15 желтоқсан 2023 16:53

Грэпплингтен халықаралық турнирде медицина маманы топ жарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында медицина саласының маманы грэпплинг спорт түрінен халықаралық турнирде топ жарды, деп жазды Өңірлік коммуникациялар қызметі.


Алматы облысында медицина саласының маманы грэпплинг спорт түрінен халықаралық турнирде топ жарды, деп жазды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Мақсатжан Нурайсанов Алматы облысы Іле аудандық орталық ауруханасында 10 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Мамандығы - зертханашы.

10 жылдан бері медицина саласында еңбек ететін Мақсатжан Нурайсановтың негізгі ммандығы-зертханашы. Ол Іле аудандық ауруханасында жұмыс істейді.

Зертхана ісін меңгерген маман, сезіг қырлы бір сырлы. Спортқа да жаны құмар. Мақсатжан Нурайсановтың жанына серік еткен спорт түрі-грэпплинг.

Ол осы уақыт аралығында аталмышг спорт түрінен біршама жетістіктерге жеткен. Мәселен, Алматы қаласының 5 дүркін, Қазақстанның 3 дүркін чемпионы жақында Алматы қаласында грэпплинг спорты бойынша өткен халықаралық турнирде жеңімпаз атанды.

Бала кезінен спортпен айналысқан ол медицина саласын таңдауына анасының ықпалы болғанын айтты.

"Мен Республикалық жоғары медициналық колледжді аяқтаған соң «Алматы» университетін биология мамандығы бойынша оқып, бакалавр дәрежесін алдым. Одан кейін зертханашы курсын оқыдым. Еңбек жолымды осы салада бастағанда мамандық таңдауда қателеспегенімді түсіндім. Әрі анамның арманы орындалды деп ойлаймын", - деді Мақсатжан Нурайсанов.

Айта кетейік, Мақсатжанның кәсіби спорт (грэпплинг) саласында да жеткен жетістігі көп. Ол 2018 жылы Абу-Дабиде өткен әлем чемпионатына, 2021 жылы Ташкентте өткен Азия чемпионатына қатысқан. Өзінің салмақ дәрежесінде Азия бойынша топ 5 үздіктер қатарында.

Алматы облысының әкімдігі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети