26 желтоқсан 2023 10:07

Алматыда хабар-ошарсыз кеткен боксшы Серік Нұрқазов табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©️ qaz365.kz ©️ qaz365.kz

Танымал қазақстандық боксшы, бокстан КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Еуропа чемпионы Серік Нұрқазов Алматыдан табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Танымал қазақстандық боксшы, бокстан КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Еуропа чемпионы Серік Нұрқазов Алматыдан табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы ПД мәліметінше, Серік Нұрқазов аман-есен табылып, туыстарына тапсырылған.

Хабар-ошарсыз кеткен азаматтың қайда екенін анықтау үшін арнайы іздестіру тобы құрылғаны атап өтілді.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда 64 жастағы Серік Нұрқазовтың 14 желтоқсанда жоғалып кеткені хабарланған болатын.

Серік Нұрқазов 1980 жылдары КСРО құрамасында болған. Ол - 1981 жылы Тампереде өткен Еуропа чемпионатының қола жүлдегері, 1983 жылы Римде өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 1983 жылы Варнада өткен Еуропа чемпионы, Қазақстан мен КСРО-ның бірнеше дүркін чемпионы. 1984 жылы "Үздік боксшы" атағы берілді. Қазақстандықты бокс профессоры атағын алған. Көптеген тәжірибелі жанкүйер оны әлі күнге дейін кеңестік бокс тарихындағы ең техникалық жауынгерлердің бірі деп санайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети