29 қыркүйек 2016 16:55

Ағылшын боксшысы Головкин мен Альварестің намысына тиді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Били Джо Сондерс. © isport.ua Били Джо Сондерс. © isport.ua

WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Билли Джо Сондерс бірден екі боксшыны жекпе-жекке шақырды. Осылайша ол Сауль "Канело" Альварес пен қазақстандық Геннадий Головкинді жұдырық түйістіруге шақырып қана қоймай, намысқа тиетін сөздер айтқан, - деп хабарлайды Vesti.kz.


WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Билли Джо Сондерс бірден екі боксшыны жекпе-жекке шақырды. Осылайша ол Сауль "Канело" Альварес пен қазақстандық Геннадий Головкинді жұдырық түйістіруге шақырып қана қоймай, намысқа тиетін сөздер айтқан, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Менің басты мақсатым - белбеуден бас тартқан қорқақ жирен сары "Канело" немесе "іш пыстырар егеуқұйрық" Головкин мен оның барлық атақтары. Кез келген уақытты белгілеңдер, мен күте-күте шаршадым", - деп жазыпты Сондерс Twitter желісіндегі парақшасында.

Оның үстіне ұлыбританиялықтың boreRat тіркесін қолдануы алғаш емес, осы арқылы ол Головкинге сөз арасында Боратты меңзейді. Мұның алдында Сондерс мұндай қылықты қыркүйек айының басында Головкин ұлыбританиялық боксшы, жартылай орта салмақтағы IBF чемпионы Келл Бруктен басым түскен кезде байқатқан болатын. 

Кейін Сондерс тіпті Головкинге арнап видео түсірген. Онда ол қазақстандық боксшымен кез келген уақытта және кез келген елде жұдырықтасуға дайын екендігін айтқан. 

Сондерстің промоутері ағылшын боксшысының Головкинмен кездесу өткізгісі келетінін растады және бұл үшін барын салатындығын жеткізген. Жекпе-жек болжаммен 2017 жылдың ақпан айына белгіленеді деп болжанған. 

Сондерс 22 қазанда Кардифф қаласында WBO нұсқасы бойынша чемпион атағын және жалғыз белбеуін алғаш рет қорғайтын болады. Ал Головкинның топтамасында дәл осы белбеу жетіспейді. 

Естеріңізге алсақ, Сондерс осы жылы Головкинмен келісөз жүргізген, дегенмен оның соңы британдық боксшының тым жоғары сұранысына байланысты тығырыққа тірелген болатын. WBO чемпионы төрт миллион доллар талап еткені хабарланған. Головкин командасында бұл қаржыны ойға қонымсыз деп бағаланған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети