Қаржы ұйымдарының банк операцияларының жекелеген түрлерін және басқа да операцияларды жүргізуіне шектеулер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 292 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 04 ақпанда № 9125 тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық қолданысқа енгізілу тәртібін 11-тармақтан қараңыз.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қаржы ұйымдарының банк операцияларының жекелеген түрлерін және басқа да операцияларды жүргізуіне мынадай шектеулер белгіленсін.

      2. Екінші деңгейдегі банк (бұдан әрі – банк):

      қарыз алушыға ашылған кредиттік желі шеңберінде қарыз (қарыздың бір бөлігін) беруді қоспағанда қарыз алушыға қарыз беру;

      қарыз алушыға кредиттік желі ашу (кредиттік лимитті белгілеу);

      қарыз алушыға жасалған банктік қарыз шарты (шарттары) шеңберінде қосымша қарыз беру;

      қарызды өтеу кестесіне сәйкес осы қарыз бойынша мерзімді төлемдер мөлшерінің ұлғаюына алып келетін, қарыз алушының ашық кредиттік желісінің және (немесе) қарызы талаптарының өзгеруі туралы шешімдер қабылданғанға дейін қарыз алушының борыштық жүктемесінің коэффициентін есептеуді жүзеге асырады.

      Банктің қарыз алушыға қарыз алу уақытын өзі анықтауға мүмкіндік беретін талаптармен, бірақ кредиттеудің осындай нысанына арналған банктің ішкі кредиттік саясаты туралы қағидаларында және шартта айқындалған сомасы және уақыт шегінде қарыз алушыны кредиттеу міндеттемесі кредиттік желі деп түсініледі.

      Кредиттік желінің шекті сомасы кредиттік лимит (оның ішінде кредиттік/төлем карталары бойынша) деп түсініледі.

      Банктің банктік қарыз операцияларын жүзеге асыру жөніндегі қызметтерін пайдалануға ниет білдірген немесе пайдаланатын, орташа айлық табысы мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында соңғы жарияланған, қарыз алушының борыштық жүктемесінің коэффициентін есептеуді жүзеге асыру күні қолжетімді орташа айлық жалақыға тең немесе екі есе мөлшеріне тең болатын Қазақстан Республикасының резиденті жеке тұлға қарыз алушы деп түсініледі.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары:

      мүлікпен жасалатын мәмілелер міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын кепілмен қамтамасыз етілген берілетін қарыз сомасын толық жабатын қарыздарды;

      бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелер тіркеуге жататын кепілмен қамтамасыз етілген берілетін қарыз сомасын толық жабатын қарыздарды;

      тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу шарттары бойынша талап ету құқығы кепілімен қамтамасыз етілген, құны берілетін қарыз сомасын толық жабатын қарыздарды;

      берілетін қарыз сомасын толық жабатын ақшамен қамтамасыз етілген қарыздарды;

      білім беруді кредиттеу жүйесі шеңберінде берілетін қарыздарды;

      тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесінің шеңберінде берілетін қарыздарды қоспағанда, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға қарыз алушыларға берілген қарыздарға қолданылады.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2014 № 221 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.11.2019 № 190 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      2-1. Банк қарыз алушының борыштық жүктемесінің коэффициентін екі кезеңде есептейді:

      1)бірінші кезең – қарыз алушының төлем қабілеттілігін бағалау;

      2)екінші кезең – қарыз алушының борыштық жүктемесінің коэффициентін есептеу.

      Ескерту. Қаулы 2-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 12.11.2019 № 190 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2-2. Қарыз алушының төлем қабілеттілігін бағалау төмендегідей жүзеге асырылады:

      мұндағы:

      ҚК – қарыз алушының кірісі;

      ЕТКДШ – "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы;

      Сктом– кәмелетке толмаған отбасы мүшелерінің саны.

      Қарыз алушының кірісі мына өлшемшарттардың бірі және (немесе) бірнешеуі:

      1) қарыз алушының өтініш жасаған күні алдындағы 3 (үш) айдан бастап 12 (он екі) айға дейінгі кезеңдегі ресми кірісі негізінде айқындалады. Ресми кіріс деп мынадай құжаттардың бірі және (немесе) бірнешеуі:

      салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының дерекқорынан ақпараты немесе орталық атқарушы органдар және оларға тиесілі не оларға ведомстволық бағынысты заңды тұлғалардың дерекқорынан жеке тұлғалардың кірісі туралы ақпараты;

      зейнетақы төлемдері түсетін банк шотынан үзінді-көшірме;

      жұмыс берушіден жалақы және басқа да кірістер түсетін банк шотынан үзінді-көшірме;

      "Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған зейнетақы аннуитеті шарты бойынша, аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдері түсетін банк шотынан үзінді-көшірме;

      мынадай салықтық аударымдар негізінде есептелген жеке кәсіпкер-жеке тұлғаның кірістері туралы ақпараты:

      патенттің негізінде арнайы салық режимін қолданған кезде салық салынатын кірістің 5 (бес) пайызы;

      оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданған кезде салық салынатын кірістің 15 (он бес) пайызы;

      тіркелген шегерімді пайдалана отырып арнайы салық режимінің салық салынатын кірісінің 20 (жиырма) пайызы негізінде есептелген орташа айлық кіріс түсініледі;

      2) қарыз алушының өтініш жасаған күні алдындағы 3 (үш) айдан бастап 12 (он екі) айға дейінгі кезеңде дебеттік карта бойынша шығыстардың орташа айлық сомасы;

      3) қарыз алушының өтініш жасаған күні алдындағы 3 (үш) айдан бастап 12 (он екі) айға дейінгі кезеңде дебеттік картаны толтырудың орташа айлық сомасы;

      4) қарызды ресімдеуге өтініш берген күні депозитте және (немесе) ағымдағы шоттағы қалдық сомасы;

      5) қарыз алушының өтініш жасаған күні алдындағы 3 (үш) айдан бастап 12 (он екі) айға дейінгі кезеңде депозиттерді және (немесе) ағымдағы шоттарды толықтырудың орташа айлық сомасы;

      6) қарыз алушының өтініш жасаған күні алдындағы 3 (үш) айдан бастап 12 (он екі) айға дейінгі кезеңде депозиттерден және (немесе) ағымдағы шоттардан алынған қаражаттың орташа айлық сомасы;

      7) қарыз алушының соңғы үш жыл ішінде бірмезгілде төлеген жабық банктік қарыздары, микрокредиттер бойынша ай сайынғы төлемдердің ең жоғары сомасы;

      8) қарыз алушының жабық банктік қарыздарының, микрокредитінің ең жоғары сомасы негізінде айқындалады. Бұл ретте мұндай сома кемінде 4 (төрт) орташа айлық жалақыны құрайды;

      9) қарыз алушының жабық банктік қарыздары, микрокредиттері бойынша ішінара-мерзімінен бұрын өтеудің ең жоғары сомасы (қарыз алушының қарыздарын, микрокредиттерін ішкі қайта қаржыландыру есебінен ішінара-мерзімінен бұрын өтеуді қоспағанда);

      10) қарыз алушының жабық банктік қарыздары, микрокредиттері бойынша мерзімінен бұрын өтеудің ең жоғары сомасы (қарыз алушының қарыздарын, микрокредиттерін ішкі қайта қаржыландыру есебінен мерзімінен бұрын өтеуді қоспағанда);

      11) "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының азық-түлік емес бөлігінің мәнінен асатын, қарыз алушының өтініш жасаған күні алдындағы 3 (үш) айдан бастап 12 (он екі) айға дейінгі кезеңде коммуналдық қызметтер бойынша, телекоммуникациялық қызметтер бойынша, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың орташа айлық сомасы;

      12) қарыз алушының өтініш жасаған күні алдындағы соңғы 12 (он екі) ай ішінде шетелде жүргізген банктік төлем сомасы;

      13) қарыз алушының өтініш жасаған күні алдындағы соңғы 12 (он екі) ай ішінде шетелге сатып алынған билеттің құны;

      14) қарыз алушының өтініш жасаған күні алдындағы 3 (үш) айдан бастап 12 (он екі) айға дейінгі кезеңде интернет-дүкеннен сатып алудың орташа айлық сомасы;

      15) меншігінде орташа нарықтық құны кредит құнынан асатын автокөлік құралының және (немесе) жылжымайтын мүліктің болуы негізінде айқындалады. Автокөлік құралының және (немесе) жылжымайтын мүліктің орташа нарықтық құны тәуелсіз бағалау немесе банктің № 13 Халықаралық қаржылық есептіліктің "Әділ құнды бағалау" стандартына және "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес бағалауы негізінде айқындалады. Қарыз алушының меншігінде бір уақытта автокөлік құралының және жылжымайтын мүліктің болуы, шығарылу сәтінен бастап 15 (он бес) жыл өтпеген автокөлік құралы және жалпы алаңы 30 (отыз) шаршы метрлік жылжымайтын мүлік бойынша орташа нарықтық құнын анықтау талап етілмейді;

      16) қарыз алушының өтініш жасаған күні алдындағы 6 (алты) айдан бастап 12 (он екі) айға дейінгі кезеңде жолаушыларды және багажды таксимен тасымалдаудан түскен орташа айлық кірісі (мұндай кірісті делдал компания арқылы растаған кезде);

      17) қарыз алушының өтініш жасаған күні алдындағы 12 (он екі) айға дейінгі кезеңдегі бірыңғай жиынтық төлем төленгенін растайтын құжаттың болуы. Әр айдағы кіріс мөлшері "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында тиісті қаржы жылына белгіленген бір ең төмен жалақы мөлшерінің деңгейінде қабылданады;

      18) қарыз алушының өтініш жасаған күні алдындағы 3 (үш) айдан бастап 12 (он екі) айға дейінгі кезеңде жұмыс орнынан кірістері туралы анықтама және (немесе) оқу орнынан алатын стипендия мөлшері туралы анықтама негізінде орташа айлық кірісі арқылы айқындалады.

      Осы тармақтың 9), 10), 11), 13), 14), 15), 16), 17) және 18) тармақшаларында көрсетілген ақпарат, қарыз алушының тиісті құжаттары ұсыныла отырып расталады және (немесе) банктің ақпараттық жүйесінде тексеріледі.

      Банк осы тармақтың 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген ақпаратты кредиттік бюродан сұратады және (немесе) банктің ақпараттық жүйесінде тексереді.

      Осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 12) тармақшаларында көрсетілген ақпаратты қарыз алушы ұсынады және (немесе) банк қарыз алушының жазбаша нысанда берген келісімінің негізінде не қарыз алушының сәйкестендіру құралы арқылы сұратады және (немесе) банктің ақпараттық жүйесінде тексереді.

      Атаулы әлеуметтік көмекті алушыға қатысты оның табысын бағалау осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген ресми кірістері негізінде айқындалады.

      Ескерту. Қаулы 2-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 12.11.2019 № 190 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
     
      3. Қарыз алушының борыштық жүктемесінің коэффициенті қарыз алушының барлық өтелмеген қарыздары бойынша мерзімі өткен төлемдер сомасын қоса алғанда, барлық өтелмеген қарыздары бойынша ай сайынғы төлем мен осы қаулының 2-тармағының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда туындайтын қарыз алушының жаңа берешегі бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасының қарыз алушының соңғы алты айдағы орташа ай сайынғы кірісіне қатынасы ретінде былайша есептеледі:

      мұндағы:

      БЖК – борыштық жүктеме коэффициенті;

      ӨҚТi – қарыз алушының өтелмеген қарызы (өтелмеген қарыздары) бойынша осы қаулының 4-тармағына сәйкес есептелетін ай сайынғы төлем;

      МТi – қарыз алушының өтелмеген қарызы (өтелмеген қарыздары) бойынша мерзімі өткен төлемдер сомасы;

      БТ – қарыз алушының жаңа берешегі бойынша осы қаулының 5-тармағына сәйкес есептелетін ай сайынғы орташа төлем;

      n – қарыз алушының өтелмеген қарыздарының саны;

      Т – қарыз алушының осы қаулының 7-тармағына сәйкес есептелетін ай сайынғы орташа табысы.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2014 № 221 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Қарыз алушының өтелмеген қарызы (өтелмеген қарыздары) бойынша ай сайынғы төлем өтелмеген қарыз (өтелмеген қарыздар) бойынша айлық көрсеткіш бойынша келтірілген кезеңдік төлемге (өтелмеген қарыздар бойынша айлық көрсеткіш бойынша келтірілген кезеңдік төлемдер сомасына) тең қабылданады.

      Өтелмеген қарыз бойынша айлық көрсеткіш бойынша келтірілген кезеңдік төлем қарызды өтеу кестесіне сәйкес кезеңдік төлем мөлшерінің жылдық көрсетудегі өтелмеген қарыз бойынша кезеңдік төлемдер санының оң екіге қатынасының көбейтіндісі ретінде есептеледі:

      КТай=КТкесте*КТСжыл/12

      мұндағы:

      КТай – айлық көрсеткішке келтірілген кезеңдік төлем;

      КТкесте – қарызды өтеу кестесіне сәйкес өтелмеген қарыз бойынша кезеңдік төлем;

      КТСжыл – жылдық көрсетудегі өтелмеген қарыз бойынша кезеңдік төлемдер саны.

      Жылдық көрсетудегі өтелмеген қарыз бойынша кезеңдік төлемдер саны үш жүз алпыстың қарыз бойынша төлемдерді өтеу кестесіне сәйкес жүзеге асыру кезеңділігін сипаттайтын күндер санына қатынасы ретінде есептеледі.

      Осы тармақтың үшінші бөлігін есептеу мақсаты үшін бір айдағы күн саны отызға тең болып қабылданады.

      Қарызды өтеу кестесіне сәйкес кезеңдік төлем және (немесе) төлемдерді жүзеге асырудың күнмен берілген кезеңділігі туралы деректер болмаған кезде өтелмеген қарыз бойынша ай сайынғы төлем қарыз бойынша негізгі борыш пен сыйақы бойынша қалдық сомасының осы қарыздың аймен берілген қалған мерзіміне қатынасы ретінде есептеледі.

      Өтелмеген қарыз (өтелмеген қарыздар) бойынша ай сайынғы төлемге кредит лимитінің пайдаланылмаған бөлігін өтеу бойынша ай сайынғы төлем мөлшерінің бағасы, кредиттік карта, сондай-ақ талаптарында кредиттік лимит шеңберінде қарыз алушыға кредит беру көзделетін төлем картасы бойынша ай сайынғы төлем кіреді.

      Кредиттік лимиттің пайдаланылмаған бөлігін өтеу бойынша ай сайынғы төлем мөлшерінің бағасы кредиттік лимиттің пайдаланылмаған бөлігі мөлшерінің шартта айқындалған, аймен көрсетілген осы лимиттің қалған мерзіміне қатынасы ретінде есептеледі.

      Банктің ашық кредиттік желі шеңберінде қарыз алушыға қарыз беру жөніндегі шартты міндеттемесінің сомасы кредиттік лимиттің пайдаланылмаған бөлігі деп түсініледі.

      Кредиттік карта, сондай-ақ талаптарында кредиттік лимит шеңберінде қарыз алушыға кредит беру көзделетін төлем картасы бойынша ай сайынғы төлем кредиттік карта, сондай-ақ талаптарында кредиттік лимит шеңберінде қарыз алушыға кредит беру көзделетін төлем картасы бойынша кредиттік лимиттің тиісінше он пайызға көбейтіндісі ретінде есептеледі.

      Қарыз алушының өтелмеген қарызы бойынша мерзімі өткен төлемдер сомасына мерзімі өткен негізгі борыш, мерзімі өткен сыйақы сомасы және банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, микроқаржы ұйымының, сондай-ақ тізбесі "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабында белгіленген өзге де ақпарат жеткізушілердің (бұдан әрі – ақпарат жеткізушілер) балансынан тыс есептен шығарылған берешек сомасы кіреді.

      Қарыз алушыға бұрын жасалған банктік қарыз шартын (қарыз шарттарын) қайта қаржыландыру мақсатында қарыз беруді жүзеге асырған жағдайда, өтелмеген қарыз бойынша қайта қаржыландыруға жататын берешек сомасы ай сайынғы төлемнің есебінде және өтелмеген қарыз бойынша мерзімі өткен төлемдердің сомасында есепке алынбайды.

      Ашық кредиттік желінің және (немесе) бұрын жасалған банктік қарыз шартын (шарттарын) қайта құрылымдау мақсатында жүзеге асырылатын қарыз алушының қарызы талаптарының осы қарыз бойынша қарызды өтеу кестесіне сәйкес кезеңдік төлемдердің мөлшерін ұлғайтуға апаратын және ашық кредиттік желінің кредиттік лимитін және (немесе) қарыз мөлшерін ұлғайтуды көздемейтін өзгеруі жағдайында қарыз алушының өтелмеген қарыздары бойынша мерзімі өткен төлемдерінің сомасы нөлге тең болып қабылданады.

      Қарызды өтеу кестесіне сәйкес кезеңдік төлем, негізгі борыш қалдығы, өтелмеген қарыздар бойынша сыйақы қалдығы, кредиттік лимит, кредиттік лимиттің пайдаланылмаған бөлігі, қарыз алушының өтелмеген қарыздары бойынша мерзімі өткен төлем сомалары туралы ақпаратты банк кредиттік бюродан сұратып алады.

      Кезеңдік төлемдердің, негізгі борыш қалдығының, өтелмеген қарыздар бойынша сыйақы қалдығының, кредиттік карта, сондай-ақ талаптарында кредиттік лимит шеңберінде қарыз алушыға кредит беру көзделетін төлем картасы бойынша ай сайынғы төлемнің, кредиттік лимиттің пайдаланылмаған бөлігін өтеу бойынша ай сайынғы төлемнің мөлшерін бағалаудың және қарыз алушының өтелмеген қарыздары бойынша мерзімі өткен төлемдер сомаларының есебіне барлық ақпарат жеткізушілер кредиттік бюроға ұсынатын мәліметтер кіреді.

      Қарыз алушының өтелмеген қарыздарына осы қаулының 2-тармағының бесінші бөлігінде көрсетілген қарыздар, сондай-ақ қарыз алушының өтелмеген банктік қарыздары, микрокредиттері кіреді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2014 № 221 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 12.11.2019 № 190 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      5. Қарыз алушының жаңа берешегі бойынша ай сайынғы орташа төлемі өтеу кестесіне сәйкес есептелген, негізгі борыш бойынша төлемдер мен сыйақы сомасының, сондай-ақ Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7663 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 137 қаулысымен бекітілген Қарыздар мен салымдар бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнын) есептеу қағидаларының 8-тармағында белгіленген, қарыз алушының банктік қарыз шартын жасауымен және орындауымен байланысты өзге де төлемдер сомасының осы қарыздың айлармен көрсетілген мерзіміне қатынасы ретінде есептеледі.

      Қарыз алушының кредиттік желі, кредиттік карта, сондай-ақ талаптарында кредиттік лимит шеңберінде қарыз алушыға кредит беру көзделетін төлем картасы бойынша міндеттеме болып табылатын жаңа берешегі бойынша ай сайынғы орташа төлемді есептеу осы қаулының 4-тармағының жетінші, сегізінші және тоғызыншы бөліктеріне сәйкес жүргізіледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2014 № 221 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      6. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2014 № 221 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Қарыз алушының ай сайынғы орташа табысы қарыз алушының соңғы алты айдағы жалақысы және (немесе) өзге де табыстары сомасының алтыға қатынасы ретінде есептеледі.

      Банктер қарыз алушының ай сайынғы орташа табысын есептеуді қарыз алушының өтініш жасау алдындағы қатарынан алты айдағы қарыз алушының табыстары туралы мәліметтердің негізінде жүзеге асырады.

      Банк қарыз алушының ай сайынғы орташа табысының есебіне алатын табыстар түрлері қарыз алушының өтініш жасау алдындағы қатарынан алты ай ішіндегі кем дегенде екі кез келген айға алынуы тиіс.

      Банктер атаулы әлеуметтік көмек алушы қарыз алушының ай сайынғы орташа кірісін осы қаулының 2-2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қарыз алушының ресми кірістерінің негізінде есептеуді жүзеге асырады.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 12.11.2019 № 190 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Қарыз алушының борыштық жүктемесі коэффициентінің ең үлкен деңгейі 0,5 құрайды.

      9. Егер осы қаулының 2-2-тармағында көрсетілген бір немесе бірнеше өлшемшарттардың негізінде белгіленетін кірістің мөлшері "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында тиісті қаржылық жылға белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшерінен және отбасының кәмелетке толмаған әрбір мүшесіне ең төмен күнкөріс деңгейінің жарты сомасынан кем болса, сондай-ақ қарыз алушының борыштық жүктемесі коэффициентінің мәні осы қаулының 8-тармағында белгіленген мәннен асып кеткен жағдайда банк:

      қарызды өтеу кестесіне сәйкес осы қарыз бойынша мерзімді төлемдер мөлшерінің ұлғаюына алып келетін, қарыз алушының ашық кредиттік желісінің және (немесе) қарызы талаптарының өзгеруі туралы оң шешімдер қабылдамайды.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 12.11.2019 № 190 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Банк қарыз алушының борыштық жүктемесін қарыз алушының кредит төлеу қабілеттілігін бағалаудың меншікті жүйесі негізінде өздігінен айқындайды. Егер банк қарыз алушының кредит төлеу қабілеттілігін бағалаудың меншікті жүйесі негізінде айқындаған қарыз алушының борыштық жүктемесі коэффициентінің мәні осы қаулының 8-тармағында белгіленген борыштық жүктеме коэффицентінің ең жоғары деңгейінен төмен болса, банк:

      қарыз алушыға ашылған кредиттік желі шеңберінде қарыз (қарыздың бір бөлігін) беруді қоспағанда, қарыз алушыға қарыз беру;

      жасалған банктік қарыз шарты (шарттары) шеңберінде қосымша қарыз беру;

      қарызды өтеу кестесіне сәйкес осы қарыз бойынша мерзімді төлемдер мөлшерінің ұлғаюына алып келетін, қарыз алушының ашық кредиттік желісінің және (немесе) қарызы талаптарының өзгеруі туралы шешімдер қабылдау кезінде қарыз алушының кредит төлеу қабілеттілігін бағалаудың меншікті жүйесін басшылыққа алады.

      11. Осы қаулы 2014 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Ұлттық Банк

Төрағасы

Қ. Келімбетов

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 282775
    Қазақ тілінде 140723
    Орыс тілінде 140541
    Ағылшын тілінде 1511
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы