және (немесе) жеке немесе заңды тұлғаға не мемлекетке iрi залал келтiруге алып келмесе, –";

      18) 415-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "415-бап. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасын бұзу

      1. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасын:

      1) техникалық регламенттерде және нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өнімді айналымға шығару;

      2) техникалық регламенттерде және нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес сәйкестікті растау және (немесе) бағалау құжаттарынсыз өнімді айналымға шығару түрінде жасалған бұзушылық –

      жеке тұлғаларға – тоқсан, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз тоқсан бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –

      қызметін тоқтата тұрып немесе онсыз, өнім тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – бір жүз отыз бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – үш жүз алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алты жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      19) мынадай мазмұндағы 415-1-баппен толықтырылсын:

      "415-1-бап. Техникалық регламенттерде, нормативтік құқықтық актілерде және стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген аккредиттеу, сәйкестікті растау және (немесе) бағалау, өлшем құралдарын салыстырып тексеру рәсімдері жүргізілу кезінде Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасын бұзу

      1. Техникалық регламенттерде, нормативтік құқықтық актілерде және стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген аккредиттеу, сәйкестікті растау және (немесе) бағалау, өлшем құралдарын салыстырып тексеру рәсімдері жүргізілу кезінде Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасын:

      1) сәйкестікті растау және (немесе) бағалау рәсімдерін, өлшем құралдарын салыстырып тексеруді жүргізу қағидаларын бұзу;

      2) сәйкестікті растау және (немесе) бағалау, өлшем құралдарын салыстырып тексеруді жүргізу кезіндегі сынақтар нәтижелерінің анық еместігі;

      3) міндетті рәсімдерді жүргізбей, сәйкестікті растайтын құжаттарды беру және өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификат беру;

      4) аккредиттелмеген заңды тұлғалардың өлшем құралдарын салыстырып тексеруі, өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауы;

      5) аккредиттеу субъектілерінің калибрлеуден немесе салыстырып тексеруден өтпеген шама бірліктерінің эталондарын қолдануы;

      6) аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібін бұзу түрінде жасалған бұзушылық –

      аккредиттеу аттестатын және сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитордың аттестатын, өлшем құралдарын салыстырып тексерушінің сертификатын алты ай мерзімге тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – тоқсан, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз тоқсан бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      аккредиттеу аттестатынан және сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитордың аттестатынан, өлшем құралдарын салыстырып тексерушінің сертификатынан айыра отырып, жеке тұлғаларға – бір жүз отыз бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – үш жүз алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алты жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      20) 419-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "419-бап. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасын бұзу

      1. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасын:

      1) мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерінде және нормативтік құқықтық актілерде белгіленген өлшемдерге, өлшем құралдарына, стандартты үлгілерге, өлшемдерді орындау әдістемелеріне қойылатын міндетті метрологиялық талаптарды бұзу;

      2) мемлекеттік метрологиялық бақылауға жататын, типін бекіту мақсатына арналған сынақтан немесе метрологиялық аттестаттаудан, сондай-ақ салыстырып тексеруден өтпеген және (немесе) өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілмеген өлшем құралдарын айналымға шығару, қолдану;

      3) мемлекеттік метрологиялық бақылауға жататын және метрологиялық аттестаттаудан және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеуден өтпеген өлшемдерді орындау әдістемелерін қолдану түрінде жасалған бұзушылық –

      жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –

      жеке тұлғаларға – тоқсан, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – төрт жүз алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алты жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      21) 425-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – бір мың алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "қызметін тоқтата тұрып не онсыз, өнім тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – екі жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – төрт жүз алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алты жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      22) 590-бапта:

      бірінші бөліктің бірінші абзацындағы "стандарт" деген сөз "ұлттық стандарттың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бесінші бөліктің бірінші абзацындағы "стандарттардың" деген сөз "ұлттық стандарттардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      23) 616-баптың бірінші бөлігінің 13) тармақшасындағы "мемлекеттік" деген сөз "ұлттық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      24) 684-баптың бірінші бөлігі "415 (екінші бөлігінде)," деген сөздерден кейін "415-1 (екінші бөлігінде)," деген сөздермен толықтырылсын;

      25) 715-бапта:

      тақырыптағы "және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы" деген сөздер ", өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы және стандарттау саласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бірінші бөлікте:

      "және өлшем бірліктерін қамтамасыз ету саласындағы" деген сөздер ", өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы және стандарттау саласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "415 (бірінші бөлігінде)," деген сөздерден кейін "415-1 (бірінші бөлігінде)," деген сөздермен толықтырылсын;

      26) 715-1-баптың бірінші бөлігіндегі "415 (бірінші бөлігінің 1), 2), 3) тармақшаларында)" деген сөздер "415 (бірінші бөлігінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      27) 804-баптың бірінші бөлігінің 37) тармақшасы "415 (екінші бөлігі)," деген сөздерден кейін "415-1 (екінші бөлігі)," деген сөздермен толықтырылсын.

      7. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-II, 20-III, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 14, 50, 51-құжаттар; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар):

      1) 100-баптың 2-тармағының 24-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "24-1) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздемелерді және оның үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;";

      2) 170-баптың 4-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлеуге және қолдануға бағытталса, ондай әрекеттерге жол беріледі.".

      8. 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 22-I, 22-II, 107-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар; № 15, 50-құжат):

      1) 30-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мыналар:

      1) электрондық ақпараттық ресурстың резервтік көшірмесін электрондық ақпараттық ресурстарды резервтік сақтаудың бірыңғай платформасына сақтауға беру салықтық құпияны жария ету болып табылмайды.

      Бұл ретте сақтауға берілген мұндай деректерді пайдалануды уәкілетті орган ғана жүзеге асырады.

      Электрондық ақпараттық ресурстың резервтік көшірмесін беру және сақтау уәкілетті органмен келісу бойынша ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы және ұлттық қауіпсіздік жөніндегі уәкілетті органдар айқындайтын тәртіпке және мерзімдерге сәйкес жүзеге асырылады;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өндірушілердің (импорттаушылардың) қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақыны есептеуінің дұрыстығын, аударуының толықтығын және уақтылығын бақылауды жүзеге асыру үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық мемлекеттік орган алған мәліметтерді беру салықтық құпияны жария ету болып табылмайды.";

      2) 715-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің бесінші абзацындағы және 741-баптың 3-тармағының төртінші бөлігіндегі "техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган" деген сөздер "стандарттау саласындағы уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын.

      9. "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 23-I, 23-II, 110-құжат; 2018 ж., № 15, 50-құжат):

      1) 19-бапта:

      4-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы баптың 3-тармағының 5) тармақшасында көзделген;";

      5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Кеден органдарынан не өзге де уәкілетті органдардан осы баптың 1-тармағында көрсетілген ақпаратты алған Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдары, өзге де мемлекеттік органдарының немесе ұйымдарының лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз міндеттерін орындау кезеңінде де, оларды орындау аяқталғаннан кейін де мұндай ақпаратты таратуға құқылы емес.";

      2) 471-баптың 3-тармағындағы "нормативтік" деген сөз алып тасталсын.

      10. 2017 жылғы 27 желтоқсандағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 23-IV, 112-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):

      1) 60-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарау, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындау;";

      2) 61-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарау, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындау;";

      3) 62-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      4) 63-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      5) 64-бап мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "17-1) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарау, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындау;";

      6) 65-бап мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-1) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарау, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындау;".

      11. "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 17-18, 114-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 92, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 123-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 19-I, 100, 101-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 8-I, 60-құжат; 2017 ж., № 9, 17, 22-құжаттар; № 11, 29-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):

      6-баптың екінші бөлігінің он бірінші абзацындағы "ісін жүзеге асыру болып табылады." деген сөздер "функциясын жүзеге асыру;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он екінші абзацпен толықтырылсын:

      "құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарау, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындау болып табылады.".

      12. "Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы" 1998 жылғы 23 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 48-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 24, 148-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2016 ж., № 1, 2-құжат):

      5-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:

      "құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарауды, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады.".

      13. "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар, № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 11, 80-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 64-құжат; № 14, 87-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-II, 131-құжат; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-I, 60-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 17, 22-құжаттар; № 14, 54-құжат; № 20, 96-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):

      4-баптың 1-тармағының 9-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-1) порттардағы көрсетілетін қызметтер нарығында бәсекелестік болмаған кезде порттардың;".

      14. "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 448-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 19, 150-құжат; № 20, 152-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; 2014 ж., № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат):

      7-баптың 1-тармағының 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) шығыс өлшемдері ұлттық стандарттарда белгіленген шамадан асатын өзін-өзі қорғаудың ұңғысыз атыс қаруының, электрошок құрылғыларының және ұшқынды разрядтауыштардың;".

      15. "Мемлекеттік құпиялар туралы" 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 4, 102-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 6, 41-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 24, 122, 128-құжаттар; 2010 ж., № 3-4, 11-құжат; № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 22-I, 141-құжаттар; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 1, 2-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 24, 115-құжат):

      1) 8-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғау құралдарын сертификаттау және сертификаттар беру тәртібін әзірлейді;";

      2) 12-баптың 8) тармақшасындағы "қару-жарақ пен әскери техника саласындағы стандарттардың" деген сөздер "әскери ұлттық стандарттардың" деген сөздермен ауыстырылсын.

      16. "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 7, 165-құжат; 2004 ж., № 11-12, 62-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат):

      1) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Заң өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, оның мақсаттарын, өлшем бірлігін қамтамасыз етудің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.";

      2) 1-бапта:

      1) тармақша алып тасталсын;

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) мемлекеттiк метрологиялық бақылау – уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасы талаптарының орындалуын бақылау жөніндегі қызметі;";

      4) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) метрологиялық бақылап тексеру – өлшем нәтижесінің қасиеті, оған сәйкес нәтиже салыстырып тексеру мен калибрлеудің құжатталған үздіксіз тізбегі арқылы шама бірлігінің мемлекеттік эталонымен сәйкестендірілуі мүмкін;";

      5) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2) және 5-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "5-1) метрологиялық сараптама – метрологиялық талаптарды, өлшем бірлігімен байланысты қағидалар мен нормаларды қолдану дұрыстығын және толықтығын талдау және бағалау;

      5-2) метрологиялық сипаттама (өлшем құралдары) – өлшем нәтижесіне әсер ететін, өлшем құралы қасиеттерінің бірінің сипаттамасы;";

      5-3) метрологиялық талаптар – өлшемдердің, шама бірліктері эталондарының, стандартты үлгілердің, өлшем құралдарының өлшем дәлдігінің нәтижесі мен көрсеткіштеріне әсер ететін сипаттамаларына (өлшемдеріне), сондай-ақ осы сипаттамалар (өлшемдер) қамтамасыз етілуге тиіс жағдайларға қойылатын талаптар;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) өлшем – шамаға негізделіп жазылуы мүмкін шаманың бір немесе одан көп сандық мәндерін эксперименттік алу процесі;";

      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) өлшем белгісіздігі – өлшем нәтижесімен байланысты және өлшенетін шамаға негізделіп жазылуы мүмкін мәндердің шашырап кетуін сипаттайтын параметр;";

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) өлшем бiрлiгi – өлшемнiң жай-күйi, бұл ретте осы өлшемнің нәтижелері қолдануға рұқсат етілген шама бірліктерінде көрсетіледі, ал өлшем дәлдігінің көрсеткіштері белгіленген шекаралардан шықпайды;";

      мынадай мазмұндағы 9-1) және 9-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "9-1) өлшемдерді орындаудың референттік әдістемесі – сол біртекті шама өлшемдерін орындаудың басқа әдістемелерінің көмегімен алынған өлшенген шама мәндерінің дұрыстығын бағалау үшін қолданылуы мүмкін өлшем нәтижелерін алу үшін, сондай-ақ өлшем құралдарын калибрлеу үшін немесе стандартты үлгілердің сипаттамаларын айқындау үшін пайдаланылатын өлшемдерді орындау әдістемесі;

      9-2) өлшем құралдарын калибрлеу әдістемесі – шама бірлігінің эталонына немесе өлшем құралына калибрлеуді жүргізу тәртібін және рәсімін белгілейтін құжат;";

      10) және 11) тармақшалар алып тасталсын;

      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау – айналымға санаулы данада шығарылатын өлшем құралдарының Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы заңнамасының талаптарына сәйкестiгiн белгiлеу (растау);";

      мынадай мазмұндағы 12-1) және 12-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "12-1) өлшем құралдарын салыстырып тексеру – өлшем құралдарының міндетті метрологиялық талаптарға сәйкестiгiн растау мақсатында орындалатын операциялар жиынтығы;

      12-2) өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдiстемесi – орындалуы өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамаларға белгiленген талаптарға сәйкестiгiн айқындауға және растауға мүмкiндiк беретiн операциялар жиынтығының сипаты;";

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) өлшем құралдарын салыстырып тексерушi – өлшем құралдарын салыстырып тексеруді жүргiзу құқығына аттестатталған жеке тұлға;";

      15) тармақша алып тасталсын;

      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) өлшем құралы – өлшемге арналған және метрологиялық сипаттамалары бар техникалық құрал;";

      мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "16-1) өлшем құралының типін бекіту – уәкілетті органның сынақтардың оң нәтижелері негізінде Қазақстан Республикасының аумағында бекітілген типтегі өлшем құралын қолдануға рұқсат ету туралы шешімі;";

      17), 18), 20-1) және 21) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 21-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "21-1) стандартты үлгі – өлшем дәлдігінің және метрологиялық бақылап тексерудің белгіленген көрсеткіштері бар, болжанатын мақсатына сәйкес сапалық қасиеттерді өлшеу кезінде немесе бағалау кезінде пайдалану үшін белгілі бір қасиеттерге қатысты жеткілікті біртекті және тұрақты материал (зат);";

      23) және 24) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "23) шама бiрлiгi – бірлікке тең сандық мән шартты түрде берiлген тіркелген мөлшердiң шамасы және өзімен біртекті шамаларды сандық жағынан білдіру үшін қолданылатын шама;

      24) шама бірлігінің мемлекеттік эталоны – шама бiрлiгiнiң уәкiлеттi органның шешiмiмен танылған және мемлекеттік меншіктегі эталоны;";

      мынадай мазмұндағы 24-1), 26) және 27) тармақшалармен толықтырылсын:

      "24-1) шама бірлігінің мөлшерін беру – өлшем құралымен сақталатын шама мөлшерін осы шама бірлігінің эталонымен немесе дәлдік көрсеткіштері анағұрлым жоғары стандартты үлгімен жаңғыртылатын немесе сақталатын шама бірлігіне келтіру;";

      "26) шама бірлігінің эталонын немесе өлшем құралын калибрлеу – шама бірлігі эталонының немесе өлшем құралының метрологиялық сипаттамаларының шынайы мәндерiн айқындау мақсатында осы шама бірлігі эталонының немесе өлшем құралының көмегімен алынған шаманың мәнi мен анағұрлым жоғары дәлдіктегі шама бірлігі эталонының көмегiмен айқындалған тиісті шама мәні арасындағы арақатынасты белгiлейтiн операциялар жиынтығы;

      27) шама бірліктерінің эталондарын салғастыру – бір дәлдік деңгейіндегі шама бірліктерінің эталондарымен өлшем бірлігін жаңғыртқан және берген кезде өлшем нәтижелері арасындағы арақатынастарды белгілеу.";

      3) 3 және 4-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-бап. Осы Заңның қолданылу саласы

      Осы Заң барлық мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.

      4-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету мақсаттары

      Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi мақсаттары мыналар болып табылады:

      1) Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының мүдделерiн өлшемнiң анық емес нәтижелерiнен қорғау;

      2) іргелі зерттеулер мен ғылыми әзірлемелер кезінде өлшемнің анық нәтижелерін алу;

      3) өлшем бірлігін қамтамасыз етудің халықаралық жүйесіне интеграциялау.";

      4) 5-бап алып тасталсын;

      5) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесiнiң құрылымы

      Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесiнің құрылымына:

      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;

      2) уәкілетті орган;

      3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар;

      4) мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық;

      5) жеке және заңды тұлғалар кіреді.";

      6) мынадай мазмұндағы 6-1, 6-2, 6-3, 6-4 және 6-5-баптармен толықтырылсын:

      "6-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы құзыреті

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы құзыретіне:

      1) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;

      2) мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықты айқындау;

      3) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады.

      6-2-бап. Уәкілетті органның өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы құзыреті

      Уәкілетті органның құзыретіне:

      1) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықты айқындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыну беру;

      3) мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;

      4) шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын бекіту;

      5) шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын және аккредиттеу субъектілері шама бірліктерінің эталондарын жасау, бекіту, сақтау, қолдану және салғастыру тәртібін айқындау;

      6) шама бірліктері эталондарының сыныптамасын бекіту;

      7) мемлекеттік метрологиялық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу;

      8) метрология жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету;

      9) өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерді аттестаттаудан, қайта аттестаттаудан өткізу және олардың сертификаттарын кері қайтарып алу тәртібін, сондай-ақ оларға қойылатын біліктілік талаптарын айқындау;

      10) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау тәртібін айқындау;

      11) өлшем құралдарының типін бекіту туралы және өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттардың нысандарын бекіту;

      12) салыстырып тексеру таңбаларын дайындау, сақтау және қолдану тәртібін айқындау;

      13) өлшемдерді орындау әдістемелерін және өлшемдерді орындаудың референттік әдістемелерін әзірлеу, метрологиялық аттестаттау, бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу тәртібін айқындау;

      14) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, техникалық регламенттерге, сондай-ақ мемлекетаралық және ұлттық стандарттарға метрологиялық сараптама жүргізу тәртібін айқындау;

      15) өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелерін әзірлеу, бекіту, өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу және қолдану тәртібін айқындау;

      16) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру;

      17) өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімін жүргізу тәртібін айқындау;

      18) мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерін қалыптастыру тәртібін және оларға қойылатын метрологиялық талаптарды айқындау;

      19) мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшемдерге метрологиялық талаптарды мемлекеттік органдармен бірлесіп белгілеу;

      20) өлшем құралдарына салыстырып тексеру жүргізу және өлшем құралдарын салыстырып тексерудің мерзімділігін белгілеу тәртібін айқындау;

      21) өлшем құралдарының типін бекіту, оларға типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтар, метрологиялық аттестаттау және типті бекіту белгісінің нысанын белгілеу тәртібін айқындау;

      22) аккредиттеу кезінде аккредиттеу субъектілері мен заңды тұлғалар үшін өлшемді метрологиялық бақылап тексеруді қамтамасыз ету тәртібін айқындау;

      23) стандартты үлгінің типін бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу тәртібін айқындау;

      24) мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;

      25) уақыт пен жиіліктің өлшем бірлігін қамтамасыз етуге және Жердің айналу параметрлерін айқындауға бағытталған жұмыстарды өңіраралық және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру және орындау;

      26) стандартты үлгілерді әзірлеумен және енгізумен байланысты жұмыстарды өңіраралық және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру және орындау;

      27) заттар мен материалдардың физикалық константтары мен қасиеттері туралы стандартты анықтамалық деректерді әзірлеумен және енгізумен байланысты жұмыстарды өңіраралық және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру және орындау;

      28) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.

      6-3-бап. Мемлекеттік органдардың өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы құзыреті

      Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында:

      1) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысуды;

      2) мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерін уәкілетті органмен бірлесіп бекітуді;

      3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      6-4-бап. Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтың құзыреті

      Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтың құзыретіне:

      1) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында ғылыми зерттеулер жүргізу;

      2) өлшем құралдарын салыстырып тексеру, калибрлеу және зертханааралық салыстырмалы сынақтардың нәтижелеріне салғастыруды жүргізу;

      3) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау жөніндегі жұмыстарды жүргізу;

      4) шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын жасау, жетілдіру, сақтау және қолдану;

      5) шама бірліктерінің мөлшерлерін беру жүйелерін құру;

      6) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы стандарттау жөніндегі құжаттарды, өлшемдерді орындау әдістемелерін, өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу әдістемелерін әзірлеу;

      7) өлшем құралдарын шығару және жөндеу;

      8) стандартты үлгілерді, аттестатталған қоспаларды, салыстырып тексерілетін газ қоспаларын шығару;

      9) осы Заңның 18-бабына сәйкес өлшем құралдарына салыстырып тексеруді және калибрлеуді жүргізу;

      10) осы Заңның 18-бабына сәйкес өлшемдерді орындау әдістемелеріне метрологиялық аттестаттауды жүргізу;

      11) метрологиялық сараптама жүргізу;

      12) шама бірліктерінің эталондарын салғастыруды жүргізу және оған қатысу;

      13) өлшем құралдарына типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтар, өлшем құралдарына метрологиялық аттестаттау, сынақ жабдықтарына аттестаттау жүргізу;

      14) өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімін жүргізу;

      15) өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерді аттестаттау, қайта аттестаттау және олардың сертификаттарын кері қайтарып алу;

      16) салыстырып тексеру таңбаларын дайындауды ұйымдастыру;

      17) өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелерін байқаудан өткізу;

      18) уақыт пен жиіліктің өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды орындау, Жердің айналу параметрлерін айқындау;

      19) заттар мен материалдардың физикалық константтары мен қасиеттері туралы стандартты анықтамалық деректерді әзірлеумен және енгізумен байланысты жұмыстарды орындау;

      20) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді орындау жатады.

      6-5-бап. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы жеке және заңды тұлғалар

      Жеке және заңды тұлғалардың:

      1) Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге қатысуға;

      2) қажет болған кезде өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша тиісті бөлімшелер мен қызметтер құруға;

      3) осы Заңның 18-бабына сәйкес өлшем құралдарына салыстырып тексеру және калибрлеу жүргізуге;

      4) осы Заңның 18-бабына сәйкес өлшемдерді орындау әдістемелерін әзірлеу және метрологиялық аттестаттау жөніндегі жұмысты жүргізуге;

      5) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлеуге;

      6) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау жөніндегі жұмысты жүргізуге құқығы бар.";

      7) 7, 8, 10, 10-1, 11 және 11-1-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесiнiң объектiлерi

      Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету мемлекеттiк жүйесiнiң объектiлерi мыналар болып табылады:

      1) шама бірліктері;

      2) шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары;

      3) шама бірліктерінің эталондары;

      4) өлшем құралдары;

      5) стандартты үлгілер;

      6) өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелері;

      7) өлшемдерді орындау әдістемелері;

      8) өлшем құралдарын калибрлеу әдістемелері;

      9) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілер, техникалық регламенттер, стандарттау жөніндегі құжаттар.

      8-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы стандарттау жөнiндегi құжаттар

      1. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы стандарттау жөнiндегi құжаттар "Стандарттау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленеді және қолданылады.

      2. Нормативтік құқықтық актілердің талаптарын іске асыру үшін:

      салыстырып тексеру схемалары мен метрологиялық бақылап тексеру схемаларын белгілейтін өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекетаралық және ұлттық стандарттарды;

      өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелген, өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелерін белгілейтін өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекетаралық және ұлттық стандарттарды, ал олар болмаған жағдайда – өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелерін белгілейтін ұйымдардың стандарттарын;

      аттестатталған және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелген, өлшемдерді орындау әдістемелерін белгілейтін өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекетаралық және ұлттық стандарттарды, ал олар болмаған жағдайда – өлшемдерді орындау әдістемелерін белгілейтін ұйымдардың стандарттарын;

      Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жарамдылығы бағалаудан өткен, өлшем құралдарын калибрлеу әдістемелерін белгілейтін өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекетаралық және ұлттық стандарттарды, ал олар болмаған жағдайда – өлшем құралдарын калибрлеу әдістемелерін белгілейтін ұйымдардың стандарттарын қолдануға рұқсат етіледі.";

      "10-бап. Шама бiрлiктерiнiң мемлекеттік эталондары

      Қазақстан Республикасында өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесiнiң техникалық негiзiн шама бiрлiктерiнiң мемлекеттік эталондары құрайды, олардың құрылуын және ұстап-тұруын мемлекет жүзеге асырады.

      Шама бiрлiктерiнiң мемлекеттік эталондары шама бiрлiктерiн (шама бiрлiктерiнiң еселiк не үлестiк мәндерiн) жаңғыртуға және (немесе) сақтауға арналады және олардың мөлшерлерін Қазақстан Республикасының аумағындағы шама бірліктерінің эталондарына, осы шамалардың өлшем құралдарына беру мақсатында пайдаланылады.

      Шама бірліктерінің мөлшерлерін беру – шама бірліктерінің эталондарын калибрлеу, өлшем құралдарын салыстырып тексеру немесе калибрлеу арқылы шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарынан, ал Қазақстан Республикасында шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары болмаған жағдайда Халықаралық өлшем және салмақ бюросының маңызды салғастыру дерекқорында барабарлық дәрежесі расталған, басқа мемлекеттердің шама бірліктерінің ұлттық эталондарынан жүзеге асырылады.

      Шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары Халықаралық өлшем және салмақ бюросы шама бірліктерінің эталондарымен және басқа мемлекеттер шама бірліктерінің ұлттық эталондарымен салғастыруға жатады.

      10-1-бап. Шама бірліктерінің эталондары

      Шама бiрлiктерiнiң эталондары олардың мөлшерлерін осы шамалардың басқа өлшем құралдарына беру мақсатында шама бiрлiктерiн (шама бiрлiктерiнiң еселiк не үлестiк мәндерiн) жаңғыртуға және (немесе) сақтауға арналады.

      Шама бiрлiктерiнiң эталондары – Қазақстан Республикасы шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарына, ал олар болмаған жағдайда Халықаралық өлшем және салмақ бюросының маңызды салғастыру дерекқорында барабарлық дәрежесі расталған, басқа мемлекеттердің шама бірліктерінің ұлттық эталондарына метрологиялық бақылап тексерілуге тиіс.

      11-бап. Өлшем құралдары

      Өлшем құралдары бiрлiктерi белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етiлген шамаларды айқындау үшiн пайдаланылады.

      Өлшем құралдары Қазақстан Республикасы шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарына, ал олар болмаған жағдайда Халықаралық өлшем және салмақ бюросының маңызды салғастыру дерекқорында барабарлық дәрежесі расталған, басқа мемлекеттердің шама бірліктерінің ұлттық эталондарына метрологиялық бақылап тексерілуге тиіс.

      Өлшем құралдарына стандартты үлгілер де, өлшеуіш жүйелер де жатқызылады.

      Техникалық құралдардың өлшем құралдарына жататындығын белгілеуді оларды дайындаушылар, берушілер немесе пайдаланушылар болып табылатын жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

      11-1-бап. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдiстемелерi

      Өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдiстемелерi осы Заңның 8-бабына сәйкес әзірленеді және өлшем құралдарының белгiленген техникалық және метрологиялық талаптарға сәйкестiгiн растау үшiн пайдаланылады.

      Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерінде және нормативтік құқықтық актілерде метрологиялық талаптар белгіленген өлшемдер кезінде қолданылатын өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелері өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеуге жатады.";

      8) мынадай мазмұндағы 11-2 және 11-3-баптармен толықтырылсын:

      "11-2-бап. Стандартты үлгілер

      1. Стандартты үлгілер Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген шама бірліктерінің мәндерінде көрсетілген заттар (материалдар) құрамының немесе қасиеттерінің сипаттамаларын жаңғыртуға, сақтауға және беруге арналады.

      Стандартты үлгілер өлшем құралдарын салыстырып тексеру, калибрлеу, градуирлеу, өлшемдерді орындау әдістемелерін бағалау, шығарылатын өнімнің сапасын бақылау үшін қолданылады.

      2. Осы Заңның 22-бабына сәйкес мемлекеттік метрологиялық бақылау объектілері болып табылатын стандартты үлгілер типін бекітуге және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеуге жатады.

      11-3-бап. Өлшем құралдарын калибрлеу әдістемелері

      1. Өлшем құралдарын калибрлеу әдістемелері шама бірліктері эталондарының және өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамаларының шынайы мәндерін белгілеу жөніндегі операцияларды жүргізу үшін пайдаланылады.

      2. Өлшем құралдарын калибрлеу әдістемелерін шама бірліктерінің эталондарын және өлшем құралдарын калибрлеуді орындайтын заңды тұлғалар, жасаушылар және (немесе) олардың иелері әзірлейді және бекітеді.";

      9) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-бап. Өлшемдерді орындау әдiстемелерi

      Өлшемдерді орындау әдiстемелерi осы Заңның 8-бабына сәйкес әзірленеді және олардың параметрлерін белгіленген дәлдікпен бағалау мақсатында, сондай-ақ есепке алу операцияларын жүргізу үшін зерттеу объектілерін сынау кезінде қолданылады.

      Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерінде және нормативтік құқықтық актілерде метрологиялық талаптар белгіленген өлшемдер кезінде қолданылатын өлшемдерді орындау әдістемелері өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеуге жатады.";

      10) 3-тарау алып тасталсын;

      11) 4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Өлшем құралдарының типін бекіту, оларды метрологиялық аттестаттау, салыстырып тексеру, калибрлеу және метрологиялық сараптама";

      12) 17-бапта:

      1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Заңның 22-бабына сәйкес мемлекеттік метрологиялық бақылау объектілері болып табылатын өлшем құралдары айналымға шығарылу алдында типін бекітуге жатады.

      Уәкілетті орган өлшем құралдарының типін бекіту туралы шешімді өлшем құралдарының типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтардың оң нәтижелері негізінде қабылдайды және ол өлшем құралдарының типін бекіту туралы белгіленген үлгідегі сертификатпен куәландырылады, оның қолданылу мерзімі берілген кезде белгіленеді.

      2. Айналымға санаулы данада шығарылатын, осы Заңның 22-бабына сәйкес мемлекеттік метрологиялық бақылау объектілері болып табылатын өлшем құралдары үшін метрологиялық аттестаттау жүргізуге рұқсат етіледі.

      Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы шешім өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы белгіленген үлгідегі сертификатпен куәландырылады, оның қолданылу мерзімі берілген кезде белгіленеді.

      3. Өлшем құралдарының типін бекіту мақсатында сынақтарды және метрологиялық аттестаттауды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық, оның ішінде үшінші елдердің сынақ зертханаларының материалдық-техникалық базасын пайдалана отырып жүргізеді.

      Өлшем құралдарының бекітілген типі және метрологиялық аттестаттаудан өткен өлшем құралдары өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттiк жүйесiнiң тiзiлiмiне енгiзiледi.";

      4-тармақ алып тасталсын;

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Типін бекiту туралы сертификаттың қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн пайдаланудағы және сақтауда тұрған өлшем құралдары осы Заңның 19-бабының талаптары сақтала отырып, толық физикалық тозғанға дейiн қолданылады.";

      13) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "18-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы аккредиттеу

      Өлшем құралдарын салыстырып тексеру, калибрлеу құқығына аккредиттеу, өлшемдерді орындау әдiстемелерiн метрологиялық аттестаттау "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртiппен жүзеге асырылады.

      Өлшем құралдарын салыстырып тексеру құқығына аккредиттеу және өлшемдерді орындау әдiстемелерiн метрологиялық аттестаттау міндетті болып табылады.

      Өлшем құралдарын калибрлеу құқығына аккредиттеу ерікті болып табылады.";

      14) 19-бапта:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Заңның 22-бабына сәйкес мемлекеттік метрологиялық бақылау объектілері болып табылатын өлшем құралдары айналымға шығарылу алдында олардың типі бекітілгеннен кейін немесе метрологиялық аттестаттаудан және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелгеннен кейін, жөндеуден кейін пайдаланылу кезеңінде салыстырылып тексеріледі.

      2. Аккредиттеу субъектілері қолданатын шама бірліктерінің эталондары мен өлшем құралдары салыстырып тексеруге жатпайды.";

      3-тармақ алып тасталсын;

      5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Өлшем құралдарын салыстырып тексеруді аккредиттелген заңды тұлғалардың аккредиттелген салыстырып тексерушiлерi өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдiстемесiне сәйкес жүзеге асырады. Салыстырып тексерушiлердi аттестаттау уәкiлеттi орган айқындайтын тәртіппен бес жылда бір рет жүзеге асырылады.

      6. Өлшем құралдарын салыстырып тексерудiң оң нәтижелерi өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемесінде белгіленген талаптарға сәйкес салыстырып тексеру таңбасының бедерімен және салыстырып тексеру туралы сертификатпен куәландырылады.

      7. Физикалық шамалардың өзгерiстерiн олардың мәндерiн нормаланған дәлдiкпен шамалар бiрлiктерiнде бағалаусыз байқау үшiн қолданылатын өлшем құралдары салыстырып тексеруге жатпайды.

      Мұндай техникалық құралдардың жарамдылығын бақылауды оларды пайдаланушылар жүзеге асырады.";

      15) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "20-бап. Шама бірліктерінің эталондарын және өлшем құралдарын калибрлеу

      Шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарына және шама бірліктерінің эталондарына калибрлеу жүргізіледі.

      Типі бекітуге және салыстырып тексеруге жатпайтын өлшем құралдарына ерікті түрде калибрлеу жүргізілуі мүмкін.

      Өлшем құралдарын калибрлеу осы өлшем құралдарын жасаушы, иесі немесе пайдаланушы айқындайтын тәртіппен орындалады.

      Шама бірліктерінің эталондарын және өлшем құралдарын калибрлеу нәтижелері өлшем құралына басылатын калибрлеу белгісімен және (немесе) калибрлеу туралы сертификатпен куәландырылады. Калибрлеу туралы сертификатта өлшемдердің метрологиялық сипаттамаларының шынайы мәндерi, метрологиялық бақылап тексерілуі, өлшем белгісіздігі және белгілі бір метрологиялық сипаттамаларға сәйкестігі туралы мәлімдеме көрсетіледі.";

      16) 5-тарау мынадай мазмұндағы 20-1-баппен толықтырылсын:

      "20-1-бап. Метрологиялық сараптама

      1. Өлшемдерге, өлшем құралдарына, оның ішінде нормативтік құқықтық актілердің, техникалық регламенттердің, мемлекетаралық және ұлттық стандарттардың жобаларындағы стандартты үлгілерге қойылатын талаптар мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық жүргізетін міндетті метрологиялық сараптамаға жатады.

      2. Өлшемдерге, өлшем құралдарына, оның ішінде қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердегі және техникалық регламенттердегі стандартты үлгілерге қойылатын талаптар мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық жүргізетін міндетті метрологиялық сараптамаға жатады.";

      17) 21, 22, 23 және 24-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "21-бап. Мемлекеттiк метрологиялық бақылаудың мақсаты

      Уәкiлеттi орган және оның аумақтық бөлiмшелерi мемлекеттiк метрологиялық бақылауды Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын тексеру мақсатында жүзеге асырады.

      22-бап. Мемлекеттiк метрологиялық бақылау объектiлерi

      1. Мемлекеттiк метрологиялық бақылау объектiлерi мыналар болып табылады:

      1) шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары;

      2) аккредиттеу субъектілерінің шама бірліктерінің эталондары мен өлшем құралдары;

      3) өлшем құралдары;

      4) стандартты үлгілер;

      5) нормативтік құқықтық актілер, техникалық регламенттер;

      6) өлшемдерді орындау әдістемелері.

      2. Мемлекеттік метрологиялық бақылау осы баптың 1-тармағында көрсетілген, мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерінде және нормативтік құқықтық актілерде метрологиялық талаптар белгіленген өлшемдер кезінде қолданылатын объектілерге қолданылады.

      3. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген объектілерді мемлекеттік метрологиялық бақылау "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізіледі.

      23-бап. Мемлекеттік метрологиялық бақылау саласы

      Осы Заңның 22-бабының 1-тармағында көрсетілген объектілерді мемлекеттік метрологиялық бақылау:

      1) азаматтардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар;

      2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыру;

      3) мемлекеттік есепке алу операциялары, сатып алушы (тұтынушы) және сатушы (өнім беруші, өндіруші, орындаушы) арасындағы, оның ішінде тұрмыстық және коммуналдық қызметтер көрсету мен байланыс қызметтерін көрсету салаларындағы сауда-коммерциялық операциялар;

      4) еңбек және көлік қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар;

      5) қару-жарақ, әскери техника өндірісі;

      6) өлшем құралдарын салыстырып тексеру кезінде нәтижелері пайдаланылатын өлшемдерге қолданылады.

      24-бап. Мемлекеттік метрологиялық бақылау

      1. Осы Заңның 22-бабының 1-тармағында көрсетілген объектілерді мемлекеттік метрологиялық бақылау мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерінде және нормативтік құқықтық актілерде белгіленген метрологиялық талаптардың нақты орындалуын айқындау мақсатында жүзеге асырылады.

      2. Осы Заңның 22-бабының 1-тармағында көрсетілген объектілерді мемлекеттік метрологиялық бақылау тексеру нысанында жүзеге асырылады.

      Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.";

      18) 25, 26 және 27-баптар алып тасталсын;

      19) 28-баптың 3-тармағында:

      1) тармақшадағы "тексеруге тапсырмасын (жолдамасын)" деген сөздер "тексеру тағайындау туралы актіні" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) тармақшадағы "пайдалануға беруге," деген сөздер алып тасталсын;

      5-1) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-1) өлшемдерді орындау әдістемелерін қолдану дұрыстығына тексеру жүргізуге;

      6) Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасының бұзушылықтарын жою, қолдануға жарамсыз өлшем құралдарын және стандартты үлгілерді пайдаланудан алып тастау туралы орындалуы мiндеттi нұсқамалар беруге;";

      7) тармақша алып тасталсын;

      20) 31-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Бюджет қаражаты есебiнен:

      1) Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында өз қызметiн жүзеге асыратын халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысуы және мүшелiк жарналар төлеу;

      2) Қазақстан Республикасының шама бiрлiктерiнiң мемлекеттік эталондарын, мемлекеттік меншіктегі шама бірліктерінің эталондарын жасауға және күтіп-ұстауға арналған шығыстар;

      3) нормативтік құқықтық актілерге, техникалық регламенттерге және олардың жобаларына міндетті метрологиялық сараптама жүргізуге арналған шығыстар қаржыландырылады.".

      17. "Қаржы лизингі туралы" 2000 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 10, 247-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):

      1) 2-бапта:

      екінші абзацтағы "кәсiпкерлiк мақсаттар үшiн кемiнде үш жыл мерзiмге" деген сөздер "бір жылдан асатын мерзімге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жетінші абзацтағы "кәсiпкерлiк мақсаттар үшiн" деген сөздер алып тасталсын;

      2) 3-баптың 2-тармағының 3-1) тармақшасындағы, 15-баптың 1-тармағындағы "кәсiпкерлiк мақсаттар үшiн" деген сөздер алып тасталсын.

      18. "Астық туралы" 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 2, 12-құжат; № 15-16, 232-құжат; 2003 ж., № 19-20, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 89-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 14, 94-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 68-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):

      1) 1-баптың 13-2) және 17) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-2) астық сапасының паспорты – астық сапасының нақты көрсеткiштерiн және олардың стандарттау жөнiндегi құжаттардың талаптарына және (немесе) келiсiмшарт талаптарына сәйкестiгiн куәландыратын құжат;"; 

      "17) астықтың сапасы – астықтың стандарттау жөнiндегi құжаттардың, санитариялық, ветеринариялық және фитосанитариялық қағидалар мен нормалардың, гигиеналық нормативтердiң талаптарына сәйкестігін анықтайтын тұтыну қасиеттерiнiң жиынтығы;";

      2) 6-бап мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "11-1) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарау, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындау;";

      3) 7-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының аумағындағы астық және оның өмірлік циклінің процестері осы Заңның талаптарына, техникалық регламенттерге, санитариялық және фитосанитариялық қағидалар мен нормаларға және қолданылып жүрген стандарттау жөніндегі құжаттарға сәйкес келуге тиіс.";

      4) 9-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Кез келген көлiк түрiмен тасымалдауға жататын астық партиясымен осы көлiк түрiмен жүк тасу қағидаларына сәйкес оның техникалық регламенттердің және стандарттау жөнiндегi құжаттардың талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттар бірге жүреді.".

      19. "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 13-14, 175-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; 2003 ж., № 23, 168-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 17, 139-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-II, 144-құжат; 2016 ж., № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 12, 34-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат):

      1) 9-баптың 3-тармағының 3-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-1) Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасына сәйкес туристік қызмет аясындағы стандарттау;";

      2) 11-баптың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) стандарттау саласындағы уәкілетті органмен бірлесе отырып, туристік қызмет аясындағы стандарттау саласындағы қызметті реттейді;";

      3) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "16-бап. Туристік қызмет аясындағы стандарттау

      Туристік қызмет аясындағы стандарттау Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.".

      20. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 2, 10, 12-құжаттар; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 86-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-I, 99, 101-құжаттар; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 53-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 14, 51-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):

      1) 20-бап мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "19-1) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарау, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындау;";

      2) 27-1-баптың тақырыбы және бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "27-1-бап. Техникалық реттеу және стандарттау объектілері

      Ғимараттар, құрылысжайлар, оларды жобалау, салу, реконструкциялау, техникалық қайта жарақтандыру, кеңейту, күрделi жөндеу және пайдалану процестерi, сондай-ақ құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкциялары сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы техникалық реттеу және стандарттау объектiлерi болып табылады.";

      3) 28-баптың 2-тармағы 3) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, өнеркәсіп саласындағы стандарттау жөніндегі құжаттарды;";

      4) 31-баптың 2-тармағында:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) құрылыс өнімiн сертификаттау бөлігiнде – техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органды;";

      "1-1) құрылыс өнімін стандарттау бөлігінде – стандарттау саласындағы уәкілетті органды;";

      5) 31-1-баптың 3-тармағының 4) тармақшасындағы "құрылыс материалдарының (бұйымдарының, конструкцияларының)" деген сөздер "құрылыс материалдарының, бұйымдарының, конструкцияларының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 70-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) құрылыс өнiмiне арналған техникалық регламенттерде және стандарттау жөнiндегi құжаттарда белгiленген қауiпсiздiк талаптарын сақтау;".

      21. "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 246-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 15, 125-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-I, 100-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2017 ж., № 14, 49-құжат):

      1) 1-бапта:

      мынадай мазмұндағы 13-1), 13-2), 13-3), 15-1) және 15-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "13-1) жол активтері – нақты көліктік-пайдалану жай-күйі мен құн бағасы ескерілген автомобиль жолдары мен ондағы құрылысжайлар;

      13-2) жол активтерін басқару – автомобиль жолдарын жөндеуге және күтіп-ұстауға бюджет шығыстарын тиімді жоспарлауға бағытталған, жол активтерінің диагностикасы және аспаптық зерттеп-қарау, сондай-ақ жол инфрақұрылымы қауіпсіздігінің мониторингі жөніндегі қызмет;

      13-3) Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы – автомобиль жолдарын, салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу, жол активтерін басқару, халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жұмылдыру дайындығын ұйымдастыру жөніндегі функциялар, сондай-ақ жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптама жүргізу, жаңа технологияларды енгізу және тәжірибелік учаскелерді қолдау жөніндегі функциялар жүктелген, автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның қарамағындағы заңды тұлға;";

      "15-1) жол дерекқоры – автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның автомобиль жолдарын пайдаланушылар үшін ашық, автомобиль жолдарының көліктік-пайдалану жай-күйі туралы ақпаратты қамтитын ақпараттық жүйесі;

      15-2) жол инфрақұрылымы қауіпсіздігінің мониторингі – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының қолданыстағы жол инфрақұрылымының қауіпсіз жұмыс істеуін, оларды ұстап-тұру және жақсартуды қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешені;";

      "16) жол қызметі – автомобиль жолдары мен олардағы құрылысжайларды жобалау, салу, реконструкциялау мен жөндеу, күтіп-ұстау және пайдалану, жол активтерін басқару, сондай-ақ ақылы жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі қызмет;";

      22) тармақша алып тасталсын;

      2) 8-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жол қызметi мен жол сервисi объектiлерiн қоспағанда, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының бойындағы белдеуде ғимараттар мен құрылысжайлар салуға тыйым салынады. Жол сервисі объектілерін салу ұлттық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.";

      3) 11-баптың 8-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-2) Ұлттық операторды және Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығын құру;";

      4) 12-баптың 2-тармағында:

      7) тармақшадағы "ұлттық стандарттардың жобаларын" деген сөздер "ұлттық стандарттарды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 7-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-2) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарау, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындау;";

      14-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-1) халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуін ұйымдастыру;";

      мынадай мазмұндағы 14-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "14-2) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының жұмыстары мен қызметтер көрсетуін қаржыландыру;";

      15), 25), 31) және 36) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) жобалау саласында қабылданған нормалар мен ұлттық стандарттардың, автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп-ұстау кезiнде талап етiлетiн сапаның сақталуын қамтамасыз ету;";

      "25) автомобиль жолдарын күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу және жол автивтерін басқару кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің сыныптамасын бекіту;";

      "31) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын жөндеуді, күтіп-ұстауды және жол қызметін басқаруды қаржыландыру нормативтерін әзірлеу және бекіту;";

      "36) автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуін ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 36-1), 36-2), 38-1) тармақшалармен және 39) тармақшадағы "ұйымдастыру жатады." деген сөздер "ұйымдастыру;" деген сөзбен ауыстырылып, 40), 41), 42) және 43) тармақшалармен толықтырылсын:

      "36-1) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      36-2) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары жол инфрақұрылымы қауіпсіздігінің мониторингі қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      "38-1) автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстар мен қызметтер көрсету құнын айқындау, сондай-ақ облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының және елді мекендер көшелерінің жол активтерін басқару әдістемесін әзірлеу және бекіту;";

      40) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын және ақылы автомобиль жолдарын (учаскелерін) жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

      41) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары жол инфрақұрылымы қауіпсіздігінің мониторингі жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

      42) жол дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      43) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптама жасау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру жатады.";

      5) 13-баптың 1-1-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "5-1) облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді мекендердің көшелерін салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуін ұйымдастыру;

      5-2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының жұмыстары мен қызметтер көрсетуін қаржыландыру;";

      6) 19-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "19-1-бап. Техникалық реттеу және стандарттау объектілері

      Автомобиль жолдары, жол-құрылыс материалдары, автомобиль жолдарын жобалау, салу (реконструкциялау, жөндеу) мен пайдалану процестерi техникалық реттеу және стандарттау объектiлерi болып табылады.";

      7) 19-4-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ақпараттық нұсқағыштар мен белгiлер жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге және ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес келуге тиiс.".

      22. "Теміржол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 23, 315-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 87-құжат; № 14, 89-құжат; № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-І, 100-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-І, 60-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 9, 17-құжат; № 11, 29-құжат; № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):

      1) 14-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 34-31) тармақшамен толықтырылсын:

      "34-31) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарау, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындау;";

      2) 16-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Ұлттық инфрақұрылым операторы Техникалық пайдалану қағидаларының, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу, денсаулық сақтау саласындағы, стандарттау саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтiн жылжымалы құрамды магистральдық теміржол желісіне жiбермеуге мiндеттi.

      Тасымалдаушы пайдаланылатын жылжымалы құрамның Техникалық пайдалану қағидаларының, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу, денсаулық сақтау саласындағы, стандарттау саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге міндетті.";

      3) 31-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Теміржол көлігінің инфрақұрылым объектілерін, құрылысжайларын жылжымалы құрамын, арнайы жылжымалы құрамын, конструкцияларын, жабдықтары мен мүкәммалын жобалау, жасау, пайдалану, тасу, сақтау, жөндеу және кәдеге жарату процестері Техникалық пайдалану қағидаларына, техникалық регламенттерге, стандарттау жөніндегі құжаттарға, пайдалану құжаттамасына сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.";

      4) 88-4-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) өз құзыретi шегiнде тексерулердің нәтижелерi бойынша актiлер жасауға және Қазақстан Республикасының теміржол көлігі туралы заңнамасының, теміржол көлiгінiң жұмыс iстеу тәртiбiн айқындайтын стандарттау жөніндегі құжаттардың және нормалардың анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқама енгiзуге;".

      23. "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 2, 16-құжат; 2004 ж., № 20, 116-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 11, 36-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 19-І, 100-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 17-құжат; № 11, 29-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):

      1) 4-баптың 3-тармағында:

      40) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "40) өз құзыретi шегiнде тексерулердің нәтижелерi бойынша актiлер жасау және Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу туралы заңнамасының, су көлiгiнiң жұмыс iстеу тәртiбiн айқындайтын стандарттау жөніндегі құжаттардың және нормалардың анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамалар енгiзу;";

      мынадай мазмұндағы 40-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "40-1) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарау, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындау;";

      2) 8-1-баптың 2-тармағы екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы техникалық реттеу және стандарттау объектiлерi:".

      24. "Өсімдіктерді қорғау туралы" 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 140-құжат; 2004 ж., № 17, 98-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 85-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-I, 50-құжат; 2017 ж., № 12, 34-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):

      6-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "22-1) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарау, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындау;".

      25. "Геодезия және картография туралы" 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат; № 7-II, 56-құжат):

      1) 6-бап мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-1) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарау, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындау;";

      2) 9-бапта:

      1-тармақта:

      1) тармақшадағы "заңдарына" деген сөз "өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) тармақшадағы "және қадағалау" деген сөздер алып тасталсын;

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Шет мемлекет берген, топографиялық-геодезиялық және картографиялық мақсаттағы өлшем құралының типін бекіту (метрологиялық аттестаттау) туралы сертификат Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес танылған жағдайда, ол Қазақстан Республикасында жарамды деп есептеледi.".

      26. "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Параментінің Жаршысы 2002 ж., № 15, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 123-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 145-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат):

      8-бап мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:

      27. "Тұқым шаруашылығы туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 16-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):

      1) 1-бапта:

      12) тармақша алып тасталсын;

      31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "31) тұқым сараптамасы – тұқымдардың сұрыптық және егістік сапаларының тұқым шаруашылығы саласындағы техникалық регламенттердiң және стандарттау жөнiндегi құжаттардың талаптарына сәйкестiгiн анықтау жөнiндегi iс-шаралар кешенi;"; 

      2) 6-баптың 1-тармағының 12) және 13-1) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарайды, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар енгізеді;";

      "13-1) табиғи-климаттық жағдайлар бойынша қолайсыз жылдарда облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының өтiнiштерi негiзiнде тұқым шаруашылығы саласындағы ұлттық стандарттарда және стандарттау жөніндегі өзге де құжаттарда белгiленген тұқым сапасының көрсеткiштерiн бiр жылдан аспайтын мерзімге төмендетуді келіседі;";

      3) 9-баптың 3-тармағында:

      2) тармақшаның бірінші абзацындағы "стандарттарды" деген сөз "стандарттау жөніндегі құжаттарды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) тұқым шаруашылығы субъектiлерiнiң тұқым шаруашылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi, стандарттау жөніндегі құжаттарды және өзге де нормативтік құжаттарды сақтауын бақылауды қамтиды.";

      4) 13-баптың 2-2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-2. Осы Заңның 6-бабы 1-тармағының 13-1) тармақшасына сәйкес уәкілетті органмен келісу бойынша тұқым шаруашылығы саласындағы ұлттық стандарттарда және стандарттау жөніндегі өзге де құжаттарда белгіленген көрсеткіштерге қарағанда сапа көрсеткіштері төмендетілген ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарын өткізуге және егу (отырғызу) үшін пайдалануға жол беріледі.";

      5) 19-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қазақстан Республикасына әкелiнетiн және Қазақстан Республикасынан әкетiлетiн тұқым партияларымен олардың сұрыптық және егістік сапаларын куәландыратын құжаттар бірге жүруге және ол тұқым шаруашылығы саласындағы техникалық регламенттерде және стандарттау жөнiндегi құжаттарда белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.";

      6) 21-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi тұқымдарының сұрыптық сапаларын анықтау нормативтік құқықтық актілерде, стандарттау жөніндегі құжаттарда белгiленген талаптарға сәйкес егiстердi байқаудан өткiзу, жерге егiп бағалау және зертханалық сұрыптық сынақтар арқылы жүргiзiледi және аттестатталған тұқым өндiрушiлер үшiн мiндеттi болып табылады.".

      28. "Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" 2003 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 12, 88-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат, № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 22, 116-құжат):

      1) 1-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) темекi өнiмдерiнiң өндiрiсi – стандарттау жөнiндегi құжаттарға сәйкес келетiн темекi өнiмдерiн дайындауды қамтамасыз ететiн технологиялық процестер жиынтығы;";

      2) 6-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) стандарттау жөнiндегi құжаттарда белгiленген талаптарға сәйкес келетiн жабдықта;".

      29. 2003 жылғы 2 шілдедегі "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 125-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 50-құжат):

      1) 22-1-бап мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:

      "9. Қазақстан Республикасы резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары және (немесе) осы бағалы қағаздар базалық активі болып табылатын туынды бағалы қағаздар "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында бір мезгілде шығарылған және (немесе) орналастырылған жағдайда, шығарылатын және орналастырылатын осы эмиссиялық бағалы қағаздардың және (немесе) шығарылатын және орналастырылатын осы туынды бағалы қағаздардың жалпы санының кемінде жиырма пайызы "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында сатып алуға ұсынылатын кезде ғана осы баптың 1, 2, 3, 4, 5, 6 және 7-тармақтарының ережелері қолданылмайды.";

      2) 57-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Бағалы қағаздарды нақтылы ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар орталық дипозитарий, кастодиан және брокер және (немесе) дилер, "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын ұйым және мемлекетке тиесілі немесе өздеріне қатысты мемлекеттің мүліктік құқықтары бар бағалы қағаздарды нақтылы ұстауды жүзеге асыру бөлігінде бірыңғай оператор нақтылы ұстау қызметтерін көрсетуге құқылы.";

      3) 59-баптың 3-тармағының 2) тармақшасындағы "кастодиандарды қоспағанда, басқа нақтылы ұстаушыға өзіне нақтылы ұстауға берілген бағалы қағаздарға қатысты нақтылы ұстау қызметін көрсетуге құқығы жоқ." деген сөздер "кастодиандарды;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын ұйымды қоспағанда, басқа нақтылы ұстаушыға өзiне нақтылы ұстауға берiлген бағалы қағаздарға қатысты нақтылы ұстау қызметiн көрсетуге құқығы жоқ.";

      4) 78-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын ұйым;".

      30. "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 134-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 87-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-І, 100, 101-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-I, 65-құжат; 2017 ж., № 9, 17-құжат, № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):

      1) 11-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттiк реттеу құқықтық қамтамасыз ету, лицензиялау, техникалық реттеу, стандарттау, Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру арқылы жүзеге асырылады.";

      2) 13-бап мынадай мазмұндағы 17-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "17-2) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарайды, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар енгізеді;";

      3) 19-12-баптың 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Автомобиль көлiгi саласындағы техникалық реттеу және стандарттау объектiлерi:".

      31. "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 6, 44-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-II, 70-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 12, 34-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):

      32-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қауіпсіздік талаптарына сай келетін және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасы мен стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкес келетін тиісті сападағы тауарлар Қазақстан Республикасының ішкі нарығында айналымға жатады.";

      2-тармақтың бірінші бөлігі "мәліметтер" деген сөзден кейін "мынадай ақпаратпен расталады" деген сөздермен толықтырылып, 7) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) стандарттау жөніндегі құжаттың көрсетілуі;

      8) стандарттау жөніндегі құжаттарға сәйкес өзге де мәліметтер.".

      32. "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146, 150-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 8, 63, 64-құжаттар; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 14, 87-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-І, 141-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 8-I, 65-құжат; № 8-II, 67-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 23-III, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):

      1) 2-баптың 46) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "46) радиобақылау – радиосәуле таратуды техникалық бақылауды орындау, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларға инспекция жасау, радиобөгеуіл көздерінің әсерін, радиожиіліктерді пайдалану тәртібінің, стандарттау жөніндегі құжаттардың және радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың сәуле тарату өлшемдеріне арналған нормалардың бұзушылықтарын анықтау және олардың жолын кесу арқылы бөгеуілдері жол берілетін деңгейдегі радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың пайдаланылуын қамтамасыз ететін шаралар жүйесі;";

      2) 8-баптың 1-тармағында:

      "1) байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды бөліп беруді және пайдалануды, сондай-ақ байланыс аясындағы техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы және стандарттау саласындағы өз құзыреті шегінде қатысуды қоса алғанда, байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және оның іске асырылуын қамтамасыз ету;";

      мынадай мазмұндағы 19-19) тармақшамен толықтырылсын:

      "19-19) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарау, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындау;";

      3) 9-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылар белгіленген стандарттау жөніндегі құжаттар мен техникалық нормаларға сәйкес келмеген, азаматтардың қауіпсіздігіне, қоршаған ортаға қатер төндірген жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аса маңызды жұмыстар мен іс-шаралар орындалған кезде, оларды пайдалануды тоқтата тұру;";

      4) 11-баптың 6-тармағында:

      бірінші бөліктегі "стандарттау жөнiндегі нормативтiк құжаттарда" деген сөздер "стандарттау жөнiндегі құжаттарда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктегі "нормативтiк құжаттарда" деген сөздер "стандарттау жөнiндегі құжаттарда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 28-5-баптың 13-тармағының 1) тармақшасындағы "стандарттарға" деген сөз "стандарттау жөніндегі құжаттарға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 29-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Ғимараттарды, құрылысжайларды, жолдарды, көпiрлердi және басқа да объектiлердi салу немесе реконструкциялау кезiнде байланыс жолдарын (желiлерiн), құрылысжайларын қайта орналастыру мен көшiру жөнiндегi жұмыстар стандарттау жөніндегі құжаттарға сәйкес және байланыс жолдарының (желiлерiнiң), құрылысжайларының меншiк иелерi және (немесе) пайдаланушылар беретiн техникалық шарттар бойынша құрылысқа тапсырыс берушiнiң есебiнен орындалады.

      Бұл ретте реконструкциялау учаскесінде шығарылу (көшірілу) жүзеге асырылған байланыс жолдарын (желілерін), құрылысжайларын мемлекеттік заңды тұлғалардың беру ерекшеліктері "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.";

      7) 31-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Елдi мекендердi жаңадан салудан, кеңейтуден, реконструкциялаудан, жердi игеруден, мелиорация жүйелерiн қайта орналастырудан, пайдалы қазбаларды игеруден туындаған байланыс құрылысжайларын көшiрудi немесе қайта орналастыруды құрылысқа тапсырыс берушілер стандарттау жөніндегі құжаттарға сәйкес және байланыс желiлерi иелерінiң және (немесе) оларды пайдаланушылардың техникалық шарттары бойынша өз есебiнен жүргiзедi. Бұл ретте байланыс құралдарының қуатын ұлғайту байланыс құрылысжайлары меншiк иелерiнiң есебiнен жүзеге асырылады.";

      8) 35-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Байланыс операторлары пайдаланушыларға сапасы жағынан стандарттау жөніндегі құжаттарға, техникалық нормаларға, байланыс қызметтерiн көрсету шартының талаптарына сәйкес келетiн байланыс қызметтерiн көрсетуге мiндеттi.".

      33. "Iшкi су көлiгi туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 88-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 19-І, 100-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 8-I, 65-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 17-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):

      1) 9-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарау, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындау;";

      2) 15-1-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-1-бап. Iшкi су көлiгi саласындағы техникалық реттеу және стандарттау";

      2-тармақтың екінші бөлігінің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) ішкі су көлігі кемелерін жою және кәдеге жарату техникалық реттеу және стандарттау объектілері болып табылады.".

      34. "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; № 13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 21-құжат; № 12, 85-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 57-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-II, 131-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-II, 70-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 14, 54-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):

      1) 3-баптың 3-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) электр энергетикасы саласындағы техникалық реттеуді және стандарттауды;";

      2) 5-бап мынадай мазмұндағы 7-2), 7-3), 70-31), 70-32), 70-33) және 70-34) тармақшалармен толықтырылсын:

      "7-2) Тұлғалар тобының тізіліміне (бұдан әрі – Тізілім) енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілерімен электр қуатын құруға үлгілік шартты әзірлейді және бекітеді;

      7-3) Тізілімге енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілерімен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы үлгілік шартты әзірлейді және бекітеді;";

      "70-31) Тізілімді бекітілген қағидаларға сәйкес қалыптастырады және жүргізеді;

      70-32) Тізілімді қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      70-33) Тізілімге енгізілген тұтынушылардың болжамды тапшылықты жабу үшін электр қуатын құруға қатысу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      70-34) Тізілімге енгізілген энергия өндіруші ұйымдар мен тұтынушылар пайдалануға беретін генерациялайтын қондырғылар үшін орналастыру орнын (алаңын), отынның типін және түрін келіседі;";

      3) 9-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Электр және жылу энергиясын өндiруге, беру мен пайдалануға арналған электр жабдықтары, электр мен жылу желiлерi, тұтынушылардың қондырғылары, электр мен жылу энергиясы техникалық реттеу және стандарттау объектiлерi болып табылады.";

      4) 9-3-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн және оның аумағына әкелiнетiн электр-техникалық жабдықтар мен материалдар Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.";

      "3. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестiгi растауға жататын электр станцияларының, электр және жылу желiлерiнiң жабдықтарын, тұтынушылардың қондырғыларын сәйкестiктi растау саласындағы құжатсыз пайдалануға беруге жол берiлмейдi.";

      5) 10-2-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) уәкілетті органға электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналған болжамды теңгерімінің жобасына сараптама қорытындысын ұсынады;";

      6) 12-баптың 2-тармағының 3) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) техникалық регламенттерде және стандарттау жөніндегі құжаттарда белгiленген талаптарға сәйкес электр энергиясының сапасы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге;";

      "5) техникалық регламенттердiң, стандарттау жөніндегі құжаттардың және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негiзгi және қосалқы жабдықтарды, аварияға қарсы және режимдiк автоматика, релелiк қорғау, диспетчерлiк технологиялық басқару құралдарын жұмыс жағдайында ұстауға;";

      7) 15-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-1-бап. Электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналған болжамды теңгерімін әзірлеу тәртібі және оған қойылатын талаптар

      1. Жүйелік оператор жыл сайын он бесінші қазанға дейінгі мерзімде уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналған болжамды теңгерімін әзірлейді.

      Электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналған болжамды теңгерімінде Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде жылдық ең жоғары электр жүктемесі күніне әзірленетін электр қуатының теңгерімі бөлігінде мыналар ескеріледі:

      1) салу үшін уәкілетті орган тендер жеңімпазымен тиісті шарт жасаған, тендер негізінде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың қолда бар электр қуатының көлемі;

      2) уәкілетті органмен жасалған жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдер шеңберінде пайдалануға берілетін, жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдардың генерациялайтын қондырғыларының қолда бар электр қуатының көлемі;

      3) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген қолда бар электр қуатын қоспағанда, жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдардың бұрыннан бар генерациялайтын қондырғыларының қолда бар электр қуатының көлемі;

      4) жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімді жасаспай, осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген қолда бар электр қуатының көлеміне қосымша енгізуге жоспарлаған қолда бар электр қуатының көлемі (Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес бекітілген жобалау-сметалық құжаттама болған кезде);

      5) уәкілетті органның пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу тетігін қолданбай пайдалануға беру жоспарланатын жаңа электр станцияларының қолда бар электр қуатының көлемі (Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес бекітілген жобалау-сметалық құжаттама болған кезде).

      2. Уәкілетті орган электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналып әзірленген болжамды теңгерімі келіп түскен күннен бастап бір ай ішінде оны түсіндірме жазбаны міндетті түрде қоса бере отырып, нарық кеңесіне сараптама қорытындысын алу үшін жібереді.

      3. Нарық кеңесі уәкілетті органға электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналған болжамды теңгерімдерінің әзірленген жобасына сараптама қорытындысын келіп түскен күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде жібереді.

      Сараптама қорытындысы ұсынымдық сипатта болады.

      Сараптама қорытындылары қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады.

      4. Уәкілетті орган сараптама қорытындысымен келіскен кезде электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналған болжамды теңгеріміне тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.

      Уәкілетті орган сараптама қорытындысымен келіспеген жағдайда, нарық кеңесіне келіспеу себептерінің негіздемесімен жауап жібереді.

      5. Нарық кеңесі уәкілетті органмен бірлесіп отырыс өткізуді талап еткен жағдайларда, мұндай отырысты өткізу міндетті болып табылады.

      6. Уәкілетті орган электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналған болжамды теңгерімін келіп түскен күнінен бастап үш ай ішінде бекітеді.

      7. Электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналып бекітілген болжамды теңгерімі бекітілген күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей уәкілетті органның және жүйелік оператордың интернет-ресурстарында орналастырылады.

      8. Егер электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналып бекітілген болжамды теңгерімінде Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде немесе оның аймақтарының қандай да бірінде болжамның алғашқы бес жылы ішінде электр қуатының болжамды жабылмайтын тапшылығы 100 мегаваттан асатын болса, уәкілетті орган Тізілімге енгізілген тұтынушыларға күнтізбелік отыз күн ішінде электр қуатының болжамды жабылмайтын тапшылығының туындауы туралы хабарлама жібереді.

      Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің аймағы генерациялайтын көздер өндірген электр энергиясын беруге кедергі келтіретін техникалық сипаттағы шектеулер жоқ, электр энергиясы мен қуатының болжамды теңгерімдерін әзірлеу тәртібіне сәйкес айқындалатын, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің бір бөлігі болып табылады.

      Электр қуатының жабылмайтын тапшылығы энергия тапшы аймақтарды Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің басқа аймақтарымен байланыстыратын электр беру желілерінің өткізу қабілеті ескеріле отырып есептеледі.";

      8) 15-3-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдар мен тұтынушылар тұтынуға арналған болжамды өтінімдерді қалыптастырады, онда өздерінің құрамында меншік, жалдау құқығымен немесе өзге де заттай құқықпен бар генерациялайтын көздердің электр қуаты есебінен жабылмайтын, алдағы және келесі күнтізбелік жылдардың әр айына тұтынудағы электр қуатының ең жоғары мәндерін көрсетеді және оларды есепті жылдың алдындағы жылдың бірінші тамызынан кешіктірмей жүйелік операторға жібереді.

      Бұл ретте көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын және Тізілімге енгізілген тұлғалар тобына кіретін тұтынушылар тұтынуға арналған болжамды өтінімдерді қалыптастырады, онда өздерінің құрамында меншік, жалдау құқығымен немесе өзге де заттай құқықпен бар генерациялайтын көздердің электр қуаты есебінен, сондай-ақ өздерімен бірге тиісті тұлғалар тобының Тізіліміне енгізілген энергия өндіруші ұйымдардың электр қуаты есебінен жабылмайтын, алдағы және келесі күнтізбелік жылдардың әр айына тұтынудағы электр қуатының ең жоғары мәндерін көрсетеді және оларды есепті жылдың алдындағы жылдың бірінші тамызынан кешіктірмей жүйелік операторға жібереді.

      Жүйелік оператор есепті жылдың алдындағы жылдың бірінші қазанынан кешіктірілмейтін мерзімде электр қуаты резервінің қажетті шамасын және технологиялық шығыстың өтемін жасау үшін, ұлттық электр желісінің өз және шаруашылық мұқтаждарына тұтынудың орташа жылдық электр қуатын ескере отырып, көтерме сауда нарығы субъектілерінің болжамды өтінімдері негізінде алдағы және келесі күнтізбелік жылдарға электр қуатына болжамды сұранысты әзірлейді.";

      3-1-тармақтың бірінші бөлігінде:

      "2-1) осы Заңның 15-5-бабы 6-тармағының 1) – 3) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикасы жүйесіндегі тапшылықты жабу үшін жасалған және тиісті тұлғалар тобы талап етпеген көлемде – Тізілімге енгізілген энергия өндіруші ұйымдармен жүзеге асырады. Көлемі мен мерзімдері Тізілімге енгізілген тұтынушылардың болжамды тапшылықты жабу үшін электр қуатын құруға қатысу қағидаларына сәйкес айқындалады;";

      3) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Тізілімге енгізілген энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда, құрамына жылу электр орталықтары кіретін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен – электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тариф бойынша жыл сайын алдағы күнтізбелік жылға жүзеге асырады. Осы ұйымдармен жасалатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы әрбір шарт үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен айқындалады және ол энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін жылу электр орталықтарының генерациялайтын қондырғыларының (олардың жылу жүктемесінің деңгейі қойылған кезде) ең аз электр қуатының тиісті жыл ішіндегі жоспарлы ең жоғары мәнінің және осы энергия өндіруші ұйым өзі тұтынатын электр қуатының тиісті жыл ішіндегі ең жоғары мәнінің айырмасын білдіреді, бұл ретте:";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Тізілімге енгізілген энергия өндіруші ұйымдар:

      1) экспорттың есепті жылдағы ең жоғары электр қуатын;

      2) бөлшек сауда нарығының субъектілеріне берудің есепті жылдағы ең жоғары электр қуатын;

      3) өзі тұтынатын электр қуатының есепті жылдағы ең жоғары мәнін;

      4) көтерме сауда нарығы субъектілері болып табылатын және өздерімен бірге Тізілімге енгізілген тұлғалар тобының біріне кіретін тұтынушыларға берудің электр қуатының есепті жылдағы ең жоғары мәнін шегеріп, бірыңғай сатып алушыға орталықтандырылған сауда-саттықта аттестатталған электр қуатынан аспайтын көлемде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті өткізуді жүзеге асырады.

      Электр қуатын кезектен тыс аттестаттауды өткізу нәтижесінде Тізілімге енгізілген энергия өндіруші ұйымдардың аттестатталған электр қуатының мәні электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелері бойынша бірыңғай сатып алушымен жасалған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта көрсетілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемінен аз болған жағдайда, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көрсетілген көлемі аттестатталған мәнге дейін төмендетіледі.";

      9) 15-4-бап мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Уәкілетті орган Тізілімге енгізген энергия өндіруші ұйымдар уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдер жасасуға құқылы емес.";

      10) мынадай мазмұндағы 15-5 және 15-6-баптармен толықтырылсын:

      "15-5-бап. Тізілімді қалыптастыру және Тізілімге енгізілген тұтынушылар мен энергия өндіруші ұйымдардың электр қуатын құруға қатысуы

      1. Энергия өндіруші ұйымдармен бірге бір тұлғалар тобына кіретін тұтынушылар осы тұлғалар тобындағы заңды тұлғаларға меншік, жалдау құқығымен немесе өзге де заттай құқықпен тиесілі генерациялайтын көздер есебінен қуатпен қамтамасыз етілуге құқылы.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген құқық энергия өндіруші ұйымдармен бірге бір тұлғалар тобына кіретін энергиямен жабдықтаушы және энергия беруші ұйымдарға қолданылмайды.

      2. Уәкілетті орган тұлғалар тобын Тізілімге осы Заңның 9-бабы 1-1-тармағының екінші және үшінші бөліктеріне сәйкес тұтынушылар мен энергия өндіруші ұйымдар бақылауында болатын заңды тұлғаның өтініші негізінде енгізеді.

      3. Осы баптың 2-тармағында аталған заңды тұлғаның өтініші мыналарды қамтиды:

      1) осы Заңның 9-бабы 1-1-тармағының екінші және үшінші бөліктеріне сәйкес айқындалған бақылау болған жағдайда, өздерімен бірге бір тұлғалар тобына кіретін тұтынушыларды өз есебінен электр қуатымен қамтамасыз ететін энергия өндіруші ұйымдардың тізбесі;

      2) осы Заңның 9-бабы 1-1-тармағының екінші және үшінші бөліктеріне сәйкес айқындалған бақылау болған жағдайда, өздерімен бірге бір тұлғалар тобына кіретін энергия өндіруші ұйымдар есебінен қуатпен қамтамасыз етілетін тұтынушылардың тізбесі.

      Тізілім осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген энергия өндіруші ұйымдар мен тұтынушылардың тізбесін қамтиды.

      4. Тиісті тұлғалар тобының Тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді уәкілетті орган осы Заңның 9-бабы 1-1-тармағының екінші және үшінші бөліктеріне сәйкес тұтынушылар мен энергия өндіруші ұйымдар бақылауында болатын заңды тұлғаның өтініші негізінде жүзеге асырады.

      5. Тізілімге енгізілген тиісті тұлғалар тобы шеңберінде энергия өндіруші ұйымдар мен тұтынушылар арасында электр қуатымен қамтамасыз ету жөнінде екіжақты шарттар жасалады.

      6. Осы Заңның 15-1-бабының 8-тармағында көрсетілген жағдайда, Тізілімге енгізілген тұтынушылар болжамды тапшылық туындаған кезге есептелген, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде жалпы жоғары жүктемеге өздерінің жоғары жүктеме үлесіне пропорционал түрде тапшылықты жабу үшін электр қуатын құруға мынадай әрекеттердің біреуін немесе бірнешеуін жүзеге асыру арқылы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қатысуға міндетті:

      1) жаңа электр қуатын салу;

      2) өзінің бұрыннан бар электр қуатын кеңейту;

      3) шығып қалған не алдағы жеті жылдық кезеңде шығып қалуға жататын өзінің бұрыннан бар электр қуатын реконструкциялау немесе жаңғырту;

      4) электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтерді бірыңғай сатып алушыдан сатып алу.

      7. Осы баптың 6-тармағының 1) – 3) тармақшаларында көрсетілген әрекеттерді тиісті тұлғалар тобының Тізіліміне енгізілген кез келген көтерме сауда нарығының субъектісі жүзеге асыруы мүмкін. Бұл ретте Тізілімге енгізілген тиісті тұлғалар тобының қалған тұтынушылары Тізілімге енгізілген тұтынушылардың болжамды тапшылықты жабу үшін электр қуатын құруға қатысу қағидаларына сәйкес электр қуатын құруға қатысудан босатылады.

      Осы баптың 6-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген әрекетті тиісті тұлғалар тобының Тізіліміне енгізілген тұтынушылар Тізілімге енгізілген тұтынушылардың болжамды тапшылықты жабу үшін электр қуатын құруға қатысу қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.

      8. Тізілімге енгізілген тұтынушылардың электр қуатын құру бойынша осы баптың 6-тармағында көзделген міндеттемелері тиісті тұлғалар тобының Тізіліміне енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілері құрған электр қуатының шамасына жиынтығында мынадай шарттар орындалған кезде:

      1) электр қуаты 2019 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілген;

      2) электр қуатының жабылмайтын тапшылығы болжанатын Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде немесе оның аймақтарының қандай да бірінде электр қуаты құрылған;

      3) электр қуаты уәкілетті орган жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу тетігін қолданбай енгізілген;

      4) электр қуаты уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға инвестициялық келісім жасаспай енгізілген;

      5) электр қуатының көлемі бұрын осы баптың 6-тармағында көзделген міндеттемелерді орындау кезінде ескерілмеген кезде төмендетіледі.

      9. Осы баптың 6-тармағының 1) – 3) тармақшаларында көрсетілген әрекеттерді орындау арқылы осы баптың 6-тармағында көзделген міндеттемелер орындалған кезде Тізілімге енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілері пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар үшін орналастыру орнын (алаңын), отынның типі мен түрін Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде немесе оның аймақтарының қандай да бірінде электр қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге болжамды тапшылығы ескеріле отырып, бекітілген Тізілімге енгізілген тұтынушылардың болжамды тапшылықты жабу үшін электр қуатын құруға қатысу қағидаларына сәйкес уәкілетті органмен келіседі.

      10. Тиісті тұлғалар тобының Тізіліміне енгізілген тұтынушылар уәкілетті органның Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде немесе оның аймақтарының қандай да бірінде электр қуатының болжамды жабылмайтын тапшылығының туындауы туралы хабарламасын алған күннен бастап күнтізбелік қырық бес күн ішінде осы баптың 6-тармағында көзделген әрекеттер туралы шешім қабылдайды, бұларға сәйкес олар тапшылықты жабу үшін электр қуатын құруға қатысатын болады және оны уәкілетті органға жібереді.

      11. Осы баптың 6-тармағының 1) – 3) тармақшаларында көрсетілген әрекеттерді орындау арқылы электр қуатын құруға қатысу туралы шешім қабылданған кезде тиісті тұлғалар тобының Тізіліміне енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілері шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бір жүз сексен бес күн ішінде уәкілетті органмен электр қуатын құруға шарт жасаса, онда генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға беру мерзімі айқындалады.

      12. Электр қуатын құруға шарт жасасқан күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде бірыңғай сатып алушы қосылған құн салығы ескерілмей бір айға 1 мегаватт үшін 1 теңге мөлшерінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке тариф бойынша уәкілетті орган белгілеген көлемде және мерзімдерге тиісті тұлғалар тобының Тізіліміне енгізілген көтерме сауда нарығының субъектісімен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт жасасады.

      Бірыңғай сатып алушы сатып алатын электр қуатының көлемі болжамды тапшылықтың тиісті тұлғалар тобы өзінің тұтынуы үшін талап ететін электр қуатын шегере отырып, болжамды тапшылық туындаған кезге есептелген, тиісті тұлғалар тобының Тізіліміне енгізілген тұтынушылардың жоғары жүктеме үлесіне, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде немесе оның аймақтарының қандай да бірінде жалпы жоғары жүктемеге арақатынасы ретінде айқындалады.

      Тиісті тұлғалар тобының Тізіліміне енгізілген көтерме сауда нарығының субъектісімен жасалған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттың қолданылу мерзімі жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер жеңімпаздарымен жасалған дәл сол кезеңге белгіленеді.

      13. Осы баптың 6-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген әрекетті орындау жолымен электр қуатын құруға қатысу туралы шешім қабылданған кезде тиісті тұлғалар тобының Тізіліміне енгізілген тұтынушылар бірыңғай сатып алушыдан Тізілімге енгізілген тұтынушылардың болжамды тапшылықты жабу үшін электр қуатын құруға қатысу қағидаларына сәйкес электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алады.

      14. Осы баптың 11 және 12-тармақтарында көзделген шарттар қабылданған міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жауаптылықты көздейді және үлгілік шарттар негізінде жасалады.

      15. Осы Заңның 9-бабы 1-1-тармағының екінші және үшінші бөліктеріне сәйкес айқындалған бақылау болған кезде бір тұлғалар тобына кіретін, бірақ Тізілімге енгізілмеген энергия өндіруші ұйымдар мен тұтынушыларға осы бап пен осы Заңның 15-3, 15-4 және 15-6-баптарының тұлғалар тобы үшін белгіленген ережелері қолданылмайды.

      15-6-бап. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу тәртібі

      1. Осы Заңның 15-1-бабының 8-тармағында көрсетілген жағдайда, уәкілетті орган осы Заңның 15-5-бабының 11-тармағында көзделген уәкілетті органмен жасалған шартқа сәйкес Тізілімге енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілері құратын электр қуатының шамасын шегере отырып, болжамды тапшылықты жабу үшін электр қуатының көлеміне жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізеді.

      2. Тендер негізінде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар үшін орналастыру орны (алаңы), отынның типі және түрі уәкілетті органның тапсырысы бойынша жүргізілген техникалық-экономикалық негіздеменің нәтижелері бойынша айқындалады.

      3. Уәкілетті орган тендерлік құжаттама бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ әлеуетті инвесторлар тендерге қатысу үшін құжаттар мен материалдарды ұсынатын соңғы күнге дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.

      4. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендерлік құжаттама топтамасы:

      1) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың сипатын және талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын;

      2) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу шартының жобасын қамтиды.

      5. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендерге:

      1) құрылтай құжаттарының көшірмелерін;

      2) генерациялайтын қондырғылар құнының жалпы көлемінің кемінде отыз пайызын өз қаражаты есебінен қаржыландыру есебімен алғанда, жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу үшін жеткілікті қаржы және материалдық ресурстарының бар екенін растайтын құжаттарды ұсынған әлеуетті инвесторлар қатысады.

      6. Тендерлік комиссия жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер қорытындысын тендерлік өтінімдері бар конверттерді ашқан күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде шығарады.

      Уәкілетті орган жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер қорытындысы шығарылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу шартының жобасын жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер жеңімпазы деп танылған әлеуетті инвесторға жібереді.

      Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер жеңімпазы жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу шартының жобасын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде көрсетілген шартқа қол қояды.

      7. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер:

      1) әлеуетті инвесторлар екеуден аз болған;

      2) барлық әлеуетті инвесторлар ұсынған құжаттар осы баптың 5-тармағына сәйкес келмеген жағдайларда өтпеді деп танылады.

      Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өтпеді деп танылған жағдайда, уәкілетті орган қайта тендер өткізеді.

      8. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер қорытындысы шығарылған күннен бастап күнтізбелік қырық бес күн ішінде уәкілетті орган тендер жеңімпазымен жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға шарт жасасады, онда генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға беру мерзімі және тендер жеңімпазының қабылдаған міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жауаптылық айқындалады.

      9. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға шарт жасасқан күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде бірыңғай сатып алушы электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф бойынша уәкілетті орган белгілеген көлемде және мерзімдерге тендер жеңімпазымен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт жасасады.

      Тендер негізінде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуаты пайдалануға берілген күнінен бастап жүйелік оператордың жыл сайынғы аттестаттауына жатады.

      Электр қуатын кезекті аттестаттауды өткізу нәтижесінде тендер негізінде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың аттестатталған электр қуатының мәні электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемінен аз болған жағдайда, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі кезекті аттестаттау өткізілгенге дейінгі аттестатталған мәнге дейін төмендетіледі.

      10. Осы баптың 8 және 9-тармақтарында көзделген шарттар үлгілік шарттар негізінде жасалады.

      11. Уәкілетті орган Тізілімге енгізген энергия өндіруші ұйымдар мен тұтынушылар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға уәкілетті орган өткізетін тендерге қатысуға құқылы емес.".

      35. "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 21, 124-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 92-құжат; № 24, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 53-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):

      1) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Заң техникалық реттеу саласында өнімдерге, көрсетілетін қызметке, өмірлік цикл процестеріне қойылатын міндетті талаптарды айқындау, белгілеу, қолдану және орындау, сәйкестікті растау, аккредиттеу және мемлекеттік бақылау жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ Қазақстан Республикасында өнiмдердiң, көрсетiлетiн қызметтердiң және процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң құқықтық негiздерiн белгiлейді.";

      2) 1-бапта:

      4-1), 5-1) және 9-1) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 9-2) және 9-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "9-2) көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру – Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылық қызметін жүзеге асыратын тұлға ретінде тіркелген көлік құралын жасаушыға жекелеген таным белгілерін бекітіп беру;

      9-3) көлік құралын жасаушыға халықаралық сәйкестендіру кодын беру туралы куәлік – Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылық қызметін жүзеге асыратын тұлға ретінде тіркелген көлік құралын жасаушыға халықаралық сәйкестендіру кодының берілгенін растайтын құжат;";

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) көрсетілетін қызмет – жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, нәтижелерінің материалдық мәні болмайтын қызмет;";

      11-1) тармақша алып тасталсын;

      13), 14) және 15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі – техникалық реттеу саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар;

      14) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімі – техникалық регламенттерді және нормативтік техникалық құжаттарды, сәйкестікті растау жөніндегі органдарды, сынақ зертханаларын, сәйкестiктi растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды және сәйкестікті растау саласында берілген құжаттарды есепке алу құжаты;

      15) мүдделi тараптар – қызметi техникалық регламенттердi әзiрлеумен тiкелей байланысты жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ қатысуы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген өзге де тұлғалар;";

      17) және 17-2) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 17-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "17-3) өзара байланысты стандарт – техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін ұлттық стандарт;";

      18-2), 22), 38), 39), 40), 40-1), 41) және 42) тармақшалар алып тасталсын;

      48-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "48-1) техникалық хатшылық – көлік құралы типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды ресімдеудің дұрыстығын және негізділігін тексеру жөніндегі, көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға уәкілетті орган айқындайтын ұйым;";

      49), 51), 52), 53), 53-1), 54) және 55) тармақшалар алып тасталсын;

      3) 3-баптың 1-тармағы алып тасталсын;

      4) 4-бапта:

      1-тармақтың 1) тармақшасының бесінші абзацындағы "жою;" деген сөз "жою болып табылады." деген сөздермен ауыстырылып, 2) тармақша алып тасталсын;

      2-тармақта:

      7) тармақшадағы ", стандарттардың" деген сөз алып тасталсын;

      8) тармақша алып тасталсын;

      5) 5-бапта:

      мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-2) Стандарттау жөніндегі ұлттық орган;";

      6) тармақша және 8) тармақшадағы "сарапшы-ayдиторлар;" деген сөздер "сарапшы-ayдиторлар құрайды." деген сөздермен ауыстырылып, 9) тармақша алып тасталсын;

      6) 6-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) техникалық регламенттер талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органды айқындау;";

      7) 7-бапта:

      бірінші бөлікте:

      мынадай мазмұндағы 3-2) және 3-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "3-2) көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      3-3) көлік құралын жасаушыға халықаралық сәйкестендіру кодын беру туралы куәліктің нысанын әзірлейді және бекітеді;";

      "7) сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөнiндегi халықаралық және өңiрлiк ұйымдарда Қазақстан Республикасын білдіреді, сәйкестiктi растау нәтижелерiн өзара тану жөнiндегi жұмыстарға қатысады;";

      8-1) және 9) тармақшалар алып тасталсын;

      11) тармақша "растау," деген сөзден кейін "аккредиттеу," деген сөзбен толықтырылсын;

      15), 20) және 25) тармақшалар алып тасталсын;

      екінші бөлік алып тасталсын;

      8) 8-бапта:

      бірінші бөлікте:

      1) тармақша алып тасталсын;

      2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) техникалық регламенттердi немесе техникалық регламенттерге өзгерiстерді және (немесе) толықтыруларды әзiрлеу туралы ұсыныстарды дайындауды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi органға енгiзудi;

      3) техникалық регламенттердi әзiрлеу жөнiндегі жұмыстарды ұйымдастыруды;";

      5), 6) және 7) тармақшалар алып тасталсын;

      8) тармақшадағы "стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердi," деген сөздер алып тасталсын;

      9) және 10) тармақшалар алып тасталсын;

      екінші бөлік алып тасталсын;

      9) мынадай мазмұндағы 8-2-баппен толықтырылсын:

      "8-2-бап. Стандарттау жөніндегі ұлттық органның техникалық реттеу саласындағы өкілеттіктері

      Стандарттау жөніндегі ұлттық орган:

      1) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;

      2) техникалық регламенттерді әзірлеуге қатысады;

      3) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.";

      10) 11-бап алып тасталсын;

      11) 14-баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) техникалық реттеу саласындағы техникалық регламенттерді, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзiрлеу, өзгерту, олардың күшiн жою жөнінде ұсыныстар дайындайды;

      2) қажет болған жағдайда, осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарда тиiстi бөлiмшелер мен қызметтердi құрады.";

      12) 15-бап алып тасталсын;

      13) 16-1-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:

      "Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссияның құрамына тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар, уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Стандарттау жөніндегі ұлттық органның және өзге де ұйымдардың өкілдері енгізіледі.";

      14) 17-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Егер өнім өндіру кезінде өзара байланысты стандарттар пайдаланылса, техникалық регламенттердің талаптары орындалды деп есептеледі.

      Өзара байланысты стандарттарды талдауды және жүйеге келтіруді Стандарттау жөніндегі ұлттық орган Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

      Өнім өндіру кезінде техникалық регламенттерде белгіленген талаптар мен нормалардың орындалуы қамтамасыз етілетін жағдайда өзге де стандарттарды пайдалануға болады.";

      15) 18-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Техникалық регламенттерде өнімдердің, процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін талаптар белгіленеді.";

      16) 19-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Техникалық регламентті әзірлеу, өзгерту, толықтыру немесе оның күшін жою жөніндегі ұсыныстарды құзыретіне міндетті қағидалар мен нормаларды белгілеу кіретін мемлекеттік органдар стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Стандарттау жөніндегі ұлттық органның, мүдделі тараптардың ұсыныстарын ескере отырып дайындайды және уәкілетті органға береді.";

      17) 20, 21, 21-1, 21-2, 22, 23, 24, 25 және 25-1-баптар алып тасталсын;

      18) 26-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғау құралдарын сертификаттау Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.";

      19) 27-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Өнiмнiң сәйкестiгiн мiндеттi растау техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiкке жүзеге асырылады.";

      20) мынадай мазмұндағы 27-3-баппен толықтырылсын:

      "27-3-бап. Көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру

      1. Көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беруді техникалық хатшылық көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.

      2. Көлік құралын жасаушы көлік құралын жасаушыға халықаралық сәйкестендіру кодын беру туралы куәлікті алу үшін көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру қағидаларына сәйкес құжаттар тізбесін техникалық хатшылыққа жібереді.

      3. Көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру бойынша құжаттарды қарау олар техникалық хатшылыққа келіп түскен күннен бастап есептелетін күнтізбелік отыз күн ішінде жүзеге асырылады.

      4. Құжаттарды қарау нәтижелері бойынша көлік құралын жасаушыға көлік құралын жасаушының халықаралық сәйкестендіру кодын беру туралы куәлік беріледі.".

      36. "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 7-8, 18-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 152, 158-құжаттар; № 23-II, 170-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат):

      25-бапта:

      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) ұлттық стандарттарға сәйкес елдi мекендердi жобалау, салу және оларда құрылыс жүргізу, тұрғын аудандарды қалыптастыру, жаңадан игерiлетiн және реконструкцияланатын аумақтар мен басқа да елдi мекендердi абаттандыру кезiнде мүгедектердiң тұрғын, қоғамдық және өндiрiстiк ғимараттарға, құрылысжайларға және үй-жайларға кiрiп-шығуын;";

      3-тармақтың бірінші бөлігіндегі "мемлекеттiк" деген сөз "ұлттық" деген сөзбен ауыстырылсын.

      37. "Мақта саласын дамыту туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 130-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):

      1) 1-баптың 13), 18) және 20) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) мақтаның сапасы – стандарттау жөнiндегi құжаттардың талаптарына сәйкестiгiн анықтайтын мақтаның тұтыну қасиеттерiнiң жиынтығы;";

      "18) мақта талшығы бумасы – техникалық регламенттердің және стандарттау жөнiндегi құжаттардың талаптары сақтала отырып, шиттi мақтаны мақта талшығы етiп бастапқы қайта өңдеу нәтижесiнде алынған мақта талшығының ерекше тәсілмен нығыздалған белгiлi бiр көлемi;";

      "20) мақта талшығы сапасының паспорты – мақта талшығы сапасының нақты көрсеткiштерiн және олардың стандарттау жөнiндегi құжаттардың және (немесе) келiсiмшарттардың талаптарына сәйкестiгiн куәландыратын құжат;";

      2) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-бап. Мақта саласын мемлекеттік реттеудің мақсаты

      Мақта саласын мемлекеттік реттеудің мақсаттары ғылыми негізделген инновациялық технологияларды енгізу, мақта шаруашылығын техникалық реттеу, стандарттау және индустрияландыру, оны тоқыма және тамақ өнеркәсібімен интеграциялау негізінде отандық мақта саласын дамыту, бәсекеге қабілеттілігін арттыру, мақта нарығына қатысушылар арасындағы қатынастарды реттеу болып табылады.";

      3) 7-баптың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) техникалық регламенттерді әзірлеу туралы ұсыныстарды дайындау және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға енгізу, сондай-ақ құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарау және стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындау;";

      4) 8-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) уәкілетті органға мақта саласын дамыту саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу, сондай-ақ құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарау және стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау, күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындау;";

      5) 12-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мақта дайындау ұйымы нормативтік құқықтық актілерде, техникалық регламенттерде және стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес шитті мақта сатып алуды және дайындауды жүзеге асырады.";

      6) 13-баптың 4-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мақтаны қабылдау мен сақтау шарттарын сақтауға және нормативтік құқықтық актілерде, техникалық регламенттерде және стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті қамтамасыз етуге;".

      38. "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 133-құжат; 2009 ж., № 18, 86-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-VII, 161-құжат; 2016 ж., № 8-II, 70-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):

      1) 14-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Байыту (фортификациялау) әдістері және тамақ өнімдерін байыту (фортификациялау) процесінде пайдаланылатын материалдар мен бұйымдар нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына, санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар мен нормаларға және стандарттау жөніндегі өзге де құжаттарға сәйкес келуге тиіс.";

      2) 26-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Экологиялық таза тамақ өнімін өндіру (дайындау), таңбалау экологиялық таза тамақ өнімін өндіруге (дайындауға) арналған стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.".

      39. "Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 137-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):

      1-баптың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) машиналар мен жабдықтардың сәйкестігін растау – нәтижесі машиналардың және (немесе) жабдықтардың техникалық регламенттерде, стандарттау жөніндегі құжаттарда немесе шарттардың талаптарында белгіленген талаптарға сәйкестігін (сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты түрінде) құжатпен куәландыру болып табылатын рәсім;".

      40. "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 15-16, 59-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат):

      1) 1-баптың 15-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-2) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшы – уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен аттестатталған жеке тұлға;";

      2) 14-баптың екінші бөлігіндегі "стандарттау жөніндегі және өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттар" деген сөздер "стандарттау жөніндегі құжаттар" деген сөздермен ауыстырылсын.

      41. "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 5, 22-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; 2015 ж., № 11, 52-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2017 ж., № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):

      1) 16-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган әзірлеген ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын қолдануға;";

      2) 23-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Статистикалық қызметті жүзеге асыру кезінде уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен әзірленген және бекітілген статистикалық сыныптауыштардың қолданылуы міндетті.".

      42. "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" 2010 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 9, 43-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-VII, 161-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 70-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 36-құжат):

      1) 1-баптың 4) тармақшасындағы "нормативтік" деген сөз алып тасталсын;

      2) 25-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы "стандарттарда" деген сөз "стандарттау жөніндегі құжаттарда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 30-баптың 1-1-тармағындағы "өнімдер жөніндегі нормативтік құжаттарда" деген сөздер "стандарттау жөніндегі құжаттарда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 41-баптың 1-тармағының 10) тармақшасындағы "стандарттар" деген сөз "стандарттау жөніндегі құжаттар" деген сөздермен ауыстырылсын.

      43. "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 17-18, 113-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-I, 100-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-І, 65-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 14, 51-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):

      7-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық стандарттары Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасына сәйкес реттелуі жүзеге асырылатын стандарттау жөніндегі құжаттарға жатпайды.".

      44. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-І, 99-құжат; № 19-ІІ, 103, 105-құжаттар; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-І, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 145, 148-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 7-І, 47-құжат; № 7-ІІ, 56-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 15, 47-құжат):

      1) мынадай мазмұндағы 119-3-баппен толықтырылсын:

      "119-3-бап. Байланыс жолдарын (желілерін), құрылысжайларын өтеусіз беру

      Құрылыс салу аймағынан шығарылған байланыс жолдарын (желілерін), құрылысжайларын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылысқа тапсырыс беруші реконструкциялау учаскесінде шығару (көшіру) жүзеге асырылған байланыс жолдарының (желілерінің), құрылысжайларының меншік иесі болып табылатын ұйымның меншігіне өтеусіз беруге тиіс.";

      2) 134-баптың 2-тармағында:

      "4-1) автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жасау, сондай-ақ жол активтерін басқару;";

      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында және стандарттау саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру;".

      45. "Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 13, 113-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 8-II, 66-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 22-III, 109-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):

      1) 1-баптың 7), 16) және 23) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) қанықпаған мұнай өнімі – нормативтік техникалық құжаттардың және стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкес келмейтін мұнай өнімі;";

      "16) мұнай өнімдерін өндіру – мұнай өнімдерін алуды қамтамасыз ететін, шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) оларды қайта өңдеу өнімдерін қайта өңдеу, сондай-ақ компаундтеу жөніндегі жұмыстар кешені;";

      "23) мұнай өнімдерінің базасы – мұнай өнімдерін қабылдауға, сақтауға, тиеп-жөнелтуге және өткізуге арналған технологиялық жабдықты, резервуар паркін, техникалық құрылғылар мен коммуникацияларды қамтитын ғимараттар мен құрылысжайлар кешені;";

      2) 4-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы техникалық реттеу және стандарттау;";

      3) 7-бап мынадай мазмұндағы 21-6) тармақшамен толықтырылсын:

      "21-6) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарауды, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;";

      4) 13-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мұнай өнімдері, сондай-ақ оларды өндіру, сақтау, тасымалдау, өткізу, жою және кәдеге жарату процестері мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы техникалық реттеу мен стандарттау объектілері болып табылады.".

      46. "Ғарыш қызметі туралы" 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 92-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 56-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):

      1) 9-баптың 1-тармағының 18) тармақшасы "техникалық реттеу саласындағы" деген сөздерден кейін "және стандарттау саласындағы" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 10-баптың 2-тармағындағы "мен стандарттарға" деген сөздер ", халықаралық және ұлттық стандарттарға" деген сөздермен ауыстырылсын.

      47. "Газ және газбен жабдықтау туралы" 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 2, 8-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-II, 72-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 15, 49-құжат):

      6-бап мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "16-1) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарауды, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;".

      48. "Магистральдық құбыр туралы" 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 11, 79-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):

      6-бап мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарауды, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;".

      49. "Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы" 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 15, 80-құжат; 2014 ж., № 12, 82-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 22-V, 152-құжат; 2016 ж., № 7-I, 47-құжат; № 7-II, 55-құжат; 2017 ж., № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 36-құжат):

      "1) индустриялық сертификат – өтініш берушінің тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізілімінде бар екенін растайтын құжат;";

      мынадай мазмұндағы 1-1) және 4-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "1-1) кәсіпкерлік субъектілері – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген және Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын коммерциялық заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер, шаруа (фермер) қожалықтары;";

      "4-1) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізілімі – Ұлттық палата төралқасы бекітетін тәртіппен ерікті негізде қалыптастырылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізбесі;";

      2) 12-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізілімін қалыптастырады және жүргізеді, сондай-ақ өтініш берушілерді тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізіліміне ерікті түрде енгізу үшін өлшемшарттар әзірлейді;";

      3) 21-баптың 4-тармағының 11) тармақшасындағы "бекіту жатады." деген сөздер "бекіту;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:

      "13) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ индустриялық сертификатты беру қағидаларын бекіту жатады.".

      50. "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 7, 36-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-ІІ, 103, 104-құжаттар; № 20-І, 111-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53, 56-құжаттар; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):

      1) 12-баптың 1-тармағында:

      34) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "34) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің, нормативтік актілердің және нормативтік техникалық құжаттардың жобаларын әзірлейді, бекітеді және келіседі;";

      мынадай мазмұндағы 34-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "34-1) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарауды, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;";

      2) 12-2-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің, нормативтік актілердің және нормативтік техникалық құжаттардың жобаларын әзірлейді, бекітеді және келіседі;";

      3) 13-бапта:

      "2) азаматтық қорғау саласында нормативтерді, нормативтік техникалық құжаттар мен қағидаларды әзірлейді, бекітеді және (немесе) келіседі, мемлекеттік салалық есепке алуды жүргізеді және осы деректерді уәкілетті органға ұсынады;";

      "2-1) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарауды, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;";

      4) 65-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "65-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеу және стандарттау объектілерін жобалау, салу, реконструкциялау және шығару кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптары

      Өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеу және стандарттау объектілерін жобалау, салу, реконструкциялау және шығару кезінде:

      1) өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеу және стандарттау объектілерін орналастыру;

      2) өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеу және стандарттау объектілерін қолдану;

      3) өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеу және стандарттау объектілерін өрт сөндіру-техникалық тұрғыдан сыныптау;

      4) өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеу және стандарттау объектілерін өрт сөндіру деполары ғимараттарымен және құрылысжайлармен қамтамасыз ету;

      5) адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      6) өрттің таралуын болғызбау;

      7) өрт сөндіру мүмкіндігін қамтамасыз ету;

      8) өрт сөндіру кезінде құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі талаптар сақталуға тиіс.";

      5) 66-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "66-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеу және стандарттау объектілерін пайдалану, сақтау, тасымалдау, қолдану және іске асыру кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптары";

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеу және стандарттау объектілерін пайдалану, сақтау, тасымалдау, қолдану және іске асыру кезінде:".

      51. "Жол жүрісі туралы" 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 43-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-II, 144-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 14, 49-құжат; № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат):

      1) 1-бапта:

      19) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 20-1), 27-1), 27-2), 27-3), 29-1), 29-2), 44-1) және 44-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "20-1) жол жүрісін ұйымдастырудың техникалық құралдары – жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жолдың өткізу қабілетін арттыру үшін жолдарда қолданылатын құрылғылар, құрылысжайлар және бейнелер кешені;";

      "27-1) көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассилерінің паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттары жүйелерінің әкімшісі (бұдан әрі – электрондық паспорттар жүйелерінің әкімшісі) – көлік құралдары электрондық паспорттарының (көлік құралдарының шассилері паспорттарының) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттарының жүйелерін пайдалануға беруді, пайдалануды, өнімділігін оңтайландыруды, қол жеткізуді қамтамасыз ету мен бақылауды, қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, техникалық қамтамасыз ету мәселелерін қадағалауды, жүйелерге қатысушылармен және билік органдарымен өзара іс-қимыл жасауды, осы жүйелерге жаңа қатысушыларды қосуды, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің осы жүйелердің функциялары саласындағы заңнамасын үндестіру үшін қажет шараларға бастамашылық жасауды қоса алғанда, осы жүйелерді жобалау жөніндегі іс-қимылдарды үйлестіру функциясы жүктелген, Еуразиялық экономикалық комиссия айқындайтын ұйым;

      27-2) көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассилерінің паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттары жүйесі (бұдан әрі – электрондық паспорттар жүйесі) – есептеуіш және коммуникациялық жабдықты, бағдарламалық қамтылымды, лингвистикалық құралдарды, ақпараттық ресурстарды, жүйелік персоналды және осы жүйеде белгіленген қағидалар бойынша өзара іс-қимыл жасайтын қатысушылар мен пайдаланушыларды қамтитын, сондай-ақ осы жүйенің белгіленген функцияларын орындаудың ақпараттық технологиясын іске асыратын құрылымдалған кешен;

      27-3) көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассилерінің паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттары жүйесінің ұлттық операторы (ұлттық әкімшісі) (бұдан әрі – электрондық паспорттар жүйесінің ұлттық операторы (ұлттық әкімшісі) – қауіпсіздікті және электрондық паспорттар жүйесіне қатысушылармен және билік органдарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ете отырып, электрондық паспорттар жүйелерінің әкімшісімен жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;";

      "29-1) көлік құралының паспорты (көлік құралы шассиінің паспорты) – жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарымен жол жүруге арналған, жұмыс көлемі елу текше сантиметрден жоғары іштен жану қозғалтқышы немесе ең жоғары (жиынтық) қуаты төрт киловаттан асатын және (немесе) ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына елу километрден асатын электрлі қозғалтқышы (электрлі қозғалтқыштары) бар автомотокөлік құралдарына және олардың тіркемелеріне берілетін паспорт (шасси тұтынушыларға жеткізіп берілетін жағдайда көлік құралының шассиіне берілетін паспорт);

      29-2) көлік құралының электрондық паспорты (көлік құралы шассиінің паспорты) – көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассилерінің паспорттары) жүйесінде ресімделген көлік құралының паспорты (көлік құралы шассиінің паспорты);";

      "44-1) өздігінен жүретін машина мен басқа да техника түрлерінің паспорты – жұмыс көлемі елу текше сантиметрден жоғары іштен жану қозғалтқышы немесе ең жоғары (жиынтық) қуаты төрт киловаттан асатын электрлі қозғалтқышы (электрлі қозғалтқыштары) бар тракторларға, өздігінен жүретін жол-құрылыс, коммуналдық, ауыл шаруашылығы машиналары мен жер үстінде рельссіз жүретін басқа да механикалық көлік құралдарына (жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарымен жол жүруге арналған, ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына елу километрден асатын автомотокөлік құралдарын қоспағанда) және олардың тіркемелеріне берілетін паспорт;

      44-2) өздігінен жүретін машина мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорты – өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттары жүйесінде ресімделген өздігінен жүретін машина мен басқа да техника түрлерінің паспорты;";

      2) 9-бап мынадай мазмұндағы 12-1) және 12-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "12-1) электрондық паспорттар жүйесінің ұлттық операторын (ұлттық әкімшісін) айқындайды;

      12-2) көлік құралдарының электрондық паспорттарын (көлік құралдары шассилерінің паспорттарын) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттарын жүргізу қағидаларын бекітеді;";

      3) 10-бап мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "14-1) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарауды, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;";

      4) мынадай мазмұндағы 15-1-баппен толықтырылсын:

      "15-1-бап. Индустрия және индустриялық-инновациялық даму салаларындағы уәкілетті органның құзыреті

      Индустрия және индустриялық-инновациялық даму салаларындағы уәкілетті орган:

      1) электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру бөлігінде Көлік құралы паспортының (көлік құралының шассиі паспортының) және өздігінен жүретін машина мен басқа да техника түрлері паспортының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы келісімді іске асырады;

      2) көлік құралдарының паспорттарын (көлік құралдары шассилерінің паспорттарын) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің паспорттарын ресімдеуді, оның ішінде көлік құралдарының электрондық паспорттарын (көлік құралдары шассилерінің паспорттарын) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттарын ресімдеуді жүзеге асыратын уәкілетті органдардың (ұйымдардың) және көлік құралдарын (көлік құралдарының шассилерін), өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерін жасаушы ұйымдардың бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігін қалыптастырады және жүргізеді;

      3) электрондық паспорттар жүйесінің ұлттық операторын (ұлттық әкімшісін) айқындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыну береді;

      4) көлік құралдарының паспорттарын (көлік құралдары шассилерінің паспорттарын) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің паспорттарын ресімдеу, оның ішінде көлік құралдарының электрондық паспорттарын (көлік құралдары шассилерінің паспорттарын) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттарын ресімдеу жөніндегі өкілеттіктерді ұйымдарға беру туралы немесе өкілеттіктерді беруден бас тарту туралы қорытынды беру тәртібі мен шарттарын айқындайды;

      5) көлік құралының паспортын (көлік құралы шассиінің паспортын) және өздігінен жүретін машина мен басқа да техника түрлерінің паспортын қорғау элементтеріне қойылатын талаптарды бекітеді;

      6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.";

      5) 24-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жеке және заңды тұлғалар жол жүрісі саласындағы нормалардың, қағидалардың, техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың сақталуы тұрғысынан бақылауға жатады.

      4. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқамалар береді, ал осы нұсқамалар бойынша қажетті шаралар қолданылмаған жағдайда, кінәлі адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тартады.";

      6) 25-баптың 3-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) қолданылуы стандарттау жөніндегі құжаттарда регламенттелген және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі құжаттамада көзделген техникалық құралдарды, құрылғылар мен конструкцияларды пайдаланады;";

      7) 35-баптың 1-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "уәкілетті органдарға стандарттау жөніндегі құжаттарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар, сондай-ақ ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды, жол жүрісі және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық нормалар мен басқа да нормативтік құжаттарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар енгізуге;";

      8) 37-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жолдарды, теміржол өтпелерін және басқа да жол құрылысжайларын ұлттық стандарттардың, нормалар мен қағидалардың талаптарына сәйкес жол жүрісіне қауіпсіз күйде күтіп-ұстауға;";

      9) 42-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) адам факторлары мен көлік құралдарының конструкциясын ескеріп және интеграциялай отырып, қауіпсіз жолдарды жобалау мен пайдалануға қатысты ұлттық стандарттарды әзірлеу және пайдалануға жәрдемдесу;";

      10) мынадай мазмұндағы 71-1-баппен толықтырылсын:

      "71-1-бап. Электрондық паспорттар жүйесі ұлттық операторының (ұлттық әкімшісінің) құзыреті

      Электрондық паспорттар жүйесі ұлттық операторының (ұлттық әкімшісінің) құзыретіне мыналар жатады:

      1) электрондық паспорттар жүйесін пайдалану;

      2) электрондық паспорттар жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

      3) электрондық паспорттар жүйесінің аппараттық-бағдарламалық кешеніне жүйелік-техникалық қызмет көрсету;

      4) электрондық паспорттар жүйесіндегі ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету;

      5) электрондық паспорттар жүйесінің мемлекеттік ақпараттық жүйелермен, сондай-ақ шет мемлекеттердің осыған ұқсас мақсаттағы ақпараттық жүйелерімен интеграциялануын қамтамасыз ету;

      6) электрондық паспорттар жүйесінің әкімшісімен және оның қатысушыларымен өзара іс-қимыл жасау;

      7) көлік құралының электрондық паспортын (көлік құралы шассиінің паспортын) және өздігінен жүретін машина мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспортын ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметтердің тарифтері мен оларды төлеу тәртібін айқындау және оларға өзгерістер енгізу;

      8) көлік құралының электрондық паспортын (көлік құралы шассиінің паспортын) және өздігінен жүретін машина мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспортын ресімдеу үшін қажет және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі, кеден ісі саласындағы, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы уәкілетті органдар мен жергілікті атқарушы органдар беретін мәліметтерді жинауды ұйымдастыру;

      9) индустрия және индустриялық-инновациялық даму салаларындағы, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі, кеден ісі саласындағы, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы уәкілетті органдар мен жергілікті атқарушы органдардың сұрау салуы бойынша көлік құралдарының электрондық паспорттарындағы (көлік құралдары шассилерінің паспорттарындағы) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттарындағы кез келген мәртебесі бар мәліметтерді толық көлемде және тек қана мемлекеттік міндеттер мен функцияларды іске асыру мақсатында пайдалану үшін төлемақы алмай беру;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.";

      11) 73-баптың ескертулерінің 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы бапта санамаланған көлік құралдарының және олардың өздігінен жүретін шассилерінің сыныптамасы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес айқындалады.";

      12) 91-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) техникалық қарап тексеру орталықтарының өндірістік үй-жайы мен аумағының ұлттық стандарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге;".

      52. "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 10, 49-құжат; № 15, 78-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-V, 152-құжат; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 14, 53-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 15, 48-құжат; № 16, 53-құжат):

      2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Заңның күші Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасында айқындалған стандарттау жөніндегі құжаттарға, сондай-ақ қаржылық есептілік стандарттарына қолданылмайды.".

      53. "Өзін-өзі реттеу туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 21-І, 127-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):

      1) 20-баптың 3-тармағындағы "техникалық реттеу саласындағы" деген сөздер "техникалық реттеу саласындағы және стандарттау саласындағы"деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 29-1-баптың 1-тармағындағы "бюджет қаражаты және өзге де көздер есебінен әзірленуі мүмкін" деген сөздер "әзірленеді" деген сөзбен ауыстырылсын.

      54. "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-V, 155-құжат; 2016 ж., № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 20, 96-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 15, 50-құжат):

      11-баптың 2-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлейді;".

      55. "Бағалы металдар мен асыл тастар туралы" 2016 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 1, 3-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат):

      12-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сараптама жүргізу қағидаларына, сондай-ақ стандарттау жөніндегі құжаттарға сәйкес сараптама өтеулі негізде жүргізіледі.".

      56. "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 7-I, 46-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат; № 16, 53, 55-құжаттар):

      1) 2-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы "тәртібін реттемейді." деген сөздер "тәртібін;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасында белгіленген стандарттау жөніндегі құжаттарды жоспарлау, әзірлеу, бекіту, тіркеу, есепке алу, жариялау, мониторингілеу және жаңартып отыру тәртібін реттемейді.";

      2) 25-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Стандарттау жөніндегі құжаттың түрі ғана көрсетілетін заңнамалық актілерді қоспағанда, нормативтік құқықтық актілерде стандарттау жөніндегі құжаттарға сілтеме жасалған кезде олардың атауы не түрі көрсетіледі.

      Нормативтік құқықтық актілерде ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын қолдану тәртібін стандарттау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.".

      57. "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентің Жаршысы, 2018 ж., № 1, 3-құжат; № 10, 32-құжат):

      13-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Бағалау стандарттары Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасына сәйкес қабылдануы жүзеге асырылатын стандарттау жөніндегі құжаттарға жатпайды.".

      Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 28.12.2018 № 211-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2-бап. Осы Заң:

      1) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағын, 3-тармағы 11) тармақшасының бірінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы абзацтарын, 13) тармақшасының бірінші, екінші, үшінші, төртінші, жетінші және сегізінші абзацтарын, 7-тармағының 1) тармақшасын, 8, 9 және 17-тармақтарын, 21-тармағының 1) және 3) тармақшаларын, 4) тармақшасының бірінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы және жиырма бірінші абзацтарын және 5) тармақшасын, 29-тармағын, 32-тармағының 6) тармақшасын, 34) тармағының 2), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларын, 44-тармағының 1) тармақшасын, 2) тармақшасының бірінші, екінші және үшінші абзацтарын, 49-тармағын, 51-тармағы 1) тармақшасының бірінші, үшінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші абзацтарын, 2), 4) және 10) тармақшаларын;

      2) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағы 2) тармақшасының бірінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтарын, 11) тармақшасының екінші, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші және он үшінші абзацтарын, 12) тармақшасын, 13) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Осы Заң күшіне енгізілгенге дейін жүргізілген шама бірліктері эталондарын салыстырып тексеру өзінің қолданылуын салыстырып тексеру туралы сертификаттың мерзімі аяқталғанға дейін сақтайды.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 262565
    Қазақ тілінде 131083
    Орыс тілінде 130588
    Ағылшын тілінде 894
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы