Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі мен босқын куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 852 қаулысы

      «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі мен босқын куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидалары бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары, Қазақстан Республикасының Президентіне бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                       С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 26 тамыздағы
№ 852 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі мен босқын куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі мен босқын куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидасы (бұдан әрі – Қағидалар) «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 25-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі мен босқын куәлігін (бұдан әрі – жеке басты куәландыратын құжаттар) ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою тәртібін белгілейді.
      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
      1) азаматтығы жоқ адамның куәлігі – өзінің қандай да бір мемлекеттің азаматтығына тиесілігіне дәлелдемесі жоқ жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат;
      2) босқын куәлігі – босқынның жеке басын куәландыратын және мәртебесін растайтын құжат;
      3) жеке басты куәландыратын құжат – жеке басты сәйкестендіру мақсатында оның иесінің жеке басын және құқықтық мәртебесін анықтауға мүмкіндік беретін, жеке тұлғаның дербес деректері туралы тіркелген ақпараты бар, белгіленген үлгідегі материалдық объект;
      4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі – азаматтың жеке басын куәландыратын және Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжат;
      5) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты – Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде азаматтың жеке басын куәландыратын және Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжат;
      6) қайтып оралуға арналған куәлік – иесінің жеке басын куәландыратын және Қазақстан Республикасына бір реттік келу құқығын растайтын құжат;
      7) туу туралы куәлік – жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын, оның туу фактісінің мемлекеттік тіркелгені туралы айғақтайтын құжат;
      8) уақытша жеке куәлік – жеке куәлігін жоғалтқан, ол жарамсыз болған не куәлігі болмаған кезде Қазақстан Республикасының азаматтарына берілетін құжат;
      9) уәкілетті мемлекеттік орган – өз құзыреті шегінде жеке басты куәландыратын құжаттарды ресімдеуді, беруді, ауыстыруды, алып қоюды және жоюды жүзеге асыратын ішкі істер органдары;
      10) шетелдік паспорт – Қазақстан Республикасы шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын және олардың құқықтық мәртебесін растайтын құжат ретінде танитын құжат;
      11) шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат – Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктің жеке басын куәландыратын және оның Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алғандығын растайтын құжат;
      12) формуляр – нөмірі және штрих коды бар қатаң есептіліктегі типографиялық бланк болып табылады, ол Қазақстан Республикасының құжаттандырылған халқының ақпараттық деректер базасына (бұдан әрі – деректер базасы) енгізіледі және кейіннен жеке тұлғаны берілген құжаттармен сәйкестендіру мақсатында пайдаланылады.
      3. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы беретін жеке басты куәландыратын құжаттар мемлекеттің меншігі болып табылады және мынадай деректерді:
      1) тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда);
      2) туған күнін, айын, жылын және жерін;
      3) жынысын;
      4) қай ұлтқа жататынын – осы Қағидалардың 2-тармағының 4), 5) тармақшаларында көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттарда иесінің қалауы бойынша;
      5) азаматтығын;
      6) фотосуретін;
      7) құжатты берген органның атауын;
      8) құжаттың берілген күнін, айын, жылын, нөмірін, қолданылу мерзімін;
      9) құжаттар иесінің қолын;
      10) жеке сәйкестендіру нөмірін (босқынның куәлігін қоспағанда) қамтиды.
      4. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін уәкілетті мемлекеттік орган құжаттандырылатын адамның тұрақты тіркелген жері бойынша, сондай-ақ жоғалуына, жарамдылық мерзімінің өтуіне, неке қию (бұзу) бойынша тегін өзгертуіне, одан әрі пайдалануға жарамсыздығына, құжаттарды әзірлеудің жаңа технологиясына сәйкес олардың түр өзгерісіне, Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігі негізінде Қазақстан Республикасының азаматы паспортын алғаш рет алуына байланысты паспорт және (немесе) жеке куәлік ауыстырылған жағдайда нақты болатын жері бойынша береді.
      Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін уәкілетті мемлекеттік орган құжаттандырылатын адамның тұрақты тіркелген жері бойынша береді.
      Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін уәкілетті мемлекеттік орган жеке басты куәландыратын құжаттарды (Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінде ресімделген Қазақстан Республикасы азаматының паспорттарын қоспағанда) алуға арналған өтінім берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмейтін мерзімде береді және иесіне немесе оның заңды өкіліне жеке табыс етеді.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 456 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      5. Жеке тұлғаның қалауы бойынша шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат, азаматтығы жоқ адамның куәлігі ресімделген күннен бастап жеті, он және он бес жұмыс күні ішінде жеделдетілген тәртіппен беріледі. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжат ресімделген және оларды жеделдетілген түрде бергені үшін төлем төленген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде (Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында), төрт жұмыс күн ішінде (облыс орталықтарында) жеделдетілген тәртіппен беріледі.
      Жеке басты куәландыратын құжатты жеделдетілген түрде бергені үшін төлем банк мекемелері және кассалық операцияларды жүзеге асыратын өзге де ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
      Жеке басты куәландыратын құжатты «Халықты құжаттандыру және тіркеу» тіркеу пункті» (бұдан әрі – ХҚТ ТП) ақпараттық жүйесі арқылы ресімдеген кезде жеке басты куәландыратын құжаттарды жеделдетілген түрде дайындағаны үшін төлем туралы ақпарат банк мекемелерінен Уәкілетті мемлекеттік органның шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына автоматтандырылған режимде келіп түседі. Формулярдың бланкіне ресімдеу кезінде жеке басты куәландыратын құжатты жеделдетілген түрде бергені үшін төлем төлегені туралы құжатты жеке тұлға уәкілетті мемлекеттік органға ұсынады.
      Жеке басты куәландыратын құжат (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін уәкілетті органның қызметкері формуляр толтырады. Формулярдың нысанын және оны ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою тәртібін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі айқындайды.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.08.2016 № 470 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі мен босқын куәлігін ресімдеу және беру тәртібі

1. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресімдеу
және беру тәртібі

      6. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресімдеу үшін өтініш иесі уәкілетті органға:
      1) мемлекеттік баж төленгені туралы құжатты (мемлекеттік баж төлеуден босатылған адамдар растайтын құжаттарды ұсынады);
      2) көлемі 3,5 х 4,5 сантиметр (қағаз бланкідегі формулярды ресімдеген кезде) екі фотосуретті;
      3) мынадай құжаттардың біреуін:
      туу туралы куәлікті (16 жасқа дейін паспорт алған кезде);
      Қазақстан Республикасы азаматының паспортын (паспортты ауыстырған кезде);
      Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін (16 жасқа толуына байланысты паспортты алғаш алған кезде);
      ішкі істер органдары беретін белгіленген нысандағы Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданғаны туралы анықтаманы (Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдануына байланысты паспорт алған кезде);
      Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері беретін қайта оралуға арналған куәлікті (шетелде уақытша болатындар Қазақстан Республикасы азаматының паспортын жоғалтқан кезде) жеке ұсынады.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 456 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      7. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын уәкілетті мемлекеттік орган ХҚТ ТП пайдалана отырып, сондай-ақ бланкілердің формулярларында ресімдейді.
      8. Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері арқылы:
      1) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын;
      2) күндізгі оқыту нысаны бойынша шет мемлекеттердің аумағында орналасқан оқу орындарында білім алушы;
      3) кемінде бір жыл мерзімге жасалған еңбек шарты бойынша шет мемлекеттерде жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының азаматтарына;
      4) көрсетілген адамдармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне;
      5) шетелдегі дипломатиялық қызмет персоналымен бірге тұратын дипломатиялық қызмет персоналының туыстарына Қазақстан Республикасы азаматының паспорты ресімделеді.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.02.2014 № 145 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      9. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын толтырған кезде тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және басқа да деректер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, оларды беру үшін негіз болған құжатқа сәйкес жазылады.
      10. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты қазақ тілінде немесе иесінің қалауы бойынша орыс тілінде, сондай-ақ ағылшын тілінде толтырылады.
      11. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты Қазақстан Республикасының азаматтарына жасына қарамастан, олардың қалауы бойынша беріледі және Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландырады.
      12. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты қолданылу мерзімі он жылға беріледі.

2. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін ресімдеу және беру тәртібі

      13. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін ресімдеу үшін өтініш иесі уәкілетті органға:
      1) мемлекеттік баж төленгені туралы құжатты (мемлекеттік баж төлеуден босатылған адамдар растайтын құжаттарды);

      туу туралы куәлікті (16 жасқа толуына байланысты жеке куәлік алған кезде);
      Қазақстан Республикасы азаматының паспортын (жеке куәлікті алғаш алған кезде, жеке куәлікті жоғалтқан кезде, Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға қайта оралған кезде);
      Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін (жеке куәлікті ауыстырған кезде);
      1974 жылғы үлгідегі паспортты (бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы) (Қазақстан Республикасының азаматтығын растаған кезде жеке куәлікті алғаш алу үшін);
      азаматтығы жоқ адамның куәлігін (Қазақстан Республикасының азаматтығын мойындаған кезде);
      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі белгілеген нысандағы Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданғаны туралы анықтаманы (Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдануына байланысты жеке куәлік алған кезде) жеке ұсынады.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 456 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      14. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәліктерін уәкілетті мемлекеттік орган ХҚТ ТП пайдалана отырып, сондай-ақ бланкілердің формулярларында ресімдейді.
      15. Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәлік он алты жастан бастап ресімделеді.
      16. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін толтырған кезде тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және басқа да деректер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, оларды беру үшін негіз болған құжатқа сәйкес жазылады.
      17. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі қолданылу мерзімі он жылға беріледі.

3. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты ресімдеу және беру тәртібі

      18. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты ресімдеу үшін шетелдіктер уәкілетті мемлекеттік органға мынадай құжаттарды:
      1) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 456 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2) мемлекеттік баж төленгені туралы құжатты;
      3) көлемі 3,5х4,5 сантиметр екі фотосуретті;
      4) жарамды ұлттық паспортты жеке ұсынуы қажет.
      Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 456 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      19. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты толтырған кезде тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және басқа да деректер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, оларды беру үшін негіз болған құжатқа сәйкес жазылады.
      20. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге он алты жастан бастап қолданылу мерзімі он жылға, бірақ олар азаматы болып табылатын ел паспортының қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі.

4. Азаматтығы жоқ адамның куәлігін ресімдеу және беру тәртібі

      21. Азаматтығы жоқ адамның куәлігін ресімдеу үшін уәкілетті мемлекеттік органға мынадай құжаттар:

      2) мемлекеттік баж төленгені туралы құжат;
      3) көлемі 3,5х4,5 сантиметр үш фотосурет;
      4) мынадай құжаттардың біреуі:
      қолданылу мерзімі өтіп кеткен шетелдік паспорт;
      азаматтығы жоқ адамның куәлігі;
      1974 жылғы үлгідегі паспорт (бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы);
      әскери билет;
      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаны туралы анықтама;
      Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққаны және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша азаматтығын өзгерткені, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес азаматтығын өзгерткені туралы анықтама;
      туу туралы куәлік (он алты жасқа дейінгі адамдарға ресімдеген кезде);
      Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері беретін қайта оралуға арналған куәлік (шетелде уақытша болатындар Қазақстан Республикасы азаматының паспортын жоғалтқан кезде) ұсынылады.
      Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 456 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      22. Азаматтығы жоқ адамның куәлігін толтырған кезде тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және басқа да деректер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, оны беру үшін негіз болған құжатқа сәйкес жазылады.
      23. Азаматтығы жоқ адамның куәлігі Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, он алты жасқа толған азаматтығы жоқ адамдарға беріледі.
      24. Азаматтығы жоқ адамның куәлігі Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде иесінің жеке басын растау үшін қолданылу мерзімі бес жылға беріледі. Шетелге ата-аналарынсыз, қамқоршыларынсыз, қорғаншыларынсыз шыққан кезде азаматтығы жоқ адамның куәлігі он алты жасқа дейінгі адамдарға беріледі.

5. Босқын куәлігін ресімдеу және беру тәртібі

      25. Босқын куәлігі қолданылу мерзімі бір жылға беріледі және босқынның шыққан елінде оған босқын мәртебесін беруге негіз болған (нәсілдік, ұлттық, діни наным, азаматтық, белгілі бір әлеуметтік топқа қатыстылығы немесе саяси сенім белгісі бойынша) мән-жайлар сақталған кезеңге дейін әрбір келесі жылға ұзартылып отырады.
      26. Босқын мәртебесін алған адамның босқын куәлігін алуы үшін мемлекеттік уәкілетті органға мынадай құжаттар:
      1) уәкілетті мемлекеттік орган оң тұрғыда қараған босқын мәртебесін беру (ұзарту) туралы қолдаухат;
      2) болған жағдайда құжаттардың (паспорт, кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәліктері) көшірмелері;
      3) пана іздеген адамның куәлігі;
      4) көлемі 3х4 сантиметр екі фотосурет;
      5) отбасы қатынастарын растайтын құжаттар (отбасы мүшелерімен келгендер үшін);
      6) отбасы мүшелерін қабылдауға келісім бергені туралы (отбасымен қосылу мақсатында) Қазақстан Республикасында жүрген пана іздеуші адамның өтініші ұсынылады.
      Өтінішке өтінішті қабылдайтын уәкілетті орган қызметкерінің қатысуымен өтініш иесі қол қояды.
      27. Босқын куәлігін толтырған кезде тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және басқа да деректер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, оны беру үшін негіз болған құжатқа сәйкес жазылады.
      28. Босқын мәртебесі берілген адамға уәкілетті мемлекеттік орган бес жұмыс күні ішінде босқын куәлігін береді.

6. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі мен босқын куәлігін ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою тәртібі

      29. Жеке басты куәландыратын құжаттар:
      1) онда осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 2), 5), 6), 7), 8) және 10) тармақшаларында көрсетілген деректер болмаған;
      2) олардың қолданылу мерзімі өткен;
      3) осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 2), 5), 6), 7), 8) және 10) тармақшаларында көрсетілген деректерді не қорғау дәрежесін сәйкестендіру мүмкін болмаған;
      4) құжат жоғалғанда, өтініш иесі уәкілетті мемлекеттік органға өтініш берген күннен бастап;
      5) иесінің құқықтық мәртебесі сәйкес келмеген;
      6) жынысын өзгерткен жағдайларда жарамсыз болып табылады және ауыстыруға жатады.
      30. Қазақстан Республикасының азаматтары жеке басты куәландыратын құжаттарды жоғалтқан, олар одан әрі пайдалануға жарамсыз болған, жеке тұлғаны сәйкестендірумен байланысты өзгерістер енгізу қажеттілігі туындаған, осы Қағидалардың 29-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6) тармақшаларында көрсетілген деректерді сәйкестендіру мүмкін болмаған жағдайларда, сондай-ақ анықтамалық деректерінің ауысуына, өзгеруіне, құжаттарды әзірлеудің жаңа технологиясына сәйкес олардың түр өзгерісіне байланысты, жаңа құжаттар алу үшін тұрақты тіркелген жері бойынша, сондай-ақ жеке басты куәландыратын құжаттары жоғалған, олар одан әрі пайдалануға жарамсыз болған, неке қию (бұзуы) бойынша тегін өзгерткен, құжаттарды әзірлеудің жаңа технологиясына сәйкес олардың түр өзгерісіне байланысты жағдайларда нақты болатын жері бойынша уәкілетті мемлекеттік органға өтініш білдіреді.
      Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жеке басты куәландыратын құжаттарды жоғалтқан, олар одан әрі пайдалануға жарамсыз болған, жеке тұлғаны сәйкестендірумен байланысты өзгерістер енгізу қажеттілігі туындаған, осы Қағидалардың 29-тармағының 1), 2), 3), 4) 5), 6) тармақшаларында көрсетілген деректерді сәйкестендіру мүмкін болмаған жағдайларда, сондай-ақ анықтамалық деректерін ауыстыруына, өзгертуіне байланысты жаңа құжаттар алу үшін тұрақты тіркелген жері бойынша уәкілетті мемлекеттік органға өтініш білдіреді.
      Бүлінуіне, жеке басты сәйкестендірудің мүмкін болмауына байланысты одан әрі пайдалануға жарамсыз құжаттарды қоспағанда, жаңа паспорттар мен жеке куәліктер алғанға дейін бұрынғы құжаттар алынбайды.
      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 456 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      31. Қолданылу мерзімінің өтуіне, одан әрі пайдалануға жарамсыз болуына, құжаттарды әзірлеудің жаңа технологиясына сәйкес олардың түр өзгерісіне байланысты Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін ауыстыру үшін өтініш иесі мынадай құжаттарды:

      3) ауыстыруға жататын жеке басты куәландыратын құжатты ұсынады.
      Жаңа Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін жеке басты куәландыратын құжаттардың қолданылу мерзімі өткенге дейін бір ай бұрын ресімдеуге жол беріледі.
      Уәкілетті органға тапсыруға жататын паспортта шет мемлекеттің қолданыстағы визасы болған кезде азаматтың өтініші бойынша паспорт алынбайды. Бұл ретте жарамсыз паспорт өтеуге (паспорттың бір жақ шетін тескішпен тесу арқылы) жатады және иесіне қажеттілігі өткенге дейін қайтарылады.
      Ескерту. 31-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 456 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      32. Қолданылу мерзімінің өтіп кетуіне, одан әрі пайдалануға жарамсыз болуына байланысты шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін ауыстыру үшін өтініш иесі мынадай құжаттарды:
      1) тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасын;

      3) көлемі 3,5х4,5 сантиметр үш фотосуретті;
      4) ауыстыруға жататын жеке басты куәландыратын құжатты;
      5) жарамды ұлттық паспортты (шетелдіктер үшін) ұсынады.
      33. Қазақстан Республикасы азаматының паспортына, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігіне, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатқа, азаматтығы жоқ адамның куәлігіне жеке тұлғаны сәйкестендірумен байланысты, осы Қағидалардың 29-тармағының 1), 2), 3), 4) 5), 6) тармақшаларында көрсетілген деректерді сәйкестендіру мүмкін болмаған жағдайда, сондай-ақ анықтамалық деректерін ауыстыруына, өзгертуіне байланысты өзгерістер енгізу үшін өтініш иесі:
      1) еркін нысандағы жазбаша өтінішті (неке қию (бұзу) бойынша тегін өзгертуге байланысты жүгінгендерден басқа);
      2) мемлекеттік баж төленгені туралы құжатты (мемлекеттік баж төлеуден босатылған адамдар растайтын құжаттарын ұсынады);
      3) көлемі 3,5 х 4,5 сантиметр (қағаз бланкідегі формулярды ресімдеген кезде) екі фотосуретті;
      4) ауыстыруға жататын Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін;
      5) Қазақстан Республикасы азаматының паспортын (бар болса);
      6) шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты (шетелдіктер үшін);
      7) жарамды ұлттық паспортты (шетелдіктер үшін);
      8) азаматтығы жоқ адамның куәлігін (азаматтығы жоқ адамдар үшін);
      9) өтініш білдірудің негізділігін растайтын құжатты ұсынады.
      «Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 2 сәуірдегі № 2923 Жарлығына сәйкес ұлты қазақ адамдар тегі мен әкесінің атының жазылуын өзгерту туралы өтінішхатпен уәкілетті мемлекеттік органға жүгінген кезде қалаған тегін, әкесінің атын мемлекеттік немесе орыс тілінде көрсете отырып, еркін нысанда өтініш береді.
      Тектерде тегі мен әкесінің атының түбір негіздерін сақтай отырып, қазақ тіліне тән емес аффикстер алынып тасталады, онымен бір мезгілде әкесінің атын жазу кезінде қазақ тіліне тән емес аффикстердің орнына әкесінің есіміне адамның жынысына қарай «ұлы» немесе «қызы» деген жалғау жалғанады.
      Өтінішке мына құжаттардың бірі қосымша беріледі:
      1) туу туралы куәлік (жеке басты куәландыратын құжаттарды алғаш рет алған кезде);
      2) ауыстыруға жататын жеке куәлік, паспорт;
      3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі белгілеген нысандағы Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданғаны туралы анықтаманы (Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдануына байланысты жеке куәлік алған кезде).
      Тектері мен әкесінің атының жазылуы қазақ халқының қалыптасқан дәстүрлеріне сәйкес өзгертілген ұлты қазақ адамдар өтініш білдірген жағдайда, паспорттар мен жеке куәліктерді олардың бұрынғы тектері мен әкелерінің аттарын ұсынылған туу туралы куәліктерге сәйкес бұрынғыдай жаза отырып ресімдеуге болады.
      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 456 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      34. Жоғалтуына байланысты Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін ауыстыру үшін иесі уәкілетті мемлекеттік органға осы Қағидалардың 31-тармағының 1), 2) тармақшаларында көзделген құжаттардан басқа жоғалтудың мән-жайларын көрсете отырып, жеке басты куәландыратын құжатты қалпына келтіру туралы жазбаша өтініш ұсынады.
      35. Жоғалтуына байланысты шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін ауыстыру үшін иесі уәкілетті мемлекеттік органға осы Қағидалардың 32-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларында (шетелдіктер үшін) көзделген құжаттардан басқа, жоғалтудың мән-жайларын көрсете отырып, жеке басты куәландыратын құжатты қалпына келтіру туралы жазбаша өтініш ұсынады.
      36. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігін жоғалтқан кезде шетелде жүрген адамдар Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне өтініш білдіреді.
      37. Жеке куәліктерін жоғалтқан, одан әрі пайдалануға жарамсыз жеке куәліктері бар және жеке басты куәландыратын құжаттары жоқ Қазақстан Республикасының азаматтарына олардың өтініші бойынша жаңа жеке басты куәландыратын құжаттар алғанға дейін қолданылу мерзімі үш айға уақытша жеке куәлік беріледі.
      Жеке куәлік тұрғылықты жерден басқа жерде жоғалған кезде Қазақстан Республикасының азаматы өтініш бергенде уәкілетті мемлекеттік орган уақытша жеке куәлікті нақты болатын жері бойынша тұрғылықты жеріне қайта оралу үшін береді.
      Ескерту. 37-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 456 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      38. Уақытша жеке куәлікті уәкілетті мемлекеттік органның қызметкері қолмен түсінікті етіп, азаматтың қалауы бойынша – мемлекеттік немесе орыс тілдерінде толтырады. Уақытша жеке куәлікке азамат туралы мынадай мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, айы, жылы және жері, ұлты (қалауы бойынша), тұрғылықты жерінің мекенжайы, берген орган және берілген күні, айы, жылы азаматтың қолы енгізіледі.
      Уақытша жеке куәлікті беру қолмен және уәкілетті мемлекеттік органның елтаңбалы мөрімен расталады.
      Уақытша жеке куәлікке иесінің көлемі 3,5х4,5 фотосуреті жапсырылады, ол уәкілетті мемлекеттік органның елтаңбалы мөрімен бекітіледі.
      39. Шетелге тұрақты тұруға шығатын Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаты бар шетелдіктер жеке куәліктерін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттарды уәкілетті мемлекеттік органға тапсырады.
      40. Табылған жеке басты куәландыратын құжаттар уәкілетті мемлекеттік органға тапсырылады. Жоғалған жеке басты куәландыратын құжатты иесі қалпына келтірген, уәкілетті мемлекеттік органға келіп түскен күннен бастап бір жыл ішінде иесі оны талап етпеген жағдайда, табылған құжат Қағидалардың 47 және 48-тармақтарында көзделген тәртіппен жойылады.
      41. Қайтыс болған адамдардың, сондай-ақ сот қайтыс болды деп жариялағандардың жеке басын куәландыратын құжаттарды жеке және заңды тұлғалар уәкілетті мемлекеттік органға тапсырады және жояды.
      Уәкілетті мемлекеттік органға тапсырылған, қайтыс болған адамдардың сот қайтыс болды деп жариялаған жеке басын куәландыратын құжаттары Қағидалардың 47 және 48-тармақтарында көзделген тәртіппен жойылады.
      Уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамдары формулярларда иелерінің қайтыс болғаны туралы белгілер жасайды және деректер базасына түзетулер енгізу үшін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне ақпарат жібереді.
      42. Босқын куәлігін ауыстыру және жаңасын алу үшін босқын мәртебесін алған адам уәкілетті мемлекеттік органға мынадай құжаттарды:
      1) жаңа босқын куәлігін беру туралы өтінішті;
      2) босқын мәртебесін беру туралы уәкілетті мемлекеттік орган шешімінің көшірмесін;
      3) көлемі 3х4 сантиметр екі фотосуретті;
      4) ауыстыруға жататын босқын куәлігін;
      5) жоғалтудың мән-жайларын көрсете отырып, босқын куәлігін қалпына келтіру туралы жазбаша өтінішті (босқын куәлігін жоғалтқан кезде) ұсынады.
      Босқын куәлігінің жоғалғаны туралы өтініш келіп түскен кезде өтінішті қабылдаған уәкілетті мемлекеттік орган жоғалған босқын куәлігінің жарамсыздығы туралы ақпаратты бір мезгілде уәкілетті мемлекеттік органның облыстардың, Астана және Алматы қалаларының аумақтық бөлімшелеріне жолдайды.
      43. Қазақстан Республикасында босқын мәртбесінен айырылған немесе мәртебесін ұзартудан бас тартқан (босқын мәртебесін тоқтату) босқын уәкілетті мемлекеттік органның босқын мәртебесінен айыру туралы шешімінің көшірмесін алғаннан кейін босқын куәлігін тіркелген жері бойынша уәкілетті мемлекеттік органға тапсырады.
      44. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен алдын ала тергеу, анықтау органдарының лауазымды адамдары, сондай-ақ әкімшілік іс жүргізу және азаматтықты жоғалтуды ресімдеу барысында лауазымды адамдар жеке басты куәландыратын құжаттарды алып қояды.
      Өзге органдар мен лауазымды адамдардың жеке басты куәландыратын құжаттарды алып қоюына тыйым салынады.
      45. Қазақстан Республикасы аумағында бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттары алып қойылады және үкімдерді орындайтын мекемелерде сақталады. Жазаны өтеуден босатылған кезде жеке басты куәландыратын құжаттар иелеріне қайтарылады.
      46. Қағидалардың 29-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6) тармақшаларына сәйкес жарамсыз құжаттарды уәкілетті мемлекеттік органның, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын жеке басты куәландыратын жарамсыз құжаттар бойынша кесіп өткен кезде Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің алып қоюына жатады. Жарамсыз және ауыстырған кезде тапсырылған жеке басты куәландыратын құжаттар жойылуға жатады.
      47. Жарамсыз жеке басты куәландыратын құжаттарды жоятын уәкілетті мемлекеттік орган басшысының бұйрығымен комиссия құрылады, оның саны мен құрамын уәкілетті мемлекеттік органның басшысы айқындайды.
      Комиссияның жұмыс тәртібін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі айқындайды.
      48. Жеке басты куәландыратын құжаттарды жоюды комиссия жойылатын құжаттың нөмірі мен түрін, оның иесі туралы мәліметтерді, құжаттың жарамсыз болу себептерін қамтитын, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі бекіткен нысан бойынша жою туралы акті жасай отырып, айында кемінде бір рет жүргізеді.
      Актіге комиссия мүшелері қол қояды және оны жеке басты куәландыратын құжаттарды жоятын уәкілетті мемлекеттік органның басшысы бекітеді.
      49. Жарамсыздық туралы мәліметтерді деректер базасына енгізу үшін жарамсыз құжаттарды жою туралы актілерді уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне жібереді.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 26 тамыздағы
№ 852 қаулысына   
қосымша       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 29, 359-құжат).
      2. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 наурыздағы № 260 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 11, 138-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы.
      3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 5 маусымдағы № 626 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 24, 302-құжат).
      4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 12 қаңтардағы № 31 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 ақпандағы № 140 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 7, 73-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы.
      5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 8 желтоқсандағы № 1184 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 46, 497-құжат).
      6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 352 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 13, 157-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы.
      7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі №  1063 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 тамыздағы № 696 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 30, 331-құжат).
      8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 және 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 наурыздағы № 166 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 22-23, 169-құжат).
      9. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Ақпараттық-өндірістік орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 желтоқсандағы № 1317 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 маусымдағы № 736 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 44, 586-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы.
      10. «Ішкі көшіп қонушыларды тіркеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 5, 93-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы.

Об утверждении Правил оформления, выдачи, замены, сдачи, изъятия и уничтожения паспорта гражданина Республики Казахстан, удостоверения личности гражданина Республики Казахстан, вида на жительство иностранца в Республике Казахстан, удостоверения лица без гражданства и удостоверения беженца

Постановление Правительства Республики Казахстан от 26 августа 2013 года № 852

      В соответствии с подпунктом 1) статьи 25 Закона Республики Казахстан от 29 января 2013 года «О документах, удостоверяющих личность» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила оформления, выдачи, замены, сдачи, изъятия и уничтожения паспорта гражданина Республики Казахстан, удостоверения личности гражданина Республики Казахстан, вида на жительство иностранца в Республике Казахстан, удостоверения лица без гражданства и удостоверения беженца.
      2. Признать утратившими силу некоторые решения Правительства Республики Казахстан согласно приложению к настоящему постановлению.
      3. Центральным исполнительным органам Республики Казахстан, государственным органам, подчиненным и подотчетным Президенту Республики Казахстан (по согласованию), принять меры, вытекающие из настоящего постановления.
      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       С. Ахметов

Утверждены         
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 26 августа 2013 года № 852

Правила
оформления, выдачи, замены, сдачи, изъятия и уничтожения
паспорта гражданина Республики Казахстан, удостоверения
личности гражданина Республики Казахстан, вида на жительство
иностранца в Республике Казахстан, удостоверения лица без
гражданства и удостоверения беженца

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила оформления, выдачи, замены, сдачи, изъятия и уничтожения паспорта гражданина Республики Казахстан, удостоверения личности гражданина Республики Казахстан, вида на жительство иностранца в Республике Казахстан, удостоверения лица без гражданства и удостоверения беженца (далее - Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 1) статьи 25 Закона Республики Казахстан от 29 января 2013 года «О документах, удостоверяющих личность» (далее – Закон) и определяют порядок оформления, выдачи, замены, сдачи, изъятия и уничтожения паспорта гражданина Республики Казахстан, удостоверения личности гражданина Республики Казахстан, вида на жительство иностранца в Республике Казахстан, удостоверения лица без гражданства и удостоверения беженца (далее – документы, удостоверяющие личность).
      2. Основные понятия, используемые в настоящих Правилах:
      1) удостоверение лица без гражданства - документ, удостоверяющий личность физического лица, не имеющего доказательства своей принадлежности к гражданству какого-либо государства;
      2) удостоверение беженца - документ, удостоверяющий личность и подтверждающий статус беженца;
      3) документ, удостоверяющий личность, - материальный объект установленного образца с зафиксированной на нем информацией о персональных данных физического лица, позволяющей установить личность и правовой статус его владельца в целях идентификации личности;
      4) удостоверение личности гражданина Республики Казахстан - документ, удостоверяющий личность гражданина и подтверждающий гражданство Республики Казахстан;
      5) паспорт гражданина Республики Казахстан - документ, удостоверяющий личность гражданина и подтверждающий гражданство Республики Казахстан на территории Республики Казахстан и за ее пределами;
      6) свидетельство на возвращение - документ, удостоверяющий личность и подтверждающий право его владельца на однократный въезд в Республику Казахстан;
      7) свидетельство о рождении - документ, удостоверяющий личность физического лица, свидетельствующий о государственной регистрации факта его рождения;
      8) временное удостоверение личности - документ, который выдается гражданам Республики Казахстан при утрате удостоверения личности, его недействительности либо отсутствии;
      9) уполномоченный государственный орган - органы внутренних дел, осуществляющие в пределах своей компетенции оформление, выдачу, замену, изъятие и уничтожение документов, удостоверяющих личность;
      10) заграничный паспорт - документ, признаваемый Республикой Казахстан в качестве документа, удостоверяющего личность иностранца или лица без гражданства и подтверждающего их правовой статус;
      11) вид на жительство иностранца в Республике Казахстан - документ, удостоверяющий личность иностранца на территории Республики Казахстан и подтверждающий получение им разрешения на постоянное проживание в Республике Казахстан;
      12) формуляр – типографский бланк строгой отчетности с номером и штриховым кодом, являющийся носителем информации, которая вносится в информационную базу данных документированного населения Республики Казахстан (далее – база данных) и в дальнейшем используется в целях идентификации личности с выданными документами.
      3. Документы, удостоверяющие личность, выдаваемые уполномоченным государственным органом Республики Казахстан, являются собственностью государства и содержат следующие данные:
      1) фамилию, имя, отчество (при его наличии);
      2) дату и место рождения;
      3) пол;
      4) национальную принадлежность - по желанию владельца в документах, удостоверяющих личность, указанных в подпунктах 4), 5) пункта 2 настоящих Правил;
      5) гражданство;
      6) фотографию;
      7) наименование органа, выдавшего документ;
      8) дату выдачи, номер документа, срок действия;
      9) подпись владельца документов;
      10) индивидуальный идентификационный номер (за исключением удостоверения беженца).
      4. Паспорт гражданина Республики Казахстан, удостоверение личности гражданина Республики Казахстан выдаются уполномоченным государственным органом по месту постоянной регистрации документируемого лица, а также фактического пребывания в случае замены паспорта и (или) удостоверения личности в связи с утратой, истечением срока действия, переменой фамилии по заключению (расторжению) брака, непригодностью к дальнейшему использованию, видоизменением документов согласно новой технологии их изготовления, получением паспорта гражданина Республики Казахстан впервые на основании удостоверения личности гражданина Республики Казахстан.
      Вид на жительство иностранца в Республике Казахстан, удостоверение лица без гражданства выдаются уполномоченным государственным органом по месту постоянной регистрации документируемого лица.
      Паспорт гражданина Республики Казахстан, удостоверение личности гражданина Республики Казахстан, вид на жительство иностранца в Республике Казахстан, удостоверение лица без гражданства выдаются уполномоченным государственным органом в срок не позднее тридцати календарных дней со дня подачи заявки на получение документов, удостоверяющих личность (за исключением паспортов гражданина Республики Казахстан, оформленных в загранучреждениях Республики Казахстан), и вручаются лично владельцу или его законному представителю.
      Сноска. Пункт 4 в редакции постановления Правительства РК от 18.06.2015 № 456 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      5. По желанию физического лица вид на жительство иностранца в Республике Казахстан, удостоверение лица без гражданства выдаются в ускоренном порядке в течение семи, десяти и пятнадцати рабочих дней со дня оформления. Паспорт гражданина Республики Казахстан, удостоверение личности гражданина Республики Казахстан выдаются в ускоренном порядке до двух рабочих дней (в городах Астане, Алматы, Актобе, Шымкенте), до четырех рабочих дней (в областных центрах) со дня оформления.
      Оплата за ускоренную выдачу документа, удостоверяющего личность, производится через банковские учреждения и иные организации, осуществляющие кассовые операции.
      При оформлении документа, удостоверяющего личность, посредством информационной системы «Регистрационный пункт «Документирование и регистрация населения» (далее – РП ДРН) информация об оплате за ускоренное изготовление документов, удостоверяющих личность, из банковских учреждений в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения уполномоченного государственного органа поступает в автоматизированном режиме. При оформлении на бланке формуляра документ об оплате за ускоренную выдачу документа, удостоверяющего личность, представляется физическим лицом в уполномоченный государственный орган.
      Для изготовления документа, удостоверяющего личность (кроме удостоверения беженца), сотрудником уполномоченного органа заполняется формуляр. Форма и порядок оформления, заполнения, учета, хранения, передачи, расходования, уничтожения формуляра определяются Министерством внутренних дел Республики Казахстан.
      Сноска. Пункт 5 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 19.08.2016 № 470 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

2. Порядок оформления и выдачи паспорта гражданина Республики
Казахстан, удостоверения личности гражданина Республики
Казахстан, вида на жительство иностранца в Республике
Казахстан, удостоверения лица без гражданства и удостоверения беженца

1. Порядок оформления и выдачи паспорта
гражданина Республики Казахстан

      6. Для оформления паспорта гражданина Республики Казахстан заявителем лично в уполномоченный орган представляются:
      1) документ об оплате государственной пошлины (лица, освобожденные от уплаты государственной пошлины, представляют подтверждающие документы);
      2) две фотографии размером 3,5 х 4,5 сантиметра (при оформлении на бумажном бланке формуляра);
      3) один из следующих документов:
      свидетельство о рождении (при получении паспорта до 16 лет);
      паспорт гражданина Республики Казахстан (при обмене паспорта);
      удостоверение личности гражданина Республики Казахстан (при получении паспорта впервые по достижению 16-летнего возраста);
      справку о приеме в гражданство Республики Казахстан установленной формы, выдаваемую органами внутренних дел (при получении паспорта в связи с принятием в гражданство Республики Казахстан);
      свидетельство на возвращение, выдаваемое загранучреждениями Республики Казахстан (при утрате паспорта гражданина Республики Казахстан временно находившимся за рубежом).
      Сноска. Пункт 6 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 18.06.2015 № 456 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      7. Паспорт гражданина Республики Казахстан оформляется уполномоченным государственным органом с использованием РП ДРН, а также на бланках формуляров.
      8. Паспорт гражданина Республики Казахстан оформляется через загранучреждения Республики Казахстан гражданам Республики Казахстан:
      1) постоянно проживающим за пределами Республики Казахстан;
      2) получающим образование по очной форме обучения в учебных заведениях, расположенных на территории иностранных государств;
      3) работающим в иностранных государствах по трудовому договору, заключенному на срок не менее одного года;
      4) членам семьи указанных лиц, проживающим вместе с ними;
      5) родственникам персонала дипломатической службы, проживающим вместе с персоналом дипломатической службы за рубежом.
      Сноска. Пункт 8 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 24.02.2014 № 145 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      9. При заполнении паспорта гражданина Республики Казахстан фамилия, имя, отчество (при его наличии) и другие данные записываются в соответствии с документом, послужившим основанием для их выдачи, за исключением случаев, предусмотренных законами Республики Казахстан и актами Президента Республики Казахстан.
      10. Паспорт гражданина Республики Казахстан заполняется на казахском языке или по желанию владельца на русском языке, а также на английском языке.
      11. Паспорт гражданина Республики Казахстан выдается гражданам Республики Казахстан по их желанию независимо от возраста и удостоверяет личность гражданина Республики Казахстан на территории Республики Казахстан и за ее пределами.
      12. Паспорт гражданина Республики Казахстан выдается сроком действия на десять лет.

2. Порядок оформления и выдачи
удостоверения личности гражданина Республики Казахстан

      13. Для оформления удостоверения личности гражданина Республики Казахстан заявителем лично в уполномоченный орган представляются:
      1) документ об оплате государственной пошлины (лица, освобожденные от уплаты государственной пошлины, предоставляют подтверждающие документы);
      2) две фотографии размером 3,5 х 4,5 сантиметра (при оформлении на бумажном бланке формуляра);
      3) один из следующих документов:
      свидетельство о рождении (при получении удостоверения личности по достижению 16-летнего возраста);
      паспорт гражданина Республики Казахстан (при получении удостоверения личности впервые, утрате удостоверения личности, возвращении на постоянное место жительства в Республику Казахстан);
      удостоверение личности гражданина Республики Казахстан (при обмене удостоверения личности);
      паспорт образца 1974 года (бывшего Союза Советских Социалистических Республик) (для получения удостоверения личности впервые при подтверждении гражданства Республики Казахстан);
      удостоверение лица без гражданства (в случае признания гражданства Республики Казахстан);
      справку о приеме в гражданство Республики Казахстан установленной Министерством внутренних дел Республики Казахстан формы (при получении удостоверения личности в связи с принятием в гражданство Республики Казахстан).
      Сноска. Пункт 13 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 18.06.2015 № 456 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      14. Удостоверения личности гражданина Республики Казахстан оформляются уполномоченным государственным органом с использованием РП ДРН, а также на бланках формуляров.
      15. Удостоверение личности оформляется гражданам Республики Казахстан с шестнадцатилетнего возраста.
      16. При заполнении удостоверения личности гражданина Республики Казахстан фамилия, имя, отчество (при его наличии) и другие данные записываются в соответствии с документом, послужившим основанием для их выдачи, за исключением случаев, предусмотренных законами Республики Казахстан и актами Президента Республики Казахстан.
      17. Удостоверение личности гражданина Республики Казахстан выдается сроком действия на десять лет.

3. Порядок оформления и выдачи
вида на жительство иностранца в Республике Казахстан

      18. Для оформления вида на жительство иностранца в Республике Казахстан иностранцам необходимо лично представить в уполномоченный государственный орган следующие документы:
      1) исключен постановлением Правительства РК от 18.06.2015 № 456 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования);
      2) документ об оплате государственной пошлины;
      3) две фотографии размером 3,5 х 4,5 сантиметра;
      4) действительный национальный паспорт.
      Сноска. Пункт 18 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 18.06.2015 № 456 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      19. При заполнении вида на жительство иностранца в Республике Казахстан фамилия, имя, отчество (при его наличии) и другие данные записываются в соответствии с документом, послужившим основанием для их выдачи, за исключением случаев, предусмотренных законами Республики Казахстан и актами Президента Республики Казахстан.
      20. Вид на жительство иностранца в Республике Казахстан выдается иностранцам, постоянно проживающим на территории Республики Казахстан, с шестнадцатилетнего возраста сроком действия на десять лет, но не выше срока действия паспорта страны их гражданства.

4. Порядок оформления и выдачи
удостоверения лица без гражданства

      21. Для оформления удостоверения лица без гражданства в уполномоченный государственный орган представляются следующие документы:
      1) исключен постановлением Правительства РК от 18.06.2015 № 456 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования);
      2) документ об оплате государственной пошлины;
      3) три фотографии размером 3,5х4,5 сантиметра;
      4) один из следующих документов:
      заграничный паспорт с истекшим сроком действия;
      удостоверение лица без гражданства;
      паспорт образца 1974 года (бывшего Союза Советских Социалистических Республик);
      военный билет;
      справка об освобождении из мест лишения свободы;
      справка о выходе из гражданства Республики Казахстан и изменении гражданства по Указу Президента Республики Казахстан, а также изменении гражданства в соответствии с международными договорами, ратифицированными Республикой Казахстан;
      свидетельство о рождении (при оформлении лицам до шестнадцати лет);
      свидетельство на возвращение, выдаваемое загранучреждениями Республики Казахстан (при утрате удостоверения лица без гражданства временно находившимся за рубежом).
      Сноска. Пункт 21 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 18.06.2015 № 456 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      22. При заполнении удостоверения лица без гражданства фамилия, имя, отчество (при его наличии) и другие данные записываются в соответствии с документом, послужившим основанием для их выдачи, за исключением случаев, предусмотренных законами Республики Казахстан и актами Президента Республики Казахстан.
      23. Удостоверение лица без гражданства выдается лицам без гражданства, постоянно проживающим на территории Республики Казахстан, достигшим шестнадцатилетнего возраста.
      24. Удостоверение лица без гражданства выдается сроком действия на пять лет для подтверждения личности владельца на территории Республики Казахстан и за ее пределами. При выезде за границу без родителей, опекунов, попечителей удостоверение лица без гражданства выдается лицам до шестнадцати лет.

5. Порядок оформления и выдачи
удостоверения беженца

      25. Удостоверение беженца выдается сроком действия на один год и продлевается на каждый последующий год до периода сохранения в стране происхождения беженца обстоятельств (по признаку расы, национальности, вероисповедания, гражданства, принадлежности к определенной социальной группе или политическим убеждениям), служивших основанием предоставления ему статуса беженца.
      26. Для получения удостоверения беженца лицом, получившим статус беженца, в уполномоченный государственный орган представляются следующие документы:
      1) ходатайство о присвоении (продлении) статуса беженца, положительно рассмотренное уполномоченным государственным органом;
      2) при наличии копии документов (паспорта, свидетельства о рождении несовершеннолетних детей);
      3) свидетельство лица, ищущего убежище;
      4) две фотографии размером 3х4 сантиметра;
      5) документы, подтверждающие семейные отношения (для прибывших с членами семьи);
      6) заявление лица, ищущего убежище, находящегося в Республике Казахстан, о согласии принять членов своей семьи (в целях воссоединения с семьей).
      Заявление подписывается заявителем в присутствии сотрудника уполномоченного органа, принимающего заявление.
      27. При заполнении удостоверения беженца фамилия, имя, отчество (при его наличии) и другие данные записываются в соответствии с документом, послужившим основанием для их выдачи, за исключением случаев, предусмотренных законами Республики Казахстан и актами Президента Республики Казахстан.
      28. Лицу, которому присвоен статус беженца, уполномоченным государственным органом в течение пяти рабочих дней выдается удостоверение беженца.

6. Порядок замены, сдачи, изъятия и уничтожения паспорта гражданина
Республики Казахстан, удостоверения личности гражданина Республики
Казахстан, вида на жительство иностранца в Республике Казахстан,
удостоверения лица без гражданства и удостоверения беженца

      29. Документы, удостоверяющие личность, являются недействительными и подлежат сдаче и замене в случаях:
      1) отсутствия в них данных, указанных в подпунктах 1), 2), 5), 6), 7), 8) и 10) пункта 3 настоящих Правил;
      2) истечения срока их действия;
      3) невозможности идентификации данных, указанных в подпунктах 1), 2), 5), 6), 7), 8) и 10) пункта 3 настоящих Правил, либо степени защиты документа;
      4) утраты документа со дня подачи заявления владельцем в уполномоченный государственный орган;
      5) несоответствия правовому статусу владельца;
      6) смены пола.
      30. Граждане Республики Казахстан в случаях утраты документов, удостоверяющих личность, непригодности их для дальнейшего использования, необходимости внесения изменений, связанных с идентификацией личности, невозможности идентификации данных, указанных в подпунктах 1), 2), 3), 4), 5), 6) пункта 29 настоящих Правил, также в связи с переменой, изменением установочных данных, видоизменением документов согласно новой технологии их изготовления, обращаются в уполномоченный государственный орган для получения новых документов по месту постоянной регистрации, а также фактического пребывания, в случаях утраты документов, удостоверяющих личность, непригодности их для дальнейшего использования, перемены фамилии по заключению (расторжению) брака, видоизменением документов согласно новой технологии их изготовления.
      Иностранцы и лица без гражданства, постоянно проживающие в Республике Казахстан, в случаях утраты документов, удостоверяющих личность, непригодности их для дальнейшего использования, необходимости внесения изменений, связанных с идентификацией личности, невозможности идентификации данных, указанных в подпунктах 1), 2), 3), 4), 5), 6) пункта 29 настоящих Правил, также в связи с переменой, изменением установочных данных обращаются по месту постоянной регистрации в уполномоченный государственный орган для получения новых документов.
      До получения новых паспортов и удостоверений личности прежние документы не изымаются, за исключением документов, непригодных к дальнейшему использованию, в связи с порчей, невозможностью идентификации личности.
      Сноска. Пункт 30 в редакции постановления Правительства РК от 18.06.2015 № 456 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      31. Для замены паспорта гражданина Республики Казахстан, удостоверения личности гражданина Республики Казахстан, в связи с истечением срока действия, непригодностью для дальнейшего использования, видоизменением документов согласно новой технологии их изготовления заявителем представляются следующие документы:
      1) документ об оплате государственной пошлины (лица, освобожденные от уплаты государственной пошлины, представляют подтверждающие документы);
      2) две фотографии размером 3,5 х 4,5 сантиметра (при оформлении на бумажном бланке формуляра);
      3) документ, удостоверяющий личность, подлежащий замене.
      Оформление нового паспорта гражданина Республики Казахстан, удостоверения личности гражданина Республики Казахстан допускается за один месяц до истечения срока действия документов, удостоверяющих личность.
      При наличии действующей визы иностранного государства в паспорте, подлежащем сдаче в уполномоченный орган, по заявлению гражданина паспорт не изымается. При этом недействительный паспорт подлежит погашению (путем осуществления просечки одной из сторон паспорта дыроколом) и возвращается владельцу до минования надобности.
      Сноска. Пункт 31 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 18.06.2015 № 456 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      32. Для замены вида на жительство иностранца в Республике Казахстан, удостоверения лица без гражданства в связи с истечением срока действия, непригодностью для дальнейшего использования заявителем представляются следующие документы:
      1) адресная справка с места жительства;
      2) документ об оплате государственной пошлины;
      3) три фотографии размером 3,5х4,5 сантиметра;
      4) документ, удостоверяющий личность, подлежащий замене;
      5) действительный национальный паспорт (для иностранцев).
      33. Для внесения изменений в паспорт гражданина Республики Казахстан, удостоверение личности гражданина Республики Казахстан, вид на жительство иностранца в Республике Казахстан, удостоверение лица без гражданства, связанных с идентификацией личности, невозможностью идентификации данных, указанных в подпунктах 1), 2), 3), 4), 5), 6) пункта 29 настоящих Правил, а также в связи с переменой, изменением установочных данных заявителем представляются:
      1) письменное заявление в произвольной форме (кроме обратившихся в связи с переменой фамилии по заключению (расторжению) брака);
      2) документ об оплате государственной пошлины (лица, освобожденные от уплаты государственной пошлины, представляют подтверждающие документы);
      3) две фотографии размером 3,5 х 4,5 сантиметра (при оформлении на бумажном бланке формуляра);
      4) удостоверение личности гражданина Республики Казахстан, подлежащее замене;
      5) паспорт гражданина Республики Казахстан (при наличии);
      6) вид на жительство иностранца в Республике Казахстан (для иностранцев);
      7) действительный национальный паспорт (для иностранцев);
      8) удостоверение лица без гражданства (для лиц без гражданства);
      9) документ, подтверждающий обоснованность обращения.
      При обращении лиц казахской национальности в уполномоченный государственный орган с ходатайствами о желании изменить написание фамилий и отчеств, согласно Указу Президента Республики Казахстан от 2 апреля 1996 года № 2923 «О порядке решения вопросов, связанных с написанием фамилий и отчеств лиц казахской национальности», подается заявление в произвольной форме с указанием желаемой фамилии, отчества на государственном или русском языках.
      В фамилиях исключаются несвойственные казахскому языку аффиксы с сохранением корневых основ фамилий и отчеств, одновременно при написании отчеств вместо несвойственных казахскому языку аффиксов к имени отца добавляются слитно окончания «улы» или «кызы» в зависимости от пола лица.
      К заявлению прилагается один из следующих документов:
      1) свидетельство о рождении (при получении впервые документов, удостоверяющих личность);
      2) удостоверение личности, паспорт, подлежащие замене;
      3) справка о приеме в гражданство Республики Казахстан установленной Министерством внутренних дел Республики Казахстан формы (при получении удостоверения личности в связи с принятием гражданства Республики Казахстан).
      При обращении лиц казахской национальности, написание фамилий и отчеств которых было изменено в соответствии со сложившимися традициями казахского народа, допускается оформление паспортов и удостоверений личности в прежнем написании их фамилий и отчеств согласно предъявленным ими свидетельствам о рождении.
      Сноска. Пункт 33 в редакции постановления Правительства РК от 18.06.2015 № 456 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      34. Для замены паспорта гражданина Республики Казахстан, удостоверения личности гражданина Республики Казахстан, в связи с утратой владельцем, кроме документов, предусмотренных подпунктами 1), 2) пункта 31 настоящих Правил, в уполномоченный государственный орган представляется письменное заявление о восстановлении документа, удостоверяющего личность, с указанием обстоятельств утраты.
      35. Для замены вида на жительство иностранца в Республике Казахстан, удостоверения лица без гражданства, в связи с утратой владельцем, кроме документов, предусмотренных подпунктами 1), 2), 3) и 5) (для иностранцев) пункта 32 настоящих Правил, в уполномоченный государственный орган представляется письменное заявление о восстановлении документа, удостоверяющего личность, с указанием обстоятельств утраты.
      36. При утрате паспорта гражданина Республики Казахстан или удостоверения лица без гражданства лица, находящиеся за границей, обращаются в загранучреждения Республики Казахстан.
      37. Гражданам Республики Казахстан при утрате удостоверения личности, непригодности его для дальнейшего использования, не имеющим документов, удостоверяющих личность, по их заявлению до получения новых документов, удостоверяющих личность, выдается временное удостоверение личности cроком действия на три месяца.
      При утрате удостоверения личности вне постоянного места жительства уполномоченным государственным органом при обращении гражданина Республики Казахстан временное удостоверение личности выдается по месту фактического пребывания для возвращения к месту жительства.
      Сноска. Пункт 37 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 18.06.2015 № 456 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      38. Временное удостоверение личности заполняется сотрудником уполномоченного государственного органа разборчиво от руки, по желанию гражданина - на государственном или русском языках. Во временное удостоверение личности вносятся следующие сведения о гражданине: фамилия, имя, отчество, дата и место рождения, национальность (по желанию), адрес места жительства, орган и дата выдачи, срок действия, подпись гражданина.
      Выдача временного удостоверения личности заверяется подписью и гербовой печатью уполномоченного государственного органа.
      Во временное удостоверение личности вклеивается фотография владельца размером 3,5х4,5 сантиметра, которая скрепляется паспортной гербовой печатью уполномоченного государственного органа.
      39. Граждане Республики Казахстан, иностранцы, имеющие вид на жительство иностранца в Республике Казахстан, выезжающие на постоянное жительство за границу, сдают удостоверения личности, виды на жительство иностранца в Республике Казахстан в уполномоченный государственный орган.
      40. Найденные документы, удостоверяющие личность, сдаются в уполномоченный государственный орган. В случаях восстановления владельцем утраченного документа, удостоверяющего личность, неистребования его владельцем в течение одного года со дня поступления в уполномоченный государственный орган, найденный документ уничтожается в порядке, предусмотренном пунктами 47 и 48  Правил.
      41. Документы, удостоверяющие личность, умерших лиц, а также объявленных судом умершими, сдаются физическими и юридическими лицами в уполномоченный государственный орган и уничтожаются.
      Сданные в уполномоченный государственный орган документы, удостоверяющие личность, умерших лиц, объявленных судом умершими, уничтожаются в порядке, предусмотренном пунктами 47 и 48 Правил.
      Должностными лицами уполномоченного государственного органа в формулярах производятся отметки о смерти владельцев и направляется информация в Министерство внутренних дел Республики Казахстан для внесения корректировки в базу данных.
      42. Для замены и получения нового удостоверения беженца лицом, получившим статус беженца, в уполномоченный государственный орган представляются следующие документы:
      1) заявление о выдаче нового удостоверения беженца;
      2) копия решения уполномоченного государственного органа о присвоении статуса беженца;
      3) две фотографии размером 3х4 сантиметра;
      4) удостоверение беженца, подлежащее замене;
      5) письменное заявление о восстановлении удостоверения беженца с указанием обстоятельств утраты (при утрате удостоверения беженца).
      При поступлении заявления об утрате удостоверения беженца уполномоченным государственным органом, принявшим заявление, одновременно информация о недействительности утраченного удостоверения беженца направляется в территориальные подразделения уполномоченного государственного органа областей, городов Астаны и Алматы.
      43. Лицо, лишенное статуса беженца, или беженец, отказавшийся от продления статуса (прекращение статуса беженца) в Республике Казахстан, после получения копии решения уполномоченного государственного органа о лишении статуса беженца сдает удостоверение беженца в уполномоченный государственный орган по месту регистрации.
      44. В случаях и порядке, установленных законами Республики Казахстан, документы, удостоверяющие личность, изымаются должностными лицами органов предварительного следствия, дознания, а также должностными лицами в ходе административного производства и оформления утраты гражданства.
      Изъятие документов, удостоверяющих личность, иными органами и должностными лицами запрещается.
      45. У лиц, осужденных к лишению свободы на территории Республики Казахстан, документы, удостоверяющие личность, изымаются и хранятся в учреждениях, исполняющих приговоры. При освобождении от отбывания наказания документы, удостоверяющие личность, возвращаются владельцам.
      46. Недействительные согласно подпунктам 1), 2), 3), 4), 5), 6)  пункта 29 Правил документы, удостоверяющие личность, подлежат изъятию уполномоченным государственным органом, при пересечении Государственной границы Республики Казахстан по недействительным документам, удостоверяющим личность – Пограничной службой КНБ Республики Казахстан. Недействительные и сданные при замене документы, удостоверяющие личность, подлежат уничтожению.
      47. Приказом руководителя уполномоченного государственного органа, которым уничтожаются недействительные документы, удостоверяющие личность, создается комиссия, численность и состав которой определяются руководителем уполномоченного государственного органа.
      Порядок работы комиссии определяется Министерством внутренних дел Республики Казахстан.
      48. Уничтожение документов, удостоверяющих личность, производится комиссией не реже одного раза в месяц с составлением акта об уничтожении по форме, утвержденной Министерством внутренних дел Республики Казахстан, содержащим номер и тип уничтожаемого документа, сведения о его владельце, причину недействительности документов.
      Акт подписывается членами комиссии и утверждается руководителем уполномоченного государственного органа, в котором уничтожаются документы, удостоверяющие личность.
      49. Акты об уничтожении недействительных документов территориальными подразделениями уполномоченного государственного органа ежемесячно направляются в Министерство внутренних дел Республики Казахстан для внесения сведений о недействительности в базу данных.

Приложение        
к постановлению Правительства
Республики Казахстан   
от 26 августа 2013 года № 852

Перечень
утративших силу некоторых решений
Правительства Республики Казахстан

      1. Постановление Правительства Республики Казахстан от 12 июля 2000 года № 1063 «Об утверждении Правил документирования населения Республики Казахстан» (САПП Республики Казахстан, 2000 г., № 29, ст. 359).
      2. Пункт 3 изменений и дополнений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 3 марта 2004 года № 260 «Некоторые вопросы Министерства юстиции Республики Казахстан» (САПП Республики Казахстан, 2004 г., № 11, ст. 138).
      3. Постановление Правительства Республики Казахстан от 5 июня 2004 года № 626 «О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 июля 2000 года № 1063» (САПП Республики Казахстан, 2004 г., № 24, ст. 302).
      4. Пункт 5 изменений и дополнений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 февраля 2005 года № 140 «О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан и признании утратившим силу постановления Кабинета Министров Республики Казахстан от 12 января 1993 года № 31» (САПП Республики Казахстан, 2005 г., № 7, ст. 73).
      5. Постановление Правительства Республики Казахстан от 8 декабря 2006 года № 1184 «О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 июля 2000 года № 1063» (САПП Республики Казахстан, 2006 г., № 46, ст. 497).
      6. Пункт 4 изменений и дополнений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 апреля 2007 года № 352 «О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан» (САПП Республики Казахстан, 2007 г., № 13, ст. 157).
      7. Постановление Правительства Республики Казахстан от 17 августа 2007 года № 696 «О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 июля 2000 года № 1063» (САПП Республики Казахстан, 2007 г., № 30, ст. 331).
      8. Постановление Правительства Республики Казахстан от 3 марта 2010 года № 166 «О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 28 января 2000 года № 136 и от 12 июля 2000 года № 1063» (САПП Республики Казахстан, 2010 г., № 22-23, ст. 169).
      9. Пункт 4 изменений и дополнений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2011 года № 736 «О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан и признании утратившим силу постановления Правительства Республики Казахстан от 14 декабря 2004 года № 1317 «Некоторые вопросы Республиканского государственного предприятия «Информационно-производственный центр» Министерства внутренних дел Республики Казахстан» (САПП Республики Казахстан, 2011 г., № 44, ст. 586).
      10. Пункт 2 изменений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 декабря 2011 года № 1427 «Об утверждении Правил регистрации внутренних мигрантов и внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан» (САПП Республики Казахстан, 2012 г., № 5, ст. 93).

Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі мен босқын куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 852 қаулысы

      «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі мен босқын куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидалары бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары, Қазақстан Республикасының Президентіне бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                       С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 26 тамыздағы
№ 852 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі мен босқын куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі мен босқын куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидасы (бұдан әрі – Қағидалар) «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 25-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі мен босқын куәлігін (бұдан әрі – жеке басты куәландыратын құжаттар) ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою тәртібін белгілейді.
      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
      1) азаматтығы жоқ адамның куәлігі – өзінің қандай да бір мемлекеттің азаматтығына тиесілігіне дәлелдемесі жоқ жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат;
      2) босқын куәлігі – босқынның жеке басын куәландыратын және мәртебесін растайтын құжат;
      3) жеке басты куәландыратын құжат – жеке басты сәйкестендіру мақсатында оның иесінің жеке басын және құқықтық мәртебесін анықтауға мүмкіндік беретін, жеке тұлғаның дербес деректері туралы тіркелген ақпараты бар, белгіленген үлгідегі материалдық объект;
      4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі – азаматтың жеке басын куәландыратын және Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжат;
      5) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты – Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде азаматтың жеке басын куәландыратын және Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжат;
      6) қайтып оралуға арналған куәлік – иесінің жеке басын куәландыратын және Қазақстан Республикасына бір реттік келу құқығын растайтын құжат;
      7) туу туралы куәлік – жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын, оның туу фактісінің мемлекеттік тіркелгені туралы айғақтайтын құжат;
      8) уақытша жеке куәлік – жеке куәлігін жоғалтқан, ол жарамсыз болған не куәлігі болмаған кезде Қазақстан Республикасының азаматтарына берілетін құжат;
      9) уәкілетті мемлекеттік орган – өз құзыреті шегінде жеке басты куәландыратын құжаттарды ресімдеуді, беруді, ауыстыруды, алып қоюды және жоюды жүзеге асыратын ішкі істер органдары;
      10) шетелдік паспорт – Қазақстан Республикасы шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын және олардың құқықтық мәртебесін растайтын құжат ретінде танитын құжат;
      11) шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат – Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктің жеке басын куәландыратын және оның Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алғандығын растайтын құжат;
      12) формуляр – нөмірі және штрих коды бар қатаң есептіліктегі типографиялық бланк болып табылады, ол Қазақстан Республикасының құжаттандырылған халқының ақпараттық деректер базасына (бұдан әрі – деректер базасы) енгізіледі және кейіннен жеке тұлғаны берілген құжаттармен сәйкестендіру мақсатында пайдаланылады.
      3. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы беретін жеке басты куәландыратын құжаттар мемлекеттің меншігі болып табылады және мынадай деректерді:
      1) тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда);
      2) туған күнін, айын, жылын және жерін;
      3) жынысын;
      4) қай ұлтқа жататынын – осы Қағидалардың 2-тармағының 4), 5) тармақшаларында көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттарда иесінің қалауы бойынша;
      5) азаматтығын;
      6) фотосуретін;
      7) құжатты берген органның атауын;
      8) құжаттың берілген күнін, айын, жылын, нөмірін, қолданылу мерзімін;
      9) құжаттар иесінің қолын;
      10) жеке сәйкестендіру нөмірін (босқынның куәлігін қоспағанда) қамтиды.
      4. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін уәкілетті мемлекеттік орган құжаттандырылатын адамның тұрақты тіркелген жері бойынша, сондай-ақ жоғалуына, жарамдылық мерзімінің өтуіне, неке қию (бұзу) бойынша тегін өзгертуіне, одан әрі пайдалануға жарамсыздығына, құжаттарды әзірлеудің жаңа технологиясына сәйкес олардың түр өзгерісіне, Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігі негізінде Қазақстан Республикасының азаматы паспортын алғаш рет алуына байланысты паспорт және (немесе) жеке куәлік ауыстырылған жағдайда нақты болатын жері бойынша береді.
      Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін уәкілетті мемлекеттік орган құжаттандырылатын адамның тұрақты тіркелген жері бойынша береді.
      Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін уәкілетті мемлекеттік орган жеке басты куәландыратын құжаттарды (Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінде ресімделген Қазақстан Республикасы азаматының паспорттарын қоспағанда) алуға арналған өтінім берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмейтін мерзімде береді және иесіне немесе оның заңды өкіліне жеке табыс етеді.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 456 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      5. Жеке тұлғаның қалауы бойынша шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат, азаматтығы жоқ адамның куәлігі ресімделген күннен бастап жеті, он және он бес жұмыс күні ішінде жеделдетілген тәртіппен беріледі. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжат ресімделген және оларды жеделдетілген түрде бергені үшін төлем төленген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде (Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында), төрт жұмыс күн ішінде (облыс орталықтарында) жеделдетілген тәртіппен беріледі.
      Жеке басты куәландыратын құжатты жеделдетілген түрде бергені үшін төлем банк мекемелері және кассалық операцияларды жүзеге асыратын өзге де ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
      Жеке басты куәландыратын құжатты «Халықты құжаттандыру және тіркеу» тіркеу пункті» (бұдан әрі – ХҚТ ТП) ақпараттық жүйесі арқылы ресімдеген кезде жеке басты куәландыратын құжаттарды жеделдетілген түрде дайындағаны үшін төлем туралы ақпарат банк мекемелерінен Уәкілетті мемлекеттік органның шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына автоматтандырылған режимде келіп түседі. Формулярдың бланкіне ресімдеу кезінде жеке басты куәландыратын құжатты жеделдетілген түрде бергені үшін төлем төлегені туралы құжатты жеке тұлға уәкілетті мемлекеттік органға ұсынады.
      Жеке басты куәландыратын құжат (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін уәкілетті органның қызметкері формуляр толтырады. Формулярдың нысанын және оны ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою тәртібін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі айқындайды.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.08.2016 № 470 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі мен босқын куәлігін ресімдеу және беру тәртібі

1. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресімдеу
және беру тәртібі

      6. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресімдеу үшін өтініш иесі уәкілетті органға:
      1) мемлекеттік баж төленгені туралы құжатты (мемлекеттік баж төлеуден босатылған адамдар растайтын құжаттарды ұсынады);
      2) көлемі 3,5 х 4,5 сантиметр (қағаз бланкідегі формулярды ресімдеген кезде) екі фотосуретті;
      3) мынадай құжаттардың біреуін:
      туу туралы куәлікті (16 жасқа дейін паспорт алған кезде);
      Қазақстан Республикасы азаматының паспортын (паспортты ауыстырған кезде);
      Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін (16 жасқа толуына байланысты паспортты алғаш алған кезде);
      ішкі істер органдары беретін белгіленген нысандағы Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданғаны туралы анықтаманы (Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдануына байланысты паспорт алған кезде);
      Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері беретін қайта оралуға арналған куәлікті (шетелде уақытша болатындар Қазақстан Республикасы азаматының паспортын жоғалтқан кезде) жеке ұсынады.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 456 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      7. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын уәкілетті мемлекеттік орган ХҚТ ТП пайдалана отырып, сондай-ақ бланкілердің формулярларында ресімдейді.
      8. Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері арқылы:
      1) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын;
      2) күндізгі оқыту нысаны бойынша шет мемлекеттердің аумағында орналасқан оқу орындарында білім алушы;
      3) кемінде бір жыл мерзімге жасалған еңбек шарты бойынша шет мемлекеттерде жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының азаматтарына;
      4) көрсетілген адамдармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне;
      5) шетелдегі дипломатиялық қызмет персоналымен бірге тұратын дипломатиялық қызмет персоналының туыстарына Қазақстан Республикасы азаматының паспорты ресімделеді.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.02.2014 № 145 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      9. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын толтырған кезде тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және басқа да деректер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, оларды беру үшін негіз болған құжатқа сәйкес жазылады.
      10. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты қазақ тілінде немесе иесінің қалауы бойынша орыс тілінде, сондай-ақ ағылшын тілінде толтырылады.
      11. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты Қазақстан Республикасының азаматтарына жасына қарамастан, олардың қалауы бойынша беріледі және Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландырады.
      12. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты қолданылу мерзімі он жылға беріледі.

2. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін ресімдеу және беру тәртібі

      13. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін ресімдеу үшін өтініш иесі уәкілетті органға:
      1) мемлекеттік баж төленгені туралы құжатты (мемлекеттік баж төлеуден босатылған адамдар растайтын құжаттарды);
      2) көлемі 3,5 х 4,5 сантиметр (қағаз бланкідегі формулярды ресімдеген кезде) екі фотосуретті;
      3) мынадай құжаттардың біреуін:
      туу туралы куәлікті (16 жасқа толуына байланысты жеке куәлік алған кезде);
      Қазақстан Республикасы азаматының паспортын (жеке куәлікті алғаш алған кезде, жеке куәлікті жоғалтқан кезде, Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға қайта оралған кезде);
      Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін (жеке куәлікті ауыстырған кезде);
      1974 жылғы үлгідегі паспортты (бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы) (Қазақстан Республикасының азаматтығын растаған кезде жеке куәлікті алғаш алу үшін);
      азаматтығы жоқ адамның куәлігін (Қазақстан Республикасының азаматтығын мойындаған кезде);
      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі белгілеген нысандағы Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданғаны туралы анықтаманы (Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдануына байланысты жеке куәлік алған кезде) жеке ұсынады.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 456 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      14. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәліктерін уәкілетті мемлекеттік орган ХҚТ ТП пайдалана отырып, сондай-ақ бланкілердің формулярларында ресімдейді.
      15. Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәлік он алты жастан бастап ресімделеді.
      16. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін толтырған кезде тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және басқа да деректер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, оларды беру үшін негіз болған құжатқа сәйкес жазылады.
      17. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі қолданылу мерзімі он жылға беріледі.

3. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты ресімдеу және беру тәртібі

      18. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты ресімдеу үшін шетелдіктер уәкілетті мемлекеттік органға мынадай құжаттарды:
      1) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 456 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2) мемлекеттік баж төленгені туралы құжатты;
      3) көлемі 3,5х4,5 сантиметр екі фотосуретті;
      4) жарамды ұлттық паспортты жеке ұсынуы қажет.
      Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 456 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      19. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты толтырған кезде тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және басқа да деректер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, оларды беру үшін негіз болған құжатқа сәйкес жазылады.
      20. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге он алты жастан бастап қолданылу мерзімі он жылға, бірақ олар азаматы болып табылатын ел паспортының қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі.

4. Азаматтығы жоқ адамның куәлігін ресімдеу және беру тәртібі

      21. Азаматтығы жоқ адамның куәлігін ресімдеу үшін уәкілетті мемлекеттік органға мынадай құжаттар:
      1) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 456 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2) мемлекеттік баж төленгені туралы құжат;
      3) көлемі 3,5х4,5 сантиметр үш фотосурет;
      4) мынадай құжаттардың біреуі:
      қолданылу мерзімі өтіп кеткен шетелдік паспорт;
      азаматтығы жоқ адамның куәлігі;
      1974 жылғы үлгідегі паспорт (бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы);
      әскери билет;
      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаны туралы анықтама;
      Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққаны және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша азаматтығын өзгерткені, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес азаматтығын өзгерткені туралы анықтама;
      туу туралы куәлік (он алты жасқа дейінгі адамдарға ресімдеген кезде);
      Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері беретін қайта оралуға арналған куәлік (шетелде уақытша болатындар Қазақстан Республикасы азаматының паспортын жоғалтқан кезде) ұсынылады.
      Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 456 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      22. Азаматтығы жоқ адамның куәлігін толтырған кезде тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және басқа да деректер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, оны беру үшін негіз болған құжатқа сәйкес жазылады.
      23. Азаматтығы жоқ адамның куәлігі Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, он алты жасқа толған азаматтығы жоқ адамдарға беріледі.
      24. Азаматтығы жоқ адамның куәлігі Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде иесінің жеке басын растау үшін қолданылу мерзімі бес жылға беріледі. Шетелге ата-аналарынсыз, қамқоршыларынсыз, қорғаншыларынсыз шыққан кезде азаматтығы жоқ адамның куәлігі он алты жасқа дейінгі адамдарға беріледі.

5. Босқын куәлігін ресімдеу және беру тәртібі

      25. Босқын куәлігі қолданылу мерзімі бір жылға беріледі және босқынның шыққан елінде оған босқын мәртебесін беруге негіз болған (нәсілдік, ұлттық, діни наным, азаматтық, белгілі бір әлеуметтік топқа қатыстылығы немесе саяси сенім белгісі бойынша) мән-жайлар сақталған кезеңге дейін әрбір келесі жылға ұзартылып отырады.
      26. Босқын мәртебесін алған адамның босқын куәлігін алуы үшін мемлекеттік уәкілетті органға мынадай құжаттар:
      1) уәкілетті мемлекеттік орган оң тұрғыда қараған босқын мәртебесін беру (ұзарту) туралы қолдаухат;
      2) болған жағдайда құжаттардың (паспорт, кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәліктері) көшірмелері;
      3) пана іздеген адамның куәлігі;
      4) көлемі 3х4 сантиметр екі фотосурет;
      5) отбасы қатынастарын растайтын құжаттар (отбасы мүшелерімен келгендер үшін);
      6) отбасы мүшелерін қабылдауға келісім бергені туралы (отбасымен қосылу мақсатында) Қазақстан Республикасында жүрген пана іздеуші адамның өтініші ұсынылады.
      Өтінішке өтінішті қабылдайтын уәкілетті орган қызметкерінің қатысуымен өтініш иесі қол қояды.
      27. Босқын куәлігін толтырған кезде тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және басқа да деректер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, оны беру үшін негіз болған құжатқа сәйкес жазылады.
      28. Босқын мәртебесі берілген адамға уәкілетті мемлекеттік орган бес жұмыс күні ішінде босқын куәлігін береді.

6. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі мен босқын куәлігін ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою тәртібі

      29. Жеке басты куәландыратын құжаттар:
      1) онда осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 2), 5), 6), 7), 8) және 10) тармақшаларында көрсетілген деректер болмаған;
      2) олардың қолданылу мерзімі өткен;
      3) осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 2), 5), 6), 7), 8) және 10) тармақшаларында көрсетілген деректерді не қорғау дәрежесін сәйкестендіру мүмкін болмаған;
      4) құжат жоғалғанда, өтініш иесі уәкілетті мемлекеттік органға өтініш берген күннен бастап;
      5) иесінің құқықтық мәртебесі сәйкес келмеген;
      6) жынысын өзгерткен жағдайларда жарамсыз болып табылады және ауыстыруға жатады.
      30. Қазақстан Республикасының азаматтары жеке басты куәландыратын құжаттарды жоғалтқан, олар одан әрі пайдалануға жарамсыз болған, жеке тұлғаны сәйкестендірумен байланысты өзгерістер енгізу қажеттілігі туындаған, осы Қағидалардың 29-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6) тармақшаларында көрсетілген деректерді сәйкестендіру мүмкін болмаған жағдайларда, сондай-ақ анықтамалық деректерінің ауысуына, өзгеруіне, құжаттарды әзірлеудің жаңа технологиясына сәйкес олардың түр өзгерісіне байланысты, жаңа құжаттар алу үшін тұрақты тіркелген жері бойынша, сондай-ақ жеке басты куәландыратын құжаттары жоғалған, олар одан әрі пайдалануға жарамсыз болған, неке қию (бұзуы) бойынша тегін өзгерткен, құжаттарды әзірлеудің жаңа технологиясына сәйкес олардың түр өзгерісіне байланысты жағдайларда нақты болатын жері бойынша уәкілетті мемлекеттік органға өтініш білдіреді.
      Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жеке басты куәландыратын құжаттарды жоғалтқан, олар одан әрі пайдалануға жарамсыз болған, жеке тұлғаны сәйкестендірумен байланысты өзгерістер енгізу қажеттілігі туындаған, осы Қағидалардың 29-тармағының 1), 2), 3), 4) 5), 6) тармақшаларында көрсетілген деректерді сәйкестендіру мүмкін болмаған жағдайларда, сондай-ақ анықтамалық деректерін ауыстыруына, өзгертуіне байланысты жаңа құжаттар алу үшін тұрақты тіркелген жері бойынша уәкілетті мемлекеттік органға өтініш білдіреді.
      Бүлінуіне, жеке басты сәйкестендірудің мүмкін болмауына байланысты одан әрі пайдалануға жарамсыз құжаттарды қоспағанда, жаңа паспорттар мен жеке куәліктер алғанға дейін бұрынғы құжаттар алынбайды.
      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 456 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      31. Қолданылу мерзімінің өтуіне, одан әрі пайдалануға жарамсыз болуына, құжаттарды әзірлеудің жаңа технологиясына сәйкес олардың түр өзгерісіне байланысты Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін ауыстыру үшін өтініш иесі мынадай құжаттарды:
      1) мемлекеттік баж төленгені туралы құжатты (мемлекеттік баж төлеуден босатылған адамдар растайтын құжаттарды);
      2) көлемі 3,5 х 4,5 сантиметр (қағаз бланкідегі формулярды ресімдеген кезде) екі фотосуретті;
      3) ауыстыруға жататын жеке басты куәландыратын құжатты ұсынады.
      Жаңа Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін жеке басты куәландыратын құжаттардың қолданылу мерзімі өткенге дейін бір ай бұрын ресімдеуге жол беріледі.
      Уәкілетті органға тапсыруға жататын паспортта шет мемлекеттің қолданыстағы визасы болған кезде азаматтың өтініші бойынша паспорт алынбайды. Бұл ретте жарамсыз паспорт өтеуге (паспорттың бір жақ шетін тескішпен тесу арқылы) жатады және иесіне қажеттілігі өткенге дейін қайтарылады.
      Ескерту. 31-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 456 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      32. Қолданылу мерзімінің өтіп кетуіне, одан әрі пайдалануға жарамсыз болуына байланысты шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін ауыстыру үшін өтініш иесі мынадай құжаттарды:
      1) тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасын;
      2) мемлекеттік баж төленгені туралы құжатты;
      3) көлемі 3,5х4,5 сантиметр үш фотосуретті;
      4) ауыстыруға жататын жеке басты куәландыратын құжатты;
      5) жарамды ұлттық паспортты (шетелдіктер үшін) ұсынады.
      33. Қазақстан Республикасы азаматының паспортына, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігіне, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатқа, азаматтығы жоқ адамның куәлігіне жеке тұлғаны сәйкестендірумен байланысты, осы Қағидалардың 29-тармағының 1), 2), 3), 4) 5), 6) тармақшаларында көрсетілген деректерді сәйкестендіру мүмкін болмаған жағдайда, сондай-ақ анықтамалық деректерін ауыстыруына, өзгертуіне байланысты өзгерістер енгізу үшін өтініш иесі:
      1) еркін нысандағы жазбаша өтінішті (неке қию (бұзу) бойынша тегін өзгертуге байланысты жүгінгендерден басқа);
      2) мемлекеттік баж төленгені туралы құжатты (мемлекеттік баж төлеуден босатылған адамдар растайтын құжаттарын ұсынады);
      3) көлемі 3,5 х 4,5 сантиметр (қағаз бланкідегі формулярды ресімдеген кезде) екі фотосуретті;
      4) ауыстыруға жататын Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін;
      5) Қазақстан Республикасы азаматының паспортын (бар болса);
      6) шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты (шетелдіктер үшін);
      7) жарамды ұлттық паспортты (шетелдіктер үшін);
      8) азаматтығы жоқ адамның куәлігін (азаматтығы жоқ адамдар үшін);
      9) өтініш білдірудің негізділігін растайтын құжатты ұсынады.
      «Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 2 сәуірдегі № 2923 Жарлығына сәйкес ұлты қазақ адамдар тегі мен әкесінің атының жазылуын өзгерту туралы өтінішхатпен уәкілетті мемлекеттік органға жүгінген кезде қалаған тегін, әкесінің атын мемлекеттік немесе орыс тілінде көрсете отырып, еркін нысанда өтініш береді.
      Тектерде тегі мен әкесінің атының түбір негіздерін сақтай отырып, қазақ тіліне тән емес аффикстер алынып тасталады, онымен бір мезгілде әкесінің атын жазу кезінде қазақ тіліне тән емес аффикстердің орнына әкесінің есіміне адамның жынысына қарай «ұлы» немесе «қызы» деген жалғау жалғанады.
      Өтінішке мына құжаттардың бірі қосымша беріледі:
      1) туу туралы куәлік (жеке басты куәландыратын құжаттарды алғаш рет алған кезде);
      2) ауыстыруға жататын жеке куәлік, паспорт;
      3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі белгілеген нысандағы Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданғаны туралы анықтаманы (Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдануына байланысты жеке куәлік алған кезде).
      Тектері мен әкесінің атының жазылуы қазақ халқының қалыптасқан дәстүрлеріне сәйкес өзгертілген ұлты қазақ адамдар өтініш білдірген жағдайда, паспорттар мен жеке куәліктерді олардың бұрынғы тектері мен әкелерінің аттарын ұсынылған туу туралы куәліктерге сәйкес бұрынғыдай жаза отырып ресімдеуге болады.
      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 456 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      34. Жоғалтуына байланысты Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін ауыстыру үшін иесі уәкілетті мемлекеттік органға осы Қағидалардың 31-тармағының 1), 2) тармақшаларында көзделген құжаттардан басқа жоғалтудың мән-жайларын көрсете отырып, жеке басты куәландыратын құжатты қалпына келтіру туралы жазбаша өтініш ұсынады.
      35. Жоғалтуына байланысты шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін ауыстыру үшін иесі уәкілетті мемлекеттік органға осы Қағидалардың 32-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларында (шетелдіктер үшін) көзделген құжаттардан басқа, жоғалтудың мән-жайларын көрсете отырып, жеке басты куәландыратын құжатты қалпына келтіру туралы жазбаша өтініш ұсынады.
      36. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігін жоғалтқан кезде шетелде жүрген адамдар Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне өтініш білдіреді.
      37. Жеке куәліктерін жоғалтқан, одан әрі пайдалануға жарамсыз жеке куәліктері бар және жеке басты куәландыратын құжаттары жоқ Қазақстан Республикасының азаматтарына олардың өтініші бойынша жаңа жеке басты куәландыратын құжаттар алғанға дейін қолданылу мерзімі үш айға уақытша жеке куәлік беріледі.
      Жеке куәлік тұрғылықты жерден басқа жерде жоғалған кезде Қазақстан Республикасының азаматы өтініш бергенде уәкілетті мемлекеттік орган уақытша жеке куәлікті нақты болатын жері бойынша тұрғылықты жеріне қайта оралу үшін береді.
      Ескерту. 37-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 456 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      38. Уақытша жеке куәлікті уәкілетті мемлекеттік органның қызметкері қолмен түсінікті етіп, азаматтың қалауы бойынша – мемлекеттік немесе орыс тілдерінде толтырады. Уақытша жеке куәлікке азамат туралы мынадай мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, айы, жылы және жері, ұлты (қалауы бойынша), тұрғылықты жерінің мекенжайы, берген орган және берілген күні, айы, жылы азаматтың қолы енгізіледі.
      Уақытша жеке куәлікті беру қолмен және уәкілетті мемлекеттік органның елтаңбалы мөрімен расталады.
      Уақытша жеке куәлікке иесінің көлемі 3,5х4,5 фотосуреті жапсырылады, ол уәкілетті мемлекеттік органның елтаңбалы мөрімен бекітіледі.
      39. Шетелге тұрақты тұруға шығатын Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаты бар шетелдіктер жеке куәліктерін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттарды уәкілетті мемлекеттік органға тапсырады.
      40. Табылған жеке басты куәландыратын құжаттар уәкілетті мемлекеттік органға тапсырылады. Жоғалған жеке басты куәландыратын құжатты иесі қалпына келтірген, уәкілетті мемлекеттік органға келіп түскен күннен бастап бір жыл ішінде иесі оны талап етпеген жағдайда, табылған құжат Қағидалардың 47 және 48-тармақтарында көзделген тәртіппен жойылады.
      41. Қайтыс болған адамдардың, сондай-ақ сот қайтыс болды деп жариялағандардың жеке басын куәландыратын құжаттарды жеке және заңды тұлғалар уәкілетті мемлекеттік органға тапсырады және жояды.
      Уәкілетті мемлекеттік органға тапсырылған, қайтыс болған адамдардың сот қайтыс болды деп жариялаған жеке басын куәландыратын құжаттары Қағидалардың 47 және 48-тармақтарында көзделген тәртіппен жойылады.
      Уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамдары формулярларда иелерінің қайтыс болғаны туралы белгілер жасайды және деректер базасына түзетулер енгізу үшін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне ақпарат жібереді.
      42. Босқын куәлігін ауыстыру және жаңасын алу үшін босқын мәртебесін алған адам уәкілетті мемлекеттік органға мынадай құжаттарды:
      1) жаңа босқын куәлігін беру туралы өтінішті;
      2) босқын мәртебесін беру туралы уәкілетті мемлекеттік орган шешімінің көшірмесін;
      3) көлемі 3х4 сантиметр екі фотосуретті;
      4) ауыстыруға жататын босқын куәлігін;
      5) жоғалтудың мән-жайларын көрсете отырып, босқын куәлігін қалпына келтіру туралы жазбаша өтінішті (босқын куәлігін жоғалтқан кезде) ұсынады.
      Босқын куәлігінің жоғалғаны туралы өтініш келіп түскен кезде өтінішті қабылдаған уәкілетті мемлекеттік орган жоғалған босқын куәлігінің жарамсыздығы туралы ақпаратты бір мезгілде уәкілетті мемлекеттік органның облыстардың, Астана және Алматы қалаларының аумақтық бөлімшелеріне жолдайды.
      43. Қазақстан Республикасында босқын мәртбесінен айырылған немесе мәртебесін ұзартудан бас тартқан (босқын мәртебесін тоқтату) босқын уәкілетті мемлекеттік органның босқын мәртебесінен айыру туралы шешімінің көшірмесін алғаннан кейін босқын куәлігін тіркелген жері бойынша уәкілетті мемлекеттік органға тапсырады.
      44. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен алдын ала тергеу, анықтау органдарының лауазымды адамдары, сондай-ақ әкімшілік іс жүргізу және азаматтықты жоғалтуды ресімдеу барысында лауазымды адамдар жеке басты куәландыратын құжаттарды алып қояды.
      Өзге органдар мен лауазымды адамдардың жеке басты куәландыратын құжаттарды алып қоюына тыйым салынады.
      45. Қазақстан Республикасы аумағында бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттары алып қойылады және үкімдерді орындайтын мекемелерде сақталады. Жазаны өтеуден босатылған кезде жеке басты куәландыратын құжаттар иелеріне қайтарылады.
      46. Қағидалардың 29-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6) тармақшаларына сәйкес жарамсыз құжаттарды уәкілетті мемлекеттік органның, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын жеке басты куәландыратын жарамсыз құжаттар бойынша кесіп өткен кезде Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің алып қоюына жатады. Жарамсыз және ауыстырған кезде тапсырылған жеке басты куәландыратын құжаттар жойылуға жатады.
      47. Жарамсыз жеке басты куәландыратын құжаттарды жоятын уәкілетті мемлекеттік орган басшысының бұйрығымен комиссия құрылады, оның саны мен құрамын уәкілетті мемлекеттік органның басшысы айқындайды.
      Комиссияның жұмыс тәртібін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі айқындайды.
      48. Жеке басты куәландыратын құжаттарды жоюды комиссия жойылатын құжаттың нөмірі мен түрін, оның иесі туралы мәліметтерді, құжаттың жарамсыз болу себептерін қамтитын, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі бекіткен нысан бойынша жою туралы акті жасай отырып, айында кемінде бір рет жүргізеді.
      Актіге комиссия мүшелері қол қояды және оны жеке басты куәландыратын құжаттарды жоятын уәкілетті мемлекеттік органның басшысы бекітеді.
      49. Жарамсыздық туралы мәліметтерді деректер базасына енгізу үшін жарамсыз құжаттарды жою туралы актілерді уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне жібереді.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 26 тамыздағы
№ 852 қаулысына   
қосымша       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 29, 359-құжат).
      2. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 наурыздағы № 260 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 11, 138-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы.
      3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 5 маусымдағы № 626 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 24, 302-құжат).
      4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 12 қаңтардағы № 31 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 ақпандағы № 140 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 7, 73-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы.
      5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 8 желтоқсандағы № 1184 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 46, 497-құжат).
      6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 352 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 13, 157-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы.
      7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі №  1063 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 тамыздағы № 696 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 30, 331-құжат).
      8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 және 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 наурыздағы № 166 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 22-23, 169-құжат).
      9. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Ақпараттық-өндірістік орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 желтоқсандағы № 1317 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 маусымдағы № 736 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 44, 586-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы.
      10. «Ішкі көшіп қонушыларды тіркеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 5, 93-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы.

      «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі мен босқын куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидалары бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары, Қазақстан Республикасының Президентіне бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                       С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 26 тамыздағы
№ 852 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі мен босқын куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі мен босқын куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидасы (бұдан әрі – Қағидалар) «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 25-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі мен босқын куәлігін (бұдан әрі – жеке басты куәландыратын құжаттар) ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою тәртібін белгілейді.
      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
      1) азаматтығы жоқ адамның куәлігі – өзінің қандай да бір мемлекеттің азаматтығына тиесілігіне дәлелдемесі жоқ жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат;
      2) босқын куәлігі – босқынның жеке басын куәландыратын және мәртебесін растайтын құжат;
      3) жеке басты куәландыратын құжат – жеке басты сәйкестендіру мақсатында оның иесінің жеке басын және құқықтық мәртебесін анықтауға мүмкіндік беретін, жеке тұлғаның дербес деректері туралы тіркелген ақпараты бар, белгіленген үлгідегі материалдық объект;
      4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі – азаматтың жеке басын куәландыратын және Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжат;
      5) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты – Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде азаматтың жеке басын куәландыратын және Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжат;
      6) қайтып оралуға арналған куәлік – иесінің жеке басын куәландыратын және Қазақстан Республикасына бір реттік келу құқығын растайтын құжат;
      7) туу туралы куәлік – жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын, оның туу фактісінің мемлекеттік тіркелгені туралы айғақтайтын құжат;
      8) уақытша жеке куәлік – жеке куәлігін жоғалтқан, ол жарамсыз болған не куәлігі болмаған кезде Қазақстан Республикасының азаматтарына берілетін құжат;
      9) уәкілетті мемлекеттік орган – өз құзыреті шегінде жеке басты куәландыратын құжаттарды ресімдеуді, беруді, ауыстыруды, алып қоюды және жоюды жүзеге асыратын ішкі істер органдары;
      10) шетелдік паспорт – Қазақстан Республикасы шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын және олардың құқықтық мәртебесін растайтын құжат ретінде танитын құжат;
      11) шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат – Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктің жеке басын куәландыратын және оның Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алғандығын растайтын құжат;
      12) формуляр – нөмірі және штрих коды бар қатаң есептіліктегі типографиялық бланк болып табылады, ол Қазақстан Республикасының құжаттандырылған халқының ақпараттық деректер базасына (бұдан әрі – деректер базасы) енгізіледі және кейіннен жеке тұлғаны берілген құжаттармен сәйкестендіру мақсатында пайдаланылады.
      3. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы беретін жеке басты куәландыратын құжаттар мемлекеттің меншігі болып табылады және мынадай деректерді:
      1) тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда);
      2) туған күнін, айын, жылын және жерін;
      3) жынысын;
      4) қай ұлтқа жататынын – осы Қағидалардың 2-тармағының 4), 5) тармақшаларында көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттарда иесінің қалауы бойынша;
      5) азаматтығын;
      6) фотосуретін;
      7) құжатты берген органның атауын;
      8) құжаттың берілген күнін, айын, жылын, нөмірін, қолданылу мерзімін;
      9) құжаттар иесінің қолын;
      10) жеке сәйкестендіру нөмірін (босқынның куәлігін қоспағанда) қамтиды.
      4. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін уәкілетті мемлекеттік орган құжаттандырылатын адамның тұрақты тіркелген жері бойынша, сондай-ақ жоғалуына, жарамдылық мерзімінің өтуіне, неке қию (бұзу) бойынша тегін өзгертуіне, одан әрі пайдалануға жарамсыздығына, құжаттарды әзірлеудің жаңа технологиясына сәйкес олардың түр өзгерісіне, Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігі негізінде Қазақстан Республикасының азаматы паспортын алғаш рет алуына байланысты паспорт және (немесе) жеке куәлік ауыстырылған жағдайда нақты болатын жері бойынша береді.
      Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін уәкілетті мемлекеттік орган құжаттандырылатын адамның тұрақты тіркелген жері бойынша береді.
      Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін уәкілетті мемлекеттік орган жеке басты куәландыратын құжаттарды (Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінде ресімделген Қазақстан Республикасы азаматының паспорттарын қоспағанда) алуға арналған өтінім берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмейтін мерзімде береді және иесіне немесе оның заңды өкіліне жеке табыс етеді.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 456 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      5. Жеке тұлғаның қалауы бойынша шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат, азаматтығы жоқ адамның куәлігі ресімделген күннен бастап жеті, он және он бес жұмыс күні ішінде жеделдетілген тәртіппен беріледі. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжат ресімделген және оларды жеделдетілген түрде бергені үшін төлем төленген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде (Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында), төрт жұмыс күн ішінде (облыс орталықтарында) жеделдетілген тәртіппен беріледі.
      Жеке басты куәландыратын құжатты жеделдетілген түрде бергені үшін төлем банк мекемелері және кассалық операцияларды жүзеге асыратын өзге де ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
      Жеке басты куәландыратын құжатты «Халықты құжаттандыру және тіркеу» тіркеу пункті» (бұдан әрі – ХҚТ ТП) ақпараттық жүйесі арқылы ресімдеген кезде жеке басты куәландыратын құжаттарды жеделдетілген түрде дайындағаны үшін төлем туралы ақпарат банк мекемелерінен Уәкілетті мемлекеттік органның шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына автоматтандырылған режимде келіп түседі. Формулярдың бланкіне ресімдеу кезінде жеке басты куәландыратын құжатты жеделдетілген түрде бергені үшін төлем төлегені туралы құжатты жеке тұлға уәкілетті мемлекеттік органға ұсынады.
      Жеке басты куәландыратын құжат (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін уәкілетті органның қызметкері формуляр толтырады. Формулярдың нысанын және оны ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою тәртібін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі айқындайды.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.08.2016 № 470 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі мен босқын куәлігін ресімдеу және беру тәртібі

1. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресімдеу
және беру тәртібі

      6. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресімдеу үшін өтініш иесі уәкілетті органға:
      1) мемлекеттік баж төленгені туралы құжатты (мемлекеттік баж төлеуден босатылған адамдар растайтын құжаттарды ұсынады);
      2) көлемі 3,5 х 4,5 сантиметр (қағаз бланкідегі формулярды ресімдеген кезде) екі фотосуретті;
      3) мынадай құжаттардың біреуін:
      туу туралы куәлікті (16 жасқа дейін паспорт алған кезде);
      Қазақстан Республикасы азаматының паспортын (паспортты ауыстырған кезде);
      Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін (16 жасқа толуына байланысты паспортты алғаш алған кезде);
      ішкі істер органдары беретін белгіленген нысандағы Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданғаны туралы анықтаманы (Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдануына байланысты паспорт алған кезде);
      Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері беретін қайта оралуға арналған куәлікті (шетелде уақытша болатындар Қазақстан Республикасы азаматының паспортын жоғалтқан кезде) жеке ұсынады.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 456 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      7. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын уәкілетті мемлекеттік орган ХҚТ ТП пайдалана отырып, сондай-ақ бланкілердің формулярларында ресімдейді.
      8. Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері арқылы:
      1) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын;
      2) күндізгі оқыту нысаны бойынша шет мемлекеттердің аумағында орналасқан оқу орындарында білім алушы;
      3) кемінде бір жыл мерзімге жасалған еңбек шарты бойынша шет мемлекеттерде жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының азаматтарына;
      4) көрсетілген адамдармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне;
      5) шетелдегі дипломатиялық қызмет персоналымен бірге тұратын дипломатиялық қызмет персоналының туыстарына Қазақстан Республикасы азаматының паспорты ресімделеді.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.02.2014 № 145 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      9. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын толтырған кезде тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және басқа да деректер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, оларды беру үшін негіз болған құжатқа сәйкес жазылады.
      10. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты қазақ тілінде немесе иесінің қалауы бойынша орыс тілінде, сондай-ақ ағылшын тілінде толтырылады.
      11. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты Қазақстан Республикасының азаматтарына жасына қарамастан, олардың қалауы бойынша беріледі және Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландырады.
      12. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты қолданылу мерзімі он жылға беріледі.

2. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін ресімдеу және беру тәртібі

      13. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін ресімдеу үшін өтініш иесі уәкілетті органға:
      1) мемлекеттік баж төленгені туралы құжатты (мемлекеттік баж төлеуден босатылған адамдар растайтын құжаттарды);
      2) көлемі 3,5 х 4,5 сантиметр (қағаз бланкідегі формулярды ресімдеген кезде) екі фотосуретті;
      3) мынадай құжаттардың біреуін:
      туу туралы куәлікті (16 жасқа толуына байланысты жеке куәлік алған кезде);
      Қазақстан Республикасы азаматының паспортын (жеке куәлікті алғаш алған кезде, жеке куәлікті жоғалтқан кезде, Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға қайта оралған кезде);
      Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін (жеке куәлікті ауыстырған кезде);
      1974 жылғы үлгідегі паспортты (бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы) (Қазақстан Республикасының азаматтығын растаған кезде жеке куәлікті алғаш алу үшін);
      азаматтығы жоқ адамның куәлігін (Қазақстан Республикасының азаматтығын мойындаған кезде);
      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі белгілеген нысандағы Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданғаны туралы анықтаманы (Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдануына байланысты жеке куәлік алған кезде) жеке ұсынады.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 456 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      14. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәліктерін уәкілетті мемлекеттік орган ХҚТ ТП пайдалана отырып, сондай-ақ бланкілердің формулярларында ресімдейді.
      15. Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәлік он алты жастан бастап ресімделеді.
      16. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін толтырған кезде тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және басқа да деректер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, оларды беру үшін негіз болған құжатқа сәйкес жазылады.
      17. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі қолданылу мерзімі он жылға беріледі.

3. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты ресімдеу және беру тәртібі

      18. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты ресімдеу үшін шетелдіктер уәкілетті мемлекеттік органға мынадай құжаттарды:
      1) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 456 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2) мемлекеттік баж төленгені туралы құжатты;
      3) көлемі 3,5х4,5 сантиметр екі фотосуретті;
      4) жарамды ұлттық паспортты жеке ұсынуы қажет.
      Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 456 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      19. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты толтырған кезде тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және басқа да деректер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, оларды беру үшін негіз болған құжатқа сәйкес жазылады.
      20. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге он алты жастан бастап қолданылу мерзімі он жылға, бірақ олар азаматы болып табылатын ел паспортының қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі.

4. Азаматтығы жоқ адамның куәлігін ресімдеу және беру тәртібі

      21. Азаматтығы жоқ адамның куәлігін ресімдеу үшін уәкілетті мемлекеттік органға мынадай құжаттар:
      1) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 456 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2) мемлекеттік баж төленгені туралы құжат;
      3) көлемі 3,5х4,5 сантиметр үш фотосурет;
      4) мынадай құжаттардың біреуі:
      қолданылу мерзімі өтіп кеткен шетелдік паспорт;
      азаматтығы жоқ адамның куәлігі;
      1974 жылғы үлгідегі паспорт (бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы);
      әскери билет;
      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаны туралы анықтама;
      Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққаны және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша азаматтығын өзгерткені, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес азаматтығын өзгерткені туралы анықтама;
      туу туралы куәлік (он алты жасқа дейінгі адамдарға ресімдеген кезде);
      Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері беретін қайта оралуға арналған куәлік (шетелде уақытша болатындар Қазақстан Республикасы азаматының паспортын жоғалтқан кезде) ұсынылады.
      Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 456 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      22. Азаматтығы жоқ адамның куәлігін толтырған кезде тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және басқа да деректер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, оны беру үшін негіз болған құжатқа сәйкес жазылады.
      23. Азаматтығы жоқ адамның куәлігі Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, он алты жасқа толған азаматтығы жоқ адамдарға беріледі.
      24. Азаматтығы жоқ адамның куәлігі Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде иесінің жеке басын растау үшін қолданылу мерзімі бес жылға беріледі. Шетелге ата-аналарынсыз, қамқоршыларынсыз, қорғаншыларынсыз шыққан кезде азаматтығы жоқ адамның куәлігі он алты жасқа дейінгі адамдарға беріледі.

5. Босқын куәлігін ресімдеу және беру тәртібі

      25. Босқын куәлігі қолданылу мерзімі бір жылға беріледі және босқынның шыққан елінде оған босқын мәртебесін беруге негіз болған (нәсілдік, ұлттық, діни наным, азаматтық, белгілі бір әлеуметтік топқа қатыстылығы немесе саяси сенім белгісі бойынша) мән-жайлар сақталған кезеңге дейін әрбір келесі жылға ұзартылып отырады.
      26. Босқын мәртебесін алған адамның босқын куәлігін алуы үшін мемлекеттік уәкілетті органға мынадай құжаттар:
      1) уәкілетті мемлекеттік орган оң тұрғыда қараған босқын мәртебесін беру (ұзарту) туралы қолдаухат;
      2) болған жағдайда құжаттардың (паспорт, кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәліктері) көшірмелері;
      3) пана іздеген адамның куәлігі;
      4) көлемі 3х4 сантиметр екі фотосурет;
      5) отбасы қатынастарын растайтын құжаттар (отбасы мүшелерімен келгендер үшін);
      6) отбасы мүшелерін қабылдауға келісім бергені туралы (отбасымен қосылу мақсатында) Қазақстан Республикасында жүрген пана іздеуші адамның өтініші ұсынылады.
      Өтінішке өтінішті қабылдайтын уәкілетті орган қызметкерінің қатысуымен өтініш иесі қол қояды.
      27. Босқын куәлігін толтырған кезде тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және басқа да деректер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, оны беру үшін негіз болған құжатқа сәйкес жазылады.
      28. Босқын мәртебесі берілген адамға уәкілетті мемлекеттік орган бес жұмыс күні ішінде босқын куәлігін береді.

6. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі мен босқын куәлігін ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою тәртібі

      29. Жеке басты куәландыратын құжаттар:
      1) онда осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 2), 5), 6), 7), 8) және 10) тармақшаларында көрсетілген деректер болмаған;
      2) олардың қолданылу мерзімі өткен;
      3) осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 2), 5), 6), 7), 8) және 10) тармақшаларында көрсетілген деректерді не қорғау дәрежесін сәйкестендіру мүмкін болмаған;
      4) құжат жоғалғанда, өтініш иесі уәкілетті мемлекеттік органға өтініш берген күннен бастап;
      5) иесінің құқықтық мәртебесі сәйкес келмеген;
      6) жынысын өзгерткен жағдайларда жарамсыз болып табылады және ауыстыруға жатады.
      30. Қазақстан Республикасының азаматтары жеке басты куәландыратын құжаттарды жоғалтқан, олар одан әрі пайдалануға жарамсыз болған, жеке тұлғаны сәйкестендірумен байланысты өзгерістер енгізу қажеттілігі туындаған, осы Қағидалардың 29-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6) тармақшаларында көрсетілген деректерді сәйкестендіру мүмкін болмаған жағдайларда, сондай-ақ анықтамалық деректерінің ауысуына, өзгеруіне, құжаттарды әзірлеудің жаңа технологиясына сәйкес олардың түр өзгерісіне байланысты, жаңа құжаттар алу үшін тұрақты тіркелген жері бойынша, сондай-ақ жеке басты куәландыратын құжаттары жоғалған, олар одан әрі пайдалануға жарамсыз болған, неке қию (бұзуы) бойынша тегін өзгерткен, құжаттарды әзірлеудің жаңа технологиясына сәйкес олардың түр өзгерісіне байланысты жағдайларда нақты болатын жері бойынша уәкілетті мемлекеттік органға өтініш білдіреді.
      Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жеке басты куәландыратын құжаттарды жоғалтқан, олар одан әрі пайдалануға жарамсыз болған, жеке тұлғаны сәйкестендірумен байланысты өзгерістер енгізу қажеттілігі туындаған, осы Қағидалардың 29-тармағының 1), 2), 3), 4) 5), 6) тармақшаларында көрсетілген деректерді сәйкестендіру мүмкін болмаған жағдайларда, сондай-ақ анықтамалық деректерін ауыстыруына, өзгертуіне байланысты жаңа құжаттар алу үшін тұрақты тіркелген жері бойынша уәкілетті мемлекеттік органға өтініш білдіреді.
      Бүлінуіне, жеке басты сәйкестендірудің мүмкін болмауына байланысты одан әрі пайдалануға жарамсыз құжаттарды қоспағанда, жаңа паспорттар мен жеке куәліктер алғанға дейін бұрынғы құжаттар алынбайды.
      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 456 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      31. Қолданылу мерзімінің өтуіне, одан әрі пайдалануға жарамсыз болуына, құжаттарды әзірлеудің жаңа технологиясына сәйкес олардың түр өзгерісіне байланысты Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін ауыстыру үшін өтініш иесі мынадай құжаттарды:
      1) мемлекеттік баж төленгені туралы құжатты (мемлекеттік баж төлеуден босатылған адамдар растайтын құжаттарды);
      2) көлемі 3,5 х 4,5 сантиметр (қағаз бланкідегі формулярды ресімдеген кезде) екі фотосуретті;
      3) ауыстыруға жататын жеке басты куәландыратын құжатты ұсынады.
      Жаңа Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін жеке басты куәландыратын құжаттардың қолданылу мерзімі өткенге дейін бір ай бұрын ресімдеуге жол беріледі.
      Уәкілетті органға тапсыруға жататын паспортта шет мемлекеттің қолданыстағы визасы болған кезде азаматтың өтініші бойынша паспорт алынбайды. Бұл ретте жарамсыз паспорт өтеуге (паспорттың бір жақ шетін тескішпен тесу арқылы) жатады және иесіне қажеттілігі өткенге дейін қайтарылады.
      Ескерту. 31-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 456 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      32. Қолданылу мерзімінің өтіп кетуіне, одан әрі пайдалануға жарамсыз болуына байланысты шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін ауыстыру үшін өтініш иесі мынадай құжаттарды:
      1) тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасын;
      2) мемлекеттік баж төленгені туралы құжатты;
      3) көлемі 3,5х4,5 сантиметр үш фотосуретті;
      4) ауыстыруға жататын жеке басты куәландыратын құжатты;
      5) жарамды ұлттық паспортты (шетелдіктер үшін) ұсынады.
      33. Қазақстан Республикасы азаматының паспортына, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігіне, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатқа, азаматтығы жоқ адамның куәлігіне жеке тұлғаны сәйкестендірумен байланысты, осы Қағидалардың 29-тармағының 1), 2), 3), 4) 5), 6) тармақшаларында көрсетілген деректерді сәйкестендіру мүмкін болмаған жағдайда, сондай-ақ анықтамалық деректерін ауыстыруына, өзгертуіне байланысты өзгерістер енгізу үшін өтініш иесі:
      1) еркін нысандағы жазбаша өтінішті (неке қию (бұзу) бойынша тегін өзгертуге байланысты жүгінгендерден басқа);
      2) мемлекеттік баж төленгені туралы құжатты (мемлекеттік баж төлеуден босатылған адамдар растайтын құжаттарын ұсынады);
      3) көлемі 3,5 х 4,5 сантиметр (қағаз бланкідегі формулярды ресімдеген кезде) екі фотосуретті;
      4) ауыстыруға жататын Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін;
      5) Қазақстан Республикасы азаматының паспортын (бар болса);
      6) шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты (шетелдіктер үшін);
      7) жарамды ұлттық паспортты (шетелдіктер үшін);
      8) азаматтығы жоқ адамның куәлігін (азаматтығы жоқ адамдар үшін);
      9) өтініш білдірудің негізділігін растайтын құжатты ұсынады.
      «Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 2 сәуірдегі № 2923 Жарлығына сәйкес ұлты қазақ адамдар тегі мен әкесінің атының жазылуын өзгерту туралы өтінішхатпен уәкілетті мемлекеттік органға жүгінген кезде қалаған тегін, әкесінің атын мемлекеттік немесе орыс тілінде көрсете отырып, еркін нысанда өтініш береді.
      Тектерде тегі мен әкесінің атының түбір негіздерін сақтай отырып, қазақ тіліне тән емес аффикстер алынып тасталады, онымен бір мезгілде әкесінің атын жазу кезінде қазақ тіліне тән емес аффикстердің орнына әкесінің есіміне адамның жынысына қарай «ұлы» немесе «қызы» деген жалғау жалғанады.
      Өтінішке мына құжаттардың бірі қосымша беріледі:
      1) туу туралы куәлік (жеке басты куәландыратын құжаттарды алғаш рет алған кезде);
      2) ауыстыруға жататын жеке куәлік, паспорт;
      3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі белгілеген нысандағы Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданғаны туралы анықтаманы (Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдануына байланысты жеке куәлік алған кезде).
      Тектері мен әкесінің атының жазылуы қазақ халқының қалыптасқан дәстүрлеріне сәйкес өзгертілген ұлты қазақ адамдар өтініш білдірген жағдайда, паспорттар мен жеке куәліктерді олардың бұрынғы тектері мен әкелерінің аттарын ұсынылған туу туралы куәліктерге сәйкес бұрынғыдай жаза отырып ресімдеуге болады.
      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 456 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      34. Жоғалтуына байланысты Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін ауыстыру үшін иесі уәкілетті мемлекеттік органға осы Қағидалардың 31-тармағының 1), 2) тармақшаларында көзделген құжаттардан басқа жоғалтудың мән-жайларын көрсете отырып, жеке басты куәландыратын құжатты қалпына келтіру туралы жазбаша өтініш ұсынады.
      35. Жоғалтуына байланысты шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін ауыстыру үшін иесі уәкілетті мемлекеттік органға осы Қағидалардың 32-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларында (шетелдіктер үшін) көзделген құжаттардан басқа, жоғалтудың мән-жайларын көрсете отырып, жеке басты куәландыратын құжатты қалпына келтіру туралы жазбаша өтініш ұсынады.
      36. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігін жоғалтқан кезде шетелде жүрген адамдар Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне өтініш білдіреді.
      37. Жеке куәліктерін жоғалтқан, одан әрі пайдалануға жарамсыз жеке куәліктері бар және жеке басты куәландыратын құжаттары жоқ Қазақстан Республикасының азаматтарына олардың өтініші бойынша жаңа жеке басты куәландыратын құжаттар алғанға дейін қолданылу мерзімі үш айға уақытша жеке куәлік беріледі.
      Жеке куәлік тұрғылықты жерден басқа жерде жоғалған кезде Қазақстан Республикасының азаматы өтініш бергенде уәкілетті мемлекеттік орган уақытша жеке куәлікті нақты болатын жері бойынша тұрғылықты жеріне қайта оралу үшін береді.
      Ескерту. 37-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 456 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      38. Уақытша жеке куәлікті уәкілетті мемлекеттік органның қызметкері қолмен түсінікті етіп, азаматтың қалауы бойынша – мемлекеттік немесе орыс тілдерінде толтырады. Уақытша жеке куәлікке азамат туралы мынадай мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, айы, жылы және жері, ұлты (қалауы бойынша), тұрғылықты жерінің мекенжайы, берген орган және берілген күні, айы, жылы азаматтың қолы енгізіледі.
      Уақытша жеке куәлікті беру қолмен және уәкілетті мемлекеттік органның елтаңбалы мөрімен расталады.
      Уақытша жеке куәлікке иесінің көлемі 3,5х4,5 фотосуреті жапсырылады, ол уәкілетті мемлекеттік органның елтаңбалы мөрімен бекітіледі.
      39. Шетелге тұрақты тұруға шығатын Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаты бар шетелдіктер жеке куәліктерін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттарды уәкілетті мемлекеттік органға тапсырады.
      40. Табылған жеке басты куәландыратын құжаттар уәкілетті мемлекеттік органға тапсырылады. Жоғалған жеке басты куәландыратын құжатты иесі қалпына келтірген, уәкілетті мемлекеттік органға келіп түскен күннен бастап бір жыл ішінде иесі оны талап етпеген жағдайда, табылған құжат Қағидалардың 47 және 48-тармақтарында көзделген тәртіппен жойылады.
      41. Қайтыс болған адамдардың, сондай-ақ сот қайтыс болды деп жариялағандардың жеке басын куәландыратын құжаттарды жеке және заңды тұлғалар уәкілетті мемлекеттік органға тапсырады және жояды.
      Уәкілетті мемлекеттік органға тапсырылған, қайтыс болған адамдардың сот қайтыс болды деп жариялаған жеке басын куәландыратын құжаттары Қағидалардың 47 және 48-тармақтарында көзделген тәртіппен жойылады.
      Уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамдары формулярларда иелерінің қайтыс болғаны туралы белгілер жасайды және деректер базасына түзетулер енгізу үшін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне ақпарат жібереді.
      42. Босқын куәлігін ауыстыру және жаңасын алу үшін босқын мәртебесін алған адам уәкілетті мемлекеттік органға мынадай құжаттарды:
      1) жаңа босқын куәлігін беру туралы өтінішті;
      2) босқын мәртебесін беру туралы уәкілетті мемлекеттік орган шешімінің көшірмесін;
      3) көлемі 3х4 сантиметр екі фотосуретті;
      4) ауыстыруға жататын босқын куәлігін;
      5) жоғалтудың мән-жайларын көрсете отырып, босқын куәлігін қалпына келтіру туралы жазбаша өтінішті (босқын куәлігін жоғалтқан кезде) ұсынады.
      Босқын куәлігінің жоғалғаны туралы өтініш келіп түскен кезде өтінішті қабылдаған уәкілетті мемлекеттік орган жоғалған босқын куәлігінің жарамсыздығы туралы ақпаратты бір мезгілде уәкілетті мемлекеттік органның облыстардың, Астана және Алматы қалаларының аумақтық бөлімшелеріне жолдайды.
      43. Қазақстан Республикасында босқын мәртбесінен айырылған немесе мәртебесін ұзартудан бас тартқан (босқын мәртебесін тоқтату) босқын уәкілетті мемлекеттік органның босқын мәртебесінен айыру туралы шешімінің көшірмесін алғаннан кейін босқын куәлігін тіркелген жері бойынша уәкілетті мемлекеттік органға тапсырады.
      44. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен алдын ала тергеу, анықтау органдарының лауазымды адамдары, сондай-ақ әкімшілік іс жүргізу және азаматтықты жоғалтуды ресімдеу барысында лауазымды адамдар жеке басты куәландыратын құжаттарды алып қояды.
      Өзге органдар мен лауазымды адамдардың жеке басты куәландыратын құжаттарды алып қоюына тыйым салынады.
      45. Қазақстан Республикасы аумағында бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттары алып қойылады және үкімдерді орындайтын мекемелерде сақталады. Жазаны өтеуден босатылған кезде жеке басты куәландыратын құжаттар иелеріне қайтарылады.
      46. Қағидалардың 29-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6) тармақшаларына сәйкес жарамсыз құжаттарды уәкілетті мемлекеттік органның, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын жеке басты куәландыратын жарамсыз құжаттар бойынша кесіп өткен кезде Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің алып қоюына жатады. Жарамсыз және ауыстырған кезде тапсырылған жеке басты куәландыратын құжаттар жойылуға жатады.
      47. Жарамсыз жеке басты куәландыратын құжаттарды жоятын уәкілетті мемлекеттік орган басшысының бұйрығымен комиссия құрылады, оның саны мен құрамын уәкілетті мемлекеттік органның басшысы айқындайды.
      Комиссияның жұмыс тәртібін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі айқындайды.
      48. Жеке басты куәландыратын құжаттарды жоюды комиссия жойылатын құжаттың нөмірі мен түрін, оның иесі туралы мәліметтерді, құжаттың жарамсыз болу себептерін қамтитын, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі бекіткен нысан бойынша жою туралы акті жасай отырып, айында кемінде бір рет жүргізеді.
      Актіге комиссия мүшелері қол қояды және оны жеке басты куәландыратын құжаттарды жоятын уәкілетті мемлекеттік органның басшысы бекітеді.
      49. Жарамсыздық туралы мәліметтерді деректер базасына енгізу үшін жарамсыз құжаттарды жою туралы актілерді уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне жібереді.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 26 тамыздағы
№ 852 қаулысына   
қосымша       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 29, 359-құжат).
      2. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 наурыздағы № 260 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 11, 138-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы.
      3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 5 маусымдағы № 626 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 24, 302-құжат).
      4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 12 қаңтардағы № 31 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 ақпандағы № 140 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 7, 73-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы.
      5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 8 желтоқсандағы № 1184 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 46, 497-құжат).
      6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 352 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 13, 157-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы.
      7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі №  1063 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 тамыздағы № 696 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 30, 331-құжат).
      8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 және 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 наурыздағы № 166 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 22-23, 169-құжат).
      9. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Ақпараттық-өндірістік орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 желтоқсандағы № 1317 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 маусымдағы № 736 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 44, 586-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы.
      10. «Ішкі көшіп қонушыларды тіркеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 5, 93-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы.

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 217332
    Қазақ тілінде 109147
    Орыс тілінде 107804
    Ағылшын тілінде 381
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы