23 қараша 2023 10:03

Алаяқтық жасады деген күдікті қазақстандық Латвиядан экстрадицияланды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен Бас прокуратура және ІІМ Интерпол қызметкерлерімен қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін алаяқтық жасағаны үшін Латвия Республикасынан Қазақстанның азаматы экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

2016 жылы күдікті, адам тобымен бірлесіп жәбірленушіге өздеріне тиесілі емес пәтерді сатқан.

"Сөйтіп сатып алушыға 12 миллион теңге көлемінде залал келтірген. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған. Кейіннен ол Латвия аумағында ұсталды. Қазіргі таңда ол Астананың тергеу изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеумен 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети