05 маусым 2017 20:30

Алматыдағы ҰҚК арнайы операциясы: "Әділ Қытай" ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелері ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында Алматыда арнайы операция барысында "Әділ Қытай" ұйымдасқан қылмыстық тобының басшылары мен мүшелерін ұстағанын мәлімдеді. 


ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында Алматыда арнайы операция барысында "Әділ Қытай" ұйымдасқан қылмыстық тобының басшылары мен мүшелерін ұстағанын мәлімдеді. 

"Арнайы жасақтардың қатысуымен бір мезетте Алматының әр түрлі жерінде А.Зайнаудиннің ұйымдасқан қылмыстық тобының ("Әділ Қытай" лақап атымен танылған) басшысы мен мүшелері және Алматы қаласы ІІД Әуезов АІІБ-ның бұрынғы басшысы полиция полковнигі Қасабеков ұсталды, ұсталғандардың саны - 16", - делінген ҚР ҰҚК ресми жауабында. 

Күдіктілердің үйінде және жұмыс орындарында тінту шаралары жүргізілген. Олардан едәуір көлемде атыс қаруы мен оқ-дәрілер алынғаны айтылады.

"Ведомствоаралық ҰҚК және ҚР ІІМ жедел-тергеу топтары жедел-іздеу шараларын жүргізіп жатыр. Тергеу құпиялылығына байланысты қылмыстық істің басқада мәліметтері жарияланбайды", - делінген ҰҚК жауабында.

Еске салайық, Алматы прокуроры Ғабит Миразов Алматыда арнайы операция кезінде ұйымдасқан қылмыстық топтың 17 мүшесі ұсталғанын хабарлаған. Ұсталғандардың барлығы қамауға алынды.

"Алматы қалалық прокуратура өкілдерінің ұсталғандарды қамау туралы өтініші қабылданып, оларға қатысты бұлтартпау шарасы таңдалды. Ұсталғандар қамауға алынды", - деп хабарлады Алматы қалалық прокуратура өкілдері.

Арнайы операция барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың екі мүшесі қарсылық көрсетіп, арнайы бөлімшенінің көлігін бүлдіргені айтылады. Атыс салдарынан арнайы бөлімшенің бір қызметкері оқ жарақатын алған.

Сондай-ақ, Алматы қалалық прокуратура өкілдері қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеудің жүріп жатқанын және ол мәліметтерді құпияда сақтайтынын айтып өтті.

Осыған дейін Алматы қаласы ІІД Әуезов АІІБ-ның бұрынғы бастығы полиция полковнигі Қасабеков ұсталған болатын. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қылмыстық қоғамдастықтың жетекшілері мен белсенді мүшелері ұсталып, олардан едәуір көлемде атыс қаруы мен оқ-дәрілер алынғаны айтылады.


© knb.kz

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети