10 сәуір 2023 09:16

Теміртауда көпқабатты үйді жарамын деп қорқытқан тұрғын ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теміртауда полицейлер көпқабатты үйдің кіреберісінде газ баллонын жарып жіберемін деп қорқытқан ер адамды ұстады. Ер адамның бұл әрекеті туралы полицияға көршілері хабарлаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Теміртауда полицейлер көпқабатты үйдің кіреберісінде газ баллонын жарып жіберемін деп қорқытқан ер адамды ұстады. Ер адамның бұл әрекеті туралы полицияға көршілері хабарлаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

9 сәуір кешкі сағат 18.58 шамасында Теміртау қалалық полиция басқармасына қаладағы көпқабатты үйлердің бірінде үйдің дәлізінде түтін және кенеттен дауыс шыққаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына патрульдік полиция жасағы жіберілген. Белгілі болғандай, сол үйде тұратын азамат ішімдік ішкен күйде пәтерінің есігін жауып алып, үйдегі газ баллонын жарамын деп қорқытқан.

"Полиция қызметкерлері және Теміртау қалалық төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері көпқабатты үйдің тұрғындарын эвакуациялау жұмыстарын жүргізіп, оқиға орынын қоршауға алды. Сағат 20.20 шамасында 35 жастағы азамат ұсталды.

Аталған факт полицияда тіркелді",- деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети