10 қараша 2023 17:23

Павлодар әкімінің орынбасарына қатысты сот үкімі шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz Фото ©️ Tengrinews.kz

Павлодардың №2 сотында бопсалау арқылы қомақты көлемде пара алды деп айыпталған Павлодар әкімінің орынбасары Арслан Қалияқбаровтың ісі бойынша шешім шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодардың №2 сотында бопсалау арқылы қомақты көлемде пара алды деп айыпталған Павлодар әкімінің орынбасары Арслан Қалияқбаровтың ісі бойынша шешім шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

10 қарашада сот істі қарап, шенеунікке қатысты үкім шығарып, үш жыл алты айға бас бостандығынан айыру жазасын орташа режимдегі колонияда өтеу жазасын тағайындады. Арслан Қалияқбаров ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды.

"Тергеу органдары Қалияқбаровты "Аса ірі мөлшерде пара алу" бабы бойынша сотқа берді. Сотта іс қайта сараланды. Алайда, сот Қалияқбаровтың әрекетінен бопсалау белгілерін байқамады", - деп түсіндірді судья Әнуарбек Оспанов.

Павлодар әкімінің орынбасары сотта соңғы сөзін айтты

Айта кетейік, бұған дейін шенеуніктің тағылған айып бойынша өз кінәсін мойындамағаны хабарланған болатын. Талқылау барысында прокурор Арслан Қалияқбаровты 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети