Зейнетақы аннуитеті шарттары негізінде жинақталған зейнетақы қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы сақтандыру ұйымдарының зейнетақымен қамсыздандыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 25 шілдедегі N 249 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 28 тамызда тіркелген. Тіркеу N 2462. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 242 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 242 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
     1. Зейнетақы аннуитеті шарттары негізінде жинақталған зейнетақы қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымдарының зейнетақымен қамсыздандыру ережесі бекітілсін.
     2. Қаржылық қадағалау департаментi (Бахмутова Е.Л.):
     1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
     2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, аумақтық филиалдарына, актуарийлерге және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жiберсiн.
     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсiн.
     4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енедi.

      Ұлттық Банк Төрағасы

Қазақстан Республикасының    
Ұлттық Банкі Басқармасының    
"Зейнетақы аннуитеті шарттары   
негізінде жинақталған зейнетақы  
қаражаты есебінен Қазақстан    
Республикасы сақтандыру ұйымдарының
зейнетақымен қамсыздандыру    
ережесін бекіту туралы"      
2003 жылғы 25 шілде N 249    
қаулысымен бекітілген       

Зейнетақы аннуитеті шарттары негізінде
жинақталған зейнетақы қаражаты есебінен
Қазақстан Республикасы сақтандыру ұйымдарының
зейнетақымен қамсыздандыру ережесі

     Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" және "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және жинақталған зейнетақы қаражатын (сақтандыру сыйлықақысын) және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесін, сақтандыру ұйымының істі жүргізу шығыстарының рұқсат етілетін деңгейін, сондай-ақ зейнетақы аннуитеті үлгі шартының нысанын айқындайды.

1-тарау. Жалпы ережелер

     1. Жинақталған зейнетақы қаражатын алушы (бұдан әрі - сақтанушы) жинақталған зейнетақы қаражаты жеткілікті болған жағдайда зейнетақы аннуитеті шартын жасауға құқылы.

     2. Сақтанушы жинақталған зейнетақы қаражатын (бұдан әрі - сақтандыру сыйлықақысын) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 31-1-бабы негізінде Қазақстан Республикасы сақтандыру ұйымдарының біріне өз таңдауы бойынша зейнетақы аннуитетін иеленуге жұмсауға құқылы.

     3. Зейнетақы аннуитеті шарты "аннуитетті сақтандыру" класы бойынша "өмірді сақтандыру" саласында қызметті жүзеге асыратын сақтандыру қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) лицензиясы бар сақтандыру ұйымымен жасалуы мүмкін.

     4. Сақтандыру ұйымдары қолданатын зейнетақы аннуитеті ережелері уәкілетті органмен келісілуі тиіс.

2-тарау. Сақтандыру сыйлықақысын және
сақтандыру төлемін есептеу әдістемесі

     5. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін және сақтандыру төлемін есептеу үшін зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша ағымдағы құн факторы пайдаланылады.

     6. Ағымдағы құн факторы зейнетақы аннуитеті шартын жасау күніне жасынан алушының (алушылардың) бір жылға сақтандыру төлемдерін алу жасына дейін және тиісті дәрежедегі дисконтталған фактордан көрсеткіштің (көрсеткіштердің) жинақталу сомасы ретінде айқындалады. Дисконтталған фактор сақтандыру төлемдерін және 1 мөлшерін есептеу үшін пайдаланылатын кірістіліктің тиімді проценттік ставкасы сомасынан кері өлшемге тең болады.

     7. Жинақталған зейнетақы қаражатының жеткілікті болуын анықтаған және сақтандыру төлемдерінің мөлшерін есептеген кезде ағымдағы құн факторында болжамды көбею мөлшеріне әрбір көрсеткішті түзету арқылы зейнетақының ең аз мөлшерін ықтимал индексациялау ескеріледі, егер тараптардың келісімдері бойынша шартта осындай индексация көзделген жағдайда.
      Ескерту: 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2007.06.25 N 183 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулысымен.

     8. Сақтандыру ұйымы активтерінің сомасынан сақтандыру төлемдерінің мөлшерін есептеу халықтың өлімі, зейнетақы аннуитеті шартында белгіленген зейнетақы аннуитеті талаптарын ескере отырып зейнетақының ең аз мөлшерін болжамды көбейту мен кірістіліктің проценттік ставкасының мөлшері туралы деректердің негізінде жүзеге асырылады.

     9. Сақтандыру ұйымдары зейнетақы аннуитеті шарты бойынша болашақ сақтандыру төлемдерінің ағымдағы құн факторын есептеген кезде осы Ереженің 2-қосымшасында көрсетілген осындай көрсеткіштерден аспайтын өлім көрсеткіштерін пайдаланады.
     Сақтандыру ұйымы пайдалануға жоспарлаған өлім көрсеткіштері 2-қосымшада көрсетілген көрсеткіштерден асқан жағдайда, ағымдағы құн факторларын есептеуге 2-қосымшада көрсетілген көрсеткіштер пайдаланылады.
      Ескерту: 9-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 29 қаңтардағы N 15 қаулысымен .

     10. <*>
      Ескерту: 10-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 29 қаңтардағы N 15 қаулысымен .

     11. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру төлемдерінің мөлшерін есептеген кезде ұлттық валютадағы жылдық 10 проценттен аспайтын кірістіліктің тиімді жылдық проценттік ставкасы пайдаланылады.

     12. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру төлемдерінің мөлшері сақтанушының сақтандыру сыйлықақысының сомасы және осы тараудың талаптарына сәйкес есептелген сақтанушының тиісті жасындағы ағымдағы құн факторына керісінше көлем ретінде айқындалады.

     13. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша, егер сақтандыру төлемдері олардың мөлшерін көбейту (азайту) арқылы жүзеге асырылатын болса, онда осы тараудың 7-тармағына сәйкес зейнетақының ең аз мөлшерін болжамды көбейтуді есепке алудан басқа ағымдағы құн факторындағы әрбір көрсеткішті зейнетақы аннуитеті шарты бойынша 1 сомасына және сақтандыру төлемдерінің тиісті жылғы дәрежесіне келтірілген сақтандыру төлемдерінің мөлшерін көбейту (азайту) процентіне қосымша көбейту қажет.
      Ескерту: 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005.01.29 N 15, 2007.06.25 N 183 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.

     14. Егер зейнетақы аннуитеті шартының талаптарына сәйкес сақтанушының мұрагерлері осы шартта айқындалған мерзім аяқталғанға дейін ол қайтыс болған жағдайда сақтандыру төлемдерін көздесе, ағымдағы құн факторы осы тараудың 5-9, 11-тармақтарына сәйкес айқындалған аннуитет факторының және ағымдағы құн факторының сомасы ретінде есептеледі.
     Аннуитет факторы зейнетақы аннуитеті шартын жасаған күннен бастап осы тармақта көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін тиісті дәрежелердегі дисконтталған фактордың сомасын білдіреді.
     Сонымен бірге мұрагерлер Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарында көзделген мөлшерде және тәртіппен жерлеуге бір жолғы төлем алуға құқылы болады.

     15. Егер тараптардың келісімі бойынша зейнетақы аннуитеті шарты бойынша бірінші сақтандыру төлемі шартта айқындалған күннен бастап жүзеге асырылатын болса, онда сақтандыру ұйымы Сақтанушының сақтандыру сыйлықақысының индексациясын елдегі инфляция деңгейіне және осы шартта көзделген сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруды бастау мерзімін кейінге қалдыруды ескере отырып жүзеге асырылады.

     16. Алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2007.06.25 N 183 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулысымен.

     17. Осы Ереженің 16-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандыру төлемдерінің мөлшерін өзгерту сақтанушының жазбаша келісімі бойынша ғана жүзеге асырылады.

3-тарау. Зейнетақы аннуитеті шарты

      РҚАО-ның ескертпесі!
      18, 19, 20, 21, 22, 23-тармақтардың қолданысы тоқтатыла тұрған - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2013 № 77 қаулысымен.

      18. Зейнетақы аннуитеті  шарты (бұдан әрі - шарт) осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады.

      19. Сақтандыру ұйымы және сақтанушы арасындағы шарт міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақталған зейнетақы қаражатын пайдалана отырып Заңның 31-1-бабының 1, 2 және 3-тармақтарында және ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақталған зейнетақы қаражатын пайдалана отырып Заңның 31-1-бабының 4-тармағында көзделген тәртіппен жасалады.

      20. Заңның 9-бабының 1-тармағына сәйкес зейнетақы жасына жеткен адамдардың жинақталған зейнетақы қаражаты жеткілікті болғанда міндетті, ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен бірге, сол сияқты жеке-жеке зейнетақы жарналары бойынша қалыптасқан жинақталған зейнетақы қаражатын пайдалана отырып зейнетақы аннуитеті шарттарын жасау арқылы оларды алуға құқылы.

      21. Сақтанушы зейнетақы аннуитеті шартын жасағаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде осы шарт түпнұсқасының бір данасын ұсына отырып жинақтаушы зейнетақы қорына хабар береді. Хабар еркін нысанда ресімделеді.

      22. Хабарды алғаннан кейін отыз күнтізбелік күн ішінде жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы аннуитеті шартында көрсетілген банктік деректемелерге сәйкес сақтандыру ұйымына сақтанушының сақтандыру сыйлықақысын бір мезгілде және толық көлемде аударады.

      23. Сақтандыру сыйлықақысы сомасын уақтылы аудармаған кезде жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 353-бабында көзделген тәртіппен және мөлшерде сақтанушыға тұрақсыздық сомасын төлейді.

4-тарау. Сақтандыру ұйымының ісін жүргізуге шығыстар

     24. Жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша сақтандыру төлемдерінің мөлшерін анықтаған кезде сақтандыру ұйымының істі жүргізу шығыстары әрбір сақтандыру төлемінің 3 пайызынан астам еместі қосқанда сақтандыру сыйақысының мөлшерінен 3 пайыздан астам еместі құрайды.
      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2007.06.25 N 183 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулысымен.

5-тарау. Қорытынды ережелер

     25. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі.

Зейнетақы аннуитеті шарттары   
негізінде жинақталған зейнетақы  
қаражаты есебінен Қазақстан    
Республикасы сақтандыру ұйымдарының
зейнетақымен қамсыздандыру    
ережесіне 1-қосымша       

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.05.28 N 155 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.06.25 N 183 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулыларымен.

N __________ Үлгі зейнетақы аннуитеті шарты

200___жылғы "____" ____________

Сақтандыру ұйымы
___________________________________________________________________
           (сақтандыру ұйымының атауы және мекен-жайы)
бұдан әрі - "Сақтандырушы" деп аталады, Жарғы және сақтандыру
қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік
орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) берген "өмірді сақтандыру"
саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына 200__
жылғы "____" ___________ N______ лицензия, ________________________
ережесі негізінде іс-әрекет жасайтын ______________________________

                      (лауазымы, аты-жөні)
арқылы, бір жағынан және Азамат ___________________________________

 (аты-жөні, туған күні, жеке куәлігінің (төлқұжатының) сериясы
         N ____, берілген күні, кім берген)
бұдан әрі - "Сақтанушы" деп аталады, екінші жағынан, мына
төмендегілер жөнінде Зейнетақы аннуитеті шартын (бұдан әрі - Шарт)
жасады:

1. Шарттың мәні

      1. Осы Шартқа сәйкес Сақтандырушы жинақталған зейнетақы
қаражатының сомасын сақтандыру ұйымына беруге міндеттенеді, ал
сақтандыру ұйымы сақтанушының (зейнетақы төлемін алушының)
пайдасына өмір бойы/уақыттың белгілі бір кезеңі ішінде сақтандыру
төлемдерін жүзеге асыруға міндеттенеді.

2. Сақтандыру сыйлықақысын төлеу және сақтандыру
төлемдерін жүзеге асыру тәртібі мен талаптары

     2.1. Сақтанушының жинақталған зейнетақы қаражатының
(сақтандыру сыйлықақысы) мөлшері _______________ теңгені құрайды.
     2.2. Жинақтаушы зейнетақы қоры сақтандыру ұйымына сақтандыру
сыйлықақысын төлеуді біржолғы төлеммен жүзеге асырады.
     2.3. Сақтандыру төлемі айдың _____________________ (ай сайын,
тоқсан сайын немесе басқа тәртіпте) _____ жүзеге асырылады.
     2.4. Осы Шарттың 2.3-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын
кезеңді бір жолғы сақтандыру төлемінің мөлшері ____________ теңгені
құрайды.
     2.5. Алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2007.06.25 N 183 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулысымен.
     2.6. Сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру кезінде Сақтандырушы
Қазақстан Республикасының салық заңдарында көзделген тәртіппен
Сақтанушының жеке табыс салығының сомасын ұстап қалады.
     2.7. 2.6-тармақта көрсетілген ұстап қалулар шегерілген
сақтандыру төлемі Сақтанушының банктік шотына сақтандыру төлемінің
сомасын аудару арқылы немесе Сақтанушы Сақтандырушының кассасындағы
қолма-қол ақшасын алу арқылы жүзеге асырылады.
     Сақтанушының банктік шотына сақтандыру төлемін аудару
кезіндегі банктік қызмет көрсетуге ақы төлеу Сақтандырушының
қаражаты есебінен жүргізіледі.
     2.8. Сақтанушы қайтыс болған жағдайда, оның мұрагерлері
жерлеуге Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру
туралы заңдарында көзделген мөлшерде және тәртіппен бір жолғы төлем
алуға құқылы.
     2.9. Сақтандырушының істі жүргізу шығыстары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 3 маусымдағы N 211 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру резервтерін есептеу әдісіне қойылатын талаптар туралы нұсқаулыққа сәйкес есепке алынады.

3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

     3.1. Шарт бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттері
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының 31-3-бабына сәйкес айқындалады.

4. Өз міндеттемелерін орындамаған
жағдайдағы тараптардың жауапкершілігі

     4.1. Сақтандыру төлемдерін уақтылы жүзеге асырмаған жағдайда
Сақтандырушы Сақтанушыға әрбір кешіктірілген күн үшін төленбеген
соманың 1,5 процент мөлшерінде өсімпұл төлейді. Өсімпұл төлеу
Сақтандырушыны зейнетақы аннуитеті шартына сәйкес келесі сақтандыру
төлемдерін жүзеге асыру бойынша міндеттемелерін орындаудан
босатпайды.
     4.2. Тараптар Шарт бойынша міндеттемелерін дүлей күш: су
тасқыны, зілзала сілкінісі, табиғат апаты, жаппай ереуілдер, әскери
іс-қимылдар, террорлық актілер және Тараптар алдын ала біле
алмайтын және Шартты орындауға тікелей кедергі жасайтын басқа да
осындай жағдайлардың салдарынан орындамаса не тиісінше орындамаса
жауапкершіліктен босатылады.
     4.3. Шарт бойынша міндеттемелерін орындауға мүмкіндігі жоқ
Тарап дереу, бірақ 20 (жиырма) күнтізбелік күннен кешіктірмей
келесі Тарапқа Шарттың 4.2-тармағында көрсетілген жағдайлардың
басталғаны туралы хабарлайды.

5. Басқа да талаптар

     5.1. Шарт Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеген сәттен
бастап күшіне енеді және Тараптар үшін міндетті болады.
     5.2. Шарт ________________ қолданылады.
     5.3. Шарт мерзімінен бұрын тоқталыған кезде Сақтандырушы істі
жүргізуге сақтандыру сыйлықақысы сомасының _____ %-ін өндіріп
алады.
     5.4. Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар қосымша
келісіммен ресімделеді және Тараптардың уәкілетті өкілдері қол
қояды.
     5.5. Шарт заң күші бірдей _____ дана етіп жасалды: ____
данасы орыс тілінде және ____ мемлекеттік тілде.

6. Дауларды шешу тәртібі

     6.1. Шарт бойынша міндеттемелерді орындау барысында
келіспеушіліктер туындаған жағдайда, тараптар оларды соттан тыс
тәртіппен реттеу үшін барлық қажетті шаралар қолдануға міндетті.
     6.2. Тараптар келісімге келмеген жағдайда даулар Қазақстан
Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес сотта қаралады.

      7. Тараптардың деректемелері және қолдары

      Ескерту. 7-тарауға өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.05.28 N 155 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

     Сақтандыру                            Сақтанушы

____________________________           ____________________________

____________________________
____________________________
____________________________
(сақтандыру ұйымының, филиалдың        (аты-жөні, мекен-жайы,
бизнес-сәйкестендіру нөмірі, атауы,    телефоны,және т.б.)
мекен-жайы, телефоны, банктік          РНН ________________
деректемелері (банктің атауы,          банктік деректемелері
ағымдағы шот N және т.б.)              (банктің атауы, шот N                                        және т.б.)

   (ұйым өкілінің қолы)                    (Сақтанушының қолы)

     Мөрдің орны

                                     Зейнетақы аннуитеті шарттары
                                         негізінде жинақталған
                                      зейнетақы қаражаты есебінен
                                         Қазақстан Республикасы
                                         сақтандыру ұйымдарының
                                       зейнетақымен қамсыздандыру
                                           ережесіне 2-қосымша

      Ескерту: Қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 29 қаңтардағы N 15 қаулысымен.

     Зейнетақы аннуитеттері бойынша төлемдерді
      есептеуге арналған өлім көрсеткіштері

Жасы

Еркектер

Әйелдер

25

0,0024481809

0,0006274238

26

0,0025943697

0,0006676971

27

0,0027233502

0,0007056074

28

0,0028425047

0,0007412992

29

0,0029577995

0,0007767228

30

0,0030798642

0,0008119244

31

0,0032114459

0,0008505828

32

0,0033612022

0,0008924813

33

0,0035291163

0,0009385639

34

0,0037197668

0,0009906002

35

0,0039348729

0,0010483273

36

0,0041784741

0,0011163161

37

0,0044493232

0,0011944894

38

0,0047483920

0,0012837138

39

0,0050708321

0,0013820340

40

0,0054208771

0,0014874267

41

0,0057993651

0,0016000204

42

0,0062130588

0,0017212900

43

0,0066625747

0,0018544187

44

0,0071474184

0,0020023703

45

0,0076680100

0,0021676861

46

0,0082244930

0,0023516809

47

0,0088216652

0,0025538640

48

0,0094584171

0,0027714017

49

0,0101280734

0,0030039882

50

0,0108212272

0,0032509632

51

0,0115228363

0,0035141552

52

0,0122233730

0,0037896536

53

0,0129133803

0,0040738105

54

0,0135955053

0,0043618174

55

0,0142859526

0,0046536866

56

0,0150084234

0,0049548709

57

0,0157948684

0,0052740418

58

0,0166676936

0,0056276768

59

0,0176400368

0,0060313270

60

0,0187181346

0,0065036410

61

0,0199037048

0,0070585173

62

0,0212196935

0,0077140411

63

0,0226839310

0,0084825984

64

0,0243147043

0,0093742669

65

0,0261183219

0,0103971349

66

0,0280940488

0,0115659366

67

0,0302425933

0,0129055099

68

0,0325700636

0,0144510322

69

0,0350858599

0,0162382933

70

0,0378016624

0,0182951136

71

0,0407143335

0,0206292088

72

0,0438107362

0,0232341066

73

0,0470696180

0,0260982484

74

0,0504811467

0,0292280131

75

0,0540616273

0,0326530238

76

0,0578665497

0,0364307871

77

0,0619843680

0,0406359180

78

0,0664916973

0,0453425305

79

0,0714740982

0,0506171641

80

0,0769774599

0,0565051459

81

0,0830319346

0,0630317637

82

0,0896147271

0,0702018558

83

0,0966845108

0,0779949274

84

0,1042579696

0,0864008004

85

0,1122879396

0,0954219949

86

0,1207280202

0,1050267964

87

0,1295129290

0,1151705866

88

0,1385844507

0,1258039246

89

0,1481204333

0,1369032122

90

0,1582202894

0,1485338001

91

0,1691737115

0,1610224830

92

0,1809266576

0,1738000217

93

0,1934419461

0,1871487399

94

0,2065024009

0,2007375293

95

0,2203274393

0,2150498902

96

0,2350011690

0,2300562069

97

0,2507578103

0,2455860090

98

0,2673864944

0,2613597427

99

0,2847965003

0,2771617489

100

0,3046228561

0,2955023955

101

0,3275264532

0,3170455227

102

0,3549860330

0,3437003847

103

0,3868036658

0,3745180950

104

0,4235753219

0,4101464523

105

0,4660173959

0,4516534218

106

0,5147843396

0,5000418052

107

0,5634808009

0,5490524338

108

0,6239580347

0,6110982356

109

0,7883509815

0,7810056771

110

1,0000000000

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 280076
    Қазақ тілінде 139469
    Орыс тілінде 139188
    Ағылшын тілінде 1419
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы