16 сәуір 2023 14:04

Қазақстандық боксшы АҚШ-та мексикалықты жеңді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл кәсіпқой рингте кезекті жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.


Қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл кәсіпқой рингте кезекті жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Ол Помонада (Калифорния, АҚШ) өткен бокс кешіне қатысты.

Әбілхан Аманқұлдың тәжірибелі мексикалық былғары қолғап шебері Даниэль Эчеверриамен кездесті. Жекпе-жек супер орта салмақта өтті және сегіз раундқа есептелген болатын.

Кездесу ұзаққа созылмады. Қазақстандық қарсыласын үшінші раундта-ақ нокаутқа жіберді. Ол үшін бұл жеңіс профессионал бокстағы үшінші жеңіс болса, мексикалық 12-рет жеңілді.

Әуесқой бокста Әбілхан Аманқұл 2017 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2017 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері және 2018 жылғы Жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанған.

Айта кетейік, дәл сол картда қазақстандық Бек Нұрмағанбет (8-0, 6 КО) өнер көрсетеді, оның қарсыласы венесуэлалық Хеберт Рондон (20-3, 13 КО) болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети