Авиабағыттарға бюджеттік субсидияларды жұмсау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1344 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.12.31 № 1511 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы  Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған Авиабағыттарға бюджеттік субсидияларды жұмсау ережесі бекітілсін.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Авиабағыттарға субсидияларды жұмсау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 17 тамыздағы N 915  қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 27, 301-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 17 тамыздағы N 915 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 наурыздағы N 362  қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 15, 190-құжат).

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2007 жылғы 28 желтоқсандағы
N 1344 қаулысымен 
бекітілген      

  Авиабағыттарға бюджеттік субсидияларды жұмсау ережесі 1. Жалпы ережелер

         1.   Осы Ереже республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен авиабағыттарға бюджеттік субсидияларды жұмсау тәртібін анықтайды.

      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе ол уәкілеттік берген мемлекеттік органның шешімдері негізінде жүзеге асырылатын авиабағыттар бойынша тұрақты тасымалдарға, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың шешімдері негізінде жүзеге асырылатын, авиабағыттың тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті кіріс деңгейін қамтамасыз етпейтін тасымалдарға тиісті бюджетте көзделген қаражат есебінен субсидия берілуге тиіс.
      Субсидиялауға авиатасымал кезінде жолаушыларды, жүкті, почтаны және багажды тасымалдаудан түскен кіріс пен қалыптасатын пайдалану шығыстарының сомасы арасындағы алынған айырма жатады.

      3. Субсидиялау авиатасымалдарға әуе кемесінің экономика сыныбы есебінен қолданылады.

  2. Бюджеттік субсидияларды есептеу және төлеу тәртібі

      4. Республикалық бюджеттен авиатасымалдар бойынша бюджеттік субсидиялар төлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген тиісті бюджеттік бағдарлама паспортына сәйкес жүргізіледі.

      5. Жергілікті бюджеттен авиатасымалдар бойынша бюджеттік субсидиялар төлеу әкімдіктің қаулысымен бекітілген тиісті бюджеттік бағдарламалар паспорттарына сәйкес жүргізіледі.

      6. Бюджеттік субсидияларды төлеу ай сайын осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес келетін авиатасымалдардың нақты орындалған және құжатпен расталған көлемі бойынша және міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Бюджеттік субсидияларды төлеудің жылдық көлемі тиісті жылға арналған республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген сомалар шегінде белгіленеді.

      7. Авиакомпанияда авиабағытқа куәліктің бар болуы субсидияланатын авиабағыттар бойынша авиатасымалдарды жүзеге асыру үшін негіз болып табылады.

      8. Бюджеттік субсидиялар алу үшін тиісті республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі, ал жергілікті бюджеттен субсидияланған жағдайда - жергілікті уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті органдар) мен осы Ереженің 2-тармағына сәйкес белгіленген авиатасымалдарды жүзеге асыратын авиакомпания арасында осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес авиабағытты субсидиялау туралы шарт (бұдан әрі - Шарт) жасалады. Шартқа 1-қосымшада тараптар бір жолаушыны, бір килограмм жүкті, багажды және поштаны тасымалдау бағасын (тарифін) белгілейді.

      9. Авиабағытты субсидиялау туралы шарт жасалғаннан кейін авиакомпания ай сайын осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес ұйым басшысы, бас бухгалтері қол қойған және ұйымның мөрімен куәландырылған мынадай құжаттарды:
      1) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес субсидияланатын авиабағыттар бойынша жолаушылардың, жүктің, багаждың және почтаның тасымалы туралы есебін;
      2) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес субсидияланатын авиабағыттар бойынша шығыстар тізілімін;
      3) осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес субсидияланатын рейстердің орындалуы туралы есебін қоса бере отырып, есепті айдан кейінгі айдың 25-күніне дейінгі мерзімде субсидияланатын рейстер бойынша қаржылық есепті уәкілетті органға ұсынады. Уәкілетті орган әуе кемелерінің ұшу сағатының өзіндік құны есебіне салыстыру жүргізеді.

      10. Уәкілетті орган тіркелген құжаттары бар субсидияланатын рейстер бойынша қаржылық есепті қабылдағаннан кейін осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес салыстыру актісін жасайды.

      11. Бюджеттік субсидияларды төлеу ай сайын айлық қаржылық есеппен салыстыру актісі негізінде жүргізіледі. Жылдың соңғы күнтізбелік айы үшін бюджеттік субсидиялар төлеу кейіннен келесі айдың 25-күнінен кешіктірмей нақты деректер бойынша жасалған қаржылық есепті ұсына отырып, 20 желтоқсаннан кешіктірмей берілген болжамдық деректер бойынша жасалған қаржылық есеп негізінде жүзеге асырылады.

      12. Республикалық және жергілікті бюджеттерден субсидиялар төлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225   қаулысымен бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      13. Осы Ереженің 9-тармағымен белгіленген талаптарды авиабағыттарды пайдалану процесінде орындамаған авиакомпанияларға, сондай-ақ авиабағытқа арналған куәліктерді қайтарып алған жағдайда (жолаушыларды, қолжүктерін, жүктерді және почтаны тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсету үшін) және уәкілетті орган ұшу кестелерін жойған жағдайда бюджеттік субсидияларды төлеу жүргізілмейді.

Ережеге
1-қосымша

   _____________________ авиакомпаниясының 200 жылғы __ айындағы
  (авиакомпанияның атауы)
                 субсидияланатын рейстер бойынша қаржылық есебі

Кезеңділігі: айлық
Өлшем бірлігі: теңге

Рейс
күні

Рейс
N
 
Ба-
ғыт

Ұшу
сағ-
аты

ӘК
типі

ӘК
ұшу
саға-
тының
өзін-
дік
құны

Әуе-
жай
қыз-
меті

Ж
Ж
М

А
Н
Қ

Метео-
қамта-
масыз
ету

Басқа
шығыс
-тар

Бар-
лық
пай-
да-
лану
шы-
ғыс-
тары

Тасы-
мал-
дан-
ған
жо-
лау-
шылар
саны

К
і
р
і
с

Суб-
си-
дия-
лау-
ға
жат-
атын
сома

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

         Басшы ________________________________
                   (басшының қолы, Т.А.Ә.)

      Бас бухгалтер_____________________________________
                       (бас бухгалтердің қолы, Т.А.Ә.)

      М.О.

Ережеге
2-қосымша

__________________________ авиакомпаниясының 200 жылғы ____ айындағы
  (авиакомпанияның атауы)
        субсидияланатын авиабағыттар бойынша жолаушылардың,
       жүктің, багаждың және почтаның тасымалы туралы есебі

      Өлшем бірлігі: теңге, ҚҚС-пен

Рейс
күні

Рейс
N

Жол-
аушы
купо-
нының
N
 
Авиа-
бағыт

Е/
Б/
С
 
Т
а
р
и
ф

Төлемдік
багаж
түбір-
тегінің
N
 
Мөл-
шері,
кг

Т
а
р
и
ф

Почта
жүк-
құжаты
беріл-
ген
күн

Мөл-
шері,
кг

Т
а
р
и
ф

К
і
р
і
с

Бір
ай-
дағы
бар-
лығы

3-қосымша

субсидияланатын авиабағыттар бойынша шығыстар тізілімі

       Өлшем бірлігі: теңге, ҚҚС-пен

Рейс
күні

Рейс
N

Авиабағыт

Қызмет көрсетушінің атауы

Шығыс
құжаты

Сомасы

1

2

3

4

5

6

Жиыны

4-қосымша

   _____________________ авиакомпаниясының 200 жылғы _________
  (авиакомпанияның атауы)
      субсидияланатын рейстердің орындалуы туралы есебі

       Өлшем бірлігі: теңге, ҚҚС-пен

Рейс
күні

Рейс
N

Авиабағыт

Ұшу сағаты

Отын шығысы

5-қосымша

Салыстыру актісі

200__ жылғы "___"_______________

Біз, төменде қол қойған ____________________________________
бір тараптан және __________________________________________
екінші тараптан, 200__ жылғы "___"_______________ жағдай бойынша жұмыстар үшін өзара есеп айырысудың осы салыстыру актісін жасадық

Жазбаның мазмұны

Авиакомпания

Уәкілетті орган

дебет

кредит

дебет

кредит

  Өзара есеп айырысуды салыстыру нәтижесінде субсидиялау сомасы

_____________________________________
(сомасы санмен және жазумен теңгемен)

            Тараптардың заңды мекен-жайлары:

Уәкілетті орган                 Авиакомпания
СТН                             СТН
Банк деректемелері              Банк деректемелері

________________________        _________________________
(басшының қолы, Т.А.Ә.)         (басшының қолы, Т.А.Ә.)

_______________________________ ________________________________
(бас бухгалтердің қолы, Т.А.Ә.) (бас бухгалтердің қолы, Т.А.Ә.)

М.О.                             М.О.
 
  Ережеге
6-қосымша

Жолаушылардың, жүктің, багаждың және почтаның тұрақты ішкі
авиатасымалдарын бюджеттік субсидиялаудың 
N ___________ үлгі шарты

Орналасқан жері                             200__ жылғы "___"_______

      Бұдан әрі "Тараптар" деп аталатындар, бұдан әрі тапсырыс беруші деп аталатын, ____________________________________________________
            (Тапсырыс берушінің толық атауы)
________________________________________________________ тұлғасында
(уәкілетті тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
бір тараптан және __________________________________ негізінде іс-әрекет
                    (Жарғының, Ереженің және т.б)
ететін, бұдан әрі Орындаушы деп аталатын _____________________
______________________________________________________________
      (тапсырыс орындаушының толық атауы)

  екінші тараптан, төмендегілер туралы осы Шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты:

1. Шарттың мәні

      1.1. Орындаушы авиабағыттың тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті кіріс деңгейін қамтамасыз етпейтін бағыттар бойынша тұрақты авиатасымалдарды жүзеге асырады.
      1.2. Тапсырыс беруші республикалық бюджеттің (жергілікті бюджеттің) қаражаты есебінен авиатасымалдарды субсидиялауды жүзеге асырады. Субсидиялауға Орындаушының тасымалдарды жүзеге асыруы кезінде белгіленген тариф пен пайдалану шығыстары көлемінің арасындағы алынған айырма жатады.
      1.3. Осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын (Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысымен бекітілген республикалық бюджеттік бағдарламаның паспортына сәйкес) 1-қосымшада кіріс деңгейін қамтамасыз етпейтін авиабағыттардың тізбесі, әрбір авиабағыт бойынша тариф келтірілген.

2.   Тараптардың кұқықтары мен міндеттері

      2.1. Бюджеттік бағдарлама паспортының нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында Тапсырыс беруші орындаушының келісімімен субсидияланатын авиабағыттар бойынша ұшу тарифін және жиілігін өзгертуге құқылы.
      2.2. Тапсырыс беруші заңнамада белгіленген тәртіппен және осы Шартта көзделген мерзімде авиабағыттарды бюджеттік субсидиялауды жүзеге асыруға міндеттенеді.
      2.3. Орындаушы авиабағыттарға куәліктерге, лицензияға, азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес авиатасымалдарды уақтылы және сапалы орындауға міндеттенеді.
      2.4. Тараптар алынған ақпаратқа, сондай-ақ құпиялылық сипаты бар деп арнайы көрсетілген білімге, тәжірибеге қатысты құпиялылықты сақтауға міндеттенеді.

3 .  Өзара есеп айырысу тәртібі

      3.1. Тапсырыс беруші Шарттың 3.3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Авиабағыттарға бюджеттік субсидияларды жұмсау ережесінің ажырамас бөлігі болып табылатын 2-қосымшаға сәйкес Салыстыру актісіне қол қойылған күннен бастап отыз күнтізбелік күннің ішінде 1-қосымшаға сәйкес бюджеттік субсидиялар төлеуді жүзеге асырады.
      3.2. Орындаушы ай сайын, айдан кейінгі айдың 25-күніне дейінгі мерзімде Тапсырыс берушіге ұйымның басшысы, бас бухгалтері куәландырған және мөрі қойылған мынадай құжаттарды:
      1) бюджеттік субсидияланатын авиабағыттар бойынша жолаушылардың,   жүктің, багаждың және почтаның тасымалы туралы есебін;
      2) бюджеттік субсидияланатын авиабағыттар бойынша шығыстар тізілімін;
      3) рейстің орындалуы туралы есебін қоса бере отырып, белгіленген нысан бойынша авиабағыттардың айлық қаржылық есебін ұсынады.
      3.3. Ұсынылған шоттармен келіспеген жағдайда Тараптар орындалған рейстердің шоттары мен тізілімдерін нақтылауды жүргізеді. Шоттарды қарау мен нақтылау мерзімі отыз күнтізбелік күннен аспауы тиіс. Шоттар мен тізілімдерді нақтылау осы шоттар бойынша төлеу мерзімін тоқтатпайды. Шоттар бойынша нақтыланған сомалар Тапсырыс берушіге келесі айдың қаржылық есебін ұсыну кезінде ескеріледі.
      3.4. Тапсырыс беруші қоса берілген құжаттармен бірге айлық қаржылық есепті қабылдағаннан кейін Ережеге 2-қосымшаға сәйкес Салыстыру актісін жасайды және жүргізілген шығыстардың мақсатты пайдаланылуы туралы қорытынды жасай отырып, авиатасымалдардың орындалуы мен бюджеттік субсидиялар сомасын растау фактілеріне тексеріс жүргізеді.

4. Тараптардың жауапкершілігі

      4.1. Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындамағаны не тиісті түрде орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жауаптылықта болады.
      4.2. Міндеттердің бұзылуына әкелетін нақты себептермен, өзге де жағдайлармен авиатасымалдарға уақтылы төлем жүргізілмеген жағдайда Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.
      4.3. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін бұзған Тарап бұл туралы үш күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде екінші Тарапқа хабардар етуге және кемшіліктерін жою үшін қолынан келген барлық әрекетті жасауға міндеттенеді. Өз міндеттемелерін бұзушылықты жоймаған жағдайда Шарттың 4.1-тармағына сәйкес кінәлі Тарап жауаптылықта болады.

5. Форс-мажорлық жағдайлар

      5.1. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған жағдайда әрбір Тарап бұл туралы екінші Тарапқа үш күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде дереу хабардар етуі тиіс.
      5.2. "Форс-мажорлық" жағдайлар деп Шарттың орындалуына кедергі келтіретін табиғи зілзалалар, Тараптардың Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауына кедергі келтіретін Тараптардың өздеріне байланыссыз мемлекеттік органдардың, оның ішінде қаржылық органдардың іс-әрекеттері, әскери қимылдар, төтенше жағдайлар мен жұмылдыру іс-шараларын жариялау, ауа райы мен табиғи және кез келген басқа да жағдайлар түсініледі.
      5.3. Егер форс-мажорлық жағдайлар отыз күнтізбелік күн бойы болса және тоқтамаған жағдайда, Тараптар Шарт бойынша өздерінің әрі қарайғы іс-әрекеттерін жазбаша түрде келіседі.

6. Шарттың қолданылу мерзімі, оны өзгерту мен бұзу шарттары,
дауларды қарау тәртібі

      6.1. Шарт 200__жылғы "___"______ бастап күшіне енеді және 200_жылғы "___"______ дейін қолданылады.
      6.2. Шарттың қолданылу мерзімін екі Тараптың келісімімен авиабағытқа берілген куәлікте көзделген мерзімге тиісті Қосымша келісім жасай отырып ұзартуға болады.
      6.3. Шарт мынадай негіздер бойынша бұзылуы мүмкін:
      Тараптардың өзара келісімі бойынша;
      екінші тарап міндеттемелерін орындамаған жағдайда, Тараптардың бірінің талап етуі бойынша.
      6.4. Шартты орындаудан бір жақты бас тарту немесе Шартты бір жақты бұзу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      6.5. Тараптар туындаған даулар мен келіспеушіліктерді келіссөздер арқылы шешеді, келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешілетін болады.
      6.6. Осы Шартқа барлық өзгерістер мен қосымшалар жазбаша түрде әрбір Тарапқа бір данадан орыс тілінде бірдей заңдық күші бар екі данада жасалады және екі Тарап та қол қояды.
      6.7. Осы Шарт 200_жылғы "___"______ қаласында әрбір Тарапқа бір данадан орыс тілінде бірдей заңдық күші бар екі данада жасалды. 

7. Тараптардың деректемелері мен қолдары

Тапсырыс беруші                       Орындаушы

_______________                      _________________
(толық атауы)                         (толық атауы)

_______________                      _________________
  (мекен-жайы)                          (мекен-жайы)

________________                     __________________
(басшының Т.А.Ә.)                    (басшының Т.А.Ә.)

______________                       _________________
   (қолы)                                (қолы)

200 жылғы«"___"______    «           200 жылғы ___"______»    «

М.О.                                 М.О. 

Жолаушылардың және жүктің тұрақты
ішкі авиатасымалдарын     
бюджеттік субсидиялаудың   
200 жылғы«"___"______    
N ____ шартына       
1-қосымша        

Әрбір авиабағыт бойынша және кіріс, тарифтер
деңгейін қамтамасыз етпейтін авиабағыттардың тізбесі

       Өлшем бірлігі: теңге, ҚҚС-пен

Р/с
N
Авиабағыт Жиілік саны
(бір аптада)
Тариф (әуежайлық
және сақтандыру
алымдарын ескере
отырып)
1 кг
жүктің
және
багаждың
тарифі
1 2 3 4 5

         Осы 1-қосымша Жолаушылардың, жүктің, багаждың және почтаның тұрақты ішкі авиатасымалдарын бюджеттік субсидиялаудың 200 жылғы "___"______ N ___ Шартының ажырамас бөлігі болып табылады.

    Тапсырыс беруші                   Орындаушы

   _______________                      _________________
   (Т.А.Ә., қолы)                        (Т.А.Ә., қолы)

   200 жылғы ___"______»               200 жылғы ___"______»   

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 262658
    Қазақ тілінде 131138
    Орыс тілінде 130626
    Ағылшын тілінде 894
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы