04 желтоқсан 2017 17:05

Ақтөбедегі қарақшылық шабуылдың видеосы: ІІД оқиғаның мән-жайын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Полицейлер Қазнетте тарап жатқан қарулы шабуылдың видеосы жайлы пікір білдірді. Тәртіп сақшылары Tengrinews.kz тілшісіне осы оқиғаның Ақтөбе қаласындағы ықшамаудандарының біріндегі букмекерлік кеңседе болғанын растап берді. 


Полицейлер Қазнетте тарап жатқан қарулы шабуылдың видеосы жайлы пікір білдірді. Тәртіп сақшылары Tengrinews.kz тілшісіне осы оқиғаның Ақтөбе қаласындағы ықшамаудандарының біріндегі букмекерлік кеңседе болғанын растап берді. 

Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі 29 қарашада түнгі 3:30 шамасында букмекерлік кеңсеге белгісіз үш адамның баса көктеп кіргенін айтты. Олардың бірі бетперде киген, ал екеуі - көзі ғана ашылған баскиімде болған. 

"Қаруға ұқсас затпен қорқытып, олар қарақшылық шабуыл жасады. Олар кассадан 200 мың теңге алып кетті. Сол уақытта ғимарат ішінде екі оператор-кассир (1994 жылғы және 1998 жылғы), сонымен қатар бір 1988 жылғы күзетші болған", - деді ІІД өкілдері. 

"Арнайы жедел тергеу тобы құрылды. Сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 179-бабы 2-бөлігі ("Қарақшылық шабуыл") бойынша жүргізіліп жатыр. Олардың кім екенін анықтау және ұстау үшін тиісті шаралар жүргізіліп жатыр", - деді полиция өкілдері.

Видеода бетперде киген үш адамның ғимаратқа баса-көктеп кіргенін көруге болады. Олардың қолдарында қаруға ұқсас зат болған. Осы кезде екі қыз үстелде ұйықтап отырған, ал залдың ішінде күзетші ұйықтап жатқан.  Қаруланған адамдарды көрген күзетші бөлмеден қашып шығады. Шабуылшылардың бірі қыздар отырған үстелге барып, бір қызға соққы жасап, ақша беруін талап етеді. 

Кейінірек екінші қыз үстелде бар ақшаны қолына алады, алайда ер адам оның басынан ұрып, ақшаны қолынан жұлып алады. Шабуылдаған екі адам қолдарында қаруға ұқсас затты көрсетеді. Ақшаны алған ұрылар оқиға орнынан қашып кетеді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети