08 шілде 2021 13:32

ҰҚК операциясы: халықаралық есірткі саудасымен айналысқандар ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ҰҚК Фото: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті тағы бір халықаралық есірткі арнасын жойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұлттық қауіпсіздік комитеті тағы бір халықаралық есірткі арнасын жойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҰҚК мәлімет бойынша, Қазақстан Республикасы үшін негізгі есірткі қаупінің бірі - "ауған факторы". Ауғанстандағы тұрақсыз ахуал Орталық Азия елдері арқылы Ресей мен Еуропаға есірткі ағынының жандануына ықпал етеді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2021 жылдың маусымында шетел серіктестерімен өзара іс-қимылда Қырғызстан мен Өзбекстаннан Қазақстанға апиын есірткісінің контрабандасын анықтау бойынша 2 халықаралық операция жүргізді.

"Арнайы операция нәтижесінде 12,3 келі есірткі құралын Қазақстанға әкелуге жол берілмеді. Өзбекстан мен Қазақстан аумағында трансұлттық құрылымдардың 4 қатысушысы қылмыс үстінде ұсталды", - делінген хабарламада.

Қырғыз Республикасынан жеткізілген есірткіні жасырын орыннан алу кезінде Тараз қаласының есірткі курьері – бұрын осыған ұқсас есірткі қылмысын жасағаны үшін сотталған Қазақстан Республикасының азаматы ұсталды.

"Айыпталушылар кінәсін мойындап, тергеумен ынтымақтасуға келісім берді. Есірткі қылмысы үшін жоғарғы мерзім 20 жыл не мүлкін тәркілеумен өмір бойына бас бостандығынан айыру. Есірткі трафигіне қатысы бар өзге де адамдарды анықтау бойынша тергеу шаралары жалғасып жатыр", - делінген ҰҚК хабарламасында.

Сурет: ҰҚК

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети