20 желтоқсан 2014 13:30

Қарағанды облысы экс-әкімінің қамауда отыру мерзімі 23 қаңтарға дейін ұзартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бауыржан Әбдішев сот залында. ©Айсұлу Бұштаева Бауыржан Әбдішев сот залында. ©Айсұлу Бұштаева

Қарағанды облысының экс-әкімі Бауыржан Әбдішевті тұтқынға алу мерзімі төртінші айға ұзартылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі сот залынан.


Қарағанды облысының экс-әкімі Бауыржан Әбдішевті тұтқынға алу мерзімі төртінші айға ұзартылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі сот залынан.

Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №1 сотының қаулысымен облыстың бұрынғы әкіміне қолданылатын бұлтартпау шарасы төртінші айға, яғни 2015 жылдың 23 қаңтарына дейін ұзартылды. 

Сотқа қамау мерзімін ұзарту туралы өтінішті Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тергеушісі білдірген болатын, ол тергеу органына дәлелдерді жинастырып, талдау жасауға және тиісті тергеу шараларын жүргізуге қосымша уақыт керек екенін айтты. "Тергеушінің өтінішін қанағаттандыруға болады, себебі қылмыстық істі тергеудің объективтігі үшін бірқатар тергеу шарасын жүргізу талап етіледі, онсыз айыпталушының айыптылық деңгейін анықтау мүмкін емес", - деді Қазыбек би ауданы сотының судьясы Еркеш Мәукен. 

Еске сала кетейік, Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабында қарастырылған қызмет өкілеттігін теріс пайдалану қылмысы бойынша айыпталып жатыр. Тергеудің мәліметінше, ол кесектастар, жиектастар және тротуар плиталарын шығаратын "ЕвроСтандарт Қарағанды" атты серіктесік құрған, Қарағанды облысы қалаларын көріктендіруде ол кәсіпорынға қызмет құны жоғарылатылған күйде басымдық берілген. 

Бұған қоса, Бауыржан Әбдішев электр жарығы бағандарын дайындайтын "Сталь цинк" фирмасының мүддесіне бүйрек бұрды деп айыпталып отыр. Бұл кәсіпорынды ҚР Қорғаныс министрлігінің бұрынғы басшысы Серік Ахметовтің туған бауыры басқарған. Ал оның құрылтайшысы - Ахметовтің ұлы. Айыпталушы Әбдішев Қарағанды облысы шағын қалаларын көріктендіру мен дамыту жөніндегі бюджет бағдарламасын іске асырудағы, соның ішінде, электр бағандарын орнатудағы тендерде бұл фирманы бас мердігер ретінде жеңіске жеткізеді. Тергеудің мәліметінше, Бауыржан Әбдішев бұл фирмаға өз қызметінде Серік Ахметовтің ризашылығы мен қолдауына ие болу үшін қамқорлық көрсеткен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети