"Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық бөлімшелеріне және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелеріне жәрдем көрсетуі үшін материалдық-техникалық жарақтандыру, ғимараттар мен құрылыстарды салу, реконструкциялау және жөндеу тізбесін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 27 маусымдағы № 567 бұйрығына өзгертулер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 28 шілдедегі № 517 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 29 тамызда № 15579 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық бөлімшелеріне және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелеріне жәрдем көрсетуі үшін материалдық-техникалық жарақтандыру, ғимараттар мен құрылыстарды салу, реконструкциялау және жөндеу тізбесін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 27 маусымдағы № 567 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11808 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 31 шілдеде жарияланған) мынадай өзгертулер мен толықтыру енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық бөлімшелеріне және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелеріне жәрдем көрсетуі үшін материалдық-техникалық жарақтандыру, ғимараттар мен құрылыстарды салу, реконструкциялау және жөндеу тізбесі:

      1-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Көлік құралдары:

      1) өрт сөндіру автоцистерналары;

      2) механикалық сатысы бар өрт сөндіру автоцистерналары;

      3) газ-сумен (булы-сумен) сөндіру көпфункционалды автомобилі;

      4) көп мақсатты өрт сөндіру-құтқару автомобилі;

      5) алғашқы көмек автомобилі;

      6) жылдам ден қою автомобилі;

      7) ауа-көбікпен сөндіру автомобилі;

      8) ұнтақты сөндіру автомобилі;

      9) газды сөндіру автомобилі;

      10) аралас сөндіру автомобилі;

      11) өрт сөндіру-сорғы станциясы;

      12) сорғы-түтікқұбырлы автомобиль;

      13) түтікқұбырлы автомобиль;

      14) автосаты;

      15) иінді автокөтергіш;

      16) автокөбік көтергіш;

      17) авариялық-құтқару автомобилі;

      18) байланыс және жарықтандыру автомобилі;

      19) газ-түтіннен қорғау қызметінің автомобилі;

      20) штабтық автомобиль;

      21) түтінді шығару автомобилі (тіркегіш);

      22) автоотынқұйғыш;

      23) бульдозер;

      24) жаппай тиегіш;

      25) өзі аударғыш;

      26) тралы бар тіркегіш;

      27) экскаватор;

      28) автокран;

      29) трактор;

      30) ассенизаторлық машина;

      31) ауыз суға арналған автомобиль-цистерна;

      32) жүк автомобилі;

      33) шағын автобус;

      34) автобус;

      35) үгіттеу автобусы;

      36) жеңіл жедел автомобиль;

      37) аралас-көпмақсатты өтімділігі жоғары көлік;

      38) екі түйінді автотіркеме;

      29) әмбебап, герметикалық шанағы бар автомобиль (кунг);

      40) дербес жолаушылар салоны бар өтімділігі жоғары автокөлік (вахтовка);

      41) роторлы қар тазалағыш;

      42) жол талғамайтын-қарда жүргіш;

      43) жылжымалы автожөндеу шеберханасы;

      44) жылжымалы өрт-техникалық зертхана;

      45) ілесіп жүретін автомобиль;

      46) жедел-техникалық автомобиль;

      47) сүңгуірлік жабдық жиынтығы бар жедел автомобиль;

      48) жедел-құтқару автомобилі;

      49) жол талғамайтын-батпақта жүргіш;

      50) гидроцикл;

      51) аэробот;

      52) тасымалдауға арналған тіркемесі бар қарда жүргіш;

      53) жүзу құралдарын тасымалдауға арналған тіркеме.

      54) санитарлық автокөлік.

      55) кинология қызметінің автомобилі.";

      11-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

      "11. Төтенше жағдайлардан қорғау объектілерінің ғимараттары мен құрылыстарын салу, реконструкциялау және жөндеу:

      1) өрт сөндіру депосын, оқу-жаттығу орталықтарын (спорт кешендерін - манеждерді), өрт-техникалық зертханаларды, техникаға арналған гараждар мен қалқалар салу;

      2) өрт сөндіру депосын, оқу-жаттығу орталықтарын, өрт-техникалық зертханаларын, техникаға арналған гараждар мен қалқалар салуға арналған түлгі жобаны байланыстыру жөніндегі жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу;

      3) ғимараттар, құрылыстар және әскери мақсаттағы объектілерді салу;

      4) ғимараттар, құрылыстар және әскери мақсаттағы объектілерді салуға арналған үлгі жобаны байланыстыру жөніндегі жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу;

      5) суда құтқару станцияларын, бекеттерін және құтқарушы-сүңгуірлер жаттығуы үшін бассейндер салу;

      6) суда құтқару станцияларын, бекеттерін және бассейндер салуға арналған үлгі жобаны байланыстыру жөніндегі жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу;

      7) жедел-құтқару жасақтары үшін ғимараттар мен құрылыстар кешендерін салу;

      8) жедел-құтқару жасақтары үшін ғимараттар мен құрылыстар кешендерін салуға арналған үлгі жобаны байланыстыру жөніндегі жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу;

      9) ғимараттарды, үй-жайларды, құрылыстарды, қойма үй-жайларын күрделі жөндеу үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу;

      10) ғимараттарды, үй-жайларды, құрылыстарды, қойма үй-жайларын күрделі жөндеу мен реконструкциялау;

      11) ғимараттарды, үй-жайларды, құрылыстарды, ұзақ мерзімді сақтауға арналған қойма үй-жайларын күрделі жөндеу бойынша жобалау-іздестіру жұмыстары.

      12) коммуникациялық құрылыстар салуға, реконструкциялауға, өрт сөндіру бөлімдері және жедел-құтқару жасақтары объектілеріне жаңа талшықты-оптикалық байланыс желілерін төсеуге арналған үлгі жобаны байланыстыру жөніндегі жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу.

      13) бақылау-өткізу пунктін салу.";

      мынадай мазмұндағы 12-тармақпен толықтырылсын:

      "12. Террористік тұрғыдан осал объектілердің инженерлік-техникалық құралдары және қауіпсіздік жүйелері:

      1) дабыл сигнализациясы жүйесі;

      2) күзет сигнализациясы жүйесі;

      3) өрт-сөндіру сигнализациясы жүйесі;

      4) бөгеуші құрылғы;

      5) автоматты шлагбаум;

      6) автокөлік құралдарын тексеретін жабдық;

      7) келушілерді тексеретін жабдық;

      8) қол жүгі мен багажды тексеретін жабдық;

      9) автоматтандырылған немесе механикалық қол құрылғы, турникеттер, қақпалар;

      10) периметр бойынша қоршаулар;

      11) нығайтылған есіктер;

      12) терезелерге арналған қорғаныш конструкциялар;

      13) кіруді бақылау және басқару жүйесі;

      14) жедел байланыс жүйесі;

      15) күзеттік жарықтандыру желісі;

      16) дербес резервтік электрмен қоректендіру көзі.".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.Р. Беккер) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың елтаңбалық мөрімен куәландырылған көшірмесін қағаз және электронды түрде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильинге және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетіне (В.Р. Беккер) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
полиция генерал-полковнигі
Қ. Қасымов

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 263766
    Қазақ тілінде 131655
    Орыс тілінде 131201
    Ағылшын тілінде 910
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы