18 қыркүйек 2023 09:29

Павлодарда Qnet қаржы пирамидасының басшысы сотталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:instagram.com/qnet_kazakhstan Фото:instagram.com/qnet_kazakhstan

Павлодар қаласының №2 сотында қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқаруға қатысты қылмыстық істі қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Pavlodarnews-ке сілтеме жасап.


Павлодар қаласының №2 сотында қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқаруға қатысты қылмыстық істі қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Pavlodarnews-ке сілтеме жасап.

Жауапкер Qnet-те тәуелсіз өкіл ретінде тіркеліп, 2019 жылы Екібастұз және Павлодар қалаларында кеңсе ашқан. Компанияға жаңа мүшелерді тарту үшін тапқан ақшасы, кірісті қалай арттыру керек екені туралы ақпарат таратқан. Бұл ретте Qnet-тің белгіленген операциялық процедуралар саясаты бұзылған.

2019 жылдың желтоқсанынан 2022 жылдың 12 шілдесіне дейін халық қаржы пирамидасына 5 миллион 983 мың теңге салған.

"Сонымен қатар, Ч.-ның электрон поштасындағы мәліметке сәйкес, Ұлттық банктің теңгедегі бағамы бойынша eCard (АҚШ доллары) арқылы төлемнің жалпы сомасы 7 218 823,49 теңге болды", - деп толықтырды сот.

Сот сотталушының жасын, жас баласының бар-жоғын ескеріп, мүлкі тәркіленбей, үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын ең төменгі қылмыстық-атқару жүйесінде өтеуге үкім етті.

Сондай-ақ, сотталған адам үш жыл бойы азаматтардың қаражаты мен инвестицияларын тартуға байланысты қызметпен айналыса алмайды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети