17 қараша 2023 16:04

"ӨКМ операторының" экс-басшысы сотта соңғы сөзін айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Бұған дейін Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланған "ӨКМ операторының" бұрынғы құрылтайшысы Шнар Мұқтарова сотта соңғы сөзін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бұған дейін Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланған "ӨКМ операторының" бұрынғы құрылтайшысы Шнар Мұқтарова сотта соңғы сөзін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада судья Ибрагим Әлкеновтің төрағалығымен өткен сотта айыпталушы Шнар Мұқтарова соңғы сөзін айтты.

"Құрметті сот, маған тағылған айыптар бойынша өз кінәмді толық мойындаймын. Жасалған қылмысқа өкінемін. Тағы да қайталаймын, мен заңнаманың қыр-сырын білмедім және жүргізілген рәсімдердің заңдылығына сенімді бола отырып, бірқатар құжаттарға қол қоюға келістім.

Мен 2017-2018 жылдары құрылтайшы болып табылатын есеп айырысу шотыма 920 миллион 534 мың 552 теңге сомасында дивидендтер алғанымды мойындаймын. Осыдан кейін 2021-2022 жылдары тексеру жүргізу қажеттілігіне байланысты БАӘ-ге бардым", - деді "ӨКМ операторының" бұрынғы құрылтайшысы.

Шнар Мұқтарова елден кеткен кезде қылмыстық іс туралы білмегенін айтты. Сотталушы соңғы сөзінде бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұрады.

"Тұтқынға алынып, іспен толық танысқаннан кейін мен алынған дивидендтерді өтеу туралы шешім қабылдадым. Өйткені, олардың алынуы табиғатты қорғау заңнамасына қайшы екені белгілі болды. Мен оларды ешқайда жұмсамай, бірден қайтардым", - деп түйіндеді сөзін Мұхтарова.

Судья Ибрагим Әлкенов кеңесу бөлмесіне шықты. Үкім бүгін Астанада жарияланады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети