Кеме кітабында мемлекеттік тіркелуге жататын кемелермен болған көлік оқиғаларын тергеп-тексеру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 23 ақпандағы № 150 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 сәуірде № 10712 тіркелді.

      "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Кеме кітабында мемлекеттік тіркелуге жататын кемелермен болған көлік оқиғаларын тергеп-тексеру қағидаларын қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

      1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің

міндетін атқарушы

Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Iшкi iстер министрі

      ______________ Қ. Қасымов

      2015 жылғы 4 наурыз

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі
міндетін атқарушысының
2015 жылғы 23 ақпандағы
№ 150 бұйрығымен
бекітілген

Кеме кітабында мемлекеттік тіркелуге жататын кемелермен болған көліктік оқиғаларды тергеп-тексеру қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Кеме кітабында мемлекеттік тіркелуге жататын кемелермен болған көліктік оқиғаларды тергеп-тексеру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-бабы 3-тармағының 55-17) тармақшасына сәйкес әзірленген.

      2. Қағидалар кеме кітабында мемлекеттік тіркелуге жататын кемелермен болған көліктік оқиғаларды тергеуді жүргізу тәртібін айқындайды.

      3. Кеме кітабында мемлекеттік тіркелуге жататын кемелермен болған көліктік оқиғаларды тергеуді жүргізудің мақсаты мән-жайларды, себептерді, салдарды белгілеу, қатысты тұлғалардың іс-қимылын бағалау, оларды болдырмау бойынша шаралар қабылдау, сондай-ақ авариялардың алдын алу жөнінде тиісті ұсынымдар дайындау болып табылады.

      4. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) кемелерді су басу — корпустың суға толық батуы немесе корпусқа судың кіруі немесе аударылуы нәтижесінде жүзгіш қорлардың толық жоғалуы;

      2) кеме кітабында мемлекеттік тіркелуге жататын кемелермен болған көліктік оқиғалар (бұдан әрі - көліктік оқиға) - кемемен болған, оны апатқа және теңізде жүзу қасиетін жоғалтуға, кеменің басқа кемені (кемелерді), навигациялық жабдық құралдарын, және теңіз инфрақұрылымы объектілерінің зақымдауына әкеп соқтырған оқиға;

      3) теңізде жүзу қасиеті - кеменің жүзуде пайдалану жағдайларындағы әрекетін айқындайтын сипаттамаларының жиынтығы: жүзгіштігі, беріктігі, суға батпайтындығы, жүргіштігі, басқарушылығы;

      4) уәкілетті орган - сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы басқаруды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген – салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      5) порттың теңіз әкімшілігі – уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі.

      5. Көліктік оқиғаларды тергеу органы уәкілетті орган болып табылады.

      6. Сауда мақсатында теңізде жүзу мақсатында пайдаланылатын теңіз кемелерімен, ішкі су көлігі кемелерімен және өзенде-теңізде жүзу кемелерімен соқтығысуға байланысты көліктік оқиғаларды уәкілетті орган бекіткен Заңның 4-бабы 3-тармағының 55-17) тармақшасына сәйкес бекітілген Кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеу қағидасына сәйкес уәкілетті орган тергейді.

      7. Порттың теңіз әкімшілігі көліктік оқиға туралы мәліметтерді осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға, уәкілетті органның ведомствосына, ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшесіне және көліктік прокуратураға дереу хабарлайды.

      8. Нәтижесінде адам өлімі не ауыр дене жарақаттары болған көліктік оқиғалар не кемеден адамдар жоғалып кеткен, сондай-ақ кеменің толық конструктивтік қирауы, кемені су басуы, кеменің навигациялық жабдық құралдарын, теңіз инфрақұрылымы объектілерін зақымдап, оларды пайдаланудан шығаруға әкеп соқтыруы авария ретінде сыныпталады.

      9. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілмеген басқа жағдайларда, көліктік оқиға пайдалану оқиғасы ретінде сыныпталады.

2. Көліктік оқиғаларды тергеу тәртібі

      10. Көліктік оқиғаларды тергеу кемелердің жүзу ауданындағы көліктік оқиғалардың салдарын жоюға және кеме қозғалысын қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарға кедергі болмауға тиіс.

      11. Көліктік оқиғаларды тергеу уәкілетті органның көліктік оқиғаны тіркеген сәттен бастап отыз жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

      12. Уәкілетті органның қызметкері көліктік оқиғаны тергеу кезінде көліктік оқиға болған жерге келген соң, зақымдалған кемелер мен объектілерді тексеріп қарауды жүргізеді. Уәкілетті органның қызметкерлері келгенге дейін, оқиға болған жерді, зақымдалған кемелер мен объектілерді тексеріп қарауды уәкілетті орган аумақтық бөлімшесінің қызметкері жүзеге асырады.

      13. Уәкілетті органның қызметкері көліктік оқиғаның қатысушыларынан және куәгерлерінен жазбаша сұрау жүргізеді, оның барысында мыналар анықталады:

      1) шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің, шағын көлемді кемеге кеме билетінің болуын, шағын көлемді кемені жүргізушінің жүзу өтілі;

      2) шағын көлемді кеме жүргізушісі оқиғадан кейін дереу адамдарға және кемелерге көмек көрсету үшін қабылдаған шаралары.

      14. Уәкілетті органның қызметкері көліктік оқиғаға қатысқан кемелерді қарап, оның барысында мыналарды тексереді:

      1) көліктік оқиғаның алдын алуда жай-күйі маңызды болған кеме құрылғылары мен аспаптарының жарамдылығы;

      2) корпусы және оның су өткізбеушілік жағдайы;

      3) бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері;

      4) сигнал оттарының болуы мен олардың көрінуі.

      15. Уәкілетті органның қызметкері көліктік оқиға орын алғанға дейін, ол орын алған уақыттағы және одан кейін кемелердің қозғалысы мен орналасуының схемасын құрастырады, бұл ретте көліктік оқиға кезінде орын алған жағдай мен факторлардың әсер ету деңгейін, атап айтқанда:

      1) метереологиялық жағдайларды (көріну қашықтығы, желдің, жаңбырдың, тұманның, толқынның және басқа метеорологиялық факторлардың болуы);

      2) оқиға болған ауданда басқа кемелердің болуы және олардың көліктік оқиға салдарына әсер етуін белгілейді.

      16. Кемелердегі көліктік оқиғаларды тергеуді жүргізуге байланысты барлық мәселелер бойынша уәкілетті орган мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, сондай-ақ ғылыми ұйымдар, арнайы сараптамалық комиссиялар зертханаларының құзыреті шегінде олармен тікелей өзара іс-қимыл жасайды.

      17. Көліктік оқиғаны тергеу мынадай жағдайларда:

      1) көліктік оқиғаға қатысы бар адамдарда күтпеген мән-жайлар (ауыру, іссапар және басқа себептер) туындаған;

      2) сараптама, тәжірибе жұмыстарын жүргізу немесе кемелерді су басуына, олардың қирауымен байланысты көліктік оқиғаның мән-жайларын қосымша анықтау үшін;

      3) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, сондай-ақ ғылыми ұйымдар, сараптамалық комиссиялар зертханаларының, құзыреті шегінде олардың құжаттарын, материалдарын және қорытындыларды ұсыну үшін уәкілетті органның шешімі бойынша күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      18. Сараптамалық комиссияны немесе көліктік оқиғалар бойынша жекелеген сарапшыларды уәкілетті орган тағайындайды.

      Сараптама тағайындалған кезде сараптамалық комиссиясының (сарапшының) алдына сараптама жүргізу барысында шешуге жататын нақты мәселелер қойылады, материалдар ұсынылады.

      19. Сарапшылар болып жоғары немесе техникалық арнайы орта білімі бар және кемінде 5 жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар адамдар (кеме жүргізушілері, кеме механиктері, электр механиктері, электр техниктері, радио техниктер, гидротехниктер, корабль жасаушылар, пайдаланушылар) және жобалау-конструкторлық ұйымдардың қызметкерлері тағайындалады.

      Сараптамаға қатысу үшін көрсетілген ұйымдар басшыларының келісімі бойынша уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымдарының мамандарын шақыруға болады.

      20. Сарапшылар өз міндеттерін орындау кезінде:

      көліктік оқиғаларды тергеудің сараптамалық қорытындысы үшін қажетті материалдармен танысады;

      кемелерді және олардың құрылғыларын қарап тексеруді жүргізеді, кеме механизмдерінің, жүйелерінің, құрылғыларының, аспаптарының және басқа жабдықтарының жұмыс істеуін тексереді.

      21. Сарапшылар қорытындыда сараптамалық комиссиясының алдына қойылған барлық мәселелерге жауаптарды көрсетеді. Қойылған мәселеге егжей-тегжейлі әрі толық жауап беру мүмкін болмаған жағдайда сарапшылар бұған дәлелді түсінік береді.

      22. Көліктік оқиғаны уәкілетті орган осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізілетін Көліктік оқиғаларды тіркеу журналына (бұдан әрі — Тіркеу журналы) тіркейді.

      23. Тіркеу журналы нөмірленеді, тігіледі және ол уәкілетті органның мөрімен расталады.

      24. Тергеу материалдары бойынша уәкілетті органның тергеу жүргізген қызметкері көліктік оқиғаны сыныптайды және көліктік оқиға туралы дәлелді қорытындыны жасайды және бір-бір данадан уәкілетті органның ведомствосына және көліктік оқиғаға тікелей жол берген қатысушыларға жібереді.

      25. Қорытындыда мынадай мәліметтер қамтылады:

      1) көліктік оқиғаға қатысушылар туралы қысқаша мәліметтер (кемелердің атауы, қуаты, қозғалыс бағыты, кеме жүргізушілер және көлік оқиғасына басқа қатысушылар туралы мәліметтер, оларда тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, лауазымы және жұмыс орны, шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлігі туралы мәліметтер, шағын көлемді кемеге кеме билеті, жұмыс өтілі тіркелді);

      2) көліктік оқиғаның уақыты және орны, навигациялық жабдықтың немесе теңіз инфрақұрылымы объектілерінің орналасуы және оларға кемелердің қатысы бойынша жағдайы;

      3) көліктік оқиға мән-жайларының және ауа райы жағдайларының қысқаша сипаты, көліктік оқиғаға қатысы бар кеме жүргізушілері мен басқа адамдардың іс-қимылы, олардың алкогольдік, нашақорлық немесе уыттық мастануының болу жағдайы;

      4) көліктік оқиғаның себептері;

      5) кемелердің, жүзбелі объектілердің зақымдану орнын, мөлшері мен сипатын, жағалау объектілерінің немесе құрылыстарының зақымдануын, адамдардың ауыр дене жарақаттарын алуын, қаза болуын, кемеден жоғалып кетуін сипаттай отырып, көліктік оқиғаның салдары;

      6) көліктік оқиғаның салдарын жою үшін пайдаланылған техникалық құралдар;

      7) көліктік оқиғаға тікелей жол берген немесе оның туындауына ықпал еткен адамдардың тізбесі;

      8) кемелердегі көліктік оқиғалардың болуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі ұсынымдар.

      26. Кеме иесі, кеме жүргізушісі қорытындыны алғаннан кейін техникалық жай-күйін, одан әрі пайдалану және/немесе жөндеу шарттарын анықтау мақсатында уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне кемені кезектен тыс техникалық куәландыруға ұсынады.

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 261117
    Қазақ тілінде 130391
    Орыс тілінде 129854
    Ағылшын тілінде 872
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы