Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар, инвестицияларды тарту, экспортты дамыту және ілгерілету, сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 3 сәуірдегі № 243-VІ ҚРЗ.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 19-I, 99, 101-құжаттар; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115, 117-құжаттар; № 21-I, 124, 126-құжаттар; № 22-II, 145-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53, 56-құжаттар; № 8-ІІ, 72-құжат; № 10, 79-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 4, 7-құжат; № 12, 34-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 6-құжат):

      1) мазмұны мынадай мазмұндағы 119-2-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "119-2-бап. Арнайы экономикалық аймақтардың, республикалық және өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтардың жерлері";

      2) 16-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жер қойнауын пайдалану (өндіру жөніндегі; бірлескен барлау және өндіру жөніндегі; барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылысжайларын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін), магистральдық құбыржолдарды, мұнай мен газды қайта өңдеу объектілерін салу (реконструкциялау) мақсаттары үшін жер учаскелерін беру, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындары табылған кезде және оларды игеру үшін, магистральдық құбыржолдарды салу үшін жер учаскелерін мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иеліктен шығару;";

      3) 33-бапта:

      1-тармақтың алтыншы бөлігінің 3) және 3-1) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) басқарушы компания жер учаскелерін Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес кейінгі жер пайдалануға (қосалқы жалға) берген кезде;

      3-1) арнайы экономикалық аймақтың немесе республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың қатысушысы не арнайы экономикалық аймақтың аумағында қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясының пайдасына мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін инфрақұрылым объектілерімен қоса иеліктен шығарған кезде;";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жер пайдаланушының өзiне тиесiлi жер учаскесiн басқа тұлғаға (кейiнгi жер пайдаланушыға) уақытша жер пайдалануға беруi, сондай-ақ уақытша жер пайдалану құқығын иелiктен шығару осы Кодекстiң 32-бабының 4-тармағында және 37-бабының 3-тармағында және Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасында көзделген нормалардың ережелерi ескерiле отырып жүргiзiледi.";

      4) 35-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Арнайы экономикалық аймақты орналастыру үшін пайдаланылатын жерлер бойынша уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компанияларына арнайы экономикалық аймақты құру мерзіміне беріледі.

      Республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақты орналастыру үшін пайдаланылатын жерлер бойынша уақытша жер пайдалану құқығы республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың басқарушы компанияларына облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының индустриялық аймақ құру туралы шешімінде айқындалған мерзімге, бірақ кемінде 20 жылға беріледі.";

      5) 37-бап мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Арнайы экономикалық аймақты немесе республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақты орналастыру үшін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру осы Кодекстің 35-бабы 2-тармағының үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген мерзімге жүзеге асырылады.";

      6) 43-баптың 1-1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Арнайы экономикалық аймақтарды немесе республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтарды құру үшін жер учаскелерін беру ерекшеліктері осы Кодекстің 119-2-бабына сәйкес айқындалады.";

      7) 47-бапта:

      3-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Жер учаскесі орналасқан жердегі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органы республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы өзіне уақытша өтеулі жер пайдалануға берілген жер учаскесінің бір бөлігін осы Кодекстің 119-2-бабының 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың қатысушысына сату туралы өтініш жасаған жағдайда, осы Кодекске сәйкес жер учаскесінің сатылатын бөлігін бөліп шығаруды жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Арнайы экономикалық аймақтың немесе республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың қатысушысы не арнайы экономикалық аймақтың аумағында қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлға Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес өзіне берілген жер учаскесін жеке меншікке сатып алуға ниет білдірген кезде аталған қатысушы немесе тұлға осы Кодекстің 119-2-бабына сәйкес арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясына өтініш береді.";

      8) 48-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 10) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 284-бабына сәйкес инвестициялық жобаларды іске асыру үшін;";

      "10) Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың немесе республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың қатысушысына, арнайы экономикалық аймақтың немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясына;";

      9) 49-2-баптың 1-тармағы "жер қойнауын пайдалану" деген сөздерден кейін "және арнайы экономикалық аймақтарды немесе республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтарды құру" деген сөздермен толықтырылсын;

      10) 107-баптың 3-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Коммерциялық аймаққа арнайы экономикалық аймақтардың, республикалық және өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтардың, өндiрiстiк объектiлердің, сауда, қоғамдық тамақтану, тұрмыстық қызмет көрсету объектілерінің, инженерлiк және көлiктік инфрақұрылым объектiлерiнің жерлері, сондай-ақ осы объектiлердiң және кәсіпкерлік қызметпен байланысты өзге де объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарын белгiлеуге арналған жерлер кіреді.";

      11) мынадай мазмұндағы 119-2-баппен толықтырылсын:

      "119-2-бап. Арнайы экономикалық аймақтардың, республикалық және өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтардың жерлері

      1. Арнайы экономикалық аймақтардың, республикалық және өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтардың жерлері тиісті басқарушы компанияларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер санатына жатпайтын жерлерден уақытша өтеулі жер пайдалануға беріледі, олар өз кезегінде бұл жерлерді Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттарда арнайы экономикалық аймақтардың, республикалық және өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтардың қатысушыларына береді.

      2. Арнайы экономикалық аймақтардың, республикалық және өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтардың қатысушылары Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес алынған жер учаскелерін осы Кодексте көзделген тәртіппен мынадай жағдайларда:

      1) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметін жүзеге асыру туралы шартта көзделген міндеттемелерді орындаған жағдайда арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеу мерзімі өткеннен кейін;

      2) республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақ қатысушысының жобасында көзделген барлық объектілер пайдалануға берілген жағдайда кез келген уақытта сатып алуға құқылы.

      Бұл ретте республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың қатысушысы осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген жағдайда жер учаскесін республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақта қызметін жүзеге асыру туралы шарт жасасқан кезде белгіленген кадастрлық (бағалау) құнына тең баға бойынша сатып алуға құқылы.

      Республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың қатысушысы республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақты тарату кезінде жылжымайтын мүлік объектілерінің және (немесе) олармен байланысты ғимараттардың (құрылысжайлардың) құрылысын аяқтамаған жағдайда, жергілікті атқарушы органдар үш жылдан аспайтын мерзімге өтеулі жер пайдалану құқығын береді.

      3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген тұлғалар тиісті басқарушы компанияға өтінішхат береді.

      Өтінішхатқа:

      жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжат немесе құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;

      жылжымайтын мүлік орталығынан жер учаскесіне мәмілелер жасасуға кедергі келтіретін ауыртпалықтардың жоқ екендігі туралы анықтама;

      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (заңды тұлғалар үшін);

      жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі (дара кәсіпкерлер үшін) қоса беріледі.

      "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жер учаскелерін алған арнайы экономикалық аймақтың, республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың қатысушылары үшін тиісті басқарушы компания берген, қызметін жүзеге асыру туралы шарт және жер учаскесінің схемасы жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттар болып табылады.

      4. Басқарушы компания барлық қоса берілетін құжаттармен бірге өтінішті жер учаскесі орналасқан жердегі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына жібереді, ол осы Кодекстің 47-бабында белгіленген тәртіппен қаралады.

      5. Арнайы экономикалық аймақтарды немесе республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтарды орналастыру үшін жер учаскесі елді мекен шегінде берілген жағдайда, мұндай жерлер осы Кодекстің 107-бабына сәйкес айқындалатын коммерциялық аймаққа жатқызылады.".

      2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 121, 124-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 119-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 6, 11-құжат; № 9, 18-құжат; № 10, 23-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51-құжат; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 12, 39-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 50-құжаттар; № 16, 55-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; 2019 жылғы 19 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мазмұны мынадай мазмұндағы 45-1-тараудың және 225-1, 225-2, 225-3, 225-4, 225-5, 225-6 және 225-7-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:

      "45-1-тарау. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру

      225-1-бап. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік

      225-2-бап. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру шарттары

      225-3-бап. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдікті алуға үміткер тұлғаға қойылатын талаптар

      225-4-бап. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік нысаны

      225-5-бап. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беруді есепке алу

      225-6-бап. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдікті орындау

      225-7-бап. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктің қолданысын тоқтату негіздері";

      2) 3-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 73-1) және 73-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "73-1) экспортты қолдау бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктерін беру лимиті – республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына бекітілетін тіркелген сома, оның шегінде экспортты қолдау бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктері берілуі мүмкін;

      73-2) экспортты қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттеме – экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компания сақтандыру төлемдерін жүзеге асырмаған, экспортты қолдау бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен қамтамасыз етілген сақтандыру шарттары бойынша өтелмеген міндеттемелердің белгілі бір күнге алынған сомасы;";

      3) 11-баптың 8-тармағындағы "Бюджеттік кредиттерді өтеу сомалары бюджеттен алынған кредиттер бойынша негізгі борышты қайтаруға, сондай-ақ заңды тұлғалардың төленген мемлекеттік кепілдіктер бойынша талаптарды қайтаруына байланысты бюджетке түсетін түсімдер" деген сөздер "Бюджеттен алынған кредиттер бойынша негізгі борышты қайтаруға, сондай-ақ заңды тұлғалардың төленген мемлекеттік кепілдіктер, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер жөніндегі талаптарды қайтаруына байланысты бюджетке түсетін түсімдер бюджеттік кредиттерді өтеу сомалары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 39-бап мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:

      "экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер жөніндегі міндеттемелерді орындау;";

      5) 53-баптың 1-тармағының 12) тармақшасы мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:

      6) 71-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:

      "экспортты қолдау бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктерін беру лимиті;";

      7) мынадай мазмұндағы 45-1-тараумен толықтырылсын:

      1. Экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компания алдындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдік шартының талаптарына сәйкес оның сақтандыру төлемдері бойынша берешегін толық немесе ішінара өтеу міндеттемесі экспортты қолдау бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік (үкіметтік, егемендік) кепілдігі (мемлекеттік кепілдік) болып табылады.

      2. Қазақстан Республикасының атынан экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беруде Қазақстан Республикасының Үкіметі айрықша құқыққа ие.

      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасы бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беруді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайтын шарттарда және тәртіппен жүзеге асырады.

      4. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді беру үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысын әзірлеуге немесе түзетуге қойылатын талаптарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша белгілейді.

      1. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының негізінде беріледі.

      2. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік республикалық бюджет туралы заңда белгіленген лимит шегінде беріледі.

      Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру лимитін айқындауға арналған соманы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен белгілейді.

      3. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компанияның Қазақстан Республикасының Үкіметі жұмсайтын бюджет қаражатын осы Кодекстің 225-6-бабының негізінде қайтаруы шарттарымен жүзеге асырылады.

      4. Мемлекеттік кепілдікті беру үшін экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компаниядан мемлекеттік кепілдік сомасының 0,2 пайызы мөлшерінде алдын ала біржолғы төлемақы (алым) алынады.

      5. Мемлекеттік кепілдік беру мемлекеттік кепілдік беру туралы келісім ресімделгеннен және тіркелгеннен кейін жүзеге асырылады.

      6. Мемлекеттік кепілдік беру туралы келісім бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган, сенім білдірілген өкіл (агент) және экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компания арасындағы, тараптардың мемлекеттік кепілдік беру, мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелер орындалған жағдайда бөлінген республикалық бюджет қаражатын қайтару жөніндегі құқықтық қатынастарын белгілейтін келісім болып табылады.

      7. Экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компания экспортты қолдау бойынша қолданыстағы мемлекеттік кепілдік шеңберінде республикалық бюджеттен бұрын бөлінген қаражат бойынша берешекті өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындамаған жағдайда ол бойынша республикалық бюджеттен келесі сомаларды беруге жол берілмейді.

      Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдікті алуға үміткер тұлғаға мынадай талаптар қойылады:

      1) экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компания болу;

      2) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның оң қорытындысының болуы;

      3) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның оң қорытындысының болуы;

      4) төлем қабілеттілігінің болуы, таратылуға жатпауы, оның мүлкіне тыйым салынбауы тиіс, оның қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрмауы тиіс;

      5) бұрын берілген мемлекеттік кепілдіктерді өтеу және оларға қызмет көрсету бойынша берешегінің болмауы және кредиторлар алдында мерзімі өткен берешегінің болмауы тиіс.

      1. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компания арасында кепілдік шартын жазбаша нысанда жасасу арқылы беріледі.

      Осы баптың талаптарына сай келетін құжат қана экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік ретінде танылуы мүмкін. Мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының өзге де актілері мен құжаттарының экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беруде заңды күші болмайды.

      2. Кепілдік шартына бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бірінші басшысы қол қояды.

      3. Кепілдік шартында:

      1) экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік соған сәйкес берілетін Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының деректемелері;

      2) экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компанияның атауы және орналасқан жері;

      3) экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компанияның негізгі міндеттемелерінің мазмұны;

      4) экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктің сомасы;

      5) экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктің қолданылу мерзімі;

      6) экспортты қолдау бойынша кепілдік шартына (кепілдік міндеттемеге) қол қойған лауазымды адамдар көрсетіледі.

      Экспортты қолдау бойынша берілетін мемлекеттік кепілдіктер бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен тіркелуге және есепке алынуға жатады.

      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік берген міндеттемеге мониторингті бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.

      Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі бар, экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компанияның қаржылық жағдайын мониторингтеу бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

      1. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компанияның меншікті капиталынан асатын сақтандыру жағдайларын біржолғы іске асырудан асып түскен кезде, сенім білдірілген өкілдің (агенттің), экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компанияның қорытындылары, екінші деңгейдегі банктер берген оның шоттарынан үзінді көшірмелер, сондай-ақ мемлекеттік кепілдіктің орындалуына өтініш жасаудың алдындағы қаржы жылы үшін аудиттелген қаржылық есептілік және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктің орындалуына өтініш жасалған кезге алынған қаржылық есептілік болған кезде орындалуға жатады.

      2. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компанияның меншікті капиталын шегергенде сақтандыру төлемдерінің жабылмаған сомасының бөлігіне ғана орындалады.

      3. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік жөніндегі міндеттемелерді орындау республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаражат шегінде мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелерді орындау жөніндегі талаптар қойылған күннен бастап он сегіз ай ішінде жүзеге асырылады.

      4. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттің кепілдігі жөніндегі міндеттемелерді орындауға бөлінген қаражатты экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компания сақтандыру төлемдерін өтеу қаражаты мен өзге де көздер есебінен республикалық бюджетке қайтаруға тиіс.

      5. Мемлекеттік кепілдікті орындауға республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты қайтарудың шарттары, мерзімдері, сыйақы мөлшерлемелері және тәртібі бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган, сенім білдірілген өкіл (агент) және экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компания арасында жасалатын экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру туралы келісімде айқындалады.

      225-7-бап. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктің қолданысын тоқтату негіздері

      Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік өз қолданысын мынадай:

      1) экспортты қолдау бойынша кепілдік шартында айтылған міндеттемелер толық орындалған;

      2) оның қолданылу мерзімі өткен жағдайларда тоқтатады.

      3. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-II, 20-III, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 14, 50, 51-құжаттар; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; 2019 жылғы 19 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мазмұнында:

      118-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "118-бап. Табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді қалыптастыру";

      мынадай мазмұндағы 124-10-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "124-10-бап. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібі мен міндеттерінің сақталуын мемлекеттік бақылау";

      211-баптың тақырыбы алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 282-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "282-1-бап. Инвесторлар үшін "бір терезе" қағидаты";

      2) 92-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) индустриялық аймақтар;";

      3) 100-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "22-1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын операторлардың өкілеттіктерін әзірлейді және бекітеді;";

      4) 105-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 8-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-3) ұлттық және аумақтық кластерлерді дамытуды жүзеге асырады;";

      2-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) негізгі қызметі инновацияларды дамытуға және инвестициялар тартуға бағытталған заңды тұлғаларды құруға және (немесе) олардың жарғылық капиталына қатысуға құқылы;";

      5) 118-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "118-бап. Табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді қалыптастыру

      1. Табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді қалыптастыру Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің белгілі бір түрін өндіру мен ұсынудың технологиялық ерекшеліктеріне байланысты тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің осы түріне сұранысты қанағаттандыру үшін бәсекелестік жағдайлар жасау мүмкін болмайтын немесе экономикалық жағынан тиімсіз болатын тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер нарығының жай-күйі табиғи монополия болып табылады.";

      6) 124-8-бапта:

      1) тармақшаның бесінші абзацындағы "мерзімдерде ұсынуға" деген сөздер "мерзімдерде" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:

      "баға деңгейін растайтын негіздеуші материалдарды қоса бере отырып, босату бағалары туралы ақпаратты бағаларды мемлекеттік реттеу енгізілген күннен бастап немесе тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіру (өткізу) басталған кезден бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей не тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге босату бағасын алдағы көтеруге дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын ұсынуға;";

      7) тармақшадағы "орындауға міндетті." деген сөздер "орындауға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) өзінің интернет-ресурсында не табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның интернет-ресурсында босату бағалары туралы, жария тыңдаулардың нәтижелері және қаржылық есептілік туралы ақпаратты орналастыруға міндетті.";

      7) 11-1-тарау мынадай мазмұндағы 124-10-баппен толықтырылсын:

      "124-10-бап. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібі мен міндеттерінің сақталуын мемлекеттік бақылау

      1. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібі мен міндеттерінің сақталуын мемлекеттік бақылауды табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері не азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру және профилактикалық бақылау нысанында осы Кодекске сәйкес жүзеге асырады.

      2. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібі мен міндеттерінің сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде мынадай ден қою шаралары қабылданады:

      1) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау;

      2) қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібі мен міндеттерінің бұзылуын жою туралы нұсқама шығару;

      3) құқық қорғау және өзге де органдарға материалдарды беру.

      3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері не азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган талдаудың және ақпараттық жүйелер, ашық дереккөздер, бұқаралық ақпарат құралдары деректерінің, сондай-ақ бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі туралы басқа да мәліметтердің негізінде бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бармай жүзеге асырады.

      4. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектілері бақылау субъектілері болып табылады.

      5. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау субъектісіне (объектісіне) беру және бақылау субъектісіне әкімшілік жүктемені төмендету болып табылады.

      Бақылау субъектілеріне бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын беру үшін бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салдарын жою мүмкін болатын бұзушылықтар бойынша ғана жүргізіледі.

      6. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалмай, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным жасалып, бақылау субъектісіне оларды жою тәртібі міндетті түрде түсіндіріледі.

      7. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным бақылау субъектісінің жеке өзіне қолын қойғызып немесе жөнелту және алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.

      Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным мынадай жағдайларда:

      1) қолма-қол – ұсынымда алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;

      2) поштамен – хабарламасы бар тапсырысты хатпен;

      3) электрондық тәсілмен – табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің не азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның сұрау салуы кезінде бақылау субъектісінің хатта көрсетілген электрондық мекенжайына табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері не азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жіберген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.

      8. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным оны табыс еткен күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.

      9. Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне не азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға оны табыс еткен күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылықты жіберуге құқылы.

      10. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындауға алып келеді.

      11. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты оларға бармай профилактикалық бақылау тоқсанына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.";

      8) 138-баптың 94) тармақшасы алып тасталсын;

      9) 211-бап алып тасталсын;

      10) 246-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдауға қатысатын индустриялық-инновациялық жүйе субъектiлерiне даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру жөніндегі шаралар және ұлттық экономиканы дамыту шеңберінде құрылған ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық компаниялар және олардың өңірлік өкілдері мен өкілдіктері, ұлттық даму институттары, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау шараларын iске асыруға уәкiлеттiк берілген, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан да көп пайызы тiкелей не жанама түрде мемлекетке тиесiлi өзге де заңды тұлғалар жатады.";

      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) экономиканың басым секторларын дамытуды және өңірлерді индустриялық-инновациялық дамытуды қоса алғанда, экономика секторларын дамыту саласында ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсетедi;";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компания және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктері:

      1) Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығын жақсарту бойынша талдамалық зерттеулер жүргiзедi;

      2) инвесторлардың қызметiн қолдап отыруды қамтамасыз етедi, оның iшiнде инвесторлардың мемлекеттiк органдармен, индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiмен, сондай-ақ жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнің бiрлестiктерiмен кездесулерiн ұйымдастырады, инвестициялық тақырып бойынша бизнес-форумдар, конференциялар және семинарлар өткiзедi, жұмыс істеп жатқан және перспективалы инвесторлардың дерекқорын қалыптастырады және жүргiзедi, инвесторларға туындайтын мәселелерді шешуде жәрдемдеседі;

      3) Қазақстан Республикасының қолайлы инвестициялық имиджiн ілгерілетеді, оның iшiнде инвестициялық мүмкiндiктер туралы ақпарат береді;

      4) инвесторлармен келiссөздердің қорытындылары бойынша қол жеткiзiлген ресми уағдаластықтардың iске асырылуына мониторинг жүргiзедi;

      5) инвесторлардың қатысуымен iске асырылатын индустриялық-инновациялық жобаларға мониторинг жүргiзедi;

      6) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ өзге де ұйымдар көрсететін басқа да қызметтерді алуда инвесторларды қолдап отыру бөлігінде "бір терезе" қағидаты бойынша инвесторлармен өзара іс-қимыл жасайды.";

      мынадай мазмұндағы 9 және 10-тармақтармен толықтырылсын:

      "9. Инвестициялар тарту саласындағы өңірлік ұйымдар:

      1) тиісті өңірдің инвестициялық тартымдылығын жақсарту бойынша талдамалық зерттеулер жүргізеді;

      2) инвесторлардың қызметін ақпараттық қолдап отыруды қамтамасыз етеді, оның ішінде жергілікті және орталық мемлекеттік органдармен, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерімен, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен кездесулер ұйымдастырады, инвестициялық тақырып бойынша бизнес-форумдар, конференциялар мен семинарлар өткізеді, инвесторлардың өңірлік дерекқорын қалыптастырады және жүргізеді;

      3) өңірдің қолайлы инвестициялық имиджін ілгерілетеді, оның ішінде өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері туралы ақпарат береді;

      4) инвесторлармен келіссөздердің қорытындылары бойынша қол жеткізілген ресми уағдаластықтардың іске асырылуына мониторинг жүргізеді;

      5) өңірдің аумағында инвесторлардың қатысуымен іске асырылатын индустриялық-инновациялық жобаларға мониторинг жүргізеді;

      6) инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компания және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктері инвестициялық тақырып бойынша ұйымдастырған, оның ішінде шет мемлекеттің аумағындағы іс-шараларға қатысады;

      7) инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компанияға және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктеріне өңірдегі инвестициялық қызмет туралы, оның ішінде инвестицияларды қажет ететін индустриялық-инновациялық жобалар, инвесторлар туралы өзекті ақпаратты тұрақты түрде береді;

      8) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ өзге де ұйымдар көрсететін басқа да қызметтерді алу кезінде инвесторларды қолдап отыру бөлігінде "бір терезе" қағидаты бойынша инвесторлармен өзара іс-қимыл жасайды.

      10. Инвестициялар тарту саласындағы өңірлік ұйымдар облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының шешімімен айқындалады.";

      11) 247-баптың 1) тармақшасындағы ", оның iшiнде дербес кластерлiк қор" деген сөздер алып тасталсын;

      12) 248-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" деген сөздер "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 249-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген, кәсіпкерлік қызмет объектiлерiн, оның ішінде өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, туристік индустрия, көліктік логистика, қалдықтарды басқару саласындағы объектілерді орналастыру және пайдалану үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне берілетiн аумақ индустриялық аймақ болып табылады.";

      14) 256-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Индустрияландыру картасы республика деңгейінде индустриялық-инновациялық жүйені мониторингтеу (іске асыру) құралы болып табылады және индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері іске асыратын индустриялық-инновациялық жобалар жиынтығын білдіреді.

      Өңірдің кәсіпкерлікті қолдау картасы өңір деңгейінде индустриялық-инновациялық жүйені мониторингтеу (іске асыру) құралы болып табылады және индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері іске асыратын индустриялық-инновациялық жобалар жиынтығын білдіреді.";

      15) 257-бапта:

      4-тармақта:

      "аймақтарда" деген сөз "және индустриялық аймақтарда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық" деген сөздер "Арнайы экономикалық және индустриялық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) бәсекеге қабілеттілік – шығарылатын өнімнің, көрсетілетін жұмыстардың және (немесе) ұсынылатын қызметтердің төмен өзіндік құнынан, олардың сұранысынан және оларды өндірудің, көрсетудің немесе ұсынудың экономикалық орындылығынан көрінетін, ұқсас индустриялық-инновациялық жобалармен салыстырғандағы артықшылықты;";

      3) тармақшадағы "маңыздылығын басшылыққа алуға міндетті." деген сөздер "маңыздылығын;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "4) экспортқа бағдарланушылық – өндірістің өнім мен көрсетілетін қызметтер экспортына бағытталуын;

      5) еңбек өнімділігі – пайдаланылатын ресурстардың бірлігіне есептегенде өнім шығаруды сипаттайтын, өндіріс көлемі мен еңбек ресурстары шығындарының арақатынасын білдіретін өндіріс тиімділігінің көрсеткішін басшылыққа алуға міндетті.";

      16) 271-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы Кодекстің мақсаттары үшін кластер деп түпкі немесе аралық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер өндірушілерді, жинақтауыштарды, мамандандырылған көрсетілетін қызметтерді берушілерді, өндірістік және өзге де жабдықты өндірушілерді, мамандандырылған инфрақұрылымның өнім берушілерін, ғылыми және зерттеу ұйымдарын, жоғары білім беру ұйымдарын, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын және белгілі бір салалық мамандануы бар басқа да ұйымдарды қамтитын, өзара байланысты және өзара толықтыратын компаниялар мен ұйымдардың географиялық жағынан шоғырландырылған тобы түсініледі.";

      17) 282-бапта:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компания және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктері, инвестициялар тарту саласындағы өңірлік ұйымдар жүзеге асыратын, инвесторлар үшін "бір терезе" қағидаты бойынша инвесторларды қолдап отыру жөніндегі қызметті үйлестіруді және мониторингтеуді жүзеге асырады.";

      4, 5 және 6-тармақтар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

      "8-1. Инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін жобаны инвестициялық деп айқындау тәртібін әзірлейді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген тәртіп, өзгелерден басқа, жер учаскесін беруді тиісті өңірлік үйлестіру кеңесімен келісу рәсімін көздеуге тиіс.";

      18) мынадай мазмұндағы 282-1-баппен толықтырылсын:

      "282-1-бап. Инвесторлар үшін "бір терезе" қағидаты

      1. Инвесторлар үшін "бір терезе" қағидаты деп инвесторлардың құжаттарды жинау мен даярлауға қатысуын барынша азайтуды және олардың мемлекеттік органдармен тікелей байланысын шектеуді көздейтін, инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компанияның және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктерінің, инвестициялар тарту саласындағы өңірлік ұйымдардың тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ өзге ұйымдар көрсететін басқа да қызметтерді алуда инвесторларға жәрдемдесудің орталықтандырылған нысаны түсініледі.

      2. Инвесторлар үшін "бір терезені" ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ инвестициялар тарту кезінде өзара іс-қимыл жасау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді және олар "бір терезе" қағидаты бойынша көрсетілетін қызметтерді алу үшін экономиканың нақты салаларында инвестициялар мөлшерін, сондай-ақ:

      1) Қазақстан Республикасында инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компанияның және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктерінің, инвестициялар тарту саласындағы өңірлік ұйымдардың "бір терезе" қағидаты бойынша инвесторды қолдап отыруды ұйымдастыру;

      2) инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның орталық және өңірлік деңгейлерде инвестициялар тарту үшін инвестициялық жобаларды қолдап отыруды ұйымдастыру мәселесі бойынша инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компаниямен және оның өңірлік өкілдерімен және өкілдіктерімен, инвестициялар тарту саласындағы өңірлік ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      3) инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компанияның және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктерінің, инвестициялар тарту саласындағы өңірлік ұйымдардың инвестициялар тарту мәселелері бойынша шетелдік мекемелермен, мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен, сондай-ақ өзге де мемлекеттік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      4) инвесторлардың инвестициялық қызметін жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар көрсететін мемлекеттік және басқа да қызметтерді көрсету процесін мониторингтеу, сондай-ақ инвестициялар тарту үшін инвестициялық жобаларды қолдап отыруды мониторингтеу тәртібін айқындайды.

      Инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік және басқа да қызметтерді көрсетуге жауапты мемлекеттік органдармен бірлескен бұйрықпен инвесторларға осы қызметтерді көрсету шеңберінде өзара іс-қимыл жасау және мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда оларды қолдап отыру үшін жауапты тұлғаларды айқындайды.

      3. Инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компания және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктері, инвестициялар тарту саласындағы өңірлік ұйымдар инвесторлар үшін "бір терезе" шеңберінде орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ өзге де ұйымдар алдында инвестордың өтінішін қарау туралы өтінішхат беруге және мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарға мемлекеттік және басқа да көрсетілетін қызметтерді алу бөлігінде инвесторлардың құжаттарын енгізуге құқылы.";

      19) 284-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Арнайы инвестициялық жоба деп арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес еркін қойма иесі ретінде тіркелген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы іске асырған (іске асыратын) және (немесе) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысынан сатып алынған не моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы іске асырған инвестициялық жоба түсініледі.";

      20) 286-бапта:

      5-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) қаржы институттары арқылы лизингтік қаржыландыруды және кредит беруді қоса алғанда, қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық шарттарымен бөлінетін ақшаны қоспағанда, инвестициялық басым жобаны iске асыру үшiн қаржыландыру көздерi не кепiлдiктерi ретiнде бюджет қаражаты тартылмайды;";

      4) тармақшаның үшінші абзацындағы "аймақтар" деген сөз "және индустриялық аймақтар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-1-тармақтың 1) тармақшасындағы "аймақтар" деген сөз "және индустриялық аймақтар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      21) 292-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы "анықтамалары болған кезде инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган белгілеген нысан бойынша қабылданады және тiркеледi." деген сөздер "анықтамалары;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) тартылатын шетелдік жұмыскер паспортының немесе жеке басын куәландыратын құжатының (қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен қоса), жұмыс беруші мен тартылатын шетелдік жұмыскер арасында жасалған еңбек шартының (қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен қоса), оның біліктілігін және (немесе) білімін растайтын құжаттардың (қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен қоса) көшірмелері болған кезде инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган белгілеген нысан бойынша қабылданады және тiркеледi.";

      22) 295-1-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Тараптардың келісімі бойынша арнайы инвестициялық келісімшарт мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде арнайы инвестициялық келісімшартты жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы арнайы инвестициялық келісімшарт бойынша берілген инвестициялық преференциялар салдарынан төленбеген кедендік баждардың сомаларын төлемейді.".

      4. 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 22-I, 22-II, 107-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар; № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 2, 6-құжат; 2019 жылғы 19 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мазмұнында:

      390-баптың тақырыбы алып тасталсын;

      391-баптың тақырыбындағы "Қорғас" халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы" арнайы экономикалық аймағының" деген сөздер "Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      21-бөлімнің тақырыбы "жүзеге асыратын тұлғаларға" деген сөздерден кейін ", арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларына" деген сөздермен толықтырылсын;

      79-тараудың тақырыбы "жүзеге асыратын тұлғаларға" деген сөздерден кейін "және арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларына" деген сөздермен толықтырылсын;

      709-баптың тақырыбы "дара кәсіпкерлерге" деген сөздерден кейін "және арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларына" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 49-баптың 10-тармағында:

      бірінші бөлік 2) тармақшадағы "болып табылған жағдайда жүргізіледі." деген сөздер "болып табылған;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) тауарды порттық арнайы экономикалық аймақтың немесе логистикалық арнайы экономикалық аймақтың аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың аумағына импорттаушы тұлға порттық арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе логистикалық арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы болып табылған жағдайда жүргізіледі.";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Кемінде 167 000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде салықтар төлеуді қамтамасыз етудің болуы осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген тұлғалар үшін импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу мерзімін өзгертудің қосымша негізі болып табылады.";

      3) 372-баптың 5-тармағының 7) тармақшасындағы "Қорғас" халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы" арнайы экономикалық аймағының" деген сөздер "шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 386-баптың 2-тармағының 6) тармақшасындағы "Қорғас" халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы" арнайы экономикалық аймағының" деген сөздер "шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 389-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі "арнайы экономикалық аймақтарды құру," деген сөздер "арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру," деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 390-бап алып тасталсын;

      7) 391-бапта:

      тақырыптағы "Қорғас" халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы" арнайы экономикалық аймағының" деген сөздер "Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақтың бірінші бөлігіндегі "Қорғас" халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы" арнайы экономикалық аймағын" деген сөздер "Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтың бірінші абзацындағы және 1) тармақшасындағы "Қорғас" халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы" арнайы экономикалық аймағын", "Қорғас" халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы" арнайы экономикалық аймағының" деген сөздер тиісінше "шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақты", "шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың" деген сөздермен, 3-тармақтағы "Қорғас" халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы" арнайы экономикалық аймағының" деген сөздер "Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтың екінші бөлігіндегі "Қорғас" халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы" арнайы экономикалық аймағының" деген сөздер "шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 393-баптың 1-тармағының төртінші бөлігіндегі "Осы тармақта" деген сөздер "Осы тармақтың бірінші бөлігінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 394-баптың бірінші бөлігінде:

      39) тармақшадағы "Қорғас" халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы" арнайы экономикалық аймағының" деген сөздер "шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      43-1) тармақшаның үшінші абзацындағы "арнайы экономикалық аймақтарды құру," деген сөздер "арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру," деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 521-баптың 3-тармағының 7) және 8) тармақшалары алып тасталсын;

      11) 564-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі "әкімшілігімен" деген сөз "басқарушы компаниясымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 21-бөлімнің тақырыбы "жүзеге асыратын тұлғаларға" деген сөздерден кейін ", арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларына" деген сөздермен толықтырылсын;

      13) 79-тараудың тақырыбы "жүзеге асыратын тұлғаларға" деген сөздерден кейін ", арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларына" деген сөздермен толықтырылсын;

      14) 708-бапта:

      1-тармақта:

      бірінші бөліктің 1) тармақшасындағы "аймақтар" деген сөз "және индустриялық аймақтар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктегі "арнайы экономикалық аймақты құру," деген сөздер "арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру," деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақта:

      3-тармақта:

      бірінші бөлікте:

      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы болып табылатын;

      2) шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың аумағындағы салық органында немесе шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақ құзыретіне жататын салық органының аумақтық бөлімшесінде тұрған жері бойынша салық төлеуші ретінде тіркелген;";

      4) тармақшадағы "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" арнайы экономикалық аймағын" деген сөздер "шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөлікте:

      "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" арнайы экономикалық аймағын" деген сөздер "Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "арнайы экономикалық аймақты құру," деген сөздер "арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру," деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Бұл ретте шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймаққа қатысты өтініш берушілерге шетелдік жеке және заңды тұлғалар да жатпайды.";

      5-тармақтағы ", 390" деген цифрлар алып тасталсын;

      6-тармақта:

      екінші бөлік "Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық" деген сөздерден кейін "және индустриялық" деген сөздермен толықтырылсын;

      үшінші бөліктегі "Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық" деген сөздер "Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) 709-бапта:

      тақырып "дара кәсіпкерлерге" деген сөздерден кейін "және арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларына" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметін жүзеге асыру туралы шартты бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес салықтар мен төлемақы бойынша преференциялар шартты бұзуға себеп болып табылатын бұзушылыққа жол берілген салықтық кезең басталған күннен бастап жойылады.

      Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы шарт бұзылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмейтін мерзімде шартты бұзуға себеп болып табылған бұзушылық күнін көрсете отырып, олармен жасалған шарт бұзылған арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары туралы мәліметтерді осындай қатысушылардың тұрған жеріндегі салық органдарына ұсынады.

      Бұл ретте салық төлеуші шарт бұзылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей шартты бұзуға себеп болып табылған бұзушылыққа жол берілген салықтық кезең үшін қосымша салықтық есептілікті ұсынуға міндетті.";

      4-тармақтың екінші бөлігінің бірінші абзацындағы "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" арнайы экономикалық аймағының" деген сөздер "шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың" деген сөздермен және 5-тармақтағы "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" арнайы экономикалық аймағының" деген сөздер "Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9-тармақтың екінші бөлігіндегі "аймақтар" деген сөз "және индустриялық аймақтар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:

      "10. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компаниялары бюджетке төленуге жататын, жер салығының, мүлік салығының және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақының сомасын айқындау кезінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын (пайдалану жоспарланатын) салық салу объектілері (салық салынатын объектілер) бойынша есептелген салық пен төлемақы сомаларын 100 пайызға азайтады.".

      5. 2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 2017 ж., № 23-I, 23-II, 110-құжат; 2018 ж., № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 93-құжат):

      1) мазмұнындағы 567-баптың тақырыбы алып тасталсын;

      2) 281-бапта:

      2-тармақтағы "аймақтар" деген сөз "және индустриялық аймақтар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13-тармақтың екінші бөлігіндегі "арнайы экономикалық аймақтарды құру," деген сөздер "арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру," деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 282-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы және 5-тармағы 2) тармақшасының екінші абзацындағы "аймақтар" деген сөз "және индустриялық аймақтар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 291-баптың 1-тармағындағы және 6-тармағының 3) тармақшасындағы "аймақтар", "аймақ" деген сөздер "және индустриялық аймақтар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 558-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА құрылғанға дейін оның аумағындағы шетелдік тауарлар осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған деп есептеледі.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарлар осы Кодекстің 291-бабы 6-тармағының 3) тармақшасында және 281-бабының 10-тармағында көзделген жағдайларда 2019 жылғы 1 шілдеге дейін кедендік декларациялауға жатады және кеден органдары мұндай тауарлар АЭА-ның аумағына кедендік рәсіммен орналастыру алдындағы алдын ала кедендік операцияларды жүргізбей кедендік декларация беру күні әкелінгендей етіп қарайды.";

      6) 567-бап алып тасталсын.

      6. "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 1, 2 құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-V, 154, 158-құжаттар; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 8-I, 65-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 11, 29-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 16, 56-құжат; № 24, 93-құжат):

      1) 2-бапта:

      44-1) және 44-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "44-1) тұрғын үй сертификаты – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бастапқы тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына берілетін жергілікті атқарушы органның ақшалай міндеттемесінің нысаны;

      44-2) тұрғын үй төлемдері – тұрғын үй төлемдерін алушыларға қызметтік тұрғынжай берудің орнына, сондай-ақ осы Заңның 13-1-тарауында көзделген жағдайларда бюджет қаражаты есебінен арнайы ақшалай қамтамасыз ету түрінде төленетін, өңірлер мен отбасы құрамы бойынша сараланған ақша;";

      мынадай мазмұндағы 44-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "44-3) тұрғын үй төлемдерін алушылар – тұрғын үй төлемдерін алатын арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен әскери қызметшілер;";

      2) 10-2-бап мынадай мазмұндағы 10-14) тармақшамен толықтырылсын:

      "10-14) тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекітеді;";

      3) 10-3-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4-7) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-7) бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй сертификаттарын береді;";

      4) 10-4-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй сертификаттарын береді;";

      5) мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:

      "14-1-бап. Тұрғын үй сертификаттарын алу құқығын іске асыру

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалана отырып, азаматтардың тұрғын үйді меншігіне сатып алу құқығын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдар бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік көмек немесе әлеуметтік қолдау ретінде тұрғын үй сертификаттарын береді.

      2. Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін жергілікті өкілді органдар (мәслихаттар) айқындайды.".

      7. "Өсімдіктер карантині туралы" 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 2-3, 34-құжат; № 23, 931-құжат; 2002 ж., № 4, 30-құжат; 2003 ж., № 15, 121-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 85-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 123-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 13, 65-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-I, 65-құжат; 2017 ж., № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 24, 93-құжат):

      1-баптың 15) тармақшасындағы "(автомобиль өткізу пункттерін қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің) аумағында," деген сөздер "аумағында, тауарларды автомобиль қатынасы шегінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізудің өзге де орындарында (автомобиль өткізу пункттерін қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде)," деген сөздермен ауыстырылсын.

      8. "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-І, 143-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат):

      1) 23-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұлттық компания мәртебесіне ие сақтандыру ұйымын қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына өз атауында "ұлттық", "орталық", "бюджеттiк", "республикалық" деген сөздердi пайдалануға тыйым салынады.";

      2) 34-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тиесілі сақтандыру ұйымының басқару органы басшысының лауазымына кандидат болып табылатын Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшесі үшін осы бапта көзделген өтіл талап етілмейді.".

      9. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 19-І, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 21-I, 121, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 154, 156, 158-құжаттар; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-I, 47, 49-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 8, 16-құжат; № 13, 45-құжат; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 12, 39-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 72-құжат; № 22, 83-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат):

      1) 6-бап мынадай мазмұндағы 2-9-тармақпен толықтырылсын:

      "2-9. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мәслихаттарының құзыретіне тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау жатады.";

      2) 27-баптың 1-тармағында:

      мынадай мазмұндағы 8-3) және 17-8) тармақшалармен толықтырылсын:

      "8-3) республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтарды құру туралы шешім қабылдайды;";

      "17-8) бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй сертификаттарын береді;";

      32) тармақша алып тасталсын;

      32-1) тармақшадағы "ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) сапасы мен сенімділігін арттыру мақсатында" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 35) тармақшамен толықтырылсын:

      "35) ұлттық және аумақтық кластерлерді дамытуды жүзеге асырады.";

      3) 31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 14-4) тармақшамен толықтырылсын:

      "14-4) бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй сертификаттарын береді;".

      10. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 2, 10, 12-құжаттар; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 86-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-I, 99, 101-құжаттар; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 53-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 14, 51-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 24, 93-құжат):

      1) 5-баптың бірінші бөлігінің 6) тармақшасындағы "экономикалық" деген сөзден кейін "және индустриялық" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 27-1-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Арнайы экономикалық аймақтардың аумағындағы, сондай-ақ республикалық индустрияландыру картасына енгізілген өнеркәсіптік кәсіпорындардың объектілерін жобалау, салу, реконструкциялау, оларға техникалық қайта жарақтандыруды, кеңейтуді, күрделі жөндеуді жүргізу және оларды пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасына сәйкес халықаралық құрылыс нормалары мен қағидаларын, сондай-ақ халықаралық, өңірлік стандарттар мен шет мемлекеттердің стандарттарын тікелей қолдануға жол беріледі. Арнайы экономикалық аймақтардың аумағындағы, сондай-ақ республикалық индустрияландыру картасына енгізілген объектілерді салу кезінде Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасына сәйкес халықаралық құрылыс нормалары мен қағидаларының, сондай-ақ халықаралық, өңірлік стандарттар мен шет мемлекеттер стандарттарының талаптарына сәйкес келетін құрылыс материалдары мен конструкцияларын қолдануға жол беріледі.";

      3) 60-баптың 9-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрменің, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың объектілері бойынша жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағындағы жерлерді және (немесе) оның аумағындағы құрылысты игеру үшiн шетелдiк заңды тұлғалар немесе жекелеген мамандар орындаған жобалау алдындағы құжаттама және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, жобалау алдындағы және жобалау жұмыстарының шарттарында және сатылары бойынша, осы Заңда, мемлекеттiк нормативтерде және жобалауға берілген тапсырмада белгiленген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының құрамы мен көлемiнде, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын қоса алғанда, мемлекеттік нормативтерде белгіленген міндетті талаптар сақталған кезде әзiрленуге тиiс.";

      4) 73-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Объектіні пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісі болмаса, салынған объектіні пайдалануға жол берілмейді. Арнайы экономикалық аймақтардың аумағындағы өнеркәсіптік (өндірістік) объектілерді іске қосу-жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде пайдалануға жол беріледі. Стандарттау және қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін, іске қосу-жөндеу жұмыстары кезінде шығарылатын өнім объектіні пайдалануға қабылдау актісі бекітілгеннен кейін өткізіледі.".

      11. "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 247-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 23, 117-құжат; 2011 ж., № 10, 86-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 10, 50-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-V, 158-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат; № 14, 42-құжат; № 22, 83-құжат; № 24, 93-құжат):

      1) 2-бапта:

      2-тармақтың 3) тармақшасындағы "пен анық емес (қолдан жасалған) құжаттарды" деген сөздер алып тасталсын;

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Шартты ақшалай көмек жалғызілікті және (немесе) жалғыз тұратын еңбекке қабілетті табысы аз адамдарға, сондай-ақ осы баптың 4-тармағында көрсетілген адамдарды (отбасыларды) қоспағанда, өз құрамында еңбекке қабілетті мүшесі (мүшелері) бар табысы аз отбасыларға, оның ішінде "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға ол (олар) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) қажет болған кезде әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысқан жағдайда көрсетіледі.";

      2) 3-баптың 1 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Адам (бұдан әрі – өтініш беруші) өзінің атынан немесе отбасының атынан атаулы әлеуметтік көмек көрсетілуі үшін тұрғылықты жері бойынша – халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық жерлерде кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне белгіленген үлгідегі өтінішпен және сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатпен жүгінеді.

      Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін өтініш берушілердің құжаттар ұсынуы талап етілмейді.

      Орталық атқарушы орган айқындайтын тізбеге сәйкес қажетті құжаттарды жинауды тұрғылықты жері бойынша – жұмыспен қамту орталығы, ауылдық жерлерде кент, ауыл, ауылдық округ әкімі мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырады.

      Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынатын құжаттардың электрондық көшірмелері негізінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінде құжаттардың электрондық көшірмелері болмаған жағдайда, тұрғылықты жері бойынша – жұмыспен қамту орталығы, ауылдық жерлерде кент, ауыл, ауылдық округ әкімі тиісті мемлекеттік органға және (немесе) ұйымға жазбаша сұрау салуды ресімдейді.";

      "4. Шартсыз ақшалай көмек алу құқығы орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен алты ай сайын расталады.";

      3) 4-бапта:

      1-тармақтың үшінші бөлігінің 3) тармақшасындағы "емдеудегі адамдар кірмейді." деген сөздер "емдеудегі адамдар;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) бірге тұратын, бірақ "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақтан Республикасы Кодексінің 1-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес жақын туыс болып табылмайтын адамдар кірмейді.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Халықты жұмыспен қамту орталығы немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімі атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға арналған өтінішті тіркейді және өтініш берушіге өтініштің қабылданғаны туралы растама береді.

      Халықты жұмыспен қамту орталығы немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімі өтінішті қабылдағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде оны қорытынды дайындау үшін учаскелік комиссияларға береді.

      Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның қорытындысын алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей құжаттар топтамасын халықты жұмыспен қамту орталығына береді.";

      4-тармақтың бірінші абзацындағы "Өтініш берушінің құжаттарын қабылдау процесінде онымен" деген сөздер "Атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға арналған өтінішті қабылдау процесінде өтініш берушімен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақтың екінші бөлігінің бесінші абзацындағы "барысына мониторинг;" деген сөздер "барысын мониторингтеу кіреді." деген сөздермен ауыстырылып, алтыншы абзацы алып тасталсын;

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Шартты ақшалай көмек алушылармен әлеуметтік келісімшарт он екі айға жасалады.";

      11-тармақтың бірінші бөлігіндегі "ағымдағы тоқсанға" деген сөздер "алты айға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 6-баптың 1-тармағында:

      бірінші бөліктегі "ұсынылатын құжаттардың" деген сөздер "ұсынылған өтініштің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші және үшінші бөліктер алып тасталсын;

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жиынтық табысты есептеу қағидаларын орталық атқарушы орган бекітеді.";

      5) 7-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Адамға (отбасына) атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін уәкілетті орган жан басына шаққандағы орташа табыс пен облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада отбасының кәмелеттік жастағы әрбір мүшесіне есептегенде белгіленген кедейлік шегі арасындағы айырма түрінде есептейді.

      Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер отбасылардың құрамындағы балаларға, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатындарға, олар кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) атаулы әлеуметтік көмектің есептелген мөлшері облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен болмауы тиіс.";

      6) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-бап. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мен төлеудің дұрыстығын бақылау

      Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мен төлеудің дұрыстығын бақылауды орталық атқарушы орган жүзеге асырады, сондай-ақ тиісті бюджеттің атқарылуын бақылау шеңберінде жүзеге асырылады.".

      12. "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Параментінің Жаршысы, 2002 ж., № 15, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 123-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 145-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 93-құжат):

      1) 1-баптың 7) тармақшасындағы "(автомобиль өткізу пункттерін қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері) аумағында" деген сөздер "аумағында, сондай-ақ тауарларды автомобиль қатынасы шегінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізудің өзге де орындарында (автомобиль өткізу пункттерін қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 14-1-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы және 5-тармағындағы, 16-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы және 20-баптың 4-тармағындағы "шекара және кеден пункттерінде", "шекаралық және кедендік пункттерде" деген сөздер тиісінше "шекара және кеден пункттерінде, сондай-ақ тауарларды автомобиль қатынасы шегінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізудің өзге де орындарында", "шекара және кеден пункттерінде, сондай-ақ тауарларды автомобиль қатынасы шегінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізудің өзге де орындарында" деген сөздермен ауыстырылсын.

      13. "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 63-құжат; № 16, 90-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42, 45-құжаттар; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 22, 82-құжат):

      54-баптың 7-тармағындағы "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық" деген сөздер "Арнайы экономикалық және индустриялық" деген сөздермен ауыстырылсын.

      14. "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; № 13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 21-құжат; № 12, 85-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 57-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-II, 131-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-II, 70-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 14, 54-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат):

      15-4-бапта:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Уәкілетті органмен келісімдер жасасқан және шекті тарифтің инвестициялық құрамдасынан басқа шығын көзі айтарлықтай қосымша сыртқы қаржыландыру (кредиттер, қарыздар), сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар бекіткен даму бағдарламаларына енгізілген жобалар бойынша бұрын тартылған міндеттемелердің негізгі борышын қайта қаржыландыру және өтеу мақсаттары үшін алынған кредиттер (қарыздар), өзге де ақша болып табылған электр энергиясына шекті тарифтер бағдарламасының қолданылу кезеңінде 2009-2015 жылдар аралығында ауқымды инвестициялық бағдарламаларды іске асырған энергия өндіруші ұйымдар уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған жеке инвестициялық келісімдерді оңайлатылған тәртіппен жасасады.";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Құрылысына 2015 жылға дейін қарыздық қаржыландыру (кредиттер, қарыздар), сондай-ақ нысаналы мақсаты электр станциясының құрылысын қаржыландыру болатын бұрын тартылған міндеттемелердің негізгі борышын қайта қаржыландыру және өтеу мақсаттары үшін алынған кредиттер (қарыздар), өзге де ақша тартылған электр станциялары 2009-2015 жылдар аралығында пайдалануға берілген және уәкілетті органмен және табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен инвестициялық шарттар жасасқан энергия өндіруші ұйымдар уәкілетті органмен пайдалануға берілген электр станциялары бойынша жеке инвестициялық келісімдерді оңайлатылған тәртіппен жасасады.".

      15. "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 21, 124-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 92-құжат; № 24, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 53-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 94-құжат):

      33-баптың 3-тармағы "қызметтерге" деген сөзден кейін ", сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың аумағында жобаларды іске асыруға" деген сөздермен толықтырылсын.

      16. "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 12, 44-құжат; 2007 ж., № 24, 178-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 22-II, 145-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат):

      10-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларындағы "1,05" деген цифрлар "1,4" деген цифрлармен ауыстырылсын.

      17. "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 128-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-I, 99-құжат; № 19-II, 103-құжат; 2016 ж., № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 9, 17-құжат; № 14, 51-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 6-құжат):

      1) 9-бапта:

      4), 5) және 6) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 41) тармақшамен толықтырылсын:

      "41) арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компанияларының қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді.";

      2) 15-баптың 2-тармағы алып тасталсын.

      18. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-І, 99-құжат; № 19-ІІ, 103, 105-құжаттар; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-І, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 145, 148-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 7-І, 47-құжат; № 7-ІІ, 56-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 15, 47-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; 2019 жылғы 19 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      5-баптың 3) тармақшасында:

      "аймақтың" деген сөз "немесе индустриялық аймақтың" деген сөздермен ауыстырылсын.

      19. "Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 13, 113-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 8-II, 66-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 22-III, 109-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат):

      1) 1-баптың 11) тармақшасындағы "бөлшек сауда арқылы өткізуге бағаны мемлекеттік реттеу белгіленген," деген сөздер алып тасталсын;

      2) 6-баптың 12-6) тармақшасы алып тасталсын;

      3) 7-бапта:

      11) және 21-4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) ай сайын мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін беру жоспарларын бекітеді;";

      "21-4) инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу және бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 21-7) тармақшамен толықтырылсын:

      "21-7) мұнай өнімдерін беру жоспарын қалыптастыру тәртібін әзірлейді;";

      4) 10-бапта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумағында алдағы күнтізбелік жылға айлар бөлінісінде мұнай өнімдерін тұтыну болжамын жасайды;";

      2-1) тармақша алып тасталсын;

      5) 15-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мұнай өнімдерін өндіруші инвестициялық бағдарлама бекітілгеннен кейін ағымдағы шотты ашады, оның қаражаты инвестициялық бағдарламаны қаржыландыру мақсатына ғана жұмсалады.";

      6) 18-бапта:

      7, 8 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган ай сайын, жоспарланып отырған айдың алдындағы айдың 25-інен кешіктірмей алдағы күнтізбелік айға мұнай өнімдерін беру жоспарын бекітеді және оны өзінің интернет-ресурсында жариялайды.

      Мұнай өнімдерін беру жоспарында:

      1) қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда, мұнай берушілердің және мұнай өнімдерін өндірушілердің тізбесі;

      2) қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда, әрбір мұнай беруші және мұнай өнімдерін өндіруші:

      тікелей беру шеңберінде;

      Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес тауар биржалары арқылы алдағы күнтізбелік айда Қазақстан Республикасының ішкі нарығына беруге міндетті мұнай өнімдерінің әрбір түрінің көлемі;

      3) қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда, әрбір мұнай беруші және мұнай өнімдерін өндіруші осы Заңда белгіленген шарттарда өз қалауы бойынша алдағы күнтізбелік айда Қазақстан Республикасының аумағында не оның шегінен тыс жерлерге өткізуге құқылы мұнай өнімдерінің әрбір түрінің көлемі көрсетіледі.

      8. Қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда, мұнай берушілер және мұнай өнімдерін өндірушілер өздеріне меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі шикі мұнайдан және (немесе) газ конденсатынан өндірілген мұнай өнімдерін беруді мұнай өнімдерін беру жоспарына сәйкес жүзеге асыруға міндетті.

      Мұнай өнімдерін беру жоспары шеңберінде мұнай өнімдерін одан әрі өткізу мақсатында сатып алуды жүзеге асырған тұлғалар сатып алынған мұнай өнімдерін осы Заңның талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының ішкі нарығында ғана өткізуге міндетті.";

      "10. Мұнай берушілер мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасында өндірілетін шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін беру графигінің және мұнай өнімдерін беру жоспарының орындалуы туралы есеп береді.";

      мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:

      "10-1. Осы баптың 7 және 8-тармақтарында көзделген ережелер мазутты беруге қолданылмайды.";

      7) 19-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерге өткізу құқығына мұнай өнімдерін өндірушілер мен мұнай берушілер ғана ие болады.

      Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған тұлғалар өздеріне меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі шикі мұнайдан және (немесе) газ конденсатынан өндірілген мұнай өнімдерін ғана мұнай өнімдерін беру жоспарында көрсетілгеннен аспайтын көлемдерде Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерге өткізуді жүзеге асыруға құқылы.

      Өзге тұлғалар мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерге өткізуді жүзеге асыруға құқылы емес.

      Осы тармақта белгіленген шектеулер мазутты беруге қолданылмайды.";

      8) 23-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерін тұтыну жөніндегі болжамды жыл сайын ұсынады.".

      20. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 2, 9-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 21, 122, 123-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-II, 71-құжат; № 24, 131-құжат; 2017 ж., № 9, 17-құжат; № 11, 29-құжат; № 16, 56-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат):

      1) 17-баптың 4-тармағында:

      бірінші бөліктегі ", кедендік бақылаудан (кемелердің келуімен (кетуімен) байланысты кедендік операцияларды жүргізу бөлігінде) және бақылаудың өзге де түрлерінен" деген сөздер "және өзге де бақылау түрлерінен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайда кемелердің келуімен (кетуімен) байланысты кедендік операциялар Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.";

      2) 19-бап мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының, инкассация қызметі жұмыскерлерінің, сондай-ақ қызметтік қажеттілікке байланысты осындай арнайы экономикалық аймаққа келетін адамдардың осындай экономикалық аймақтың аумағына кіруі және аумағынан шығуы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

      Инкассация қызметінің арнайы автомобиль көлігінің кіруі мен шығуын жүзеге асыру пломбаланған инкассаторлық қаптарды (сөмкелерді) ашпай, оны жете тексеру (қажет болған кезде) арқылы жүргізіледі.

      Тасымалданатын бағалы жүктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында инкассация қызметі жұмыскерлерінің шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке қорғану құралдарын пайдалануға, қызметтік қару мен оның патрондарын сақтауға және алып жүруге құқығы бар.";

      3) 22-1-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Бұл ретте Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлерін шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақ шегінде қызметтік міндеттерді шешу үшін Мемлекеттік шекара арқылы өткізу олардың орналасуына сәйкес келетін аумақтық құқық қорғау органының немесе арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы (оны алмастыратын адам) қол қойған, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органымен келісілген және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің осындай арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметін жүзеге асыратын әскери бөліміне ұсынылған тізімдер негізінде қызметтік куәліктер бойынша жүзеге асырылады.";

      4) 56-бапта:

      42) тармақша "өткiзу пункттерiнде" деген сөздерден кейін "және Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 42-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "42-1) Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың аумағында қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері бойынша ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекітеді;".

      21. "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 6, 45-құжат; № 7-I, 50-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 8-II, 68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 21, 22-құжаттар; № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47, 49-құжаттар; № 23, 91-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 6-құжат; 2019 жылғы 19 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      2-қосымшаның 187-жолы алып тасталсын.

      22. "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластері туралы" 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 11, 62-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат):

      1) 1-бапта:

      "1) дербес кластерлік қор (бұдан әрі – Қор) – Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген функцияларды орындайтын коммерциялық емес ұйым;";

      2) тармақшадағы "аймақтар" деген сөз "және индустриялық аймақтар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 2-баптың 2-тармағындағы "аймақтар" деген сөз "және индустриялық аймақтар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 7-баптың 2-тармағында:

      1) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "2) Қамқоршылық кеңес инновациялық кластер қатысушыларының тізбесіне енгізген ғылыми ұйымдар, тәуекелмен инвестицияланатын акционерлік инвестициялық қорлар, білім беру ұйымдары, технологиялық парктер, салалық конструкторлық бюролар, технологияларды коммерцияландыру орталықтары, ұлттық даму институттары, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар мәртебесі бар заңды тұлғалар инновациялық кластердің қатысушылары болып табылады.";

      3) және 4) тармақшалар алып тасталсын;

      4) 3-тараудың тақырыбындағы "басқару" деген сөз "басқарудың және Қордың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-бап. "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағын басқару

      "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағын басқаруды республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы айқындайтын басқарушы компания жүзеге асырады.

      "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағын басқару Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.";

      6) мынадай мазмұндағы 8-1-баппен толықтырылсын:

      "8-1-бап. Қордың функциялары

      Қордың функцияларына:

      1) инновациялық кластер қатысушыларының жобаларын қаржыландыру;

      2) инновациялық кластер қатысушыларының шетелдік әріптестермен ынтымақтастығын дамыту жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау;

      3) инновациялық кластер қатысушыларының жобаларын іске асыру үшін әлеуетті инвесторларды іздестіру;

      4) трансұлттық корпорациялармен технологиялық даму орталықтары нысанында бірлескен кәсіпорындар құруға, оларды басқаруға және үйлестіруге қатысу;

      5) шетелдік инвестициялық қорларға қатысу;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функциялар жатады.";

      7) 9-бапта:

      3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Басқарушы комитеттің қызметін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган қамтамасыз етеді.";

      4-тармақта:

      екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қордың атқарушы органы Басқарушы комитеттің және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның шешімдері негізінде және оларды орындау үшін әрекет етеді.

      Қордың атқарушы органының құрылымы мен құзыреті Қор жарғысында айқындалады.";

      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган:

      1) Қордың атқарушы органының сандық құрамын, басшысы мен мүшелері өкілеттіктерінің мерзімдерін айқындайды;

      2) Қордың атқарушы органының басшысы мен мүшелерін сайлайды, сондай-ақ Қордың атқарушы органының басшысы мен мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатады.";

      8) 13-баптың 2-тармағы алып тасталсын.

      23. "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-VII, 116-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; № 20, 96-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 15, 47-құжат):

      1) 23-баптың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарды, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының жобаларын, оның ішінде табиғи монополиялар саласына жатқызылатын тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі бөлігінде оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде келіседі;";

      2) 7-тараудың тақырыбындағы "және арнайы экономикалық аймақтардағы" деген сөздер ", арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 56-бапта:

      тақырыптағы "аймақтардағы" деген сөз "және индустриялық аймақтардағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақта:

      "аймақтардағы" деген сөз "және индустриялық аймақтардағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "аймақтың" деген сөз "немесе индустриялық аймақтың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақта:

      бірінші бөліктегі "аймақтағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру кезінде мемлекеттік әріптес ретінде арнайы экономикалық аймақтың басқару органы" деген сөздер "немесе индустриялық аймақтағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру кезінде мемлекеттік әріптес ретінде арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөлікте:

      "арнайы экономикалық аймақтың басқару органы" деген сөздер "арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "арнайы экономикалық аймақтарды құру," деген сөздер "арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру," деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтағы "Арнайы экономикалық аймақтың басқару органы" деген сөздер "Арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтағы "аймақтың" деген сөз "немесе индустриялық аймақтың" деген сөздермен ауыстырылсын.

      24. "Қоғамдық кеңестер туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 21-I, 120-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 9, 27-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат):

      5-баптың 1-тармағының 11) тармақшасындағы "қатысу жатады." деген сөздер "қатысу;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын;

      "12) "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органның өңірлік маңызы бар индустриялық аймақты құру туралы шешімінің жобасын қарау жатады.".

      25. "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-I, 142-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 13, 45-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 22, 83-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 94-құжат):

      26-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен және 13) тармақшадағы "білім алып жатқан адамдар үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалатын тәртіппен ай сайын ағымдағы айдың алғашқы бес жұмыс күні ішінде төленеді." деген сөздер "білім алып жатқан адамдар;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адам;";

      "15) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы жұмыс істемейтіндер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалатын тәртіппен ай сайын ағымдағы айдың алғашқы бес жұмыс күні ішінде төленеді.".

      26. "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 7-I, 48-құжат; 2017 ж., № 13, 45-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 15, 50-құжат; № 22, 83-құжат):

      32-баптың 2-тармағында:

      4) тармақша алып тасталсын;

      7) тармақшадағы "арнайы экономикалық аймақтарды құру," деген сөздер "арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру," деген сөздермен ауыстырылсын.

      27. "Пошта туралы" 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 8-І, 64-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):

      42-бапта:

      2-тармақтың 1) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының аумағындағы бүкіл елді мекендерде" деген сөздер "Қазақстан Республикасының аумағындағы, оның ішінде шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың аумағындағы барлық елді мекендерде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Тағайындалған оператор Дүниежүзілік пошта одағының актілерінен туындайтын міндеттемелерді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында, оның ішінде шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың аумағында халықаралық пошта алмасу орындарын құрады. Тағайындалған оператор халықаралық пошта алмасу орындарының қажетті санын, сондай-ақ олардың жұмыс істеу тәртібін айқындайды.

      Тағайындалған оператор Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде халықаралық пошта жөнелтілімдерін алмасу және өңдеу орындарын құруға құқылы және мұндай қызметті Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде және халықаралық пошта жөнелтілімдерін алмасу және өңдеу орны құрылатын шет мемлекеттің заңнамасында көзделген шарттарда жүзеге асырады.".

      28. "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2018 ж., № 14, 43-құжат):

      6-баптың 1-тармағының 17) тармақшасындағы, 7-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 12) тармақшасындағы және 2-тармағының бірінші бөлігіндегі "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" арнайы экономикалық аймағының" деген сөздер "шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2-бап. Осы Заң:

      1) 2019 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 11-тармағын;

      2) 2019 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 16 және 25-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 259284
    Қазақ тілінде 129582
    Орыс тілінде 128892
    Ағылшын тілінде 810
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы