Қазақстан Республикасының қорғаншылық және қамқоршылық органдары туралы және Патронат туралы ережелерді және Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке алуды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 қыркүйектегі N 1346 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 389 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.30 № 389 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы  заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Қоса беріліп отырған: 
      1) Қазақстан Республикасының қорғаншылық және қамқоршылық органдары туралы ереже; 
      2) Патронат туралы ереже; 
      3) Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке алуды ұйымдастыру ережесі бекітілсін. 
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 
      1) "Қазақ КСР-інің қорғаншылық және қамқоршылық органдары туралы ережені бекіту туралы" Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1970 жылғы 27 ақпандағы N 136 қаулысы (Қаз КСР ҚЖ, 1970 ж., N 4, 20 құжат); 
      2) "Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1970 жылғы 27 ақпандағы N 136 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар ендіру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 16 мамырдағы N 521 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 22, 227-құжат).
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және баспасөзде жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы    
Үкiметiнiң        
1999 жылғы 9 қыркүйектегi 
N 1346 қаулысымен    
бекiтiлген        
 
  Қазақстан Республикасының қорғаншылық және
қамқоршылық органдары туралы 
Ереже

 1. Жалпы ережелер

      1. "Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қорғаншылық пен қамқоршылық:

      1) ата-анасының қайтыс болуының, оларды ата-аналық құқықтарынан айырудың, шектеудiң, ата-анасын әрекетке қабiлетсiз деп танудың, ата-анасының науқастығының, ата-анасының ұзақ уақыт болмауының, ата-анасының балаларын тәрбиелеуден немесе олардың құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруының, оның iшiнде ата-анасының балаларын тәрбиелеу, емдеу және басқа да осындай мекемелерден алудан бас тартуының салдарынан, сондай-ақ ата-аналық қамқорлық болмаған өзге де жағдайларда балаларды орналастыру, олардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында;

      2) әрекетке қабiлетсiз немесе қабiлетi шектеулi кәмелетке толған адамдардың мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн белгiленедi.

      2. Егер қорғаншылық немесе қамқоршылық белгiленген адамның басқа жерде мүлкi болса, онда осы мүлiктi басқару үшiн қорғаншылық және қамқоршылық органдар оның орналасқан жерi бойынша қорғаншылық тағайындай алады. 
      Патронаттық тәрбиешiлердiң еңбегiне ақы төлеу шарттары заңнамаға сәйкес мемлекеттік бiлiм беру мекемелерi тәрбиешiлерiнің еңбегiне ақы төлеу шарттарына ұқсас анықталады. <*> 
      Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкiметiнiң 2002.01.11. N 41 қаулысымен.  P020041_

        3. Қорғаншылық он төрт жасқа толмаған балаларға, сондай-ақ психикалық аурудың салдарынан немесе ақыл-есі кемiстiгiнiң салдарынан сот әрекетке қабiлетсiз деп таныған адамдарға белгiленедi. 
      Қорғаншылық кәмелетке толмаған, әрекетке қабілетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi кәмелетке толған адамдардың, қайтыс болған немесе соттың шешiмiмен қайтыс болды немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған адамдардың мүлкiне тағайындалады.

      4. Қамқоршылық он төрттен он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ спирттi iшiмдiктерге немесе есiрткi заттарға салынуы салдарынан сот әрекет қабiлетi шектеулi деп таныған адамдарға белгiленедi.

      5. Денсаулығы жағдайы бойынша өзiнiң құқықтарын өз бетiнше жүзеге асыра және мiндеттердi орындай алмайтын кәмелетке толған әрекетке қабiлетсiз адамдардың өтiнiшi бойынша қамқоршылық белгiленуi мүмкiн.

      6. Жергiлiктi атқарушы органдар қорғаншылық және қамқоршылық органдары болып табылады. 
      Аудандық және қалалық атқарушы органдар өздерiнiң қорғаншылық және қамқоршылық жөнiндегi функцияларын уәкiлеттi бiлiм, халықты әлеуметтiк қорғау және денсаулық сақтау органдары арқылы жүзеге асырады, ал поселкелiк, селолық, ауылдық атқарушы органдар бұл функцияларды дербес жүзеге асырады.

      7. Қорғаншылық және қамқоршылық органдары өз функцияларын "Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы мен осы Ереженiң негiзiнде жүзеге асырады.

      8. Қорғаншылық және қамқоршылық органдарынан басқа жеке және заңды тұлғалардың ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру жөнiндегi қызметiне тиым салынады.

      9. Қорғаншылық және қамқоршылық органдары қорғаншыны немесе қамқоршыны белгiлеу кезiнде ең алдымен қамқорлыққа алынатындардың мүдделерiне сүйенедi.

      10. Екi жыныстағы кәмелетке толған адамдар: 
      1) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi деп таныған адамдарды;

      2) сот бойынша ата-аналық құқықтарынан айрылған немесе шектелген адамдарды;

      3) өзiне заңмен жүктелген мiндеттерiн дұрыс орындамағаны үшiн қорғаншы (қамқоршы) мiндетiнен шеттетiлгендердi;

      4) егер асырап алу олардың кiнәсi бойынша сотпен тоқтатылған болса, бұрынғы бала асырап алушыларды;

      5) денсаулығы жағдайы бойынша* баланы тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттерiн атқара алмайтын адамдарды қоспағанда қорғаншылар (қамқоршылар) бола алады.
      *Бала асырап алуға, қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), патронатқа алуға болмайтын аурулардың тiзiмi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 24 маусымдағы N 842 қаулысымен бекiтiлген.     
      Егер ол қамқорлыққа алынушының мүдделерiне қайшы келмейтiн болса жұбайының, ата-анасының, туыстарының немесе қамқорлыққа алынушыға жақын басқа да адамдардың қорғаншы немесе қамқоршы болып тағайындалуға басым құқығы болады.

      11. Егер қамқорлыққа алынушылардың мүдделерiнiң арасында қайшылық болмаса, бiрнеше адам үшiн бiр қорғаншы немесе қамқоршы тағайындауға жол берiледi.

      12. Ата-анасы әрекетке қабiлетсiз және ата-аналық құқықтарынан айрылмаған, бiрақ оларды тәрбиелеудi жүзеге асыра алмайтын кәмелетке толмаған балаларға қорғаншылық және қамқоршылық тағайындау кезiнде қорғаншылар мен қамқоршылар ата-аналардың тiлегi ескерiле отырып тағайындалады.

      13. Қорғаншылық пен қамқоршылықты қорғаншылық пен қамқоршылыққа мұқтаж адамдардың тұрғылықты жерi бойынша қорғаншылық және қамқоршылық органдары белгiлейдi. Жекелеген жағдайларда қорғаншылық (қамқоршылық) қорғаншының (қамқоршының) тұрғылықты жерi бойынша белгiленуi мүмкiн.

      14. Қорғаншыны (қамқоршыны) тағайындау туралы мәселенi мына құжаттар: 
      1) адамның қорғаншы (қамқоршы) болғысы келетiндігі туралы өтiнiшi;

      2) егер жасы кәмелетке толмаған балаға қорғаншы (қамқоршы) болғысы келген адам некеде тұратын болса, жұбайының келiсiмi;

      3) қорғаншы (қамқоршы) болғысы келетiн адамның денсаулығы жағдайы туралы анықтама;

      4) егер қорғаншы (қамқоршы) болғысы келетiн адам некеде тұратын болса, жұбайының денсаулығы жағдайы туралы анықтама;

      5) баланы тәрбиелеуге тiлек бiлдiрген адамның тұрмыс жағдайын тексеру актiсi;

      6) қорғаншылық (қамқоршылық) белгiленетiн баланың тұрмыс жағдайын тексеру актiсi болған жағдайда қорғаншылық және қамқоршылық органдары шешедi.

      15. Қорғаншы (қамқоршы) болып белгiленген адамға қорғаншылық (қамқоршылық) органдарының шешiмiне сәйкес куәлiк берiледi.

      16. Қорғаншылыққа (қамқорлыққа) мұқтаж және тиiстi тәрбиелiк, емдеу мекемелерiндегi және халықты әлеуметтiк қорғау мекемелерiндегi адамдардың қорғаншысы мен қамқоршысы осы мекемелердiң әкiмшiлiгi болып табылады.
      Қорғаншының (қамқоршының) баланы мұндай мекемеге уақытша орналастыруы қорғаншының (қамқоршының) осы балаға қатысты құқықтары мен мiндеттерiн тоқтатпайды.

      17. Қорғаншылар мен қамқоршылар кез-келген тұлғалармен, оның iшiнде соттарда өз қамқорлығындағылардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауға арнайы өкiлеттiксiз қатысады.

2. Қорғаншылық және қамқоршылық органдарының құқықтары

      18. Қорғаншылық және қамқоршылық органдардың заңдарда белгiленген тәртiппен:

      1) қорғаншылар мен қамқоршыларды тағайындауға;

      2) қамқоршының он алты жасқа толған қамқорлығындағы баладан оның тәрбиесiне, құқықтары мен мүдделерiне қолайсыз әсер етпеуi шартымен бөлек тұруына рұқсат беруге;

      3) қорғаншыларды (қамқоршыларды), егер олар науқастығына, мүлiктiк жағдайы өзгеруiне, қамқорлығындағы адаммен өзара түсiнiстiктiң болмауына орай немесе басқа да дәлелдi себептер бойынша, олардың өтiнiмi бойынша оларды өз мiндеттерiн орындаудан босатуға;

      4) "Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiлеген жағдайларда баланы асырап алуға келiсiм беруге;

      5) егер асырап алушы баланы тәрбиелеу және оған қамқорлық жасау жөнiндегi өзiнiң мiндеттерiн дұрыс орындамаса, сондай-ақ баланың мүдделерi оны талап ететiн басқа да жағдайларда асырап алуды тоқтатуды талап етуге;

      6) асырап алуды жарамсыз деп тануды талап етуге;

      7) егер ол балаға зиянды әсер етпесе, ата-аналық құқығынан айрылған ата-ананың (олардың бiреуiнiң) өтiнiшi бойынша баламен кездесуге рұқсат етуге;

      8) заңдарда көзделген жағдайларда, егер ол балаға зиянды әсер етпейтiн болса, ата-аналық құқықтары сотпен шектелген ата-аналарға баласымен араласуға келiсiм беруге;

      9) ата-ананың арасындағы балаларды тәрбиелеу мен бiлiм беруге қатысты мәселелер жөнiндегi келiспеушiлiктi шешуге;

      10) қорғаншыға (қамқоршыға) қамқорлығындағы адамның мүлкiн иелiктен шығару, оның iшiнде айырбастау немесе сыйға тарту жөнiнде мәмiле жасауға (мәмiле жасауға келiсiм беруге) немесе оның атынан кепiлдiк шарт жасасуға, оны жалға (арендаға), тегiн пайдалануға немесе кепiлге беруге, қамқорлығындағы адамның заң бойынша және өсиет бойынша мұраға тиесілi құқығынан бас тартуға әкелетiн мәмiле жасауға, оның мүлкiн бөлуге немесе одан оның үлесiн шығаруға, сондай-ақ қамқорлығындағы адамның мүлкiн азайтуға әкелетiн кез-келген басқа да мәмілелерді жасауға рұқсат беруге;

      11) қорғаншы осы баптың 10-тармағында көрсетiлген мәмілелердің нәтижесiнде алған қаражаттың қалай жұмсалуы қажет екендiгiн айқындауға;

      12) қамқорлығындағы адамның қорғаншыға (қамқоршыға), оның жұбайына немесе туыстарына осы адам қорғаншы (қамқоршы) болып тағайындалғанға дейiн пайда болған қамқорлықтағы адамның қарыздарын төлеуiне рұқсат етуге;

      13) белгіленген тәртiппен қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған адамдардың мүлкiне қорғаншылық тағайындауға;

      14) баланы асырап алуды жарамсыз деп табуды талап етуге;

      15) баланы асырап алуды жоюды талап етуге;

      16) ата-анасын немесе олардың бiреуiн ата-аналық құқықтарынан айыру туралы iс қозғауға;

      17) қорғаншылар мен қамқоршылардың iс-әрекетiне шағымдарды қарастыруға;

      18) қорғаншы немесе қамқоршы өзiне жүктелген мiндеттердi дұрыс орындамаған, оның iшiнде олар қорғаншылық пен қамқоршылықты жеке басының мақсатына пайдаланылған кезде немесе қамқорлығындағы адамды бақылаусыз және қажеттi көмексiз қалдырған жағдайларда, қорғаншылар мен қамқоршыларды бұл мiндеттердi орындаудан шеттетуге;

      19) қамқорлыққа алынған адамға оны ұстауға жеткiлiктi қаражат болмаған жағдайда, жәрдемақы тағайындауға;

      20) кәмелетке толмаған балалардың, сондай-ақ кәмелетке толған әрекетке қабiлетсiз немесе қабiлетi шектеулi адамдардың мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн басқа да қызметтердi жүзеге асыруға құқығы бар.

3. Қорғаншылық және қамқоршылық органдарының мiндеттерi

      19. Қорғаншылық және қамқоршылық органдар заңдарда белгiленген тәртiппен:

      1) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтауға, олардың тұрмыс жағдайларын тексеруге, мұндай балалардың есебiн жүргiзуге және ата-анасының қамқорлығынан айрылуының нақты жағдайларына қарай балаларды орналастырудың нысандарын таңдауға, сондай-ақ олардың күтiмi, тәрбиесi және бiлiм алуы жағдайларын одан әрi бақылауды жүзеге асыруға;

      2) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәлiмет алған күннен бастап үш күннiң iшiнде баланың құқықтары мен мүдделерiн қорғауды және бiр айдың iшiнде оны орналастыруды қамтамасыз етуге. 
      Баланы отбасына тәрбиелеуге беру мүмкiн болмаған жағдайда, ол туралы мәлiметтi баланы есепке алу және кейiннен Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматының отбасына тәрбиелеуге орналастыруға жәрдемдесу үшiн тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң бiлiм берудi басқару органына жолдауға;

      3) қорғаншылар мен қамқоршылардың қызметiн бақылауды жүзеге асыруға, ол үшін жылына кемінде екі рет олардың өз міндеттерін орындауын тексеруге, сондай-ақ жыл сайын қорғаншылардың қамқорлығындағы адамның денсаулық жағдайы туралы, оларды тәрбиелеу жөніндегі жұмыстары туралы есеп беруін талап етуге;

      4) ата-аналық құқықтарынан айыру немесе шектеу, ата-аналық құқықтарын қалпына келтiру, бала асырап алудың күшiн жою немесе жарамсыз деп тану, жасы кәмелетке толмағандармен некенi жарамсыз деп тану, сондай-ақ "Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес басқа да істер қаралған кезде сотқа қатысуға;

      5) бала мен оны тәрбиелеуге тiлек бiлдiрген адамдардың тұрмыс жағдайларын тексеруге;

      6) он жасқа толған баланың асырап алуға келiсiмiн анықтауға және ол үшiн ұғынымды нысанда асырап алудың мәнiн түсiндiруге;

      7) баланы асырап алудың құпиясын сақтауға; 
      8) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған балалардың, белгiленген тәртiппен жүйкесi ауру немесе ақыл-есi жетiмсiз немесе әрекетке қабілетi шектеулi деп танылған адамдардың мүлкiнiң қаттауын, сондай-ақ белгiленген тәртiппен, қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған және денсаулығы жағдайы бойынша өз бетiнше өзiнiң құқықтарын қорғай алмайтын және өзiнiң мiндеттерiн атқара алмайтын кәмелетке толған адамдардың мүлкiнiң қаттауын жасауға;

      9) қатталған мүлiктi қорғау шараларын қабылдауға;

      10) қорғаншылар мен қамқоршылардан өздерiнiң мiндеттерiн жүзеге асыруды талап етуге мiндеттi. 
 
  4. Қорғаншылық және қамқоршылық органдарының
шешімдерiне шағымдану

      20. Қорғаншылық және қамқоршылық органдарының барлық мәселелер жөнiндегi шешiмдерiне сот тәртiбiмен мүдделі адамдар шағымдануы мүмкiн.

Қазақстан Республикасы   
Yкiметiнiң         
1999 жылғы 9 қыркүйектегi 
N 1346 қаулысымен    
бекiтiлген      

 Патронат туралы ереже

 1. Жалпы ережелер

      1. "Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес патронат нысанындағы қорғаншылық және қамқоршылық ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, оның iшiнде тәрбиелеу, емдеу немесе басқа да осындай мекемелердегi кәмелетке толмаған балаларға белгiленедi.

      Патронат - ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қорғаншы және қамқоршы орган мен баланы тәрбиелеуге алуға тiлек бiлдiрген тұлға (патронаттық тәрбиешi) жасасқан шарт бойынша азаматтардың отбасына берiлетiн тәрбиенiң нысаны.
      Баланы тәрбиелеуге алуға тiлек бiлдiрген тұлға (патронаттық тәрбиешi) мен қорғаншы және қамқоршы органның арасында жасалатын баланы (балаларды) тәрбиелеуге беру туралы шарт патронаттың пайда болуына негiз болып табылады.

     2. Баланы тәрбиелеуге беру туралы шарт:

     1) баланы асырап-бағу, тәрбиелеу және оқыту жағдайларын;

     2) патронаттық тәрбиешiлердiң құқықтары мен мiндеттерiн;

     3) қорғаншы және қамқоршы органдардың патронаттық тәрбиешiге қатысты мiндеттерiн;

     4) шартты тоқтатудың негiздерi мен салдарын;

     5) баланың патронаттық тәрбиешiге қандай мерзiмге берiлетiндiгiн қамтуы тиiс.
     Патронаттық тәрбиешiлердiң еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.

     3. Баланы тәрбиелеуге беру туралы шартты мерзiмiнен бұрын бұзуға:
      1) дәлелдi себептер (сырқаттану, отбасылық немесе материалдық жағдайдың өзгеруi, баламен өзара түсiнiстiктiң болмауы, балалар мен басқалардың арасындағы шиеленiстi қарым-қатынастар) болған кезде патронаттық тәрбиешiлердiң бастамашылығы бойынша;

      2) баланы асырап-бағу, тәрбиелеу және бiлiм беру үшiн қолайсыз жағдайлар пайда болған кезде қорғаншы және қамқоршы органның бастамашылығы бойынша;

      3) бала ата-анасына қайтарылып берiлген немесе баланы асырап алған жағдайларда мүмкiн болады.

 2. Балаларды патронаттық тәрбиешiлерге тәрбиелеуге беру

      4. Қорғаншы және қамқоршы органдар баланы патронаттық тәрбиешiлерге тәрбиелеуге беру кезiнде оның этникалық шыққан тегiн, белгілi бiр дiнге және мәдениетке қатысын, ана тiлiн ескере отырып, баланың мүддесiн басшылыққа алады. 
      Баланы (балаларды) шарт бойынша патронаттық тәрбиешiлерге беру үшiн алдын ала таңдауды қорғаншы және қамқоршы органмен келiсiм бойынша баланы (балаларды) отбасына қабылдауға тiлек бiлдiрген адамдар жүзеге асырады. 
      Ағайындыларды, олардың мүдделерiне жауап беретiн жағдайларды қоспағанда, ажыратуға жол берілмейдi.

      5. Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиешiлерге беру оның пiкiрi ескерiле отырып, ал он жасқа толған баланы (балаларды) беру - тек оның келiсiмiмен жүзеге асырылады. 
      Патронаттық тәрбиешiлердiң қамқорлығына ата-анасының қамқорлығынан айрылған және жеке адамдардың қорғаншылығында (қамқорлығында) емес балалар алынады.

      6. Патронаттық тәрбиешiлерге қорғаншылыққа және қамқорлыққа берiлген әрбiр балаға мекеменiң әкiмшілiгi немесе бiлiм бөлiмдерi мынадай құжаттарды:

      1) тууы туралы куәлiгiн;

      2) денсаулық жағдайы туралы дәрiгерлiк анықтама мен баланың даму тарихының көшiрмесiн;

      3) бiлiмi туралы құжатты;

      4) ата-анасы туралы құжаттарды (қайтыс болуы туралы куәлiк, сот үкiмi немесе шешiмi, ата-анасының науқасы немесе iздестiрiлуi туралы анықтама және баланың ата-анасының қамқорлығынан айрылғандығын растайтын басқа да құжаттар);

      5) зейнетақы алатын балаларға зейнетақылық кiтапшаны, соттың алимент өндiрiп алу жөнiндегi шешiмiнiң көшiрмесiн;

      6) аға-iнiлерi, апа-сiңлiлерi және олардың тұратын жерлерi туралы анықтаманы ұсынады. 
      Патронаттық тәрбиешiлерге берiлген бала (балалар) алиментке, зейнетақыға, жәрдемақыға және басқа да әлеуметтiк төлемдерге құқығын, сондай-ақ тұрғын үй-жайға меншiк құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын сақтайды. Тұрғын үй-жайы болмаған жағдайда тұрғын үй заңдарына сәйкес оған тұрғын үй-жай берiлуге құқығы болады.

      7. Патронаттық тәрбиешiлерге берiлген бала (балалар) "Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өзге де құқықтарға ие болады.

3. Патронаттық тәрбиешiлер

      8. Патронаттық тәрбиешiлердi iрiктеудi қорғаншы және қамқоршы органдар жүзеге асырады.
      Екi жыныстағы жасы кәмелетке толған адамдар ғана:

      1) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлеті шектеулi деп таныған адамдарды;

      2) сот бойынша ата-аналық құқықтарынан айрылған немесе сот ата-аналық құқықтарын шектеген адамдарды;

      3) өзiне заңдармен жүктелген мiндеттердi дұрыс атқармағаны үшiн қорғаншы (қамқоршы) мiндетiнен шеттетiлгендердi;

      4) бала асырап алуды олардың кiнәсi бойынша сот тоқтатқан бұрынғы бала асырап алушыларды;

      5) денсаулық* жағдайы бойынша баланы тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттерiн жүзеге асыра алмайтын адамдарды қоспағанда, патронаттық тәрбиешi бола алады.

      *Баланы асырап алуға, оны қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), патронатқа алуға болмайтын аурулардың тiзбесi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 24 маусымдағы N 842 қаулысымен бекiтiлген. 
      9. Егер олардың мүдделерiнiң арасында қайшылық болмаса бiрнеше бала үшiн бiр патронаттық тәрбиешi тағайындауға жол беріледi.

      10. Балаға патронаттық тәрбиешi тағайындау кезiнде патронаттық тәрбиешiнiң адамгершiлiк және басқа да жеке басының қасиеттерi, оның патронаттық тәрбиешiнiң мiндеттерiн орындауға қабiлетi, патронаттық тәрбиешi мен баланың арасындағы қарым-қатынас, патронаттық тәрбиешінің отбасы мүшелерінің балаға қарым-қатынасы, сондай-ақ, егер мүмкiн болса, баланың өзінің тiлегi ескерiледi.

      11. Патронат шартын жасасу туралы мәселенi мынадай құжаттар:

      1) адамның патронаттық тәрбиешi болғысы келетiнi туралар өтiнiшi;

      2) егер патронаттық тәрбиешi болуға тiлек бiлдiрген адам некеде тұратын болса жұбайының келiсiмi;

      3) патронаттық тәрбиешi болуға тiлек бiлдiрушiнiң денсаулық жағдайы туралы анықтама;

      4) егер патронаттық тәрбиешi болуға тiлек бiлдiрген адам некеде тұратын болса жұбайының жай-күйi туралы анықтама;

      5) баланы тәрбиелеуге үмiткердiң тұрмыс жағдайын тексеру актiсi;

      6) патронаттық тәрбиешiге тәрбиеленуге берілетiн баланың тұрмыс жағдайын тексеру актiсi болған жағдайда қорғаншы және қамқоршы органдар шешедi.

      12. Патронаттық тәрбиешiнiң баланы тәрбиелеу, емдеу және басқа да мекемеге уақытша орналастыруы патронаттық тәрбиешiнiң осы балаға қатысты құқықтары мен мiндеттерiн тоқтатпайды.

      13. Патронаттық тәрбиешiлер өз қамқорлығындағы баланың құқықтары мен мүдделерiн кез келген тұлғаларға қатысты, оның iшiнде сотта, арнайы өкiлеттiксiз қорғайды.

4. Патронаттық тәрбиешiлерге берiлген баланы
(балаларды) асырап-бағу

      14. Әрбiр баланы асырап-бағуға ай сайын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен және мөлшерде ақшалай қаражат төленедi.

      15. Қорғаншы және қамқоршы органдар патронаттық тәрбиешiлерге қажеттi көмек көрсетуге, баланың (балалардың) өмiрi мен тәрбиесi үшiн қалыпты жағдай жасауға жәрдемдесуге мiндеттi.

      16. Қамқоршы және қорғаншы органдар патронаттық тәрбиешілерге жүктелген баланы (балаларды) асырап-бағу, тәрбиелеу және білім беру жөніндегі міндеттердің орындалуын бақылауды жүзеге асыруға құқылы.

Қазақстан Республикасы    
Yкiметiнiң         
1999 жылғы 9 қыркүйектегі 
N 1346 қаулысымен     
бекiтiлген        

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды
орталықтандырылған есепке алуды ұйымдастырудың
Ережесі

      1. Осы Ереже "Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке алуды ұйымдастырудың тәртiбiн белгiлейдi.

      2. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды толық және жан-жақты есепке алу үшiн бастапқы, аймақтық және орталықтандырылған есепке алу жүргiзiледi. 
      Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды бастапқы есепке алуды қорғаншылық және қамқоршылық орган жүзеге асырады. 
      Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды аймақтық есепке алуды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың бiлiм беруді басқару органдары жүзеге асырады. 
      Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке алудан бiлім беру саласындағы орталық атқарушы орган жүзеге асырады.

      3. Қорғаншылық және қамқоршылық орган ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтайды, мұндай балалардың бастапқы есебiн жүргiзедi және ата-анасының қамқорлығынан айырылудың нақты жағдайына сүйене отырып, баланы орналастырудың нысандарын (асырап алуға отбасына, қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) немесе патронат шарты бойынша беру) таңдайды, ал мұндай мүмкiндiк болмаған жағдайда жетiм балаларға немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған барлық үлгiдегi мекемелерге (тәрбиелiк, емдеу және басқа да) орналастырады.

      4. Ата-анасы қайтыс болған, олар ата-аналық құқығынан айрылған, олардың ата-аналық құқығы шектелген, ата-анасы әрекетке қабiлетсiз деп танылған, ата-анасының сырқаттығы, ата-анасы балаларын тәрбиелеуден немесе олардың құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан, оның iшiнде ата-анасы балаларын тәрбиелеу, емдеу және басқа да осындай мекемелерден алудан бас тартқан жағдайларда, сондай-ақ ата-ана қамқорлығы болмаған басқа да жағдайларда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәлiметтерге ие мекемелердiң (мектепке дейiнгi бiлiм беру, жалпы бiлiм беру, емдеу және басқа да мекемелердiң) лауазымды тұлғалары мен өзге де азаматтар олар туралы балалардың iс жүзiндегi орналасқан жерi бойынша қамқоршылық және қорғаншылық органға хабарлауға мiндеттi. 
      Қорғаншылық және қамқоршылық орган осындай мәлiметтердi алған күннен бастап үш күннiң iшiнде баланың тұрмыс жағдайына тексеру жүргiзуге және оның ата-анасының немесе оның туыстарының қамқорлығы болмауы фактiсi анықталған жағдайда, оны орналастыру туралы мәселе шешiлгенге дейiн баланың құқықтары мен мүдделерiн қорғауды қамтамасыз етуге міндеттi.

      5. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала орналасқан тәрбиелеу, емдеу және басқа да мекемелердiң басшылары өздерiне бала отбасына тәрбиелеуге берiлуi мүмкiн екендiгi белгiлi болған күннен бастап жетi күндiк мерзiмде аталған мекемелердiң орналасқан жерi бойынша қорғаншылық және қамқоршылық органына хабарлауға мiндеттi. 
      Көрсетiлген мекемелердiң әкiмшiлiгiне өздерiндегi ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәлiметтер мен олар туралы деректердi жекелеген азаматтарға, мекемелерге және қоғамдық ұйымдарға хабарлауға жол берiлмейдi.

      6. Қорғаншылық және қамқоршылық органы осы Ереженiң 4 және 5-тармақтарында көрсетiлген мәлiметтер түскен күннен бастап бiр айдың iшiнде баланы отбасына асырап алып тәрбиелеуге, қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) немесе патронат шарты бойынша орналастыруды қамтамасыз етедi және баланы отбасына тәрбиелеуге беру мүмкiн болмаған жағдайда мұндай бала туралы мәлiметтердi есепке алу және баланы кейiн Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматының отбасына тәрбиелеуге орналастыруға жәрдем көрсету үшiн тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң бiлiм берудi басқару органына жолдайды. 
      Егер тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бiрлiктiң бiлiм берудi басқару органы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала туралы мәлiметтердi алғаннан кейiн бiр ай өткен соң мұндай бала отбасына асырап алуға, қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) немесе патронат шарты бойынша берiлмесе, көрсетiлген бала сауалнамасының көшiрмесi облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың бiлiм берудi басқару органына берiледi.

      7. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың бiлiм берудi басқару органы қорғаншылық және қамқоршылық органының келіп түскен хабарламасының негiзiнде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы аймақтық есеп жүргiзедi және деректердiң аймақтық банкiн қалыптастырады, бала асырап алуға тілек бiлдiрген үмiткерлер үшiн балаларды iрiктейдi, оларға баланың iс жүзiнде тұратын (орналасқан) жерi бойынша бару және баланы асырап алуға, қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), патронатқа беру туралы мәселенi шешу үшiн тиiстi қорғаншылық және қамқоршылық органдарына жолдама бередi. 
      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың бiлiм берудi басқару органдары баланың Қазақстан Республикасының азаматтарына асырап алуға, қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), патронаттық тәрбиешiлерге отбасында тәрбиелеуге беру мүмкiн болмаған жағдайда өзiне ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала туралы мәлiмет келiп түскен күннен бастап екi айлық мерзiмде бұл бала туралы мәлiметтердi ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке алуға қою үшiн орта бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органға хабарлауға мiндеттi. 
      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың бiлiм беруді басқару органдары ол туралы мәлiметтер орта бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органдағы баланың мәртебесi өзгерген (ата-анасының (ата-аналарының) ата-аналық құқықтары қалпына келтiрілген, баланы асырап алған және басқа да) жағдайда оған ол туралы бiр апта мерзiмде хабарлайды.

      8. Орта бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы орган облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім беру органдары хабарламасының негізінде Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы деректердің республикалық банкін қалыптастырады, осы балалардың орталықтандырылған есебін жүргізеді, өтініш жасаған асырап алуға үміткерлер үшін олар туралы мәліметтердің негізінде балаларды іріктейді, оларға баланың іс жүзінде тұратын (орналасқан жері бойынша бару және баланы асырап алуға, қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), патронатқа беру туралы мәселені шешу үшін тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім беруді басқару органдарына жолдама береді, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім беруді басқару органдарына олардың сұрау салуы бойынша Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы деректердің республикалық банкінде бар мәліметтерді береді.

      9. Баланың сауалнамасы көшірмесінің Қазақстан Республикасының орта білім беру саласындағы орталық атқарушы органында тіркелген күні баланы орталықтандырылған есепке алу күні болып есептелінеді.

      10. Деректердің республикалық банкі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы ақпаратты жинау, өңдеу, жинақтау және сақтау үшін қалыптастырылады.

      11. Балалар туралы деректердің республикалық банкін қалыптастыруға және пайдалануға қойылатын міндетті талаптар: 
      ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар (бұдан әрі - балалар) туралы мәліметтерді жинау; 
      балалар туралы ақпаратты тек қана олар туралы деректердің республикалық банкін қалыптастыру және пайдалану мақсаттары үшін пайдалану; 
      балалар туралы ақпараттың толықтығы мен шынайылығы; 
      ақпаратты жария болудан, ұрлатудан, жоғалтудан, жасанды көшірмеден және бұрмалаудан қорғау болып табылады.

      12. Қорғаншылық және қамқоршылық органдар балалар туралы аймақтық және республикалық банктерді пайдалануды қызметтік ақпарат алмасу арқылы жүзеге асырады, балалар туралы құпия ақпараттың кездейсоқ өзгеруін, жойылуын немесе жоғалуын болдырмау үшін қорғауды қамтамасыз етеді.

      13. Білім саласындағы орталық атқарушы орган жазбаша сұрау салынған кезде деректердің республикалық банкінде бала туралы мәліметтердің есепте тұру фактісі туралы сотқа, прокуратура немесе тергеу органдарына ақпарат беруге міндетті.
      Ескерту. 10-13-тармақтармен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2002.04.15. N 428 қаулысымен.  P020428_

                                  Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
                                 балаларды орталықтандырылған есепке
    Суреті                        алуды ұйымдастырудың ережесіне
                                             қосымша

                         Баланың сауалнамасы
                         ____________________
                        (сауалнаманың нөмірі)

     _______________________________________________________________
     (сауалнаманы толтырған органның атауы)

     Тіркелген толтырылған күні

                        (жылы, күні, айы)

     Бала туралы мәлімет ___________________________________________
      (толтырылған күні)     (тегі, аты, әкесінің аты)

     Жынысы______               Туған күні _________________________
                                           (туған жылы, күні, айы)

     Әлеуметтік мәртебесі

                      (ата-анасынан айрылуы жағдайы)

     Туған жері_____________________________________________________
                       (облыс, аудан, елді мекен)

     Тууы туралы куәлік
     нөмірі______ сериясы ________ Берілген күні ___________________

     Ерекше белгілері ______________________________________________
                      (бойы, салмағы, көзінің түсі, шашының түсі)

     Мінез-құлықтық ерекшеліктері __________________________________
                                   (көпшіл, бұйығы және т.б.)

     Баланың орналасқан жері _______________________________________
     ______________________________________________________________

     Денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытынды

                        Ата-анасы туралы мәлімет
                           (толтырылған күні)

     Анасы _________________________________________________________
                        (тегі, аты, әкесінің аты)
     Туған күні_____________________________________________________
                            (жылы, күні, айы)

     Тұратын жері __________________________________________________

     Әлеуметтік анықтама ___________________________________________
                              (жұмыс орны, денсаулық жағдайы:

            қалыпты, созылмалы науқастары, мүгедектігі)
     Әкесі__________________________________________________________
                         (тегі, аты, әкесінің аты)
     Туған күні ____________________________________________________

     Аға-інілері, апа-сіңлілері, басқа туыстары ____________________

              (тегі, аты, әкесінің аты, тұратын жері)

     Қосымша ақпарат _______________________________________________

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 262472
    Қазақ тілінде 131038
    Орыс тілінде 130540
    Ағылшын тілінде 894
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы