13 қыркүйек 2018 16:22

Атышулы Әділ Қытай 20 жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы Әділ Қытай 20 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы Әділ Қытай 20 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот үкімі бүгін, 13 қыркүйекте Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында шықты. Сондай-ақ, оның мүлкі тәркіленетін болды. Әділ Қытай жазасын максималды қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

"Мерзім 2017 жылдың 31 мамырынан бастап саналсын", - деді судья.

Сот алдына 12 адам келді: ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы делінген Зайнаудин Әділжан Аруп, оны екі ұлы: Арупов Бахтишат Әділжанұлы мен Зайнаудин Мехришат Әділжанұлы, сондай-ақ, Қанат Әбдірахманов, Дәулет Байғабатов, Бақытжан Байсалбаев, Саид Джалалов, Имаржан Кабиров, Амирдин Яхьяров, Төленді Кененбаев, Шухрат Худавадиев пен Нұрмахамет Сиханов.

Осыған дейін прокуратура өкілдері Әділжан Зайнаудинді 20 жыл бас бостандығынан айырып, қылмыстық жолмен иеленген мүлкін тәркілеуді сұраған болатын.

Соттың үкімімен Қанат Әбдірахманов 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның қылмыстық жолмен иеленген мүлкі тәркіленді, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің максималды қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Дәулет Байғабатов 3 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды. Оның қылмыстық жолмен иеленген мүлкі тәркіленді, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орта қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Бақытжан Байсалбаев 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның қылмыстық жолмен иеленген мүлкі тәркіленді, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орта қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Саид Джалалов 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Оның қылмыстық жолмен иеленген мүлкі тәркіленді, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орта қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Имаржан Кабиров 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның қылмыстық жолмен иеленген мүлкі тәркіленді, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің максималды қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Амирдин Яхьяров 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның қылмыстық жолмен иеленген мүлкі тәркіленді, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің максималды қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Төленді Кененбаев 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның қылмыстық жолмен иеленген мүлкі тәркіленді, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің максималды қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Шухрат Худавадиев 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның қылмыстық жолмен иеленген мүлкі тәркіленді, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орта қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Нұрмахамет Сиханов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның қылмыстық жолмен иеленген мүлкі тәркіленді, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің максималды қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Тергеу мәліметінше, Әділжан Зайнаудин қылмыстық топты 2006-2017 жыл аралығында құрған.

Еске сала кетейік, маусым айының басында ҰҚК Алматыда арнайы операция жүргізіп, "Әділ Қытай" ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелері ұсталған болатын. "Арнайы жасақтардың қатысуымен бір мезетте Алматының әр түрлі жерінде А.Зайнаудиннің ұйымдасқан қылмыстық тобының ("Әділ Қытай" лақап атымен танылған) басшысы мен мүшелері және Алматы қаласы ІІД Әуезов АІІБ-ның бұрынғы басшысы полиция полковнигі Қасабеков ұсталды, ұсталғандардың саны - 16", - делінген еді ҚР ҰҚК ресми жауабында. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети