21 сәуір 2014 13:31

"Тобылды" армениялық бапкер жаттықтыратын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вардан Минасян. Сурет:  tesadasht.am Вардан Минасян. Сурет: tesadasht.am

Футболдан Қостанайлық "Тобыл" клубын Армения құрамасының бұрынғы бапкері Вардан Минасян баптайтын болды, деп хабарлайды Vesti.kz спорт порталы. 


Футболдан Қостанайлық "Тобыл" клубын Армения құрамасының бұрынғы бапкері Вардан Минасян баптайтын болды, деп хабарлайды Vesti.kz спорт порталы. 

Бапкермен клуб жетекшілер ауызша келісімге келген. Бірақ Минасян әлі жұмысына кіріспеді.  Vesti.kz порталының хабарлауынша, маманмен клуб жетекшілері 22 сәуір күні ресми келісімшартқа қол қояды. Айта кетейік, бұған дейін  Вардан Минасян маусым аралық үзілісте "Астана" клубының бас бапкері ретінде қарастырылған болатын. Сонымен қатар маманды өз қатарына "Ақтөбе" клубы да шақыртуы мүмкін деген ақпараттар шыққан. 

Еске салайық, "Тобыл" бұл маусымды қазақстандық бапкер Сергей Масленовтың жетекшілігімен бастаған еді. Дегенмен  қостанайлық команда Қазақстан біріншілігінде үш жеңіліске жеткен соң, Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов Масленовты жұмыстан босату туралы шешім қабылдады. 

Вардан Минасянға келетін болсақ, бұл маман 2010-2013 жылдары Армения құрамасының бас бапкері болған. Ал клубтық деңгейде армениялық маман еревандық "Пюник" командасын жаттықтырған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети