Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасындағы Терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 8 қазандағы № 741 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасындағы Терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары Самат Сатыбалдыұлы Әбішке Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасындағы Терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 8 қазандағы
№ 741 қаулысымен
мақұлданған
 
  ЖОБА

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасындағы Терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық туралы
КЕЛІСІМ

      Бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Моңғолия Үкiметi

      Терроризммен күрес жөніндегі халықаралық міндеттемелерді басшылыққа ала отырып және ұлттық заңнамаларына сәйкес,

      Өздерінің аумағында тұратын азаматтарды және өзге де адамдарды терроризмнен қорғау қажеттігі туралы есте сақтай отырып,

      Терроризмге қарсы іс-қимылда ынтымақтастықтың маңыздылығын растай отырып,

      Тендік, өзара пайда және араласпаушылық қағидаттарына сәйкес,

      төмендегілер туралы келісім жасасты:

1-бап

      1. Осы Келісім шеңберіндегі ынтымақтастық Тараптардың ұлттық заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Тараптар өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес террористік мақсаттарда жасалатын мынадай қылмыс түрлерін:

      1) халықаралық терроризмді, шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысуды;

      2) террористік әрекеттерді ұйымдастыруды, террористік немесе экстремистік әрекетті ұйымдастыру мақсаттарында адамдарды азғырып көндіруді, даярлауды немесе қаруландыруды;

      3) терроризмді қаржыландыруды, оның ішінде қылмыстың басқа да түрлерін жасау кезінде алынған қаражатты пайдалана отырып қаржыландыруды;

      4) терроризмді насихаттауды, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып насихаттауды;

      5) әуе және теңіз қарақшылығын немесе көлік құралдарын заңсыз басып алуды;

      6) қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды, химиялық, биологиялық, ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, бұйымдарды және стратегиялық маңызы бар технологиялық рәсімдерді заңсыз жасауды, импорттауды, экспорттауды, транзиттеуді, сатып алуды, таратуды, сақтауды және олардың заңсыз айналымын немесе әскери техниканы қосарланған мақсатта қолдану ықтималдығын және олардың заңсыз саудасын;

      7) ақшаны, бағалы қағаздарды, қолма-қол ақшасыз төлем құралдарын, ресми құжаттарды қолдан жасау мен бұрмалауды және оларды таратуды;

      8) өмірге және жеке басқа, бостандыққа, адами қадір-қасиетке және меншікке қарсы қылмыстарды;

      9) адамдарды заңсыз алып кетуді, мемлекеттік шекараларды заңсыз кесіп өтуді, заңсыз көші-қонды және адамдардың заңсыз тұруын;

      10) компьютерлік технологияларды пайдалана отырып жасалатын қылмыстарды анықтауда, олардың алдын алуда, жолын кесуде және оларды ашуда ынтымақтасады.

      3. Тараптардың келісімімен ынтымақтастық өзге де қылмыс түрлерімен күреске, сондай-ақ осы Келісімде айтылған қылмыстар бойынша ақпарат алмасуда да қолданылуы мүмкін.

2-бап

      1. Осы Келісімнің ережелерін іске асыру мақсаттарында Тараптар арасындағы ынтымақтастықты мынадай уәкілетті органдар жүзеге асырады:

      1) Қазақстан Тарапынан:

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті;

      Бас прокуратура;

      Ішкі істер министрлігі;

      2) Моңғолия Тарапынан:

      Терроризмге қарсы үйлестіру комитеті;

      Бас барлау басқармасы;

      Бас полиция басқармасы.

      2. Уәкілетті органдар жекелеген хаттамаларда ынтымақтастық нысандарын және өзара іс-қимыл жасау тәртібін белгілей алады.

      3. Тараптардың әрқайсысы екінші Тарапты дипломатиялық арналар арқылы өз уәкілетті органдарының тізбесіндегі өзгерістер туралы уақтылы хабардар етеді.

3-бап

      Тараптардың уәкілетті органдары осы Келісімге, басқа халықаралық шарттар мен ұлттық заңнамаға сәйкес ынтымақтастықты жүзеге асырады және:

      1) дайындалып жатқан және жасалған террористік қылмыстар туралы, террористік топтар мен ұйымдар, сондай-ақ осы қылмыстарға қатысатын адамдар туралы, оларды жасау нысандары мен әдістері туралы ақпаратпен және іздестіріліп жатқан адамдар туралы мәліметтермен алмасу;

      2) жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу туралы сұрау салуларды орындау;

      3) террористік қылмыстардың алдын алу, оларды анықтау, олардың жолын кесу немесе тергеп-тексеру үшін келісілген шараларды әзірлеу және қабылдау және осы шаралар туралы өзара хабардар ету;

      4) өзінің аумағында екінші Тараптың аумағында террористік қылмыстарды жасауға дайындықты болғызбау және оның жолын кесу үшін шаралар қабылдау;

      5) технологиялық және экологиялық қауіптілігі жоғары объектілерді күшпен қорғау жүйелерінің жай-күйін бағалауда, осы жүйені жетілдіру үшін шаралар әзірлеуде және оларды іске асыруда жәрдем көрсету;

      6) нормативтік құқықтық актілермен және оларды қолдану практикасы туралы материалдармен алмасу;

      7) терроризм актілерінің жолын кесуде және олардың салдарымен күресте практикалық көмек көрсету үшін арнайы терроризмге қарсы құралымдарды мүдделі Тараптар арасындағы келісу бойынша жіберу;

      8) тағылымдамалар, семинарлар, консультациялар және ғылыми-практикалық конференциялар өткізуді қоса алғанда, терроризм актілеріне байланысты қылмыстарды анықтау, олардың алдын алу, жолын кесу және оларды ашу тәжірибесімен алмасу;

      9) қызметкерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру;

      10) Тараптардың келісуі бойынша технологиялық және экологиялық қауіптілігі жоғары объектілерді күшпен қорғау жүйесі мен құралдарын әзірлеу жөніндегі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды бірлесіп қаржыландыру және жүргізу;

      11) терроризмге қарсы әрекетті қамтамасыз ету үшін арнайы құралдарды, техниканы және жабдықты жеткізуді шарттық негізде жүзеге асыру;

      12) терроризмді қаржыландыруға байланысты жедел және тергеу мақсаттарында, оның ішінде қылмыс жасау кірістерін және құралдарын анықтау және қадағалау үшін өз елінде қолжетімді ақпаратпен алмасу;

      13) бірлескен тергеп-тексерулер жүргізу үшін тергеу командаларын қалыптастыру және қажет болған кезде, екіжақты немесе көпжақты шарттар жасасу арқылы бір-біріне жәрдем көрсетеді.

4-бап

      Осы Келісімді іске асыру үшін Тараптардың уәкілетті органдары өз өкілдерінің кездесулерін ұйымдастыра алады және олардың барысында қажетті құжаттарға қол қоя алады.

5-бап

      1. Бір Тараптың уәкілетті органы екінші Тараптың уәкілетті органының сұрау салуын, егер сұрау салуды орындау өз мемлекетінің ұлттық заңнамасын немесе халықаралық міндеттемелерін бұзу болып табылады деп есептесе, толық немесе ішінара қабылдамауы мүмкін не егер сұрау салуды орындау өз мемлекетінің қауіпсіздігіне және мүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін деп есептесе, сұрау салу бастамашысының шарттарын немесе міндеттемелерін көздеуі мүмкін.

      2. Сұрау салушы уәкілетті органға сұрау салуды қабылдамау негіздері туралы жазбаша нысанда хабар берілуге тиіс.

6-бап

      Тараптардың уәкілетті органдары мынадай шарттарда ақпаратты беруді және пайдалануды жүзеге асырады:

      1) алушы Тараптың уәкілетті органы беруші Тараптың уәкілетті органының сұрау салуы бойынша алынған ақпаратты пайдалану нәтижелері туралы хабардар етуге міндеттенеді;

      2) алушы Тараптың уәкілетті органы беруші Тараптың уәкілетті органы белгілеген шарттарға байланысты бола отырып, ақпаратты Келісімде аталған мақсаттарда ұлттық қауіпсіздік қатерлерін болғызбау үшін ғана пайдалануға міндеттенеді;

      3) ақпаратты беретін уәкілетті орган оның дәлдігіне, анықтығына және толықтығына жауапты болады. Егер берілетін ақпарат жалған немесе толық емес болса, ақпаратты алған уәкілетті орган ақпаратты берген уәкілетті органға бұл туралы белгілі болған кезден бастап 3 (үш) күн ішінде ауызша нысанда, сондай-ақ 7 (жеті) күн ішінде жазбаша нысанда хабардар етілуге тиіс;

      4) ақпарат беруге сұрау салу жіберілген кезде негіздер көрсетілуге тиіс.

7-бап

      Егер беруші Тараптың уәкілетті органы ақпаратты құпия деп таныса, Тараптар алынған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді.

      Тараптар осы Келісім шеңберінде алған құжаттар, заттар және ақпарат оларды берген Тараптың уәкілетті органының жазбаша келісімінсіз үшінші Тарапқа беріле алмайды.

8-бап

      Тараптар осы Келісімді орындауға байланысты шығыстарды өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес көзделген қаражат шегінде дербес көтереді.

9-бап

      1. Осы Келісім шеңберіндегі ынтымақтастық орыс тілінде жүзеге асырылады.

      2. Осы Келісім шеңберінде Тараптардың уәкілетті органдарының сұрау салулары жазбаша нысанда жіберіледі.

10-бап

      Осы Келісім Тараптардың мемлекеттері қатысушылары болып табылатын басқа да халықаралық шарттардан туындайтын олардың құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.

11-бап

      1. Осы Келісім Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшіне енеді.

      2. Осы Келісім 5 жыл бойы қолданыста болады және келесі бес жылдық кезеңге автоматты түрде ұзартылады.

      Осы Келісім бір Тарап дипломатиялық арналар арқылы екінші Тараптан оның қолданысын тоқтату ниеті туралы тиісті жазбаша хабарламаны алған күннен бастап үш ай өткен соң өз қолданысын тоқтатады. Бұл ретте Тараптардың алынған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ осы Келісім шеңберінде алынған құжаттарды, заттарды және ақпаратты үшінші Тарапқа беру тәртібі туралы 7-бапта белгіленген міндеттемелері күшінде қалады.

      3. Тараптардың өзара келiсуі бойынша осы Келiсiмге жекелеген хаттамалармен ресiмделетiн және осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілуі мүмкін.

      2019 жылғы "___" қазанда Нұр-Сұлтан қаласында әрқайсысы қазақ, моңғол және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіннің күші бірдей. Осы Келісімнің мәтіндері арасында алшақтықтар болған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ҮКІМЕТІ ҮШІН
МОҢҒОЛИЯ ҮКІМЕТІҮШІН

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 264499
    Қазақ тілінде 132014
    Орыс тілінде 131563
    Ағылшын тілінде 922
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы