10 маусым 2022 10:12

Моңғолияның тұңғыш Олимпиада чемпионы 16 жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©News.MN ©News.MN

Моңғолияның тұңғыш Олимпиада чемпионы, дзюдошы Найдангийн Тувшинбаяр досын өлтіргені үшін 16 жылға сотталды, - деп хабарлайды Sonin.


Моңғолияның тұңғыш Олимпиада чемпионы, дзюдошы Найдангийн Тувшинбаяр досын өлтіргені үшін 16 жылға сотталды, - деп хабарлайды Sonin.

Оқиға 2021 жылы сәуірде болған. Тувшинбаяр мас күйінде досын оңдырмай сабаған, ер адам алған жарақаттары салдарынан бірнеше айдан кейін көз жұмыпты. 

Сотта Тувшинбаяр кінәсін мойындап, болған жайтқа өкінетінін айтқан. Оның сөзінше, досы Найдангийннің үлкен жетістіктерге жетуіне зор үлес қосқан екен. Спортшы көз жұмған досының отбасына ірі сомада өтемақы да төлепті. 

"Досымды өлтірмек емес едім. Мен кінәлімін, сот маған қатысты шешімін шығарсын. Мен досымның отбасына өмір бойы көмектесемін", - деді ол.

Еске салайық, 100 келіде белдескен Тувшинбаяр 2008 жылы Бейжіңде Моңғолия тарихында алғаш рет Олимпиада алтын медалін жеңіп алған еді. Ал 2012 жылы "күміс" жеңіп алып, Олимпиаданың бірнеше жүлдесін иеленген бірінші моңғолиялық болған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети