Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік сатып алу комитетін құру туралы және "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 24 сәуiрдегi № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 300 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитеті (бұдан әрі – Комитет) құрылсын.
      2. Комитет мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып белгіленсін.
      3. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 24 сәуiрдегi № 387 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi туралы ережеде:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      «8) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитеті.»;
      «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң миссиясы, негізгі мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен міндеттері» деген 2-бөлімде:
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң миссиясы:
      бюджетті атқару, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті, республикалық бюджеттің және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының атқарылуы бойынша бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласында, мемлекеттік сатып алу саласында, республикалық мүлікті басқару аясында басшылық ету және салааралық үйлестіру; банкроттық (банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда), заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл жасау, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын бюджеттік бағдарламалар не тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу, салық саясатын және кеден ісі саласындағы саясатты қалыптастыру және іске асыру саласында мемлекеттік реттеу.»;
      16-тармақта:
      орталық аппараттың функцияларында:
      45), 47) және 48) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «45) Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы заңнамасында көзделген мемлекеттік сатып алу веб-порталымен интеграцияланған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды жеткізушілердің деректер базасына енгізілген отандық тауар өндірушілерден сатып алу туралы ақпаратты ескере отырып, есептiлiктi жинау, жинақтау және талдау тәртiбiн айқындау;»;
      47) мемлекеттік сатып алудың веб-порталы жұмысының техникалық істен шығуы туындаған жағдайда, мемлекеттік сатып алудың веб-порталы жұмысының тәртібін белгілеу;
      48) мемлекеттiк сатып алу веб-порталын пайдалану тәртiбiн белгілеу;»;
      ведомстволарының функцияларына:
      118) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «118) мына:
      бақылау нәтижелерi бойынша бұзушылықтар анықталған соманы бюджетке өтеудi қамтамасыз ету мақсатында;
      «Мемлекттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда, әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары деп тану туралы;
      міндеттемелерді толық көлемде және тиісінше түрде орындалған мемлекеттік сатып алу туралы щарттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып жасалған, күшiне енген мемлекеттiк сатып алу туралы шарттарды жарамсыз деп тану туралы талап-арыздарды сотқа жіберу;»;
      мынадай мазмұндағы 235-1), 235-2) және 235-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      «235-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын бюджеттік бағдарламалар не тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;
      235-2) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-1-бабына сәйкес:
      тапсырыс беруші электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге арналған тапсырманы қарау;
      тапсырыс беруші ұсынған тапсырма негізінде конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы әзірлеу және бекіту;
      тапсырыс берушінің өкілі кіретін конкурстық не аукциондық комиссияның құрамын белгілеу және бекіту;
      конкурстық немесе аукциондық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;
      мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды орналастыру;
      мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына конкурстық немесе ауциондық құжаттаманы және (немесе) конкурстық немесе аукциондық құжаттаманың техникалық ерекшелігін алған адамдарды тіркеу журналына өздері туралы мәліметтер енгізілген, мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген адамдар тарапынан ұсыныстар мен ескертулерді тапсырыс берушіге жіберу;
      конкурс немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу жеңімпазын анықтау;
      235-3) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру;».
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 259444
    Қазақ тілінде 129657
    Орыс тілінде 128961
    Ағылшын тілінде 826
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы