Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi агенттiгінiң мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 23 қаңтар N 111. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.01.25. N 53 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттiк органдарын қайта ұйымдастыру, тарату және құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінiң 2000 жылғы 13 желтоқсандағы N 507  Жарлығына  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 

      1. Қоса берiлiп отырған: 
      1) <*>
      2) Агенттiк қарамағындағы ұйымдар тiзбесi бекiтiлсiн.
       ЕСКЕРТУ. 1)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N  1112  қаулысымен.  

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгіленген тәртiппен Агенттiктi республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландыруды қамтамасыз етсiн. 

      3. "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 29 қарашадағы N 1807  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 52, 517-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi туралы ережеде: 
      10-тармақтың 8) тармақшасы және 11-тармақтың 15) тармақшасы алынып тасталсын. 

      4. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 
      1) "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 657  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 22, 224-құжат) 2-тармағының 3) тармақшасы; 
      2) "Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы N 1268  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 43, 393-құжат).

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы    
Үкiметiнiң         
2001 жылғы 23 қаңтардағы  
N 111 қаулысымен      
бекiтiлген      

  Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегі агенттiгі қарамағындағы ұйымдар
Тізбесі

      "Резерв" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 262983
    Қазақ тілінде 131292
    Орыс тілінде 130797
    Ағылшын тілінде 894
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы