15 наурыз 2022 20:38

1,5 миллион долларға мемқызметке орналастыруға уәде еткен күдіктілер ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: © ҚР ҰҚК баспасөз қызметі Фото: © ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтан полициясы, ҰҚК Ақтөбе және Қарағанды облыстары бойынша департаменттерімен бірлесіп, аса ірі мөлшердегі алаяқтыққа күдікті адамдар тобын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Өздерін мемлекеттік органдардың қызметкерлері деп таныстырып, жоғары лауазымды адамдар атын жамылған теріс пиғылдылар кәсіпкерге 1,5 миллион АҚШ доллары сомасы үшін оны мемлекеттік құрылымдардың біріне басшылық лауазымға тағайындау мәселесін шешіп беруді ұсынған.

Олар жалға алынған "премиум-класс" автомашиналарын пайдаланған және жалданған күзеттің ілесіп жүруімен астананың элиталық орындарында кездесулер өткізген", - делінген хабарламада.

Ақпарат бойынша, 4 наурызда Нұр-Сұлтанда 30 миллион теңге мөлшерінде ақшалай қаражаттың бір бөлігін беру кезінде топтың үш қатысушысы және Ақтөбе мен Балқаш қалаларында тағы екеуі ұсталған. Қазір соталды тергеу жүріп жатыр. 

Суреттер: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети