Мемлекеттiк кәсiпорын туралы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 Заңы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы N 413-IV Заңымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР 2011.03.01 N 413-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

МАЗМҰНЫ

      Ескерту. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 04 қарашадағы N 472 Заңымен енгізілген өзгерістер 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ескерту. Акттің нысаны өзгерді, бүкiл мәтiн бойынша "Жарлықпен", "Жарлығымен", "Жарлықтың", "Жарлық", "Жарлықта" деген сөздер "Заңмен", "Заңымен", "Заңның", "Заң", "Заңда" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2004.06.11 N 561 Заңымен.

1-Тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Мемлекеттiк кәсiпорындар

      1. Мемлекеттiк кәсiпорындарға:

      1) шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген кәсiпорындар;

      2) жедел басқару құқығына негiзделген (қазыналық кәсiпорын) кәсiпорындар жатады.

      2. Мемлекеттiк меншiктiң түрлерiне қарай кәсiпорындар:

      1) республика меншiгiндегi кәсiпорындар - республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар;

      2) коммуналдық меншiктегi кәсiпорындар - коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар болып бөлiнедi.

      3. Басқа мемлекеттiк кәсiпорын құрған мемлекеттiк кәсiпорын еншiлес мемлекеттiк кәсiпорын болып табылады.
      4. (алып тасталды)

      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi құратын кәсiпорындар Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар болып табылады.
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi кәсiпорындарының қызметiн құру, реттеу және тоқтату тәртiбi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген ерекшелiктерiн ескере отырып, осы Заңмен белгiленедi.
      Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1997.07.11 N 154, 2004.06.11 N 561 Заңдарымен.

      2-бап. Мемлекеттiк кәсiпорындардың мiндет-мақсаты

      1. Мемлекеттiк кәсiпорындар қызметiнiң негiзгi мiндет-мақсаты қоғам мен мемлекеттiң қажетiне қарай айқындалатын мынадай әлеуметтiк-экономикалық мiндеттердi шешу болып табылады:

      1) мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн материалдық жағынан қамтамасыз ету және қоғам мүддесiн қорғау;

      2) экономиканың жеке меншiк секторы қамтымаған немесе жеткiлiксiз қамтыған қоғамдық өндiрiстiң буындары мен салаларында бiрiншi қажеттiлiктегi тауарларды өндiру (жұмыстар атқару, қызметтер көрсету);

      3) мемлекеттiк монополияға жатқызылған немесе бақылау және қадағалау функцияларын қоспағанда, мемлекеттiң функциясы болып табылатын салалардағы қызметтi жүзеге асыру.

      2. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың атаулы тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      Коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың атаулы тiзбесiн тиiстi жергiлiктi атқарушы органдар бекiтедi.
      Ескерту. 2-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР Президентiнiң 1995.12.23 N 2722 заң күші бар жарлығымен, 2001.05.04 N 185, 2002.05.21 N 323 Заңдарымен.

      3-бап. Мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты мемлекеттiк
              басқару және мемлекеттiк меншiк құқығын жүзеге
              асыру

      1. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты республикалық меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын республикалық мемлекеттiк меншiкке билiк етуге Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк орган, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) орындайды.
      Министрлiктер, агенттiктер, ведомстволар және Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлеттiк берген өзге де мемлекеттiк органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарды мемлекеттік басқару органдары (бұдан әрi - мемлекеттік басқару органдары) болып табылады.

      2. Коммуналдық меншiк құқығы субъектiсiнiң коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты функцияларын тиiсті әкімшілік-аумақтық бөліністің әкiмияты (бұдан әрi - уәкілетті орган) жүзеге асырады.
      Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөліністің әкiмияты не жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын, әкiм уәкiлеттік берген атқарушы орган (бұдан әрi - мемлекеттiк басқару органы) коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындарды мемлекеттiк басқару органы болып табылады.
      Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР Президентiнiң 1995.12.23 N 2722 заң күші бар жарлығымен, ҚР 1997.07.11 N 154, 2002.05.21 N 323 Заңдарымен.

      4-бап. Мемлекеттiк кәсiпорынды құру

      1. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе Ұлттық Банктiң шешiмi бойынша, коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорын - Қазақстан Республикасы Үкiмет белгiлеген тәртiппен жергiлiктi атқарушы органның шешiмi бойынша құрылады.

      2. Мемлекеттiк кәсiпорынның құрылтайшысы уәкiлдi орган болады.

      3. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы кәсiпорынды құруға, егер ол өзiнiң мiндет-мақсаты бойынша осы Заңның 18-бабында айтылған талаптарға сай келген жағдайда жол берiледi.
      Қазыналық кәсiпорынды құруға, егер ол өзiнiң мiндет-мақсаты бойынша осы Заңның 32-бабында айтылған талаптарға сай келген жағдайда жол берiледi.

        4. Қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құру монополияға қарсы органның алдын ала келісімімен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1997.07.11 N 154, 2002.05.21 N 323, 2008.12.25 N 113-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      5-бап. Мемлекеттiк кәсiпорындарды тiркеу және
             қайта тiркеу

      1. Мемлекеттiк кәсiпорын өзi мемлекеттiк тiркеуден өткен кезден бастап құрылған деп саналады және заңды тұлғаның құқығына ие болады.
      Мемлекеттiк кәсiпорындарды тiркеу заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу үшiн белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

      2. Бұл заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және қайта тiркеу туралы заң актiлерiнде көзделген жағдайда мемлекеттiк кәсiпорын қайта тiркеуге жатқызылады.

      6-бап. Мемлекеттiк кәсiпорынның жарғысы

      1. Жарғы мемлекеттiк кәсiпорынның құрылтайшы құжаты болып табылады.
      Мемлекеттiк кәсiпорынның жарғысын мемлекеттік басқару органының ұсынуы бойынша оның құрылтайшысы (уәкiлеттi органы) бекiтедi.

      2. Мемлекеттiк кәсiпорынның жарғысында: кәсiпорынның түрi, оның фирмалық атауы, құрылтайшысы (уәкiлеттi органы) туралы мәлiмет, кәсiпорынның тұрған жерi, оның қызметiнiң мәнi мен мақсаты, басшының өкiлеттiгi, жұмыс режимi, кәсiпорын мүлкiнiң құралуы мен табысты бөлу тәртiбi, кәсiпорынды қайта ұйымдастыру мен оның қызметiн тоқтату шарттары болуы тиiс. Жарғыда сондай-ақ кәсiпорын мен құрылтайшы (уәкiлеттi орган), кәсiпорынның әкiмшiлiгi мен оның еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастары айқындалады. Жарғыда заңдарға қайшы келмейтiн басқа да ережелер болуы мүмкiн.
      Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2002.05.21 N 323 Заңымен.

      7-бап. Мемлекеттiк кәсiпорынның фирмалық атауы

      1. Мемлекеттiк кәсiпорынның фирмалық атауында мүлiк иесi мемлекеттiк меншiктiң қай түрiне (республикалық немесе коммуналдық) жататыны және ведомстволық бағыныстылығы көрсетiлуi керек.
      Жедел басқару құқығындағы кәсiпорынның фирмалық атауында оның қазыналық болып табылатындығы көрсетiлуi тиiс.

      2. Мемлекеттiк кәсiпорынның Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және фирмалық атауы бар мөрi болады.

      8-бап. Мемлекеттiк кәсiпорын қызметiнiң мәнi мен
             мақсаты

      1. Мемлекеттiк кәсiпорын қызметiнiң мәнi мен мақсатын, мемлекеттiк басқару органының ұсынуы бойынша, оның құрылтайшысы (уәкiлеттi органы) айқындайды, бұл кәсiпорынның жарғысында бекiтiледi және шаруашылық жүргiзу құқығындағы кәсiпорындарға қатысты бөлiгiнде - осы Заңның 18-бабының талаптарына, ал қазыналық кәсiпорындарға қатысты бөлiгiнде - осы Заңның 32-бабының талаптарына сәйкес келуi керек.
      Мемлекеттік кәсіпорындарға мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларын беруге жол берілмейді.

      2. Мемлекеттік кәсіпорынға өз Жарғысында көрсетілген қызметінің нысанасы мен мақсатына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруына, сондай-ақ мәмілелерді жасауына тыйым салынады.

      3. Кәсiпорынның жарғысында айқындалған, қызмет мақсатына қайшы жасаған мәмiлесi заңдарда белгiленген тәртiппен оның құрылтайшысының (уәкiлдi органының) талабы бойынша күшi жоқ деп танылуы мүмкiн.
      Кәсiпорын басшысының кәсiпорынның қызметiнде жарғыдан тыс iс-әрекет жасауы еңбек мiндеттерiн бұзған болып табылады және белгiленген ретпен тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту шараларын қолдануға апарып соғады.
      Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1999.10.04 N 469, 2001.05.04 N 185, 2002.05.21 N 323 Заңымен.

      9-бап. Мемлекеттiк кәсiпорынды басқару

      1. Кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органының мыналарға:

      1) мемлекеттiк кәсiпорын қызметiнiң басым бағыттарын айқындауға;

      2) мемлекеттiк кәсiпорынның қаржы-шаруашылық қызметiнiң жоспарын, оның iшiнде жоспарлы қаржылық көрсеткiштерiн, оларды берудiң мерзiмдiлiгi мен тәртiбiн қарауға және бекiтуге;

      3) уәкілетті органға тиiстi есептi ол белгілеген мерзiмде табыс ете отырып, мемлекеттiк кәсiпорынның қаржы-шаруашылық қызметiнiң жоспарлы көрсеткiштерiнiң орындалуын бақылауға және талдауға; V032250

      4) Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жекелеген мемлекеттiк бiлiм беру кәсiпорындарының бiрiншi басшыларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн тәртiппен басшыны тағайындауға және оны аттестаттаудан өткiзуге;

      5) мемлекеттiк кәсiпорын мүлкiнiң мақсатқа сай пайдаланылуын және сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;

      6) осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерімен өзінің құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдауға өкілеттіктері болады.

      2. Заңды тұлға ретiнде кәсiпорынның органы мемлекеттiк басқару органына есеп беретiн кәсiпорынның басшысы болып табылады.

      3. Мемлекеттік басқару органы кәсіпорынның басшысымен қатынасты Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек шартын жасасу арқылы ресімдейді.
      Еңбек шартында, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген талаптардан басқа, кәсіпорын басшысының таза табыстың белгіленген бөлігін бюджетке уақтылы аудармағаны және қаржы-шаруашылық есептілігі туралы мәліметтерді уақтылы табыс етпегені үшін жауапкершілігі айқындалады.

      4. Кәсiпорын басшысы меншiк иесiнiң (уәкiлеттi органның) және мемлекеттiк басқару органының алдында кәсiпорындағы iстiң жай- күйі үшін тiкелей жауапты болады. 

      5. Кәсiпорын басшысы жеке дара басшылық жасау принциптерi бойынша iс-қимыл жасайды және кәсiпорынның барлық мәселелерiн осы Заң мен кәсiпорын жарғысы белгiлеген құзыретiне сәйкес дербес шешедi.

      6. Басшы кәсiпорын атынан сенiмхатсыз iс-қимыл жасайды, барлық органдарда кәсiпорынның мүддесiн бiлдiредi, осы Заңмен белгiленген шектерде кәсiпорынның мүлкiне өкiмдiк етедi, шарттар жасайды, сенiмхат бередi, банкiлiк есеп-шоттарын ашады және өзге де мәмiлелер жасайды, барлық қызметкерлер үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi.

      7. Басшы өз құзыретi шегiнде және еңбек заңдарына сәйкес қызметкерді кәсіпорынға жұмысқа қабылдайды және онымен еңбек шартын бұзады, көтермелеу шараларын қолданады және оларды жазаға тартады.
      Басшының ұсынысы бойынша мемлекеттiк басқару органы лауазымға тағайындайтын немесе лауазымнан босататын кәсiпорын қызметкерлерiнiң номенклатурасы кәсiпорынның жарғысында белгiленедi.

      8. Басшының орынбасарларын кәсiпорын басшының ұсынысы бойынша мемлекеттiк басқару органы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      Басшының орынбасарларының және кәсiпорынның басқа да басшы қызметкерлерiнiң құзыретiн басшы белгiлейдi.
      Басшының орынбасарлары өздерiнiң құзыретi шегiнде кәсiпорынның атынан iс-қимыл жасайды, оны мемлекеттiк органдарға және басқа кәсiпорындарға танытып бiлдiредi, шаруашылық операцияларын және сенiмхатсыз шарттар жасап, сондай-ақ кәсiпорын қызметкерiне сенiмхат бере алады.
      Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2002.05.21 N 323, 2004.06.11 N 561, 2006.07.04 N 150, 2007.05.15 N 253 Заңдарымен.

      10-бап. Мемлекеттiк кәсiпорынның мүлкi

      1. Кәсiпорынның мүлкiн құны кәсiпорынның дербес балансында көрсетiлетiн кәсiпорынның барлық активтерi құрайды.

      2. Мемлекеттiк кәсiпорынның мүлкi бөлiнбейдi және оны салымдар (үлестер, пайлар) бойынша, соның iшiнде кәсiпорын қызметкерлерiнiң арасында бөлуге болмайды.

      3. Мемлекеттiк кәсiпорынның мүлкi:
      1) оған меншiк иесi берген мүлiктiң;

      2) өз қызметiнiң нәтижесiнде сатып алынған мүлiктiң (ақшалай табыстарды қосқанда);

      3) заңдармен тыйым салынбаған өзге де қаражат негiздерiнiң есебiнен қалыптастырылады.

      4. Мемлекеттiк кәсiпорындардың негiзгi құралдарға жататын, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында бекiтiлген мүлiкке, сондай-ақ оларға тиесiлi акцияларға қатысты сатуға және сыйға беру мәмiлелерiн жасасуға құқығы жоқ.

      5. Шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы мүлiктi алып қою туралы шешiмде уәкiлеттi орган мемлекеттiк кәсiпорынға кейіннен мүлiктi баланстан шығара отырып, оны өзге тұлғаға бергенге дейін ұстаудың және сақталуын қамтамасыз етудің мерзімдерiн белгiлеуге құқылы.
      Ескерту. 10-бапқа өзгертулер енгізілді - ҚР 2002.05.21 N 323, 2007.02.28 N 235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      11-бап. Мемлекеттiк меншiк түрi не ведомстволық
              бағыныстылығы ауысқан кезде кәсiпорынның
              мүлiктiк құқықтарының сақтаулы

      Заңдарда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк кәсiпорынды республикалық иелiктен коммуналдық иелiкке бергенде немесе керiсiнше iстегенде, не мемлекеттiк басқарудың бiр органының бағынысынан басқа бiр органның бағынысына берген кезде ондай кәсiпорын өзiне тиiстi мүлiкке шаруашылық жүргiзу құқығын (жедел басқару құқығын) сақтап қалады.

      12-бап. Мүлiктiк кешен ретiндегi мемлекеттiк кәсiпорын

      1. Мемлекеттiк кәсiпорын тұтас алғанда мүлiк кешенi ретiнде жылжымайтын мүлiк болып танылады және мемлекеттiк меншiк құқығының объектiсi болып табылады.

      2. Мүлiктiк меншiк ретiнде кәсiпорынның құрамына оның қызмет етуiне арналған мүлiктiң барлық түрлерi, оның iшiнде үйлер, ғимараттар, жабдықтар, құрал-саймандар, шикiзат, өнiмдер, жер учаскесiне құқығы, талап ету құқықтары, борыштар, сондай-ақ оның қызметiн дараландыратын белгiлерге құқықтар (фирмалық атауы, тауар белгiлерi) және басқа да айрықша құқықтар енедi.

      3. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорын жөнiнде ол бiртұтас мүлiктiк кешен ретiнде болғанда мәмiлелер (кепiлге беру, жалдау және басқалары) жасауы - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша, ал коммуналдық кәсiпорын жөнiнде - жергiлiктi атқарушы органның шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
      Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2002.05.21 N 323 Заңымен.

      13-бап. Мемлекеттiң тапсырысы

      1. Мемлекеттiк кәсiпорын үшiн мемлекеттiң тапсырысын орындау мiндеттi болып табылады.
      Егер бұл шарттар мемлекеттiң тапсырысында көзделген болса, кәсiпорынның тауарларды (жұмыстар атқаруды, қызметтер көрсетудi) сатып алушы немесе сатушы ретiнде шарттар жасаудан бас тартуға құқығы жоқ.

      2. Мемлекеттiң тапсырысы, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ұсыну нысандары мен түрлер бойынша медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарын қоспағанда, кәсiпорынға мемлекеттiк басқару органы арқылы жеткiзiледi.

      3. Мемлекеттiң тапсырысында қамтылмаған өнiмдердi (жұмыстар атқаруды, қызметтер көрсетудi) кәсiпорын өз бетiмен сатады.
      Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР  2002.05.21. N 323, 2009.12.02 N 212-IV (2009.12.05 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      14-бап. Заңсыз келген табыстарды кәсiпорыннан алып қою

      Заңдарда тыйым салынған, оның жарғысында көзделмеген, қызметтi жүзеге асырудан кәсiпорынға түскен табыс, сондай-ақ сатылатын тауарлардың (жұмыстар атқарудың, қызметтер көрсетудiң) бағасын көтеру нәтижесiнде түскен табыс Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджетке алып қойылады.
      Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2002.05.21 N 323 Заңымен.

      15-бап. Мемлекеттiк органдардың заңсыз iс-әрекеттерiне
              кәсiпорынның шағым жасауы

      Кәсiпорын мемлекеттiк органдардың заңсыз iс-әрекеттерiне, оған қоса ол уәкiлдi органның кәсiпорын пайдасын алып қоюға, мүлiктi қайта бөлуге, мемлекеттiң тапсырысын беруге, кәсiпорын шығаратын тауарларға (жұмыстар атқаруға, қызметтер көрсетуге) баға қоюға байланысты жасаған, сондай-ақ кәсiпорынның құқығы бұзылатын басқадай iс-әрекеттерiне белгiленген тәртiп бойынша сотқа шағым жасауға құқылы.

      16-бап. Мемлекеттiк кәсiпорынды қайта ұйымдастыру
              және тарату

      1. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен, ал коммуналдық кәсiпорын - жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен қайта ұйымдастырылады және таратылады.
      Кәсiпорын азаматтық заңдарда көзделген басқа негiздемелер бойынша да таратылуы мүмкiн.
      Кәсiпорынды қайта ұйымдастыру және таратуды, егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша мемлекеттік басқару органы жүзеге асырады.

      2. Таратылған кәсiпорынның кредит берушiлердiң талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн қалған мүлкiн уәкiлдi орган қайта бөледi.
      Таратылған кәсiпорынның ақшасы осы кәсiпорынның кредит берушiлердiң талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн қалатын мүлкiн сату нәтижесiнде түскен ақша қаражатымен қоса тиiстi бюджеттiң табысына есептеледi.
      Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1997.07.11 N 154, 2002.05.21 N 323 Заңдарымен.

      17-бап. Мемлекеттiк кәсiпорынды жекешелендiру

      Мемлекеттiк кәсiпорын жекешелендiру туралы заңдарда белгiленген тәртiппен жекешелендiрiледi.

2-Тарау. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы кәсiпорын

      18-бап. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы кәсiпорынның
               мiндет-мақсаты

      Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорын мынадай қызметтер аясында құрылуы (бұрын құрылғандарды iс-әрекет жасауы) мүмкiн:

      1) қару-жарақты және оның оқ-дәрiсiн, қорғаныс құралдарын, әскеритехникасын, қосалқы бөлшектердi, санатталатын элементтер мен оның приборларын әзiрлеу, өндiру, жөндеу және сату; босатылған әскери-техникалық құралдарды қайта өңдеу және жою (құрту, ұқсату, көму);

      2) уранды және басқа бөлшектенетiн материалдарды, сондай-ақ одан жасалатын бұйымдарды алу, өндiру, тасымалдау, қайта өңдеу, көму және сату; арнаулы қорғаныс құралдарын қолданбай-ақ пайдалануға болатын нормадан асатын мөлшерде радиоактивтi заттары бар өнiм шығару және сату;

      3) дәрi-дәрмектер, дәрiлiк заттар мен емдеу препараттарын, медициналық жабдықтар мен құрал-сайман жасау және сату;
      4) (алып тасталды - ҚР 2001.05.04 N 185 Заңымен).

      5) энергиямен, жылумен, сумен жабдықтау, желiлiк көлiк, байланыс, коммуникация, коммуналдық және тұрғын үй шаруашылығы саласында, республикалық және жергiлiктi инфрақұрылымда тiршiлiкте қамтамасыз ететiн басқа жүйелерде өзiнiң табиғи монополия жағдай мен әлеуметтiк экономикалық маңыздылығы жағынан тiкелей мемлекеттiк басқаруын қажет ететiн шаруашылық қызметiн жүзеге асыру;

      6) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң өзiне жүктелген мiндеттерiн жүзеге асыруына жәрдемдесетiн және (немесе) қаржы рыногы инфрақұрылымының бiр бөлігі болып табылатын;

      7) заңдарда қаржыландырудың арнайы тәртібі белгіленген мемлекеттік автомобиль жолдарының және басқа инфрақұрылым объектілерінің желісін ұстау мен дамыту;

      8) почта байланысы мен телекоммуникация, жалпыреспубликалық және халықаралық байланыс желілерін пайдалану;

      9) денсаулық сақтау, ветеринария, табиғатты қорғау, білім беру, әлеуметтік қорғау, ғылым, мәдениет, туризм және спорт саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру;

      10) бұқаралық ақпарат құралдары, баспа және полиграфия қызметі саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру;

      11) қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы өндірістік қызметті жүзеге асыру;

      12) жер кадастрларын, Қазақстан Pecпубликасының нормативтік құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргізуді қамтамасыз ететін қызметті жүзеге асыру;

      13) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк материалдық резервiн қалыптастыру және сақтау саласында шаруашылық қызметтi жүзеге асыру;

      14) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, бірегей және сирек кездесетін ландшафтарды, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласында шаруашылық қызметті жүзеге асыру.
      Мемлекеттiк органдардың қызметтiк ғимараттарын пайдалануды, оларға көлiк қызметiн көрсетудi және оларды жабдықтау функцияларын орындауды жүзеге асыру мақсатында шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындар құруға тыйым салынады.
      Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1999.11.04 N 472, 2001.05.04 N 185, 2003.06.03 N 431, 2004.06.11 N 561, 2007.07.26 N 311, 2009.07.10 N 180-IV, 2009.07.24 N 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      19-бап. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы кәсiпорынның
              мазмұны

      Шаруашылық жүргiзу құқығы мүлiктi мемлекеттен меншiк иесi ретiнде алған және осы мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқықтарын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, осы Заңда және өзге де заң құжаттарында белгiленген шекте жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорынның заттық құқығы болып табылады. P021297

      20-бап. Шаруашылық жүргiзу құқығының объектiсi

      1. Егер заңдарда өзгеше көзделмесе, кез келген мүлiк шаруашылық жүргiзу құқығының объектiсi бола алады.

      2. Кәсiпорынның қарамағында тек өзiнiң жарғылық мақсаттарында көзделген қызметтi қамтамасыз ету үшiн қажеттi, не осы қызметтiң өнiмi ретiнде алынған мүлiк қана бола алады.

      21-бап. Кәсiпорынның жарғылық және резервтiк капиталдары

      1. Кәсiпорынның жарғылық капиталының мөлшерiн оның құрылтайшысы белгiлейдi, бiрақ оның мөлшерi кәсiпорынға берiлген мүлiктiң жалпы құнынан аспауы керек және кәсiпорынды мемлекеттiк тiркеуден өткiзген күннен бастап белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 10.000 кем болмайды.
      Жарғылық капиталдың мөлшерi кәсiпорынның жарғысында көрсетiледi.
      Жарғылық капиталды меншiк иесi (құрылтайшы) кәсiпорынды мемлекеттiк тiркеуден өту қарсаңында толық құруға тиiс.

      2. Жарғыда көрсетiлгендей кәсiпорын резерв капиталын қалыптастыруға мiндеттi және ол жарғылық капиталдың 10 процентiнен кем болмауы керек және резерв қорының белгiленген дәрежесiне жеткенге дейiн өз билігінде қалған таза кiрiстің кем дегенде 5 процентiн осы мақсатқа жұмсауы керек.
      Резерв капиталының қаржысы тек қана шығынды жабуға, бюджет алдындағы мiндеттемелердi орындауға, мемлекеттiк кредиттердi өтеуге және кәсiпорынның басқадай қаражаты жеткiлiксiз болған жағдайда сыйақы (мүдде) өтем төлеуге жұмсалады.

      3. Егер кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерi туралы заң актiлерiнде жарғылық және резервтiк капиталдардың өзге тәртiптерiн қалыптастыру мен мөлшерлерi белгiленген болса, онда кәсiпорындар оларды осы актiлерде көзделген мөлшерлерде құрады, бiрақ ол осы баптың 1-тармағында көрсетiлгеннен кем болмауы керек.
      Ескерту. 21-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1997.06.19 N 132, 1997.07.11 N 154, 2002.05.21 N 323, 2004.06.11 N 561 Заңымен.

      22-бап. Шаруашылықты жүргiзу құқығына ие болу
              және тоқтату

      1. Мүлiктi құрылып қойған мемлекеттiк кәсiпорынға бекiту туралы меншiк иесi (уәкiлдi орган) шешiм қабылдаған мүлiкке қатысты шаруашылық жүргiзу құқығы, егер заңдарда немесе меншiк иесiнiң (уәкiлдiк органның) шешiмiнде өзгеше белгiленбесе, бұл кәсiпорында мүлiктi кәсiпорынның дербес балансына бекiтiп берген сәттен бастап пайда болады.

      2. Шаруашылық жүргiзудегi мүлiктi пайдаланудың жемiсi, өнiмi мен кiрiсi, сондай-ақ кәсiпорын шарттар немесе өзге де негiздер бойынша алған мүлiк меншiк құқығына ие болуға арналған заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен кәсiпорынның шаруашылық жүргiзуiне келiп түседi.

      3. Мүлiкке шаруашылық жүргiзу құқығы меншiк құқығын тоқтатуға арналған заңдарда көзделген негiздер мен тәртiп бойынша, сондай-ақ меншiк иесiнiң (уәкiлдi органның) шешiмiмен кәсiпорыннан мүлiк заңды жолмен қайтарып алынған жағдайларда тоқтатылады.
      Заңды жолмен қайтарып алу реттерiне, атап айтқанда:

      1) кәсiпорынның жарғылық қызметiнiң мақсатына сай келмеген мүлiктi қайтарып алу (осы Заңның 20-бабының 2-тармағы);

      2) артылып қалған, пайдаланылмайтын не өз мақсатында пайдаланылмайтын мүлiктi қайтарып алу жатады.

      23-бап.
      Ескерту. 23-бап алынып тасталды - ҚР 2002.05.21 N 323 Заңымен.

      24-бап.
      Ескерту. 24-бап алынып тасталды - ҚР 2002.05.21 N 323 Заңымен.

      25-бап. Кәсiпорынның мүлiктiк құқықтарын жүзеге
              асыру шарттары

      1. Қызметiн шаруашылық жүргiзу құқығы негiзiнде жүзеге асыратын кәсiпорынның уәкілетті органның жазбаша келiсiмiнсiз:

      1) өзіне тиесілі үйлерді, ғимараттарды, жабдықтарды және кәсіпорынның басқа да негізгі құралдарын иеліктен айыруға немесе өзге де әдiспен оларға билiк етуге (осы Заңның 10-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда), ұзақ мерзімді (үш жылдан астам) жалға беруге, уақытша тегін пайдалануға беруге;

      2) филиалдар, өкілдіктер мен еншiлес кәсiпорындар құруға жеке кәсiпкерлермен бiрге кәсiпорындар мен бiрлескен өндiрiстер құруға, оларға өзiнiң өндiрiстiк және ақшалай капиталын салуға;

      2-1) өзіне тиесiлi акцияларға (осы Заңның 10-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда), сондай-ақ дебиторлық берешекке билiк етуге;

      2-2) үшiншi тұлғалардың мiндеттемелерi бойынша кепiлгерлiк немесе кепiлдiк беруге;

      3) заемдар беруге құқы жоқ.

      2. Егер меншiк иесi (уәкiлдi орган) өзгеше белгiлемесе, осы баптың 1-тармағында көрсетiлген мүлiкпен мәмiле жасаудан алынған ақшаны кәсiпорын өздiгiнен пайдаланады.

      3. Егер заңдарда өзгеше көзделмесе, кәсiпорын өзiне шаруашылық жүргiзу құқығына бекiтiлiп берiлген негiзгi құралдарға жатпайтын жылжымалы мүлiкке дербес билiк етедi.
      Ескерту. 25-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1997.07.11 N 154, 2002.05.21 N 323 Заңымен.

      26-бап. Кәсiпорын өндiрген тауарлардың бағасы

      1. Кәсiпорын өндiрген тауарлардың (атқарылған жұмыстардың, көрсетiлген қызметтердiң) бағасы кәсiпорынның оларды өндiруге, атқаруға, көрсетуге кеткен шығынды толық өтеуге, оның жұмысын шығынсыз етуге және өз кiрiсi есебiнен қаржыландыруды қамтамасыз етуге тиiс.

      2. Мемлекеттiң тапсырысын орындау есебiне кәсiпорын өндiретiн және өткiзетiн тауарлардың (атқарылған жұмыстардың, көрсетiлген қызметтердiң) бағасын мемлекеттiк басқару органының келiсуi бойынша кәсiпорын, осы баптың 1-тармағында айтылған талаптарды ескере отырып белгiлейдi.
      Кәсiпорын мемлекеттiң тапсырысынан тыс өндiретiн және өткiзетiн тауарлардың (атқаратын жұмыстардың, көрсететiн қызметтердiң) бағасын кәсiпорын дербес белгiлейдi.
      3. (алып тасталды - ҚР 2007.07.27 N 316 Заңымен)
      Ескерту. 26-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2002.05.21 N 323, 2006.07.07 N 174 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2007.07.27 N 316 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      27-бап. Кәсiпорынның қызметiн қаржыландыру

      1. Кәсiпорын өз қызметiнен алған меншiктi табысы есебiнен ұсталады.
      Мемлекеттiк кәсiпорынға қаражат заңдарда көзделген тәртiппен берiледi.

      2. Республикалық мемлекеттiк кәсіпорындардың (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң мемлекеттік кәсіпорындарын қоспағанда) таза табысының бір бөлігін аудару нормативін мемлекеттік басқару органы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің келісімімен жоспарланған жылдың алдындағы жылдың 1 мамырына дейін белгілейді.
      Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін мемлекеттік басқару органы жергілікті қаржы органдарының келісімімен жоспарланған жылдың алдындағы жылдың 1 мамырына дейін белгілейді.
      Мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігі белгiленген нормативтер бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк бюджетке есептелуге тиіс.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарының таза табысының бір бөлiгi өздері белгілейтін мерзiмде, мөлшерде және тәртiппен оның бюджетiне есептелуге тиіс.
      Ескерту. 27-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2002.05.21 N 323 Заңымен.

      28-бап. Кәсiпорын қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу

      1. Кәсіпорынның еңбекке ақы төлеу қорының мөлшерін жыл сайын мемлекеттік басқару органы белгілеп отырады.

      2. Еңбекке ақы төлеу нысандары, штат кестесiн лауазымдық жалақының мөлшерiн, сыйлық беру және өзге сыйақы жүйесiн белгiленген еңбекке ақы төлеу қорының шегiнде кәсiпорын дербес анықтайды.
      Кәсiпорын басшысының, оның орынбасарының, бас (аға) бухгалтерiнiң лауазымдық жалақысының мөлшерiн, оларға сыйлық беру және өзге де сыйақы жүйесiн мемлекеттiк басқару органы белгiлейдi.
      Ескерту. 28-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2002.05.21 N 323 Заңымен.

      29-бап.
      Ескерту. 29-бап алынып тасталды - ҚР 2002.05.21 N 323 Заңымен.

      30-бап. Кәсiпорынның жауапкершiлiгi

      Кәсiпорын өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi мүлiктiң бәрiмен жауап бередi.
      Кәсiпорын өз мүлкiн иеленушiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
      Құрылтайшының (уәкілетті органның) немесе мемлекеттік басқару органының iс-әрекетiнен банкротқа ұшырағаннан басқа жағдайда мемлекет кәсiпорынның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi. Мұндай жағдайда мемлекет кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға кәсiпорынның қаржысы жетiспеген ретте оның мiндеттемелерi бойынша жауап бередi.
      Заң актiлерiнде кәсiпорынның мiндеттемелерi бойынша мемлекеттiң жауапкершiлiгiнiң өзге де жағдайлары белгiленуi мүмкiн.
      Ескерту. 30-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2002.05.21 N 323 Заңымен.

3-Тарау. Қазыналық кәсiпорын

      31-бап. Қазыналық кәсiпорын ұғымы

      Жедел басқару құқығындағы мемлекеттiк мүлiкке ие кәсiпорын қазыналық болып табылады.

      32-бап. Қазыналық кәсiпорынның мақсаты

      Қазыналық кәсiпорындар заңдарда белгiленген тәртiппен:

      1) төтенше және авариялық жағдайларда кен-құтқару және өзге де арнаулы жұмыстарды орындау, өрттен, су тасқынынан және басқа да табиғи зiлзаладан қорғау;
      2)

      3) қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы өндірістік қызметті жүзеге асыру;

      4) топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргiзу;

      5) денсаулық сақтау, табиғатты қорғау, бiлiм беру, әлеуметтiк қорғау, ғылым, мәдениет және спорт саласында өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру;

      6) мемлекеттік органдардың қызметтiк ғимараттарын пайдалануды, оларға көлік қызметiн көрсетудi және оларды жабдықтау функцияларын орындауды жүзеге асыру;

      7) кеме жүзетін жолдар мен гидротехникалық құрылыстарды (шлюздерді) күтіп-ұстау мен дамыту;

      8) мемлекеттік монополияға жатқызылған салалардағы қызметті жүзеге асыру;

      9) жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық есепке алу қызметін жүзеге асыру үшін құрылуы мүмкін.
      Ескерту. 32-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1999.11.04 N 472, 2001.05.04 N 185, 2004.06.11 N 561, 2007.07.26 N 311 Заңдарымен.

      33-бап. Қазыналық кәсiпорынды жедел басқару
              құқығының мазмұны

      Жедел басқару құқығы қазыналық кәсiпорынның меншiк иесiнен алған және өз қызметiнiң мақсатына, меншiк иесiнiң тапсырмалары мен мүлiктiң мақсатына сәйкес осы Заң мен өзге де заң актiлерiнде белгiленген шекте сол мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асыратын заттық құқық болып табылады.

      34-бап. Жедел басқару құқығының объектiсi

      1. Егер осы Заңда және басқа заңдарда өзгеше көзделмесе, кез келген мүлiк жедел басқару құқығының объектiсi болуы мүмкiн.

      2. Қазыналық кәсiпорын өзiнiң жарғылық қызметiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi мүлiктi ғана жедел басқару құқығы негiзiнде иемдене алады.

      35-бап. Жедел басқару құқығына ие болу және оны тоқтату

      1. Жедел басқару құқығына ие болу мен оны тоқтату, егер осы Заң пен өзге де заңдарда басқаша белгiленбесе, меншiк құқығына және өзге заттық құқықтарға ие болу мен оны тоқтату үшiн Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне көзделген шарттар мен тәртiп бойынша жүзеге асырылады.

      2. Қазыналық кәсiпорынның мемлекеттiк басқару органының жазбаша келiсiмiнсiз негiзгi құралдарға жататын мүлiктi сату-сатып алу, айырбастау, сыйға тарту шарттары немесе өзге мәмiле негiзiнде алуға құқығы жоқ.
      3. (алып тасталды - ҚР 2004.06.11 N 561 Заңымен)
      Ескерту. 35-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2002.05.21 N 323, 2004.06.11 N 561 Заңымен.

      36-бап.
      Ескерту. 36-бап алынып тасталды - ҚР 2002.05.21 N 323 Заңымен.

      37-бап. Кәсіпорынның жедел басқаруына берiлген
              мүлiктi меншiк иесiнiң қайтып алу және
              қайта бөлу құқығы

      Қазыналық кәсiпорынға бекiтiп берiлген мүлiк иесi, егер заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, өз қалауы бойынша мүлiктi қайтарып алуға немесе оны өзi құрған басқа заңды тұлғалар арасында қайта бөлуге құқылы.

      38-бап. Қазыналық кәсiпорынның мүлкiне билiк ету

      Қазыналық кәсiпорын өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi және өзiнiң шаруашылық қызметi нәтижесiнде түскен қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi, осы Заңның 10-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкiлеттi органның жазбаша келісімімен ғана жатсындыруға немесе оған өзгеше тәсiлмен билiк етуге құқылы.
      Қазыналық кәсiпорын өзi өндiрген өнiмдi дербес өткiзедi.
      Ескерту. 38-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2002.05.21 N 323, 2004.06.11 N 561 Заңымен.

      39-бап. Қазыналық кәсiпорынның шаруашылық қызметi

      Қазыналық кәсiпорынның шаруашылық қызметi оның жарғыда көрсетiлген мақсаттары мен мiндеттерiмен, сондай-ақ кәсiпорынға мемлекеттiк басқару органы арқылы жеткiзiлетiн мемлекеттiң тапсырыстарымен анықталады.
      Өзге шаруашылық қызметті жүзеге асыруға жол берілмейді.
      Ескерту. 39-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2001.05.04 N 185, 2002.05.21 N 323 Заңдарымен.

      40-бап. Қазыналық кәсiпорын өндiрген тауарлардың бағасы

      Қазыналық кәсiпорын өндiретiн және өткiзетiн тауарлардың (атқаратын жұмыстардың, көрсететiн қызметтердiң) бағасын мемлекеттiк басқару органы белгiлейдi.
      Ескерту. 40-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1999.10.04 N 469, 2002.05.21 N 323, 2006.07.07 N 174 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2007.07.27 N 316 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      41-бап. Қазыналық кәсiпорынның қызметiн қаржыландыру

      1. Қазыналық кәсiпорынның қызметi мемлекеттік тапсырысты бөле отырып, мемлекеттiк басқару органы бекiтетiн смета бойынша өз табысының есебiнен қаржыландырылады.

      2. Қазыналық кәсiпорынның сметадан тыс алған табысы тиiстi бюджетке аударылуға жатады.
      Ескерту. 41-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1999.11.04 N 472, 2002.05.21 N 323 Заңдарымен.

      42-бап. Қазыналық кәсiпорын қызметкерлерiнiң еңбегiне
               ақы төлеу

      Қазыналық кәсiпорынның еңбекке ақы төлеу қорын мемлекеттiк басқару органы белгiлейдi.
      Қазыналық кәсiпорын қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      Ескерту. 42-бап жаңа редакцияда - ҚР 2002.05.21 N 323 Заңымен.

      43-бап.
      Ескерту. 43-бап алынып тасталды - ҚР 2002.05.21 N 323 Заңымен.

      44-бап. Қазыналық кәсiпорын мен оның меншiк иесiнiң
               жауапкершiлiгi

      1. Қазыналық кәсiпорын өзiнiң мiндеттемелерi бойынша билiк етуiндегi ақшамен жауап бередi.
      Қазыналық кәсiпорынның қалған мүлкiн өндiрiп алуға осы кәсiпорын таратылғаннан басқа жағдайларда жол берiлмейдi.

      2. Қазыналық кәсiпорын өз мүлкiн иеленушiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.

      3. Қазыналық кәсiпорынның ақшасы жеткiлiксiз болса, оның мiндеттемелерi бойынша субсидиялық жауапкершiлiктi Қазақстан Республикасы немесе әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк көтередi.
      Қазыналық кәсіпорынның шарттық міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бөлініс тек мемлекеттік тапсырысты орындау шеңберінде ғана субсидиарлық жауапкершілікті көтереді.

      4. Таратылған қазыналық кәсiпорынның мүлкi кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға жеткiлiксiз болған жағдайда, соңғылары осы кәсiпорын мүлкiнiң меншiк иесi есебiнен талаптың қалған бөлiгiн қанағаттандыру туралы сотқа талап қоюға құқылы.

      5. Зейнетақылар төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтың мiндеттемелерi бойынша жауапкершiлiктi толық көлемде Қазақстан Республикасының Үкiметi көтередi.
      Ескерту. 44-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1997.07.11 N 154, 1998.12.16 N 320, 1999.11.04 N 472 Заңдарымен.

      45-бап. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы кәсiпорынды
              қазыналық кәсiпорын етiп қайта құру

      1. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық кәсiпорынды қазыналық кәсiпорын етiп қайта құру мемлекеттiк басқару органының уәкiлетті органмен келiсiлген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен, коммуналдық кәсiпорынды қайта құру жергiлiктi атқарушы органның шешiмімен жүргiзiледi.
      2. (алып тасталды)

      3. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы кәсiпорынды қазыналық кәсiпорын етiп қайта құру жөнiндегi барлық шығын, сондай-ақ кәсiпорында жеткiлiктi қаржы болмаған жағдайда қайта құрылатын кәсiпорынның кредиторлармен есеп айырысуы тиiстi бюджеттiң есебiнен жүзеге асырылады.

      4. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы кәсiпорын негiзiнде құрылған қазыналық кәсiпорын оған бұрын бөлiнген мемлекеттiк мүлiк пен ақшасы, сондай-ақ жердi пайдалану, табиғатты пайдалану, жер қойнауын пайдалану, квотаны, лицензияны және бұрын жасалған шарттарды беру жөнiнен, егер соңғылар жаңадан құрылған қазыналық кәсiпорынның мәнi мен мақсатына сәйкес келсе, қайта құрылған кәсiпорынның құқықтық мұрагерi болып табылады.

      5. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы кәсiпорын қазыналық кәсiпорын болып қайта құрылған кезде оған бекiтiлiп берiлген мүлiктiң құқықтық режимi кәсiпорынды қайта құру туралы шешiм қабылданған сәттен бастап шаруашылық жүргiзу құқығынан жедел басқару құқығына ауыстырылады.
      Ескерту. 45-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1997.07.11 N 154, 2002.05.21 N 323 Заңдарымен.

4-Тарау. Еншiлес мемлекеттiк кәсiпорын

      46-бап. Еншiлес мемлекеттiк кәсiпорын ұғымы

      Өз мүлкiнiң есебiнен басқа мемлекеттiк кәсiпорын құрған заңды тұлға еншiлес мемлекеттiк кәсiпорын болып табылады.
      Еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындар құру құқығын шаруашылық жүргiзу құқындағы кәсiпорындар ғана пайдалана алады.

      47-бап. Еншiлес мемлекеттiк кәсiпорынның
               құқықтық жағдайы

      1. Еншiлес мемлекеттiк кәсiпорын шаруашылық жүргiзу құқығындағы кәсiпорын нысанында құрылады және аталған кәсiпорындардың түрi үшiн осы Заңмен берiлген өкiлеттiктi пайдаланады.

      2. Еншiлес кәсiпорынның өз мiндеттемелерi бойынша жауапкершiлiгi, сондай-ақ негiзгi кәсiпорынның еншiлес кәсiпорынның мiндеттемелерi бойынша жауапкершiлiгi осы Заңның 30-бабында белгiленген ережелерге сәйкес туындайды.

      48-бап. Еншiлес кәсiпорындарды құрудың мақсатын

      Еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындар:

      1) негiзгi кәсiпорынды, оның iшiнде монополияға қарсы заң талабы күшiндегi кәсiпорынды ықшамдау;

      2) негiзгi кәсiпорынның филиалдарын дербес заңды тұлға етiп қайта құру;

      3) негiзгi өндiрiстiң тиiмдiлiгiн арттыру үшiн қосымша және мамандандырылған өндiрiс құру;

      4) негiзгi өндiрiстi оған тән емес қызмет пен функция түрлерiнен босату мақсатында құрылады.

      49-бап. Еншiлес кәсiпорындарды құрудың тәртiбi

      1. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорынға жататын еншiлес кәсiпорын уәкілетті орган мен монополияға қарсы органның келiсiмiмен негiзгi кәсiпорынды мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң рұқсатымен құрылады.
      Коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорынға жататын еншiлес кәсiпорын уәкiлдi орган мен монополияға қарсы органның аумақтық бөлiмшесiнiң келiсiмiмен негiзгi кәсiпорынды мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органының ұсынуы бойынша жергiлiктi атқарушы органның рұқсатымен құрылады.

      2. Негiзгi кәсiпорын еншiлес кәсiпорынның құрылтайшысы болады.

      3. Еншiлес кәсiпорынның жарғысын оның құрылтайшысы (негiзгi кәсiпорын) өзiнiң жоғары тұрған мемлекеттiк басқару органының келiсуi бойынша бекiтедi.

      4. Еншiлес кәсiпорын басқа еншiлес кәсiпорын құруға құқылы емес.
      Ескерту. 49-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2002.05.21 N 323, 2006.07.07 N 174 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      50-бап. Мемлекеттiң уәкiлдi органы

      1. Мемлекеттiң уәкiлдi органы құқығын пайдаланатын, осы Заңның 25-бабы 1-тармағының 1), 2-1) тармақшаларында көзделген, негiзгi кәсiпорынның уәкiлетті органымен келiсiлетiн жағдайларын қоспағанда, негiзгi кәсiпорын еншiлес кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң оған қатысты функциясын жүзеге асыратын орган болып табылады.

      2. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорынға жататын еншiлес кәсiпорын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен шаруашылық жүргiзу құқындағы кәдiмгi кәсiпорын болып қайта құрылуы мүмкiн.
      Коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорынға жататын еншiлес кәсiпорын жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен шаруашылық жүргiзу құқындағы кәдiмгi кәсiпорын болып қайта құрылуы мүмкiн.
      Ескерту. 49-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2002.05.21 N 323 Заңымен.

      51-бап. Осы Заңның күшiне ену тәртiбi

      Осы Заң жарияланған күннен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 261194
    Қазақ тілінде 130431
    Орыс тілінде 129889
    Ағылшын тілінде 874
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы